Қартаю дамудың бір кезеңі
Қызылорда жоғары медициналық колледжі
Мамандық 09130100 Мейіргер ісі
Біліктілік:5АВ0910101 Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Емханаға қарасты гериартриялық пациенттердің өмір сүру сапасын
бағалаудағы патронаж мейіргерлердің қызметі
Орындаған:Алиомарова А.Қ
.
Тобы:ҚБ-50 топ студенті
Ғылыми жетекшісі: Саим Л.Н
.
Атқаратын қызметі:Арнайы пән оқытушысы
Қызылорда 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1-тарау. ГЕРИАРТРИЯЛЫҚ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН БАҒАЛАУДАҒЫ
ПАТРОНАЖ МЕЙІРГЕРЛЕРІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Геронтология туралы түсінік.Егде жастағы адамдарға әсер ететін аурулар
1.2.Гериартриялық пациенттердің ауруларына әсер ететін қауіп факторлардың
сипаттамасы
1.3 Гериартриялық пациенттердің өмір сүру сапасын бағалаудағы патронаж
мейіргердің рөлі
2-тарау. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Емханаға қарасты гериартриялық пациенттердің өмір сүру сапасын
бағалаудағы патронаж мейіргерлердің қызметін талдауда шетелдік зерттеулер
нәтижелерін бағалау.
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ДДСҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
РФ- Ресей Федерациясы
СССР - Союз Советских Социалистических Рес публик
ЖИА - Жүректің ишемиялық ауруы
АИА - абдоминалді ишемиялық ауру
Кіріспе
Тіркес сөздер: Гериартриялық пациент, патронаж мейіргер, өмір сүру
сапасы, мейіргерлік күтім, гериартриялық аурулар, қауіп факторлары,
шетелдік зерттеулер.
Тақырыптың өзектілігі: Геронтология – оның барлық аспектілерін
зерттейтін ең күрделі жаратылыстану ғылымдарының бірі. Гериатрия (грек
тілінен аударғанда ger - карта, aris - емдеу) Гериатрия салауатты өмір
салтын насихаттаумен, аурулардың алдын-алу және емдеумен, сондай-ақ
қартайған кездегі мүгедектікпен айналысады. Гериатрлар қарт адамдарға
мүмкіндігінше тәуелсіз өмір сүруге көмектесуге маманданған.
Геронтологиялық кабинеттің негізгі мақсаты – пациенттердің өмір сүру
сапасын жақсарту және мүмкіндігінше ұзақ уақыт тәуелсіз болуына көмектесу.
Гериатрлар егде жастағы пациенттің жағдайын оның өмірінің көптеген
аспектілері тұрғысынан бағалайды. Оларға пациеттің аурасының өткен және
қазіргі оқиғалары, оның эмоционалдық жағдайы, жұбайына, балаларына немесе
туыстарына әлеуметтік көмек көрсету мүмкіндігі жатады. Олар сондай-ақ
пациенттің өмір сүру жағдайын бағалайды және пациенттің кабинеттегі
күнделікті әрекеттерін есте сақтайды.
Дүние жүзінде қартайғандардың саны жыл сайын артып келеді. 2017 жылы
қарт адамдардың статистикасы 60 жастан асқан 962 миллион азаматты құрады.
Әрбір төртінші зейнеткер Еуропада тұрады. Егде жастағы адамдардың
статистикасы қазірдің өзінде болжам жасауға мүмкіндік береді. 2030 жылға
қарай олардың саны 1,4 миллиард адамға, 2050 жылға қарай 2,1 миллиардқа,
2100 жылға қарай 3,2 миллиардқа дейін өседі.[1]
Англияда биылғы жылы жазғы аптап ыстық кезінде 65 және одан жоғары
жастағы адамдар арасында аптап ыстыққа байланысты асқынулардың салдарынан
2,803 адам қайтыс болды, деп хабарлады Ұлыбританияның денсаулық сақтау
қауіпсіздігі агенттігі мәлімдемесінде. Бұл сандар COVID-19-дан қайтыс
болғандарды қоспағанда. 2018 жылдың басында елде 146,88 миллион адам
тұрған. Оның ішінде 31,22 миллион адам. (21,3%) 60 жастан асқан азаматтар.
2015 жылмен салыстырғанда өсім 7%-ды құрады.[2]
Ресейдегі қартаю және қарт адамдардың статистикасы одан да көп. Ол
еңбекке қабілетті жастан асқан адамдарды қамтиды. Оның ішінде 55 жастан
асқан әйелдер, 60 жастан асқан ерлер бар. 2018 жылдың басында олардың саны
37,36 млн. 25,5%.Cонымен қатар қарт азаматтарды тіркейді. Жасы бойынша
зейнетақы тағайындалған зейнеткерлер саны 36,33 млн.пациент көрсеткіш 2,11
млн. 2015 жылға қатысты адамдар. 60 жастан асқан азаматтардың 74%-ға жуығы
үнемі дәрі-дәрмек қабылдайды. Егде жастағы адамдардың 11% дерлік айына
кемінде екі рет жедел жәрдем шақырады.[3]
Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығының беталысы, басқа ТМД
елдерінің ішінде байқалғандай сияқты, соған қарамастан Қазақстандағы орташа
өмір сүру ұзақтығы ТМД елдерінің ішіндегі ең төмені болып қала бермек. 2000
жыл мен 2019 жылдардың арасында өлім деңгейі 30-44 жастағы ер кісілердің
ішінде екі еседен артық жоғарлады және 45-54 жастағы ер кісілердің ішінде
75%-ға өсті.
Үлкен жастағы тұрғандар денсаулық концепциясын талдау жəне медициналық
қызметке қажеттілігін оқыту əдістері Əлеуметтік экономикалық саясатты
жүргізу барысында демографиялық тенденцияларды ескере отырып,
қазақстандықтардың лайықты қарттық өмірге ие болып, түрлі қызмет көрсету
түрлеріне қол жетімділікті қамтамасыз етіп, ең бастысы əлеуметтік
медициналық көмек көрсетуіміз қажеттігін есте сақтау керектігін меңзейді.
Көптеген зерттеулердің нəтижелері көрсеткендей жасы 75 жастан жоғары
халықтың бөлігі келесідей проблемаларға жолығады екен: 50%- жүру мен
тетпешектен көтерілу, 31%- өзін өзі күту, 26%- көздің көру қабілетінің
нашарлауы, 15%- зірін ұстай алмау, 11% - ойлау жəне интелектуалды
функцияларының бұзылуы. Сонымен қатар қарт адамдар қоршаған ортасының
өзгерісіне жастарға қарағанда баяу үйренеді. Медициналық деректерге сəйкес
қарт адамдар 1,5 есе дəрігерлерге шағымданып, 2 есе жиі стационарлық ем
қабылдайды екен. 60 жастан асқан қарттардың жедел жəрдем шақыру үлесі 40-
63% құрайды екен. Жас ұлғайған сайын адамдардың ағзасы ауруға бейім келіп,
50 жастан жоғарғы жастағы адамға 3,5 диагностикалық аурулардан тиеді. 70
жастан жоғарғы жастағы адамдарға 5-7 аурудан тиеді.[4]
Мақсаты: Емханаға қарасты гериартриялық пациенттердің өмір сүру
сапасын бағалаудағы патронаж мейіргерлердің қызметін бағалауда шетелдік
зерттеулерді талдау
Міндеттері:
• Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу;
• Гериартриялық пациенттердің өмір сүру сапасын бағалаудағы патронаж
мейіргерлердің қызметін ұйымдастырудағы шетелдік зерттеулерді анализдеу
• Нәтижесін талдау және қорытынды жасау;
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
Гериартриялық пациенттердің өмір сүру сапасын бағалаудағы патронаж
мейіргерлердің кәсіби құзыреттіліктерін анықтау. Диагностика мен емдеу
сапасын арттыруда мейіргерлер жұмысын бағалау, алдын-алу және пациенттерге
күтім жасау.
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Курстық жұмыс 36 компьютерлік мәтін бетінен тұрады. Курстық жұмыс
кіріспе, әдебиеттерді шолу, зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеудің
нәтижелері, қорытынды, пайдаланылған ақпараттар тізімі 33 әдебиеттен,оның
ішінде 10 шетелдік әдебиет, 3 отандық әдебиет, 20 интернет көзі және
қосымшалардан тұрады.

1. Геронтология туралы түсінік. Егде жастағы адамдарға әсер ететін аурулар
Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар
организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және
қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия деп
аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар
мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер
(Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды,
жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде
қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам
жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын
өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте
байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим.
көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған
адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің
қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке
мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар
мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас
психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. [5-10]
Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық
мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл
белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы)
біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларында ғы (зерде, ес,
зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың
психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық ішкі әлемге кету, өткізген
өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары
орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек
регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір
кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс.,
қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б.
қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі – осы қартаю
кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның белсенділігі жоғары болатындығы
жиі байқалады. Қартаюдың психикалық. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте
кезден назар аударылса да, геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы
адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының,
сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни
жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды.
Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке
дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі
амалдарын зерттеу, т.б. жатады. Бүкіл әлемде қарт азаматтардың саны айрықша
өсуде, ал қарттық және қартаю мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Адамның
қартаюының өзіне назар аудартуының жоғарылауына қарамастан көптеген
сұрақтар осы уақытқа дейін өңделмеген. Қазіргі уақытқа дейін қартаю
ұғымының дәл анықтамасы жоқ. Homosapins деген адам түрінің латынша атауына
саналы деген сөзден басқа қартаюшы не, қарттық адамның мінездік белгісі
деген сөздерді де білдіреді.
Қартаю кезеңі кеш естиярлық, қарттық жас деген анықтамалар кездеседі.
Демографиялық-энциклопедиялық сөздікте 1985 ж. мынадай анықтамалар
келтіріледі.
Қартаю бұл - адамзат тарихының әртүрлі тарихи-эволюциялық кезеңдерімен және
әртүрлі экологиялық манипулияциялық әлеуметтік алмасушы биопсихологиялық
және әлеуметтік ұғым.
Қазіргі кезде жоғары дамыған елдерде адамдардың қартаю кезеңі созылып,
өмірлері ұзарып, ол отыз жылдай уақытты алатын болды. Алайда, педагогика,
психология ғылымында бұл кезең адам өмірінің 311 бөлімінің алғашқы кезеңіне
қарағанда аз зерттелген. Сонда да соңғы 20 жылдықта психологтар қарт
адамдардың мінезінің психологиялық болмысы туралы маңызды материалдар
жасады.[11]
С.И.Ожегованың сөздігінде егде - қартая бастаған, қарттық -
организм әлсізденетін, кемелдеген кезеңнен кейінгі өмір және қарт -
қартаюға жеткен. Мұндай анықтамалар мынадай ойға әкеледі, біздің елімізде
анық бейнеленген, біз адам қартайғанда қандай болатынын және қарт
кісілердің тобына 60-та 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін
адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін
әлеуметтік-психологиялық бейімделуі және осы арқылы психологиялық,
педагогикалық өзін жақсы сезінетінін бұзу маңызды мәселелердің бірі болып
табылады.
Жалпы алғанда қартая бастағанда ренолитруктивтегі деструктивтік
процесстерін меңгеруге байланысты динамикалық өмір сүруді түсінеді, ал
қартаю – осы өзгерулердің жетістігі. Бұл өзгерулер биологиялық деңгейде
мына жағдайда өтеді организм өзгере бастағанда, өлім жақындағанда;
социологиялық деңгейде – адам зейнетақыға шығып статус өзгергенде;
психологиялық деңгейде – адам болып жатқан өзгерістерді байқап және оған
үйрене бастайды.
Қарттық нормасының физиологиясы мен медицинадағы ортақ мағынасы адамның
организмнің, оның мүшелері мен функцияларының бірдейлік қоршаған орта
шартында оптимальды өмір қызметін қамтамасыз етуші. Организмнің
структуралық және функционалдық нормасы – оның жалпы денсаулықты қамтамасыз
ететін тұрақты-резистенттілігі, жұмысқа қабілеттілігі, адаптацияға
қабілеттілгі және ұзақ өмір сүруді белсенді сақтауы.
Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.
Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар.
Ғалымдардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық
стурктура өзгерісі есебінен реактивті клеткалдардың біртіндеп өзгеруі деп
қарайды. Басқалардың ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың,
мінез-құлықтың, физиологияның, биологияның төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды
өмір сүруімен және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлықпен
организмнің есейгендегі өзгеруі.
Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық эволюцияның бірінші
элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.
Қартаюдың себебіне ең көп ескі анық ғылыми түсініктеме, ол Аристотельдің
еңбегінде жазылған Аристотельдің ойынша қартаю индивидуальды өмірдің
басында әртүрлілік иесіне берілетін, туылғаннан бастап берілген жылудың
біртіндеп азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін
кезеңдерге бөлуге тырысып, сол арқылы биожас есебінің негізін салды.
Бірінші бөлім – жастық, екінші бөлім – кемелдену, үшінші – қартаю.
Қартаю мәселесі ерте заманда адам өмірінде маңызды орынға ие болды.
Қартаюдың алғашқы анықтамалары мен оның себептері антикалық дәуірге жатады.
Ұлы көне грек дәрігері Гиппократ (б.д.д.Ү-ІҮғ.ғ) қарттықты – табиғи жылудың
азаюы және ағзаның кебуінің нәтижесі деп санаған.
Сол кезеңде өмір сүрген философ Платон, қаратаюға әсіресе орта жастағы өмір
сүру салты әсер етеді деп көрсеткен.[12]
Қартаю өз даму жылдарында мына сала мамандары бойынша: дәрігерлерден
және физиологтардан, философтардан және биологтардан, психологтардан,
социологтардан, тарихшылар және құқықтанушылардан өзіне жаңа білімдер
жинады.
Қартаю мәселелері туралы Цицирон, Аристотель, Роджерс, Бэкон, Ж.А.Кондорсе
өз еңбектерінде жазған. Мәңгілік жастық, ұзақ жасау және мәңгі жасау туралы
мифтер мен аңыздар адамзат дамуының барлық кезеңінде пайда болып қолдау
тауып отырды.
Адам қартаюының нормалы процесін оның негізгі көрінулері мен
факторларын, мінез-құлыққа әсер етуін, үлгілері мен қарттық өзгерістерінің
күшейе түскендігін зерттейтін ғылым – геронтологияның басын әдетте ағылышын
философы Бэкон есімімен байланыстырады. Бэкон қартаю процесін жүйелі
зерттей отырып, қартаюдың себептерін ашуға мүмкіндік береді және ол қартаю
процесіне жағымсыз әдеттер әсер етеді, - деп санаған. Қоғамның әртүрлі
тарихи кезеңдерінде және әртүрлі мәдениеттерінде қартаю мынадай жолмен
анықталады: Пифагор – 60 жас, Қытай ғалымдары – 70 жас, ХХ ғасырдағы
ағылшын физиологтары – 50 жастан жоғары, неміс физиологі М.Рубнер – 50 жас
қарттық, 70 жасты қадірлі қарттық деп санаған.
Ю.Б.Гварнавский бүкіл қарттық кезеңді жеке топтарға бөлуді ұсынады: егде
жас – 50-65; қарттық жас - 65-тен жоғары.
Ғылымда жас ерекшелік кезеңнің келесідей сызбасы қабылданған:
• егде жас еркектер үшін 60-74 әйелдер үшін 55-74 жас.
• қарттық кезең, әйелдер мен еркектер үшін 75-90 жас.
• ұзақ жасаушылар әйелдер мен еркектер үшін 90- жас және одан әрі жоғары
жас.
Зейнеткерлік жасты мемлекет жасайды. Зейнеткерлік жасты анықтауда
хронологиялық жас кезеңі, яғни өмір сүрген жылдардың санын есепке алмайды,
бірақ жұмыс атқарған жылардарына қарай анықтайды.
Функциялық жас кезең – жас ерекшелік динамикасының физиологиялық
функциясында көрініс береді, генетикалық компонентінен, өмір салтымен жүре
пайда болған ауруларымен, стресстік жағдайларымен, физикалық-психикалық
және интеллектуальды белсенділікпен анықталады.
Психологиялық кезең – көрсеткіштер тобы. Психиканың жас ерекшелік
өлшемдерімен сипатталады.
Биологиялық кезең – жастық структура және ағза функциясының деңгейлерінің
көрсеткіші.
Осы кезге дейін қартаюдың себептері мен қарттық инвоинернің бірінші
элементтері қандай деген сұраққа жауап жоқ.[13-15]
Қартаюдың себебіне ең көп ескі және оның ғылыми түсініктеме, ол
Аристотельдің De juventute te senectute еңбегінде жазылған. Арситотельдің
ойынша, қартаю индивидуальды өмірдің басында әртүрлілік иесіне берілетін,
туылғаннан бастап берілетін жылудың біртіндеп азаюымен түсіндірілді.
Сондай-ақ, Аристотель адам өмірін кезеңдерге бөлуге тырысады, сол арқылы
биожас есебінің негізін салды. Біріші бөлім – juventus (жастық), virilitas
(кемелдену), senium (қартаю), Гиппократтың De diaeta шығармасында табиғи
ыстықтықты жоғалту туралы ой бар.
Гиппократ пен Аристотельдің ойлары қартаю кезіндегі жылдың бөлімді жас
кездегі жылу бөлінуге қарағанда баяу өтеді дегенге негізделген.
Гален одан ары барады. Оның ойынша қартаю тәннің ылғалдығын азайтуын
табатын табиғи ыстықтан анықталады. Гален қарт адамдары қалпының көлемі
азаяды, нәтижелерінде өмірді ұстап тұратын негізгі жылу кетеді. Бұл ой
ХҮІІІ ғасырға дейін үстемділік құрды. Дірігер А де Лауренсон қартаю шырын
мен табиғи ыстықтың үздіксіз 4 соғысты көрсетеді деп жазды. Майшам майды
қалай керек етсе тән де ылғалды солай керек етеді. Ылғалдық тән
тамақтанғанда ғана қалпына келеді, бірақ бұл қалпына келу әрқашан толық
болмайды,біздің тәніміздің органикалық заттары тамақпен сұйық болады.
Организм құрғақ және салқын болады және соңында өмір өшеді. ХҮІІІ ғасырда
табиғи ыстық деген ескі термин өмірлік күш (энергиямен) алмастырылды.
Ағылшын дәрігері Э.Дарвин атақты биологтың ағасы өмірлік түршігудің
жүдеуіне әкелетін витамитикалық болжам жасады, бұл жерде қартаю
клеткалардың ауыстырылмайтындай болуын құрауы ретінде растайды. Орта
ғасырларда өмірді жеті кезеңге бөлген.
1.2 Гериартриялық пациенттердің ауруларына әсер ететін қауіп факторлардың
сипаттамасы
Геронтологиялық реабилитацияның маңызы:
• Пациентті оның жекелеген қоршаған ортасымен бірге тұтас тәуелсіз тұлға
ретінде қабылдау;Пациент және оның туған-туыстарымен бірге пациентті
күту мәселелерін ойластырып, жеке шешімдерді қабылдау;
• Геронтологиялық реабилитация адамға қауіп төніп, шарасыздығын
білдірген кезде ғана релевантты;
• Геронтологиялық реабилитация қарт, пациент адамдарды қорғап,
мүгедектерді дискримингациядан сақтап, шарасыздық, жалғыздық,
әлеуметтен алшақтанудан аман алып қалуы қажет;
• Геронтологиялық реабилитация жалпы талдау үшін ай сайын жиналатын
көптеген мамандардың командасында мүмкін болады.;
• Түрлі ұйымдарды құрған маңызды (аурухана, отбасылық дәрігерлер,
амбулаторлық күтім, қарттар үйі мен қаттарды күту орындары, қысқа
мерзімді күтім орындары); себебі осы мекемелерді дұрыс қолдану үшін
пациентке жекелеген күтім мен мамандардың командасымен келісілген
шешімдерді қолдану қажет.[16]
Биологиялық жас- ағза және жүйелердің функционалді жағдайын көрсетеді,
бейімделуге ұзақ мерзімді қабілетін және ағзаның сенімділігін (алдағы өмір
сүру қабілеті) анықтайды.
Күнтізбелік (хронологиялық) жас- адамның туылған уақытынан бастап өмір
сүрген жылдар саны (паспорттық жас).
Кәрі және қарт жастағы адамдардын анатомия – физиологиялық ерекшеліктері.
Қартаю - биологиялық процесс, экзогенді және эндогенді факторлардың
зақымдау әсерлерінің жасына қарай күшеюі нәтижесінде дамиды және ағза
қызметінің бейімделуінің төмендеуіне алып келеді.
Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан
тері жұқарып,қатпарланып әжім п.б. Бұл кезде шаш ағарып,сирейді, көздің
көруі,құлақ естуі нашарлап, тіс түсе бастайды.
Гериятриядағы диагностикалық қиыншылықтар мен оларды туындататын себептер
бәріне белгілі. Пациентті қараудың тікелей тәсілі ретінде анам-нездік тәсіл
гериятриялық тәжірибеде бірыңғай құлдырауы мүмкін, себебі қарт адамдардың
психикалық және жадылық ауытқулары жиі кездесебі, сондықтан, бұл көбіне
психоневропатологтардың жұмысына жақын.
Жүріс – бұл қозғалыс және поза ерекшелігінің жиынтығы. Жүрістің кей-
бір түрлері диагностикалық маңызды болып, диагнозды бірден анықта-маса да,
диагностикалау жолдарына дұрыс бағдар бере алады. Ұсақ, аттап, сенімсіз
жүріп, қолды ретсіз қозғалту – қарт адамдарда байқалып, қарттық немесе
сениалды деп аталады. Аяқтың жүріс кезінде шетке шығып, доға тә-різдес із
қалдырып, қол шынтақта бүгіліп, іштің алдына келтірілуі – гемипле-гиялық
деп аталады (қисық жүру, циркумдуцирленген). Қуыршақ жүрісі – ұсақ қадаммен
жүріп, қол, аяқ бас пен іштің қозғалуынсыз бағдар-лану – паркинсонизм
ауруына жақын келеді. Түлкі жүрісі – табанның бір ізбен бағытталуы – бас
миының маңдай бөлігі зақымдалған кезде жиі кездеседі. Дәрігердің келесі
көзқарасы бұл – тремордың болуы. Тремор, немесе дірілдеу, – бұл
стереотипті, қол мен аяқтың реттелген қозғалысын қамтитын, гиперкинез. Қарт
адамдарда аса жиі кездеседі. Осылайша, статикалық діріл, тыныштық пен
қозғалыста байқалып, ретті және ретсіз қозғалыста пайда болып, қозғалыс
актісінің соңында бәсеңдей түседі. Амплитудасы бойынша ұсақ, орташа және
ірі қозғалысты діріл, ал жиілігі бойынша-жай және жылдам, реттілігі бойынша
ретті және ретсіз болып бөлінеді. Инционды діріл мишықтың және оның
жолдарының заымдалуында болады, ол бұлшықеттік күш түсуде анықталады,
мысалға саусақ-мұрын тәсілінде. Шашыраңқы склерозда ерекшеленуі мүмкін.
Тиын санау немесе пилюлаларды қозғалту тремор түрінде көбіне сұқ, үлкен
және орташа саусақтар қозғалысқа қатысады. Тремордың бұл түрі паркинсонизм,
бас миының қабық асты құрылым-дарының зақымдалуын қамтитын айқын
атеросклероз кезінде байқалады. Сондай ақ қол, аяқ және бастың қозғалысы
паркинсонизмге тән.
Қарттық діріл (қол, төменгі жақ пен бас треморы) көбіне кіші қозға-
лысты, жиілігі бойынша орташа және ретті келеді. Бауыр энцефаопатиясы
кезінде қол соғушы тремор (астериксис) байқалады, бұл кезде пациент әр
позасын ұзақ уақыт сақтайды. Алкогольды интоксикация кезінде қабақ, тіл
және алға созылған қол саусақтарының дірілі байқалады. Эссенциалды
(біріншілік, идиопатикалық) діріл тұқым қуалайтын – қатерсіз гипербилиру-
бинемия ауруының ерекше белгісі болып табылады. Бұл кезде тыныштық қалыпта
және қозғалғанда да бірдей тұрақты айқан байқалатын басы мен қолының
треморы байқалады.[17-20]
Сондықтан дәрігер мен мейіргерінің егде жастағы пациентпен алғашқы
кездесуі кезінде пайда болатын қиыншылықтары оның есі мен ақылының
төмендеуінен ғана емес, сонымен қатар шағымдарының болмауынан немесе
керісінше көп болуынан, өзінің жағдайын дұрыс бағаламауынан, жүйкелік және
психикалық факторларға байланысты соматикалық шағымдардың болуына,
дәрігерге және тексерілуге негативті көзқарастың болуына, кейде моторолы
және сенсорлы афазияға байланысты болатын қиыншылықтарды бірінші қарағанда
жеңуге болады. Адамның сыртқы көрінісі ауру сипатына тән болғаны соншалық,
кейде оны алғашқы көргенде диагноз қоюға болады.
Қалыпты немесе физиологиялық қартаю-адам егде тартқан жасқа келсе де,
денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып,
белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы.
Ерте қартаю - кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған
адамның созылмалы аурумен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері
себеп болады.
Прогерия- адамның қалыптан тыс ерте қартаюы.
Белгілері: балалық кезде байқалып, тез қарқынмен дамиды,бойы өсуі
баяулайды, шашы ағарады, түседі, терісі жұқарып, қатпарланады, көз
бұршағының бұлыңғырлануы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамыры
атеросклерозы.
Егде жастағы және қарт пациенттерді күтудің жалпы принциптері.
Медициналық этика
Егде жастағы және қарт пациенттерді күтуде медициналық этика және
деонтологияның ережелерін сақтау маңызды болып табылады. Кей жағдайда
жалғыз басты пациент үшін мейіргер ең жақын адам болып саналады. Әрбір
пациенттің жеке бабын табу үшін пациенттің жеке басының ерекшеліктерін және
оның өз ауруына көз қарасын ескеру қажет. Пациентпен дұрыс қарым- қатнас
орнату үшін мейіргер онымен сабырлы сөйлесіп, үнемі сәлемдесу керек. Егер
пациенттің көзі көрмесе күн сайын пациенттің палатасына кіргенде өзін
таныстыру қажет. Пациентпен сыпайы және сыйластықпен қатынасып, оны аты-
жөнімен атаған дұрыс. Апа, ата деген сөздерді қолдануға болмайды.
Гериатриялық пациенттер кей жағдайда өзіне кетеді, өзінің жағдайын
тыңдайды тітіркенгіштік, жылампаздық пайда болады. Пациентті әртүрлі
медициналық емшараға дайындау, оны дұрыс тыңдай білу, жанашырлық көрсету
және кеңес беру дұрыс емдеудің маңызды факторлары болып саналады. Дегенмен,
мейіргер өз бетімен, дәрігердің айтуынсыз пациентке немесе туыстарына оның
ауруы және ауруының ақыр соңы туралы мәлімет беруге болмайды, тексеру және
емдеу тәсілдерінің нәтижесін талқыламау керек.
Тыныс алу мүшелерінің аурулары бар егде жастағы және қарт пациенттерді күту
және бақылау
Егде жас және қарт пациенттердегі тыныс алу мүшелері ауруларының
клиникалық ағымының ерекшелігі қартайған организмдегі кері даму үрдістеріне
байланысты.
• өкпе паренхимасының иілгіштігі төмендейді, оның атрофиясы дамиды.
• альвеола көлемінің ұлғаюы нәтижесінен өкпенің тыныс беткейі 40-50%-ға
төмендейді.
• өзгерген тамырлар (өкпе капиллярлары тығыздалады, сынғыш келеді) өкпе
тінін толық қоректендіруді қамтамасыз етпейді, газ алмасу қиындайды.
• мембраналардың тығыздалуы альеолярлы ауа мен капиллярлы қан арасындағы
газ алмасуды қиындатады.
• альвеолярлы вентиляция біркелкі болмайды.
• кірпікшелі эпителийдің белсенділігінің және шырышты қабаттардағы
рецепторлардың сезімталдылығының төмендеуі салдарынан, эпителий
торшасының біртіндеп атрофиялануынан бронхтардың өзіндік тазару механизмі
бұзылады.
• бронхтардың безді эпителийінің және шеміршек тінінің атрофиясы бронх
өзегінің әрқилы тарылуына және олардың қампаюына әкеп соқтырады.
• жөтел рефлексі төмендейді.
• кеуде қуысы және арқа бұлшық еттерінің дистрофиялық өзгеруі, кеуде
қуысының бөшке тәрізді өзгеруі, склерозды өзгерістер қабырғаладың қозғал-
ғыштығын төмендетеді, кеуде қуысының экскурсиясы көлемін шектейді.
• тыныс алу орталығының көмірқышқыл газына және гипоксияға сезімталдылығы
күшейеді.[21]
Егде жас және қарт пациенттерде созылмалы бронхиттің өршуінің жиі
байқалуы, кеуде қуысының жасына сәйкес өзгеруімен, тыныс алу қозға-лысының
шектелуімен, жөтел түрткісінің нәтижесі аз болуынан дренажды қызметінің
төмен болуы және жыбыр эпителийнің атрофиясына, кіші қан айналым шеңберінде
қанның іркілуіне, инфекцияға қарсы қорғанысының төмен болуына байланысты.
Егде жас және қарт пациенттерді емдеуді олардағы патологиялық үрдістердің
ерекшеліктерін, қосымша ауруларын, пациенттің жеке басының ерекшеліктерін
ескере отырып жүзеге асырады. Гериатриялық пациенттердің созылмалы
бронхитпен жиі ауруы бактерияға қарсы препараттарды жиі қолдануына
байланысты. Осыған орай егде жастағы пациенттерде бактерияға қарсы
препараттардың кері әсері жиі байқалады, мысалы, есту қабілетінің төмендеуі
(стрептомицин, гентамицин және т.б.), бүйрекке токсикалық әсер (канамицин),
кандидоз, дисбактериоз және атрофиялық глоссит (тетрациклин, қосарланған
антибиотики) және т.б. Сондықтан мейіргер токсикалық дәрежесі төмен
дәрілерді қолдануға пациенттерді үйрету қажет. Пациенттер тағайындалған
препараттарды сөткенің бекітілген уақытында қабылдап, ұсынылған, іс-әрекет
режимін және қабылдау шартын сақтау керек (мысалы, ко-тримоксазолды
қабылдағанда көп мөлшерде сілтілі су ішу керек – Боржоми немесе 7г
гидрокарбонат натрийдің бір стақан судағы ерітіндісі), диеталық ережелер
(мысалы, тетрациклинмен емделгенде тамақ рационынан шұжық, кептірілген және
тыңайтылу арқылы өсірілген көкөністерді қабылдауға болмайды).
Егде жас және қарт пациенттерді оксигенотерапиямен емдеуде өте сақ болу
керек. Қарт жаста шамадан тыс белсенді оксигенотерапия жүргізу теріс нәтиже
беру мүмкін – басының айналуы, жүрек айну, тұншығу, Чейн-Стокс тынысы. Одан
басқа тыныс алу орталығының гиперкапниялық тежелу сал-дарынан коматозды
жағдайға ұшырауы да мүмкін. Пневмониямен сырқаттанған пациенттерді бақылау
кезінде дене қызуының қауіпті төмендеу кезеңі пациент үшін өте қауіпті
екенін естен шығармау керек, себебі бұл кезеңде же-дел жүрек
жеткіліксіздігінің пайда болуы мүмкін. Аурудың бұл кезеңі гериат-риялық
жастағы пациенттер үшін күрделі, себебі оларда жүрек жеткіліксіздігі
коллапстың классикалық түрінде емес ЖИА-ның өршуі түрінде, инсульттің
дамуы, бүйрек жеткіліксіздігі дәрежесінің күшеюі түрінде көрінеді.
Асқазан-ішек жолдарының аурулары бар егде жастағы
және қарт пациенттерді күту және бақылау [22]
Егде және қарт жаста асқорыту мүшелері ауруларының сипаты ас қорыту
жолдарының адамның жасына сәйкес анатомия—физиологиялық ерекшелігіне
байланысты барынша өзгереді.
• Ауыз қуысы: сілекей бездерінің инволюциясы дамиды, шайнау аппараты
өзгереді.
• Өңеш: шырышты қабаты атрофияланады, перистальтикасы төмендейді, жиі
дискинезия дамиды.
• Асқазан: секреторлы және ферментті белсенділігі төмендейді, қозғалыс
белсенділігі баяулайды.
• Бауыр: гепатоциттер саны азаяды, олардың регенерация үрдісі тежеледі,
бауырдың функциональды белсенділігі төмендейді. Билирубин деңгейінің
төмендеуі, өт қышқылы және фосфолипидтер мен холестериннің жоғарлауы
байқалады. Өттің липидті комплексі көрсеткіштерінің төмендеуі ішектің ас
қорытуын бұзып, диспепсиялық бұзылыстар байқалады.
• Ұйқы безі: жасы ұлғая келе тіндердің атрофиялануы сыртқы секреторлы
қызметінің төмендеп, қуыстық және мембраналық ас қорытуды баяулатады.
• Ішек: ішек түктерінің биіктігі төмендейді, және мембраналық ас қоры-тылу
және сіңірілу жүзеге асатын шырышты қабаттың көлемі кішірейеді.
Гипоталамус, гипофиз және қалқанша безінің жасы ұлғая келе өзгеруі ащы
ішектің ферментативті спектрінің қайта құрылуына әсер етеді. Ащы және тоқ
ішектердің қозғалыс белсенділігі төмендейді, ішек микрофлорасының құра-мы
өзгереді, ішек диспепсиясының көрінісі күшейеді.
Ас қорыту мүшелерінің қанмен қамтамасыз етілуі және инервациясы да
функциональды және құрылымдық өзгерістерге ұшырайды. Статистикалық
мәліметтер бойынша еңбекке жарамды тұрғындардың 50% созылмалы гастритпен
сырқаттанады, ал жасы 60-тан асқан адамдарды бұл ауру 100%-ға жақындайды.
Егде және қарт жастағы адамдарды созылмалы гастрит жеке ауру түрінде
болмайды, көбінесе асқазан он екі елі ішек аймағындағы
аурулармен, созылмалы панкреатитпен, ЖИА, қантты диабетпен қосарланады.
Егде жаста атрофиялық гастриттің жиі таралуы бактериальды созылма-лы
гастрит ағымының ұзақ болуына, дуоденогастральды рефлюкстің жиі дамуының
салдарынан пайда болатын асқазанның шырышты қабатының зақымдалуына және
тітіркенуіне байланысты. Сонымен қатар созылмалы гастрит ятрогенді
себептерден дамиды (әртүрлі медикаменттерді жиі қолдану).
Егде және қарт жаста созылмалы атрофиялық гастриттің көрінісі
спецификалық емес. Созылмалы гастриттің симптомдары қосымша патологиямен
боялуы мүмкін (ЖИА, созылмалы панкреатит және т.б.).
Кей жағдайда ЖИА ас қорыту жолдарының әртүрлі аурулары түрінде
байқалады. (олар мынадай терминдермен белгіленеді іш ұстамасы, созыл-
малы мезентериальді жеткіліксіздік, абдоминалді ишемиялық ауру).
Патологияның бұл түрінде созылмалы ишемия соқыр ішек артериясының, жоғарғы
және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz