Сау аймақ - малдың жұқпалы ауруларынан таза аймақ


№8 дәріс
Тақырыбы:
Инфекциялық және инвазиялық патологияда мал сараптамасы
Мақсаты мен міндеттері: дұрыс азықтандырылмағаннан, бағылып-күтілмегеннен, пайдаланбағаннан туындаған жануарлар ауруларының сараптамасын білу.
Дәріс жоспары:
1. Инфекциялық ауруларға қарсы күрес мәселесі бойынша соттық-ветеринариялық сараптама жүргізу.
2. Оқшаулау шараларының бұзылуы.
3. Малды тасымалдау ережелерінің бұзылуы.
4. Инфекцияның адамдар арқылы таралуы.
Түйін сөздер:
Инфекция, инвазия, карантин, тасымалдау, соттық ветеринариялық сараптама.
Негізгі және қосымша әдебиет:
- Нұрғазы Б. Ө. Соттық ветеринария. Алматы, Эпиграф, 2017.
- Жаров А. В. Судебная ветеринарная медицина. М., Колос, 2003.
- Кокуричев П. И., Добин М. А. Основы судебно-ветеринарной экспертизы. М., Колос, 1977.
Дәрістің мазмұны:
Инфекция және инвазия - олардың көздері, жұғу және таралу жолдары, өтуі және ақыры табиғи құбылыстар ретінде объективті заңдылықтармен анықталады.
Әрбір инфекциялық және инвазиялық аурудың көзі, қоздырушысының жұғу және таралу жолдары бар. Бірақ кез келген жағдайда аурудың объективті заңдылықтарымен қатар субъективті заңдылықтары да болады. Ғылым мен тәжірибенің замануи жетістіктерінің негізінде адам аурудың алдын алады немесе таралуына жол бермейді және олардан келетін әлеуметтік-экономикалық шығынды болдырмайды.
Жануарлардың инфекциялық және инвазиялық ауруларына қарсы профилактикалық немесе емдік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуіне, бұзуына не жүргізбеуіне байланысты осы аурулардың таралуына күдікті не кінәлі заңды немесе жеке тұлғалар жауапқа тартылады. Мұндайда соттық-ветеринариялық сараптама жүргізу қажеттілігі туындайды.
Соттық талап қою немесе әкімшілік жаза беру мына жағдайларда жүзеге асырылады:
1) оқшаулау іс-шаралары бұзылғанда;
2) жануарларды тасымалдау ережелері бұзылғанда;
3) ауру қоздырушысы тікелей адам арқылы таралғанда;
4) ауру малды оқшаулау кезінде ветеринария маманының нұсқаулары орындалмағанда;
5) жоспарлы диагностикалық зерттеулер мен сақтандыру егулерді жүргізуден бұлтарғанда;
6) мал өлекселерін жинастыру және утильдеу (қайта өңдеу) ережелері бұзылғанда;
7) дезинфекция жүргізудің инструкциясы бұзылғанда;
Карантин (оқшаулау) - эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.
Малды ветеринариялық қарау - ветеринариялық дәрігер, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор мал денсаулығының жалпы күйін анықтау мақсатында клиникалық тұрғыда қарайды;
Малды карантинге қою - диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық өңдеу жұмыстарын жүргізу мақсатта жаңадан келген, әкелінген, сатып алынған, шығарылатын малды бөлек ұстау;
Сау аймақ - малдың жұқпалы ауруларынан таза аймақ;
Сау емес аймақ - малдың жұқпалы аурулары тіркелген аймақ.
Ветеринария саласындағы заңнамаға сәйкес аурудың сипаты мен жасырын кезеңнің ұзақтығына қарай карантин мерзімін, карантиндік аймақтың шекарасын және инфекциялық ауруды жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі анықталады. Егер ауру адам өміріне қауіп төндірсе, онда карантиндік іс-шаралар медициналық санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Ауру жануарлар инфекцияның негізгі көзі болғандықтан, оларды дер кезінде сау мал басынан оқшаулау жұқпалы аурудың таралуына жол бермейді. Ветеринариялық дәрігерлер өздеріне бекітілген аймақта жұқпалы ауруларға қарсы емдік-профилактикалық іс-шараларды, соның ішінде ауру малды оқшаулау шараларын жүргізеді. Жұқпалы аурумен ауырған малды міндетті түрде оқшаулау жөніндегі ветеринария қызметкерінің нұсқамасын шаруашылықтың жетекшілері және мал иелері орындауға міндетті.
Ауру малды оқшаулау бойынша ветеринария қызметкерінің жарлығын орындамаған, ветеринариялық-санитариялық ережелер мен инструкцияларды бұзған және осыған байланысты материалдық шығын келтірген мал иелері - заңды және жеке тұлғалар ҚР «Ветеринария туралы» Заң актiлерiне сәйкес жауапты болады. Айыппұл салу не өзге де жаза қолдану кiнәлi тұлғаларды ҚР азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен залалды өтеуден босатпайды.
Карантиндік немесе шектеу іс-шараларды бұзған немесе орындамаған тұлғалар әкімшілік не соттық жауапқа тартылады немесе ҚР ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша айыппұл төлейді. Экономикалық немесе моральдық шығынның көлеміне және салдарына, бұзушылықтардың себебіне (білмегендіктен, немқұрайдықтан, қасақана жасаған іс-әрекеттен) байланысты жазаны сот, әкімшілік органдар, карантиндік немесе шектеу іс-шараларды жүргізуге жауапты ауданның бас ветеринариялық инспекторы тағайындайды.
2. ҚР «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жануарлардың тасымалдануы немесе айдалуы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарымен келісілген маршрут бойынша жүргізіледі. Бұл кезде жануарлар ауруларының алдын-алу ережелері сақталуы керек.
Жануарлар автомобиль, теміржол, су және әуе көлігі, сонымен қатар айдау арқылы тасымалданады. Жануарларды ауданның, облыстың, өлкенің немесе мемлекеттің бір фермасы мен шаруашылығынан басқасына тасымалдау үшін арнайы нормативтік талаптарға сай жабдықталған көліктер қолданылады.
Жануарларды, сонымен қатар жануар текті өнімдер мен шикізатты тасымалдау, жануар денсаулығын немесе шикізат пен өнім тазалығын және өңірдің жұқпалы аурудан аман екендігін растайтын, белгіленген үлгідегі ветеринариялық куәлік (сертификат) болғанда ғана рұқсат етіледі. Оны жеке және заңды мал иелеріне қызмет ететін ветеринариялық дәрігер немесе фельдшер береді.
Ветеринариялық куәлік (сертификат) бланкісі қатаң есептік құжат болып табылады және оны мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарының рұқсаты бойынша куәлік беруге құқығы бар ветеринария маманы ғана бере алады. Ветеринариялық куәлікті тиісті мекеменің мөрі мен ветеринариялық дәрігер қолының болуы ғана растайды.
Жануардың, оның өнімдерінің және шикізаттын тасымалдануына жолсерік (проводник) немесе мал иесі жауапты. Олар малды тиеуге, азық-сумен қамтамасыз етуге, сонымен қатар көліктік ветеринариялық дәрігердің малды дер кезінде қарап шығуына, жол бойы мал-мүлік амандығына жауап беруге міндетті.
Жануарларды жөнелту алдында ветеринариялық дәрігер оларды тексеріп, ветеринариялық куәлікке тіркейді. Жолда ауырған жануарлар анықталса, ол жөнінде шығарып салушылар ветеринария қызметкерлеріне хабарлайды. Ветеринариялық дәрігер емдік-профилактикалық іс-шаралар жүргізеді (акт толтырады), қажет болған жағдайда жануарларды көліктен түсіріп алып, ауруды жою мақсатында станциядан тыс жерде карантинге қояды.
Аурудың сипатына байланысты (зооантропонозға күдік туғанда) профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін көліктік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалауды және аймақтық ветеринариялық қызметті ескертеді. Жануарлар өлімі орын алған жағдайда өлексені көліктен түсіріп алып, жақын маңайдағы көліктік ветеринариялық пунктте топалаңға тексергеннен кейін, сойып-зерттейді. Жануарлар өлімінің себебін анықтау мақсатында сойып-зерттеу хаттамасы толтырылады. Өлекселерді утильдейді.
Жануарлар ветеринариялық куәліксіз тасымалданып, ал өздері жұқпалы аурудың көзі болған жағдайда, жануарларды, жануар текті өнімдер мен шикізатты тасымалдау ережелері бұзылды деп есептелінеді. Мұндай жағдайда жұқпалы аурудың таралуына кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады.
Соттық органдардың шешімі бойынша ветеринариялық дәрігерлер соттық іс материалдарының сараптамасын жүргізуге шақырылады.
Ветеринариялық құжаттарды беру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа ветеринариялық дәрігерлер де тартылады.
Соттық іс қозғалған жағдайда инфекция көзін, оның таралу жолдарын, аурудың таралуына кінәлі немесе күдікті адамдарды табу қиынға соғады. Бұл кезде аурудың таралуына кінәлі тұлға аурудың таралу қауіпін біле тұра әдейі таратқаны немесе абайсызда таратқаны туралы айғақтар болуы керек. Барлық жағдайда тергеу және сот органдары инфекцияның енуіне және таралуына, одан болған әлеуметтік-экономикалық шығынды анықтауға байланысты туындаған сұрақтарға қорытынды алу мақсатында ветеринариялық дәрігерді сарапшы ретінде тартады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz