Табиғатты қорғау туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Табиатты қорғау ерте заманнан басталған. Көне заманның өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатындығын білгеннен кейін табиғаттан тек қана ала бермей, оның орнын толтырып, қайтадан орнына келтірудің керектігіне көздері жетті. Ол кезде адамдар тек жер өңдеп қоймай, оған тыңайтқыш беруді, пайдалы өсімдіктерді себуді, бағалы жануарларды асырып, көбейтуді үйренді. Бұл табиғатқа өзгеріс енгізгенмен адам пайдасына жұмсалып кеткен қор қайтадан орнына келмейтін. Ал біздің заманымызда табиғат қоры одан әрі азая түсуде. Табиғат байлығынан алынатын қорғаудың мөлшері, осы қайтадан қалпына келтіру мөлшерінен әлдеқайда көп. Мұның себебі табиғатты қалпына келтіру идеясы барлық елде мемлекеттік шеңбердегі проблема деңгейіне көтерілмей отыр.

Табиғатты қорғаудың қажеттілігі кейбір мемлекеттерде оның байлығының азайғандағы айтарлықтай біріне бастағанда туған. Табиғаты бай жерлерде адам санының көбеюі, ол жерлердегі пайда болған шаруашылықтарда адам әрекетінің кең өріс алып, аумағының артуы табиғи байлықтың азаюуна әкеледі. Бұл адамды табиғат қорғау шараларын ойластыруға мәжбір етті.

Қоршаған ортаның адам денсалығына әсерін айта отырып, экологиялық порблеммалардың таза түрде кездеспейтінін ескеру қажет. Олар әрқашанда тікелей немесе жанама түрде саясатпен, экономикамен, жаңа технологиялармен, әр адамның экологиялық сана сезімінің жетілген деңгейімен байланысты келеді.

Табиғат байлығын тиімді пайдалану, қоршаған орта, жер, су тазалығын сақтау, олардың зиянды заттармен ластануына жол бермеу - көкірегі ашық әр адамның парызы.

Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері экологиялық қауіпсіздік.

Жапы түсініктер: экологиялық қауіп, экологиялық қауіпсіздік. Экологиялық қауіпсіздік жүйесі. Техносфераның қысқаруы, техногендік ластану көлемінің кемуі, депогуляция, адамның қасиеттіліктерін кеміту.

Экологиялық қауіпсіздік критерийлері. Адамның экологиялық қауіпсіздігі.

Экологиялық құқық

Экологиялық қарым қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәләлденген заңдарды қабылдаудан басталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - негізгі заң. Халықаралық нормаларға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастардың реттеудегі жалпы бағытын анықтайды. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің конституциялары 1948 жылы БҰҰ қабылдаған “Адам құқығының жалпыға бірдей Деклорациясиясында”, сонымен қатар адам құқығы бойынша басқа да халықаралық фактілерде көрсетілген идеалға сүйенеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясында “Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар” - делінген.

1995 жылы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы (31-бап: “Мемлекет қоршаған ортаны қорғауды өзіне мақсат етіп қояды”. )

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепсиясы ҚР Президентінің шешімімен мақұданған, 30 сәуір 1996.

“Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң 1997 ж. “ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” заң 1997, су кодексі 1993 ж. қабылданды. “Ерекше қорғауға алынған табиғи територриялар туралы” заң 1997 ж. “Жануарлар дүниесін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану туралы” заң 1993 ж.

“Атмосфералық ауаны қорғау туралы” заң 1981 ж. “Экологиялық экспертиза туралы” заң 1997 жыл.

“Халықтың радияциялы қауіпсіздігі туралы” заң 1998 жыл.

Орман кодексі 1993 жыл.

Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңы 2000 жыл.

Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының озон қабатын қорғау Вена конверциясына қосылу туралы” заң 1997 жыл.

Қазақстан Республикасы “Қазақстан Республикасы озон қабатын бұзатын заттар бойынша Монреаль хаттамасында қосылу туралы” заң 1997 жыл.

Эклолгиялық заңдардың орындалуын мемлекеттік құрлымдар жүйесі, экологиялық сараптама қамтамссыз етеді.

Экологиялық сараптама:

1. Мемлекеттік

2. Қоғамдық

3. Ғылыми

4. Нормативтік

5. Санитарлық

6. Құқықтық

Экологиялық сараптаманың принциптері:

  1. Мемлекеттік сараптаманы жүргізудің міндеттілігі.
  2. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволардың бақылаушы құрылымдарының өзара байланысы.
  3. Экологиялық және медикобиологиялық мүдделердің басымдылығы.

Халықаралық дәрежеде адамның қолайлы қоршаған ортаға деген құқығы БҰҰ-ның әртүрлі бөлімдері қамтамассыз етеді. Олар қоршаған ортаның жағдайын сақтауға арналған көптеген бағдарламалар жасады: “Дүниежүзілік сақтау ұйымы”, “Қоршаған ортаның гигиенасы”, ауылшаруашылык химикаттары мен қалдықтар; БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерді бойынша ұйымы - “Адам және биосфера”.

Белгіленген жүзеге асуының 1972 жылы құрылған БҰҰ-ның қоршаған ората бойынша бағдарламасы (ЮНЕП) және БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі халықаралық комиссиясы жалпы басшылық жасайды.

Құқықтық мемлекетті адамдардың арасындағы қарым қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. Адамның табиғатты өзгертушілік қызметі тек соңғы жылдары ғана құқықтық тұрғыдан шектеле бастады. Қолайлы таза қоршаған ортаға деген құқық - табиғатпен қоғамның бір-бірімен әрекеттесу сферасындағы қарым-қатынасты реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Экологиялық құқық мәселелерін, олардың реттейтін қоғамдық қатынастарын үш бөлікке бөлуге болады.

Бірінші бөлігі табиғат қорғау құқығы құрайды. Бұл құқық табиғи жүйе мен кешендерді қорғау мәселелері бойынша қоғамдық қатынастарды, жалпы табиғат қорғау құқықтық институттарын, қоршаған жалпы табиғи ортаның концептуалды бағыттарын шешуді реттейді.

Бұған Қазақстан Республикасының “Қоршаған табиғи ортаны қорғау” заңының, “эклогиялық экспертиза” және т. б. құжаттарының нормаларын жатқызуға болады.

Экологиялық құқықтық екінші бөлімі табиғи ортаның жеке бөліктерін реттейді. Бұған жер оның қойнауы, су, орман жануар әлемі, атмосфералық ауа сияқты жеке табиғи ресурстарды қорғауға бағытталған табиғи ресурстар құқықтары жатады. Экологиялық құқықтың үшінші бөлігіне қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен байланысқан қоғамдық қатынастарды қарастыратын құқықтық басқа салалардың нормалары жатады.

Кез-келген құқықтық соның ішінде экологиялық да өзіндік көзі бар. Қазақстан Республикасының “Нормативтік құқықтық актілер” Заңы (24 март 1998 ж. ) бойынша экологиялық құқықтық негізгі көздерінің мынадай иерархиясы бар:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (негізгі заң) (30 август 1995 ж. ) .
  2. Конституцияға өзгерістер мен қосымшалар енгізетін заңдар.
  3. Конституциялық заңдық күші бар Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының Президентінің үкімдері.
  4. Заңдық күші бар Қазақстан , заңдары, Қазақстан Республикасының Президентінің үкімдері.
  5. Қазақстан Республикасының Президентінің нормативтік үкімдері.
  6. Қазақстан Республикасының Президентінің нормативтік шешімдері.
  7. Қазақстан Республикасының Үкіметінің нормативтік үкімдері.
  8. Министерлердің нормативті бұйрықтары, мемлекеттік бұйрықтары.
  9. Маслихат пен әкімдердің нормативтік шешімдері.

Қазақстанның экологиялық саясатының болашақтағы және жақын алдағы уақыттағы мақсаттары Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан республикасының қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік концепциясында”,

№2967 (30 апрель 1996 ж. ) . Бұл мақсаттар төмендегі экологиялық құқықтар көздері арқылы іске асырылады.

  1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (негізгі заң) (30 август 1995 ж. ) .
  2. Қазақстан Республикасының “Қоршаған табиғиортаны қорғау туралы” заңы (15 июль 1997 ж. ) .
  3. Қазақстан Республикасының “жануарлар әлемін қорғау өсіру мен қоолдану туралы” заңы, №2463 х11 (21 октябрь 1993 ж. ) .
  4. Қазақстан Республикасының “Экологиялық эксперимент туралы” заң (18 март 1997 ж. ) .
  5. Қазақстан Республикасының “Өте айрықша қорғалатын табиғи территориялары туралы”, заңы (15 июль 1997 ж. ) .
  6. Қазақстан Республикасының Орман Кодексі, №1924-х11 (23 январь 1993 ж. ) .
  7. Қазақстан Республикасының Су Кодексі, №2061-х11 (31 март 1993 ж. ) .
  8. Қазақстан Республикасының Пррезидентінің Үкімі Заңдық күші бар, “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” №2828 (27 январь 1996 ж. ) .
  9. Қазақстан Республикасының Пррезидентінің Үкімі заңдық күші бар “Мұндай туралы” №2350 (28 июль 1993 ж. ) .
  10. Қазақстан Республикасының Пррезидентінің Үкімі Заңдық күші бар, “Жер туралы” №2717 (22 декабрь 1995 ж. ) .

Қазіргі уақытта әлемде жүзден аса халықаралық бірлестіктер қоршаған ортаны сақтап қалу проблеммаларымен айналысады. Солардың ішінде ең беделдісі - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) .

Ғылымдық Экологиялық шиеленістерді шешу жолдарын қарастыруда БҰҰ-ның қоршаған ортаның проблемалары мен оның дамуына арналған конференцияларының маңызы зор. БҰҰ-ның 1972 ж. Стокгольмде өткен қоршаған ортаны қорғау мен дамыту проблемаларына арналған конференциясы мемлекеттердің назарын адамзаттың алдында тұрған маңызды проблемаларға аударды. Осы конференцияда әлемдік қауымдастықтың (sustainable development) жаңа жолы айқындалды.

БҰҰ қоршаған ортаны қорғпу мен дамыту проблемаларына арналған екінші Конференциясы мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен 1992 ж. Рио-де-Жанейрода өтті. Бұл маңызды конференцияда 14 елдің басшысы мен 178 елдің депутаттары, 1600 мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері болды. Осы конференцияда қоршаған ортаның проблемалары мен дамуын бір бірінен бөліп қарастыруға болмайтыны атап көрсетіледі, елдің экологиялық, кедейлік және даму деңгейінің бір бірімен байланыстығы ХХІ ғасырда тұрақты түрде даму жолына түсу керектігіне шешім қабылдады.

Осы конференцияда 5 маңызды құжат қабылданды:

  1. “Қоршаған орта мен оның даму туралы Рио Деклорациясы”.
  2. “21 ғасыр күн тәртібі”.
  3. “Орманның барлық түрінің тұрақты даму, басқарылу мен сақталу принциптері туралы өтініш”.
  4. “Климаттың өзгеруі проблемаларының Конвенциясы ”.
  5. “Биоәртүрлілік Конвециясы”.

Осы конференцияда қабылданған құжаттардың ең маңыздыларының бірі - “21 ғасыр күн тәртібі”. Бұл құжат жалаңыштылық пен аштықты жеңу, қоғамның табиғатты қорғаудағы ролі, т. б., осылар сияқты 100 аса ғаламдық мәселелерді қамтыған программалардан құралған. “Күн тәртібінде . . . ” барлық елдердің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін бағыттамалар айқындалды. Нью-Йоркте 1972ж. өткен БҰҰ-ның Генералдық ассамблеясында тұрақты даму стратегиясының орындалу жағдайларына талдау жүргізіліп, мына мәселелердің әлі шешімін таппағаны көрсетілді:

-аштық пен жалаңаштықты құрту бағытында;

-дамытаған мен дамушы елдеріндегі өмір сүру деңгейінің ара қашықтығын жақындату;

-ғаламдық масштабта қоршаған ортаға түсетін антропогендік қысымды азайту жолдары мен әдістерін табу.

Адамзаттың алдағы онжылдықтағы бірінші реттік назар аударатын маңызды проблемелары: таза ауыз су, энергетика, көлік пен қоршаған орта, орман, Әлемдік мұхит мәселелері көрсетілді. Негізгі кешенді (комплексті) мәселе болып аштықты құрту, өндіру мен қолдану арасындағы қалыптасқан құрылымды өзгерту айтылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Экологиялық кадастр - оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын (дүрмектік) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
«Табиғатты пайдалану құқығы»
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Табиғатты пайдалануды басқарудың теориялық негіздері
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН КЕШЕНДІ ИГЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АНАЛИЗДІҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ
Табиғат қорғауды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz