ТУРИЗМДЕГІ ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰРАЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
9 тақырып. ТУРИЗМДЕГІ ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰРАЛДАРЫ
Мақсаты: Туризмдегі орналастыру құралдары туралы зерттеу
Қарастыратын сұрақтар:
9.1 Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі
9.2 Қонақ үйлер мен тұру объектілерінің типологиясы
9.3 Әлемнің түрлі елдеріндегі қонақ үйлерді жіктеу
9.4 Халықаралық қонақ үй ұйымдары

9.1 Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңына сәйкес туристік орналастыру орындарына қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік орталықтар, демалыс үйлері, пансионаттар мен туристерді орналастыру үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыс орындарын жатқызамыз.
Қазіргі кезде орналастыру объектілері қонақ үй индустриясының негізгі бөлігі, бұл өз кезегінде туризм саласындағы басқа да кәсіпорындардың қызметтерімен салыстырғанда өзіндік айрықша ерекшелігі бар болып табылады. Көптеген орналастыру орындарының болуымен байланысты әдебиетте олар бір атаумен белгіленеді - қонақ үй кәсібі. Қонақ үй кәсібі деп орналастыру, тамақтандыру, қосымша қызметтерді жүзеге асыратын түрлі типті қонақ үй кәсіпорындарын айтамыз. Алайда, арнайы емдік - сауықтыру мекемелері орналастыру құралдары болғанымен қонақ үй кәсібінің жүйесіне жатпайды.
Әйгілі американдық маркетолог Ф. Котлердің ойынша қызмет - ол бір тарап екінші тарапқа ұсына алатын кез келген іс - шара немесе пайда, және, әдетте, материалдық емес. Қызмет өндірісі материалды түрдегі тауармен қатысы болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Басқаша айтқанда, қызмет - бұл нәтижесінде адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын пайдалы еңбек қызметі болып табылады. Қызметтің ерекшелігі оның материалдық түрде немесе жұмыс істеу процесі ретінде болуы мүмкін.
Бүгінгі күні қызметтің басты сипаттамасына қатысты:
- материалдық емес. Қызмет - ол әрекеттердің нəтижесі болып табылады, оны ұстай алмайсың немесе стандартты үлгілер түрінде ұсынылмайды;
- тұтынушыдан қызметтер көрсетудің ажырамассыздығы. Қызмет көрсету процесінде тұтынушының өзі тікелей өндірістегі әріптес болып табылады;
- гетерогенділік. Қызметтерді стандарттау қиын, өйткені олардың сипаттамаларын тұтынушы анықтайды;
- сақталмайтындығы. Тауар қоры болмағандықтан қызметті сақтай алмайсың;
- қызметтің меншік құқығының жоқтығы. Тұтынушылар қызметке иелік ете алмайды және оны басқара алмайды.
Бұл сипаттамалар сонымен қатар, қонақ үй қызметіне тән, бұл клиент пен қонақ үй персоналы арасындағы уақытша тұру үшін нөмірді (орынды) қамтамасыз ету арқылы қонақтарды орналастыру саласындағы ұйымдасқан өзара іс-қимылдан басқа ештеңе емес, сондай-ақ уақытша тұру және тұруды ұйымдастыруға байланысты басқа да іс-шаралар.
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік - құқықтық актілерінде қонақ үй қызметтерінің негізгі сипаттамасы ғана емес, сондай-ақ, болудың максималды кезеңі де анықталған. Осылайша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 366 Астана қаласының аумағында жеке және заңды тұлғалардың бөлшек сауда, ойын-сауық, қонақ үй, медициналық және басқа қызметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы қаулысымен қонақ үй кәсіпорындары қонақтарды тіркеу орнына қарамастан қабылдайды және екі айдан аспайтын мерзімге орналастыру мүмкіндігін береді.
Қонақ үй қызметі қонақтарды орналастыру және тұру кезінде тұтынушыларға ұсынылатын негізгі және қосымша қызметтерден тұрады, атап айтқанда:
- негізгі қызметтер - бөлменің (орынның) бағасына енгізілген және жасалған келісім - шартқа сәйкес тұтынушыға ұсынылатын қонақ үй қызметтерінің (тұру, тамақтану) мөлшері;
- қосымша қызметтер - қонақ үйдің негізгі қызметтеріне жатпайтын қызметтер, қосымша келісім - шартқа сәйкес тұтынушы жеке тапсырыс жасайды және ақысын төлейді (мысалы, тұрақ қызметі, кір жуу, сауна, т.б.).
Жоғарыда айтылғандай, қонақ үй қызметіне қызметтердің барлық жалпы сипаттамалары тән, бірақ қонақ үй бизнесі мен клиенттерге қызмет көрсетудің функционалды ерекшеліктеріне сүйене отырып, қонақ үй қызметтері бірқатар ерекшеліктерге ие. Мәселен, Т.И. Черняева мен М.С. Отнюкова қонақ үй қызметтерінің келесі спецификалық ерекшеліктерін келтіреді:
- өндіру және тұтыну процесінің бір мезгілде еместігі. Қонақтарға ұсынылатын бірқатар қызметтер клиенттердің болуын талап етпейді (бөлмелерді тазалау, нөмірді дайындау және т.б.);
- шектеулі сақтау мүмкіндігі. Қонақ үй қызметтерінің кешені әрі қарай сату үшін сақталмайды. Егер бүгінгі күні қонақ үй бөлмесі сатылмай қалса, онда бұл күндерді қосымша сату мүмкін емес. Бұл жағдайда барлық шығындар мен жоғалтылған пайда қонақ үй басшысына немесе бөлмелердің блогына тапсырыс жасап, әртүрлі жағдайларға байланысты тұтас блоктан немесе бөлігінен бас тартқан туроператорға жатады;
- қонақ үй қызметтерінің шұғыл сипаты. Қонақ үй индустриясының ерекшелігі - клиенттерге қызмет көрсету жылдам болуы керек;
- өндірістік процесте қызметкерлердің кеңінен қатысуы. Қонақ үй қызметін ұсыну барысында ,олардың қызметі сапа деңгейін анықтайтын, қонақ үйдің барлық қызметкерлері қатысады. Осыған байланысты, қызмет көрсету процесін жетілдіру шеңберінде міндетті қызметтер жиынтығы болып табылатын бірқатар қызмет көрсету стандарттары әзірленді;
- қонақ үй қызметіне деген сұраныстың маусымдық сипаты. Қонақ үй кәсіпорындарының қызметі осы немесе басқа маусымда болатын туристердің санына байланысты;
- қонақ үй қызметтерінің және саяхат мақсатының өзара байланысы. Келушілердің белгілі бір орынға бару туралы шешімі әдетте, осы жерде белгілі бір қонақ үйдің болу факторына емес, көңіл көтеру, демалу, спортпен шұғылдану, емдік ванна қабылдау мүмкіндігі және тағы басқа себептермен қабылданады.
Қонақ үй қызметінің ерекшелігі клиенттерге қызмет көрсетудің ерекшеліктері мен технологиялары бойынша анықталады. Қонақ үй қызметін көрсетудің технологиялық процесі мыналарды қамтиды: қонақ үйге кіру кезінде қонақты қарсы алу; тіркеу, құжаттарды дайындау және қонақтарды орналастыру; бөлме қызметі; тамақтандыру қызметтерін көрсету; мәдени сұраныстарды, спорттық, сауықтыру және фитнес қызметтерін қанағаттандыру; кетуді ресімдеу, шығарып салу.

9.2 Қонақ үйлер мен тұру объектілерінің типологиясы
ДТҰ өкілдерінің айтуы бойынша, барлық қонақ үйлер ұсынылатын қызметтердің нақты жабдықтары мен ерекшеліктеріне байланысты сыныптар мен санаттарға топтастырылуы керек. ДТҰ қонақ үйлердің және ұқсас кәсіпорындардың төрт ірі топтың біреуі болып табылатын орналастыру объектілерінің стандартты жіктемесін әзірледі .
Бүгінгі күні көптеген елдер қонақ үйлердің келесі типологиясына сүйенеді:
- қонақ үй. Қалада ішінде орналасқан және орналастыру және тұру саласында қызметтердің кең спектрін ұсынады;
- люкс - қонақ үй. Ол көп жағдайда қаланың орталығында немесе туристік орталығында орналасқан және ең талапшыл қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жоғары білікті мамандары болады. Люкс бөлмелері ұсынумен айналысады;
- орта деңгейдегі қонақ үй. Қала орталығында немесе қалада орналасқан және кең ауқымды қызмет көрсетуге маманданған. Орташа класқа жататын тұтынушылар санатына қызмет көрсетуге мамандандырылған, сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері
Қонақжайлылық индустриясындағы ақпараттық технологиялар
Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты
ТУРИСТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖОСПАРЛАУ
Туристік кәсіпорынның дамуына жарнаманың әсері
Туризм индустрия құрылымы
Туризм мамандығы жайлы
Туризм нарығын маркетингтік талдау
Туристік кәсіпорынның баға стратегиялары
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Пәндер