Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
Ғұмарбек Дауккеев атындағы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы

№3 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісі, оған жаңаша көзқарас
Мамандығы: 5В071800 - Электр энергетикасы
Орындаған: Айдарқызы Арайлым Тобы: ЭЭк - 19 - 18
Тексерген: Берлібаев Б.Т., профессор

____________ ___________
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2019

Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2
Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1) Қозғалыстың себептері, сипаты, барысы, сатылары ... ... ... ... ... 3
2)Көтерілістің қозғаушы күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3)Желтоқсан - 1986 қалай бағаланады? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
Қорытынды; ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс, әкімшіл - әміршіл жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігі мен құлықсыздығы 80 - жылдардың ортасында басталған қоғамға реформа жасау жағдайында 1986 жылдың желтоқсанында әлі буыны бекімеген жас демократияның әміршіл - әкімшіл жүйемен ашық қақтығысын алып келді. Желтоқсанда Алматыда болған оқиғалардың негізінде тұтас тарихи, әлеуметтік - экономикалық және саяси факторлар жатыр. Мұның тарихи тамыры патша үкіметінің отаршылдық саясатында жатыр, большевиктер оны индустрияландыру, ұжымдастыру, тың және тыңайған жерлерді игеру барысында одан әрі жалғастырды. Осылардың салдарынан ұлт демографиялық жағынан үнемі аза берді, жалпы одақтың министрліктер мен ведомстволар ұлттық байлықты тонау саясатын мығым ұстап Қазақстанның мемлекеттік егемендігі аяққа басылды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштері мен тарихи маңызын білдіру;
80 - жылдардағы Пленумдар мен конференциялардың мән - мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп - шіріп бара жатқан принциптерімен таныстыру;
Ұлттық байланыстың тоналуы; қазақ халқының экономикалық мүддесінің құлдырау себебін алу.

Қозғалыстың себептері, сипаты, барысы, сатылары
1986 жылы 11 желтоқсандағы Саяси Бюроның мәжілісінде Қазақ Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатысы Д.А.Қонаевты қызметтен босату тураы шешім қабылданды. 16 желтоқсанда Қазақ Компартия ОК V пленумында Саяси Бюроның шешімі жарияланып, Д.А.Қонаев қызметінен босатылды. Оның орнына Грузия Компартия ОК 2-ші хатшысы болған Ульянов облысында жұмыс істеп үлгерген Г.В.Колбин тағайындалды. Пленум бар болғаны 18 минут жалғасты. Бұған дейін қоғамда бірнеше заңсыздықтар, әділетсіздіктер орын алып, ана тіліміз аянышты халге душар болып, қазақ елі елдігінен айырыа бастаған еді. Осындай жағдайда жергілікті халықтың салт - дәстүрін, тілін білмейтін, әлдекімнің Қазақстанды билеуге келуі намыс оты лулаған қазақ жастарын көтеріліске итермеледі. Көтеріліске негізгі себеп - езгіден мезі болған көңіл еді. Ал басшылардың ауысуы жй ғана сылтау, жараны ушықтырған оқиға болды.
Желтоқсан қозғалысы қаһарлы да қасіретті үш күн кезінде бірнеше сатыдан өтті.
Бірінші саты - желтоқсанның 16-нан 17-іне қараған түні. Қазақ ССР Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің деректері бойынша, сол түні қаланың алты оқу орндарының және Киров заводының сегіз жатақханасында, Театр көркем өнер институтының он екі студенті арандатуға бағытталған іріткі салу жұмысын жүргізді. Олар жастарды шеру жасауға көндірді, арандатуға бағытталған ұрандар мен плакаттар даярлап, көшеге алып шықты.
Желтоқсанның 16-нан 17-іне қараған түні толқу Ақмоладағысияқты студент, жұмысшы жастардың жатақханаларында басталды. Ақмоладағы (Целиноград оқиғасы) түнде жазылған транспоранттар мен сол түнгі транспоранттар үндес, тіпті кейбірі сол күйінде қайтаанады. Сол түнгі процестің басталу, өрбу динамикасын қалпына келтіру Желтоқсан тарихының ең бір қиын сәті еді.
Желтоқсан қозғалысының сол бір түні жастар үшін толқу, тербеліс үміт кезеңі болатын.
Көтерілістің екінші сатысы - желтоқсанның 17-сі сағат 7-8-ден 18 сағатқа дейінгі кезең, бұл 200 - 300 адамдық шағын митингілерден мыңдаған адам қатынасқан митингілер, наразылық демонстрациясы шеруі демонстранттармен комсомол, партия басшыларының, оқу орындарының ректорлары мен декандарының, билік - әмірші күштердің өкілдерімен диалог болған кезең. Бұл әміршіл - командалық жүйе мен жас демократияның бетпе - бет жүздесу сәті, арбасу кезеңі, Кеңестік Қазақстан жасасын, Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған, Ленин идеясы жасасын, Каждому народу - своего вождя, Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін - деген жастар алып шыққан түбегейлі көкейкесті ұрандар былай алып қарағанда марксизм - ленинизмнің қағидаларынан тұрған еі. Ол шындығында арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған-ды. Міне, мұндай демократиялық қойылған айқын ұрандар астына реформатор жастар топтасты, олардың қатары 200 - 300 адамнан он мыңға өсті. Ал америкалық Хельсинки тобының деректері бойынша наразылық жасаушылар қатары 30 мыңға жетті. Ал Жоғарғы Кеңес Президиумы Комиссиясы қозғалысқа қатысқан адамдардың айтуымен, алаңдағы адам кешкі сағат алтыда он бес мыңға дейін жетті деп шамалайды. Көтерілістің екінші сатысында болған оқиғаларда зерттеушілер әр түрлі көзқарас білдіреді. Осы бір жүйемен көтерілістер бетпе - бет келгенде тепе - тең диалог болмау себебін жастарға артушылық жиі кездеседі. Шындығында, билеуші топ алаңға шығушылармен, біріншіден, өздерін тең санаған жоқ. Жастарды салған жерден экстремистер деп қарады. Екіншіден, диалогқа бетпе - бет кездескен екі жақ екі тілде сөйледі. Бірі билеуші жақ, тек жастарды алаңнан таратып, тәртіпсіздікті тез жоюды көздеді. Ал көтерілісшілер талап етті. Ендеше, мұндайда диалог болуы мүмкін емес еді. Комиссияның төрағасы Мұхтар Шаханов өзінің бір сұхбатында осы бір ситуация туралы былай деп әділ түйіндейді:
Тарихта тіпті үлкен соғыс өрті тұтанғалы тұрған сәтте екі жақтың ақылды, өрелі азаматтары жүйелі сөзге тоқтасып, тарқасқан мысалдар аз емес. Алысқа бармай - ақ өзіміздің дана билер, көнекөз қарттардың басуымен талай дау бейбіт жолмен шешіліп келгенін еске алсақ та жеткілікті. Сондықтан Желтоқсан оқиғасын да ушықтырмай шешуге болар еді.
Рас, жастардың алаңға жиналу мақсатын білмей жатып милиция, әскер күштерін асығыс шақырғанымен, республика басшылары демонстраттармен диалог жасауға тырысып көрді. Бірақ, ол ешқандай нәтиже берген жоқ. Неге? Себебі, мінберге шыққандар қазақша сөйлегенімен, екі жақ екі тілде әңгімелескендей болды, бірін - бірі түсіне алмады. Шығып сөйлеген басшылар былайша жиналудың ақылға сыймайтындығын және заңсыз екендігін қайта - қайта айтып, тарқауды талап етті. Демонстраттардың өкілдеріне жағдайды Орталық Комитетте, болмаса басқа тыныш ортада түсіндіруді ешкім де қажет деп таппады. Орталық Комитеттің Пленумының шешімін талдау ішкі партиялық іс деп саналып, демонстраттардың саяси шешімді түсіндіруді талап теуі мүмкін және халықтың атынан сөйлеу құқығы мойындалмады. Ондаған жылдар бойы әміршіл - әкімшіл басқару жүйесіне еті үйреніп қалған ескі аппарат қайта құрудың ұшқындары алдмен жеткен жастардың саяси талап - тілегін түсінгісі келмеді. Сол кездің өзінде жастардың жаңаша ойлауы, азаматтық санасы үлкендерден көш ілгері озып, республика басшылығына оның экономикасы, мәдениеті және тарихынан хаб
арсыз адамды отырғызуға болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бірақ, ол кезде күш тең емес еді.
