Есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы


Қызылорда жоғары медициналық колледжі
Мамандық 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілік:5АВ0910101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:« Психоактивті заттарды қолданатын пациенттерге күтім жасаудағы мейіргер рөлі»
Орындаған: Тулебаева К .
Тобы: ҚБ-50 топ студенті
Ғылыми жетекшісі : Аманова Д. О .
Атқаратын қызметі: Арнайы пән оқытушысы
Қызылорда 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1-тарау. ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Психоактивті заттарды тұтыну қауіпі мен салдары
1. 2 Психоактивті заттарды қолданатын пациенттерге мейіргерлік күтім жүргізу ерекшеліктері
2-тарау. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Психоактивті заттарды қолданатын пациенттерге күтім жасаудағы мейіргер рөлі туралы шетелдік зерттеулерге шолу жасап, нәтижелерін бағалау.
Қысқартылған сөздер:
ДДҰ - Дүние жүзілік денсаулық ұйымы
ДДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
АИТВ - адам қорғаныш тапшылығының қоздырғышы
АҚТҚ - адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы.
АҚШ - Америка Құрама Штатты
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымының
КІРІСПЕ
Тіркес сөздер: Психоактивті заттар, нашақорлық, маскүнемдік, салдары, мейіргерлік күтім, шетелдік зерттеулер.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазіргі күні ауытқушы мінез-құлық арасындағы ең жиі кездесетіні, әрі қауіптісі жеткіншектік жаста психоактивті заттарды қолдану болып есептеледі. Бүгінгі таңда бұл мәселе мемлекеттік деңгейге жетіп отыр, себебі есірткі және психоактивті заттарды қолданатын жеткіншектер санының өсуі мен жастар арасындағы заң және құқық бұзушылық көбеюде.
Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық тек кең ауқымды мәселе ғана емес, сонымен қатар өрлеу үстіндегі Қазақстанның маңызды проблемасы. Оның әлеуметтік салдары бар: қылмыстар мен адамгершілікке жат әрекеттер істеледі, жеке тұлғаның және жалпы халықтың кері кетуі байқалады, өлім, әсіресе жастар арасындағы өлім жағдайлары етек алуда, өмірге қауіп төндіретін дерттердің дамуы және берілуі байқалуда, ауру және кеміс балалардың тууы, ажырасулар көбеюде.
Қазіргі заманда адамзаттың ең маңызды мәселелерінің бірі - нашақорлық. Ол өзімен бірге көптеген әлеуметтік және жеке проблемаларды алып келеді. Кедей де, бай да, маргиналдық отбасынан шыққан адамдар да, адамзаттың ең жақсы ақыл-ойлары да есірткінің әсерінен қалады. Есірткіге тәуелділік әсіресе ауқатты елдерде жиі кездеседі, дамушы елдерде оны ұстанушылар әлдеқайда аз. Мысалы, кокаин бай мемлекеттермен және ауқатты адамдармен тығыз байланысты. Бірақ көбінесе әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен адамдар тәуелді болып шығады.
Дүниежүзілік есірткі статистикасы. Бүгінгі таңда «қара нарық» тұтынушыларға дәрі-дәрмектің кең таңдауын ұсынуға дайын. Каннабис, кокаин және героин сияқты өсімдік тектес заттарға жүздеген синтетикалық заттар қосылды, олардың көпшілігі халықаралық бақылауда емес. Фармацевтикалық препараттарды медициналық емес қолданудың өсуі байқалды. Күн сайын дерлік құрамы белгісіз жаңа дизайнерлік препараттардың жаңа сорттары сатылымға шығады.
Жыл сайын ұлттық нарықтарда 500-ге жуық жаңа психоактивті улар пайда болады. Олардың көпшілігі стимуляторлар, одан кейін синтетикалық каннабиноидты рецепторлардың агонистері және азырақ опиоидтар саны. Дегенмен, жаңа психоактивті препараттардың жалпы саны тұрақтанғанымен, пропорциялар өзгерді. Опиоидтер 2018 жылы анықталған дәрілердің жалпы санының 2%-ын ғана құраса, бірнеше жылдан кейін бұл көрсеткіш 9%-ға дейін өсті.
21 ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін кедей елдерде есірткі тұтыну дамыған елдерге қарағанда әлдеқайда жылдам өсті. Бұл ішінара сол кезеңдегі тұрғындардың жалпы өсіміндегі айырмашылықты көрсетеді - бай штаттарда 7% және кедей елдерде 28%. Тұтынушылар негізінен жастар мен жасөспірімдер, олардың миы кез келген әсерге оңай бейімделеді. Бұл жас тобы 21 ғасырдың басынан қазіргі уақытқа дейін дамушы елдерде 16%-ға өссе, дамыған елдерде 10%-ға азайған.
Статистикаға сүйенсек, 2018 жылы әлемде төрттен бір миллиардтан астам адам заңсыз есірткіні пайдаланған, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. 6 миллионға жуық адам нашақорлықтың салдарынан психологиялық бұзылыстарға ұшыраған. Ал бұл аурудан оңалтуды қажет ететін сегіз адамның біреуі ғана алады. Әрбір үш тұтынушыға бір әйелден келеді, ал әрбір бесінші нашақор емделіп шығады. Соңғы онжылдықта амфетаминді ұстау төрт есеге өсті. Әлем халқының 80%-дан астамы ауруды басатын және басқа да маңызды медициналық мақсаттар үшін бақыланатын дәрілерге қол жеткізе алмайды.
Мәліметтерге сәйкес, 2018 жылы 11 300 000-ға жуық адам инъекциялық есірткі қолданса, оның 10%-ға жуығы АИТВ-инфекциясын жұқтырған. Инъекциялық есірткі қолданатын бір миллионнан астам адам АҚТҚ жұқтырса, 5, 5 миллион адам С гепатитін жұқтырған. [1]
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері әлем халқының жартысына жуығы психоактивті заттардың әртүрлі түрлерін қолданумен байланысты бұзылулардан зардап шегетінін көрсетеді. Каннабиске, опиоидтерге және кокаинге тәуелділік Солтүстік Американың табысы жоғары аймақтарында (АҚШ және Канада) басым болды. [2]
Төменде әлемдегі нашақорлық бойынша ТОП 5 ел берілген.
Иран . Ирандағы бұл мәселенің деңгейі басқа аймақтармен салыстырғанда жоғары, ел тұрғындарының үлкен пайызы апиын (соның ішінде героин) мен метамфетаминді пайдаланады. Мұнда жағдай келесі әдістермен шешіледі: метадон клиникалары, шприц алмасу бағдарламалары және осы аурумен күресетін қайырымдылық ұйымдар. [3]
Ауғанстан. Дүние жүзіндегі №1 апиын өндіруші Ауғанстан апиын саудасының орталығы болып табылады және қазір апиынның бір бөлігін героинге айналдырады. Мамандардың есептеуінше, 35 миллион халықтың бірі нашақор. [4]
Ресей . Есірткі ішілік қолдану Ресейде, әсіресе жастар арасында үлкен проблемаға айналды. Ресейлік шенеуніктердің айтуынша, 1 миллион азамат героинді пайдаланады, бірақ басқа сарапшылар бұл көрсеткіш одан екі есе көп деп есептейді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін заңсыз заттарды тұтыну күрт өсті. [5]
АҚШ. Америка Құрама Штаттары заңсыз есірткінің негізгі өндірушісі және саудагері емес. Қазіргі уақытта олар рецепт бойынша ауырсынуды басатын дәрілерге ең көп тәуелді. Америкада марихуана заңсыз, бірақ қазір оны 22 200 000 азамат пайдаланады және 3 800 000 рецепт бойынша ауырсынуды басатын дәрілерді теріс пайдаланады. [6]
Ұлыбритания . Ұлыбритания тұрғындарының төрттен бірінен сәл азы есірткі қолданып көргенін айтады және үшке жуығы оларды үнемі қолданатынын мойындайды, 1 миллион нашақор ресми түрде тіркелген. Марихуана ең көп таралған есірткі, одан кейін амфетаминдер мен кокаин. [7]
Дүние жүзінде нашақорлықтан болатын өлім . Дүние жүзінде есірткіге тәуелділіктен қайтыс болғандар - LORDMED клиникасы 2018 жылы 192 000 000 адам каннабисті пайдаланды. Салыстыру үшін 58 миллион адам опиоидтарды қабылдаған. 2017 жылы есірткіге байланысты 167 000-ға жуық өлімнің 66%-ы осы топты құрады.
Нашақорлықтан болған өлім туралы тағы бірнеше факт:нашақорлық тікелей немесе жанама түрде жыл сайын 11, 800 миллион адамның өліміне әкеледі; жыл сайын 11, 400 миллион адам мезгілсіз қайтыс болады; артық дозаланудан 350 мыңнан астам адам өледі (алкоголизммен және есірткі заттарымен байланысты бұзылулар) ; артық дозаланудан қайтыс болғандардың жартысынан көбі 50 жасқа толмаған. Алдын алу мен емдеуге бағытталған барлық күш-жігерге қарамастан, статистика әлемде нашақорлар санының артқанын көрсетеді.
Қазақстанда психобелсенді заттарды қолданумен байланысты 2019 жылы абсолюттік саны бойынша 15955 пациент тіркелсе, 100 000 адамға шаққанда 2019 жылы 85, 6%-ды құрады. Ал 2020 жылы абсолюттік саны бойынша 14202 пациент, 100 000 адамға шаққанда 75, 7%-ды құрады. Оның ішінде алкоголді қолдану нәтижесінде 2019 жылы 12847 пациент, 2020 жылы 11682 пациент, 100 000 адамға шаққанда 2019 жылы 69, 0%-ды, 2020 жылы 62, 3%-ды құраған. Қызылорда облысы бойынша 2019 жылы - 1388 пациент, 2020 жылы 1216 пациент психобелсенді заттарды қолданып тіркеуге алынған. [8]
Мақсаты: Психоактивті заттарды қолданатын пациенттерге күтім жасаудағы мейіргер рөлін ұйымдастырудағы шетелдік зерттеулер нәтижелерін талдау
Міндеттері:
-Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу;
-Психоактивті заттарды қолданатын пациенттерге күтім жасаудағы мейіргер рөлін ұйымдастырудағы шетелдік зерттеулерді анализдеу;
-Нәтижесін талдау және қорытынды жасау.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:
Психоактивті заттарды қолданатын пациенттердің мәселелерін шешудегі мейіргер ісі бойынша қазіргі әдебиеттерге шолу жасалды. Шетелдік зерттеулерді анализдеу арқылы мейіргерлердің пациенттерге күтім көрсетудегі ерекшеліктерін бағалау.
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы:
Зерттеу жұмысы компьютерлік мәтін 39 беттен тұрады. Курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, пайдаланылған ақпараттар тізімі 32 әдебиеттен, оның ішінде 10 шетелдік әдебиет, 2 отандық әдебиет, 20 интернет көзі және қосымшалардан тұрады.
І тарау. ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1Психоактивті заттарды тұтыну қауіпі мен салдары
Есірткі мен психотропты заттарды қолданудың әлеуметік-психологиялық салдары:
- Есірткі заттарға тәуелділіктің қалыптасуы;
- Интелектінің төмендеуі (ойлау, ес, қабылдау, зейін процестерінің бұзылуы) ;
- Иммунды және жыныстық жүйенің зақымдануы;
- Бұйрек және бауырдың бұзылуы;
- Тыныс алу мүшелерінің зақымдануы;
- Өкпе рагінің және мидың қатерлі ісікке шалдығуы;
- Невродың пайда болуы;
- Көңіл-күйдің өзгермелілігі, алаңдаушылық;
- Ұйқының бұзылуы;
- қан қысымының көтерілуі;
- галлюцинациялар, сандырақтар;
- организмге су жетіспеуі, жүрек айнуы, апатия, депрессия.
- Әлеуметтікшеттетілу;
- өз-өзіне қол жұмсау;
Есірткі немесе психотропты зат қолданған жеткіншек сырт көзбен қарағанда масайған адамға ұқсайды, дегенмен бір ерекшелік - шараптың иісінің болмауы.
Сананың өзгеруі : таяздануы, жанамалануы, қараюы.
Көңіл-күдің өзгеруі : себепсіз қуану, шаттану, көп сөйлеу, қайғыру, орынсыз агрессивтілік;
Қозғалыс белсенділігінің өзгеруі : жоғары жестикуляция, қозғалыстың тежелуі, тынымсыздық, баяушылық, дем алуға үнемі ұмтылу;
Қозғалыс коррдинацисының бұзылуы : жылдамдығы, баяулығы, жүру кезіндегі өзін-өзі ұстай алмаушылық, жазудың бұзылуы.
Терісінің өзгеруі : денесінің өңінің жоғалуы немесе керісінше қызаруы.
Көзінің өзгеруі : қатты жылтылдауы, қарашығының үлкеюі, жарыққа жауап қайтара алмауы.
Сөйлеуінің бұзылуы: жылдамдығы, анық сөйлей алмауы. [9-15]
Есірткі әдетте адамның көңіл - күйін күшейте түседі. Қанағаттанбағандық депрессияға, қорқыныш дүрбеленге айналуы мүмкін. Кейде есірткіні адам ағзасы қабылдамай да қояды, ондай жағдайда жүрегі айнып, құсып жіберуі мүмкін.
Тыныштандыртын есірткілер адамды маужыратып, ұйқы шақырады, оның салдарынан оқыс оқиғалар болады.
Есірткі - адамның мынандай психикасын өзгертетін құрал:
сезім; сана; қоршаған айналаны қабылдау; іс-әрекеті;
Есірткіні қолдану заңмен реттеледі, есірткіні заңсыз қорғау және қолдану қылмыстық жауапкершілікті талап етеді.
Көп тараған есірткі түрлеріапиын; гашиш;
анаша; экстази.
Есірткіге жатпайтын, бірақ үйреншікті әдетке айналдыратын заттар бар:
- ұйқы шақыратын және тыныштандыратын препараттар (дәрігер айтуынсыз қабылдау) ;
- әртүрлі тұрмыста қолданатын химиялық заттар.
Бір рет қолданған есірткінің тигізетін залалы:
тыныстың білуі мен жүрек қағысының тоқтауынан, ми мен бауырдың ауыр жарақат алуынан болатын өлім және есірткіні шамадан тыс қолдану; өлімге дейін апаратын аллергиялық жағдай;
психикалық тәуелділіктің өсуі; созылмалы аурудың асқынуы; СПИД және гепатит ауруын жұқтыру қаупі; Заңға байланысты туындайтын қиындықтар. Ұзақ мерзімде қолданған есірткінің залалы: әлеуметтік байланыстың бұзылуы (оқуға, жұмысқа байланысты проблемалар, достарын жоғалтып алу, отбасындағы кикілжің және т. б. ) ; заңға байланысты туындайтын тұрақты проблемалар;
Адамның ақыл-есінің ауысуына дейін өзгеруі;
Психикалық және физикалық тәуелділік;
Созылмалы аурудың қозуы (туберкулез, бауыр, бүйрек, жүрек қызметінің бұзылуы, иммунитеттің бұзылуы) ;
Жыныс жолдары арқылы берілетін қауіпті жұқпалы аурулар;
Тұқым қуалаушылыққа әсері;
Шамадан тыс қолдану өлімге әкеледі.
Есірткі қолданған жеткіншектің өмірге деген көзқарасы өзгереді, оның бұрынғы араласқан достары өзереді, ендігі жерде ол өзіне ұқсас балалармен қарым-қатынас жасай бастайды. Оның өмірлік жоспарлары болмайды, дүниеге деген көзқарас, өмір жайлы пікірлері тарыла бастайды. Есірткіге тәуелді болған жеткіншек тек бір ғана күнмен өмір сүреді, оның мақсаты сол бір күнін ақша, есірткі табуға кетіру. Жеткіншектің отбасындағы ата-анасымен қатынасы өзгереді, ол үйден жиі қашып, ата-ананың айтқанын тыңдамайды. Үйден ақша ұрлап, есіркі табу жолын ғана іздейді. Мектептегі жағдай да өзгереді, бала сабақтан көп қалады, кейін сабаққа мүлде қатыспайды. Оның уақыты нашақорлар тобында өтеді. [16]
Психотропты заттардан жеткіншектер әр түрлі улану қалпына келеді. Бұл жеткіншектің физиологиялық және психологиялық ерекшелігіне байланысты. Психотропты заттардан масаю кезінде жеткіншектің өз әрекетін қадағалуы әлсірейді, өз мүмкіндіктерін бағалай алмайды, мінез-құлық мотиві өзгереді, ермек пен ләзатқа ұмтылу байқалады. Психотропты затқа уланған жеткіншек өзінің қалауын сол сәтте орындағысы келеді. Әрине, мұның нәтижесі жағымсыз болады. Психотропты затқа масайған жеткіншек көп сөйлейді, қимыл әрекеті тежелуі мүмкін, сыртқы келбетінен көрінеді.
Сонымен қатар, ішімдіктен уланған жеткіншек артикуляциясы, сөздері анық естіелмейді, қозғалыстары тепе-теңдікті ұстамайды, бет әлпеті бозарады, сөздері қайталанады. Мұндай күйде жеткіншектер қылмысқа баруы мүмкін.
Есірткі затты қабылдаған жеткіншектің көз алдына әр түрлі елестер көрінеді. Жүйелі түрде психотропты заттарды қабылдаған кезде, жеткіншектің соматикалық өзгерістері пайда болады. Жеткіншектің физиологиялық тәуелділігі пайда болады. Оның жұмысқа қабілеттілігі азаяды. Баланың интеллектуалды қабілеттілігі төмендейді, ұйқысыздық, мазасыздық пайда болады. Жеткіншек жастағы баланың зейіні шашыраңқы бола бастайды. Мұндай кезде өзбетімен болуға ұмтылу, отбасылық қамқорлықтан бас тарту жеткіншек тарапынан қарқынды көріне бастайды. Жиі жеткіншек ата-анасына қарсылық білдіру үшін өзінің қызығушылығына сейкес болмаса да, мінез-құлықты көрсете бастайды. Психотропты заттардан жеткіншектің денсаулығы және өзін-өзі сезінуі әлсірейді. Жоғарыда аталған психикалық бұзылыстармен бірге, әр түрлі галюцинациялар пайда болады. Жеткіншектер сандырақтайды, жалған елестер көз алдына көрінеді. [17-20]
Физиологиялық тәуелділік психобелсенді және психотропты заттарды қабылдау кезінде пайда болатын соматикалық бұзылыс. Бұл бұзылыстарды абстинентті синдром деп атайды. Бұл кезде жеткіншек ағзасының зат алмасу үрдісінде өзгерістер пайда болады. Психотропты заттарды қабылдауды тоқтатқан кезде ағзаның өздігінен қызмет етуі әлсірейді. Себебі, психотропты заттар ағзаның қызмет етуін жақсартады, белсендіреді. Сондықтан, физиологиялық тәуелділік туады. Физиологиялық тәуелділіктің нәтижесінде жеткіншек психотропты заттарды үнемі қабылдауға тырысады. Ересектерге қарағанда, жеткіншектерде психотропты заттарға физиологиялық тәуелділік өте қысқа мерзімде қалыптасады. Мысалы, жеткіншектің ішімдікті үнемі қабылдау нәтижесінде алкогольдік ауруы екі-үш жылда қалыптасады.
Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер бойынша психотропты және психобелсенді заттарды жүйелі қабылдау нәтижесінде букіл ағза жүйесі бұзылады. Мұнымен байланысты туған ауытқушылықты полижүйелі ауру деп атайды. Психотропты және басқа да психобелсенді заттарды қабылдайтын адамдардың миын томографияға түсіргенде, олардың миында өзгерістер анықталды.
Психотропты заттарды қабылдайтын жеткіншектердің көбінде самото-жыныстық бұзылыстары пайда болады. Психотропты заттардың токсиндік әсері жеткіншектің қалқанша безінің қвзметін бұзады және денесінің өсіп жетілуіне зиянды әсер етеді. Ұл балалардың иықтары кішкентай, денесі толады. Әсіресе, спирттік ішімдікті жүйелі түрде қабылдаған кезде, ұл балаларда әйел гормондары қарқынды артады. [21]
Жиі жеткіншектер психотропты заттарға қол жеткізбегендіктен, психикаға әсер ететін басқа да токсинді (клей, жанар май және т. с. с. ) заттады қабылдауға тырысады. Жеткіншектер психотропты заттардан ләззат алу үшін оларды спирттік сусындармен араластырып қабылдайды.
Жеткіншек психотропты заттарға ерте үйір болудың келешекте өзінің жыныстық қабілетіне зор зиян келтіретінін ойламайды. Психотропты заттар жыныстық гормондар мен Е витаминінің деңгейін төмендетеді, әлі беки қоймаған жыныстық жасушаларды бұзады, сөйтіп ерте белгісіздік пен ұрықсыздыққа ұрынады. Психотропты заттарды қабылдаушы қыз балаларда етеккірдің тежелуі және жүкті болу мүмкіндігін ерте жоғалту жиі кездеседі. Бала көтере алмау психобелсенді заттарды қабылтайтын әйелдер арасында 8 есе артық кездеседі.
Психотропты заттарға физиологиялық реакция әр түрлі және психологиялық реакцияның нәтижесінде ретінде талданады. Психотропты заттарды қабылдауға физиологиялық реакцияны көптеген жылдар бойы анықтау мүмкін емес болды. Психотропты заттарды қабылдау нәтижесінде дене температурасы жоғарылайды, қандағы қант мөлшері көбейеді, тері бұдырланады, аритмия, бруксизм (тісін қытырлатады) пайда болады, терлеу, мидриаз (көз қарашығы үлкейеді), сілекей бөлінеді, құсады, бұлшықет ауырады, ұйқысыздық, перестезия, эмоционалды эйфория, гиперрефлексия, діріл және синестезия пайда болады.
Физиологиялық жағынан психотрпоты заттарға ағза төзімді болады. психотропты заттар адамның миына және басқа да мүшелеріне көп уақытта әсер етпейді. Психотропты заттарды жүйелі түрде қабылдап, оның әсерін сезіну үшін жеткіншек олардың мөлшерін көбейтіп отырады. Әрине мұның нәтижесінде психикалық тәуелділік пайда болады.
Нашақорлық (гректің nark - қимылсыздық, mania - ессіздік, құштарлық мағанасында) - есірткі құрамдас немесе психотроптық, яғни оларға ұқсас заттарға тәуелділіктен туындайтын организмнің аса ауыр және тұрақты тәндік, психикалық өзгеруіне, бұзылыстарына, кейде өлімге әкелетін дерт. «Есірткілерді тұтыну», «нашақорлық» және «наркотизм» сөздерінің мағанасын ажырата білген жөн. Есірткілік заттарды тұтыну алкоголь мен темекі тұтынуға ұқсас: бұлардың бәрі «зиянды ләззаттарға» жатады, өйткені олар тұтынушыға субъективтік ләззат сезімін сыйлайды, бірақ организмге зиянын тигізеді. Есірткілік заттарды тұтыну тек «ләззат алу» ғана емес, сондай-ақ дәрігермен дәрілік препарат (ауруды басатын, ұйықтататын, психостимулятор) ретінде берілуі мүмкін. Егер есірткілерді тұтыну үзіліссіз және үнемі болса, тұтынушының организмінде өзгерістер болады, нәтижесінде есірткілерден болатын тәндік немесе психикалық тәуелділік туындайды.
Бұның нәтижесінде есірткілерді тұтыну ауруды азайтатын, басатын қажеттілікке айналады. Үнемі есірткілерді тұтынуға құштарлық нашақорлық деп аталады. Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) есірткілер мен қылмыс бойынша Басқармасының 2008 жылғы деректеріне сәйкес, әлемде есірткі тұтынуда тәжірибесі бар 200 млн. адам бар, 110 млн. есірткілерді салына тұтынады және 25 млн. адам есірткілерге тәуелділіктен зардап шегеді. Нашақорлық таралуының қауіпі оның қайтарымсыздығында, жас тұрғындар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының денсаулығын зақымдауында, осыған байланысты оның медициналық және әлеуметтік салдарының маңыздылығында. Есірткілерді тұтыну деңгейіне қылмыстық істер, қайғылы оқиғалар, жарақаттанулар, уланулар, кісі өлтірулер мен өзі өзіне қол салу тіркелген.
Психикалық белсенділіктің бақыланбауы туындайды: эмоционалдық салада - алаңдаушылықты, қорқынышты және басқа да жағымсыз сезімдерді баса алмау. Соңғысы пациентті әлеуметтік және моральдық шектеулерге қарамастан есірткіні іздеуге және қабылдауға итермелейді. Қабылдау сферасында (иллюзиялар, галлюцинациялар), кейбір интоксикациялармен кейде (апиындар), басқалармен (психодислептиктер) белгілі бір сәттен бастап мас адам әрқашан ерік күшімен олардың мазмұнын өзгерте алмайды. Ойлауда еркін, стихиялық ой ағымы (апиындар, алкоголь, седативтер) ; интоксикацияның басқа түрлерімен құтылу мүмкін емес ойлар пайда болады.
Психикалық белсенділіктің диссоциациясы пайда болады. Көбінесе ол психиканың жеке сфераларының функцияларының қарқынымен құрылады. Сонымен, психосенсорлық әсерлердің жылдам өзгеруі ойлаудың баяулығына сәйкес келмеуі мүмкін, бұл «ағын» сезімін береді. Апиынмен, гашишпен мас болу, басқа психодислептиктерді қабылдау, ойлаудың диссоциациясы, өз тәжірибесін бақылау, оларды сырттан бағалау мүмкін. Кейде «жан» «денені» бүйірден бақылағанда, «мен» санасы ажырайды. Бұл диссоциация тек интеллектуалдық ғана емес, сонымен қатар психосенсорлық синтездің психосенсорлық бұзылуы, әсіресе психодислептиктерге тән, олар ежелгі культтерде, бақсылықта қолданылған. Интеллектуалдық функцияның ішінде қабылдау мен есте сақтаудың, түсінудің және вербализациялау қабілетінің диссоциациясы көрінеді. Айтудың мүмкін еместігімен бірге «бәрі түсінікті болады», «бәрінің мағынасы басқаша». «бәрі» деген не және «басқа» деген не. Диссоциация, сирек болса да, эмоционалдық салада байқалады: әсерлер сезімталдықпен қаныққанына қарамастан, ажырасулар, иеліктен шығару, белгілі бір сәтте тәжірибені өзін-өзі бағалау мүмкін. Диссоциативті ойлар ағынын, сондай-ақ сезімдер мен ойлардағы бос сезімді, сергек болған кезде ойларды «тоқтатуды» қамтуы керек.
Пациенттің психосоматикалық жағдайы
Дәрілік интоксикациядан қалпына келтіру тіпті стимуляторларды қабылдағаннан кейін де ұйқымен бірге жүреді. Депрессиялық жағдай жиі өткір меланхолия сезімімен, үмітсіздікпен, суицидтік ойлармен (психодилептиктер, стимуляторлар және жоғары дозаларда), мазасыздықпен, жауапсыз қорқынышпен (гашиш) дамиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz