Жазу тарихы. Жазу тарихына байланысты орыс ғалымдарының еңбектері, зерттеулері


Павлодар Педагогикалық Университеті.
БАЯНДАМА.
Орындаған: Абляш Фариза
Топ : ШТ-23
Тақырыбы : Жазу тарихы. Жазу тарихына байланысты орыс ғалымдарының еңбектері, зерттеулері.
2020-оқу жылы.
Ежелгі адамдар үңгірлерге, жартастарға, тастарға, кейіннен құмыраларға әр түрлі суреттер салды. Суреттерді оюлап, кестелеуді білді. Ру-тайпалық қатынастардың дамуы барысында тайпалар кең аймақтарды мекендеді. Енді алыстағы туыстарына хабар беру, жағдайды жеткізу қажеттілігі туды. Соның барысында жазу пайда болды. Жазудың ең алғашқы түрі, суреттер арқылы айтпақ болған ойды бейнелеу. Мысалы, ежелгі адамдар өз көргендерін, ойында сақталған кейбір оқиғаларды сурет арқылы бейнелеуге болатынын байқады. Сөйтіп сурет арқылы жазу пайда болды. Олар тау деп жазу үшін таудың, орман деп жазу үшін орманның суретін салды. Орманға бардым деп жазу үшін, орманға бара жатқан адамдардың суретін жасаған. Этногрофтар бұндай сурет жазудың көптеген түрін кездестірген.
Сурет арқылы жазу өте күрделі болды. Ол, ең алдымен, сурет сала білуді талап етті. Ал кез келген адамның қолынан сурет сала білу келе бермейтін еді. Оның үстіне, суретарқылы жазу көп уақыт алды. Сондықтан енді әрбір нәрсенің ерекшелігін көрсететін шартты белгілер арқылы бейнелеп жаза бастады. Сурет арқылы жазумен салыстырғанда жазудың жаңа, жетілдірілген түрі. Бірақ бұлда шеберлікті қажет етті.
Суреттер, шартты сызықтар мен таңбалардың әрқайсысы бір сөзді білдірді. Жаңбыр деп жпзу үшін аспанды білдіретін жұлдыз бен суды біріктіре, қосып жазды. Әрбір заттар, өсімдіктер мен жануарларды таңбалар арқылы бейнеледі. Сондықтан таңбалар саны өте көп болып кетті. Сондықтан жазуды қарапайымдау ету жолдары мен тәсілдері іздестірілді. Таңбалармен жаза жүріп, кейбір адамдар ол таңбалардың дыбыстық мәнң бар екенін байқады. Мысалы су таңбасы енді с әріпіне айналды, ал тау таңбасы т әріпін берді. Осылайша әріптер пайда бола бастады. Әріптер жазуды жеңілдетті, әрі тезірек жазуға мүмкіндік берді. Енді оларды жүйеге келтіріп, дыбыстық ерекшеліктеріне қарай реттеді. Сөйтіп, әріптердің алфавиттік жүйесі -әліпби пайда болды.
АЛҒАШҚЫ ЖАЗУ ҚҰРАЛДАРЫ
.
Адамдар алғаш тасқа жазды. Бірақ тастағы жазу жақсы сақталғанымен, оған қашап жазу қиындау еді. Әрі алып жүру де ауырлық ететін. Кейбір саз балшықты аймақтарда балшыққа жазу да болды. Ол үшін балшықтан тақтайша жасап, таяқамен батыра отырып жазатын. Мысқа ойығқырап та жазған. Кең таралған жазу материялы тері болды. Әсіресе, бұзаудың терісін өңдеп, үстіне қалам сияқты қысқа шыбықпен бояуды пайдалана отырып жазды. Кейінірек жазу үшін арнайы қара және көк түсті сия жасау пайда болды. Әр түрлі маталарға кестелеп жазу да болған. Қағазды алғаш ойлап тапқан қытайлықтар еді. Қағаз кейіннен кең таралған негізгі жазу материялына айналды
Жазу тарихына қатысты кеңестік, шетелдік тіл білімінде біраз еңбектер бар, атап айтқанда, В. А Истриннің “ Возникновение и развитие письма ” ( М. , 1965 ) ; “ Развитие письма ” ( М. , 1961 ) ; Д. Дирингердің “ Алфавит ” ( М. , 1963 ) , И. Фридрихтің “ История письма ” ( М. , 1979 ) ; И. Е. Гельбтің “ Опыт изучения письма ( М. , 1982 ) т. б.
Ғалымдар арасында жазу типтері мен түрлері туралы пікір лер әртүрлі : И. Е. Гельб, Л. В. Зиндер суретжазуды жазу емес деп нақтылайды да, семасиография, яғни ойжазуды жазудың алдындағы саты деп көрсетеді . Бұған тарихқа дейінгі Египет пен ертедегі Грецияда жазу мен сурет ұғымдарының бір болуы ( грекше grарhеin “ жазу - сурет салу ” дегенді білдіреді ) , шумер логограммаларына қарағанда египет логограммаларын да бейнелі - символикалық таңбалардың көп болуы, түрлі - түсті бояудың пайдаланылуы да себеп болды . И. Е. Гельб “ жазу ” ұғымына дыбыс жазу ғана сәйкесетінін айтқан . Автордың топтастыруынша, дыбыс жазуға сөз - буын жазулар ( шумер, египет, хэтт, қытай ) , буынжазулар ( финикий, жа - пон ) және дыбыс жазулар ( грек, арамей, латын ) қамтиды.
В. А. Истрин фразограммамен берген пиктографиялық жазуды алғашқы жазу типіне жатқызып, логограмма, морфемограмма, силлабoгрaмма, фонограмма бірліктері кейінгі ұғымжазу, сөзжазу, буынжазу, дыбысжазу түрлеріне сәйкес келеді дейді . Ғалымның бұл пікірі кеңес дәуірінің ЖОО - ға арналған оқулықтар мен бағдарламаларында кеңінен көрініс тапты .
Көптеген ғалымдардың ( Ф. Гоммель, Х. Йенсен, Дж . Болли, И. Гельб ) айтуынша, барлық басқа жазу түрлері шумер жазуы нан бастау алды .
И. А. Бодуэн де Куртенэнің жазу теориясына қатысты еңбектеріне ( Об отношении русского письма к русскому язы ку ” ( 1912 ) , “ Знаки препинания ” ( 1913 ) , “ K теории ” “ слова как такового ” и “ Буквы как таковой ” ( 1914 ) ) көз жүгірте отырып, ғалымның жазуды психологиялық негізге табан тіреп, зерттеу қажеттілігін айтқанын көреміз . Себебі, ғалымның ойынша, жазу мен тіл екі басқа дүние, бір - біріне сәйкеспейтін жүйелер : жазу оптика немесе геометрияның пәні болса, дыбыс жалпы акустиканың пәні . Екі құрылымды осылай байланыссыз алсақ, олардың арасында ешқандай қиысатын сәйкестіктер болмайды . Сонда ауызша тіл мен жазудың байланысы адам психикасында жүзеге асады.
Тек адам санасы арқылы ауызша тіл жазу жүйесіне, жазба тіл ауызша тілге айнала алады . Бодуэн де Куртене жазба тілдің дербестігін алғаш айтқан ғалымның бірі болады . Алайда ғалым жазба тілдің ойлаумен тікелей байланысатынына күмәнмен қарады : “ Айтылатын - естілетін жазылатын оқылатын тіл - ден мүлде дербес күйде пайда болса жазылатын оқылатын тіл алдыңғымен байланыста ғана мағыналы болады деген . Ғалым әріппен дыбысты, жазба тілмен ауызша тілді терминологиясы бойынша қатаң айыруды талап еткен . Тілдік ойлаудың бір түрі мен екіншісін, терминдерін араластырып қолдануға қарсы болды.
Л. В. Щерба ұстазы Б. Куртэненің ізімен тіл білімінің негізгі нысаны жазба тілемес, ауызша тіл болу керек деп, әу бастан жаз ба тілден ауызша тілді айырып алу керектігін ескертті . Өйткені жазу консервативті дүние, ол ауызша тілге икемделмей сол күйі қалып отырады да, екеуінің арасында сәйкессіздік пайда болады . Ол сәйкессіздік грамматика саласында көрінеді . Дұрыс жазуды меңгеру үшін, жазба тілдің грамматикасын білу керек болып шығады деді ғалым . Сондықтан жазба тілдегі морфологиялық формаларды ауызша тіл формалары етіп түсіндірудің қателігін көрсетті . Егер ауызша тілді сол қалпында жазуға түсірсек біз, фонетика, морфология, синтаксис құрылымдарынан қанша қате жібергенімізді көрер едік, сөзінің жазба нұсқасын оқыған адам “ қалай ғана қате жібергенмін ” деп таңғалар еді дейді ғалым.
Сонымен, жазудың ауызша тілден ерекшелігін айқындаған ғалымдардың көш басында Ф. де Соссюр, Б. де Куртене, В. В. Щерба тұрды .
ХХғ . 30-40жж . жазу зерттеу нысанына айнала бастайды . Дыбысжазу туралы ғылым графикалық лингвистика деп аталды . А. А. Волков жалпы жа зуды грамматология зерттейді деді . Грамматология терминін алғаш қолданған Дж. Гельб грамматологияның үш бөлімін көрсетті : субграфемика, графемика, параграфемика . Автор грамматология жазудың барлық типін зерттейтінін айтты . Оның ізімен А. М. Кондратьев грамматология ғылымы жазу тарихын, жазу теориясын, жазу психологиясын, қолтаңбатану, жазу пато логиясын, палеография, эпиграфиканы қарастырады деді .
Жазба тілге байланысты кеңестік тіл білімінде А. А. Волковтың “ Грамматология ” ( 1982 ) және Т. А. Амированың мақалалары мен “ к истории и теории графемики ” ( 1977 ) , Функциональная взаимосвязь письменного и звукового языка ” ( 1985 ) деген еңбектері бар .
Жазудың дербес жүйелілігін айқындаған кеңестік ғалымдар ішінен Т. А. Амированы атай аламыз . Ғалым жазу туралы ғылымды графикалық лингвистика деп атауды жөн санайды, графикалық лингвистиканың табан тірейтін тұғыры жазба тілдің дербестігін, жазу дыбыстық тілдің көшірмесі еместігін мойындау дейді . Ғалым жазудың нысандары ретінде жазу, жазба мәтін, жазба тілді атады . Әліпби - жазба тілді жүзеге асыратын графикалық таңбаның жиынтығы, жазу - жазба сөйлеуді, қарым - қатынасты әліпбиді пайдалана отырып жүзеге асыратын таңба түрі, жазба тіл- жазба қарым - қатынас, ауызша тілдің табан тірейтін жүйесі, жазба сөз ( жазба мәтін ) жазба тілдің жүзеге асырылуы, жазба мәдениет - қағазға түскен мәтіндердің жиынтығы, жазба дәстүр - жазудағы тұрақтылық деді .
Жазу тарихына баратын еңбектерінде О. Сүлейменов те тіл тарихына
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz