Агроэкология негіздері пәні және оның міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

1 Тақырып Агроэкология негіздері пәні және оның міндеттері

Мақсаты: Агроэкология негіздері (аграрлық экология) пәніне түсініктеме беру, оның мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектері, ауыл шаруашылығын экологияландыру қажеттілігі, аграрлық мамандардың экологиялық білгірлік принциптерін қарастыру.

Жоспар:

1. 1 Агроэкология негіздері пәні, оның мақсаты мен міндеттері

1. 2 Ауыл шаруашылық экологиясына түсініктеме беру, оның зерттеу объектері

1. 3 Ауыл шаруашылығын «экологияландыру»

1. 1 Агроэкология (грекше аgros-дала, егістік жер, oikos-үй, отан, logos-ілім, ғылым) - бұл агроэкожүйелер туралы ғылым және қолданбалы экологияның бір бөлімі, ауыл шаруашылығы экологиясы. Қазіргі заман агроэкологиясының негізін жасаған В. Тишлер (1965) болып саналады. Агроэкожүйе деп жасанды экожүйе түсініледі, онда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мақсатында құрлық учаскесінің биогендік және абиогендік құрауыштар жиынтығы немесе ауыл шаруашылық іс әрекеті пайдалынады. Сонымен қатар көбінесе агроэкожүйе деп бір үлкен шаруашылық масштабында өзара байланысқан (экономикалық, энергетикалық және экологиялық) жүйе түсініледі.

Агроэкожүйенің құрама элементтері болып агрофитоценоз және агробиоценоз (агроценоз) саналады. Агрофитоценоз - бұл жеке егісте, немесе бір учаске шегіндегі ауыспалы егісте дақылдар ротациясынан тұратын мәдени және арамшөптер құрамдастығы. Агробиоценоз (агроценоз) агрофитоценозбен гетеротрофты биотаның (топырақты, өсімдіктерді және осы егісті мекендейтін тірі организмдер жиынтығы) жиынтығы болып саналады.

Агроэкология мен агрофитоценология ұғымдарын теңдестіруге болмайды. Агрофитоценология ұғымы өте тар деңгейде қаралады, ол агроэкологияның құрамдас бөлігі және агрофитоценоз құрамындағы мәдени және арамшөптер арасындағы әрекеттестіктерді зерттейді.

Агроэкология негіздері пәнінің зерттеу заты немесе тақырыбы болып ауыл шаруашылығы өндірісі процесінде адамның қоршаған ортамен әрекеттестігі, ауыл шаруашылығының табиғи комплекстері мен оның құрауыштарына, ондағы заттар алмасуына деген әсері, сонымен қатар техногендік ауыртпалықтар жағдайында агроэкожүйелердің қызмет атқару сипаты саналады.

Агроэкологияның мақсаттары: сапалы биологиялық өнімдер шығаратын өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз ету, агроэкожүйелердің табиғи биоэнергетикалық потенциалын максималды пайдалану, аграрлық сектордың табиғи-ресурстарын қорғау және жаңғырту, қоршаған табиғи ортаға деген негативті ықпалдарды алып тастау және минимализациялау.

Агроэкологияның негізгі және түпкі міндеті агроландшафттар мен тоғысқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан оңтайландыру. Ол үшін қазіргі агроөндірістік кешендердің барлық жүйешелерінде табиғатты тиімді пайдалану талаптары орындалуы тиіс, олар: ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған құралдар өндірісінің сферасы; ауыл шаруашылығын материалды-техникалық жабдықтау сферасы; ауыл шаруашылығының өзіндік өндірісі; ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, алғашқы қайта өңдеу және өткізу.

1. 2 Мәдени ландшафттарды (экожүйелерді) оқып білу немесе зерттеу, оның ішінде ауыл шаруашылығында пайданылатын аумақтар, ауыл шаруашылық экологиясының тақырыбы-заты болып саналады.

Ауыл шаруашылық экологиясы немесе агроэкология - мәдени экожүйелер ретінде агробиоценоздарды, адамның жануарлар мен өсімдіктер әлеміне әсерін зерттейтін экология бөлімі. Сонымен бірге үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы өсімдіктерімен қатар жабайы жануарлар мен сол жерлерге тән табиғи өсімдіктерге деген әсерін зерттейді.

Көп жылдары экологтар адамның ықпалы шамалы болған немесе жалпы болмаған экожүйелерді зерттеумен болды. Олар биік таулар, сулар, батпақтар, жағалық шағылдар (құмдар), шөлдер, далалар, ормандарды зерттеді, ал ауыл шаруашылығы экожүйелерімен жақын арада айналыса бастады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылық экологиясының зерттеу объектісі болып түр, популяция немесе экожүйе саналуы мүмкін. Осылардың әр қайсысына деген іс-амалдардың ерекше қолайлы алғы-шарттары болады. Көбінесе кең тараған өсімдіктер мен жануарлар, олардың биологиясы мен тіршілік ету талаптары жайында әртүрлі географиялық аудандардан ақпараттар болуына байлансты сөз қозғалады. Осының негізінде қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында түрдің физиологиялық потенциалының жүзеге асырылуы туралы қорытынды жасалады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы экожүйелерінде аздаған түрлері бар қарапайым жүйелерден құрауыштарға бай күрделі құрылымдарға дейін ауысуы кездеседі. Мысалы ретінде егін қорғау жолақтары немесе егістікті қорғау екпе ағаштар биоценоздарын қарастыруға болады.

Сонымен бірге ауылшаруашылығы жерлеріндегі адамның әдеттегіше жүргізетін шараларының өзі экологиялық бақылауларға көп мүмкіншілік береді. Ауыл шаруашылық экожүйелерінде жоспарланған далалық тәжірибелер жүргізуге болады, сол арқылы бір факторды өзгертіп немесе шығарып тастап басқа құбылыстарды тұрақтандыруға болады. Осындай байқаулар арқылы тұтас экожүйе реттейтін және орнын толтыратын процестері жайында мәліметтер алуға болады. Бақылай алатын жағдайларда жекеленген түрлерді өсіріп дамыту тәжірибелері - бұл тұтас жүйе бөліктерін оқшаулатумен тең деп санауға болады. Жүйенің бұзылуы зиянкестермен күресу үшін химиялық тәсілдерді қолдану, топырақты өңдеу, шөпті шабу немесе шамадан тыс мал жаю арқылы болуы мүмкін. Сырттан бөтен бөліктерді енгізуге орай жүйенің әрекетін топыраққа көң енгізгенде, жергілікті жерге бұрын өспеген жаңа түрді енгізгенде, немесе зиянкестермен күресуде биологиялық тәсілдерді қолдағанда байқауға болады. Экожүйеде бүкіл белдеулердің «ауысуы» ауыспалы егістің көршілес танаптарында өсімдік жамылғысының өзгеру нәтижесінде байқалады.

Адамның қажеттіліктерін, экономикалық талаптарын табиғи процестермен қисынды үйлестіру және адамның қатысымен болатын қосымша әсерлерді жеңілдету немесе болдырмау үшін экожүйелердегі сонымен қатар ауыл шаруашылық экожүйелеріндегі күрделі байланыстарды білу керек.

1. 3 Ауыл шаруашылығын интенсификациялау дегеніміз жер аумағы бірлігіне дәйекті артқан түрде өндіріс құралдары мен еңбекке қаржы енгізу. Ол материалды-техникалық базасын нығайту, минералдық және органикалық тыңайтқыштар, мелиорантар мен өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын пайдалану көлемін арттыру негізінде жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығын интенсификациялау процестерінің нәтижелеріболып табиғи кешендер мен олардың құрауыштары, қоршаған табиғи ортаның жай-күйіне деген елеулі теріс әсерлері байқалады.

Сондықтан ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық процесті тек материалды-техникалық базасын санды түрде арттыруға бағыттау заңсыз болып саналады. Ең маңыздысы тек әлеуметті-экономикалық талаптарды есептеу емес, сонымен қатар экологиялық талаптарды да ескеру.

Ауыл шаруашылық өндірісін «экологияландыру» - бұл технократты саясаттан ғылыми-техникалық жетістіктерді табиғатпен санасу принциптерімен білгірлі ұштастыру қажеттілігін білдіреді. Былайша айтқанда интенсификация деген ұғымға міндетті түрде табиғатты құраушыны енгізу керек.

Ауыл шаруашылығы мамандарының салауаттылығынан қоршаған ортаны ластану мен бұзылудан қорғау, аз қалдықты технологиялар жүйелері мен процестерді енгізу, егіншілік пен мал шаруашылығында табиғатпен санасу жүйелерін енгізу, ауыл шаруашылық аудандары ландшафттарын оңтайландыру және экологиялық таза өнімдер өндірісі байланысты-тәуелді болады.

Экологияландыру қазіргі заманның аса маңызды талабы деп есептеледі. Сонымен қатар экологияландыру өңірлік, аймақтық және ғаламдық деңгейде табиғи ортаның сапасын жақсартумен не ең болмаса сақтаумен қатар табиғи ресурстар мен табиғи жағдайлардың пайдаланылу тиімділігін арттыруға себептесетін технологиялық, басқарушылық және басқа да шешімдер жүйелерінің дәйекті түрде енгізу процесі.

Қазіргі уақытта экологтар мен табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы аграрлық-мамандардың сауаттылығына ерекше талаптар қойылады. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі экологтар мен мамандар қоғам мен табиғат арасындағы осы заманғы проблемалардың маңызын түсіне білуі керек, сонымен қатар кезкелген технологиялардың теріс әсерлерін, олардың пайда болу себептерін, нақтылы шаруашылық қызметінің сипатын, қоршаған ортаға деген әсерлерінің бағытын және ауыртпалықтарын алдын-ала бағалай білуі керек. Сонымен қатар табиғатты қорғау жұмыстарын жоспарлай және ұйымдастыра білуі керек.

Бақылау сұрақтары:

1 Агроэкология нені зерттейді?

2 Агроэкологияның мақсаты мен міндеттеріне сипаттама беріңіз.

3 Агроэкологияның құраушы элементтеріне сипаттама беріңіз.

4 Ауыл шаруашылығын экологияландыру қажеттілігін қалай түсіндіресіз?

2 тақырып Жел эрозиясының экологиялық проблемалары

Мақсаты: Жел эрозиясының экологиялық проблемалын зерттеу, дефляциялық процестердің механизмін анықтау және топырақтың жел эрозиясына тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерін қарастыру.

Жоспар:

2. 1 Жел эрозиясының пайда болуының экологиялық аспектері

2. 2 Топырақтың жел эрозиясына тұрақтылығының агроэкологиялық параметрлері

2. 1 Далалық аймақта топырақ жамылғысының деградациялануы жел эрозиясының қарқындылығымен ілеседі. Экологиялық тұрғыдан бұл процесті топырақ бөлшектерінің желмен бұзылу, тасымалдану және шөгінділенуін қарастырады. Сонымен қатар «дефляция» деген ұғымнан айрықшылығын білу керек, ол тек топырақтың желмен тасымалдануын сипаттайды және бұл құбылысқа толық мән бермейді.

Жел эрозиясыньң сырткы көрінісі үш түрлі болып келеді. Бірінші, күнделікті немесе жергілікті эрозия - жаппай етек алмайтын, тек егістіктің жекелеген танаптарында немесе жер телімінің (учаскелерінің) шеңберінен аспайтын жел өтіндегі баурайларда болатын эрозия. Жел эро­зиясының бұл түpi желдің жылдамдығы 12-15 м/с кем болғанда кездеседі.

Eкiншici, шаңды дауыл - кең аумақта орын алып (жүздеген, мыңдаған гектар), қысқа мерзімде топырақтың, өңделетін қабатының бәрін немесе 6ip бөлігін ұшырып әкететін эрозия. Бұл - жел эрозия­сының ең кауіпті түpi, кұрқақ аудандарда жел жылдамдығы 12-15 м/с-ден недәуір артқанда пайда болып, топырақпен қатар егілген дәнді, өсімдік өскендерінде көтеріп кетуі әбден ықтимал. Үшінші, топырақты кыста ұшыру - күшті желдің әсерінен алқаптағы қар мен топырақтың беткі қабатын ұшырып, екінші 6ip тосқауылды жерде оларды үйіп кетуі.

Эрозия топыракка, алатын өнімге және қоршаған ортаға жанжақты тepic эсерін тигізеді. Атап айтканда, топырақтың беткі, ең кұнарлы қapaшipiктi қабатынан өте көп мөлшерде өсімдіктерге қажет қоректік элементтер жоғалады; топырактьң су-физикалык касиеттері күрт нашарлайды, ылғалдьң шығыны артады; эрозияға шалдыққан топырақта тұнба (0, 001 мм кіші бөлшектер) және саз фракциялары азаяды, кepiciншe, механикалык ipi элементтер, әcipece кұмдак фракциялар көбейеді, нәтижесінде топырақтьң құрылымы болмауы және топырақ сусымалы кұмға ай­налуы мүмкін; арамшөптер көбейеді өзендер, каналдар, су коймаларының саяздануы байқалады; пайда болатын сай-жыралар eric алкабыньң пішінін өзгертіп, техниканы тиімді пайдалануга кедергі жасайды; алынатын өнімнің мөлшері мен сапасын төмендетеді және баска зияндар келтіреді.

Жел эрозиясының тууына тікелей эсер ететін негізгі фактор, әрине, жел, оның жылдамдығы. Оны 10 м биіктікте өлшегенде 8 - 12 м/с болғанда эрозия процесі басталады, 12 - 15 м/с-эрозия біршама күшейеді, 16 - 25 м/с - күшті эрозия, ал 30 - 40 м/с дауыл басталады. Жел эрози­ясының жүруіне жанама әсер ететін климаттық факторлардың қатарына топырактың ылғалдығы (жауын-шашын мөлшері), жоғары температура мен ауаның төмен ылғалдығын айтуға болады.

Жел эрозиясының пайда болуына негізгі экологиялық себептер:

- топырақты бірнеше рет механикалық тәсілдермен қарқынды өңдеу;

- топырақтың үстіңгі қабатында өсімдік жамылғысын жою;

топырақтың үстіңгі қабатындағы топырақ агрегаттарын тозаңдату;

егістік жерлерде, шабындықтарда және жайылымдарда малды шамадан тыс жаю;

жоғарыда келтірілген факторларда желдің жылдамдылық табалдырығы.

Соңынан жел эрозиясының пайда болуы адамның ұтымсыз іс-әрекетінің нрәтижесі. Жалпы жел эрозиясы ыңғыйына байқалады, тек антропогендік қатысу оны экологиялық апат - шаңды дауылдар дәрежесіне дейін арттырады.

Ауыл шаруашылығындағы жел эрозиясының агроэкологиялық проблемалары мыналарға әкеліп соғады:

жоғарғы гумусты қабатының ұшырылуына байланысты топырақтың құнарлығы кенет төмендейді;

желдіқұмді ағындармен егістер зақымданады және басылып қалады;

- атмосфера және көршілес аумақтар шаң-ауа ағындардың тасымалдануымен ластанады;

- жер үстіндегі су қоймалары топырақ материалдар шөгінділеріне байланысты звтрофикацияланады.

Топырақтың желмен эрозияға шалдығу дәрежесіне байланысты агроэкологиялық диагностикасы гумус қабаты қалыңдығының кемуіне негізделеді. Мысалы, шамалы эрозияланғанда «А» гумус қабаты 5 см-ге дейін кемиді, орташа болғанда 5-10 см, ал күшті эрозияланғанда - 10 см-ден артады.

Қара топырақтар мен қара қоңыр топырақтарда ұшырылатын топырақ бөлшектірінің рұхсат етілген нормасы 2-3 т/га аспауы керек. Бұндай шығындар күнделікті эрозияда байқалады, олар қоршаған ортаны ластамайды және жылдағы топырақтүзілу процесінде толықтырылады.

2. 2 Жел эрозиясы байқалуының экологиялық механизмі мынандай: дефляция диаметрі 0, 1-05 мм топырақ бөлшектерінің жылжуының басталады, олар ауа ағынының тықсыруынан ауаға көтеріледі. Содан кейін вертикалды импулсын жоя отырып үлкен түйіртпектерге, соңынан ұсақ бөлшектерге бөлініп секіредіде көшкіндерге айналады.

Сонымен бірге диаметрі 0, 1 мм-ден кем топырақ бөлшектері желмен ұшырылып алыс жерлерге тасылады, диметрі 0, 5-1, 0 мм бөлшектер топырақ үстінде домалап жылжиды, ал 1 мм ірі бөлшектердің жылжуына желдің жылдамдылығы 11 м/с артық болуы керек, ондай біздің аймақта болмайды десе болады.

Осыған орай 1 мм-ден ірі бөлшектер желге тұрақты деп аталады, ал 1 мм-ден кемдері эрозияға қауіпті делінеді.

Жел эрозиясының басталуына желдің жылдамдылық табалдырығы болу керек. Ол топырақтың гранулометриялық құрамына қарай құбылады, мысалы құмдыларда - 2-3 м/с; құмайттарда - 3-4; жеңіл құмбалшықтарда - 4-6; ауыр құмбалшықтарда - 5-7 м/с. Олай болса, механикалық құрамы неғұрлым жеңіл болса соғұрлым жел эрозиясына шалдығады.

Топырақтың үстіңгі қабатының жел эрозиясына тұрақтылығын сипаттайтын агроэкологиялық көрсеткіштері мыналар: кесектілігі немесе түйіртпектілігі, шартты аңыз және эрозияға шалдығулығы.

Топырақтың кесектілігі дегеніміз диаметрі 1 мм-ден ірі бөлшіктердің салмағынан пайыз мөлшері. Бұл көрсеткіш бойынша топырақ тұрақтылығының экологиялық градациясы мынандай: кесектілігі 50 % - желге тұрақты табалдырық; 50%-дан төмен топырақ жел эрозиясына тұрақты емес; 50-60 %-ұстамды немесе ынсапты тұрақтылық; 60 % артық жоғары дәрежедегі тұрақтылық.

Топырақты эрозиядан қорғау үшін қажетті шартты аңыз мөлшерін 1 кестедегі мәліметтер арқылы анықтауға болады.

1 Кесте - Топырақ тозаңғанда оның үстіңгі қабатына тұрақтылық табалдырығын қамтамасыз ету үшін қажетті шартты аңыз мөлшері, дана/м

Аңыздың орналасқан жайы: Аңыздың орналасқан жайы
0-5 см қабатының кесектілігі, %: 0-5 см қабатының кесектілігі, %
:
Аңыздың орналасқан жайы: 60
0-5 см қабатының кесектілігі, %: 50
: 40
30
20
Аңыздың орналасқан жайы: жатқан
0-5 см қабатының кесектілігі, %: 0
: 75
100-150
150-200
200 артық
Аңыздың орналасқан жайы: тұрған
0-5 см қабатының кесектілігі, %: 0
: 100
200
250
300 артық

Эрозияға шалдығулығы дегеніміз 5 мин экспозициясында 12, 5 м/сек жылдамдылықтағы жел ағынымен ұшырылатын топырақтың граммен алынған мөлшері. Эрозияғашалдығулығы 50 г-нан төмен болғанда топырақтың үстіңгі қабатының желге тұрақтылығы күшті, 50-120 г болғанда - желге тұрақтылығы ынсапты немесе ұстамды, ал 120 г-нан артық болғанда желге тұрақсыз деп саналады.

Эрозияға қарсы қолданылатын нeriзri шаралардьң кұрамында агроландшафттык ұйымдастыру-шаруашылық шараларын - жерді эрозияға шалдығу дәрежесіне байла­нысты кластарға, категорияларға (топтарға) бөлу, террасалау, шалғындандыру және ормандандыруға жататын жерлерді анықтау, eric көлемінің кұрылымын анықтау, eric танаптарын, жол мен мал айдайтын алқаптарды белгілеу т. б., агротехникалық шараларын-топырақ қорғау ауыспалы ericтepi, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар жүйелepi топырақтың ылғалын арттыру жолдары, тиімді суару жүйесі т. б., орманмелиоративтік шараларын - eric қорғау, су реттегіш алқаптары, каналдардың бойына ағаш отырғызу т. б., гидротехникалық шараларын - бөгеттер, тоғандар және басқа да эрозияга қарсы колданылатын (дюкерлер, науалар т. б. ) гидротехникалык кұрылыстарды салуды айтуға болады.

Эрозияга шалдыққан жерлерде то­пырақ корғау шараларын пайдаланған жөн, алдымен то­пырақ өндеу тесілдерін дұрыс пайдалана білу керек (баурайды көлденең өндеу және т. б. ) .

Баурайдьң бетінде микробедер (жалдар, жүйектер т. б. ) жасау арқылы ағын суының жүріп өту жылдамдығын азайтамыз, нәтижесінде судың, топыраққа сіңу мөлшерін арттырамыз. Сайып келгенде, эрозия процесін әлсіретеміз немесе тіпті болдырмауға себепші боламыз. Мұндай тәсіл 2-4° болып келетін баурайларда өзінің оң нәтижесін 6epyi мүмкін, тiктiк бұрышы одан әpi көбейгенде, оның тиімділігі жоғалады.

Эрозияға үлкен әсер ететін факторлардың 6ipi - өсімдік жамылғысы. Оның әсер ету деңгейі жамылғының түріне және өсімдіктің өсу жагдайына байланысты болып келеді. Өсімдік массасы неғұрлым көп және калың болса, тамыры жақсы дамыса, әcipece эрозияга қayinтi кезеңдерде, соғұрлым өсімдік жамылғысының маңызы күшейе береді. Ce6e6i өсімдік жауын суының ежептеуір бөлігін өзіне ұстап калады, тамшының соққысын өзше кабылдап, топырак бетіндегі түйіршіктерді бұзылудан сактайды, кар 6ip калыпты жатады, топырақтың тоңдануы төмендейді, желдің және ағынның жылдамдығын азайтады, тамыр жүйесі топырақты байланыстырып, «арматура» сиякты қызмет аткарады, топырақ бетінен судың булану шығынын азайтады, топыракта микрофлора, мезофауна жақ­сы өcin дамиды.

Топырақты эрозиядан корғау қабілетіне сәйкес өсімдіктер кауымдастығын мына ретпен орналастыруга болады: 6ipiнmi орында ағаш- бұта тектес өсімдіктер, одан кейін табиғи шөптесін өсімдіктер, келесі орында қатараралығы шымдалған жеміс ағаштары (бауы), соңғы орында екпе өсімдіктер (дакылдар) . Су және жел эрозиясынан топырақты сенімді түрде корғайтын мәдени дақылдардың ішінде 6ipiнuii орында көп жылдық екпе шөптер, келесі орында күздік дақылдар, одан кейін жаппай себілетін жаздық дақылдар, соңғы орында отамалы дақылдар болады. Эрозия процестері өсімдік жамылғысы жоқ баурайларда және таза пар танабында өте күшті орын алады.

Өсімдік жамылғысының аталған ерекшеліктері эрозиямен күресудің нақтылы шараларын жүзеге асырғанда міндетті түрде еске алынады.

Жоғарыда аталған эрозия дамуының табиғи факторлары бұл процестің жүруіне бастапқы жағдайларды жасауы мүмкін, ал оның әpi қарай дамуы адамның өндірістік ic-әрекеттеріне байланысты болады. Атап айтканда, орман алкаптарының көлемін кеміту, топырақ өндеудің тиімсіз тәсілдерін қолдану, топырақ қорғау ауыспалы егістерінің мүмкіншілігін толық пайдаланбау, аумақта шамадан тыс мал жаю, жергілікті топырақ ерекшеліктеріне сай келмейтін техниканы пайдалану, жол желісін жүйесіз жүргізу, газ, мұнай өткізетін құбырларды қалай болса солай салу т. б. Эрозия тудыратын факторлардың өзіндік epeкшeлiктepi болғанымен, олар бірлескен түрде әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан оларды жүйелі түрде қарастырып, күресу шараларын кешенді түрде жүзеге асыру міндет. Су және жел эрозиясыньң даму барысында топырақ өзінің алгашқы касиеттерін жоғалтады, оның кұнарлығы төмендеп, алатын өнімнің мөлшері азаяды. Топырақтың эрозияга шалдығу дәрежесін оның карашірінді қабатының жұкаруы, карашіріндінің және коректік заттардың шығын мөлшері деңгейі анықтайды. Шайылу және дефляцияға шалдығу деңгейіне байланысты топырактар эрозияга аз ғана шалдыққан, орташа, күшті және өте күшті шалдыққан болып бөлінеді.

Топырақтың 0-30 немесе 0-50 см қабатында карашіріндінің азаюына сәйкес су эрозиясы кезінде эрозия деңгейін төмендегіше беруге болады (М. Н. Заславский) : аз ғана шайылған деп қарашірінді мөлшері 10-20% төмендегенде, орташа шайылған - 20 - 50%, күшті шайылған - 50% артық, өте күшті шайылған - 75% артық төмендегенде. Ал дефляция кезінде гумус қабатының азаюына байланысты топырақты жоғарыдағыдай төрт топқа бөледі. Гумус қабаты 20% азайса аздап дефляцияга ұшыраған, 20-40% арасында болғанда орташа, 40 - 60% - күшті, 60% артык, болганда дефляцияга өте күшті ұшыраған деп есептелінеді (А. Ф. Родомакин) .

Топырақтың эрозияға шалдығу дәрежесін анықтағанда эталон ретінде су және жел эрозиясына ұшырамаган топырақтың, осы түрінің толық кескінін алады.

Бақылау сұрақтары:

Жел эрозиясының пайда болу себептерін атаңыз.

Жел эрозиясынан болатын экологиялық проблемаларды сипаттаңыз.

Эрозияға шалдығатын топырақтардың агроэкологиялық диагностикасын келтіріңіз.

Топырақты ұшырып әкетудің экологиялық шектеулі нормасын түсіндіріңіз.

Жел эрозиясының пайда болуының экологиялық механизмін түсіндіріңіз.

Механикалық құрамы әртүрлі топырақтарға қарасты желдің табалдырық жылдамдылығын келтіріңіз.

Кесектіліктің экологиялық көрсеткіштерін және шартты аңызды сипаттаңыз.

Топырақтың эрозияға шалдығулығын сипаттайтын экологиялық көрсеткіштерін атаңыз.

3 Тақырып. Минералдық тыңайтқыштарды пайдаланудағы экологиялық проблемалар

Мақсаты: Минералдық тыңайтқыштардың қоршаған ортаға деген әсерін оқып білу, тыңайтқыштардың химиялық құрамы және оның кемшіліктері, тыңайтқыштардың агроландшафтқа деген теріс әсерлерін жою шараларын белгілеу.

Жоспары:

3. 1 Тыңайтқыштар ластағыш көзі ретінде

3. 2 Тыңайтқыштардың ауыр металлдармен ластануы

3. 3 Тыңайтқыштардың экологиялық қауіптілігін төмендетуге арналған шаралар

3. 1 Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды пайдалану топырақтағы өсімдіктерге қажетті қоректік заттар мөлшерін және олардың өнімділігін арттыруға бағытталаған. Бірақ тыңайтқыштарды көбінесе ауыл шаруашылық дақылдарының қажеттілігімен теңестірілмеген шамада енгізеді, соңынан олар топырақтың, ауыл шаруашылық өнімдерінің, топырақ астындағы сулардың, сонымен қатар табиғи су қоймаларын, өзендерді, атмосфераны немесе қоршаған ортаны ластағыш көзі болып қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологияльіқ дүние танымын қалыптастыру
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Мал азықтық өсімдіктері экологиясы туралы негізгі мәліметтер
Өндіріске енгізу
Экология пәнінің жаратылыстану және гуманитарлық пәндерінің ішіндегі үлесі. Экологиялық білім берудегі әдістемелік ерекшеліктері
Селекция туралы жалпы түсінік туралы
Экология ғылымы және оның міндеттері
Топырақ деградациясының әр түрлі классификациясы
Жердің агроэкологиялық топтары
Ауыл шаруашылығын көтеруге байланысты туындаған экологиялық проблемалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz