Сүйелді дерматитпен күресу шаралары


Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Аурудың анықтамасы
2. 2. Себептері мен эпизоотологиясы
2. 3. Алдын алу мен шектеу шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Дерматология тарихы - ертеден келе жатқан тері ауруларын зерттейтін ғылым. Біздің эрамызға дейін көп ғасыр бұрын
Үндіде, Қытайда, Грецияда, Римде әдеби ескерткіштерде: проказа, қышыма, ихтиоз, тағы басқа тері ауруларының белгілері жазылған.
Әртүрлі тері аурулары туралы, әсіресе көп жазғандар: Греция мен Рим дәрігері Гиппократ (б. э. д. Vғасыр), Цельс (б. э. д. I - ғасыр) және Галлен (ж. э. II ғасыры), оларға ерекше атау берген, кейбіреулерін қазіргі күнге дейін қолданылып келеміз. Тері ауруларының себебін олар ішкі орта және сыртқы орта факторларға байланыстырған, әсіресе организмнің сөлі бұзылуынан деп білді. Тері аурулары туралы көп анықтамаларды Авицена (б. э. д. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басы) өзінің Медицина каноны деген әйгілі еңбегінде берген. Ол алдыңғы жазған дәрігерлердің анықтамаларын толықтыра отырып, өз тарапынан бірқатар тері ауруларын суреттеп жазды: пемфигус, есекжем т. б. Тері аурулары туралы бірінші кітаптар ХҮІ ғасырдың екінші жартысында жарық көрді. Ол кезде ең көп тараған итальяндық Иеронима Меркуриалидің жинақтаған шығармасы еді. ХҮІІІ ғасырда тері анатомиясы туралы бірқатар жұмыстар жарық көрді. (Мальпигий және басқалардың еңбегі) .
Негізгі бөлім
Сүйелді дерматит (Dermatitis nodularis, нодулярный дерматит) - дене қызынып, теріде өліеттенген бүртіктер пайда болуымен, сөл түйіндері, кілегейлі қабықтармен тыныс жолдарының зақымдануымен ерекшеленетін сиырдың жұқпалы ауруы.
Қоздырушысы. Ауру қоздырушысы ретінде зерттелген вирустар үш топты құрайды: Orpheling, Allerton, Neetling. Сүйелді дерматит вирустарының төзімділігі айтарлықтай жоғары. Зақымданған теріде вирус 33 күн сақталады, терідегі бұдырмақтарда бөлме температурасында 18 күндей сақталады.
Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда сиыр, әсіресе оның асыл тұқымдары ауруға бейім, сонымен қатар енеке, сусиыр ауырады. Қойдың ауыратындығы туралы да мәліметтер бар. Қолдан жұқтырғанда керік пен антилоптар да ауырады, бірақта жабайы жануарлар арасында өздігінен ауыру байқалмайды. Індет көбінесе, ыстық, ылғалды маусымда, ойпат, сазды аймақтарда байқалып, эпизоотия ретінде кең таралады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған және вирус алып жүретін жануарлар. Берілу жолдары жете зерттелмеген.
Балау індеттанулық, клиникалық патологоанатомиялық деректер мен лабораториялық зерттеулер, гистологиялық зерттеулерге кіретін вирусты бөліп алу, БР пен басқа типтерден ажырату, ИФР, электрондық микроскопия және бейім жануарларға биопроба жасау арқылы қояды. Диагностикалық гистологиялық тексеру маңызды орын алады.
Сүйелді дерматитті дерматофилезден, демодекоздан, онхоцеркоздан, глобидиоздан, эфемерлі қызбадан, аусылдан, есекжемнен, эпизоотиялық лимфангоиттан, тері туберкулезінен, бөгелектің балақұрттары келтіретін зардаптардан және поствакциналық домбығудан балап ажырату қажет.
Ауырып тұрған, аурып жазылған және жасырын жұқтырған вирус-тасығыш жануарлар қоздырғыштың тарататын көздеріне жатады.
Сүйелді дерматитті алдын-алу:
Мал иелерінің сүйелді дерматит ауруын ескерту мақсатындағы міндеттері:
1) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық төлқұжаттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;
3) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;
4) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға.
Сүйелді дерматитпен күресу шаралары:
Сүйелді дерматит шыққан шаруашылық субьектісіне карантин қойылады, ауру және ауру жұғуға күдікті жануарлар дер кезінде, мұқият оқшауланып, лабораториялық тәсілдермен диагнозы анықталады. Ауру малдар оқшауландырғыш ішінде болған кезеңде оларға қансорғыш жәндіктердің кіруіне жол бермейді.
Карантиннің шарты бойынша рұқсат етілмейді:
1) шаруашылық субьектісіне барлық жануарлар түрлерін құстармен қоса әкелуге, әкетуге;
2) шаруашылық субьектісі ішінде қызмет көрсететін ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз малдардың орнын ауыстыруға;
3) малсауу, сою және етін пайдалану, ауру малдың және ауруға күдікті жануарлардың сүтін пайдалануға;
Сүйелді дерматиттен өлген жануарлардың өлекселері терісімен бірге жойылады, өлекселерді диагностикалық мақсатпен сойып көру арнаулы жабдықталған орында рұқсат етіледі.
Карантин кешендік ветеринарлық-сантиарлық шаралар өткізіліп, қорытынды дезинфекциядан кейін алынады.
Сүйелді дерматит алғашқы пайда болған мезгілде, барлық ауру және ауруға күдікті жануарлар сойылып, мұқият дезинфекция, дезинсекция жүргізілуіне ұсыныс жасалады. Дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік реестрінде тіркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
Ірі қара мал нодулярлық дерматиті (тері ісігі, түйіндік экзантема, жұқпалы түйіндік дерматит) ірі қара малдың қызбамен, тері асты дәнекер тінінің және ағзалардың ісінуімен, тері түйіндерінің пайда болуымен, көздің, тыныс алу және ас қорыту жолдарының шырышты қабығының зақымдануымен қоса жүретін вирустық жұқпалы ауруы. Нодулярлы дерматит кезіндегі өлім-жітім 10% - дан аспайды, алайда қаржылық шығын үлкен, ол өсім мен сауынның төмендеуімен, сондай-ақ сиыр терісін пайдаланудың мүмкін еместігімен көрінеді. Ауру жылы климаты бар жерлерде таралған. Адам нодулярлы дерматитпен ауырмайды.
Себептері
Ірі қара малдың нодулярлық дерматитін антигендік қасиеттері бойынша қой шешегінің вирусына жақын қоздырғыштар тобынан туындайды. Контагий қан сорғыш ұшатын жәндіктер, құтандар арқылы таралады, сондай-ақ сілекеймен, спермамен, сүтпен, ауру жануар терісінің қабыршықтанған бөліктерімен бөлінеді.
Эпизоотологиясы
Ірі қара малдың нодулярлы дерматитімен малдың 5-10% зарарланады. ІҚМ нодулярлы дерматитіне қарсы терапиялық және дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде жануарлардың 99%-ын сақтап қалуға болады. Сауыққан күйіс қайырушы жануарларды тұрақты иммунитет пайда болады. Алайда, нодулярлы дерматитпен ауырған шаруашылықтарда қоздырғышқа антиденелердің болуы жыл сайын диагностикалық аллерген енгізген кезде анықталуда. Жас және асыл тұқымды жануарлар ауруға бейім. Ұшатын қансорғыш буынаяқтылар көп таралған жерлерде нодулярлық дерматит жиі кездеседі. Вирус құстар арқылы тасымалдануы мүмкін.
Симптомдары
Аурудың өткір, атипикалық және симптомсыз түрлері бар.
Өткір түрі
Алдыңғы кезең 3-30 күн жалғасады. Нодулярлық дерматиттің дамуы және оның сипатты белгілері келесідей:
- Бастапқыда сиырлардың қызуы көтеріледі - 40°C.
- Тәбеті жоғалады.
- Көздерінен жас ағу пайда болады.
- Мұрыннан шырышты сұйықтық ағады.
- Гипертермия басталғаннан кейін 48 сағаттан кейін бүкіл денесінде диаметрі 7 см-ге дейінгі, биіктігі 5 мм-ге дейінгі көптеген тығыз сопақша түйіндер қалыптасады. Кейбір жағдайларда пайда болған түйіндер қосылады.
- Гиподермальды жасушаның ісінуі пайда болады.
- Бірнеше сағат өтеді, жиектерінде эпидермистің қатпарлануы, ортасында - тіндердің некрозы басталады.
- 1-3 аптадан кейін өлі тін телімдері жойылады.
- Қуыс түйіршіктермен толтырылады. Жаңа тері таңбасыз қалады, жүнмен өседі.
- Дерматиттің асқынған түрінде жаралар пайда болады •
- Мастит пайда болады. Сүт қоюланады және қызғылт түске ие болады. Сауу процесі ұзақ, аурулығымен ерекшеленеді. Қызған кезде сүт тез гель тәрізді консистенцияға айналады.
- Лимфа түйіндері ұлғаяды, пальпация кезінде анықталады.
- Аурудың асқынған ағымы келесі белгілермен сипатталады:
- түйіндер барлық денені жабады; шырышты мембраналар іріңдеп, жараланады;
- қабақтары эрозиямен жабылады, жаралар қасаң қабыққа шығып, сиыр көрмей қалады;
- ауыздан қою сілекей шығады;
- мұрнынан шыққан сілекейлі ағымдардың иісі жағымсыз болады;
- ісінулер мен жаралар тыныс алу арналарына таралған кезде жануар тұншығып өледі.
Сауыққан кезде ісіну төмендейді, түйіндер қысқарады, жүндері түседі, терісі жарылады, пұшпақтана отырып баяу жаңарады. Зақымданған жерлерінің қайта зарарлануы да мүмкін. Нодулярлық дерматит бронхопневмониямен, артриттермен, репродуктивті функциялардың бұзылуымен асқынады.
Атипикалық түрі
Кішкентай бұзауларда кездеседі. Диарея және гипертермиямен ерекшеленеді. Дерматит белгілері жоқ.
Симптомсыз түрі
Сиырлар ауырмайды, бірақ вирус таратушы болып табылады.
Балау
Нодулярлық дерматиттің себебін келесі деректер негізінде анықтайды:
- Эпизоотологиялық жағдай
- Клиникалық симптомдары
- Патологоанатомиялық өзгерістер. Мәйіттерді ашу және ерекше белгілер белгіленген кезде анықталады.
- Зертханалық зерттеулер. Гистологиялық кесінділерді зерттеледі, осы ауруға тән өзгерістерді анықталады. Биопробалар қойылады.
Биопробалар қою
Қабынған тері ісігінен патологиялық материал алынып, тін культурасында (ҚТ, ҚБ және т. б. ) өсіріледі. Алынған субстанция тәжірибелік жануарларға енгізіледі. Егер кестенің деректеріне сәйкес нәтиже алынса диагноз расталған болып саналады.
Жыл сайынғы жаппай вакцинациялау ірі қара мал нодулярлық дерматитінің алдын алудың жалғыз жолы болып табылады.
Тиімді препараттарды қолдану және дезинфекциялау шараларын сақтау жағдайында нодулярлық дерматит вирусын жұқтырған жануарларды емдеу әбден мүмкін. Вакцинациялау, аурудың алдын алу ретінде ұсынылады. Вакцина жануарларды вирустан қорғауға ғана емес, оның таралуына қарсы тұруға көмектеседі. Барлық ірі қара мал басын жынысы мен жасына қарамастан, нодулярлық дерматитке қарсы вакцинациялау қажет. Осылай болған жағдайда иммунитеттің ұзақтығы 12 айға жетеді.
Алдын алу
Ірі қара малдың нодулярлық дерматитінің алдын алу үшін «Neethling-RIBSP» штаммынан ІҚМ нодулярлық дерматитіне қарсы вакцинаны қолдану ұсынылады. Вакцинаны 2 см 3 дозада бір рет малдың жасына қарамастан мойынының ортаңғы үштен бір бөлігінің аумағына тері астына енгізеді.
Ауру бойынша сәтсіз аумақтарда вакцина жыл сайын қолданылады. Мал басын егу көктемде жүргізіледі. Егілген малдардан алынған бұзауларға 6 айлық жастан бастап вакцина енгізіледі. Егілмеген малдардан алынған бұзауларға вакцинаны кез келген жаста енгізеді.
Вакцина бір реттік иммундаудан кейін ұзақтығы кемінде 12 ай препаратты қолданғаннан кейін 21 тәуліктен бастап ІҚМ жұ қарсы белсенді иммунитеттің пайда болуына ықпал етеді. Құрсақ сиырларды бір рет иммундайды.
Вакцина препаратты енгізген жерде жекелеген жануарларда шамалы ісіну түрінде пайда болатын жергілікті реакцияны тудыруы мүмкін. Жануарлардың бөлігінде дене қызуының жалпы жағдайы қанағаттанарлық және тәбеттің сақталуы кезінде 1-2 тәулік бойы 39, 5 ºС дейін қысқа мерзімді көтерілуі мүмкін.
Егілген жануарлардың еті қандай да бір реакциялар болмаған жағдайда шектеусіз пайдаланылады. Вакцина егілген жерде реакция болған жағдайда, етті кемінде 14 тәуліктен кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Қалған жағдайларда сойылатын жануарларды ветеринариялық тексеру және ет пен ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау ережелерін басшылыққа алған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz