Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі. Азаматтық қорғаныс мақсаттары мен міндеттері
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.Азаматтық қорғаныс мақсаттары мен міндеттері
3 Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу
4 Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) -- мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері,газбен ,сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған.
Оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
Азаматтық қорғау - өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қамтитын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған, бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені;
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.
2. Еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік, ғарыш кеңістігін пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрілерді пайдалану және кәдеге жарату кезіндегі қауіпсіздік, автомобиль жолдарымен және теміржолдармен жүру қауіпсіздігі, ішкі су көлігі жүрісінің қауіпсіздігі, энергетика объектілерінің қауіпсіздігі, әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігі, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен жүзеге асырылады.
Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері мен қағидаттары
Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
1) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде бейбіт уақытта және соғыс уақытында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды құтқару және эвакуациялау;
3) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау және ұдайы әзірлікте ұстап тұру;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау және халықты оқыту;
5) қорғаныш құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының запастарын және азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкін жинақтау және әзірлікте ұстап тұру;
6) төтенше жағдай туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына хабар беру және құлақтандыру;
7) азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарын), тағамдық шикізатты, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зарарланудан, эпизоотиядан және эпифитотиядан қорғау;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
9) құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру, дамыту және ұдайы әзірлікте ұстап тұру;
10) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қауіпті факторларының әсер етуін азайту немесе оларды жою жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу, оны әзірлеу және іске асыру;
11) мемлекеттік резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:
1) аумақтық-салалық қағидат бойынша азаматтық қорғау жүйесін ұйымдастыру;
2) төтенше жағдайлардан азаматтар мен қоғамға төнген қатерді және нұқсанды барынша азайту;
3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге ұдайы әзірлігі;
4) жариялылық және халық пен ұйымдарға болжанып отырған және туындаған төтенше жағдайлар, олардың салдарларын жоюды қоса алғанда, олардың алдын алу және жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабар беру;
5) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу кезіндегі ақталған тәуекел және қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі
1. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден тұрады.
Аумақтық кіші жүйелер облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде өздерінің аумақтары шегінде төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау үшін құрылады және осы аумақтардың әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес келетін буындарынан тұрады.
Салалық кіші жүйелерді орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін құрады.
2. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің үш деңгейі бар: республикалық, аумақтық және объектілік. Объектілік деңгейді қоспағанда, әрбір деңгейге:
азаматтық қорғаудың басқару органдары;
басқару пункттері, жедел-кезекшілік қызметтер;
консультациялық-кеңесші органдар - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар;
азаматтық қорғаудың күштері мен құралдары;
байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелері кіреді.
3. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіне басшылықты:
1) республикалық деңгейде - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) аумақтық деңгейде - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері;
3) объектілік деңгейде - ұйымдардың басшылары;
4) салалық кіші жүйелерде - орталық атқарушы органдардың басшылары жүзеге асырады.
4. Азаматтық қорғаудың басқару органдары:
1) республикалық деңгейде:
уәкілетті орган;
салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
2) аумақтық деңгейде:
жергілікті атқарушы органдар;
уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;
салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері;
3) объектілік деңгейде - ұйым басшылары болып табылады.
5. Азаматтық қорғау жүйесінде мемлекеттік басқару азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің барлық деңгейлерін тарту арқылы жүзеге асырылады.
Бейбіт уақытта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің мынадай жұмыс істеу режимдері белгіленеді:
1) күнделікті қызмет режимі - төтенше жағдайлардың туындау қатерінің болмауымен сипатталатын, ведомстволық бағынысты аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның аумақтық және салалық кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Күнделікті қызмет режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шаралар жүргізеді:
төтенше жағдайларды болжау;
халықты, объектілерді және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау туралы ақпарат жинау, өңдеу және алмасу;
төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;
төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдарын жоспарлау, дайындығын ұйымдастыру және олардың қызметін қамтамасыз ету;
халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау;
азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау;
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою үшін материалдық ресурстардың резервтерін құру, орналастыру, сақтау және орнын толтыру;
өз өкілеттіктері шегінде азаматтық қорғау саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;
2) жоғары әзірлік режимі - төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген кезде енгізілетін азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Жоғары әзірлік режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының туындауын болжау;
төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын түзету;
қажет болған кезде азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшылары мен лауазымды адамдарының басқару пункттерінде тәулік бойы кезекшілік етуін енгізу;
болжанатын төтенше жағдайлар туралы деректерді жинау, өңдеу және азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштеріне беру, мемлекеттік органдар мен халыққа олардан қорғану тәсілдері туралы хабар беру;
төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда нұқсан мен шығындар мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеу орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қолдану;
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою үшін құрылған материалдық ресурстардың қажетті резервтерінің орнын толтыру;
қажет болған кезде эвакуациялау іс-шараларын жүргізу;
3) төтенше жағдай режимі - төтенше жағдай туындаған кезде және оны жою кезінде енгізілетін, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі.
Төтенше жағдай режимінде азаматтық қорғаудың басқару органдары мынадай іс-шараларды жүргізеді:
төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын қолданысқа енгізу (іске асыру, орындау) және оларды түзету;
туындаған төтенше жағдайлардың өршуін және олардың салдарларын болжау;
орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар басшыларын, сондай-ақ халықты төтенше жағдайлардың туындауы және олардың салдарлары туралы құлақтандыру;
төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғау күштері мен құралдарының іс-қимылдарын жан-жақты қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті ұстап тұру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ туындаған төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану;
төтенше жағдай аймағындағы жағдай мен оны жою жөніндегі жұмыстардың жүргізілу барысы туралы ақпарат жинау, талдау және алмасу;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастыру және қолдау;
төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу.
Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.
Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегендігінен болады. Асып-сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) тууы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сілтеуге жақын тұрады. Олар өз сезіміне бой ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz