Оқу (топографиялық, физика-географиялық) практикасы бойынша есеп



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
2020
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылы
Марганбаева Сабохат Аскаровна
ГТ-21 тобы
17.06.2020
2020
Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылы
Марганбаева Сабохат Аскаровна
ГТ-21 тобы
17.06.2020
Оқу (топографиялық, физика-географиялық) практикасы бойынша есеп
Оқу (топографиялық, физика-географиялық) практикасы бойынша есеп
Мазмұны
Физикалық-географиялық сипаттама 2-4 бет
Топографиялық зерттеулер 5-9 бет
Геология және геоморфологиялық зерттеулер 10-15 бет
Топырақты зерттеу 15-17 бет
Гидрологиялық зерттеулер мен есептеулер 18-19 бет
Жер асты суларын қорғау шаралары 19-20 бет
Метеорологиялық бақылау күнделігі 21-23 бет
1-күн.Физикалық-географиялық сипаттама
Түркістан облысы, географиялық орны. Ескі Иқан ауылы Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км, Арыс-Түркістан каналының оң жағалауындағы эфемерлі жусаны басым, баялыш, күйреуік өскен сұр қоңыр және шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. 43°11′15″ с. е. 68°31′11″ ш. б. Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

Геологиялық құрылымы
Мезозой жыныстары біршама сирек кездеседі. Бұлар Қаратау жотасында көп тараған. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген.
Жер бедері
Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м).Ал Ескі Иқан ауыл округі Түркімтан қаласына жапсарлас орналасқандықтан жазықты, тегіс болып келеді. Қаратаудың етегінде.
Климаты Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
Табиғи сулары
Сырдария
Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Түркістан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс - Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол. Топырақ жамылғысы
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған.
Өсімдік әлемі
Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі.
Жануарлар дүниесі
Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

Табиғи аумақтық кешендер- осы картаға сәйкес көріп тұрғаныңыздай, Түркістан облысында көбінесе қорғалатын орындар өте көп. Яғни бұларға ботаникалық, зоологиялық, кешенді қаумалдар жатады.

Жыңғыл
2-күн. Топографиялық зерттеулер
Планды сызу барысына талдау
Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру үшін бірнеше әдіс-тәсілдер бар. Жер бетінің планы ұшақтан түсірілген фотосуретке спутник арқылы да өлшемдерін алып жасалды. Осымен қатар шағын жердің планын тікелей жер бетінде өлшеулер арқылы да жасауға болады. Мен түсіретін план шағын аумақты қамтығандықтан айналып шығу әдісін қолдандым. Бұл әдіс қалай, яғни Айнала жүру жолы ретінде көдімгі жол, өзен бойы, сайдың табаны, тоғайдың шеті және т.б. таңдап алынады. Бұл жағдайда жер бетін планға түсірудің басқа әдістері аралас қолданылды.
Жұмыс мына ретпен аткарылды.
Әр нүктеде планшет компас бойынша және жер бетіндегі заттарға сәйкестендіріліп бағдарланды.
Төңіректегі заттар планға түсірілгеннен кейін келесі нүкте нысанаға алынып, сол бағытта сызық сызылды.
Бір нүктеден екінші нүктеге дейін қашықтык өлшеніп, алынған масштабқа сәйкес белгіленді.
План масштабы 1:500 (1 см-де 5 метр), Жергілікті жердегі колледж қабырғасының ені 92 метр болса демек масштабқа сәйкес планда бұл 18,4 см болады.Есептеулер арқылы рулеткамен алған өлшемдерді масштабпен қағаз бетіне түсірдім.
Жоғарыда айтып кеткендей спутник арқылы жергілікті жердің планын түсіруге болады, кейбір мәліметтерді, нақты өлшемдерді спутник (Народная карта- редактор) арқылы алдым.

200 метр
200 метр
С

Аэрофотосүрет
Дала жұмыстары аяқталғаннан кейін түсірілген план үйде өңдеуден өткізілді. Қойылған нүктелер, олардың аралықтарындағы және қосымша нысаналау сызықтары өшірілді. Жер бетіндегі заттардың шартты белгілерін, қажетті түсінік жазулары план легендасына жазылады.
План тақырыбы: КББК нің жергілікті жердегі планы
Масштабы: 1: 500 (1 см-де 5 метр)
Дайын болған план сүреті 8-бетте.

3-күн. Геология және геоморфологиялық зерттеулер
1. Түркістан облысы, географиялық орны. Ескі Иқан ауылы Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км, Арыс-Түркістан каналының оң жағалауындағы эфемерлі жусаны басым, баялыш, күйреуік өскен сұр қоңыр және шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. 43°11′15″ с. е. 68°31′11″ ш. б. Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
2. Зерттеліп жатқан аумақ (Түркістан обл. Ескі Иқан ауылы) Қазақстанның физикалық географиялық аудандарынан Тұран ойпатында жатыр.
Тұран ойпаты
Шамамен Тұран ойпатының шығысымен Тянь - Шань тауының батыс бөлігінде орналасқан.Аумақтың үлкен бөлігі жазық дала, Қызылқұмның дөңес тізбекті топырағы, Шардара шөл даласы (оңтүстік батыс, Сырдарияның сол жағалауы), және Мойынқұм (солтүстікте, Шудың сол жағалауы) алып жатыр. Солтүстік бөлігінде Бетпақ - Дала шөлі, оңтүстік шетінде - Мырзашөл.Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы (қ.Бессаз - 2176 м.), оңтүстік - шығысын - Алатау Таласскасының батысының шеті ғана,Қаржантау жоталары (биіктігі - 2824м дейін ) және Угам (ең биік нүктесі - Сайрам шыңы - 4238м ) иемденіп жатыр.
Құнарлы жері, күн сәулесі тұрақты түсетін кең - байтақ өлкенің осы өңірі әр түрлі ауыл - шаруашылық бағытын, біріншіден - жер шаруашылығын және мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы аймақ. Егін, мақта, күріш және жүзім бақшалары жоғары дәрежеде мол өнім береді.
3. Түркістан шегінде микрорельефтің оң және теріс нысандары. Облыс табиғаты ерекшеліктерінің бірі - оның жер бедерінің тегіс, шола жазықтығы. Жерінің беткейлік сипаты солтүстік -шығысыңан оңтүстік-батысқа қарай биіктей түседі және өзіндік ерекшеліктері жағынан бес ірі геоморфологиялық аймаққа: Қаратау таулары, Сырдария өзені сілемдері, Тұран ойпаты, Мойынқұм жазығы, Үлкен және Кіші борсық құм.
4. Рельефі біртекіс емес шығысқа қарай биңк таулар, солтүстікте биік Қаратау жотасы, сол-батысында Тұран ойпаты, батыс жіне оңтүстік батысында төмендей бастайды.
Шардара шөл даласы (оңтүстік батыс, Сырдарияның сол жағалауы), және Мойынқұм (солтүстікте, Шудың сол жағалауы) алып жатыр. Солтүстік бөлігінде Бетпақ - Дала шөлі, оңтүстік шетінде - Мырзашөл.Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы (қ.Бессаз - 2176 м.), оңтүстік - шығысын - Алатау Таласскасының батысының шеті ғана,Қаржантау жоталары (биіктігі - 2824м дейін ) және Угам (ең биік нүктесі - Сайрам шыңы - 4238м ) иемденіп жатыр.
Аумақтың солтүстік және батыс бөлігі - кең байтақ жазық ұлан дала, оңтүстік - шығысы Талас, Алатау, Ұғам, Қаржантау таулы жоталарымен көтерілген. (биік нүктесі - Сайрам шыңы, 4338м).
Экзогенді геологиялық процесстер
Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 -- 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 -- 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аумағы 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 -- 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 -- 5 млн. га жерге соңғы 10 -- 12 жылда егiс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттің практикаға тапсырмасы
Фронтальды зертханалық жұмыстардың жіктелуі
ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ
Картографиялық өнімдердің географиялық сипаттамалары
Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастру
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Кеңістіктегі ГАЖ және карта
Географиялық карта
Геодезия картография
Геодезия (сұрақ-жауап)
Пәндер