Тіл дамыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 5. Тіл дамыту әдістемесі

Мақсаты: Сөйлеу тілін дамытудың жолдары туралы түсінік қалыптастыру. Сөздікпен жұмыс жүргізу жолдарын, әдістемесінен мағлұмат беру.
Негізгі терминдер мен түсініктер: тіл дамыту, сөздікпен жұмыс, сөздік қор.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Тіл дамытудың мақсат-міндеттері
2. Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту
3. Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі
4. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері
Әдебиеттер:
1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.-Алматы: Өлке, 2003. 136-бет.
2. Әміров Р. Бірінші сыныпта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар. - Алматы, 1957
3. Рахметова С. Кіші жастағы оқушылардың жазбаша тілін дамыту. - Алматы, 1978.
4. Ізғұттынова Р. Тіл дамытудағы шағын жанрлардың маңызы. Бм.№6.2004.-Б.7.
5. Тобағабылова Н. Тіл дамыту сабағы. Бм. №12. 2003.-Б.21.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Оқушылардың тілін дамыту үшін жүргізілетін тиімді әдістер
Сөздікпен жұмыс түрлері

Тіл дамыту мәселесі көптеген әдіскер-ғалымдардың, психологтардың зерттеу объектісі болған. Орыс әдіскер-ғалымдары М.Р. Львов, Т.Г. Рамзаеваның еңбектерінде, сондай-ақ қазақ ғалымдары А. Байтұрсынов, С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, Т. Әбдікәрімова, психологтар Н.И. Жинкин, Л.В. Занков, П.М. Якобсон еңбектерінде қарастырылған. Қазіргі таңда оқу бағдарламаларында, оқулықтарда тіл дамытуға айрықша көңіл бөлінген.
Тіл дамыту жұмысы - күрделі де творчествалық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны - олардың орындаған жаттығуларының мазмұндылығы, жүйелілігі, анықтығы, мәнерлігі, тазалығы, өрнектігі, түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфографиялық қатесіздігі.
Тілді меңгеру барысында бала қорытынды жасайды, жалпылау, нақтылау, абстракциялау сияқты ойлау операцияларын қолданады.
Тіл 3 түрлі қызмет атқарады:
Тіл - адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді.
Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативтік қызмет деп атайды.
- әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі.
Сөйлеу - адамның тіл құралдарын қолдану негізінде (сөздер, сөйлем т.б.) ойлауды жүзеге асыру әрекеті.
Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Осыған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметі ғылыми тұрғыдан 3 салаға бөлінеді:
1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі.
2. Сөйлеудің сигнификативтік қызметі.
Бұл қызмет бойынша сөйлеуді адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мысалы, қауіпті жағдай туғанда берілген белгі, ым-ишаралары.
3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алған хабарлар мен жәй-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан-дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізу тәсілі.
Тіл дамытуға басшылық жасауда мұғалім сөйлеу түрлерін, оның әрқайсысына тән ерекшеліктерді жақсы білуге тиіс.

ауызша
жазбаша
Сырттай сөйлеу диалогтық
монологтық
Ал ішкі сөйлеу - ойша сөйлеу;
Бала сөйлеуінің дамуы:
I кезең. 2 ай - 11 ай.
II кезең. 11 ай - 1 жас 7 ай.
III кезең. 1 жас 7 ай - 3 жас.
IV кезең. 3 жас - 6 жас.
V баст. мектепте - 6 -10 жас.
Бала тілін дамыта отырып, мектеп нақты анықталған сөйлеу сипаттамасына сүйенеді, яғни ол баланың ауызша және жазбаша сөйлеуін бағалау өлшемдеріне жатады:
1 талап - мазмұндылығы
2 талап - сөйлеу логикасы, жүйелілігі
3 талап - нақтылығы
4 талап - сөйлеу тілінің байлығы
5 талап - анықтылығы
6 талап - мәнерлілігі
Аталған талаптар мектеп практикасында кешенді түрде жүзеге асырылады. Тіл дамытуда негізгі үш бағытты бөліп қарастырады: сөзбен жұмыс, сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс, мәтінмен жұмыс.
Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді:
1. Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра отырып, оларды ажырата білу, өз беттерімен қорытынды жасай білу.
2. Оқушылардың қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс айтып және жазып бере алатындай дәрежеге жетуі тиіс.
3.Қазақ тіл ғылымының зерттеу жұмысының негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігі тиетін жұмыстарды, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының оңай да тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындау.
4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. 5.Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да балаларға білім беру, іскерлікке үйрету және дамыту мақсаттарын көздейді. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі әдістемелік талаптарға сүйенеді. Мектептерде негізінен баланың тілін дамыту мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету арқылы болғандықтан, бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Берілген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете білу;
- Жазылған жұмыстың мазмұны болуы;
- Оқушы түсінгенін ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс;
- Сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп іріктеп, таңдап қалыптастыру;
- Оқушы сөйлегенде сөйлемді белгілі формада құрастыратын болсын;
Тілді меңгеру сөз байлығын арттыру және грамматикалық формаларды игеру ойдың дамуына алғышарт жасайды. Психолог Н.И. Жанкин "Сөйлеу - интеллектінің даму каналы. Тіл неғұрлым ерте меңгерілсе, білім де соғұрлым оңай және толық меңгеріледі" деген.
Білім, фактілер - ойлау материалы. Ендеше, бұл канал арқылы тілдің дамуы ойды дамытады.
Бастауыш мектептегі оқушылардың психологиялық мүмкіндіктерін жан-жақты зерттеуші психологтар (В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин) бұл жастағы балаларды абстрактылы ойлауға үйретуге болатындығын дәлелдеген. Абстракт ойлауда маңызды роль атқаратын ұғым болып есептеледі. Ұғымда заттар мен құбылыстардың ең негізгі белгілері жинақталып беріледі. Ұғым арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Ұғым сөзбен белгіленеді де, сөз арқылы қарым-қатынас үшін қажет материалдық қабыққа енеді. Ұғымды білдіретін сөзді меңгеру ойлауға көмектеседі. Ұғымдық ойлау бастауыш сыныптарда қалыптасады да, адамның бүкіл өмір бойына дамиды, жетіледі.
Баланың ойын дамыту үшін негізінен мынадай жұмыстар іске асырылады:
1. Бақылау. Балаларды білуге құштарлыққа, көре білуге, ести білуге, иіс сезе білушілікке, айналадағы дүниені қабылдауға тәрбиелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Әріптерден сөз жасау
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Пәндер