Ағаштар мен бұталардың діңінің сәндік қасиеттері


1 дәріс
Ағаштар мен бұталардың діңінің сәндік қасиеттері.
Діңнің пішіні.
Ағаш діңі мен бұтақтарының пішіні, қабығының бедері мен түсі ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлағанда ескеретін сәндік қасиеттерге өте бай. Саябақтарға ағаш отырғызуда ағаштар мен бұталардың діңінің пішіні мен бұтақтардың қабығының бедері мен түсі топтап еккенде де жақсы көрінеді. Бірақ ол сәндік қасиеттері аллеялар мен жол жағалауына отырғызылған солитерлерге ерекше көрініс береді.
Ағаш діңінің сәндік қасиетін бөліп оқып үйренейік .
Діңнің пішіні. Ағаштардың діңі түбінен бұтақты басына дейін, ал селдір бұтақтыларында ұшар басына дейін көрініп тұрады. Алдымен көзге діңнің бұтақтары мен кепкен бұтақшалардан таза жері көзге түседі. Бірақ діңге қойылатын талаптар көк өскінінің тұқымына байланысты болады.
Аллеялар мен көше бойына бұтақтары мен бұтақшалары аз ұзын діңді ағаштар таңдалса, топтастырып егуге не жеке дара отырғызу үшін бұтақтары діңнің түбінен басталатындары таңдалады.
Ағаштардың бұтақтары мен бұтақшалардан діңінің тазартылуы белгілі мөлшерде олардың биалогиялық ерекшеліктеріне тәуелді болғандықтан табиғи жағдайдағы өсіп-өнуі ерекше маңызды. Ол қолдан өсірілетін көшеттер үшін питомниктерде немесе отырғызылған орнында олардың пішіні мен діңін, бойын қалыптастыру маңызды. Қалың отырғызылған ағаш түрлерінің барлығы жоғарыдан түскен күн сәулесінің аздығынан діңдері биік болып бұтақшалар мен бұтақтарынан тез арылады. Ол жарық сүйгіш ағаш түрлерінде діңнің тазаруы өте тез жүреді.
Арақашықтықтары алшақ жеке өскен ағаштарды бүйірінен түскен жарық оларда төмен орналасқан бұтақтардың өсуіне жағдай жасайды; сондай-ақ олардың күшті механикалық соққыларға, күшті жел екпініне төтеп беруіне жағдай жасайды.
Жел үрлеп тұрған ашық жердегі ағаштың діңінің тығыз егілгендер діңіне қарағанда таза жаңа болуы да желдің әсері.
Дара өсіп тұрған ағаштардың діңі түп жағында жуан да, ал ұшар басында жіңішке. Мұндай діңдерді: түбінде жуан бас жағында жіңішке болса оны орманшылар "өскелең жаңашылдар" деп атайды. Осы ағаш түрінің тығыз шоғырланып орналасып өскендерінің діңі целинд пішінді болады. Оларды толыққанды ағаш шикізаты деп атайды.
Ағаштардың діңінің түзу де целиндр пішінді болып қалыптасуы оларға сыртқы ортаның әсерінен ғана емес олардың тұқым ерекшеліктеріне көбірек байланысты.
Мысалыға, шырша, майқарағай, шамшат, көктерек, шетен діңдері дұрыс пішінді целиндрге жақын болады. Осындай діңді ағаштарға: айлант, альбиция, леккором қарағаны, ақ қараған, шегіршін, емен, сүйір жапырақты үйеңкі, үйеңкі, жөке, лавр, балқарағай, гималай мелиясы, ірі гүлді магнолия, жаңғақтар, шынар, шетен, тұт, алма, стеркулия, жапон сафорасы жатады.
Жеке өскенді қалайтын қотыр қайың мен қызыл қайың (граб) қисық діңімен қатар діңдері қырлы болып келеді. Сондықтан көлденең кеспеде қызыл қайың, шамшат, көк терек, шетен, шырша, майқарағай және қарағайды кескенде көрінетін дұрыс шеңбер орнына қисайған және иректелген сызықтар береді.
Өз табиғи түрде қалыптастыра алатын ағаш түрлерінің өзінде питомниктерде дұрыс күтіп-баптау арқылы ғана жауапты орындарда, көше бойлары мен парк аллеяларында өсіру ережелеріне жауап беретіндей етіп өсіруге қол жеткізуге болады.
Діңнің және бұтақтардың қабығының түсі мен бедері.
Дің құрылысы және оның атқаратын қызметі
Ағаш өсімдіктерінің маңызды мүшесі - дің. Ол бұтақтар мен жапырақтарды көтеріп тұрады. Ол өсімдіктің негізгі қоректену мүшесін, яғни тамыр және жапырақты бір - бірімен байланыстырып тұрады.
Жас сабақтар бүршіктер мен жапырақты ұстап тұрады, оны өркен деп атайды. Өркеннің ұшында әрқашанда бүршік болады, ал жапырақтың арасында жанама бүршіктер орналасып, олар жанама бұтақтарды құрайды. Жанама бүршіктердің бір бөлігі әдеттегі жағдайда ұзақ мерзімге дейін дамымай тұрады, олар ұйқыдағы бүршіктер деп аталады. Олар өздеріне қолайлы жағдай туындаған кезде, мысалы алқаағаштарды қатты сиреткенде немесе ағаштардың ұшын кесіп тастағанда, т. б. жағдайларда дами бастайды.
Бірқатар қылқанды ағаштарда, мысалы, қарағайда, ағаштың ұшындағы және жанама бүршіктері жылдық өркеннің аяғында шоғырланып орналасады. Ағаш тұқымдастарының көпшілігі тік сабақты болып келеді. Қолайсыз ауа-райы жағдайында ағаштар мен бұталардың сабақтары жайылып кетеді, әсіресе ол биік таулы аудандарда байқалады.
Ағаш діңінің құрылысы аса күрделі. Ағашты көлденеңінен кескен кезде қабық пен сүректі бірден ажыратуға болады. Сүрек - анық көрінген қабаттан тұрады, оны жылдық сақина деп атайды. Кейбір ағаштарда сыртқы жылдық сақиналары ашық түсті болып, ішіне қарай, жүрекшесіне жақын қоюлау түске ене бастайды. Ағаш сүрегінің ашық түсті бөлігін шел қабық деп атайды, ал қою түсті бөлігін ядро деп атайды.
Діңнің орталық бөлігі жүрекше деп аталады. Оның жасушаларында нәрлі заттар (дубильді, бояғыш, крахмал, т. б. ) болады.

Қабық пен сүрек арасын тірі жасушалы жұқа қабат бөледі, оны камбий деп атайды. Ол бұтақтың, діңнің және тамырдың өне бойында кездеседі. Камбий жансызданғанда, ағаш та өледі.
Дің мен бұтақтардың әсемдік қасиеттерін әсіресе күз уақтысында, қыста және ерте көктемде яғни ағаштың жапырақсыз кезінде толық байқауға болады.
Ағаштың әсемдігін діңнің пішініне, қабықтың бояуына, бұтақтардан қалай тазартылғанына қарап анықтауға болады.
Ағаштардың қабығы жайлы
Өзімізге белгілі болғандай, ағаш өсімдіктерінің діңі мен тамырының сыртқы бөлігі қабықпен көмкерілген. Алғашқы және екінші қабық ең жас өркендердің эпидермисінде, яғни қабығының астында пайда болады. Ол паренхимадан және механикалық талшық - склеренхима мен колленхимадан тұрады. Алғашқы қабықтың ең ішкі қабатын эндодерма деп атайды. Жас өркендердің алғашқы қабығында болатын паренхимада хлорофилл түзіледі, жапырақтың жасыл болатыны сондықтан.
Екінші қабық деп перидерманы атайды. Эпидермистен, өркеннің жасы ұлғайған сайын жасуша қабаты пайда болады, оны фелоген немесе тығынды камбий деп атайды. Фелогеннің іс - әрекеті үдерісінде екінші қабық (перидерма) түзіледі де, эпидермис жансызданады.
Қабық өсімдіктерді артық буланудан, температураның ауытқуынан және басқа да сыртқы қолайсыз факторлардан қорғайды. Көптеген ағаштардың қабығының техникалық маңызы бар екендігі бәрімізге мәлім. Мысалы: емен мен талдың қабығынан бояғыш заттар, амур барқытынан - тығын, жөкеден - ысқыш, қайыңнан - қара май алынады.
Жас өскін кезінде барлық ағаштардың діңі тегіс, жылтыр болады. Өсу барысында діңнің жуандауынан қабығы қалыңдап жарықтар пайда болып пластинкаларға айналып ажырайды. Кейбір ағаш түрлерінің қабығы тығын сиақты өсіктерге айналады (амур бархыта, шегіршін, емен) . Ағаштың аз ғана түрлері қартайғанша тегісң жарылмаған қабығын сақтайды. Көпшілік түрі орта жаста-ақ діңінің қабығыкөп жарықтанып тұрады. Ол бас жағындағы майда бұтақтарының қабығы жұқа да тегіс қабықшамен жабылған болады. Ағаштардың әр түрінің қабығы өзіне тән суреттер сала жарылады. Ағаштың кей түрлерінің бұтақтарының, кейде діңінің қабықтарының пішіні мен бедеріне инелер, түйірлер бітіп, олардың сүрегіне ерекше көрініс береді. Олар бір жағдайда (шарбақтарға) қажеттілік тудырса, енді бір жағдайларда (бала-бақшаларда өсіргенде) зиян болады. Әртүрлі ағаштардың қабығының түсі жарықшақ суреттерінің пішінімен бірге олардың қай тұқым-түрге жататынын айыруға көмектеседі. Кейбір ағаш түрлерінің діңі мен бұтақтарының түсі жапырақтары түскеннен кейін, күз-қыс мезгілінде оларға ерекше әсем рең береді. Мысалы ақ қызыл-күрең, талдың қара-қошқыл түсі алыстанерекшеленеді; вавилон, жылауық талдың бұтақтары алтын жалатқандай, көк талдың өскіні көгілдір, шаған жапырақты үйеңкі сұрғылт, сондай-ақ киыр шығыстың моак мойылының діңі мен бұтақтарының қабығы ашық-сары қола жалатқандай түсті болады.
Кәдімгі қайың мен үлпілдек қайыңның ақ қабығының әсемдігі оларға жапырақтарымен тұрғанда да, жапырақтары түскеннен кейін де ерекше сұлулық беретіні баршаға мәлім.
Күн сәулесі түскенде (әсіресе батар кезде) балқарағай мен итальян қарағайының діңі мен басында бұтақтарының сары, қызғылт рең беретін түсі ерекше әсерлі. Күн сәулесіне шағылысқан қарағайлар бейнесін табиғат суретін салушы қыл қалам шеберлері салып қалдырған (И. И. Шишкин) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz