Дәрігерлік қателіктер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

№9 дәріс

Тақырыбы: Соттық ветеринариялық деонтология

Мақсаты мен міндеттері: ветеринариялық дәрігерлердің кәсіби қызмет бұзушылықтарын білу.

Дәріс жоспары:

1. Ветеринария саласында кәсіби қызмет бұзушылықтар

2. Ветеринария маманының кәсіби іс-әрекетіне қылмыстық, әкімшілік және материалдық жауапкершілігі

Негізгі және қосымша әдебиет:

  1. Нұрғазы Б. Ө. Соттық ветеринария. Алматы, Дәуір, 2013, 339-344 бет.
  2. Жаров А. В. Судебная ветеринарная медицина. Москва, Колос, 2001, 19-22 бет.
  3. Кокуричев П. И., Добин М. А. Основы судебно-ветеринарной экспертизы. М:Колос, 1977, 31-45 бет.

Дәрістің мазмұны:

Соттық деонтология - дәрігерлік этиканың бір бөлігі, емдеу тиімділігін жоғарылатуға бағытталған лайықты мінез-құлық көрсету принциптері.

Дәрігерлер өздерінің кәсіптік жұмыс барысында науқастармен ғана емес, сонымен қатар бір-бірімен де белгілі бір қарым-қатынас жасайды. Бұл қатынастар әрқашанда ізгі ниетті және жолдастық болып, бір-бірін құрметтеу мен өзара сенімге негізделуге тиіс. Өзгелердің пікірі мен диагнозына парасаттылықпен қараудың болмауы, өркөкіректік, әріптестерінің іскерлік кеңесіне құлақ асқысы келмеу науқасқа зиян келтіреді.

Ветеринария қызметтерінің құқық бұзыушылықтары

Кез-келген басқа қызметкердің қызметіндегі сияқты ветеринариялық дәрігердің тәжірибелік қызметінде де әр түрлі қателіктер мен олқылықтардың кездесуі мүмкін. Олар көбінесе ветеринариялық білімнің, диагноз қою мен емдеу әдістерінің жетілмегендігіне байланысты орын алады.

Ветеринариялық қызметкерлердің кәсіптік қызметіндегі алуан түрлі құқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді негізінен мынадай топтарға бөлуге болады:

1) қызметке байланысты қасақана істеген қылмыстар;

2) абайламай жасалған әрекеттер;

3) дәрігерлік қателіктер;

4) жазатайым оқиғалар.

Ветеринариялық қызметкерлер қасақана қылмыстар жасаған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады, сондай-ақ олардың мемлекеттік және қоғамдық мүдделерге елеулі нұқсан келтірген немесе азаматтардың денсаулығына зиян келтірген абайламай жасалған әрекеттері үшін де жауапқа тартылуы мүмкін.

Басқа жағдайларда дәрігерлерді әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту көзделеді.

1. Қызметке байланысты қасақана жасалған қылмыстар:

1) індеттермен күресу ережелерін бұзу;

2) малға рұқсат етілмеген тәжірибелер жасау, осының салдарынан аурудың таралып кетуі;

3) қатты әсер етуші улы заттарды сақтау және оларды тарату ережесін бұзу;

4) билігін немесе қызмет жағдайын, қызмет мүддесіне қайшы келетін тұрғыдан пайдаланып, жалған құжаттар мен куәліктер беру.

Лауазымды адамның пайдакүнемдік мақсатпен немесе өзге де қара басының қамы үшін ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу, оны қолдан жасауы, өшіріп тастауы немесе мерзімін өзгертуі. Сондай-ақ жалған құжаттар жасап беруі қызметтегі арамзалыққа жатқызылады.

Қызметтегі арамзалыққа тағы жалған анықтама, куәлік, сертификат беру, статистика мәліметтерін бұрмалау, арнайы ветеринариялық құжаттарды дұрыс жазбау және т. б. жатады.

Қызмет жағдайын пайдаланғаны үшін, пәра алғаны үшін, қызметтегі арамзалық үшіт ветеринария мамандары айып төлейді, түзелу жұмыстарына жәберіледі немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

2. Абайламай жасаған іс-әрекеттер

Адамның нақты жағдайда өз мінез-құлқының қоғамға қауіпті болатынын біле тұрып, оның алдын алуға мән бермеуі немесе оны білуге тиіс болса да, мүлдем бейхабар болуы, сөйтіп әрекет етуі немесе әрекет етпеуі абайламай жасалған қылмыс деп түсініледі. Кінәлі адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің салдарынан қоғамға қауіп төнетінін біліп, бірақ оны болғызбауға жеңіл-желпі, мән бермей қараған өркөкіректік көрсету себепті немесе оның мұндай зардаптарға ұшырататынын білуге тиіс болса да, оны аңғармаған салдыр-салақтығы себепті абайламай қылмыс жасауы мүмкін.

Дәрігерлердің абайламай немесе салдыр-салақтықпен істеген әрекеттері көбінесе қызметтегі қылмыс немесе немқұрайлылық деп бағаланады. Құжаттарды салақтықпен толтыруынан да немқұрайлылық байқалауы мүмкін.

3. Дәрігерлік қателіктер

Дәрігерлердің арам ойсыз, байқамай адасуы дәрігерлік қателік деп түсініледі. Оған ветеринариялық білімінің жеткіліксіздігі, диагностика және емдеудің жетілмегендігі, қиын және қолайсыз жағдайдға жұмыс істеу себеп болуы мүмкін.

Дәрігер қасақана немесе абайламай (салақтықпен, менменсіп) әрекет жасамағанда ғана оны қателескен деуге болады.

Дәрігерлік қателіктер ішінен диагноз қою және емдеудегі қателіктерді атап көрсетуге болады. Диагноз қоюдағы қателіктер білімнің жетілмегендігі, дәрігерде қажетті құралдардың болмауы, тексеру үшін уақыттың жеткіліксіздігі, аурудың белгілерсіз немесе ауытқып өтуі, дәрігер даярлығының жеткіліксіздігі және тәжірибесінің болмауы салдарынан орын алуы мүмкін.

Емдеудегі қателіктер диагноз қоюдағы қателіктерден сирегірек кездеседі. Ірі қан тамырларын, кесел жолдарын, жүйке талшықтарын байқамай кесіп жіберу, қан тамырларын байлайтын жіптің кесіліп немесе сырғып кетуі және басқа да техникалық қателіктер тәжірибеде жиі кездеседі.

4. Жазатайым оқиғалар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина тәжірибесі
Биомедицинская этика
Құпиялық қағиданы бұзған үшін медицина қызметкерлерінің жауапкершілігі
Дәрігердің әріптестерімен коммуникативтік дағдысын бағалау әдісі
Ятрогения, дәрігерлік қателер
Дәрігердің коммуникативті компетенттіліксізділігіне құқықты жауаптылығы
Медициналық қылмыстық құқық бұзушылық саласындағы қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметін орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы
Алғашқы орындағы фармацевттің негізгі қателіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz