Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы


Қанипа Бітібаева
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы
Алматы 2010
Бітібаева Қ.
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы
«Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаеваның бұл оқу құралында қазіргі нәтижеге бағытталған білім беру кезеңінде әдебиетті оқытудың теориясы мен әдістемесі, технологиясы ғылыми тұрғыда сөз етіледі. Теория мен тәжірибе ұштастырыла беріледі, автордың ұзақ жылғы жаңашыл ізденістері де еңбектен орын алған. Оқулық жоғары оқу орнының оқытушыларына, студенттеріне, ұстаздар қауымына арналған. Сондай-ақ магистранттар, ғылыми еңбекпен ізденушілерге де пайдалануға болады.
АЛҒЫ СӨЗ
Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны түсінікті. Мақсатымыз оның бәрін тізбектеу емес, әлі де алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қорғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа тастап, алға жылжып келеді. Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы - мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы, шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр оқушының қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімн нығайту, қысқартып айтсақ, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау - міне, бүгінгі білім берудегі басты міндет. Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай - әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Бұл жерде ұлы дана Абайдың сөзі еріксіз ойыңа оралады:
«Өзіңе сен - өзіңді сүйреп шығар».
Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өз орнын, лайықты, дұрыс, таза орнын тапқыза білудің қаншалықты қиын екені де түсінікті. Бұл мәселелер - бүгінгі замандағы білім беру ісінің күретамыры. Өзін-өзі таба алмай, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай, өзін-өзі тұншықтырып жүргендер, басқа жолға түсіп адасушылықтың негізгі себебі - бір кездегі ұстаздары, мектебінде жатқан жоқ па деген сауалдардың бүгінгі ұстаздарды ойлатқаны жөн. Біздің пайымдауымызша, қазіргі білім беру ісінде әлі де шешімін таппай келе жатқан мынадай мәселелер бар сияқты.
- Білім концепциясы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, мақсаттарды анықтау, толықтыру, оның барлығын жеке тұлғағ, оны дамытуға қарай бейімдеу, жетілдіру.
- Біздегі білім беру, оқыту, пәндік жүйе арқылы жүзеге асып келеді. Әр пән арқылы мұғалім оқушының білімін жетілдіру, шығармашылық тұлға қалыптастырудың мақсаттары тұрғысынан ізденіп келе жатыр. Сол ізденістерді жүйелей, саралай отырып, ортақ бір концепция жасау керек-ақ. Әсіресе, оқушының өзін-өзі тануы, «Мен кіммін?» деген яғни «Мен» концепциясын қалыптастыруды ойластыру. Жинақтап айтсақ, жеке тұлға қалыптастырудың ортақ бір жүйесін жасау қажет.
- Баға қайдан шығады, оқушының білімі, іскерлік дағдысы, талабы, дарынын қалай бағалау керек деген мәселе - кезек күттірмейтін мәселе. Сол «5» балдық жүйемен жүре береміз бе, баланы бағаға жегіп қою дұрыс па, басқа да қандай жол бар деген сұрақтар да әлі шешімін таба алмай келе жатыр.
- Әр сабақ неге міндетті түрде 45 минут болу керек. Неге ол 45 минут, неге 40 немесе 35 минут емес (бұл жерде шартты түрде айтып отырмыз), тақырыптың жеңіл, ауыр түріне қарай оны мұғалімнің өзі неге таңдап алмайды, жалпы мұғалім өз ісіне өзі неге қожайын емес (құқықты) деген мәселелер де көптің көкейіндегі сұрақтар.
- Өзіміздің төл мектептеріміз қандай болу керек, еліктеу, көшіру (тиімдісін пайдалану туралы сөз басқа әриен) мерзімі біткен жоқ па? - деген сұрақтар алғы бетке шыққандай. Әрине, бұл мәселедегі жекелеген талпыныстарды жоқ деп айта алмаймыз, бірақ тиімді қорытынды жасайтын уақыт пісіп жетілген сияқты.
- Ұлттық менталитетімізді қалыптастыру ең алдымен мектептен, білім беру, тәрбиеден басталатыны түсінікті. Тәрбие берудің қонымды жолдары, өнімді жолдарынан іздену, ұлттық тәрбиені, адамзат баласының ұрпағын тәрбиелеудегі ұтымды іс-тәжірибесімен ұштастыра отырып жүргізудің де нақты бағыттары керек-ақ.
- Білім мазмұнын байыту, жетілдіру, оны жүзеге асыру технологиясынан іздену де қазіргі басты мақсаттардың бір ғана емес, бірегейі. Білім берудің ең бастысы- білім мазмұны. Білім мазмұна технология арқылы жүзеге асады. Ал «технология» дегеніміз не? Ғалымдар пікіріне үңілсек орыс ғалымы С. А. Смирнов өзінің Технология как средство обучения второго поколения» деген еңбегінде: бұл сөздің өндірістен келгенін, яғни шикізатты өңдеу, жасаудың амалдары екеніне тоқталады да, оған өзіндік анықтамасын береді: «Технология представляет собой алгоритмизированную последовательность операции получения какого-либо продукта, пстроенного на использовании технических или любых других средств под управлением человека. Это определенный способ обучения выполняет средство обучения под управлением человека. При этом учитель выполняет функции стимулирования и координации их деятельности», -дейді.
Ал Безрукова оны (технологияны) модельдеу, жобалау, конструкциялау амалдарымен байланыстырады. Штейнберг конструкторлық технологияға ерекше назар аударады. Ол ойды бейнелеудің маңызын дәлелдеуге тырысады. Білімді тек сөздік әдісі емес, бейнеге, модельге түсірудің жолдарынан іздестіре отырып, оның әсіресе практикалық білім берудегі орнын анықтайды. Әрине, модель дегенде оның макет, сұлба, кесте түрде болатынын ұмытпау керек. Модель әсіресе болжам (прогноз) жасаудың негізі ретінде белгілі.
Технология туралы өз пайымдауымызға келсек, ол - ең біріншіден, диагностиканы басшылыққа алған жеке тұлғаға қарай бағыттаған мақсатты, саплы оқу әрекетін ұйымдастыру. Жеке тұлға ең алдымен өз әрекеті арқылы ғана дамиды. Ал әрекет іс-қимылдармен жүреді. Технология жеке тұлғаны дамытуға негізделген мақсатты педагогикалық жүйе. Технология оқытудың, білім берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа, нәтижелі ізденістерін талап етеді. Оқушының білім алу, даму, т. б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді өз белсенділіктерімен меңгеруіне түрткі жасау - технологияның басты белгілері.
- Ұсынылып отырған оқулықта алдымен, әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясының мына мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді:
- Педагогика ғылымының соны жетістіктері сапынан орын алып келе жатқан тиімділік (оптимизация) идеялары негізінде сабақ мақсаттарын бірлікте қарастыру.
- Әдіс-тәсілдер мен оқу жүйелерінің тиімді деген түрлерін сұрыптап алу, әрі оны ұтымды пайдалана білу.
- Берілетін білімнің ішінен ең негізгі мәйегін, түйінін нақты бір жағдай, нақты білім беру кезеңдеріне орай
сұрыптап, бөліп алу, негізгі ұғымдарды анықтау, оларды оқушыға жеткізудің нәтижелі жолдарын іздестіру.
- Оқушыларды даралап, әрі саралап оқыту әдістемелері (дифференциалдап оқытуды басшылыққа ала отырып) .
- Әдебиетті оқытуда, тәрбие беруде сабақ түрлері мен үлгілерін іздестіру.
- Интеграциялап оқыту, оны әдебиетті оқыту мәселелерінде тиімді пайдалану.
- Әдебиетті тереңдете оқыту жолдары.
- Проблемалап оқыту және әдебиет сабақтары.
- Оқулықпен, кітаппен жұмыс істеудің, пайдаланудың тиімді жолдары.
- Оқушы біліміне тақырыптық есеп жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдері.
- Дидактикалық материалдарды нәтижелі пайдаланудың жолдары (үлестірме-көмек, үлестірме-нұсқаулар, т. с. с)
- Топтық, жұптық және жеке жұмыстар оқушыларды танымдық - іздендіруші, зерттеу бағытындағы жұмыстарға, ғылыми сипаттағы жұмыстарға баулу әдістемесі мен технологиясы.
- Оқушының білім мен іскерлік дағдыларын жетілдірудің жолдары.
- Оқулықта әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық ұғымдарымен қатар, оларды тәжірибеде пайдаланудың тиімді жолдары нақты мысалдармен беріліп отыр. Мысалы, «Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту» таруында теориялық ұғыммен қатар Шоқан, Сәкен, Мағжан, Мұхтар өмірбаянын (11-сынып) оқытудың тиімді әдістемесі берілді, т. с. с.
- Мұндай тәсілдің пайдасы не?
Әрине, оқулықта әдебиетті оқытудың ғылыми тұрғыдағы өзіндік заңдылықтары, теориялық мәселелері кеңінен сөз етілуі керек. Әйтсе де, студенттермен жұмыс істеу тәжірибемізде әлі ұстаздық жолын бастамаған жастарға тек теориялық білім берудің жеткіліксіз болатынына көзіміз жетіп жүр. Сондықтан теорияға қоса, оның тәжірибедегі көрінісін сөз етуді дұрыс деп санадық.
Оқылық студенттер мен мұғалімдерге арналғандықтан, оларға практикалық көмек берудің де артықтығы жоқ деп есептейміз.
2) . Мүмкіндігінше әдебиетті жанрлық жағынан оқытудың әдістемелерін саралар беріп отырмыз. Эпикалық, лирикалық, драмалық жанрдағы шығармаларды оқыту жолдарының өзіндік қадау-қадау ерекшеліктері, айырмашы
лықтары бар екені түсінікті (Методологиялық ортақ принциптерімен қоса) .
3) . Соның ішінде, мысалы, эпикалық жанрды алайық. Оған роман, хикаят (повесть), эпопея, мысао, әңгіме, батырлар жыры, поэмалар жатады. Оқулықта оларды оқыту әдістері жеке-жеке сөз етіледі (нақты мыа\салдар арқылы) . Мұндағы басты мақсат - теориялық біліммен қоса, нақты көмек, үлгі, нұсқау беру, оқыту мақсатын қалай жүзеге асырудың жолын көрсету.
Публицистикалық, эпистолярлық жанрдағы шығармаларды оқытуәдістемесі, мен технологиясы да нақты мысалдармен берілді.
4) . «Әдеби, сын-зерттеу еңбектерін оқыту» тақырыбында, әсіресе, оларды меңгертудің жеңіл жолдары, оқушыларды ғылыми жұмыстарға баулу тәсілдері, әр түрлі іздендіру сипатындағы тапсырмалар жүйесі нақты мысалдармен дәлелденді.
Мектепте әдеби білім беру - оқытудың, білім берудің жүйелі, жалғаспалы, бірізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек.
Ол мынадай кезеңдерден тұрады:
1-кезең: 1-4 сыныптар;
2-кезең: 5-8 сыныптар;
3-кезең: 9-11 сыныптар.
Бірінші кезеңнің негізгі мақсаты, міндеті - оқуға, жаза білуге, мазмұндауға үйретуімен, көркем туындыға оқушы ынтасын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы болуымен айқандалады.
Екінші кезеңде көркем сөздің көркем туынды, көркем шығармалардағы рөлі, маңызын танып білу жұмыстары жүргізіледі. Көркем туындыдағы авторлық көзқарасты танып-білу үйретіледі. (Көркем образ, сол арқылы автор мұратына (идея) болжам жасау. ) Оқу бағдарламасында оқуға, талдауға ұсынылатын шығармалар жанрлық жағынан қамтылуы тиіс. Оқушылардың көркем шығармалардың әр жанрдан тұратынын түсініп білуі осы кезеңнен басталады. Көркем туынды туралы өз пікірлерін, ойларын айта білуге дағдыландыру (алған әсерлерді, не ұнады, не ұнамады), шағын әдеби айтысқа жетелеу, сөйтіп, әдеби талдау дағдыларын қалыптастыру да осы кезеңнің негізгі міндеті болмақ.
Үшінші кезеңде әдебиетті оқыту ауыз әдебиетінен басталып, әдебиет тарихымен жалғастырылады. Оқушыларды өз беттерімен көркем туындыны оқытуға, талдауға баулу, әдебиет тарихы, сыны, әдебиеттік ғылымнан білім беру, көркем шындық, өмір шындығы, ақын-жазушы стилі, тілі, әдеби әдістер, т. б. Көркем туындыны талдауда әдебиеттану ғылымы басшылыққа алынады. Оқушылардың оқырман ретінде оқитын туындыларын өздері таңдап алу қабілеттері жетілдіреді. Мағлұматтар тереңдетіліп беріледі. Көркем туындыға олардың сын көзбен қарауы(төменгі сыныптағыдай тартымды, сюжетті шығармаларды оқуға қызығушылығы, т. б. ) қалыптасады.
Әдебиеттану ғылымынсыз, яғни әдебиет туралы ғылымсыз әдебиетші мұғалімдер әдебиетті ғылымның, әрі өнердің бір саласы ретінде оқытуы мүмкін емес. Әдебиеттен білім беру әрі әдебиет ғылымынан, әрі сөз өнерінен білім беру дегенге саяды. Бұл пәнді оқытудың күрделілігі де, қызықтығы даосыдан келіп туындайды.
Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай-ақ көркем туынданы талдаудың ғылыми әдістемелері мен технологиясын жетік меңгеруі міндет. Әдеби шығармаларды талдау кезінде мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, оқушыны субьект тұрғысында қарым-қатынас жасау қазіргі оқытудың басты талаптарының бірі.
І тарау.
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Кемеңгерлікті танудың үш жолы бар:
Бірінші жолы - ойға салып пайымдау.
Бұл - ең ізгі жол . . . Үшіншісі - тәжірибе
жолы. Бұл - ең қиыны.
Конфуций
«Әдебиет - сөз өнері». Ол - өнердің бір саласы. Әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, әдебиет пәнін «адам тәрбиелеу құралы» дер едік. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр-сырын игеруден жай білім ғана беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді.
Сонымен, әдебиетті оқытудың басты мақсаты - оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа т. б тәрбиелеу. Әдебиет пәнінің ауқымы да, мүмкіндігі де, маңызы да ерекше болып келеді. Мектепте оқытылатын қай пән болмасын, олардың білім мен дағды, тәрбие беруде өзіндік орны, атқарар маңызы да бар. Дегенмен де әдебиет пәні барлық пәннің анасындай қызмет атқарады. Математиканы меңгеру үшін де сауатты оқи білу керек, оқығанын түсіну, ұғу, айта білу қажет (тарих, география пәндерін былай қойғанда) . Әдебиет пәні барлық пәндермен тығыз байланыста болып келеді. Соның ішінде, өзі де өнер пәні болып саналатын себепті, ол бейнелеу өнері, музыка пәндерімен ерекше гармониялық үндестікте жүріп отыруы керек. Сондай-ақ тарих пәні әдебиеттің ең туыстас, бауырлас пәні болып табылады. Бағдарлама мен оқулыққа назар аударған адам бірден осы туыстықты аңғарар еді. Себебі, ақын-жазушы шығармашылығына тоқталмас бұрын, ол өмір сүрген тарихи кезеңнің сипаттамасы, келбеті беріледі. Қай суреткер болмасын, өз заманының жемісі. Ол, ең алдымен, өз заманын жыр етеді, соның келбетін кескіндейді, бейнелейді, шығармашылығы заманына байланысты туады. Оның шығармасы сол өз заманының айнасы болып келеді. Қазақ тілі пәнімен ерекше бауырластығы дәлелдеуді қажет етпейді. Егер әдебиетті көркем бір ғимарат, ғажайып мүсін десек, соны құрайтын заттар - тіл, тіл байлығы; сондықтан бұл екі пәнді бір-бірінен бөліп алып қарастыру дұрыс емес (Әрине, екеуінің өзіндік мақсат, міндеттері туралы бұл жерде сөз жоқ) .
Әдебиет пәнінің тағы бір ерекшелігі - оның ойлы, ізденімпаз, өзіндік эстетикалық көзқарасы бар оқырман дайындауында (бұл жерде барлық оқушыны осылай бір бағытта дайындайды деген ұғым тумауы керек) . Бұл -- үлкен, қасиетті міндет. Мәдениетті, білімді адамның қай-қайсысы болмасын, оқырман. Атақты физик, математик, геолог, медик, тіпті ғарышкер болмасын, барлығы да оқырман. Оған дәлел - олардың ғылым төріне, биігіне шыға білуі, яғни оқу арқылы, кітап арқылы оқырман бола білуі. Осындай ұлы адамдар естелігін оқып отырғандағы көз жететін бір нәрсе - олардың көпшілігінің білім, ғылымға аяқ басуына әдеби кітап, соған деген ынта әсер еткен. Бұл жерде оқырман деген ұғымды кең көлемде түсінген жөн. Әдеби шығармаларды оқушыларды, әдебиетшілерді ғана «оқырман» деудің аясы тар. Бірақ сол «оқырмандықтың» алғашқы баспалдағы мектептен, әдебиет сабағынан басталатындығы түсінікті.
Әдебиет пәні - өнер пәні, адамтану пәні дедік. Сонымен қатар, әдебиет пәні - жан-жақты ойлантудың, терең ойлаудың пәні. Ең бастысы, әдебиеттің басқа пәннен айырмашылығы - онда дәлелденген ешқандай заң жүйесінің, формаларының, элементтердің, бұлжымас, айнымас, ережелерінің жоқтығы. Орыс әдебиетінде бір ғана Пушкиннің «Евгений Онегиніне» қаншама сын-зерттеулер, монографиялар жазылды. Әр зерттеуші оны әр қырынан қарастырады, өзіндік пікір айтады, себебі зерттеуші ғылыми еңбек жазып отырса да, онда сөз жоқ, өзінің оқырман ретіндегі қабылдауына, сезіміне де орын береді. Қазақ әдебиетіндегі Абай шығармашылығына байланысты Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиевтер еңбектерін былай қойғанда, бүгінгі әдебиетшілер де зерттеулер жазуда. Бұдан шығатын қорытынды әдебиеттің өзіндік ерекшелігінде жатыр. Ол - өнер туындысы. Ол - ұлттық рухани қазына, ол - әлемдік әдебиет пен мәдениеттің бір бөлшегі. Әдебиетті құзырлылық тұрғысында оқыта отырып, жан-жақты дамыған құзырлы тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы.
Ой, ойлану, ойланту барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік ойлау, өзіндік пікірде жатыр. Әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауды, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпеуі керек, ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешелегі де күрделілігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда сезім, эмоция, әсер, шабыттану, қиялдау, армандау, еліктеу, әр түрлі психологиялық рең осы пәнде ерекше көрінеді.
Әдебиет - жан-дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі - адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние. Оны оқытудың қызықтығы да, күрделілігі де осында жатыр.
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ - ҒЫЛЫМ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮДЕРІС
Оқыту әдістері
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты. Әдіс-тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынандай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі - әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізілетін жұмыс түрлері - кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді.
Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы беосенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстриативтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю. Н. Бабанский өзінің «Оқу-тәрбие процесін оңтайландыру» деген еңбегінде (1982 ж., «Просвещение», 177-бет) әдістерді мынадай үлкен үш топқа жинақтайды.
- Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации учебно-позновательной деятельности) .
- Оқушылардың оқу-таным қызметін көтермелеуәдістері (методы стимулирования учебно-позновательной деятельности) .
- Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за эффективностью учебно-позновательной деятельности) .
Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздіу (әңгіме, дәріс, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндеу), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар) әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz