Ақпарат кеңістігіндегі шабуылдар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ақпарат кеңістігіндегі шабуылдар

Хакерлік жолмен тұлғаның жеке басына қатысты ақпараттар, құпия хаттар, қаулы-қарарлар бір мезетте бұрмаланып шыға келуі ғажап емес. Сондықтан да, желіге қандай бір ақпаратты жүктемес бұрын «оны басқалардан қалай қорғаймын?», - деген сұрақ туындауы керек. Осыдан келіп, әр белгілі бір ақпараттық саясатқа деген қажеттілік туындайды. Ғалым Есенол Алияров өзінің «Жаһандық ақпараттану жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясаты» атты авторефератында ақпараттық саясаттың негізгі міндеті саяси жүйеде кері байланысты қамтамасыз ету екендігін атап өткен. Ал Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясатының басты бағыты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» атты халыққа Жолдауында көрсетілгендігін айтады [10, 16] .

Республикадағы ақпараттық саясаттың даму жолын бірнеше кезеңге бөліп қарастырамыз:

1-кезең . 1991-1996 жылдар аралығын қамтиды. Ақпараттың саясаттың құрылған кезеңі. Бұл уақытта бұқаралық ақпарат құралдарын басқарудың ескі әдіс-тәсілдері жаңа экономикалық және саяси шарттарға біртіндеп ауыса бастады.

2-кезең . 1997-2002 жылдар аралығын құрайды. Бұл кезде елде ақпараттық кеңістік пайда болды. Сондай-ақ, ақпараттық ортада мемлекеттік саясаттың жандана түсті. Осыған байланысты маңызды құжаттар қабылданды. Олардың қатарында «ҚР бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру туралы» Елбасы Жарлығы, «ҚР ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды құру және дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама» бар еді. Сонымен қатар «БАҚ туралы Заң» да қабылданды.

3-кезең . 2003 жылдан бүгінгі күнге дейінгі уақытты қамтиды. Ақпараттық жүйедегі модернизация жағдайында мемлекеттің ақпараттық саясатының дамуын айғақтайтын аралық болып саналады. Бұл кезеңде баспа, телевидение мен радио сынды БАҚ-ның дәстүрлі салалары дамып тұрған тұста тағы бір жаңа бағыт жарыққа шықты [10, 23] . Демек, ақпараттанудың жаңа бір саласы ретінде - ғаламтор жүйесі қолданысқа енді. Ел тұрғындары ақпаратты білу үшін арнайы уақытты күтіп отырмайтын болды. Санаулы секундтардың ішінде ғаламтор сайттары, ақпараттық порталдар арқылы қажетті мәліметті лезде анықтай алатын деңгейге жетті. Ал медиа саласының қызметкерлері БАҚ саласына қатысты жаңадан қабылданған Заң арқылы өздерінің құқықтарын қорғап, хабар таратуда заң нормаларына сәйкес әрекет ететін болды. Бұл өз кезегінде ақпаратты жеткізушіге де, оны қабылдаушыға да қолайлы болды.

Дей тұрғанмен, ғаламторға қол жетімділік Отандық медиа нарыққа төнер қауіп-қатердің көбеюіне әсер етті. Бір-екі батырманы басу арқылы төрткіл дүниеге жол тартып, қалаған ақпарды кез-келген сәтте алу мүмкіндігінің болуы, әрине, сол сияқты кез-келген сәтте сыртқы фактордың сіздің ішкі әлеміңізге еніп, оған зиян келтіруіне жол ашты, яғни, ендігі тұста ақпараттық қауіпсіздікті бұдан да қатаң бақылауға алу керек еді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның ақпараттық кеңістігіне төніп тұрған қауіп-қатерді, ақпараттық шабуылдарды былайша жіктеуге болады:

  • 1-шабуыл. Ғаламтор желісі арқылы жүргізіледі. Бұған түрлі хакерлік шабуылдар, кибер құқықбұзушылықтардың орын алуы, технологиялық құралдар арқылы тұлғаның жеке басына қатысты мәліметтерді ұрлау, өзгерту, жою, мемлекеттік маңызды ақпараттарға, құжаттарға зиян келтіру, мемлекеттік басқару жүйесіне нұқсан келтіру әрекеттері жатады.
  • 2-шабуыл. Шет елдік ақпараттық саясаттың мемлекет аумағына енуі. «Жұмсақ саясат» принципін қолдану арқылы көршілес елдердің немесе өзге де алыс-жақын маңда орналасқан мемлекеттердің республикаға өздерінің мәдениетін насихаттау арқылы астыртын ақпараттық саясаттарын жүргізу амалдарын жатқызамыз.
  • 3-шабуыл. Террорлық актіге негізделген әрекеттердің орын алуы. Бұған Таяу Шығыста болып жатқан лаңкестік жағдайларға тұрғындарды тарту, белгісіз діни-ағымдар арқылы оларды қауіпті іске итермелеу (мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, ел азаматтарының өміріне зиян келтіру) әрекеттері жатады.
  • 4-шабуыл. Мемлекет ішінде ұлтаралық кикілжіңдердің орын алуы. Ел аумағында қоныстанып жатқан ұлттарды бір-біріне қарсы қою, оларды мемлекеттің басқару жүйесіне зиян келтіруге итермелеу, БАҚ арқылы ұлттар достастығына нұқсан келтіру амалдары жатқызылады.

3 - кесте

Ақпараттық шабуылдардың келу жолдары

Енді бұл шабуылдардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырсақ. Сандық технологияның қарыштап дамып тұрған кезеңінде ғаламтордың адам өміріндегі ролі ұшан теңіз екені аян. Сол себепті де қатердің алғашқы сатысына осы ғаламтор желісін жатқыздым. Себебі, бұл арқылы тек ересек адамдар ғана емес кішкентай балалар да жапа шегуі мүмкін. Қазір әрбір үйде кем дегенде бір гаджеттің болуы (компьютер, ноутбук, планшет, ұялы телефон) қауіптің бұл түрінің ауқымы үлкен екенін аңғартады. Шегі жоқ ақпараттар алаңы тоғысқан желі арқылы әп-сәтте теріс пиғылды желі қолданушысының қармағына түсіп қалу оп-оңай. Олар ақпараттық технологияны жетік меңгеріп, алғашқыда қызық үшін, кейін ақша табу жолымен, одан соң тіптен, мемлекетке, әлемге өзгеріс енгізіп, ылаң салу бағытында түрлі айла тәсілдер жасайды, яғни ғаламтор - хакердің басты қаруы деуге болады. Бұл кезде компьютерлік қылмыстар жасалады.

Ғалым Қуаныш Аратұлының «Ақпараттық қылмыстармен күресудегі қылмыстық саясаттың аспектілері» атты еңбегіне жүгінсек, компьютерлік қылмыстардың ел тарихында қылмыстық-құқықтық ұғым ретінде ең алғаш Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде нақты қылмыстар тобын баянды еткен ұғым болып пайда болғандығы көрсетілген [11, 170] . Демек, сол кездің өзінде қылмыстың мұндай түрінің қоғамда орын алғандығын, соны ауыздықтау үшін заңдық нормалардың жасалғандығын байқаймыз.

Иә, Отандық медиа нарықтың осы уақытқа дейін бірде бір рет ақпараттық шабуылға ұшырамағаны көңіл қуантады. Өйткені, егер бір телеарнаға немесе радиоарнаға хакерлік соққы жасалса, онда күн сайын миллиондаған аудиторияны ақпаратпен құлақтандырып отырған бұл бұқаралық ақпарат құралдарынан келетінзиян үлкен шығынға апарып соқтыратын еді. Мәселен, әлемдік медиа нарықта мұндай жағдайлар көптеп орын алған. Оған Украинадан хабар тарататын «24 канал» телеарнасы дәлел бола алады. 2017 жылы 27 маусымда хакерлік шабуылдың салдарынан арнаның эфиріне нұқсан келді. Дәл сол күні ол мүлдем жұмыс істемей қалған болатын. «Страна. UA» мәліметінше, бұл туралы журналист Денис Бигус баяндаған. Ол шабуылдың кесірінен, телеарна ғана емес, оған қоса 2 радиостанцияның да өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғандығын айтты. Компьютерлер мүлдем жұмыс істемей қалған[5] .

Сол сияқты Катар мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралы саналатын «Әл-Жазира» телеарнасын да айтуға болады. 2017 жылы 8 маусымда ол ақпараттық шабуылдың құрбанына айналды. Оның алдында дәл бір ай бұрын мұндай соққы Катардың ақпарат агенттігіне жасалған еді. Бұл ретте телеарнаның ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшалары істен шықты. Сондай-ақ, арна қызметкерлері жұмыс орындарынан электронды поштаға да кіре алмады. Деректерге сүйенсек, арна басшылығы бұл зиянды әрекетке түрткі болған «Mirai» (Мирай) желісі деп күдіктеніп отыр. Себебі, бұл желі арқылы бұған дейін де арна тарапына бірнеше мәрте шабуыл жасалған еді [6] .

Тағы бір мысал ретінде Ресей Федерасынан шығатын «Звезда» телеарнасын да атап өтейік. 2017 жылы қыркүйек айының 29-ында оның әлеуметтік желідегі парақшалары шабуылға тап болды. Соның салдарынан парақшадағы барлық жарияланымдар мен жазылушылар түгел өшірілген. Кейін хакердің Киев қаласынан әрекет еткені анықталды [7] .

БАҚ саласында жақындай алмағанымен, компьютерлік қылмыстар еліміздегі банктерге, тіптен, ҚР Қорғаныс министрлігіне де зиянын тигізді. Мәселен, былтыр наурыз айында республикадағы бірнеше банк хакердің тұсауына ілікті. Шабуыл жасалған тұста қастық ойлаушылар ғаламтор арқылы банк тұтынушыларына арнайы сілтемелер жіберген. Сілтемені ашу арқылы тұтынушы өзінің жеке басына қатысты мәліметтерді және есепшотындағы барлық қаражатынан айырылған. Ақпараттық соққы «Халық банктен» бастап «Каспий банк», «Qazkom» (Қазком), «Сбербанк» және «Астана банкіне» жеткен. Алайда, аталған банк қызметкерлері қылмыскерлердің әрекетін дер кезінде тоқтатып, тұтынушыларға қарсы қолдануға болатын амалдар ретін ұсынып үлгерді. Бірақ, бұдан соң бір күн бойы ақша аударымдары, онлайн сатып алу сынды қызмет түрлері істен шықты[8] .

Қарап отырсақ, хакерлік шабуылдардың басым көпшілігі 2017 жылы жасалған. Тіптен, осы жылдың 24 сәуірінде Қорғаныс министрлігі де назарға ілінді. «Спутник» ақпараттық сайтының мәліметіне сүйенсек, министрліктің «Фейсбук» әлеуметтік желісінде ақаулық байқалып, онда «Палестинаға азаттық» деген ұраны бар плакат қойылған. Десе де, қылмыстық іс дер кезінде шешілді [9] . Ел қауіпсіздігінің кепілі саналатын Қорғаныс министрлігінің ақпараттық шабуылға ұшыруының өзінен-ақ, Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздіктің әлі де болса әлсіз екендігін мойындауымы керек.

Осы тұста қауіпті ақпараттан қорғануда спин-доктор әдісінің пайдасы мол. Бұл дегеніміз, ғалым Оңайгүл Тұржанның анықтамасына сәйкес, саясаттағы, бизнестегі, жалпы кез-келген саладағы жағымсыз ақпараттың күшін әлсіретуге негізделген ақпарат ағымы болып табылады. Яғни, бұл әдіс бойынша, жағымсыз ақпараттан төнер қауіпті бұқараға ескерте отырып, емдеу тәсілі қолданылады [52, 413] .

Ғаламтор желісі арқылы ресми сайттарға залал келтіруден бөлек, әнші, композиторлардың авторлық әндерінің, теле-радио бағдарламалардың, басылым беттеріндегі жарияланымдардың авторлық құқығының ұрлануын да қауіптің алғашқы түріне жатқызамыз. Мұндай кемшіліктерге жол берудің негізгі себебі, ел азаматтарының авторлық құқық пен сабақтас құқыққа немқұрайлы қарауынан. Қандай бір туындыны ойлап тапқан азамат оны ресми түрде, арнайы құжаттамаға сәйкес бекітіп алудан бұрын оны жарыққа шығару, халыққа жария ету тетіктерін қарастырады. Ал бұқараға жарияланып кеткен дүние ертең баршаға қол жетімді болғаннан кейін оның қолды болуып кету қаупі де басым болмақ. Міне, осының салдарынан бүгінде көптеген әнші, композиторлар шығармаларының басқа бір орындаушының иеленіп кеткенін не болмаса оны өзгертіп, туындының негізгі мақамының бұрмаланғанын айтып шағымданып жатады. Сол сияқты медиа индустрияда да осындай жағдайлар жиі орын алады. Белгілі бір телеөнімді жасап шығарған журналист оған авторлық құқықты алмай, эфир кеңістігіне жібереді. Ал кейін арна құрылымында өзгерістер болып, журналистті қызмет бабымен басқа жерге ауыстырса немесе оны қызметтен босатса, ол ойлап тапқан бағдарламаны басқа бір адамның меншігіне береді немесе авторлық құқықты өз аттарына жаздырып алады. Неге? Себебі, журналист өнімін ресми түрде рәсімдеген жоқ.

Газет-журнал өндірісінде де ұқсас жағдайлар көптеп кездеседі. Қазір барлық басылымдардың ғаламторда жеке сайттары ашылған соң, журналистер материалдарын сол сайтқа орналастырады. Ал ол арқылы ақпарат іздеген студент немесе оқушы өзіне керекті мәліметті сол жерден көшіріп алып, автордың аты-жөнін өз материалында атамайды. Өз еңбегімен жазғандай, ақпаратына қоса салады. Бұл студенттердің жазбасында ғана емес, бұрын ақпараттық порталдарда да қайталанатын үрдіс еді. Алайда, БАҚ туралы Заң, Авторлық құқық туралы Заң шыққан кейін мұндай қылмыстық әрекеттер азайды. Кітаптың электронды нұсқасын салу арқылы да, одан қажетті ақпарды алу үшін автордың келісімімен оны сатып алуға мүмкіндік туды. Курстық, дипломдық және өзге де ғылыми жұмыстар автордың рұқсатымен салын бастады, яғни ғаламтор арқылы біреудің мәліметін иемдену біршама ретке келтірілді деуге негіз бар.

Енді қауіптің екінші түрі туралы сөз қозғасақ. Қазақстан дамушы демократиялық бағыттағы мемлекет. Сәйкесінше, ашық экономикалық саясатты ұстанады. Әр елге құшақ ашып, онымен достық қарым-қатынаста болуды мақсат етеді, яғни «жұмсақ саясаттың» шарықтауына жол береміз деген сөз. Бұл да халықтың менталитетіне, ұлттың мінезіне байланысты болар. Келген адамға кең пейілдік танытып, «қонағын құдайындай күтетін» қазақ оны ренжітпеуге, көңіліне кірбің түсірмеуге тырысады. Бұл біздің мықты және әлсіз тұсымыз. Біздің жомарттығымызды, ашық жарқындығымызды пайдаланып, өзге мемлекет оны өз пайдасына шешіп кетіп жатқандығы жасырын емес. Себебі, қазір елімізде бірнеше елдің «жұмсақ саясаты» (ағылшын тіліндегі «soft power» сөзінің аудармасы) жүргізіліп отыр. Олардың қатарында Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Корея Республикасы, Үндістан Республикасы, АҚШ және Ресей Федерациясы бар. Қытайды алғашқы орынға шығаруымның өзіндік себебі бар. Бұл елдің астыртын саясаты басқалармен салыстырғанда, бүгінгі таңда Қазақстанға қатты әсерін тигізіп жатыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыс арнасының есебі
Қолданушылар компьютерлері арасындағы ақпаратты алмасуды автоматизациялау
Сақтар туралы ғылымдағы деректер мен тұжырымдар
Ақпараттық жүйені қорғаудағы бағдарламалық аппараттық орта
Халықаралық медиа нарықтағы ақпараттық биліктің рөлі
Компьютерлік желілерде ақпартты қорғаудың түсінігі мен тәсілдері
Абонент туралы ақпараттың тарауы
ХАКЕРЛІК ТОПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖАСАҒАН КИБЕРШАБУЛДАРЫ
Шабуыл күші
Зиянды бағдарлама түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz