Кәсіби күйзелістің нәтижесі ретіндегі күйзеліс синдромы және оның белгілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда медициналық жоғары колледжі

Мамандық 09130100 Мейіргер ісі
Біліктілік:5АВ0910101 Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Психикалық аурумен ауыратын пациенттермен жұмыс жасайтын мейіргерлерде күйзелістің кездесу жиілігіне шолу

Орындаған: Бисембаева З.С ________________

Тобы:ҚБ-51 топ студенті

Ғылыми жетекшісі:Жумагулова С.Б. ________________

Атқаратын қызметі:Арнайы пән оқытушысы

Қызылорда 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
КІРІСПЕ
І ТАРАУ.ТАРИХТАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ КҮЙЗЕЛІС және ЭМОЦИОНАЛДЫҚ КҮЙЗЕЛІС ТҮСІНІКТЕРІ
0.1. Психосоматикалық аурулар - мәселенің заманауи жағдайы
0.2. Кәсіби күйзелістің нәтижесі ретіндегі күйіп кету синдромы және оның белгілері
0.3. Эмоционалдық күйзелісден өту және оның алдын алу
ІІ ТАРАУ.ЗЕРТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДАРЫ
2.1.Психикалық аурумен ауыратын пациенттермен жұмыс жасайтын мейіргерлерде күйзелістің кездесу жиілігіне жүргізілген зерттеу нәтижелерін бағалау
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

Кіріспе
Тіркес сөздер: эпилепсия,пациент,бақылау және күтім,мейіргерлік күтім,шетелдік зерттеулер.
Тақырыптың өзектілігі: Кәсіби күйзеліс, эмоциялық күйіп кету синдромы, реанимация бөлімшесінің медбикесі,эмоциялық сарқылу, деперсонализация, Maslach Burnout Inventory (MBI) сауалнамасы, анестезиология және реанимация, кәсіби күйзеліс, шаршау.
Зерттеудің өзектілігі: Психикалық факторлардың соматикалық аурулармен өзара байланысының өзектілігі соңғы онжылдықта өсіп келуде. Кейбір авторлардың пікірі бойынша, адам ағзасына тұрақты стресстің ықпалы органикалық және функционалдық бұзылыстардың дамуында жетекші рөлді атқарады..[1]
Әлемде: Еуропа мен Латын Америкасындағы терапевт-дәрігерлердің эмоциялық күйзеліс деңгейі, әр түрлі зерттеушілердің бағалауы бойынша, 20%-дан 45%-ға дейін түрлендірілген.[12] АҚШ-тағы интерндердің сауалнамасы бойынша, бұл көрсеткіш 75%-дан асады [13].
Еуропада: 2013 жылыMion G., Libert N., Journois D. атты зерттеушілерөз жұмысында Франциядағы анестезиология және қарқынды терапия бөлімдерінің қызметкерлері арасында эмоционалдық күйзелісдің дамуына әсер ететін факторларды анықтады. Талдау жүргізу үшін MBI шкаласы қолданылды. Зерттеу аясында 1603 сауалнама талданды: 1091 анестезиолог (67,6%), 241 - қарқынды терапия бөлімшелерінің жұмысшылары (14,9%), 204 медбикелер (12,6%), 45 шұғыл медициналық көмек дәрігерлері (2,8%), ағамедбикелер 10 (0,9%). Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің жартысынан көбінде эмоциялық күйзеліс белгілері табылды. Зерттеу шеңберінде алынған деректер негізінде зерттеушілер күйзеліс қаупі көп төнетін мамандар қызметтен жиі кетеді деген қорытынды жасады[14].
АҚШ-та:АҚШ-тағы анестезиологтардың эмоциялық күйзеліс мәселесінde Oliveira G.S. Jr. et al. зерттеген (2013). Сауалнама 2773 анестезиологқа жіберілді. Оның мазмұны демографиялық факторларды, күйзелісді, жабығуды (HANDS жабығу шкаласы бойынша), анестезиологиядағы кәсіби қызметінің сапасын, респонденттің дәрігерлік қызмет барысындағы өздері тіркеген қателіктерін бағалайтын 5 бөліктен тұрды. Авторлар 1508 жауап алды, бұл барлық жіберілген сұраныстардың шамамен жартысын құрады. Сауалнамаға жауап берушілердің 41% (1417-нің 575-і) күйзеліс қаупіне аса берілген, ал олардыңжұмыс аптасы 70 сағаттан артық, апта ішінде тұтынған алкогольді сусын мөлшері үлкен (5-тен артық) әйелдерболып табылады.22% респондент (1384-тің 298-і) бойында жабығу деңгейі анықталып, тағы 17% жоғары күйзеліс және жабығу тәуекеліне ие. Респонденттердің жарты бөлігі (56%) ғана күйзеліс және жабығудың төмен тәуекелімен сипатталды [16]
Азияда:Тайваньда эмоциялық күйзелісді зерттеуменChen K.Y., Yang C.M., et al. 2012 жылы айналысты. Бұл авторлар MBI сауалнамасын негізге алып, сонымен қатар оғанжұмысқа қанағаттанудың демографиялық факторларына, жосықсыз медициналық практикаға қатысты сұрақтар енгізілді. 809 сауалнаманы (елдің барлық дәрігерлерінің шамамен 2%, жауап қату деңгейі 76%) талдап, ғалымдар ЭКС әкелетін келесі қауіп факторларын атап өтті: ұзақ жұмыс ауысымдары (17 сағаттан артық), жоғары жас мөлшері (әсіресе 20-дан 40-қа дейінгі жас шамасындағы дәрігерлер үшін), некеде болу күйі. Күйзелісдің дамуына әсер ететін маңызды фактор аурухана ұжымындағы микроклимат, командада жұмысты дұрыс ұйымдастыру болып табылады [17].
Қазақстанда: Иновациялық ғылыми мекемелердің геронтология және гериатрия бөлімінің бір топ мейіргерлері және Алматы қаласындағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің интерн дәрігерлерінің арасында және Алматы қаласының кейбір медицна мекемелерінің қызметкерлерінің арасында кәсіби күйзеліске түсуі туралы зерттеу жүргізілді,зерттеу сауалнама түрінде жүрген.[]Зерттеуге 668 адам қатысқан.
Нәтижелерді талдағанда,МСАК қызметкерлері ардагерлер үйінің қызметкерлеріне қарағанда эмоционалды шаршаудың басым екендігі анықталған.
Өздерін ешкімге қажетсіз санау яғни деперсанализациялану жоғары деңгейі емхана қызметкерлерінде және екінші ,бесінші курс студенттерінде байқалды.
Өзін-өзі бағалау жеке жетістіктер редукциясының төмендеуі екінші курс студенттерінің арасында жоғары деңгей көрсетті.Мұны студенттердің оқу деп барысында кездесетін қиындықтардан деп есептеген.
Зерттеудің мақсаты:Психикалық аурумен ауыратын пациенттермен жұмыс жасайтын мейіргерлерде күйзелістің кездесу жиілігіне шолу
Міндеттері:
* Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу;
* Психикалық аурумен ауыратын пациенттермен жұмыс жасайтын мейіргерлерде күйзелістің кездесу жиілігіне жүргізілген шетелдік зерттеулер нәтижелерін анализдеу
* Нәтижесін талдау және қорытынды жасау;
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Курстық жұмыс 20 компьютерлік мәтін бетінен тұрады. Курстық жұмыс кіріспе, әдебиеттерді шолу, зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеудің нәтижелері, қорытынды, пайдаланылған ақпараттар тізімі әдебиеттен,оның ішінде шетелдік әдебиет, отандық әдебиет, интернет көзі және қосымшалардан тұрады.

І тарау. ТАРИХТАҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ КҮЙЗЕЛІС және ЭМОЦИОНАЛДЫҚ КҮЙЗЕЛІС ТҮСІНІКТЕРІ
1.1. Психосоматикалық аурулар - мәселенің заманауи жағдайы
Қазіргі заманғы өмір күйзеліске толы. Өмірдің қарқындылығы өз шарттарын қойып, күйзеліс біздің бойымызда жұмыста да, отбасында да пайда бола алады.
Күйзеліс (ағл stress.) - қысымды, қыспақты, шиеленісті білдіреді. Бастапқыда бұл термин физикалық әсерді сипаттау үшін техникалық ғылымдарда қолданылды. Медицинаға, биологияға және психологияға ол 1936 жылы Ганс Сельемен енгізілді. [8]Стресс ұғымы өте тез сәнге шығып, ғылымда да, өмірде де кеңінен қолданыла бастады. Күйзеліс сөзінің көмегімен біз қиындықтар туындаған кезде өз қателіктерімізді немесе сәйкессіз іс-әрекеттерді, қатты эмоционалдық реакциялардың тұтас шоғырын, сондай-ақ кейіннен пайда болатын толық сарқылу, шаршау және тіпті ауру сезімдерін түсіндіреміз. Г.Селье күйзелістің үш кезеңін бөліп қарастырды: 1) шоғырлану, шиеленіс кезеңі, бұл кезеңдетолқу пайда болады; 2) қарсылық және бейімделу кезеңі - бұл кезеңде ағза күйзеліспен күреседі және тепе-теңдіктен айырылады. Айта кету керек, адам ағзасында күйзеліспен күресу үшін қажетті ресурстар бар. Күйзеліс - жүйесінің жұмысын жылдамдататын норадреналин, кортикотропин - рилизинг - гормон, вазопрессин бөлінеді. 3) сарқылу кезеңі - бұл ұзақ күйзеліс дененің біртіндеп күйзеліске ұшырауына әкеледі. Ағзаның ресурстары төмендейді және бейімделу дезадаптацияға өзгереді. Бұл кезең дененің физикалық және психологиялық бұзылуына әкеледі [18]
T.Holms пен R.Rahe (1967) күйзеліс - бұл адамдар кез келген сыртқы оқиғаға жауап ретінде өз өмір салтын өзгертуі және қайта құруы тиіс дәреже деп есептеді. Өзгерістер көп болса, соғұрлым күйзеліс күшті болады.
Жыл сайын еңбек қызметіне байланысты күйзеліске деген қызығушылықтың артуы байқалады. Еңбек қызметінде пайда болатын күйзелістерді ажыратады: жұмыс күйзелісі, кәсіби күйзеліс, ұйымдастырушылық күйзеліс. [19]
Жұмыс күйзелісі (ағылшын тілді әдебиетте job stress, work stress) жұмыспен байланысты себептерден туындайды, - еңбек шарты, жұмыс орны. Кәсіби күйзеліс (occupational stress) - қызмет түріне, кәсіпке байланысты себептерден туындайды. Ұйымдастырушылық күйзеліс (organizational stress) - қызметкерге ол жұмыс істейтін ұйымның ерекшеліктерінің теріс әсері салдарынан. Бұл ұғымдар жақын, бірақ синонимдер емес. Әдебиетте жиі кәсіби күйзеліс ұғымына сүйенеді.[20].
Кәсіби күйзелістердің даму себептері тікелей және басты болып бөлінеді. Тікелей себеп-психикалық шиеленіс пен күйзелістің дамуы, мысалы тапсырманың күрделілігі немесе қауіптілігі, басшылықпен қақтығыс және т. б. Күйзелістің пайда болуының басты себебі-еңбек субъектісінің жеке (психологиялық, физиологиялық, кәсіби) ерекшеліктері. Кәсіби күйзеліс көздері: кадр саясаты және қызмет бойынша алға жылжу, жұмыс режимі, жұмыс ауысымдарының жылжуы, жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс көлемі, тапсырманың күрделілігі, жауапкершілік, еңбектің физикалық - химиялық және техникалық жағдайлары, психологиялық климат, үйлесімділік, ұйымшылдық, тұлғааралық қатынастар (жанжалдар), рөлдік мәртебе, әлеуметтік жауапкершілік, жеке мінездемелерден - білім деңгейі, кәсіби тәжірибе, кәсіби жетілдіруге ұмтылу, кәсіби күтулер мен нәтижелердің қанағаттанушылығы. Сондай-ақ күйзеліс көзі еңбек бағыты, тұлғаның ерекшеліктері (үрей, нейротизм, агрессивтілік, эмоционалдық реактивтілік және т. б.); психикалық жай-күй (қырағылық және дайындық деңгейі, доминантты жай-күй, фобия, шаршау, жабығу, А немесе Б типті мінез-құлық) болуы мүмкін.[11]
Күйзеліс адамның физикалық және психикалық денсаулығына елеулі әсер етеді.
Күйзеліс салдарына жатады: жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі;жұмыстың сапалық және сандық көрсеткіштерінің нашарлауы;
ағзаның бейімделу мүмкіндіктерінің төмендеуі; тұлғалық деформациялар және күйзеліс-синдромдар; бейімделу аурулары.
Аурудағы психикалық және соматикалық факторлардың өзара байланысы жайлы алғашқы деректер антикалық уақыттан бастап пайда болды және белсенді талқыға салынды. Демокрит (б.з.б.V ғасыр) ойынша, адам жаны тән ауыртпалығының себебі бола алады, ал Платон (б.з.б.ІV ғасыр) бойынша, көптеген адамдарда соматикалық індет түбінде ес ауысуына (манияға) алып келеді. Психосоматика негізі салушыларының бірі М. Цицерон (б.з.б.І ғасыр) болып есептелінеді, ол қайғы-қасіреттің, қатты жан толқуының адам жағдайына әсері жайында және жан азабы нәтижесінде тән ауруларының пайда болуы туралы бірінші болып дәлелді пайымдамалар жасаған [1, 2].
Сократтын атақты оқушыларының бірі, Платон айтуынша Тән және жан ауруларын әртүрлі дәрігерлер емдейтін жерде үлкен қателік жасалынады. Өйткені тән жаннан бөлінбейді [1, 2]. Танымал отандық ғылыми қайраткер және публицист, кәсіби терапевт дәрігер Д. Д. Плетнев (1927 ж.) Психикалық ауытқуларсыз соматикалық аурулар жоқ, сол сияқты соматикалық белгілерден оқшауланған психикалық аурулар жоқ деп жазған [1, 2,].
Зерттеулердің басым көпшелігінде психосоматикалық бұзылыс терминін психоэмоционалды факторлардың, жедел және созылмалы психикалық жарақаттардың, сонымен қатар тұлғаның эмоционалды жауабының жеке ерекшеліктерінің әсерінен дамитын және негізделетін ішкі мүше және жүйелердің бұзылыстары деп анықтайды. Адам хал-жағдайы оның психикалық, атап айтқанда эмоционалды күйінің байланысы, заманауи медициналық психологиядағы негізгі критерий болып табылады [2-6]. Егер аурудың көп факторлы моделі аясында белгілі бір психологиялық фактор аурулар дамуында жетекші орын алса, бұл жағдайда психосоматикалық термині қолданылады [4-8].
Психосоматика терминін 1818 жылы неміс психиатры J. Ch. A. Heinroth ұсынды, оның айтуы бойынша, ішкі жан қақтығысы соматикалық аурудың себепкері болады. Тек жүз жылдан кейін психосоматика термині кең қолданысқа ие болды. Бұл оқиға кез-келген аурудың тетігі мен ағымының механизмдерін қарастыру қажеттілігі барысында, мен болмысының психикалық және физикалық біріктіру позициясымен байланысты болды. Психосоматоз термині психосоматикалық ауру анықтамасымен барабар және қазіргі кезде олар синоним ретінде қолданылады [2].
Денсаулық сақтау қызметкерлері арасында таралуы бойынша бірінші орынды жүрек-қантамыр жүйесі және асқазан-ішек жолдары патологиясы алады [9- 16].
А.Л. Гройсман (1998) пікірі бойынша, соматикалық ауруларды психосоматикалық және соматопсихиатриялық қатынастар жетекші болып табылатын, этиопатогенезді анықтайтын ерекшеліктерге сай жіктеу керек.
Гастроэнтерологияда - асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы, спецификалық емес жаралы колит, тоқ ішек тітіркену синдромы, рефлюкстер, өт қабы және ішек дискинезиялары, эмоционалды сарғаю, әйел панкреатиттері және басқа функционалды және секреторлы ас қорыту бұзылыстары;
Кардиология мен ангиологияда - функционалды кардиалгиялар, функционалды аритмиялар, транзиторлы гипертониялар, пароксизмалды гипертониялық жағдайлар, вегетодистониялар, нейроциркуляторлы бұзылыстар;

1.2.Кәсіби күйзелістің нәтижесі ретіндегі күйзеліс синдромы және оның белгілері
Кәсіби қызметтегі күйзелістің салдары ретінде эмоционалдық күйіп кету синдромы 30 жылдан астам уақыт бойы психологияда кеңінен зерттеледі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эмоциялық жану синдромына (ЭКС) физикалық, эмоциялық немесе уәждемелік сарқылу ретінде анықтама берді, жұмысқа өнімділіктің бұзылуымен, шаршаумен, ұйқысыздықпен, соматикалық ауруларға жоғары ұшыраумен сипатталады. АХЖ-да - 10 эмоциялық жану синдромы Z73.0 айдарымен жіктеледі(Қалыпты өмір салтын қолдау қиындықтарына байланысты мәселелер).[11].Диагноз барлық құрауыштарды дұрыс бағалауға байланысты: анамнестикалық деректер, симптомдардың ауырлығы, күйзелістік жағдай, жағдай және өмірлік қауіп.[12].
Эмоционалдық күйіп кету burnout термині америкалық H.J.Freudenberger есімді психиатрмен 1974 жылы клиенттермен, пациенттермен кәсіби көмек көрсету кезінде эмоционалды қанықпаған атмосферада аса қарқынды, тығыз қарым-қатынаста болатын дені сау адамдардың психологиялық жағдайын сипаттау үшін енгізілді. Эмоционалдық күйіп кету оларға өз ресурстары мен күштеріне күрт жоғары талаптардың салдарынан сарқылу ретінде сипатталған. Кейінірек бұл жағдай "табыс ауруы" деп аталды [11].Ағылшын тіліндегі әдебиетте "burnout" терминінің және "burnout" терминінің арасында айырмашылық бар, соңғысы шекаралық психиатриялық симптоматиканы білдіреді.
Ресейлік ғылыми басылымдарда burnout (эмоциялық күйіп кету) ағылшын терминінің ең көп таралған нұсқасы қолданылады;
Америкалық ғалымдар Маслач пен Джексон синдромды сипаттап, оны сандық бағалау үшін MBI сауалнамасын әзірлегеннен кейін жану синдромын зерттеуге қызығушылық артты [13]. Берн-аут - бұл эмоционалдық сарқылу, деперсонализация және жеке нәтижелілігін төмендету синдромы, ол көмек көрсететін кәсіптердің әртүрлі түрлерімен айналысатын мамандар арасында пайда болуы мүмкін. Сауалнама авторларына сәйкес, жану синдромы уайымның үш тобында көрінеді: эмоционалды сарқылу психикалық шаршаумен, эмоциялық босаңсумен, жабығу симптомдарымен сипатталады. Алдымен эмоционалдық асыра қанығу байқалады, эмоциялық жарылыстар, агрессивті реакциялар, ашуланулар, кейіннен ол эмоциялық ресурстардың төмендеуімен, қоршаған шындыққа эмоциялық қызығушылықтың жоғалуымен алмасады; деперсонизация деп, әдетте тұлғааралық қарым-қатынастардың дегуманизациясы (құнсыздануы), негативизм, басқа адамдардың сезімдері мен уайымдарына қатысты циничность ұғынылады. Деперсонализация деп жеке тұлға аралық қатынастардың дегуманизациясы (құнсыздануы), басқа адамдардың сезімдері мен уайымдарына қатысты негативизм, шімірікпеу ұғынылады. Индивидтің жасырын немесе айқын теріс ұстанымдары, иесіздік жасы және байланыстардың формалылығы, жиі өршу және жанжалды жағдайлар байқалады. Деперсонализацияның барлық сипаттамалары үшін психикалық процестердің эмоциялық компонентін жоғалту маңызды (жақын адамдарға деген сезімнің жоғалуы, қайырымдылықтың эмпатиясының төмендеуі, қатысу); жеке жетістіктердің редукциясы қызметкердің кәсіби тиімділігінің төмендеуімен сипатталады, ол қызметтік қадір-қасиеттер мен мүмкіндіктерге, орындалатын қызметтің маңыздылығының азаюында негативизмде көрініс табуы мүмкін. Өзіндік дәрменсіздік пен біліксіз сезім айқын көрінеді. https:[14].
C. Maslach атап өткендей, ерлерге деперсонализация мен дегуманизацияның жоғары дәрежесі, ал әйелдерге-эмоциялық сарқылу тән. Бұл ретте, некеде тұрмайтын ер адамдар күйіп кетуге көбірек ұшырайды деп айту қажет.[13]
А. Ленгле эмоциялық күйіп кету синдромын жарақаттанусыз және органикалық бұзылушыларсыз, тек өмірлік құндылықтарды біртіндеп жоғалтудан пайда болатын жабығу түрі ретінде қарастырады.[14]Күйіп кету синдромының артында қарым-қатынастың екі есе кедейлігі тұр: сыртқы-басқа адамдармен, қызметпен, ішкі-өзімен және жеке эмоционалдық. Нәтижесінде-босаңсу және тітіркену (жабығу).Бұл өмірге қатысты экзистенциалды емес айқындық - адам көбінесе бейсаналық және ең жақсы мақсаттар үшін алатын қондырғылар. (ChernissC. (1980): ProfessionalBurnoutinhumanservisorg anizations. NewYork:Praeger.)[11].
Көптеген зерттеулер күйіп кету күйзелістің жеке аспектісі болып табылады деп санайды, себебі ол көбінесе созылмалы жұмыс күйзелісіне жауап реакция моделі ретінде анықталады және зерттеледі[15,16]Күйіп кету реакциясы көбінесе тұлғааралық сипаттағы күйзелістерді қамтитын талаптардың нәтижесі (салдары) ретінде басталады.
Осылайша, ол эмоциялық сарқылу моделі, деперсонализация және редукцияланған жеке жетістіктер түрлі жұмыс талаптарының (күйзелістердің), әсіресе тұлғааралық табиғаттың әрекет нәтижесі болып табылатын кәсіби күйзелістердің салдары болып табылады [17].

1.3. Эмоционалдық күйзелісден өту және оның алдын алу

Мәселені шешудің ең тиімді әдісіәрине ЭКС алдын алу болып табылады. Бұл түрдегі іс-шараларға күйзеліспен күресу, көңіл көтеру техникасыдағдыларын үйретуді, хоббидің болуын, әлеуметтік қатынастарды қолдауды, фрустрациялық алдын алуды жатқызуға болады .
Сонымен қатар жарияланған зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес ЭКС мәселесін шешудегі маңызды кезең жұмыс пен жеке өмір арасындағы дұрыс тепе-теңдікті қалыпқа келтіру болып табылады. Заманауи түсініктерге сәйкес медицина қызметкерлерінің бойындағы ЭКС алдын алу үшін медициналық ұйымның деңгейінде еңбекті және ұжымдық қатынасты ұйымдастырудың келесі әдістерін ұстану қажет: кәсіби мінез-құлық мәдениетін өзгерту, дәрігердің кәсіби сүйемелдеуі бағдарламаларын құру (мысалы, Н.Е. Водопьянова күйіп кету синдромының алдын алудың психосинтездік әдісін ұсынады), жұмыстың ұтымды жағдайларын жасау, және ең бастысы - дәрігердің әлеуметтік дәрежесін арттыру . ЭКС алдын алу үшін шетелдік зерттеушілерүш R - Recognize Reverse Resilience сызбасын ұсынады - Мойындау - күйіп кетудің ескертуші белгілерін қадағалау қажет; Кері даму - күйзелісті басқару және қолдау таба білу; Тұрақтылық - күйзеліске қарсы тұру, физикалық және эмоционалдық денсаулықты күту . Эмоционалдық күйіп кету мәселесін шешу үшін арнайы тренингтер әзірленеді, дұрыс психотерапияны қолдану мүмкіндігі туындайды.Шетелдік авторлардың пікірінше бүгінгі таңда ЭКС-пен күресудің тиімді әдісі CBT болып табылады (cognitive behavioral therapy - Когнитивті-мінез-құлықпсихотерапияс ы), Балинт әдісі бойынша топтық психотерапия сеанстары (Балинтовсктоптары - қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған топтық тренингтік жұмыстың түрлері, олардың жеке және кәсіби өсуі) . Жалпы тәжірибе дәрігерлері арасында күйзелісті басқару стратегиясына баға берген үлгілердің нәтижелері когнитивті-мінез-құлық психотерапиясы дағдыларыныңЭКС-пен күресу үшін тиімді боларын көрсетті. Сонымен қатар, топтық әдістер жеке консультацияға қарағанда экономикалық тараптан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күйзелістер
Оқушылардың оқудағы стресстік жағдайлары
Медициналық қызметкерлерінің жағдайын сауалнама жүргізу арқылы бағалау
Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Оқу процесіне студенттердің бейімделу мәселелері
Психикалық күйлердің жіктелуі
Әлеуметтік жұмыстың кәсіби ерекшелігі
Психикалық ауру балаларға көмек
Суицид
Сана түсінігі
Пәндер