Мақта дақылының аурулары


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
АГРОНОМИЯ КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мақта өсімдігінің аурулары мен зиянкестері және олармен күресу шаралары
Орындаған: Абдикадирова Л
Тобы: АГ-401
Тексерген: Досжанова А
Алматы 2022 жыл
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Мақта дақылының зиянкетері
- Мақта дақылының аурулары
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Кіріспе
Талшықты өсімдіктер тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Ең көп тараған талшықты дақылдарға мақта, зығыр және сора өсімдіктері жатады. Бұл өсімдіктер тоқыма өндірісі шикізатының 95% қамтамасыз етеді.
Бұл өсімдіктердің тұқымдары құрамында тамаққа және техникалық мақсатқа пайдаланылатын майлар бар. Қазақстанда негізінен мақта өсімдігі өсіріледі.
Халық шаруашылығындағы маңызы таралуы, өнімі. Әлемде пайдаланылатын тоқыма заттары ішінде мақта талшығы бірінші орын алады. Ол тоқыма өнеркәсібіне шикізат болумен бірге автомобиль, авиация өнеркәсіптерінде және т. Б. әртүрлі өндіріс салаларында кеңінен қолданылады.
Шитті мақтаның әр центнерінен (талшықты тұқымынан) 32 кг талшық, 65 кг тұқым, 1 кг қысқа талшық (линтер) алынады. Ал 1 кг мақта талшығынан 20 м іш киімдік мата немесе 14 м коленкор, 12 м шыт, 8 м ақжаймалық, 3 м киімдік мата алады.
Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан арнайы және бағалы бәтес, маркизет, сәтеннің, бумазей маталарының жоғары сорттарын тоқиды.
Мақта талшығы жүнмен араластырылғанда жіңішке, жартылай жүнді тоқыма алуға пайдаланылады. Өте қысқа мақта талшықтарынан әсемдік және іш киімдік тканьдар, тоқыма жұмсақ сүлгілер және басқа да қажетті заттар шығарады.
Тұқым түгінен, үзілген талшықтан немесе кысқа талшықтан (линтерден) дәрігерлік мақта, жанғыш пілте, жасанды фетр, целлюлоза, коллодиум, целлофан және целлулоид, жасанды жібек, кино-фото пленкаларын, машинаның темір бөлшектерін сырлауға арналған бояу, қағаз және басқа да заттар алуға пайдаланылады.
Шитті мақта өнімінің 65% алатын мақта тұқымы құрамында тамаққа, түрлі консервілер мен маргарин әзірлеуде, сонымен қатар сабын қайнату, глицерин мен спирт шығаруда, олиф алуда және т. Б. Қолданылатын 18-27% май болады. Мақтаның 1 ц тұқымынан 17-19 кг өсімдік майын, 40-42 кг күнжара, 38-40 кг тұқым қабығын алады. Мақта күнжарасы құрамында 40% ақуыз бар, сондықтан оны мал азығы үшін пайдаланады. Бірақ күнжарада улы зат - госсинол болады. Сол себепті күнжарасын аз мөлшерде, ірі қараға тәулігіне 2-3 кг береді, ал шошқаға беруге болмайды. Тұқым қабығы мал азығына, қағаз жасауға, органикалық қышқылдар, целлюлоза, ксилит және т. Б. Заттар алуға қолданылады. Мақта сабағы (гуза-пая) отын ретінде, бояйтын және басқа заттар алуға пайдаланылады. Мақта жапырағынан өндірістік әдіспен 10% шамасында лимон қышқылын алуға болады. Ауыспалы егісте отамалы дақыл есебінде дәнді және басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл болғандықтан мақтаның агротехникалық маңызы зор. Сонымен қатар, мақта гүлдерінде бал шырыны бар.
- Негізгі бөлім
- Мақта дақылының зиянкетері
Мақта дақылына (қозаға) көптеген омыртқасыззиянкестер зақымкелтіреді. Негізгі зиянкестері көбінесе полифаг бітелер, темекі трипсі, күздік көбелек,
карадрина (кішкене жер көбелегі), мақта көбелегі, кəдімгі өрмекші кене, т. б.
болып табылады.
Бітелердің бақша (мақта) -Aphis gossypii Glov., жоңышқа-A. craccivora Koch., үлкен мақта-Acyrtosiphon gossypii Mordv. түрлері кең тарағандары жəне ерекше зиянды. Бақша бітесі дернəсіл немесе имаго түрінде арамшөптердің түбіндегі жапырақтарда қыстайды. Жоңышқа бітесі ұрықтанған жұмыртқа түрінде жоңышқа мен жұмыршақ шөптерінде қыстап шығады. Үлкен мақта бітесі бітелердің ең ірісі. Жұмыртқалары қыстайды. Ерте көктемде жұмыртқадан дернəсілдер шығып партеногенетикалық ұрғашыларға айналады. Барлық бітелер көктемде алғашында қыстайтын орындарына жақын арамшөптерде қоныстанады жəне сонда қоректенеді. Кейін мақта көгі шығысымен бітелер оларды мекендей бастайды.
Бітелер əдетте өсімдіктің үстіңгі өскіндері мен жаңа жайылған жапырақтарына қоныстанып, қозаның шырынын сорып қоректенеді. Осының
салдарынан өсімдіктің дамуы тежеледі, түйіншелері мен көсектерін төгеді, жапырақтар бүрісіп, сабағы бұралып қалады, түсі де өзгере бастайды. Зақымданған қозаның берер өніміне бітелер көп шығын келтіреді. Шығаратын
сұйықтық «балтамшы» жапырағына, мақта талшығына жайылады жəне желімдеп тастайды. Сапрофитті құрым саңырауқұлақтар өсіп шитті мақта сапасын төмендетеді. Талшықтың бұлайша бүлінуін қусырылу (шиыру) дейді. Бітелер өте тез өсіп-көбейеді. Жаз бойы олар ұрықтандырусыз партеногенетикалық жолмен көбейеді. Маусым кезеңінде бітелер 20 ұрпақ бере алады.
Темекі трипсі (Thrips tabaci Lind. ) - макталыққа үлкен зиян келтіре алады. Ересек трипстер ұсақ, ұзындығы 1 мл. Ұрғашылары өсімдіктің жапырақтарына 100 шамасындай жұмыртқа салады. 3-5 күнде олардан дернəсілдер пайда болады. Дернəсілдер мен ересектері мақта жапырақтарының шырынын сорып тіршілік етеді. Бір ұрпағының өсіп-жетілуі
12-20 күнге дейін созылады. Маусым кезеңінде мақталықта трипстер 8-10 ұрпақ беріп дамиды.
Кəдімгі Өрмекші кене - Tetranychus turcestany Ug. et. Nilk. Микроскопиялық ұсақ зиянкес, ересек аналықтардың ұындығы - 0, 3-0, 6мм, аталықтардың ұзындығы - 0, 2-0, 3мм. Түстері жазда сарғыш-жасыл, күзге сары-кызыл, қысқа қарай - қызыл-қоңыр.
Өрмекші кене мақта өсімдіктері жапырағының астыңғы бетінде тіршілік етеді. Ауыз аппараттары шаншып - сорғыш. Жапырақта закымданған жерлері астынан қоңырланады, үстінен қызарып кетеді. Зақымдалған өсімдіктің өсуі тежеледі, жапырақтары, түйіншелері мен көсектері түсіп, ал қауашақтары жеңілдеп калады. Қаттызакымданғанда бұталар өнімбермейді.
Өрмекші кене тез өсіп-өніп көбейеді. Аналықтары 100-140 жұмыртқа салады. Бір маусымда кене 15-18 ұрпақ беріп дамиды.
Ұрықтанған аналық кенелер топырақтың үстіңгі қабатында, өсімдік қалдықтарының астында, ағаштардың қуыстары мен жарықтарында қыстайды. Ерте көктемде, күн 8-10°С жылысымен кенелер қыстаған жерінен шығып, арамшөптерде үйір-үйір болып көбейеді. Содан соң əр түрліжолмен мақта өсімдіктеріне ауысады.
Мақта көбелегі(Helicovera armigera Hubn. ) - қанаттарында бүйрек теңбілдері мен жолақтары бар қоңырқай сары түсті көбелек. Өсімталдығы жалпы 500, кей кезде 1000 жұмыртқа жəне одан да астам. 5-7 күннен кейін жүмыртқадан жұлдызқұрттар шығып 25- 30 күнде өсіп-жетіледі. Маусымда 2-3 ұрпақ беріп дамиды.
Мақта көбелегі қуыршақтар түрінде жұлдызқұрттары қоректенген алқаптарда қыстайды. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары арамшөптерде, жонышқада, ноқатта, темекіде, қызанақта, жүгеріде қоректенеді. Екінші ұрпақ көбелектерінің жаппай жұмыртқалауы мақта шанақтану жəне гүлдену кезіне келеді. Көбелек мақта жапырақтарына жəне генеративтік мүшелеріне жұмыртқа салады. Алғашында жұлдызқұрт гүл түйнектерін, содан кейін көсектерді кеміріп зақымдайды, дөңгелектеп қуыс жасайды. Жұлдызқұрт 20-ға дейін жемістік мүшесін зақым келтіре алады. Үшінші ұрпағының жұмыртқа салуы тамыз айында басталады; кейбір жылдары мақта көбелегі жылына төрт ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Мақта егістігінің, тікелей өзінде жүргізілетін агротехникалық шараларға жататындар: мақтаны жинап алу, жерді сүдігер терең жыртып көктемде тамыр жая бастаған арамшөптерді құрту, қыста суару, ауыспалы егіс жүйесін енгізеді. Бұл шаралар қыстап шыққан ұрпақтарды қорегінен айырады, қыстаған жерінде егіс алдындағы кезеңде жояды. Мақта дақылы зақымдана бастаған алғашқы кезеңде, яғни зиянкестер əлі қаулап көбеймей тұрғанда, оны химиялық жолмен өндеу керек. Бүл үшін кəдімгі өрмекші кенеге қарсы қолданылатын жүйелі жəне қоспалы фосфорлы- органикалық препараттар (инсектоакарицидтер: БИ-58, 40% э. к., золон, 35% э. к., нурел Д э. к., акарицидтер: омайт, 57% э. к., неорон, 50% э. к. жəне т. б. ) қолданылады.
Зиянды көбелектерінің санын реттеуге биологиялық əдіс кең пайдаланады. Мақталықтарға жұмыртқа жегіш трихограмманы көбелектер жұмыртқа салған кезде 3 қайтара (60-80 мың дарақ) шығарады. Энтомофаг браконды ІІІ жастағы жұлдызқүрттарға қарсы жібереді.
2) Мақта дақылының аурулары
Мақта дақылы тамыр шірігі, вилт (солма), гоммозбен залалданады. Аурулардың əсерінен өсімдіктердің солуы жиі байқалады, дамымай қалған қауашақтар саны көбейеді, шитті мақта түсімі азайып, сапасы нашарлайды.
Тамыр шірігі. Топырақта тіршілік ететін əртүрлі саңырауқұлақтар мен бактериялар туғызады. Өсімдіктер дамудың барлық кезеңдерінде зақымданады. Залалданған өскіндерде тамырлары, сабақтарының негізі қоңырқайланып, жіңішкеріп кетеді. Кей кезде ауру өскіндер өліп құрғап қалады да жекелеген мақталықтарды мүлде қайта себуге тура келеді. Өсімдіктер соңғы кезеңдерінде залалданса өсімдіктің тамыры мен сабақтарының түбі қараяды. Қатты зақымдану егістердің сиреуіне əкеп соқтырады. Əсіресе, өніп-шығу қуаты аз əлсіз өскіндер тамыр шіруі ауруына көп шалдығады. Топырақты егіске дұрыс дайындамау, топырақтың қабыршақтануы, ондағы ауаның аздығы, тұқымдарды терең топыраққа егу бұл аурудың дамуына қолайлы болады. Аурудың қоздырғыштары өсімдік қалдықтары мен тұқымда сақталады.
Мақта вилті (солма) . Вилттің қоздырушысы - топырақта тіршілік ететін Verticillium dahliae Kleb. саңырауқұлағы. Вилт өте қауіпті ауру, кей кезде өнімнің 50%-іне дейін жойып жібереді. Өсімдік ауруға негізінен тамыр жүйесі арқылы шалдығады. Қоздырғыш өсімдік бойында диффузды тарайды. Ауру қоздырғышысы өсімдіктердің жарнақты жапырақтардың ашылуынан бастап, дамудың барлық кезеңдерінде зақымдай береді.
Өсімдіктерде гүлдің түйнектеу кезеңі жəне соңғы кезеңдерде төменгі, кейінірек үстіңгі жапырақтарда ашық жасыл жəне сары дақтар түзіледі. Жапырақтар құрғап, төменнен жоғарыға қарай біртіндеп түсе бастайды, өсімдік сабақтары жалаңаштанып қалады. Аурудан өсімдік солады. Сабақ кесіндісінде өткізгіш ұлпалардың қоңыр түске боялғанын байқауға болады. Аурудың созылмалы түрімен қатар, бірден өткінші түрі де болады. Бүл түрі əдетте тамыз-қыркүйек аралығында байқалады. Ауруға шалдыққан өсімдіктер 2-3 күннің ішінде солып, жапырақтары қурап қалады. Қоздырғыш ұзақ уақыт бойы егін орағынан кейінгі қалдықтар мен топырақта сақталады.
Гоммоз. Гоммозды бактерия Xantomonas malvacearum Dowson. туғызады. Мақтаның кең тараған ауруы. Қоздырғыш өсімдіктерді бүкіл өсіп-жетілу кезеңінде залалдай береді. Аурудың дамуы мен зияндылығына ауа райының, агротехниканың жағдайы əсер етеді. Гоммоз өсімдіктің барлық мүшелерін, тұқым жарнақтарын, жапырақтарын, сабақтарын жəне түйіндерін залалдайды. Жарнақты жапырақтарда əртүрлі көлемдегі дөңгелек, майлы, жарық дақтар пайда болады. Жарнақтар көбінесе кеуіп қалады. Нағыз жапырақтарда гоммоз жүйкелердің арасына дақ түзеді, ол бұрыш түрінде болады. Гоммоз жапырақтар арқылы сабақтарына таралып, сонда сопақтау келген майлы дақтар түрінде жайылады. Қатты дамыған кезінде гоммоз дақтары сабақты сақинадай орап алады. Сабақтың зақымданған жері жіңішкереді, көбінесе бұралып кетеді. Өсімдік дамымай қурап қалады. Гоммоз қоздырғыштары мақтаның талшығын тазартқан кезде сау мақтаны тазарту үстінде соның тұқымына жұғады. Ауру негізінен тұқымның сырт қабыршығына жұғады, кейде ішіне де еніп кетеді.
Күресу шаралары. Ауыспалы егіс жүйесін сақтау. Қолайлы алғы дақылдар -жоңышқа, жүгері, күріш. Өсімдік қалдықтарын, қозапаяны жинап жою, ескі жерлерді жырту. Гоммоздық қоздырушы бактериялар тез қырылу үшін егіс алқаптарын қыста суару керек. Мақтаның төзімділігі жоғары сорттарын өсіру. Тұқымдық материалдарды тек cay өсімдіктен жинау. Тұқымдарды себер алдында химикаттармен дəрілеу: ТМТД, 80% с. у., максим XL 035, c. к., витавакс 200ФФ жəне т. б. Ауруға шалдыққан тұқымдарды себудің шығын мөлшерін арттыру. Өсімдіктің ауруға төзімділігін арттыру үшін алқапты минералды тыңайтқьштармен ерте бастан қоректендіру. Азотты мөлшермен қолдану. Көп суару аурулардың таралуына жағдай жасайды. Фитотазарту жүргізу. Ауру өсімдіктерді жүлып отыру, оларды алқаптан шығарып көміп тастау. Өйткені гоммоздың кепкен бактериялар желмен ұшып, сау өсімдіктерге жұғады. Күз айларында топыраққа фундазол, 50% фунгицидті ендіру.
- Қорытынды
Мақта - аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz