Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді медициналық оңалтудың заманауи тәсілдер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда жоғары медициналық колледжі

Мамандық 09130100 Мейіргер ісі
Біліктілік:5АВ0910101 Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді медициналық оңалтудың
заманауи тәсілдер

Орындаған: Жалғасова Л.К
.

Тобы:ҚБ-50 топ студенті

Ғылыми жетекшісі: Саим Л.Н
.

Атқаратын қызметі:Арнайы пән оқытушысы

ызылорда 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
КІРІСПЕ
1-тарау.КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОТАДАН КЕЙІНГІ ПАЦИЕНТТЕРДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУДЫҢ
ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерге медициналық көмекті
ұйымдастыру
1.2 Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерге мейіргерлік күтім жүргізу
ерекшеліктері
1.3 Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді медициналық оңалтудың
заманауи тәсілдері

2-тарау. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді медициналық оңалтудың
заманауи тәсілдері туралы шетелдік зерттеулерге шолу нәтижелерін бағалау.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
АҚШ – Америка Құрама Штаты
ЖҚА – Жүрек қан тамыр аурулары
ЖИА – жүректің ишемиялық ауруы
ҚЖА - Қанның жалпы анализі
ЖКС – Жедел коронарлы синдром
ЕДШ - Емдік дене шынықтыру

Кіріспе
Тіркес сөздер:Кардиологиялық ота, медициналық оңалту, медициналық
көмек, мейіргерлік күтім, заманауи тәсілдер, шетелдік зерттеулер.
Тақырыптың өзектілігі:Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі өте
жоғары және әлемдегі жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын аурушаңдық пен
өлім-жітім жағдайы кардиологиялық қызметті заманауи деңгейде ұйымдастыру
мәселелерін шұғыл шешуді қажет ететіндігіне байланысты.Жыл сайын әлемде 32
миллионнан астам адам миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия сияқты
аурулармен ауырады. Заманауи технологияларды, ең алдымен интервенциялық
әдістерді қолдана отырып, кардиологиялық көмекті дұрыс ұйымдастыру, сондай-
ақ осы аурулардың алдын алу өлімді азайтуға және өмір сүру ұзақтығын
арттыруға көмектеседі.
Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылы жүрек
ишемиялық аурулары әлем бойынша 17,5 млн адамның өліміне тікелей себепші
болды. Бұл – барлық өлім жағдайының 30% деген сөз. Негізінен, бұл ауру
түрлерінің өршуі дамушы елдер бойынша да жоғары көрсеткіште. ДДҰ деректері
бойынша 2020 жылы әлем бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-
жітім бойынша 1-ші орында тұр.[1]
Кешенді кардиореабилитациядан өткеннен кейін жалпы өлім-жітім 41%-ға,
қайталанған госпитализациялар саны 23%-ға, оның ішінде жүрек патологиясы
бойынша 32%-ға азайды. Дене шынықтыруды білім беру бағдарламаларымен
үйлестіру араласудың тиімділігін айтарлықтай арттырады. Сондықтан, көптеген
ғылыми деректерге сүйене отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
сарапшылар комитеті барлық елдердің үкіметтеріне кардиореабилитацияны
ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне енгізуді ұсынды. Жүрек-қантамыр аурулары
бар пациенттерді амбулаториялық емдеуге арналған ұлттық және халықаралық
бағдарламалардың көпшілігі міндетті түрде фармакологиялық емес әдістерді
қолдануды қарастырады.
АҚШ-та жүргізілген тағы бір зерттеу ауруханаға жатқызылған
пациенттердің 56%-ы шығарылған кезде амбулаторлық кардиологиялық
реабилитацияға қатысудан тікелей бас тартқанын көрсетті Ұлыбританияда
кардиохирургиялық реабилитацияға көрсетілген пациеттердің 59,3% емдеудің
осы түріне жіберіледі және 38,6% емделеді. Австралияда пациенттердің 15%,
эндоваскулярлық араласудан кейін 14% оңалту бағдарламаларынан өтеді.[2]
Статистикалық мәліметтер бойынша 2020 жылы ЖҚА-дан болатын өлімнің 12%-
ға өскенін көрсетті – 100 мың халыққа 641 жағдай. Жүрек-қан тамырлары өлімі
100 мың адамға шаққанда ерлерде 450-ден астам жағдайды және әйелдерде 350-
ден астам жағдайда тіркелген. Еуропалық кардиология қоғамының мәліметтері
бойынша Ресейді жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупі өте жоғары ел ретінде
жіктейді. Сондай-ақ бұл тізімге Албания, Алжир, Армения, Әзірбайжан,
Беларусь, Болгария, Египет, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия,
Македония, Молдова, Сирия, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина және Өзбекстан
кіреді. [3]
Неміс кеуде және жүрек-қан тамырлары хирургиясы қоғамының мәліметтері
бойынша Германияда 80-нен астам кардиохирургиялық орталықтар мен бөлімдер
бар. Олар жыл сайын 100 мыңнан астам ота жасайды. Хирургиялық емдеу кез
келген жаста мүмкін: барлық операциялардың жартысынан көбі 70 жастан асқан
пациенттерге жасалады; араласулардың шамамен 15% 80 жастан асқан
пациенттерге арналған.
2018 жылы Ресейде ересек тұрғындардың 25-30% (шамамен 45 миллион адам)
артериялық гипертензиядан зардап шеккен. Ресей халқының жалпы өлімінің
құрылымында қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімі 53-54% құрайды.
[4]
Соңғы 5 жылда Қазақстанда жүрек ишемиялық аурулары белең алып барады.
Тіпті, ДДҰ статистикана жүгінсек, Қазақстан Еуропа халықтары арасында жүрек
ауруы бойынша 2-ші орынды, Азия халықтары арасында 4-ші орында. Адамдардың
жүрек және қан-тамыр дерттеріне шалдығуы 57%-ға өсіп, ауру-сырқаушылық және
өлім құрылымы да жыл сайын жоғарылап келеді.
2021 жылы Қазақстанда қайтыс болғандар саны 183,4 мың адамды құрады.
Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға артық. Ең көп адам Шығыс
Қазақстан облысында қайтыс болды. 2016 жылғы, яғни бес жыл бұрынғы
көрсеткіштермен салыстырғанда, 2021 жылы қайтыс болғандар саны бірден 38,5%-
ға өсті. Өңірлік тұрғыда ең көп өлім-жітім Шығыс Қазақстан облысында болды:
18,8 мың адам. Одан кейін Алматы облысы (18,7 мың өлген) және Алматы (18,4
мың) тұр. Ең аз өлім саны Маңғыстау облысында тіркелді: 4,5 мың адам.
Қайтыс болғандар санының ең көп өсімі Алматы қаласында, ең азы
Түркістан облысында байқалады. 17 облыстың тек біреуінде, яғни Қызылорда
облысында ғана өлім-жітім саны жыл ішінде (4,2%-ға) азайған.
Сондықтан да бүгінгі күні жүрекке операциядан кейін, миокард
инфарктісінде және кейбір жағдайларда жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА)
кезіндегі оңалту бағдарламаларының тиімділігі даусыз. Зерттеулер
көрсеткендей, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын пациенттерді
кардиореабилитациялау негізінде жатқан дене шынықтыру жаттығулары жүрек-қан
тамырлары ауруларынан болатын өлімді азайтады.
Мақсаты: Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді медициналық оңалтудың
заманауи тәсілдерін анықтауда шетелдік зерттеулер нәтижелерін талдау.
Міндеттері:
• Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу;
• Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді медициналық оңалтудың
заманауи тәсілдерін бағалауда шетелдік зерттеулерді анализдеу.
• Нәтижесін талдау және қорытынды жасау;
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы

Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді медициналық оңалту бойынша
қазіргі әдебиеттерге шолу жасалды. Шетелдік зерттеулерді анализдеу арқылы
мейіргерлердің пациенттерге күтім көрсетудегі ерекшеліктерін бағалау. Бұл
сұрақтарға жауап алуға және осы мәселе бойынша мейіргерлердің пікірін
анықтау арқылы зерттеу міндеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Зерттеу жұмысы компьютерлік мәтін 22 беттен тұрады. Курстық жұмыс
кіріспе, қорытынды, пайдаланылған ақпараттар тізімі 35 әдебиеттен, оның
ішінде 10 шетелдік әдебиет, 10 отандық әдебиет, 15 интернет көзі және
қосымшалардан тұрады.

1-тарау.КАРДИОЛОГИЯЛЫҚ ОТАДАН КЕЙІНГІ ПАЦИЕНТТЕРДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУДЫҢ
ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерге медициналық көмекті
ұйымдастыру
Қалпына келтіре емдеу және оңалту бөлімшесі (ересектер, балалар)
кардиохирургиялық орталықтың (диспансердің) құрылымдық бөлімшесі ретінде
және республиканың, облыстың, қаланың деңгейінде көп бағдарлы
ауруханалардың құрамында құрылады. Қалпына келтіре емдеу және оңалту
бөлімшесі пациенттерге сапалы оңалту көмегін көрсетуді жүзеге асырады:
• жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын пациенттерді аортокоронарлық
шунттаудан кейінгі жағдай;
• коронарлық тамырларды стенттеу мен ангиопластикадан кейінгі
жағдай;
• жүректің созылмалы ревматикалық ауруларымен ауыратын пациенттердің
жүрек қақпақшаларын протездеуден кейінгі жағдай;
• жүрек камераларының аномалиялары, ақауларын түзегеннен кейінгі
жағдай;
• кардиовертер - дефибриляторды импланттаудан кейінгі жағдай;
• электрокардиостимуляторды импланттаудан кейінгі жағдай;
• радиожиілік аблациядан кейінгі жағдай;
• хирургиялық емдеусіз бастан өткерген жіті коронарлық синдромнан
кейін;
• І-ІІ сатыдағы жүрек функциясының жетіспеушілігі бар 3-дәрежелі
артериялық гипертония;
• жасөпірімдердің қатерлі артериялық гипертониясы;
• І-ІІ сатыдағы жүрек функциясының жетіспеушілігі бар созылмалы
өкпелік жүрек;
• өкпелік гипертония;
      бастан өткерген жіті миокардиттен немесе созылмалы
миокардиттің асқынунан кейін;
• ІІ-ІІІ сатыдағы жүрек функциясының жетіспеушілігі бар
кардиомиопатия;
• бастан өткерген перикардиттен кейін (тән емес этиология);
• инфекциялық эндокардиттен кейін;
• жүрек ырғағының және өткізгіштігінің күрделі бұзылуларын
консервациялық немесе өзге емдеуден кейін.
Қалпына келтіре емдеу және оңалту бөлімшесі сонымен қатар келесі
қызметтерді көрсетуді қамтамасыз етеді:
• ЖҚА-мен ауыратын пациенттерге денсаулық сақтау саласындағы арнайы
әлеуметтік қызметтер көрсету;
• стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлеріне ҚЖА
профилактикалау, диагностикалау мен емдеу мәселелерінде
консультациялық көмек көрсету;
• ЖҚА-мен ауыратын пациенттерді оңалтудың жаңа тиімді әдістерін
жүйелі игеру мен практикаға енгізу;
• кардиохирургия мәселелері бойынша республикалық және халықаралық
ұйымдармен өзара іс-қимыл.
Кардиологиялық кабинет халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін
ұйымның және стационарлық көмек көрсететін ұйымның қүрылымында - көп
бағдарлы ауруханаларда, кардиохирургиялық орталықтарда, кардиологиялық
орталықтарда (диспансерлерде) құрылады.
Кабинеттің негізгі функциясы:
1) ЖҚА-мен ауыратын пациенттерге және жоғары жүрек-қантамырлық қауіпі бар
тұлғаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсету;
2) кейіннен сауықтыра отырып және денсаулықты қалпына келтіруге және
нығайтуға бағытталған медициналық, әлеуметтік, дене шынықтыру-сауықтыру іс-
шараларын өткізе отырып, ЖҚА-мен ауыратын пациенттерді диспансерлік есепке
алуды және динамикалық бақылауды қамтамасыз ету;
3) артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруларын және олардың даму
қаупі факторларын ерте анықтау жэне болдырмау үшін тіркелген ересектердің
арасында скринингтік тексеріп-қарауларды ұйымдастыру және өткізу;
4) ЖҚА-мен ауыратын пациенттерге госпиталға дейінгі кезеңде уақтылы
тромболитикалық терапия жүргізу;
5) ЖКС-мен ауыратын пациенттерді уәкілетті орган белгілеген тәртіпте
бекітілген ЖКС-мен ауыратын пациенттерді тексеру алгоритміне сәйкес емдеу;
6) қайтыс болу диагнозы мен өлімнің нақты себептеріне сәйкес ЖҚА-нан қайтыс
болу туралы куәлікті беру дұрыстығын қамтамасыз ету;
7) уәкілетті орган белгілеген тәртіпте бекітілген алгоритмге сәйкес ҚЖА-ның
қауіп факторлары бар адамдарды уақытылы анықтау үшін амбулаториялық-
емханалық ұйымның дәрігерге дейінгі кабинетінің жұмысын ұйымдастыру және
қамтамасыз ету;
8) ҚЖА-мен ауыратын санаторийлік-курорттық емдеуге іріктеу және жіберу;
9) мүдделі бейінді мамандармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен ЖҚА-мен
ауыратын пациенттерді емдеудегі байланыс пен сабақтастықты қамтамасыз ету;
10) ҚЖА-дан сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге бағытталған
мемлекеттік және өңірлік нысаналы бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
11) тіркелген халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды кейіннен
әзірлей отырып, қызмет көрсету ауданында ҚЖА-дан сырқаттанушылықтың,
мүгедектіктің және өлім-жітімнің (госпиталға дейінгі және госпиталдық)
негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштерінің мониторингі мен талдауы;
12) ҚЖА-мен ауыратын пациенттер үшін мектептің жұмысын ұйымдастыру
(артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен, жүрек функциясының
жетіспеушілігімен, кенеттен жүректен қайтыс болудың жоғары қаупімен);
13) ҚЖА-мен ауыратын пациенттерді кардиологиялық, кардиохирургиялық
бөлімшеде стационарлық емдеуге консультацияға жәненемесе стационарлық
емдеуге іріктеу және жіберу;
14) медициналық айғақтар бойынша тәуліктік медициналық бақылауды қажет
ететін пациенттерге стационарды алмастыратын және оңалту көмегін
ұйымдастыру және көрсету;
15) амбулаториялық кезеңде ҚЖА-мен ауыратын пациенттерді қамтамасыз ету
мақсатында дәрілік заттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға
өтініштер әзірлеуге қатысу;
16) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүзеге асыру;
17) практикаға ҚЖА-мен ауыратын пациенттерді диагностикалау мен емдеудің
қазіргі заманғы әдістерін енгізу;
18) саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарымен, қоғамдық
бірлестіктермен ҚЖА профилактикасы, саламатты өмір алтын қалыптастыру және
ұтымды тамақтану мәселелері бойынша халықты санитариялық-  гигиеналық
ағарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
19) учаскелік дәрігерлердің, жалпы практика дәрігерлерінің,
профилактикалық, элементтік-психологиялық көмек кабинеттерінің
қызметкерлерін практикалық кардиология мәселесі бойынша біліктілігін
арттыру жөніндегі іс-шараларға қатысу болып табылады. [5-10]

2. Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерге мейіргерлік күтім жүргізу
ерекшеліктері
Кардиология саласындағы реабилитация – жүрек – қан тамыр жүйесінің
дәрежесіне байланысты, тұлғаның социалды белсендігіне дейін қалпына
келтіру. Реабилитацияны медициналық, физикалық, психологиялық, социальды-
экономиялық және профессионалды аспект бойынша жіктейді.
Реабилитацияның медициналық аспектісі – пациенттің физиологиялық
қалпына келтіру мен дамытуға бағытталған емдік шаралар тізімі, ол кейіннен
өзіндік белсенді өмір салтына келуге жұмсалған. Бұл реабилитация аспектісі
пациентке жалпы қараудың барлық кезеңінде оның қалпына келуіне негізделген.
Реабилитацияның физикалық аспектісі пациенттің физикалық жұмысқа қабілетін
қалпына келтіруге негізделген. Пациенттің өз уақытында және адекватты
белсендігін қалпына келтіруге, ертерек емдік гимнастика тағайындалып,
кейіннен емдік жаттығу, физикалық тренировкалар тағайындалады.[11]
Реабилитацияның психологиялық аспектісі. Миокард инфарктісі, тұрақсыз
стенокардия, инсульт сияқты аурулар кезінде дамитын психикалық бұзылыстарды
анықтап, өз уақытында алдын алу, емдеу. Дәрігер мақсаты – пациенттің
ауруына байланысты өзгерген өмір салты бойынша психикалық өзгерістердің
алдын алу және психологиялық адаптация көрсету.
Реабилитацияның мамандандырылған аспектісіне еңбек ету, мамандандырылған
оқыту, еңбекке жарамдылығын анықтау жатады.
Реабилитацияның социалды-экономикалық аспектісі пациент пен қоғамының,
пациент пен оның жанұясының қарым – қатынасын қарастырады.
Кардиологиялық пациенттердің реабилитация әдістері:
1. ЖИА – жедел формасы (миокард инфарктісі, дистрофия ошақтары)
Емдік физкультура әдістері:
• Шамалы жүру.
• Емдік гимнастика залда, индивидуальды палатада.
• “Спринт” бағдарламасы бойынша индивидуальды емдік гимнастика
• Классикалық, сегментарлы, нүктелік массаж
• Сумен емдеу: циркулярлы, шашпалы душ; ванна: емен-оттегілік,
йодобромды, “құрғақ” көмірсулы.
• Лазерлі терапия
• Магнитты терапия
Медикаментозды емес емнің басқа түрлері:
• Диетотерапия
• Фитотерапия
• Психотерапия (аутотренинг, релаксация әдістері).
• Гипербариялық оттегілік терапия
• Ұзақ уақыттық оттегілік терапия
Сумен емдеу: циркулярлы, шашпалы душ, Шарко душы, су астылық душ;
ванна: емен-оттегілік, йодобромды, скипидарлы құрғақ көмірсулы.
Пациенттердің отадан кейінгі кезеңдегі мәселелері.
Отадан кейін пациент реанимация бөліміне түскен сәттен бастап
мейіргерлердің функционалдық міндеттеріне келесі медициналық көмек кіреді:
• пациенттің қан қысымын, импульсті, тыныс алу жиілігін тұрақты
өлшейтін мониторға қосу (дене температурасы және деректерді
енгізу).
• интенсивті бақылау картасына енгізу;
• ылғалдандырылған оттегімен қамтамасыз ету;
• пациентті басқару стандартына сәйкес барлық зерттеулердің
сынамаларын алу;
• электрокардиограмма алу;
• пациентті басқару стандартына кіретін зерттеулерге қатысу
(компьютерлік томография, кеуде мүшелерінің рентгенографиясы,
ультра( мамандармен кеңесе отырып, брахиоцефалиялық тамырларды
және транскраниальды доплерографияны дыбыстық зерттеу (тамырлардың
ультрадыбыстық зерттеуі, жүректің ультрадыбыстық зерттеуі)
(пациенттің жағдайын және дәрігердің рецептін орындауын тұрақты
бақылау. [12-18]
Іс-шаралар: пациентті күту. энтом, дәрігердің рецептін орындау,
пациенттің қажеттіліктерін анықтау және оларды қанағаттандыру (физиотерапия
және массаж, пациентке дұрыс күн тәртібін үйрету және тамақ және т.б.
Осылайша, кардиохирургиялық пациенттерді оңалтудың медициналық
мүмкіндіктері мен әлеуметтік жағдайлары әрі қарай зерттеуді және
жетілдіруді талап етеді, бұл осы зерттеудің өзектілігін анықтайды.
Кардиохирургиядан кейін пациенттерді оңалту жүйесін жетілдіру, халыққа
стационарлық медициналық көмек көрсету жүйесінің қажетті буыны ретінде
реабилитациялық емдеу стационарларын дамыту аса маңызды. Клиникалық
зерттеулер көрсеткендей, пациенттерді ерте белсенді оңалту. Ауруханадағы
пациенттерге мультидисциплинарлық тәсіл емдеу нәтижелерін айтарлықтай
жақсартуға, асқынулар санын, мүгедектік пен өлімді азайтуға, пациенттер мен
олардың отбасыларының өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

1.3 Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді медициналық оңалтудың
заманауи тәсілдері

Кардиологиялық оңалтуды ұйымдастыруға қажетті команданың құрамымен
және техникасы. Кардиологиялық отадан кейінгі пациенттерді оңалтуға
арналған кабинет толыққанды жұмыс істеуі үшін бірнеше мамандардан тұратын
мультидисциплинарлық команда болу керек. [19-33]

Кардиологиялық оңалту бригадасының құрамы:

• Медициналық оңалту дәрігері
• ЕДШ дәрігері
• Физиотерапевт дәрігер
• Медициналық психолог
• Массаж бойынша мейіргер
• Физиотерапия бойынша мейіргер
• ЕДШ нұсқаушысы.
Мейіргерлік қызмет бұл командада негізгі рөлді атқарады. Кабинетті
пациенттердің жағдайының көрсеткіштерін және қалпына келу динамикасын өлшеу
үшін жұмыс істейтін аппараттармен жабдықтау керек.

Кардиологиялық оңалту кабинетін материалдық-техникалық жабдықтау кестесі

1. Қан қысымын бақылауға және электрокардиографияға арналған аппараттар;
2. Портативті пульсоксиметрлер және тонометрлер
3. Секунд өлшеуіштер және қадам өлшеуіштер
4. Миостимуляторлар және спирометрлер (жүктемелік және ынталандырушы)
5. Аяқ-қол буындарындағы күш пен қозғалыс ауқымын арттыруға арналған
тренажер
6. Жүрумен жаттықтыруға арналған тренажерлар
7. Биологиялық кері байланысы бар велотренажерлар
Кабинет жұмыс істегенде пациенттен ақпаратты жылдам алу үшін кереует жанына
қойылатын планшеттер қажет болады.

Оңалту барысындағы пациенттерді жүргізу бойынша пайдалы құжаттарды сақтау

Пациенттерді оңалту жүрекке ота жасалғаннан кейін алғашқы сағаттарда
басталуы керек. Пациенттің жүктемеге реакциясын бағалау және оны уақытында
түзету үшін реанимация немесе кардиохирургия бөлімшелерінде, сондай-ақ
жалпы терапия палаталарында құжаттама мен бланктердің бірыңғай жүйесін
құру.
Бұл жерде әзірленген және бекітілген үлгілер көмектеседі.

Пациенттерді маркермен жіктеу жүйесін құру.

Ақпараттық таңбалау пациенттерді түс индикаторларымен үш кластер бойынша
жіктеуге негізделген.
Мысалы:
Бірінші – жасыл түс
Бұл барлық тағайындауды нақты орындайтын, жаттығуларды жасайтын және оңалту
бағдарламасына көзқарасы оң, қосылған, белсенді пациент.
Екінші – сары
Бұл жаттығуларды анда-санда жасайтын, күмәнмен қарайтын және медицина
қызметкерлерінің кеңестерінен пайда болатынына сенбейтін пациент.
Үшінші – қызыл
Бұл оңалту бағдарламасына қатысуға үзілді-кесілді қарсылық білдіретін және
қалпына келтіру жаттығуларынан бас тартатын пациент.
Осылайша мейіргер пациентті оңалту процесіне көзқарасын бірден бағалауға
мүмкіндігі болады және:
• пациенттің мінез-құлқын түзетіп;
• адекватты жүктемені таңдап;
• жасалған жұмыстың статистикасын жүргізе алады.
Мейіргер пациенттерді ерекшелеу түстерін өзі таңдап ала алады
Мейіргерге таңбаларына қарамастан барлық пациенттің жағдайына ұдайы баға
беруді жүргізуге міндетті. Бұл жерде рәсімдерді электрондық есепке алу
журналы және кереует жанына қойылатын планшет көмектеседі.
Егер пациент ауруға және оңалту процесіне өте деструктивті көзқараста
болса, бас тартудың себептерін анықтау, психологиялық көмекті тарту үшін
профилактикалық әңгімелесулер өткізген жөн
Отадан кейінгі пациенттердегі когнитивтік және психологиялық бұзылыстарды
уақытында анықтап, олармен жұмысты бастау үшін мамандардың жұмыс
командасына клиникалық психологты шақыру керек.Бұл ретте пациентті
психологиялық қолдауға ЕДШ нұсқаушысы мен мейіргерлер де қатысады.[34]
Мейіргердің басты мақсаты – пациенттің оған стрестен өз бетінше құтылуға
және жазылуға көмектесетін дағдыларын дамыту.
Дәрігерлер, мейіргерлер және пациенттердің өзара әрекеттесуін жақсарту үшін
психодиагностика мен психокоррекцияның кешенді үлгісін әзірлеп енгізу.
Мұндай бірлескен жұмыс оңалту кабинетінің бүкіл жұмысын оңтайландырады.

Пациенттердің кардиологиялық оңалту мүмкіндіктері туралы білімін
бекіту.

Пациенттердің қалпына келу жылдамдығы көбіне олардың хабардар болу
дәрежесіне байланысты. Пациенттерге оңалту процесінің барлық мән-жайын
түсіндіру үшін құралдар жиынтығын пайдалану.

1. Жаднамалар

ЕДШ бойынша алғашқы сеанстан кейін-ақ пациенттерге жаднаманың қағаз
нұсқасын пайдалану.
Отадан кейінгі пациенттерден олардың өздері жасап жүрген барлық қозғалысын,
оның ішінде тексерулерге жүріп барған, келушілермен серуендеген, асханаға
дейін жүріп барған кездерін де кестеге жазуды сұрау. Кестеге сонымен қатар
қадам өлшеуіштің деректерін және дәліздің әрбір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өңештің қатерлі ісігі
Жедел жүрек жетіпеушілігі ауруын емдеу және күту
Отадан кейінгі болатын асқынулар
Науқасты шұғыл операцияға дайындау
Жүректің ишемиялық ауруы ауруының теориялық негіздері
Отаның қауіптілігі мен асқынуы
Несеп - тас ауруы
Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр циррозының клиникалық көрінісі
Дененің артық салмағы және семіздік
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
Пәндер