Милицияның сойылы мен солдаттардың сапер күрегі, партапараттарының шылауына тырп ете алмаған заң органдарының күшімен демонстраттар тек саяси жеңіліс тауып қана қоймай, соңынан әр түрлі жазаға тартылып, заңсыз қуғындуға түсті.
Үшіншіден, бейбіт пиғылдағы жастардың шеруіне бұзақылық сипаты бірден танылды. Балалар бақшасын қиратты, орыстарды ұры деген өсектер жоспарға провакациялық әдістермен танылды. Сөйтіп, жүйе бірден күш қолдануға сынақтан сылтау іздеді. Төртіншіден, жастар арасына тіс қаққан қулар жіберілді, міне солар қызба жастарды провакация жасауға термеледі. Тас күйін ұйымшылдықты көрсеткен шерушілер алаңға келіп шашырағанда көтеріліс лидерлері шашыраңқы қимылдарға ықпал жасай алмай қалды.
Желтоқсан қозғалысының ІІІ сатысы бұл баррикаданың екі жағындағы күштердің арбасудан алысуға, теке тіреспен сүзісуге, жұлысуға ұласауы, қоғалыстың бунт - стихиялық көтеріліске аналу сәті, жүйенің қарулы жазалаушы отрядының күш жұмсап, наразы топты еріксіз қорғаныс жасауға, күшке күшті қарсы қою кезеңі. Бұл 17 желтоқсанның 18 сағатынан 18 желтоқсан күні болған Зитурм, 20-дан астам теке тірес кезінде қарулы күштің саперлық шағын күректерімен, темір шыбықтарымен алаңдағы бейбіт халықты дүрелеуі, жастардң ғайбат шегуі, көше тастарын, қабырғаға жапсырылған мрамор плиталарымен, таяқпен қорғаныс жасауынан тұрды. Жүйе жазалау армиясын жасақтады. Осы уақытқа дейін оларды усмиритель, жусатушылар - деп қара келінді. Шындығында олар жазаушылар, карательдер еді. Жазалаушылардың қатары американдық Хельсинки тобының шамалауынша 50 мың әскерден, 20 мың милиционерден құралған. Р.Бейісқұлов алаңда 50 мың әскери адамдар, 20 мың милиционерден, 16 мың жасақшылар болды деп көрсетеді. Ал, М.Шаханов бастаған Комиссия 5700 әскері бар Алматы горнизны, КСРО Ішкі істер министрлігінің арнайы әскері - 5449 әб, Қаракемерден 6654 ә\б, Фрунзеден әкелінген 5450 әб, Ташкенттен 3408, 5452, Челябіден 5426 әб, Новосібірден 5427 әб, Уфадан 5424 әб, Сверовскіден, Тбилисиден келген 2169 адам, жұмысшылар жасағы 10 мыңнан 15 мыңға дейін баршасы бірнеше жайлар бар. Алаң үш шеңберлі құрсаумен қоршалғаны даусыз. Жасақшылар екінші шеңбер 16 мыңнан 20 мыңға дейін. Ал Алматы гарнизоны 5700 әскер болса, сырттан әкелінген саны он мыңға жуықтауы керек. Алматы әуе жайында істеген азаматтың айтуынша, 17 желтоқсан күні астанаға 80-нен астам ұшақ келіп қоныпты. Орта есептен транспорт ұшақтары 70-80 адам алатын көрінеді. Індеше, Комиссия деректері сырттан келген жазалаушы экспедициясының санын 2 - 2,5 есе кемітіп отыр.
Жазалаушы армияның бір қанаты жасақшылар. Мәскеудің жіберген көк тұқыл губернаторы Г.Колбин орыс жұмысшыларының қолына үш істік берді, аңға шығатын үш айыр темірлермен, кабельдермен қаруланды. Кейін осы бір қарулар суретке түсіріліп, демонстраттардың қаруы ретінде елге көрсетілді, тергеу жұмыстарында нақты айғақ ретінде пайдаланылды 23 желтоқсанда Қазақстан Коспартиясы ОК Бюросында М.Солменцев: ...Ұшы өткірленген бұндай темір кескінділерінің бір ұшына қолдан түспес үшін ілгек жасалынған. Онымен адамды бір - ақ ұрып өлтіруге болады. Барып тұрған жауыздық қой. Оларды жасау үшін уақыт керек, - деп тексеріс жасаған органдарындаөздері жасаған қылмысты жастарға аударудың амалын көрсетті. Екі жүзді қанішер екендігін Соломенцев осылай тағы да танытты
Адам аулауға шыққан қаражүздіктері Г.Колбин ұялмай жасақшылар отряды деп атады. Сөйтіп ол көтеріліске қатысқан қазақтарға орыс жұмысшыларын қарсы қоюы ұлтшылдыққа ең барып тұрған шыңы еді. Бұл 1905 - 1907 ж. патша охраникасы құрған қаражүздіктер сияқты принциппен құрылуы Г.Колбиннің охраника тәжірибесін жақсы білетінін көрсетсе керек. Ал қаражүздіктер болса еврей қырғынын, армян түркі халықтары арасындағы қақтығыстарды қолдан арандат арқылы ұйымдастырғаны, ұлтаралық өшпенділікті қолдан жасағаны белгілі. Қазақстан тарихында орыс - казактардың қолына қару беріп, 1916 жылы азаттық соғысына шыққан халықты патша өкіметі қан - жоса қылғаны бар емес пе? Онда казак - орыс жасақшыларына Жетісудың губернаторы, Түкістанның генерал - губернаторы батасын беріп, христиандардың мұсылмандарға өарсы соғысы жарияланды. Сөйтіп ол тек қана ұлтшылдықтың ғана емес, діни соғыс ейбір сипатын көрсеткен еді.
Жазалаушылар қатарындағы 7 пайыз ал Ішкі Істер әскерінің милиционерлерінің саналы тобы іштей күреске бел байлаған жастардың жағында болды. Кейбір жерлерде ұлттық принципінен бөлінген жазалаушылар арасында қақтығыстар болды. Автобусқа мінгізіп алып бара жатқан жастарды қазақ милиционерлері қалтарыста шығарып жібе.ргені туралы деректерді жиі естуге болады. Елеріп қызған жастардың кейбір тобы жатақханаларға, аудиторияларға баса - көктеп кіріп, күшпен жастарды көшеге шығарды. Бұл жағдай билеуші топтың қолына желеу болды, олар зорлық - зомбылықты, ұрып - соғуды үстемелеп жасауға әкелді. Жазалаушылар көшеде бейсауыт келе жатқан қазақтарды ұстады, аулаларда ойнап жүрген жсөспірімдерді келе жатқан машиналарға тиеп, дүре соғатын, жазалайтын, не айыптайтын пункттерге тасыды. Ұлттық белгімен адамдарды аулау етек алғанын Қазақ КСР Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағас генерал В.М.Мирошник кейіннен мойынады.
Қалай болғанда да жүйе, оны КОКП-ның саяси Бюросының мүшесі М.С.Соломонцев бастаған, М.Горбачев қостаған басқарушы обы бейбіт демонстрация мен манифестициясына қууға, алаңдды тазалауға емес, қанды шайқасқа, қан төгіске даярлағаны күмән тудырмайды.
Жазалаушылар Метель 1986 атты әскери операцияға даярланды, ол жаумен емес, өз халқын жау еткен ол өз халқына қасқыр болып шапты.
Комиссияның шешімінде осы бір басы ашық, анық істі в 18.00 по приказу Князева Г.Н. солдаты в касках со щипами и дубинками начали разгон демонстрации, в течение вечера прошло около 20 волн оттеснения-вытеснения, в 23.40 - 24.00 проведено операция по разгону демонстрантов с применением малых саперных лопаток, дубинок, служеных собак - делінген. Шынында да, оттеснения - вытеснения, разгон деген ұғымға жазалаушылар қанай мән бергенін айту керек емес пе еді. 23.00-0.45 жастарды алаңнан шығаруға байланысты операция. Күректер мен тоқпақтар, иттер қолдана бастады. Қуу, таратудан соң, қар үстінде азаматтық киімдердегі 150 - ден аса аам қалды - дейді Комиссия өзінің қорытындысында. Ал егер 150 адам алаңда жаралы болып, мертігіп, қансырап жатса қалай ол жастарды тарату операциясы болады? Сөз жоқ, бұл қанды қырғын жастарды апатқа ұшырату операциясы еді. Бұл коммунизм, социализмнің қасиетті идеяларын жамылып, тағылық көрсеткен озбыр, жендет империяның әккі ісі еді.
Комиссия сол қаһарлы екі түннің хроникасын былай қалпына келтіреді. Жастардың алғашқы топтары 17 желтоқсан күні таңертең сағат 7 - 8-дерде ұзын саны 200 - 300 шамалы адам ОК пленумының шешіміне қарсылықтарын білдіретін ұрандармен Қазақстан Компартиясы ОК үйі алдындағы алаңға жиналды.
Қазақстан Орталық партия комитетінің келісімі бойынша алаңды тәртіп сақшыларының және ішкі әскерлердің күшімен қоршап ұстауға шешім қабылданды.
10 сағат 30 минутта Алматы гарнизоны бойынша №1 жауынгерлік әзірлік жарияланды. Теміржол вокзалдары мен аэропорт жабылды. Шеруге шығушылардың араларына барып, түсінік жұмысын жүргізу қажет деп табылды.
Демонстрация бейбіт саяси қарсылық тұрғысында болатын. Жұртшылық Г.В.Колбиннің сайлауына риза еместіктерін білдірді, өз алдарына Д.А.Қонаевты шығаруды талап етті, өмірдің ауыр әлеумттік жағдайларын, тұрғын үй алудың, жұмысқа тұрудың қиындықтарын, ана тілінің қолданылу ауқымының тарылып бара жатқандығын айтып, реніштерін білдірді. Адамдар қолдарына Лениннің портретін ұстап, халық әндерін айтып қарусыз жүрді. Басқа халықтарға қарсылық байқалмады, мемлекеттік құрылысқа нұқсан әрекеттер болған жоқ.
13 сағат 30 минутта демонстраттар шеруі жол бойындағы автомобильдерден қойылған бөгеттерден өтіп, алаңға қайта оралды. Олардың саны 1400 - ден 5000 адамға дейін жеткен еді. Ол кезде алаңға қала көшелеріндегі шерулерге қатыспаған, демонстраттарды қызықтаушы жүргінші жастар жиналып қалған. Бейбітшілік көшесін бойлай ҚазМУ қалашығы жақтан үлкен жастар колоннасы шықты...
Алаңды қоршап алып, ешкімді шығармай, ешкімді кіргізбей ұстауға бұйрық берілді. Алаңға бет алған демонстраттардың жаңа топтары қоршауды бұзып кіріп, қақтығысулар басталды. Қоршаудың ішіндегілер сырттан келгендердің бұзып кіруіне көмектесіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы. Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)
Тарих ғылымының принциптері
Қазақстан тарихы пәні
Тіл мәдениетінің сипаты
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Ортағасырлық Қазақстан тарихыдүниежүзі тарихының контексінде
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Тарихты оқыту әдістемесі
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Пәндер