Топырақтың ылғалдылық қорын есептеу


№ 1 Практикалық сабақ:
Тақырып: Топырақтың ылғалдылық қорын есептеу .
Сабақтың мақсаты : топырақтағы ылғал қорын есептеу.
Сабаққа арналған материалдар : 1. үлгілер: топырақ монолиттері.
Тапсырма орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар : Түрлі түсті слайдтар мен плакаттар.
Өсімдік факторының ең басты және маңызды факторының бірі су.
Оның өсімдік өміріндегі маңызы әр қилы. Біріншеден, су еріткіш рөлін атқарады, себебі өсімдіктер топырақтан қоректік элементтерді ерітінді түрінде ғана пайдалана алады.
Екіншіден, су өсімдіктерге құрғақ зат құру үшін қажет. Өсімдік 1 центнер құрғақ зат құру үшін 400центнерден 1200ц-ге дейін жұмсайды. Оның 99, 8 буланып ұшып кетеді, ал қалған 0, 2 пайызы ғана өсімдіктерге жұмсалады.
Үшіншіден, ылғал өсімдік клеткасының құрамына кіреді (клетканың құрамының 98 пайызы су болады) .
Төртіншіден, ылғал өсімдік организімінің температурасын реттеуге қатынасады.
Бесіншіден, өсімдік топырақ организіміндегі және топырақтағы барлық реакциялар тек судың қатысуымен жүреді. мысалы, фотосинтез прооцесінде судың алты молекуласы қатысады.
Алтыншыдан, ылғал топырақтағы микроорганизмдердің тіршілігі үшін қажет.
Жетіншіден, ылғал топыраққа себілген ауылшаруашылық тұқымдарының бөртіп, жер бетіне көктеп шығуы үшін қажет.
Қорыта келіп айтқанда сусыз ешқандай өсімдік тіршілік ете алмайды.
Топырақтағы ылғал қоры көптеген жағдайларға, соның ішінде топырақ типтеріне тікелей байланысты.
Топырақтың құрамында әрқашан да белгілі бір мөлшерде ылғал болады. Топырақта ылғал жауын-шашыннан түскенде, ыза суларының көтерілуі арқылы, атмосфера ауасындағы су буларының конденсациялануы кезінде және топырақты суландыру шараларын жүргізгенде жиналады. Суармалы емес аймақтарда топырақтағы ылғалдың негізгі көзі жауын-шашын ылғалы. Топырақтағы ылғал оның бойында өтіп жататын биологиялық, химиялық, физикалық-химиялық құбылыстардың пәрменділігіне, заттардың жылжуына, ауа, қоректік заттар, жылу режимдеріне және топырақтың физикалық-механикалық қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді. Сөйтіп, топырақтың құнарлылығын анықтайтын көптеген қасиеттерінің дамуына, түзілуіне әсер етеді. Топырақ ылғалдылығы туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар А. А. Измаильский (1851-1914), Г. Н. Высоцкий (1865-1940), А. Г. Дояренко (1874-1958), С. И. Долгов (1905-1977), И. А. Качинский (1894-1976), А. А. Роде (1897-1979) . А. А. Роденің классификациясына сәйкес топырақтағы ылғал бес категорияға бөлінеді. Олар: қатқан су, химиялық байланысқан ылғал, су буы, физикалық байланысқан ылғал, еркін су. Топырақ құрамындағы ылғалдың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер, оның ылғалдылық қасиеттері болып есептелінеді. Негізгі ылғалдылық қасиеттер мыналар: топырақтың су сыйымдылығы, су тұтқыштығы, ылғалды көтергіштігі, су өткізгіштігі. Табиғи ылғал сыйымдылық топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, тығыздығына байланысты. Ауыр механикалық құрамды, құрылымы жақсы топырақта табиғи су сыйымдылығы 30-35, ал құмды топырақта 10-15% болып келеді. 29 Топырақтың ылғал өткізгіштігі 1 шаршы ауданы бар алаңнан судың бағанасы 5 см, ал оның температурасы 100С болғанда, 1 сағатта топырақта өтетін су мөлшерімен өлшенеді. Н. А. Качинскийдің ылғал өткізгіштілікті бағалауы келесідей:
Ылғал өткізгіштілік,
мм 1 сағатта Бағалау
1000-нан жоғары . . . құлама
1000-500 . . . артық, өте жоғары
500-100 . . . өте жақсы
100-70 . . . жақсы
70-30 . . . қанағаттандырарлық
30-дан төмен . . . нашар
Топырақтың ылғал көтергіштігі - қылтүтік күштері арқылы
астыңғы қабаттардан жоғары қарай ылғалдың көтерілуін сипаттайды.
Жер асты (ыза) судың деңгейінен қылтүтік күші арқылы құмды
топырақ ылғалды 0, 5-0, 7 м-ге, ал саздақ - 3-6 м-ге көтеруі мүмкін.
Тәжірибе жүзінде топырақты қолданғанда, оның ылғалдылығын
анықтап, оған баға беру қажет болады. Іс жүзінде топырақ
ылғалдылығын кептіріп өлшеу әдісі арқылы анықтау кеңінен таралған.
Жұмыстың барысы:
Топырақ ылғалдылығын анықтау үшін топырақты бұрғылап алады.
Үлгілерді әрбір бөлек қабаттарынан алады. 1-ші қабат 0-10 см
аралығынан, 2-шісі 10-20 см дейін, әрі қарай да осылай алынады.
Аллюминийдің жасалған стаканды таразыда 0, 01 г дейін дәлдігімен
өлшейді, одан кейін 1/3 бөлігін топырақпен толтырады, қақпағын жауып
қайтадан өлшейді. Сосын оны ашық күйінде кептіргіш шкафқа салып
қояды. (t=100-1050С) және тұрақты массасына дейін құрғатады.
Кептіргеннен кейін жабық стаканды эксикаторда (түбінде СаСІ2-сі бар)
суытады да, өлшейді.
Топырақтың табиғи ылғалдылығын төмеңдегі формуламен
анықтайды: W=100 a/в
Мұндағы: W - табиғи ылғалдылық, %
а - буланған ылғалдылықтың массасы, г;
в - құрғақ топырақтың массасы
Топырақтың ылғалдылығының есептеу көрсеткішінің өлшем
бірлігін процентпен (%) мм-ге айналдыруы келесідей анықталады:
В=w*h*V/10
Мұндағы: В - топырақ қабатының ылғал қоры, мм;
W - топырақтың % өлшенген ылғалдылығы;
h - ылғалдылық анықталатын қабатының қалыңдығы, см;
v - топырақтың тығыздылығы, г/см3
Егер ылғал анықталатын қабаттың қалыңдығы 10 см-ге тең болса,
онда формула келесідей болады:
В=W*V
Тапсырма: келесі кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша
ылғалдылықты есептеңіздер.
Бақылау сұрақтары:
- Топырақ ылғалының өсімдіктердің өсіп-өнуіне әсері.
- Топырақ ылғалдылығын анықтау әсері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz