Жоғары температураның жалпы әсері


№6 дәріс
Тақырыбы:
Соттық ветеринариялық травматология
Мақсаты мен міндеттері: жоғары және төменгі температураның жергілікті және жалпы әсерінен болған зақымдар сараптамасын білу.
Дәріс жоспары:
1. Жоғары температураның жергілікті және жалпы әсері
2. Күйіктер
3. Күйіктік ауру. Күйіктің ақыры
4. Төменгі температураның жергілікті және жалпы әсері
5. Организмнің жалпы салқындауынан болған өлім, өлекседегі оның белгілері
6. Үсу, оның дәрежелері, морфологиялық сипаты
Түйін сөздер:
Жоғары температура, төменгі температура, күйік, күйіктік ауру, үсік.
Негізгі және қосымша әдебиет:
- Нұрғазы Б. Ө. Соттық ветеринария. Алматы, Дәуір, 2013, 161-168 бет.
- Жаров А. В. Судебная ветеринарная медицина. Москва, Колос, 2001, 19-22 бет.
- Кокуричев П. И., Добин М. А. Основы судебно-ветеринарной экспертизы. М:Колос, 1977, 31-45 бет.
Дәрістің мазмұны:
Жарақат (грек. trauma - жара) немесе зақымдану деп, жануардың денсаулығының бұзылуына немесе өліміне алып келетін, сыртқы немесе ішкі ортаның қандай да бір патогенді факторларының әсерінен ұлпалар мен мүшелердің құрылымдық-қызметтік тұтастығының кез келген бұзылуын атайды.
Травматология - бұл зақымдар туралы ілім.
Жоғары температураның жалпы әсері
Ыстық өту - организмнің дене температурасының 41-42°С көтеріліп, жалпы қызып кетуі (өлім жүрек-қан тамырлардың жіті жеткіліксіздігінен орын алады) .
Күн өту - күн сәулесінің мидың қызып кетуін тудыратын басқа тікелей әсер етуі (өлім орталық жүйке жүйесінде жіті бұзылу үдерістерінен болады) .
Ыстық өтудің себептері: қоршаған ортаның жоғары температурасы жағдайында ұзақ уақыт болу, демалыссыз ауыр жұмыс атқару, жануарларды жабық көлікте тасымалдау, вентиляциясы нашар тар қорада көп мал басының шоғырлануы және мал организмі денесінің оптималді температурасын ұстай алмайтын басқа да көптеген факторлар.
Күн өтудің себебі - ыстық желсіз күнде, жасырынатын көлеңке жер жоқта, ұзақ уақыт күн сәулесінің тікелей әсерінде болу.
Ыстық өту мен күн өтудің белгілері ұқсас келеді.
Ыстық пен күн өтудің клиникалық белгілері: дене температурасы қысқа мерзімге 43-45˚С көтеріледі, жануар аздап есінен танады, әлсірейді, тыныс алуы жиілейді, жүрек жұмысы нашарлайды. Жүйке жүйесінің қысқа мерзімді қозуынан кейін жануар есінен танып, күйзеліске ұшырайды. Жануар аяғын алшақ басып, сүріне береді, тәлтіректейді, терлейді, жанарында үрей пайда болады. Кілегейлі қабықтар бастапқыда бозғылт болып, кейін көкшіл-қызыл түсті болады. Демікпе п. б., жүрек қызметі баяулайды, қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы әлсірейді. Құрысу пайда болуынан мал тұншығудан және жүрек қызметінің бұзылуынан өледі.
Ыстық өткеннен өлген мал өлексесін сойып-зерттегенде: өлексе баяу салқындаған, қаны нашар ұйыған, сіресу мен ыдырау жылдам дамыған; жалпы веналық гиперемия, ми мен қабықтардың домбығуы; эпикард, плевра астында қанталаулар, бұлшық еттердің құрғақтығы; кейде - өкпенің домбығуы.
Күн өткендегі аутопсия көрінісі: ми мен қабықтардың гиперемиясы, мидың домбығуы, жұмсаруы, ішкі мүшелердің толыққандылығы.
Сарапшы ыстық өту мен күн өтудің белгілері ұқсас болуына қарамастан, олардың арасындағы айырмашылық - біріншісінде дененің жалпы қызуы, ал екіншісінде - күн сәулесінің әсерінен негізінен мидың қызуы болатының ескеруі керек. Бұл кезде ми мен оның қабықтары қанға қатты толып, ми жұмсарады.
Термиялық күйіктер жергілікті әсерден: жалынның, ыстық ерітінділердің, шайырдың, газдардың, будың, қызған заттардың және т. б. әсер етуінен пайда болады. Ыстық газдармен дем алса тыныс алу жолдары зақымдалады. Жануарларда күйік өрт болғанда, табанына таға салғанда, таңба салғанда және т. б. болады.
Соттық тәжірибеде күйіктің көзін табу маңызды. Сұйықтықтардан болған күйіктерге сұйықтықтың аққан ізі қалады, және ол дененің басқа бөліктеріне түскенін көруге болады. Жалыннан болған күйікте күйенің іздері сақталады, түктерді күйік шалады; зақымдар жалынның жолында орналасады. Дененің 40% күйік шалса, мал өледі. Пісіп қалу ұсақ малда ыстық азықты жегенде жиі байқалады, бұл кезде күйіктер ауыз қуысының, өңештің, қарынның кілегейлі қабығында болады. Дененің 1/3 бөлігінің пісіп қалуы өлім тудырады.
Күйіктердің орналасуы кейде күйген кезде малдың жатысы жөнінде пікір айтуға көмектеседі.
Жоғарғы температураның әсерінен болған жергілікті өзгерісті күйік деп атайды. Оның 4 сатысы болады.
Бірінші сатысы ( гиперемиялық ) - терінің қызарып, ісінуімен сипатталады. Гиперемия, ісіну, ауырсыну белгілері біршама уақытқа созылады. Терінің түгі сақталады.
Екінші сатысы ( қабыну ) - қызарған және қатты ісінген теріде көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады. Көпіршіктің ішіндегі сұйықтық мөлдір, кейде көмескі, құрамында лейкоциттер көп болады. Күйіктің бұл сатысында түк жабыны түгел жойылады.
Үшінші сатысы - терінің қабыршақтанып некроздалуымен сипатталады. Қабыршақ қатты, күрең-қоңыр немесе қоңыр түсті. Бұл сатыдағы күйік өте баяу жазылады. Жазылғаннан кейін бұл жерде пигментсіз және жүнсіз тыртық қалады. Терінің табиғи қатпарларындағы күйіктер аяқ-қолдың қимыл-қозғалысын бұзады.
Төртінші сатысы - ұлпаның некроздануымен және көмірленуімен сипатталады.
Күйікте күйіктік ауру дамиды, бұл кезде өлім шоктан, ыдырау өнімдерден уланудан (токсемия), инфекцияның қосылуынан (сепсис) болады.
Өрт кезінде болған өлім себебін анықтау
Сарапшы тәжірибесінде қылмысты жасыру үшін қылмыскер мал өлексесін өртеген жағдайлары орын алып тұрады. Осы себепті мал өртке дейін тірі болғанын және өрт кезінде өлгенін анықтаудың маңызы зор. Малдың тірі болғандығының белгілері:
1. Зақымдардың болмауы.
2. Тыныс алу жолдары мен өкпеде күйенің болуы.
3. Тыныс алу жолдарында күйген ошақтардың болуы.
4. Қанда көміртек тотығының (карбоксигемоглобин) болуы.
Соттық ветеринариялық тәжірибеде суықтың әсерінен пайда болған зақымдардың ішіндегі ең маңыздысы жалпы салқындаудан туындаған өлім. Мұндай жағдай шаруашылықта жануарға, әсіресе төлге (бұзау, қозы) дұрыс жағдай жасамағаннан пайда болады. Сонымен қатар суықтың жалпы әсерінен өлген жануар денесінде зақымдану белгілері болмайды.
Жалпы салқындау жаңа туылған төлде температурасы төмен суық қорада, малдың жүнін қырқудан кейін, салқын жаңбырда, қар жауғанда, қатты жел тұрғанда және т. б. орын алуы мүмкін. Сыртқы мүшелер үсікке жиі шалдығады: еркек малдың жыныс мүшесі, жылқының астыңғы еріні; сиырда желін емізіктері; сирақтары, құйрығы, құлақтары және т. б. Мал боранда, әсіресе аш, жүдеу болса өледі.
Клиникалық белгілері: бұлшық еттердің дірілдеуі, жүрісінің өзгеруі, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясының болмауы, дене температурасының төмендеуі, перистальтиканың тыйылуы, тыныс алу мен қан айналымының әлсіреуі. Өлім дене температурасы +20 . . . +25°С-ға дейін төмендегенде орын алады.
Суық бүкіл организмге әсер еткенде жылуды бөлу күшейеді. Жылуды өндіру жылуды бөлудің орнын толтырмайды, осы себепті жылуды реттеу механизмі бұзылады да, дененің температурасы төмендейді. Жануар қатты әлсірейді, тез шаршайды. Кейіннен температураның төмендеуінен жануарды ұйқышылдық басады. Организмнің төзімділігі төмендейді, барлық қызметтері сөне бастайды да, мал өледі. Өлім дененің салқындауынан болады, ал кейін өлексе мұздайды (яғни мұзға айналады) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz