Асфиксияның себептері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
№7 дәріс
Тақырыбы: АСФИКСИЯДАН БОЛҒАН МАЛ ӨЛІМІН СОТТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ
Мақсаты мен міндеттері: асфиксиядан болған мал өлімінің сараптамасын білу.
Дәріс жоспары:
1. Асфиксия жөнінде түсінік
2. Асфиксияның клиникалық көрінуі
3. Асфиксияның негізгі патоморфологиялық белгілері
4. Байлауда, желдетілмейтін қорада, өңеш пен кеңірдектің бітелуінен, өкпесі қабынғаннан, суға кетіп, тұншығып өлген мал өлімін соттық ветеринариялық сараптау
Түйін сөздер:
Асфиксия, странгуляциялық, аспирациялық, компрессиялық, странгуляциялық атыз, Тардье дақтары.
Негізгі және қосымша әдебиет:
1. Нұрғазы Б.Ө. Соттық ветеринария. Алматы, Эпиграф, 2017.
2. Жаров А.В. Судебная ветеринарная медицина. М., Колос, 2003.
3. Кокуричев П.И., Добин М.А. Основы судебно-ветеринарной экспертизы. М: Колос, 1977.

Дәрістің мазмұны:
Асфиксия (немесе тұншығу) деп ауаның (оттегінің) баяу келуінің немесе мүлдем келмей қалуының нәтижесінде организмде газ алмасу үдерісінің бұзылуын және көмірқышқыл бөлінуінің бөгелуін айтады.
Ауаның өкпеге баруына тосқауыл болатын кез-келген кедергілер өкпелік тыныстануды әлсіретеді. Нәтижесінде, ауаның өкпе арқылы қанға өтіп торшаларға жеткізілуі тоқтайды. Гемоглобин мөлшері азайып, қандағы оттегі мөлшері жеткіліксіз болғандықтан асфиксия туындайды.

Асфиксияның себептері:
1) Тыныс алуға механикалық бөгет (жоғары тыныс алу жолдарының бітелуі, экссудативтік плеврит, екі жақты пневмоторакс және т.б.);
2) Қанның тотығу қабілетін төмендететін улар (көміртек тотығы, синиль қышқылы), өкпенің тыныстанатын көлемін азайтатын (екі жақты пневмония, өкпенің домбығуы және т.б.).

1) Зорлықтан - сыртқы әсерден (мойынның қысылуы, ауыз бен мұрының жабылуы) - механикалық асфиксия.
2) Зорлықсыз - әртүрлі аурулардан (жүрек ақауларынан, өкпенің көлемді зақымдалуынан, мидың анемиясынан, метеоризмнен, тимпаниядан, токсикалық әсерден, сепсистен және т.б.).

Асфиксия механизмінде ең бастысы - жүйке жүйесінің, әсіресе мидың қызметінің бұзылуы.

Асфиксияның басты клиникалық белгілері
Тыныстанудың бұзылуы немесе мүлде тоқтауы, жүрек-қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы, бұлшықет жұмысының әлсіреуі, жүйке-жүйесінің зақымдалуы. Тыныстану тоқтағанның алғашқы сәтінде асфиксия белгілері білінбейді, организмде тек көмірқышқыл жиналады - бұл асфиксия алды кезең.
Тыныстанудың қысқа мерзімді тоқтау кезеңі 30-50с созылады. Жиналған көмірқышқыл сопақша ми мен жұлынның тыныстану орталығын қоздырады. Көмірқышқылдың жиналуынан және жұлынның қатты қозуынан тыныстану жиілейді, жануар қарқынды әрі терең дем алады, оның дем тартуы демін шығаруға қарағанда күшейеді де инспираторлық ентігу байқалады.
Бірер минуттан кейін дем шығару дем тартудан үдеп экспираторлық ентігу басталады. Секундтар арасында бұл кезең дірілдеген ретсіз тыныстану қимылдарына ұласады. Терминалды (ақырғы) тыныстану қозғалыстар кезеңі қысқа әрі терең дем тартудан кейін үзілістің пайда болуымен (пауза) сипатталады; қан қысымы қатты төмендейді. Терминалды тыныстану 1 ден 5-7 минутқа дейін созылады. Осыдан кейін асфиксия кезеңі басталады.
Тыныстану тоқтағанмен жүректің әлсіз жиырылуы бірер минутқа созылуы мүмкін. Алайда егер де тыныстану қайта жанданбаса, жүрек қызметі мүлдем тоқтайды. Артынша клиникалық өлім, ал 5-6 мин. кейін орталық жүйке жүйесінің салдануынан биологияық өлім басталады.
Асфиксия басталысымен жүрек пен қан тамырларда өзгерістер байқалады. Қалыпты жағдайда қанның өкпеден өтуі, жүректің оң жақ қарыншасы мен тыныстану қозғалыстары арқылы жүзеге асады. Әр дем алған сайын тыныстану жолдары мен қуыстар және ондағы қан тамырлар кеңейіп, жүректен қан сорылады. Ал дем шығарған кезде капиллярлар жиырылып, қан сол жақ жүрекше мен қарыншаға итеріледі.
Тыныстанудың бәсеңдеуінен немесе тоқтауынан өкпеде қан айналымы бұзылады: оң жақ қарынша бүкіл қанды өкпеге итере алмайды. Инспираторлық ентігуден өкпе қанға толады, әрі одан босатылуы қиынға соғады. Осыған байланысты жүректің оң жағы қанға толады. Жүректің веналық қантамырлары да қанға толады. Мұны күре тамырдан жақсы көруге болады. Сонымен қатар бастың тамырлары да қанға толады. Қанның түсі күрең-қызыл, реңі көкшіл, яғни асфиксиялық. Оны малдың кілегейлі қабықтарының көгеруінен біледі, асфиксияның ең айқын белгісінің бірі - цианоз (көгеру).
Бастапқы кезде жүрек соғысы баяулайды, артериялардағы қан қысымы төмендейді, алайда экспираторлық ентігу кезеңінде ол қайта жоғарлайды. Барлық веналар мен капиллярлар қанға толады, жүректің оң жағында көп мөлшерде қан жиналады, алайда оны өкпеден өткізуге күші жетпейді. Жүрек жиі жиырылып, қан қысымы төмендейді. Алдындағы жұмыстан қажыған, асфиксиялық қанмен қамтамасыз етілген жүрек қызметі нашарлайды, бұл тыныстанудың үзіліс фазасына сәйкес келеді.
Терминалды ретсіз тыныстану кезеңінде, өкпеден қанның бір бөлігі ғана өткенде, жүрек қызметі жиілейді де, одан соң әлсірей бастайды. Тыныстану біржола тоқтағаннан кейін жүрек біртіндеп әлсіреп, тоқтайды. Тыныстану тоқтаған соң жүрек қызметі кейде 30 минутқа созылуы мүмкін.

Асфиксияның негізгі патологиялық морфологиялық белгілері:
1. Қан сұйық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эзофаготомия (oesophagotomy) — өңеш қабырғасын зерттеу, бөгде денелерді жою немесе қандай да бір құралдарды енгізу үшін таратудан тұратын хирургиялық операция
Гипоксия мен туы жарақаттарының себептері. Асфиксиямен туылған нәрестелерге көрсетілетін негізгі шұғыл көмек шаралары.
Балалар аурулары туралы
Жақ-бет аймағыжарақаттанған науқастарға көмек көрсету
Механикалық асфиксия
Механикалық асфиксия кезіндегі ағзадағы патологиялық өзгерістер
Механикалық асфиксияның жіктелуі мен белгілері
Клиникалық өлім жағдайындағы (шок, коллапс, талу, тұншығу, күн өту, ыстық өту) жануарларға алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Көмей қызметі
Сынықтардың асқынулары
Пәндер