Шешендік сөз өнері және логика


Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: Шешендік сөз өнері және логика
Орындаған: Садықова А. Т
Тексерген: Исмурзина Г. Б
Шешендік (оратор) латынның “айту”деген сөзінен шыққан. Шешен болу адамның қабілет-дарынмен бірге, білімділігіне (эрудициясына) қатысты болып келеді. Сонымен бірге шешен болып тумаса да, оны өмірге ізденіс, дайындықтар арқылы қалыптастыруға да болатын белгілі. Шешендікті зерттеушілер өнер ретінде қарастырады. Шешендік өнер дегеніміз - дұрыс сөйлеп, сөзді дұрыс айта білу деген сөз. Яғни, адамның тіл шеберлігі, жақсы, тартымды, дәлелді, сенімді сөз айта білу. Жұрттың назарын аударып, әсер ету, сөзіңе ұйыту т. б.
Шешендік, әсіресе, ертегідегі, яғни антикалық дәуірдегі Грецияда және Римде жақсы дамыған. Әрине шешендік өнер әр халықта болатыны белгілі. Шешендіктің туып, қалыптасуы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдайлармен де байланысты болады. Ертедегі Грецияда қала алаңдарында жиналып, халық әр түрлі мәселелерді талқылайды. Мысалы, Афины қаласында қала жұртшылығы өздерін толғандырған жағдайларды ортаға салып, талқылап отырған. Сондайда жұрт ішінен шыққан шешендер сөз сөйлеп өмірлік жайларды қозғаған. Сөйтіп, шешендер шыққан. Олар өздерініің ерекшелігімен халық арасында құрметке де ие болған. Ондай адамдардан, тіпті мемлекет қайраткерлері шыққан.
Шешендік өнер қай қоғамда болса да халыққа, қалық көпшілікке әсер ететін, оның сапасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, халық алдында баяндама жасап, дәріс оқитын ғылым, жазушы, жалпы әрбір білімді, мәдениетті адам үшін шешендік өнер туралы білімнің тарихымен танысу әсте артық емес.
Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты қарым-қытынасы болатыны даусыз, алайда жүйелі ойлау, шебер сөйлеу сөз өнері ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан көп бұрын шығып қалыптасқан.
Шешендік өнер туралы ғылымды-халықаралық тілде риторика дейді.
Шешендік сөз өнер туралы Платон, Аристотель еңбектерінде біздің эрамызға дейінгі Ү-ІҮ ғасырларға айтылғаны зерттелген.
Ертедегі шешендіктер туралы айтар болсақ. Грецияда Демосфенің шешендігі тарихтан өте белгілі. Ол басында шешендікке онша икемі болмаса да, кейін бұл өнерді меңгеріп, белгілі тұлғаға айналған. Ол өзінің шешендігімен дамытып, көп еңбек еткен, дайындалған, үйренген, қалыптасқан. Тіпті, жер астынан бөлме жасап алып, сонда оңаша дайындалған. Ол сыртқы жауларға қарсы халықты ұйымдастырып, сөз сөйлеп, соғысқа жігерлендіріп отырған. Сондайда бір сыртқы патша оның шешендігін естіп, таңқалып, «ол халықты сөзімен ертетіндей кім, маған оның сөзін жазып алып әкеліп беріңдерші, оқиын» дейді. Сөйтіп, Демосфенің сөздін оқыған патша шынында мына сөзді аузынан естісем, менің өзімде өзіме қарсы соғыс ашқандай болады екенмін” дейді . Ертедегі Грек тарихшысы Плутархтың “Салыстырмалы өмірбаяндар” кітабынан шешендер туралы көп жазған.
Ал Римнен шыққан әйгілі шешен Цицерон болса, біздің эрамызға дейінгі І ғасырда өмір сүріп, тіпті, шешендік туралы еңбектер де жазған. Мәселен оның “Шешен”, “Шешендік туралы”, “Атақты шешендер туралы” деген еңбектері бар.
Осы айтылған шешендер және де басқалар шешендік өнерді барынша меңгерген тұлғалар болған. Шешен болу үшін тапқырлық, өткірлік, сөзшеңдік, анықтық, түсініктілік, ойлылық, мағыналық сияқты сөз айту қасиеттері керек. Көпшілік алдында сөйлеушінің шеберінен айлану қажет.
Шешендік өнер көптеген басқа да салалармен философия, логика, педагогика, тіл, білім, этика мен эстетика сияқты ғылымдармен тығыз байланыысты. Ол-синтетикалық өнер, жан-жақты өнер.
Шешендік сөздер негізінде үш түрлі болады; кеңес сөз, билік сөз, салтанатты сөз.
Шешендік сөздің құрылысы үш бөлімнен тұрады:
кіріспе, баяндау және қорытынды шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және дамуы белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды маңызды сөздерімен белгіленеді.
Шешендік өнер, әдетте, халықтық-демократиялық қоғамдарда ақыл-ойға, сөзге еркіндік бар жерде дамиды.
Шешендік өнердің туып, қалыптасуы қоғамның пайда болуымен байланысты деген пікірді қазақ шешендік өнерінің даму тарихы да дәлелдейді. Тарихи аңыз-әңгімелерге, кейбір жазба деректерге қарағанда қазақтың шешендік өнері алғашқы хандықтарды құрасқан Майқы би, Аяз билермен (ХІІ-ХІІІ ғасырлар) .
Асан қайғы жиренше шешендермен (ХІV-XVІІІ ғасырлар) шешендік өнер өзінің даму дәуіріне жеткен.
Қазақ шешендік өнерін шындап зерттеу әйгілі Қазан төңкерісінен кейін басталады. Рас халықтың шешендік қасиеті, кейбір шешен билері жайында саяхатшылар, шығысты зерттеушілер төңкерістен бұрын да жазған болатын. Бірақ олардың жазғандары жол-жөнекей байқағандары мен пайымдаулары еді.
Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын доп басып айтуға киын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді.
Бізге жеткен деректерге сүйене отырып қазақ шешендерінің атасы-жиренше деп айтуға болады. Аңыздарда жиренше әз Жәнібек хан мен Асан қайғының (ХІV-XV ғ) тұстасы ретінде айтылады. « Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майды би» дейтін сөз бар.
Абай сол Майқыны « Шыңғыс ханның он екі биінің бірі» деп айтады. (А. Құнанбаев, шығармалар жинағы. Алматы 1965ж 315 бет) . Бұл деректерге қарасақ, шешендік сөз тарихы әрі қарай тереңдей түседі.
Майқыби, Аяз би (ХІІ-ХІІІ ғ) жиренше шешен. Асан қайғы (ХІV-XV ғ) есімімен бізге жеткен өсиет, нақыл сөздерде жоқшылықтың, шапқыншылықтың азабын кешкен қазақ халқының бейбіт өмірді, көксеген қиялшыл арманы, тілек талабы бейнеленген.
Қазақ шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезеңі ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша өкіметінің озбырлығына қарсы тұрып өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы аламан күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билермен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандыруға рөлі мен беделі арта түсті. Әлемдік тарихи сахнаға қарасақ, шынайы шешендердің көрінетін орны Сот залдары, Парламент сарайлары, көпшілік және жекелеген адамдар қатысуымен болатын дау-жанжалдар шешілер жер екені белгілі. Жоғарыда аты аталған Демосфен, Цицирон, т. б адвокат әрі Парламент мүшелері болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері -Төле, Қазыбек, Әйтекекер би болыпты. Сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый құрметке не болып отырған.
Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп айтылуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған.
Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай бес топқа бөлінеді.
1. Әлеуметтік -саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, сьезд, сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шамулар жатады.
2. Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.
3. Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі, әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі; айыпкердің қорғану сөзі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz