Жылқының вирустық энцефалиті
ЖОСПАРЫ:
I.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жылқының вирустық энцефалиті
2.2 Балау,дауалау және күресу шаралары
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
ІV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І.КІРІСПЕ
Вирус қоздыратын жылқы энцефалитіне бір топ аурулар жатады. Олар:америкалық энцефаломиелит (шығыс, батыс, венесуэлалық), жапон энцефаломиелиті, австралия энцефалиті (Муррей энцефалиті),Батыс Еуропадағы Борн ауруы және Батыс Нилменингоэнцефалиті.Венесуэла энцефаломиелиті 1938 ж Венесуэлада ауқымды індет кезінде вирусы бөлініп алғаннан бері АҚШ-тың Оңтүстік Штаттарында,Мексикада,Колумбия, Эквадор, Бразилия, Аргентина қатарлы Орталық және Оңтүстік Американың көптеген елдерінде байқалды.Энцефалиттің бұл түріне аталған елдерде ондаған мың жылқылар шалдыққан, олардың басым көпшілігі қырылып қалды. Соңғы уақытта да (2010 ж) бұл індет Белиз, Коста Рика,Панамада орын алған.
Шығыс энцефаломиелиті АҚШ-тың Атлант мұхиты жақ шығыс жағалауында, Канадада, Мексика, Бразилия,Панама, Куба, Гаитида орын алған.Оның вирусы 1933 ж АҚШ-та бөлініп алынған. Батыс энцефаломиелиті АҚШ-тың Тынық мұхит жағындағы батыс жағалауында, Канада, Мексика,Бразилияда тіркелген. Вирусы 1930 ж. өлген адамның миынан бөлінген.Соңғы жылдары сирек спорадиялық түрде АҚШ-та байқалады.Муррей даласының энцефалиті Австралия мен Жаңа Гвинеяда байқалады.Қоздырушысы 1952 ж. адам өлексесінен бөлінген. Спорадия ретінде Австралия штаттарында байқалып тұрады.Жапон энцефалиті Жапониядан басқа Қытай, Индонезия, Филипин,Корея, Индокитай түбегінде таралған. Вирус 1933 ж. адамның миынан табылған. 1948-1949 жылдардағы Жапонияда болған індет кезінде шамамен 5000жылқы өлген.Батыс Нилменингоэнцефалиті бүкіл Африка құрлығында,Жерорта теңізінің бассейінінде кең тараған. Индия, Индонезия, Малайзия, Тайландта да тіркелген. Вирусы Угандада ауырған адамнан 1937ж бөлініп алынған.Борн ауруы (энзоотиялық энцефаломиелит) тек қана Оңтүстік Германияда энзоотиялық ауру ретінде тіркеледі. Басқа аймақтарға таралу қаупін жоққа шығаруға болмайды, 1974 ж. Австралияда байқалған. Аурудың атауы алғаш байқалған Саксониядағы жер атымен аталған. Қоздырушы вирусының дәл классификациясы айқындалмаған, оның баяу өрбитін дегенеративтік процестер қоздыратын вирустарға көп ұқсастығы бар. Аурудың індеттік және клиникалық ерекшеліктері де висна-мэди, скрепи ауруларымен ұқсас.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жылқының вирустық энцефалиті
Жылқының вирустық энцефалиті немесе делбе (лат. - Encephalitis viraliequorum, ағ. - Virus equine encephalitis,ор. - вирусные энцефалиты лошадей) - Орталық жүйке және ас қорыту жүйелерінің, кілегейлі қабықтарының зақым-дануымен сипатталатын, жіті өтетін, табиғи ошақты бірқатар трансмиссивтік жұқпалы аурулар тобы.
Қоздырушысы. Делбенің қоздырушысы тоговирустар тұқымдастығының альфа және флавивирустар туыстықтарына жататын арбовирустар.Тоговирустардың антигендік А тобына жататын альфа вирустарға венесуэла энцефаломиелитінің, батыс америка энцефаломиелитінің вирустары жатады.
Бұлар экологиялық тұрғыдан масалармен байланысты болғандықтан нағыз арбовирустар болып саналады. Флавивирустар да, оларға жапон энцефалитінің вирусы жатады, масамен байланысты болғандықтан арбовирустар болып табылады. Тек қана флавивирустардың ішінде қойдың шотландия энцефаломиелитінің вирусы кенелер арқылы тасымалданады. Ескере кететін жай,вирустардың масамен немесе кенемен байланысы абсолютті емес. Бұл вирустардың табиғаттағы айналымына масалар да, кенелер де қатысады.Вирустардың табиғатта сақталуына омыртқалы жануарлардың маңызы зор. Олардың арасында ұзақ мерзімді вирус алып жүретін тұрақтанған инфекция болады да, нәтижесінде көптеген тасымалдаушыға вирус жұқтырады. Кенеге тән вирустар кенелерде трансовариальдік жолмен беріледі. Жапон энцефаломиелитінің вирусының масалар арқылы вертикальді берілетіндігі дәлелденді. Жапон энцефалитін таратуда шошқаның маңызы зор, шошқада ұзақ мерзімді вирусемия қалыптасады да, бір түнде 40 000 дейін масаға жұқтырады.
Төзімділігі. Кептірілген делбе вирусы тоңазытқышта 2-4°С-та 4-12 жыл,30% глицеринде 14-18°С-та 3-6 ай, қараңғы қорада 10°С-та бір жыл бойы сақталады. Күн сәулесі 4-8 сағат, 65°С-та 10 мин, қайнатқанда бірнеше секундта, кәдімгі дизенфектанттар 10 мин. Ішінде вирустың белсенділігін жояды. Формальдегидке вирус сезімтал, ультракүлгін сәуленің әсерінен 1минутта зарарсызданады.
Індеттік ерекшеліктері. Вирустық энцефаломиелиттер нағыз табиғи ошақты трансмиссивтік аурулар қатарына жатады. Бұл аурулардың вирусы көптеген сүтқоректі және салқынқанды жануарларда, сонымен қатар, жәндіктерде өсіп-өнеді. Көптеген жануарларда инфекция симптомсыз жасырын өтеді, олардан жәндіктерге беріліп, соңғылары арқылы жылқыға жұғады. Сондықтан жылқының арасында ауру қан сорушы вирус таратушы жәндіктердің тіршілігіне байланысты. Індет жазғытұрым басталып, жаздың соңында шегіне жетеді, салқын түсе бәсеңдейді. Ауру әсіресе, масасы көп,ылғалды, сазды жерде мал жайылымда болғанда жиі байқалады.Делбенің ерекшелігі - оның бір жерде энзоотия ретінде тұрақты орын тебуі. Індет ошағында ауру қатарынан бірнеше жыл байқалады. Әлбетте спорадия түрінде бірер жануарды қамтиды немесе шағын індеттік тұтану түрінде өтеді.Энцефалиттердің таралу және орын тебу тетіктерін талдау оның қоздырушы вирустарының полигостальді (көп иелі) паразит екенін көрсетті. Табиғатта бұл вирустар көптеген үй және жабайы жануарларда, құстарда,салқын қандыларда инфекция тудырып, олардың денесінде өсіп-өнеді. Әйтсе де бұл инфекцияға бейім жануарлар індеттанулық тұрғыдан екі топқа бөлінеді. Үй және жабайы жануарлардың көбінде, жылқыдан басқаларында,бұл инфекция симптомсыз, білінбей жасырын өтеді де, олардың арасында вирус табиғи айналымда болады, ауру қоздырушысының бастауы қызметін атқарады. Жылқылар (адам да) энцефалиттің білінетін (манифестантты)түрімен ауырады, оларға бұл аурудың вирустары сирек жағдайда кездейсоқ жұғады. Бұл жануардың вирустың табиғатта айналуына қатысы жоқ,биологиялық тұғырық болып табылады. Індеттің тұтанған жағдайында жылқылар 100%-ға дейін ауруға шалдығып, оның 0-50%-ында клиникалық белгілері білініп, өлім көрсеткіші 0-25%-ға, кейде 50%-ға жетеді.
Дерттенуі. Вирус жылқының денесіне қан сорушы жәндіктер арқылы енеді, қан мен сөл арқылы әртүрлі ағзаларға түседі. Миға өткен вирус мидың қыртысы мен қыртыс астында қабыну процестерін тудырады. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйелердің қызметі бұзылып, рефлекторлық қозу күшейіп, нәтижесінде жануар шектен тыс мазасызданып, тер басып, организм сусызданады. Ішкі мүшелерде, әсіресе, бауыр мен бүйректе, дистрофиялық өзгерістер өрбиді.Қандағы зат алмасу өнімдерінің өңделуі бұзылып,жесiнде билирубиннің мөлшері артып, козге корiнетiн кiлегейлi кабыктар, iшкi сiрi кабыктар, тері асты шелі сарғаяды. Қанда хлоридтер азайып,ацидоз,аноксемия, гликемия, азотемия орын алады. Орталык жуйке жуйесi кызметiнiн бузылуы, дененiн сусыздануы мен азгындауы, интоксикация және жүрек кызметiнiн жеткiлiксiздiгi жануардын олiмiне әкеп согады. Аурудан жазылган малда мыкты имунитет калыптасады. Ондай жануарлардын канында вируска карсы антиденелер 2 жылдан артык сакталады. Жылкы Делбемен кайталап ауырмайды.
Өтуi мен симптомдары. Жасырын кезеці 3-10 кун. Аурудын алгашкы белгiсi 2 кезеннен туратын дененiн кызуы. Бірінші рет клиника алды ВИРУСЕМИЯ кезiнде (6-10-күндерi), екiншi рет вирустын жүйке жүйесiне жетiп орын тебуіне (15-20-кундерi) сәйкес келедi. Энцефалиттiн ен басты клини калык корiнiсi жүйке жүйесiнiн закымдануы. Жылкынын мiнезi күрт өзгерiп, жасканшактык пайда болады. Бiртiндеп терiсiнiн сезімталдыгы төмендеп, кейбiр бұлшык еттерi дiрiлдейдi, ерiндерiн кайшылайды. Кілегейлі кабыктары саргыш тартып, уакыт откен сайын күшейе туседі.Ауру әбден білінгенде жылкы жургенде тенселiп, шаткаяктайды. Басын шайкап, тiстерiн шыкырлатады. Ішектiн перистальтикасы баяулап немесе мулдем токтайды. Жылкы денесінін сусыздануы және зат алмасуынын бузылуынан курт арыктайды. Жануар бастапкыда мазасызданып, тынши алмайды, кейiнiрек iшектiн козгалысы тежелiп, салданады. Аурудын барлык кезiнде малдын жүрiсi бузылып, денесiн дұрыс меңгере алмайды (40-сурет). Ауру жылкы жүрiп келе жатып, кенеттен токтап, ұзак уакыт мулгiп, аяктарын талтайтып, басын темен түсiрiп турып калады да, кенеттен алга умтылып, кедергіге тiрелiп немесе жарга кулап, әйтпесе айналшыктап бiр орнында журе бередi. Жыгылса туруга умтылып, орынынан көтерiлгенде итке уксап, шон киып отырып калады.Орталык жуйке жуйесi катты закымданса, терінің сезімталдыгы артып, жутынуы бузылып (дисфагия), ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz