Мұнай-газ саласын дамыту



Бағдарламаның құрылымы
1. Бағдарламаның паспорты 4.6
2. Кіріспе 7.8
3. Ағымдағы жағдайды талдау 9.54
3.1. ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік.экономикалық және қоғамдық.саяси дамуына әсерін бағалау
9.17
3.2. саланың мықты және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау 18.21
3.3. саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғы шарттары 22.36
3.4. қазіргі бар нормативтік.құқықтық базаның, қолданыстағы парктиканың және дамуды қамтамасыз ету жөніндегі іс.шараларды іске асыру нәтижелері сипаттамасын қоса алғанда, саланы дамытудың қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатын талдау


37.47
3.5. Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімделуі мүмкін қазіргі бар проблемаларды шешу бойынша оң шетелдік тәжірибені, сондай.ақ жүргізілген маркетингтік зерттеулердің нәтижелеріне шолу жасау

48.54
4. Саланы техникалық реттеу 55.58
5. Жер қойнауын пайдалану келісім.шарттары бойынша қазақстандық үлесті дамыту 59.61
6. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету 62.68
7. Қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу 69.79
8. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 80.96
8.1. салалық бағдарламаның мақсаттары 80.82
8.2. мақсатты индикаторлар 83.84
8.3. бағдарламаның міндеттері 85.90
8.4. әрбір міндет бойынша белгіленген нәтижелердің көрсеткіштері 91.96
8.5. мақсаттарға, мақсатты индикаторларға, міндеттерге, нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзгеде органдар 97
9. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері 97
10. Қажет ресурстар 97
10.1. бағдарламаны іске асыруда қолданылатын қаржы.экономикалық, материалдық.техникалық, еңбек және басқа да ресурстар, сондай.ақ қаржыландыру көздері
10.2. іс.шаралар, оларды іске асыру мерзімдері бойынша болжамды қаржыландыру көлемдері
11. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс.шаралар жоспары

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   
ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ
2010 – 2014 АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана, 2010 жыл
Бағдарламаның құрылымы

Бағдарламаның паспорты 4-6
Кіріспе 7-8
Ағымдағы жағдайды талдау 9-54
ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және
қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау 9-17
саланың мықты және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін 18-21
талдау
саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғы 22-36
шарттары
қазіргі бар нормативтік-құқықтық базаның, қолданыстағы
парктиканың және дамуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды
іске асыру нәтижелері сипаттамасын қоса алғанда, саланы
дамытудың қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясатын талдау 37-47
Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімделуі мүмкін
қазіргі бар проблемаларды шешу бойынша оң шетелдік тәжірибені,
сондай-ақ жүргізілген маркетингтік зерттеулердің нәтижелеріне 48-54
шолу жасау
Саланы техникалық реттеу 55-58
Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша қазақстандық 59-61
үлесті дамыту
Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету 62-68
Қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу 69-79
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, мақсатты 80-96
индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
салалық бағдарламаның мақсаттары 80-82
мақсатты индикаторлар 83-84
бағдарламаның міндеттері 85-90
әрбір міндет бойынша белгіленген нәтижелердің көрсеткіштері 91-96
мақсаттарға, мақсатты индикаторларға, міндеттерге, нәтиже 97
көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзгеде
органдар
Бағдарламаны іске асыру кезеңдері 97
Қажет ресурстар 97
бағдарламаны іске асыруда қолданылатын қаржы-экономикалық,
материалдық-техникалық, еңбек және басқа да ресурстар,
сондай-ақ қаржыландыру көздері
іс-шаралар, оларды іске асыру мерзімдері бойынша болжамды
қаржыландыру көлемдері
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға
атауы арналған мұнай-газ саласын дамыту бағдарламасы
Әзірлеу Қазақстан Республикасын үдемелі
негіздемесі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 -
2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар
министрі Ә.Исекешевтегі 2010 жылғы 19 наурыздағы
кеңестің №17-54005-1720, 05-43 хаттамасының
2.1-тармағы
Әзірлеуші Қазақстан Республикасының мұнай және газ министрлігі

Бағдарламаның Мұнай-газ саласын тиімді басқару жолымен республика
мақсаты экономикасының тұрақты және теңдестірілген өсуін
қамтамасыз ету
Міндеттері мұнай және газ конденсатын өндіру бойынша
белгіленген жылдық көрсеткіштерді орындау;

отандық көмірсутегі шикізатын (мұнай-газ) өңдеу
тереңдігін ұлғайту;

мұнай өңдеу көлемін ұлғайту және мұнай өнімдерінің
сапасын жақсарту;

мұнай өнімдері мен газға ішкі нарықтың
қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

мұнай мен газ тасымалдаудың экспорттық бағыттарын
әртараптандыру;

қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімін экспорттау
көлемін ұлғайту;

барланған көмірсутегі қорларын толықтыруды молауюын
қамтамасыз ету және өндіру деңгейін тұрақты жоғары
деңгейге шығару;

саланы техникалық реттеу нормаларын үндестіру;

мұнай-газ компанияларындағы қазақстандық үлес
деңгейін ұлғайту;

еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған
ортаға жағымсыз әсерді азайту.
Іске асыру мерзімі2010-2014 жылдар
Мақсатты Мыналарды ұлғайту:
индикаторлар мұнай өндіру көлемін 2014 жылы 85,0 млн. тоннаға
дейін (2009 жылға қарай 111,1 %);

шикі газ өндіру көлемін 55,8 млрд. тек.м. дейін
(2009 жылға қарай 155,0 %);

мұнай экспортының көлемін 75,0 млн. тоннаға дейін
(2009 жылға қарай 110,1%);

2014 жылға қазақстандық МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемін
15,1 млн. тоннаға дейін (2009 жылға қарай 124,8 %);

мұнай өңдеу тереңдігін 87% дейін;

отандық мұнай өнімдері сапасын Евро-3, Евро-4 сапа
стандарттарына дейін;

2014 жылы газ тасымалдау көлемдерін жылына 129,3
млрд.текше.м. дейін;

мұнай құбырларының өткізу қабілетін жылына 87
млн.тоннаға дейін: КҚК – жылына 67 млн.тоннаға
дейін, Қазақстан-Қытай – жылына 20 млн.тоннаға
дейін;

Ақтау қаласындағы битум өндіру көлемін жылына 400
мың тоннаға дейін;

хош иісті көмірсутегілерін өндіру көлемін - бензолды
жылына 133 мың тоннаға дейін, параксилолды жылына
496 мың тоннаға дейін;

2015 жылға қарай полипропилен мұнай-химия өнімінің
өндірісін жылына 500 мың тоннаға дейін, полиэтиленді
жылына 800 мың тоннаға дейін;

2015 жылға қарай барланған қорлар шамамен 300
млн.тонна құрайды;

2015 жылға қарай жер қойнауын пайдаланушылардағы
қазақстандық үлесті 70 % дейін.
Қаржыландыру Мемлекеттік бюджет, бюджеттік кредит қаражаты,
көздері мен кәсіпорындардың, ұйымдардың инвестициялық қаражаты,
көлемдері оның ішінде мемлекеттің қатысуымен ұлттық
компаниялар мен ұйымдардың қаражаты, сондай-ақ
заемдық қаражат.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден
қаржыландыру көлемдері жоспарланатын кезеңге тиісті
бюджеттерді қалыптастырған кезде нақтыланатын
болады.

2. Кіріспе

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мұнай-газ
саласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Салалық бағдарлама) 2010 жылғы 19
наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 958 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі
Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде әзірленді.
Ел экономикасындағы мұнай-газ саласының ролін тұрақты нығайту
қажеттілігі Салалық бағдарламаны әзірлеуге себеп болды.
Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына
маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл
экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада
салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы
анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені
кәсіпорындарының жұмысына байланысты.
Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін
өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы
экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады. Статистика
органдарының оперативтік деректері бойынша 2009 жылы ІЖӨ-дегі мұнай-газ
саласының үлесі 20,8 %, ал 2008 ресми есеп бойынша - 21,8% құрады.
2009 жылдан бастап енгізілген салық жеңілдіктеріне қарамастан, мұнай-
газ саласынан түсімдер мемлекет бюджетінің елеулі көлемін құрады. Атап
айтқанда, кірістердегі сала үлесі 2008 жылмен салыстырғанда 1,2
проценттік тармаққа ұлғайып, 1531,2 млрд.теңге немесе 40,5 % құрады.
Ұлттық қорға мұнай-газ саласының төлемдері алдындағы жылдағыдай 1371,4
млрд. теңге немесе мемлекеттік кірістердегі 36,3% құрады.
2009 жылы минералдық-шикізатық кешендегі инвестициялар көлемі 3,2 трлн.
теңге (21,4 млрд. $ АҚШ) құрады.
Жақын болашақта еліміздің мұнай-газ секторы серпінді дамитын болады,
бұл еліміз үшін өндірістік, әлеуметтік және экологиялық бағыттағы
объектілер құрылысын қамтитын, бірыңғай кешенді саланы дамыту жоспарларын
жасақтау жолымен барлық мүдделі тараптардың үйлесімді жұмысын талап етеді.
Бағдарлама қаралып отырған кезеңдегі салалық мәні бар маңызды
міндеттердің шеңберін айқындайды және, тиісінше, оларды шешуге бағытталған
өзара байланысты ұйымдық, норма шығарушылық, әлеуметтік, экономикалық,
қаржылық және басқа да шаралар кешенін қалыптастырады.
Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша саланың тиімділігін
арттыру арқылы көмірсутегі шикізатын өндіру және өңдеу деңгейін өсіруден,
мұнай мен газ ресурстарын тиімді пайдаланудан, халықаралық транзит
көлемдерін өсіруден әлеуметтік-экономикалық әсерді ұлғайтуды қамтамасыз
ету, сондай-ақ еліміздің толық энергетикалық тәуелсіздігіне, ішкі нарықты
мұнай өнімдері мен газға қажеттіліктерін үздіксіз және толық қамтамасыз ету
көзделеді.
Сондай-ақ Бағдарлама мұнай-газ кешенін дамыту мәселерінен басқа,
өндірістік, әлеуметтік және экономикалық ілеспе объектілерін жақсарту
мүмкіндіктерін қарастырады.

3. Ағымдағы жағдайды талдау.

3.1. Ағымдағы жағдайды, саланың елдің әлеуметтік-экономикалық
және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау

Көмірсутегі шикізаты бойынша жоспарлы геологиялық барлау жұмыстары
Қазақстанда 50-ші жылдардың ортасынан жүргізіле бастады. Қазіргі уақытта
республиканың шамамен 900 мың шар.км алаңы 1958-1965 және 1975-1995
жылдары Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі ұйымдары жасаған өңірлік, іздеу
және егжей-тегжейлі сейсмикалық бейіндермен қамтылған. Республиканың бүкіл
аймағы гравиметрикалық және магниттік түсірілімдермен қамтылған, олардың
негізінде Республиканың гравиметрикалық және магниттік карталары жасалған.
Гравиметрикалық зерттеулердің жаңа техникасы мен технологиялардың негізінде
“Қазақстан қалдықты аномалияларының гравиметрикалық картасы” жасалып
шығарылды, ол Қазақстанның бүкіл аймағының геологиялық құрылымын зерттеуге
геофизикалық негіз болып табылады. Карта гравитациялық алыңның толық
суреттемесін береді және өңірлік геологиялық, тектоникалық және болжау
карталарын жасаған кезде, сондай-ақ өңірлік геологиялық-геофзикалық
зерттеулер кезінде негіз ретінде қолданыла алады. Сонымен бірге
Қазақстанның аймағы геологиялық түсіру жұмыстары, параметрикалық, іздеу
және барлау ұңғымаларын бұрғылау арқылы зерттелді.
Негізінен геологиялық барлау жұмыстары 5 белгілі мұнай-газ өндіретін:
Каспий маңы, Оңтүстік Маңғышлақ, Үстірт Бозашы, Оңтүстік Торғай және Шу
Сарысу бассейндердің аймағында жүргізілді, бұлардың шегінде шамамен 240
көмірсутегі шикізатының кен орындары барланды. Бүгінгі күні бұл
бассейіндердің шегінде 100ден астам көмірсутегі шикізатының кен орындары
игерілуде. Пайдалы қазба қорларының мемлекеттік балансында ескерілген мұнай
қорларының 65% астамы, табиғи газдың 70% астам пайдалануға тартылған.
Бұдан басқа он бассейн: Арал, Сырдария, Солтүстік Торғай, Солтүстік
Қазақстан, Теңіз, Іле, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Ертіс маңы перспективті
мұнай-газды бассейндер болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы көмірсутегі шикізатының жалпы болжамды
шығарылатын ресурстары 17 млрд. тонна құрайды, олардың 8 млрд. тоннасы
Каспий теңізінің қазақстандық секторына (бұдан әрі – КТҚС) тиесілі.
Расталған қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі 15 жетекші елдердің санына
кіреді. Қазақстан көмірсутегі шикізатының елеулі қорларына – әлемдік
қордың 3,3% иелік етеді (шығарылатын мұнай қорлары 4,8 млрд. тонна және,
Каспий қайраңындағы жаңа кен орындарын ескергенде, шығарылатын газ қорлары
3 трлн. тек.м асады, ал ықтимал ресурстары 6-8 трлн. тек.м деп бағаланады).

Республиканың 172 мұнай және 42 конденсатты кен орыны орналасқан (оның
ішінде, 80 астамы игерілуде) мұнай-газды аудандары Қазақстан аймағының
шамамен 62% ауданын алып жатыр. Қазақстандағы мұнайдың негізгі қорлары
(90% астамы) ең ірі 15 кен орнында шоғырланған, олар – Теңіз, Қашаған,
Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияк, Қаражанбас, Құмкөл,
Солтүстік Бозашы, Әлібекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай,
Королевское, жартысы – екі алып мұнай кен орны Қашаған мен Теңізде.
Кен орындары Қазақстанның он төр облысының алты аймағында. Бұл Ақтөбе,
Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл
ретте көмірсутегі қорларының шамамен 70% Қазақстанның батысында
шоғырланған.
Мұнайдың неғұрлым барланған қорлары Атырау облысына тиесілі, оның
аймағында өнеркәсіптік санаттағы 930 млн. тонна қормен 75 астам кен орны
ашылды.
15тен астам көмірсутегі кен орны Батыс Қазақстан облысының аймағында
орналасқан. Мұнай-газдық әлеует тұрғысынан Ақтөбе облысы тағы бір
перспективті өңір болып табылады. Бұнда 25тей кен орын ашылды. Маңыздығы
бойынша Қазақстанның бесінші мұнай-газдық провинциясы – Қызылорда және
Қарағанды облыстарының мұнай өндіру саласының негізін Құмкөл кен орындар
тобы құрайды.
Каспий және Арал теңіздерінің айдынында республика жүргізіп жатқан кен
ауқымды жер қойнауын зерттеулер Қазақстанның мұнай-газ саласының ресурстық
әлеуетін одан әрі молайтуға ықпал етеді.
Каспийді солтүстігінде 2000 жылы ашылған 2,02 млрд. тонна шығарылатын
болжамды қормен Қашаған кен орны соңғы 30 жыл ішіндегі әлемдік
тәжірибедегі ең маңызды оқиға деп аталды.
Мұнай мен газды іздеу перспективаларын Каспий маңы ойпатындағы, Арал
маңындағы зерттелмеген терең жатқан құрылымдармен, сондай-ақ Солтүстік,
Орталық және Оңтүстік Қазақстан объектілерінде айқындалған сейсмикалық
барлау нәтижелерімен байланыстырады.
Қазақстан үшін табиғи газ неғұрлым перспективті энергия тасығыш болуда,
оның қорлары бойынша Қазақстан әлемдегі 14 орынды және ТДМ елдерінің
арасында Ресей, Түрікменстан мен Өзбекстаннан кейінгі 4 орынды иеленуде.
Географиялық тұрғыдан газ қорының 98% Маңғыстау, Атырау, Батыс
Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумақтарына тиесілі Батыс Қазақстан
қойнауында орналасқан.
Қазақстан Республикасындағы мұнай өндіру көлемінің 70 % астамын АҚШ,
Қытай, Ресей, еуропалық елдердің шетелдік инвесторлары қамтамасыз етеді,
ExxonMobil, Сhevron, Agip, BG, BPStatoil, Shell, Total, INPEKS, Philips,
ЛУКойл, Оман Ойл, Eni сияқты және тағы басқа ірі ұлттық және трансұлттық
компаниялар жұмыс істеуде.

Мұнай мен газды өндіру
2009 жылы республикада 2008 жылмен салыстырғанда 8,3% ұлғайып, мұнай
мен газды өндіру көлемі шамамен 76,5 млн. тонна құрады, мұнай мен газ
конденсатының экспорты 68,1 млн. тонна құрап, 8,4% өсті.
Қазақстан Республикасының аймағында 2009 жылдың қорытындылары бойынша
Теңізшевройл ЖШС (22,5 млн. тонна), Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг
Б.В. ЖШС (11,9 млн. тонна), ҚазМұнайГаз БӨ АӨ (8,9 млн. тонна), СНПС-
Ақтөбемұнайгаз АҚ (6,0 млн. тонна) және Маңғыстаумұнайгаз АҚ (5,7 млн.
тонна) негізгі мұнай өндіруші компаниялар болып табылды.
Республика аймағындағы көмірсутегі шикізатының құрылықта игеріліп
жатқан кен орындарының көбі жылдық өндірудің ең жоғары деңгейіне жетті.
Құрылықтағы өндірістің одан әр өсуі бірінші кезекте Теңіз және Қарашығанақ
кен орындарының интенсивті игерілуіне байланысты. 2012 жылдың аяғында
Қашаған кен орнын тәжірибелі өнеркәсіптік игеруді іске асыра бастау
жоспарлануда. Құрылықтағы қалған кен орындарда (Теңіз бен Қарашығанақты
есептемегенде) өндіру көлемі 45,0 млн. тонна немесе 2009 жалпы өндіру
көлемінің 58,8% құрайды, 2014 жылы бұл көрсеткіш 44,9 млн. тоннаға дейін
немесе жалпы өндіру көлемінің 52,8% дейін төмендейді.
Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылардың газды
өндіруі өндіру көлемдерінің тұрақты өсу үрдісін растайды – 2009 жылы 36,0
млрд. тек. м газ өндірілді, бұл 2008 жылдағы газ өндіру деңгейінен 7,5%
жоғары.
Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (15,0 млрд. тек. м),
Теңізшевройл ЖШС (8,9 млрд. тек. м), СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ (3,0 млрд.
тек. м), Толқынмұнайгаз ЖШС (2,3 млрд. тек. м), “ҚазМұнайГаз” БӨ АҚ (0,4
млрд. тек. м) Қазақстан Республикасы аймағындағы негізгі газ өндіруші
компаниялар болып табылады (2009 жылғы деректер бойынша).
Қазақстанның оңтүстік өңірлерін тұрақты газбен қамту қажеттілігін
ескере отырып, Амангелді кен орындары тобын 300-330 млн. тек. мжыл одан
әрі игеру газ өндіру құрылымындағы орны маңызды. Бұл кен орындары тобын
одан әрі дамыту мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кен орындарының
табиғи газын сату бағасын кезең-кезеңмен көтеріп отыру саясатына байланысты
болады, себебі газға бағаның кезең-кезеңмен өсуіне тосқауыл қою жер
қойнауын пайдаланушы компанияларға кен орындарының келісім-шарттық аймағын
барлау және игерудің өндірістік бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажет
қаражат көлемін шоғырландыруға мүмкіндік бермейді.
Сонымен бірге, газдың елеулі көлемін жер қойнауын пайдаланушылар өз
қажеттіліктеріне пайдаланатынын немесе кері айдау үшін жұмсайтынын ескере
отырып, таратылатын тауарлық газдың көлемі маңызды көрсеткіш болып табылады
(1-кесте).

1-кесте

2009 жылдағы тауарлық газды өндіру және шығару теңгерімі
млрд. тек. м
№ Көрсеткіштің атауы Саны
1 Шикі газ өндіру, барлығы 36,0
2 Шикі газды пайдалану, о.і. 16,3
2.1 технологиялық және өз қажеттіліктеріне 7,5
2.2 қабатқа қайта айдау 8,8
3 Құрғақ газ өндіру, о.і. 19,7
3.1 жер қойнауын пайдаланушылардың өз технологиялық 3,0
қажеттіліктерін тұтыну (ГТУ және т.б.)
3.2 таратылатын тауарлық құрғақ газ 15,6
3.3 Газды ПХГ айдау 1,1

Ішкі тұтынудың 36% газ импорты есебінен қамтамасыз етіледі, ол
Қарашығанақ газын Қазақстан Республикасының оңтүстігіне (Жамбыл, Оңтүстік
Қазақстан және Алматы облыстары) Өзбекстан арқылы, сондай-ақ Қостанай
облысына Ресей арқылы қарсы жеткізілімдер жолымен свопталады. Бұндай
жағдай аталған облыстардағы газ магистралі жүйесінің кеңестік газ
тасымалдау жүйесі салынған кезеңде құрылуына байланысты (2кесте).

2-кесте
2009 жылдағы тауарлық газды тарату теңгерімі

Көрсеткіштің атауы Саны, млрд. тек.
м
Таратылатын тауарлық құрғақ газ 15,6
Импорт* 3,1
Газ ресурстарының жиыны, о.і. 18,7
Ішкі тұтыну 8,6
Экспорт* 10,1

* - СВОП операцияларын ескергенде

Мұнай мен газды өңдеу
Бүгіні күні Қазақстан Республикасында үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс
істеуде, олар Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ), Павлодар мұнай химия
зауыты (ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ПКОП) (ҚР МӨЗ).
“ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ “ҚазМұнайГаз” сауда үйі” АҚ еншілес компаниялары
арқылы “АМӨЗ” ЖШС 99,49% үлесін, “ПКОП” ЖШС 49,7% үлесін және “ПМХЗ” АҚ
мүліктік кешенінің меншікті иесі және 58%акцияларының иесі болып табылатын
Refinery Company RT ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін
иеленген. “ПМХЗ” АҚ қалған 42% акцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тұлғасында
мемлекет иеленген.
2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2009 жылы нақты мұнай өңдеу көлемі
12,1 млн.тонна немесе 98,8% құрады.
Республикада 2000 және 2009 жылдары мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін
тұтыну өндіріс құрылымы мен мұнай өнімдерін тұтыну арасындағы белгілі бір
дисбалансты көрсетті (3-кесте).

3-кесте
2000 және 2009 жылдардағы өндіріс пен мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін
тұтынуды салыстыру
мың тонна
№ Атауы 2000ж. 2009ж.
Тұтыну Өндіру Тұтыну Өндіру
1 бензин 1 833,0 1 266,1 3 412,0 2 589,1
2 дизотын 2 383,0 1 971,4 3 582,8 3 795,3
3 керосин 183,0 60,1 415,8 373,5
4 мазут 1 180,0 2 142,1 1 252,2 3 237,0
Жиыны 5 579,0 5 439,7 8 662,8 9 994,9

Авиа отынды тұтыну айтарлықтай жоғары болғанмен, мұнай өнімінің бұл
түрін өндіру артта қалуда, тапшылық 47% дейін барып, импорт есебінен
толықтырылды.
Автомобиль бензинін өндіру және тұтыну жағдайы да осылай қалыптасты,
бұнда да өндіру тапшылығының өсуі орын алды. Соңғы жылдары жоғары октанды
бензинді тұтынушылық өсуде. Жалпы автомобиль бензинін тұтынудың 70% жоғары
октанды бензинге тиесілі. Бұл ретте жоғары октанды бензинге қажеттіліктің
35% импорт есебінен жабылады.
Авиа отынды және жоғары октанды бензинді өндіру тапшылығы мен дизелдік
отын мен мазутты ішкі тұтынудан артық өндіру мұнай өнімдерін тұтыну қарқыны
мен құрылымындағы өзгерістерді қанағаттандыра алмайтын мұнай өңдеу
саласының қазіргі базасының жай-күйін сипаттайды.
Атырау және Шымкент МӨЗ технологиялық мүмкіндіктері шектеулі және
мұнайы терең өңдеуге мүмкіндік бермейді, мазут пен вакуумдық газойлды өңдеу
процестері болмағандықтан, бұл өнімдері өндіру үлесі жоғары.
Қазіргі уақытта Павлодар МХЗ толығымен Ресей Федерациясынан
жеткізілетін мұнайды өңдеуде, Шымкент МӨЗ 50% дейін ресей мұнайын
өңдейді. Жалпы, қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделетін барлық
мұнайдың 50 % ресей мұнайының көлемдері құрайды.
Павлодар зауыты бағытындағы тасымалдау инфрақұрылымының дамымағандығы
ресейлік мұнай жеткізілімдеріне тәуелді болудың бірден бір себебі болып
табылады, оларға шикі мұнай кеңес уақытында салынған мұнай құбыры бойынша
жеткізіледі. Сонымен бірге, Қазақстанның Батыс өңірінен Павлодар зауытына
қарай мұнай құбырын салу экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады.
Республика экономикасының құрылымы шикізаттық бағытта дамыған,
өндірілетін көмірсутегі шикізатының негізгі көлемі экспортқа жіберіледі
және отын нұсқасы бойынша пайдаланды. Жиырмасыншы ғасырдың сексенінші
жылдары Қазақстанның мұнай-химия кешені ҚСРО бірыңғай кешенінің құрамдас
бөлігі ретінде қалыптасып, ортақ өндірістік технологиялық тізбектегі аралық
буын болып табылды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Теңіз және Қарашығанақ кен орындарында
көмірсутегі шикізатын өңдеу мұнай мен газды сепарациялаумен шектеледі,
мұнай-химиялық шикізат одан әрі тиімді пайдаланбайды.
Көмірсутегі шикізатын терең тазалаудан кейінгі алғашқы мұнай-химия
өнімдерін алудың жоғары технологиялық өндірістердің республикада болмауы,
яғни қажетті шикізат ресурстарының болмауы салдарынан өнеркәсіптің мұнай-
химия саласы кәсіпорындары қолда бар өндірістік қуаттарын толық жүктей
алмай отыр, ал бұл өз кезегінде жоғары қосымша құнмен сапалы тауар өнімі
көлемдерін шығаруды жолға қоюға мүмкіндік бермей отыр.
Негізгі өндірістік қорлары 30 жыл бұрын құрылған мұнай-химия
кәсіпорындары қолда бар өндірістік қуаттарымен тауарлы өнімді сырттан
әкелінген (Ресей Федерациясы) шикізатпен шектеулі көлемде шығарып отырды.
Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің мұнай-химия
саласындағы кәсіпорындар көмірсутегі шикізатының негізіндегі өнімді
(полипропилен, резина техникалық бұйымдар, шина өнімдері, мұнай
өнеркәсібіне арналған реагенттер: деэмульгаторлар, өрт сөндіруге арналған
көбік шығарушылар, тоттану ингибиторлары, тұзды шөгінділер, парафин
шөгінділер, депрессорлық қоспалар және т.б.) шығаруда. Барлық мұнай-химия
кәсіпорындары өз ресурстары болмағандықтан, негізінен Ресей Федерациясынан
импортталатын шикізатпен жұмыс істеуде.
Сонымен бірге, жеткілікті шикізат ресурстары бар (мұнай мен газ),
Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлеріндегі кен орындарын (Теңіз,
Каспий) игерген кезде табиғи және ілеспе газдар қолданылуы мүмкін, олардың
құрамында этан бар фракциялары газдың жалпы көлемінің 13тен 16 %ке дейін
және одан жоғары болады, ал бұл негізгі мұнай-химия өнімі - этиленді
өндіру үшін негізгі экономикалық және технологиялық басымдық болып
табылады.
Жол маркалы битумды өндіру үшін Батыс Қазақстанның Қаражанбас және
Қаламқас кен орындарынан өндірілетін мұнай қарастырылуда. Қаражанбас кен
орнындағы мұнайдың тұтқырлығы жоғары - 20(С кезінде 0,9371гcм3, қату
температурасы төмен, парафині аз (2,22 % масс.), құрамындағы қара май мен
асфальтені жоғары (13,28 % масс., 1,86 % масс. тиісінше). Қаражанбас кен
орнындағы мұнай құрамын талдау нәтижелеріне сәйкес мұнайдың жоғары сапалы
жол битумын өндіру үшін қойылатын талаптарға сәйкес екені және сапасы
бойынша Еуропалық экономикалық қауымдастықтың EN 12591 белгіленген және
кем дегенде ҚР СТ 1373-2005 стандартында белгіленген нормалар мен
талаптарға сәйкес келетін битум шығаруға мүмкіндік беретіні анықталды.
Республиканың мұнай-газ кешені өндіретін газ негізінен ілеспе газ болып
табылады, сондықтан кейіннен тұтынушылар мен кәсіпорындарға жеткізілетін
тауарлы газ жасау үшін оны газ өңдеу зауыттарында өңдеу қажет. Қазіргі
уақытта республикада жалпы өңдеу қуаты жылына 12,3 млрд. тек. м газ
құрайтын үш газ өңдеу зауыты бар:
Қазақ газ өңдеу зауыты (бұдан әрі - ҚГӨЗ);
Теңіз газ өңдеу зауыты (бұдан әрі - ТГӨЗ);
Жаңажол газ өңдеу зауыты (бұдан әрі - ЖГӨЗ).
Газ өндіру көлемі аздау кен орындарында газды тауарлық күйге дейін
дайындау газды кешенді дайындау қондырғыларында (бұдан әрі ГКДҚ)
жүргізіледі.
2006 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі аралықта мұнай өндірісі 2006
жылдағы 64,9 млн. тоннадан 2009 жылдағы 76,5 млн. тоннаға дейін және газ
өндірісі тиісінше 27,0ден 36,0 млрд. тек.м. ұлғайтылған кезде, газды
кәдеге жарату жөніндегі іс-шараларды орындау өртелетін газ көлемін 3,1ден
1,7 млрд. тек.м. дейін, яғни 1,4 млрд. тек.м. қысқартуға мүмкіндік
туғызды. Бұл ретте кәдеге жаратылған газдың көлемі 23,9 млрд. тек.метрден
34,3 млрд. тек.метрге дейін, яғни 10,4 млрд. тек.м. ұлғайды. Республика жер
қойнауын пайдаланушыларының бекітіліген Ілеспе газды кәдеге жарату
бағдарламаларын орындауға тұрақты мониторинг жүзеге асырылады.
Жалпы, жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөніндегі іс-
шараларды орындауы қуаты 256 МВт астам 12 газ турбиналық электр станциясын
(ГТЭС), 12 газды кешенді кәдеге жарату қондырғысын және жылына 8 млрд. куб.
м газ өңдеуге және 350 мың тоннадан астам сұйытылған газ шығаруға
арналған газ өңдеу зауытын қамтитын жаңа кәдеге жаратылатын газды
пайдалану инфрақұрылым құруға мүмкіндік туғызды.
Тарихи қалыптасқан магистралдық және газ тарту құбырлары жүйесіне
сәйкес табиғи газ республиканың 14 облысының тоғызына жеткізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республиканың елді мекендерін газдандыру
жөніндегі іс-шараларға үлкен назар аударады. 2006-2009 жылдары осы
мақсаттарға республикалық бюджеттен 15 млрд. теңгеден астам қаражат
бөлінді. Қабылданған шаралар Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан,
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының 80 елді мекенін, сондай-ақ Қызылорда
қаласындағы 46 көпқабатты үй мен 4 мың жеке үйді табиғи газбен қамтуға
мүмкіндік берді.
Газдандыру жөніндегі белсенді жұмыстар жергілікті деңгейде жергілікті
бюджет есебінен жүзеге асырылады. 2007-2009 жылдары осы мақсаттарға 30
млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, 400 мың адам тұратын тұрғын үйлер
газдандырылды.

Мұнай мен газды тасымалдау
Көмірсутегін өндіру көлемдерінің ұлғаюы мұнай мен газ тасымалдау
инфрақұрылымын қарқынды дамытуды талап етеді. Қазіргі уақытта қолданылып
жатқан қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыттары Атырау – Самара
құбыры, КҚК құбыры, Атасу – Алашанькоу құбыры, Ақтау порты.
2009 жылы қазақстандық мұнайдың ең үлкен көлемдері КҚК мұнай құбыры
бойынша – 27,5 млн. тонна және Атырау-Самара құбыры бойынша – 17,5 млн.
тонна экспортталды. Қытайлық бағытта – 7,7 млн. тонна, оның 6,2 млн.
тоннасы қазақстандық мұнай тасымалданды. Теңіз экспорты - 11,1 млн. тонна
құрады, темір жол бойынша 4 млн. тонна тиелді. Орынбор ГӨЗ-ге 1,8 млн.
тонна газ конденсаты жеткізілді. 2009 жылы Қазақстан аймағы бойынша ҚХР-ға
ресей мұнайының транзиті 1,5 млн. тонна құрады, 2010 жылы 2,0 млн. тонна
жоспарланады.
Жаңа экспорт жүйелерін құру және қолда барларын кеңейту өзекті жұмыс
болып табылады. 2009 жылы Каспий Құбыр арнасы Консорциумының (бұдан әрі -
КҚК) акционерлері жүйені кезек кезеңмен кеңейту туралы шешімді қабылдады,
Қазақстан Каспий тасымалдау жүйесін құру жөніндегі жұмыс, сондай-ақ
Қазақстан-Қытай мұнай құбыры жобасының 2ші кезеңін салу жалғасуда.
2009 жылдың ішінде қазақстандық газ экспортының көлемі 7,0 млрд. тек. м
құрады, Қазақстан Республикасының аймағы бойынша газдың халықаралық
транзиті көлемі 73,2 млрд. тек. м, оның ішінде ресейлік газ – 48,0 млрд.
тек. м, түркмен газы – 11,9 млрд. тек. м, өзбек газы – 13,4 млрд. тек. м
құрады.
Қазақстан Республикасының аймағы бойынша газды тасымалдау және
транзиттеу “Орта Азия – Орталық” (орта азия газы), Бұхара газды өңір -
Ташкент-Бішкек-Алматы (орта азия газы), Қазақстан-Қытай газ құбырының
1-ші учаскесі (орта азия газы), Орынбор-Новопсков (ресей газы), Бұхара-
Орал (ресей газы) негізгі магистралдық газ құбырлары бойынша жүзеге
асырылады.
2009 жылға дейін транзит көлемі жыл сайын шамамен 100 млрд. тек. м
құрады. 2009 жылы транзит көлемінің төмендеуі Түркменстан Республикасы мен
“Газпром” ААҚ арасындағы экономикалық келіспеушіліктердің кесірінен 2009
жылдың сәуірінен бастап желтоқсанына дейін “Орта Азия – Орталық”
магистралды газ құбыры бойынша Қазақстан Республикасының аймағы арқылы
түркмен газын тасымалдаудың тоқтатылуына байланысты болды.
“Орта Азия – Орталық”, “Мақат – Солтүстік Кавказ” және “Окарем –
Бейнеу” магистралды газ құбырларын дамытуға инвестициялардың негіздемесі
шеңберінде Түркменстан мен Өзбекстаннан өсе келген табиғи газ көлемдерін
тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында 2007-2008 жылдарда “Орта Азия –
Орталық”–4 магистралды газ құбырының жаңа учаскелерінің, “Орта Азия –
Орталық” лупингінің құрылысы және Опорная компрессорлық станциясындағы
жаңа турбо компрессорлық цех-4 құрылысы аяқталды, бұл “Орта Азия –
Орталық” магистралды газ құбырының бүкіл жүйесінің өнімділігін жылына 60
млрд. тек. Метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстандық үлес бойынша ғана жер қойнауын пайдалану жобаларында
қалыптасатын сұраныс $16-18 млрд. құрайды, олардың шамамен 25% – тауарлар,
75% – жұмыстар мен қызметтер, оның ішінде құрылыс жұмыстары. Қазақстанда
тауарларға, қызметтер мен еңбекке ең ірі тапсырыс берушілер мұнай
компаниялары. 2009 жылы есептілік берген мұнай-газ саласындағы өндіруші
компаниялар 450 млрд. теңгеден астам сомаға, ал 2008 жылы 802 млрд.
теңгеден астам сомаға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер (бұдан әрі ТЖҚ)
сатып алды.
Әлемдік энергетикалық нарық бағалардың түсу кезеңіне кіргеніне бір жыл
өткеннен кейін де Қазақстан өндіру жобаларының тұрақты дамуын көрсетуде,
ірі де, шағын да компаниялар өндірісті ұлғайтуда. Көрсеткіштерге қарағанда,
ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында да шетелдік инвестициялар
ағыны жалғасып, тиісті төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастыруда.
Орта Азия елдеріне салынған шетелдік инвестициялардың әрбір 5
доллардың 4-шісі Қазақстан үлесіне келеді. Әртүрлі бағалаулар бойынша
тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан экономикасына барлық көздерден 60
млрд. доллардан астам шетелдік капитал жұмсалды. Шетелдік инвестициялар
капиталы жыл сайын өсе келуде, бұл Қазақстан экономикасының өсуін және
дамуын қамтамасыз етеді. Шетелдік инвестициялардың шамамен 55% өндіруші
өнеркәсіпке, атап айтқанда көмірсутегі кен орындарын игеруге жіберілді.
3.2. Саланың мықты және осал жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін
талдау

Мықта жақтары Осал жақтары
Саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететінКүрделі тау-геологиялық,
және экономикалық дамудың жоғары гидрологиялық және климаттық
қарқынын қолдауға ықпал ететін жағдайлар;
Қазақстан Республикасының серпінді Тарихи ластау, мұнайлы газды бен
әрі конструктивтік ішкі және сыртқы оның құрамдас бөліктерін (күкірт)
саясаты; кәдеге жарату проблемалары;
Қолайлы инвестициялық климат, Негізгі әлем нарықтарынан қашықтық;
Қазақстан Республикасын шетелдік Пайдалы қазбаларды игеру жөніндегі
инвесторлардың келуге дайын болуы; орталық комиссияның (бұдан әрі –
Жоғары инвестициялық белсенділік ИОК) мүшелері мен сарапшыларының
деңгейі; негізгі қызмет бойынша жүктемесінің
Бая табиғи минералдық-шикізаттық көп болуы;
ресурстар және оның терең өңдеу үшінЕуропаның және үшінші елдердің
тартымды құрамы; нарықтарына шығу үшін мұнай-газ
Азия мен Еуропа нарықтарын тасымалдау жүйесіне қол жеткізу
біріктіретін интеграцияланған кезінде транзиттік елдерге тәуелді
мұнай-газ тасымалдау болуы;
инфрақұрылымының болуы; Жобалардың жоғары капитал қажет
Жаңа мұнай-газ тасымалдау қуаттарын етушілігі және қаржы нарықтарындағы
дамыту жөніндегі әлеует; дағдарыс салдарынан инвестициялық
Жер қойнауын пайдалану саласындағы ресурстардың тапшылығы;
дамыған газ шығару базасы; Негізгі мұнай-газ құбырлары, мұнай
Жер қойнауын пайдалануды қалыптасқанөңдеу зауыттары қорларының әбден
келісім-шарттық реттеу жүйесі; тозуы, оларды жаңғырту жөніндегі
Мұнай газ саласында ҚазМұнайГаз ҰКіс-шаралардың жеткіліксіз
АҚ және еншілес компаниялары тобыныңқаржыландырылуы;
тұлғасында тігінен Жұмыс істеп жатқан МӨЗ ескірген және
интеграцияланған, соның ішінде тозған технологиялары, мұнай өңдеу
инфрақұрылымдық құрылымдардың болуы;тереңдігінің төмен болуы және
Кәсіби даярланған кадрлардың болуы; шығарылатын мұнай өнімдерінің
Мемлекеттік қолдауы. еуростандарттарға сәйкес келмеуі;
Ресей мұнайының жеткізілімдеріне
тәуелді болу. Мұнай құбыры бойынша
қазақстандық мұнайды жеткізу
мүмкіндіктерінің болмауы;
КТҚС үшін инфрақұрылымның
жеткіліксіз дамығандығы;
Мұнай-газ кен орындарын игерудегі
ұлттық компанияның қатысу үлесінің
төмендігі;
Ішкі нарықтың солтүстік және орталық
аймақтарын табиғи газбен қамтамасыз
ету үшін қажет дамыған газ
тасымалдау инфрақұрылымының болмауы;
Батыс өңірлерден өз газын жеткізетін
газ құбырының болмауы салдарынан
Өзбекстан мен Ресейден табиғи газ
жеткізілімдеріне тәуелді болу;
Республиканың газ саласының тиімді
дамуын қамтамасыз ететін жеткілікті
заң шығарушылық базаның болмауы;
ҚР өңірлерін газдандыру жобаларын
бюджеттік қаржыландырудың
жеткіліксіздігі;
Өңірлік атқарушы органдарды
жұмыстарды қаржыландыру және газ
тасымалдау желілеріне қызмет
көрсету, сондай-ақ халық пен заңды
тұлғаларды газбен қамту аймағын
кеңейту бюджетімен қамтамасыз ету
жөніндегі нақты бағдарламаның
болмауы;
Газ өндіруді жалғастыру үшін қаражат
шоғырландыру мүмкіндігіне себепші
болатын, мемлекеттік органдардың
өндірілетін газға бағаны ұстап
тұруы;
Қарашығанақ газын өңдеу бойынша өз
қуаттарының болмауы;
Қазақстан экономикасында өндіру және
табиғи газды пайдалану
технологияларын (көмір қабаттарынан
метан шығару, ілеспе газды кәдеге
жарату, көлікті газға ауыстыру және
т.б.) кеңейту бойынша заңмен
белгіленген салық жеңілдіктерінің
болмауы;
МӨЗ бен ГӨЗ-дерді, сондай-ақ жер
қойнауын пайдаланушы үшін тартымды
экспорттық жеткізілімдер болған
жағдайда мұнай-химия өндірісі үшін
көмірсутегі шикізатының қажетті
көлемдерімен қамтамасыз ету
қиындықтары;
Түпкілікті бағадағы тасымалдау
құрамының елеулі үлесін ескере
отырып, қазақстандық мұнай-химия
өнімінің бәсекелесу қабілеті.
Мүмкіндіктері Қауіптері
Дамып келе жатқан елдердегі (соның Техногендік авариялар тәуекелі;
ішінде Қытайда) экономикалық өсудің Каспийдің экологиялық сезімтал
қалпына келуі энергия тасығыштарға аймағында мұнай өндіру;
сұраныстың жаңа көмірсутегі Жоғары қабат қысымы және мұнайдағы
қорларының молаюынан асып түсуі күкіртсутегінің құрамы;
үрдісін тудырады; Кен орындарын ұтымсыз игеру,
Көмірсутегі шикізатын іздеуге бір бекітілген технологиялық құжаттардың
қатар перспективті объектілердің талаптарын орындамау;
болуы; Транзиттік елдер тарапынан мұнай мен
Әлемдік көмірсутегі ресурстары газ транзитіне қатысты саясатының
қорларының шектеулі болуы; өзгеру ықтималдығы;
Ірі әлемдік мұнай өндірушілердің Транзиттік елдерді тарифтердің
бағалардың экономикалық тұрғыдан ұлғаюы;
дәлелді деңгейін қамтамасыз етуге Орынбор газ өңдеу зауытында (бұдан
ұмтылуы; әрі – ОГӨЗ) газ қабылдауды шектеу;
Әртүрлі көлік түрлері, мұнай-химия Қазақстандық газды үшінші елдерге
өндірісі үшін ресурс ретіндегі тасымалдау үшін Ресей газ тасымалдау
көмірсутегілерге жоғары сұраныс; жүйесіне тең қол жеткізу
Өңірлік халықаралық нарықта (Орталықмүмкіндіктерін беру және
және Шығыс Азия) мұнай-химия қазақстандық газға әділ нарықтық
өніміне, соның ішінде off – take баға белгілеу бойынша Газпром
жеткізілімдеріне болжамды сұраныстыңААҚ-пен келіспеушіліктер;
болуы; Жобаларды іске асыру мерзімдерін
Тұтыну тауарларын қосқанда, қосымша кідірту және олардың құнының
құны жоғары өнімді шығару; қымбаттауы;
Каспий өңірімен (Түрікменстан, Орта азиялық газ транзиті
Әзірбайжан) интеграциялану; көлемдерінің төмендеуі. Газды
Халықаралық сауда мен Қазақстан Республикасы аумағын
ынтымақтастыққа Иранды белсенді айналып өтіп тасымалдау жобаларын
тарту; дамыту;
Қытайды батыс өңірлерінің серпінді Саланың шикізаттық және отындық
дамуы; бағытта дамуын сақтау;
Қазақстандық тауарлар мен Көмірсутегілерінің теңіз кен
қызметтердің жеткізілімін ұлғайту, орындарын игеру мен жағалау
Қазақстан тұрғындарын жұмыспен инфрақұрылымын дамыту арасындағы
қамтамасыз ету; теңгерімсіздік;
Шектес салаларды – машина жасау, Көрші елдерде (Әзірбайжан. Ресей)
құрылыс индустриясын, сервистік теңіз жобалары саласындағы артық
компанияларды, теңіз флотын дамыту қуаттардың және үлкен жинақталған
және жаңғырту. тәжірибені болуы, бұл олардың
бәсекелестік артықшылықтарын
күшейтеді;
Мұнай-химия өндірісі көлемдерінің
және тиісінше жақын (Ресей,
Түркменстан) және алыс (Қытай, Араб
елдері) шетелдің өңірлік
нарықтарындағы бәсекелестіктің
тұрақты өсуі;
Ресейден мұнай өнімдері
жеткізілімдерінің шектелуі немесе
осындай жеткізілімдерге қатысты
экспорттық баж алу;
Өзбекстан мен Ресейден
жеткізілімдердің шектелуіне
байланысты ықтимал тапшылық;
Жеке инвесторлардың салада
шоғырлануын күшейту;
Кадрларды, техникалық персоналдың,
орта және жоғары буындағы инженер
мамандардың жетіспеушілігі.

3.3. Саланы дамытудың негізгі проблемалары, үрдістері мен алғы шарттары

Мұнай мен газ өндіру
Өндірістің одан әрі өсуі Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын қарқынды
игеруге, Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің басталуына
байланысты. Жоба операторларымен бірге аталаған кен орындарында жаңа ірі
кеңейтулер үшін мүмкіндіктерді зерттеу жалғасуда.
Теңіз кен орнын одан әрі игеруді дамыту үшін осы әсер ету әдісінің
шынайы нәтижелерін алу және газды кері айдау көлемдері мен мөлшерлері
туралы сараланған шешім қабылдау мүмкіндігін алу үшін өндіру және айдау
ұңғымалары қорының, олардың жұмысы тәртібінің, газды қайта айдау
технологиялық жобалық құжатқа сәйкес келтіру жөніндегі жұмыстарды
жандандыру талап етіледі. Бұған Теңізшевройл Екінші Буын Зауытының
өнімділігі мен жүктелгендігі және шығарылатын мұнай қорларын іріктеу
деңгейі байланысты болады.
Теңізшевройл ЖШС Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) шеңберінде шикі
мұнайды кері айдау технологиясын қолданып, өндірісті одан әрі кеңейту
нұсқаларын қарастыруда. БКЖ негізгі мақсаты – мұнай өндірудің жалпы көлемін
ұлғайтумен, шикі мұнайды тәжірибелік кері айдаудың және оның Теңіздің
платформалық бөлігінде таралудың табысты өтуіне негізделген, өндірістік
қуаттардың одан әрі өсуін қамтамасыз ету болып табылады.
Жоба операторы жылына 12 млн. тонна мұнай өңдеу қуатын көздейтін
нұсқаны ұсынады. Осы уақытта БКЖ жобасы 2-фазаның аяқталу сатысында тұр. 2-
ші фазадан 3-ші фазаға ауысу (эскиздік жобалау, ұзақ жасалатын материалдар
мен жабдықтарға ерте тапсырыс жасау) 2010 жылдың III-тоқсанына
жоспарланды. 4-ші фазаның аяқталуы (егжей-тегжейлі жобалау және құрылыс)
2016 жылға жоспарланды.
БКЖ іске асырудың орындылығы туралы түпкілікті шешім 2-ші фаза
аяқталған кезде ұсынылатын жобалық шешімдірді негіздеу жөніндегі құжаттар
пакетінің негізінде жобаның техникалық және экономикалық көрсеткіштерін
талдаудан кейін қабылданатын болады.
БКЖ зауытын салуға шығындар (мұнайды сепарациялау және мұнайды алғашқы
өңдеу, газ айдау объектілері), ұңғымаларды бұрғылауға және ұңғымаларға
арналған алаңдарды, сондай-ақ сағалық қысымды төмендету объектілерін салуға
қосымша шығындар талап етіледі.
Қарашағанақ кен орнын игеру перспективалары кеңейтуді талап ететін жер
үсті құрылыстарының өнімділігі мен жай-күйіне тығыз байланысты. Сондай-ақ
өндіруші және газ айдаушы ұңғымалар қорын ұлғайту және ұңғымалар жұмысының
технологиялық режимін оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу сұйық
көмірсутегі өндірісінің жаңадан өсу мүмкіндігі болып табылады.
1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнының
мердігерлік учаскесі Өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімнің (бұдан әрі -
ӨБТК) шарттарына сәйкес кен орнын игерудің келесі сатысын - 3-Кезеңнің
іске асырылуы 2М Кезеңінде қол жеткізілгендерді одан әрі өсіру (11 млн.
тонна) және газдың артық көлемдерін кәдеге жарату мақсатымен жұмыстар
бағдарламасын орындауды көздейді.
3-Кезеңін іске асыру нұсқасын таңдаған кездегі жалпы стратегия
коллектор мен өндірістік объектілердің мүмкіндіктерін, экспорттың
мүмкіндіктерін жобаның экологиялық тартымдылығын ескере отырып, сұйық
көмірсутегілерінің жеткізілімдері көлемін барынша көбейтуде.
Қазақстан Республикасының өндірілетін газдың өсе түсетін көлемдерін
тиімді кәдеге жарату мәселесін шешуі 3-Кезеңді іске асырудың негізгі шарты
болып табылады. Осыған байланысты 2007 жылғы 31 мамырда Мердігер (КПО
б.в.) мен ҚазРосГаз ЖШС арасында ұзақ мерзімді газды сатып алу-сату
шарты жасалды.
2006 жылы Мердігер Қарашығанақ жобасының 3-Кезеңін іске асыру
тұжырымдамаларын зерттеуге кірісті. Қазіргі уақытта 3-Кезеңге қатысты
келіссөздер жалғасуда, Қарашығанақ кен орнын игерудің 3-Кезеңі
тұжырымдамасына техникалық шолу жүргізу көзделуде.
Қашаған кен орныны игерудің 2-Кезеңі Базалық Жобалау сатысында, оның
2011 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарлануда. 2-Кезең тәуілігіне 1 млн.
баррельге дейін (46 млн.тжыл) өндіру деңгейіне қол жеткізу үшін
тәуілігіне 275 мың баррельден екі кезекті қамтиды. Сонымен бірге,
Солтүстік Каспий жобасының Операторы (Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.)
кен орнын игерудің 2-Кезеңі құнының шығындарын төмендету және оның
экономикалық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуде.
Қашаған кен орнының алып көмірсутегі қорларын әртүрлі компаниялардың
күшімен, бірлесіп қана игеруге болады, сондықтан бұл кен орны бойынша әсер
ету әдістері мен игеру тәсілдерін жете саралап әзірлеу қажет. Қазіргі
уақытта консорциум осы бағытта жұмыс жүргізуде.
Геофизикалық, петрофизикалық және физика-химиялық зерттеулердің, сондай-
ақ қысқа мерзімді ұңғымалар сынаудың, компьютерлік геологиялық-
гидродинамикалық модельдеу нәтижелерін басшылыққа ала отырып, түрлі
компаниялардың мамандары жаңа Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік
игеру жобасын дайындап, мемлекеттік органдардың қарауына жолдады.
Жобаға сәйкес Қашаған кен орнының шығыс учаскесінде кен орнын кең
ауқымды игеру үшін жобалық шешімдер қабылдау мақсатында ілеспе газды қайта
айдау тиімділігін зертеу және бағалау жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік
жұмыстар жүргізу ұсынылады. Осы жоба іске асырылған жағдайда 2015 жылға
қарай Қашаған кен орныны игеруді әрі қарай дамыту жолдары мен
перспективалары туралы ақпарат пайда болады.
Жоғарыда аталған барлық кеңейту жобалары бойынша техникалық,
экономикалық және әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қарау талап етіледі.
Қазақстанда мұнай өндіру болжамы келесі 4-кестеде көрсетілген.

4-кесте
2010-2014 жылдарға арналған мұнай өндіру болжамы
млн. тонна
2009 ж. 2010 ж. 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж.
(факт)
мұнай және газ 76,5 80,5 81,0 83,0 83,0 85,0
конденсаты

Бірқатар кен орындары бойынша, игерудің соңғы сатыларында, негізінен
ҚазМұнайГаз БӨ АҚ жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарының шеңберінде,
пайдалануда жалғастырудың экономикалық тиімділігі мәселелері туындайды.
Экономикалық тұрғыдан игерудің соңғы сатыларына мынадай белгілер тән:
- мұнай қорларын игеру үшін талап етілетін инвестициялардың басым
бөлігі жасалып қойды – ұңғымалар бұрғыланды, жайластыру объектілері жұмыс
істеуде;
- қолда бар негізгі қорлар айтарлықтай физикалық тозу деңгейімен
сипатталады және жаңа инвестицияларды талап етеді (дублер-ұңғымаларды
бұрғылау, құбыр жүйесі мен өзге де жабдықтарды ауыстыру);
- өндірістің тұрақты деңгейлерін қолдау үшін қабаттардың мұнай
қайтаруын арттыру саласындағы жетістіктерді, сондай-ақ қабаттарды ашудың
жаңа технологияларын (тік ұңғымаларды бұрғылау және екінші оқпады кесу)
енгізуді дәлелдеу қажеттілігі туындайды;
- кез келген технологиялық шешімдердің экологиялық қауіпсіздік
факторының рөлі күшейді.
Қолданыстағы салық кодексі Үкімет деңгейінде суланған, аз дебитті, қоры
таусылған кен орындарын, тұтқырлығы жоғары көмірсутегі шикізатының кен
орындарын игеретін, сондай-ақ рентабельдігі төмен келісім-шарттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында мұнай газ кешенін мемлекеттік реттеу
Мұнай мен газдың қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы
Мұнай мен газды өндіру
Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары
Газдандыру және магистралды және таратушы газ құбырларының техникалық жайкүйi
Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы
Қазақстан Республикасындағы мұнай және газ саласының даму жолдары
Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Мұнай-химия - шикізат шырмауынан шығу жолы
Пәндер