Май ауданы бойынша көші-қон халықтарының статистикалық мәліметтерінің бағдарламасын құрастыру


Мазмұны

:
Кіріспе: Кіріспе
5: 5
: 1
Кіріспе: Есептің қойылуы
5: 7
: 1. 1
Кіріспе: Есептің қалыптастырылуы
5: 7
: 1. 2
Кіріспе: Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы
5: 8
: 1. 3
Кіріспе: Бағдарламаның интерфейс талаптары
5: 9
: 2
Кіріспе: Жобалау бөлімі
5: 14
: 2. 1
Кіріспе: Ақпарат базасының сипатттамасы
5: 14
: 2. 2
Кіріспе: Алгоритмнің сипаттамасы
5: 17
: 2. 3
Кіріспе: Қолданушы интерфейсін ұйымдастыру
5: 22
: 3
Кіріспе: Дипломдық жобаны орындаудың аспаптық құралдары
5: 23
: 3. 1
Кіріспе: Қолданылған операциялық жүйенің қысқаша мінездемесі
5: 23
: 3. 2
Кіріспе: Программалау тілінің қысқаша мінездемесі
5: 27
: 4
Кіріспе: Эксплуатация
5: 35
: 4. 1
Кіріспе: Аппаратық жабдықтарға қойылатын талаптар
5: 35
: 4. 2
Кіріспе: Қолданушыға нұсқаулар
5: 36
: 4. 3
Кіріспе: Программистке нұсқаулар
5: 41
: 5
Кіріспе: Қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау шарасы
5: 44
:
Кіріспе: Қорытынды
5: 50
:
Кіріспе: Қолданылған әдебиеттер тізімі
5: 51
:
Кіріспе: Қосымша А Дисктің мазмұны
5: 53
:
Кіріспе: Қосымша Б Бағдарламаның мәтіні
5: 55


Кіріспе

Бұрынғы Кеңес Одағының аумағында жаңа тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін осы мемлекеттердегі экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты жаңа мәселелер туындады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдалар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты.

Жүргізіліп отырған елдің «ашық болуы» саясаты, эмиграцияға байланысты көзқарастардың либералдануы халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударуларын күшейтіп жіберді, мұның өзі еңбек әлеуетін азайтты. Қазақстан үшін жоғары білікті кадрлардың ғылым саласынан іс-әрекеттің басқа салаларына ауысып кетуі көкейкесті мәселеге айналып отыр.

Сонымен қатар Қазақстанға шетелдерден халықтың көп көлемде көшіп келуі тән болып отыр. Бұл мемлекеттік шекаралардың ашық болуына, республиканың геосаяси орналасуына, ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына, сондай-ақ көші-қон жөніндегі заңдардың жетіліспегендігіне, әрі көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігіне байланысты туындап отыр. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы, оның нарықтық қатынастарға мақсатты түрде бағыт алуы Қазақстанды шетел капиталы мен жұмысшы күші үшін тартымды етіп отыр. Мұның өзі Қазақстандағы халық санының өзгерулеріне әсер етуде. Елге көшіп келушілерге байланысты жаңа мәселелер туындауда.

Экономикалық реформалардың тереңдей түскен кезінде елдің демографиялық жағдайында едәуір өзгерістер болуда, бүкіл елдегі және Қазақстан Республикасының аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрі мен бағытына маңызды түзетулер енгізілуде, республиканың еңбек ресурстарының едәуір бөлігі босап шығуда. Халықтың миграциялық жылжымалылығының қарқындылығы да сөзсіз өсіп келеді.

Жан-жақты әлеуметтік-экономикалық, аймақтық даму, өмір сүрудің, халықты жұмыспен қамтудың, оның табысының және экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізу мәселелері маңызды болып табылады. Дамудың объективті факторларынан туындаған Қазақстанның аймақтарының дамуының әркелкілігі мәселесі жұмыспен қамтудың құрылымын жетілдіруді талап етіп отыр.

«Көші-қон үдерісі» түсінігі адам ресурстары өндірісі, үлестірілуі, алмасулары және тұтынулары тұрғысынан алғандағы қоғамдық қатынас салаларының негізгі белгілерінің кең ауқымын қамтиды.

Қазақстан Республикасы үшін экономикалық дамудың қазіргі жағдайларында болашақ дамудың: көші-қонның теріс ықпалы үнемі өсіп отырған дамушы елдің шаруашылық жүйесінен бастап, көші-қон үдерістері жалпы дамуға жағымсыз әсерін тигізе алмайтын қуатты жаңа мемлекетке айналуға дейінгі кең спектрі бар. Оның үстіне мұндай таңдау - республика халқының саны ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қауіп төндіретін шекке дейін азаятындай дәрежеге дейін төмендеуі мүмкін.

Сонымен қатар, қазіргі заманғы экономиканың жоғары қарқынмен өзгерулері жағдайында болып жатқан оқиғаларда бірқатар елдердің түпкілікті емес халықтың саны басым болған мемлекетке айналу қаупінің шындыққа айналып келе жатқанын байқауға болады. Соған орай көші-қон үдерістеріне байланысты мәселелерді жүйелі тұғырнамалық талдап-зерделеудің қажеттігі мәселесі алға шығады.

Осы дипломдық жобасыны негізгі мақсаты бұл қазіргі замандағы Май ауданының аумағында халықтын көшіп-қонуын қадағалау және статистикалық мәліметтерді жинау болып келеді.

Жобаны құрастыру үшін келесі жұмыс істелінді:

  • Май ауданы бойынша көшіп-қонудың статистикалық мәлімет базасы құрастырылды;
  • статистикалық мәлімет базасын өндеу мен толтыру және өзгертулерді енгізу үшін осы базамен жұмыс істейтін бағдарлама құрастырылды.

Бағдарламалық өнім Delphi 7. 0. объектті-бағытталған бағдарламалау тілінде өңделген.

Дипломдық жобада Май ауданы бойынша көшіп-қону миграциялық мәліметтер қолданылады және осы бағдарлама мынадай жұмыстарды атқара алады, бұл : деректерті енгізі, деректерді өзгерту және деректерді жою және де дерректерді фильтрациялауға болады.

Дипломдық жобалау алты бөлімдерден құралған:

Есептің қойылуы бөлімі, жобалау бөлімі, дипломдық жобаны орындаудың аспаптық құралдары, эксплуатация бөлімі, экономикалық бөлім, қауіпсіз техникасы және еңбек қорғау шарасы бөлімі. Қорытынды бөлімінде жасалған жұмыс нәтижесі бойынша қысқаша айтылып өтіледі және де осы бағдарламаны қолдану бойынша ұсыныстар мен кәсіпорынға кірістіру мен өңдеу перспективасы туралы жазылады.

1 Есептің қойылуы

1. 1 Есептің қалыптастырылуы

Май ауданы бойынша көші-қон халықтарының статистикалық мәліметтерінің бағдарламасын өндеу. «Көші-қон статистикалық мәліметтер базасы» бағдарламасында жаңа жазбаны енгізуге, оған тағы өзгертулер енгізуге, көшіп-қонған адамдардың тізімін көруге, оларды фильтрация жасау және жою функцияларын атқару керек. Жаңа жазбаны құрған кезде келуші немесі кетуші мәлімет базасына аты-тегі, әкесінің аты, туған жылы, жынысы, ұлты, куәлік номері және куәліктін берілу күні мен берген органның аты, балалар болса балалар саны және миграция полициясында тіркелу күні, келуші немесе кетушінің туған жері мен соңғы тіркелу жері және де кету немесе келу мекен жайы деген мәліметтер енгізілу керек.

Қолданушының дұрыс жұмыс істемеуіне және мәліметтерді дұрыс енгізе алмауына қарамастан оны керекті қалпына келтіруге өзгертуге тиімді және тұрақты бағдарлама болуы керек.

Біріншіден белгілі бір мәліметтерді жоярдың алдында бағдарлама қолданушыдан осы іс - әрекетті қайтадан анықтап сұрауы тиіс.

Екіншіден деректер базасы тұрақты болуы тиіс (индекстің дұрыс болмауы, қандай да бір мәліметті қосқаннан немесе жойғаннан кейінгі нұсқаудың жойылуы) .

Үшіншіден барлық функциялар мұғаліммен немесе тапсырыс берушімен құрылған шартында орындалуы керек.

Бағдарлама Delphi 7. 0 бағдарламалау аумағында жасалану керек.

Delphi, бүгінгі таңда мәліметтер базасында қосымшаларды құрудан ең көп таралған құрал болып саналады. Жүйенің ерте версияларынан мәліметтер базасының көп таралған форматтарға керекті қатынау драйверлерінің тобымен қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар, экранда кескінделген терезелерді құрастыру үшін визуалды компоненттер коллекциялардың көп мөлшері жеткізіледі.

Бағдарламамен табысты жұмыс істеу үшін, қолданушыға Windows-қосымшалармен жұмыс істеуге бейімделген болуы керек.

Мәліметтер базасы барлық керекті мәліметтерді сақтайды. Мысалы іздеу нәтижесін керекті адамның кету немесі келу мәліметтерін көру және табу үшін фильтр болу керек және осы мәліметтерді қарап шығуа бағдарлама бейімделген болу керек

Дипломдық жобада бағдарламма келесі функцияларды іске асыратын болу тиіс: Май ауданы бойынша көшіп-қонушы адамдардың деректерін енгізу мен құрастыру, керекті деректерді фильтрациялау процесін өндіру, қолданушымен мәлімет базаға енгізілетін деректерді сақтау, енгізілген деректерді түзету және деректерді жою.

1. 2 Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы

Май ауданы бойынша көшіп-қонушылардың мәліметтері келу парақтар мен кету парақтар құжаттар қолданылды: келуші немесе кетуші адамның аты-тегі, әкесінің аты, туған жылы, жынысы, ұлты, куәлік номері және куәліктін берілу күні мен берген органның аты, балалар болса балалар саны және миграция полициясында тіркелу күні, келуші немесе кетушінің туған жері мен соңғы тіркелу жері және де кету немесе келу мекен жайы.

Бағдарламада қолданылған, кірістірілген құжаттар 1. 1 кестеде көрсетілген.

1. 1 Кесте - Кіріс құжаттары

Кіріс құжаттары
Белгілеулер
Деректер түрі
Кіріс құжаттары: Тегі
Белгілеулер: Fam
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Аты
Белгілеулер: Im
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Әкесінің аты
Белгілеулер: Otech
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Туған жылы
Белгілеулер: GodR
Деректер түрі: Дата/время
Кіріс құжаттары: Жынысы
Белгілеулер: Pol
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Ұлты
Белгілеулер: Nazional
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Куәлік номері
Белгілеулер: №Udos
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Куәліктін берілген күні
Белгілеулер: GodVidUd
Деректер түрі: Дата/время
Кіріс құжаттары: Куәлік берген мекеменін аты
Белгілеулер: NaimVidOrg
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Тіркелу күні
Белгілеулер: DataRegist
Деректер түрі: Дата/время
Кіріс құжаттары: Балалар саны
Белгілеулер: KolDeti
Деректер түрі: сандық
Кіріс құжаттары: Туған жері мемлекет
Белгілеулер: MesRozhGos
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Облыс
Белгілеулер: Oblost
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Аудан
Белгілеулер: Raion
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Ауыл
Белгілеулер: Selo
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Көше
Белгілеулер: Uliza
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Үй
Белгілеулер: Dom
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Квартира
Белгілеулер: Kvart
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Тіркелу мекен жайы, мемлекет (келуші мәлімет)
Белгілеулер: MesRigistrGos
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Соңғы тіркелу мекен жайы, мемлекет (кетуші мәлімет)
Белгілеулер: MesPoslRigistrGos
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Кету мекенжайы
Белгілеулер: MesUbitiaGos
Деректер түрі: мәтіндік
Кіріс құжаттары: Келу мекен жайы
Белгілеулер: MesPribitiaGos
Деректер түрі: мәтіндік

Шығарылатын құжаттарға бағдарламаның жұмыс нәтижелерін жатқызуға болады: деретерді көру, фильтрациялау. Мысалы туған жылы бойынша фильтрациялаудын нәтижесі 1. 1 сурет көрсетілген.

1. 1 Сурет - Туған жылы бойынша фильрациялау нәтижесінің көріндісі

Енгізу құжаттары мәлімет базасын толтыру үшін қажет. Delphi аспаптар құралдары құжаттармен басқару, өзгерту, жою және жаңа құжаттарды қосу болып келеді. Шығару құжаттары келуші немесе кетуші адамның аты-тегі, әкесінің аты, туған жылы, жынысы, ұлты, куәлік номері және куәліктін берілу күні мен берген органның аты, балалар болса балалар саны және миграция полициясында тіркелу күні, келуші немесе кетушінің туған жері мен соңғы тіркелу жері және де кету немесе келу мекен жайы мәліметтер көріндісі.

1. 3 Бағдарламаның интерфейс талаптары

Бағдарламаның интерфейсі қарапайым және нақты қолданушыға және тәжірибесіз қолданушыға ыңғайлы түрде оқу, түсінікті болуы керек.

Берілген дипломдық жобаның интерфейсі қолданушы интерфейсінің реализация принципіне сәйкес орындалуы шарт.

Бағдарламаның интерфейсі - қолданушының назарына түсетін ең басты объект. Бағдарламаның интерфейсі қолданушыға қолайлы болған жөн. Себебі, қолданушының бағдарламамен жұмыс істеу немесе істемеуі бағдарламаның интерфейсіне байланысты. Delphi бағдарламалау ортасында қолданушы интерфейсті стандартқа сай келтіруі тиіс. Бағдарламада қолданылатын түстердің түсі көзді ауыртпайтындай болуы керек, және де олардың бір - біріне сәйкес болғаны дұрыс. Мысалы көк, сұр, қоңыр тағы да басқа түстер көзді ауыртпайды. Ал ашық көк, қызыл, ашық жасыл тағы да басқа түстер көзді ауыртады, және де оларды қолданбаған жөн. Тек қана қызыл түсті бағдарламада қажетті бір хабарлануды немесе тыйым салуды шығарған кезде бірден көзге түсу үшін қолданған қолайлы. Тіпті Delphi бағдарламалау ортасының өзінде де бағдарламаның қатесі болса, ол қызыл түспен экранға шығарылады. Бұдан басқа қолданушы мен компьютер арасындағы сұхбат терезесінде де достастық интерфейсі сақталуы керек. Сол сияқты берілген бағдарламасында да стандартқа сай түстер қолданылады. Оның барлық бөлімдерінің терезелерінде сұр түс қолданылады. Одан басқа қолданушы мен компьютер арасындағы сұхбат терезесінде де достастық интерфейсі сақталады.

Ұйымдастырылған интерфейстен қолданушының назарына бірден көзге түсетін элемент - фон түсі. Фон түсі әрқашанда қолданушының көзін ауыртпайтын, психологиясына кері әсер жасамайтын, адамның көңілін көтеретін болу керек. Фон түсі табиғаттың «тыныштандыратын» түстерімен боялуы тиіс. Демек, бағдарлама интерфейсі қолданушы талаптарына сай болу керек.

Құрастырылған бағдарлама жұмысының ұйымдастырылған интерфейс терезелері негізгі үш түстен тұрады: сұр, қара және көк. Көк пен сұр - фон түстері, ал қара - шрифтің түсі. Көк пен сұр түсті фонында қара түсі анық көрінеді де, текст мәтінін бірден оңай-ақ оқи аласыз.

Фон түсінен басқа қолданушылық интерфейсінің талаптарына сай бағдарламаның жасаған әрбір қадамын түсіндіретін коментариялар болуы тиіс, сондықтан бағдарламада осы талап жүзеге асырылды, керекті түсініксіз жерлерде сұқбат берілген.

Дұрыс ұйымдастырылған интерфейс - бағдарламаның нарықтағы сұранысын көтеру үшін үлкен рөл атқарады. Интерфейс бағдарламаның өзінен кейінгі екінші орында тұр.

Интерфейс - ол қолданушының дербес компьютермен қанынасу тәсілі, қолданушының қолданбалы бағдарламалармен және бағдарлама арасында қатынасы болып келеді. Интерфейс компьютердің бағдарламалық қамтамазысдандырумен басқаруды ыңғайлатату үшін қызмет етеді.

Қолданушы интерфейсін құрудың көпдеңгейлі ұйымы досшыл құрастырылған. Досшыл интерфейс сөзінің мағынасы интерфейстердің қасиеттер жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Ол қолданушыға бағдарламамен жеңіл жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл қасиеттерінің кейбіреулерін атап шығайық:

  • қолданушыға түсінікті терминдерді, белгілерді және суреттерді қолдану;
  • жүйелік анықтаманың бар болуы;
  • қолданушының қателіктеріне сыпайы қарау;
  • интерфейсті қолданушыға қарап жасауға керек (білім деңгейіне байланысты) ;
  • Қолданушы интерфейсінің жалпы талаптарына:
  • унификациялау;
  • досшыл;
  • нақты үнсіз жағдайда параметрлерді анықтайды. Мәтін орнына пиктограмманы реализациялауға, командаларды жедел енгізу әдісінің көмегінен тұрады;
  • баптау құрылғыларының көмегімен берілетін иілгіштік;
  • сұхбатты құрылғыларға бөлу, яғни қолданушы интерфейстерінің компоненттерін қиындық деңгейлеріне бөлу;
  • қолданушының қателіктерін табу және оларды өзгерту мүмкіндігі, яғни қате әрекеттерді алып тастау мүмкіндігі.

Ағымдық терезелер экранның кез - келген жеріне орналаса алады да, олар бастыпқы терезеге тәуелсіз орын ауыстыра алады. Үнсіз түрде ақырғы терезенің орын ауыстыруы, егер мұндай байланыс әдейі қосымшада реализацияланмаса ғана одан пайда болған ағымдық терезелердің жағдайына әсер етпейді.

Берілген бағдарлама бөлімдері арнайы дағдыларды талап етпейтін, ыңғайлы түрде қолданылуы керек, керекті функцияларды тез және қарапайым түрде орындау.

Берілген дипломдық жобаның интерфейсі қолданушы интерфейсінің реализация принципіне сәйкес орындалуы шарт.

Бағдарлама берілгендер мен командаларды әртүрлі тәсіл арқылы (пернелер тақтасы, тышқан, басқа да құрылғылар) енгізу мен қосымша функцияларға деген көпнұсқаулық (“ыстық пернелер”, мәзір . . . ) мүмкіндігін беру керек, сонымен қатар бағдарлама терезеден терезеге, режимнен режимге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Яғни нақтырақ айтқанда интерфейсте қолданушының сана сезіміне кері әсерін тигізетін элементтердің болмағаны жөн. Онымен қоса ол келесі жағдайларды дұрыс өңдеуі қажет: басқа аппараттық (бағдарламалық) платформаға ауысқанда қолданушы интерфейсі мен соңғы қосымшаның ауысуы автоматты түрде орындалу.

Қолданушы интерфейсін құрудың көпдеңгейлі ұйымы досшыл құрастырылған. Досшыл интерфейс сөзінің мағынасы интерфейстердің қасиеттер жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Ол қолданушыға бағдарламамен жеңіл жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл қасиеттерінің кейбіреулерін атап шығайық:

  • қолданушыға түсінікті терминдерді, белгілерді және суреттерді қолдану;
  • жүйелік анықтаманың бар болуы;
  • қолданушының қателіктеріне сыпайы қарау;
  • интерфейсті қолданушыға қарап жасау керек (білім деңгейіне байланысты) .

Интерфейс шешімдері үш кезеңіне бөлінеді:

  • физикалық есептеуіш жүйелерінің техникалық құрылғыларымен ассоциялайды (перне тақтада пернелердің орналастырылуы, тышқанның функциялары, дисплейдің графикалық және түстер сұранысы) ;
  • синтаксистік. Қосымша мен қолданушы арасындағы сұқпаттың шегінен ақпаратты көрсетуді реттеу;
  • семантикалық. Қолданушы интерфейсінің элементтерінің мағынасымен байланысты;

Қолданушы интерфейсінің жалпы талаптарына:

  • унификациялау;
  • досшыл;
  • нақты үнсіз жағдайда параметрлерді анықтайды. Мәтін орнына пиктограмманы реализациялауға, командаларды жедел енгізу әдісінің көмегінен тұрады;
  • баптау құрылғыларының көмегімен берілетін иілгіштік;
  • сұхбатты құрылғыларға бөлу, яғни қолданушы интерфейстерінің компоненттерін қиындық деңгейлеріне бөлу;
  • қолданушының қателіктерін табу және оларды өзгерту мүмкіндігі, яғни қате әрекеттерді алып тастау мүмкіндігі.

Қолданушы интерфейсінің концептуалдық проекциялау негізгі есептеулердің шешімдерін құрайды:

  • терезелердің құрылымын және атрибуттарын анықтау;
  • сызбасын өңдеу;
  • оқу материалдарының навигациялығын беретін қолданушы интерфейсінің құрылғыларын анықтау;
  • сұхбат сызбасын өңдеу;
  • қолданушы интерфейсінің басқару элементтерінің жиынтығын анықтау;
  • қолданушы интерфейсінің баптау параметрлерін белгілеу;

Терезелердің негізгі атрибуттарына:

  • басты көлемдер мен орналастырылуы (терезені шақырған кездегі жоғарғы сол жақ бұрыштың өлшемі) ;
  • терезе көрсетудегі стандарттық манипуляциялау операцияларын көрсету (манипуляциялау, максимизациялау, қайта құру, ауыстыру, көлемді өзгерту) ;
  • басқа терезелерге қарағандағы терезелердің көрсетуін реттеу;
  • көлемдердің өзгерту шегі;
  • әшекейлендіру стильі (рамка түрі, фон түсі, атаудың бар болуы, жылжу сызықтарының болуы және т. б. ) ;
  • атауда көрсетілген жол;
  • терезенің жұмыс аумағында орналасқан тышқан курсорының формасы;
  • тереземен ассоцияланатын пиктограмма.

Нақты мәселеге қарамастан өндірушінің квалификациясы қорғалатын кейбір формальдық талаптарды айта кетуге болады:

  1. терминологиялық орта және интерфейс. Белгілі бір диалог шығатын жерде қолданушыға түсінікті терминдер қолданылуы тиіс, және де оған түсініксіз өндірушінің терминдері жазылмауы керек (<жазба>, <индексация> т. б. ) . Диалогта қолданылатын сөздер сыпайы түрде жазылып, ДҚБЖ-ның ағылшын тіліндегі көмекші хабарларын экран бетіне шығармауға тырысу керек. Және де бағдарламада қолданылатын терезелердің түсі стандартқа сай келуі керек;
  2. пернелер тақтасын қолдану. Қандай да бір пернені басқан кезде (әсіресе функционалдық) алдын-ала қарастырылған іс-қимылдар шақырылуы тиіс. Осы іс-қимылдардың пернелерге байланысы тиісті түрде орындалуы керек. F1 - көмек; Enter - келісу, енгізудің соңы; Esc - келіспеу, алгоритмнің бұдан бұрынғы бұтағына қайтып оралу (экран формасын қалпына келтіру арқылы) ; Tab - келесі жолға, терезеге т. б. көшу; Sift+Tab - бұдан бұрынғы жолға қайтып оралу т. б.
  3. қозғалыс реті. Алгоритм ағашымен “жоғарыдан төмен” қарай қозғалғанда барлық өтілген бұтақтың аты шығуы керек. Енгізілген мәліметтерді сақтау арқылы ғана бұдан бұрынғы деңгейге қайтып оралуға болады (мєзір бөлімі мен жазба нұсқауларын таңдау арқылы) ;
  4. көмек көрсету мен жарнаманың түрлері. Бағдарламаны іске қосқанда осы бағдарламаның мәні мен мүмкіндігін көрсететін жарнамалық бет пен автордың мәліметтері шығады. Кез-келген алгоритмнің бөлігінде осы уақыттағы барлық белсенді пернелер көмек көрсету жолында көрінуі тиіс. Кез - келген сәтте F1 пернесін басқан кезде контекстік - бағынышты (оқиғаға бағынышты) көмек көрсету мәтіні шығу керек;
  5. кірістірілген және шығарылған құжаттардың бейнесі. Енгізу мен жөндеуге арналған экран формасы қолданушының үйреншікті құжатына максимум ұқсас болуы керек. Жұмыс нәтижесі тек қана экран бетінде ғана емес, сонымен қатар қолданушыға үйреншікті пішінінде жөндеу және баспаға шығару мүмкіндігімен текстік файлда да шығарылуы керек;
  6. құжаттардың құрылғылары. Бағдарлама ішкі құжаттарда комментария, көмек құрылғысы, мәзір құрылғысы мен диалог түрінде, ал сыртқы құжаттарда құрамында минимум есептің қойылуы, деректер базасының құрылысы, құрамында жарнаманың элементтері, алгоритмінің жазылуы, экран пішіні, кірістірілген және шығарылған құжаттардың мысалдары бар қолданушыға арналған нұсқау есеп түрінде қамтамасыздандырылады.

Қарастырылып отырған есепке қолданылатын терезе типтерінің тағайындалу анықтамасы кіреді және олардың арасындағы ара - қатынас. Басқаша айтқанда осы немесе басқа жағдайда әртүрлі мінездегі ақпаратты көрсету үшін терезелердің қандай түрлерін қолдану керек екендігін және де олардың арасында қандай байланыстар спецификациялау қажет.

2 Жобалау бөлімі

2. 1 Ақпарат базасының сипаттамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту ерекшеліктері
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Алматы облысының ұлттық құрамының динамикасын картографиялау
«Қазақстан мен ресейдегі көші қон мәселесінің бақ тағы көрінісі»
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Ақтөбе облысының демографиялық дамуының қазіргі жағдайы
Халық демографиясы жағдайы мен миграциясының басты заңдылықтарын, тенденцияларын зерттеу
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Қазақстанның демографиялық жағдайын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz