Иммунды жүйе мүшелері
Жоспары
1.кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Организмнің қорғаныштық факторлары
2.2 Иммунды жүйе
3.Қортынды
4.Пайдаланған әдебиеттер
Организмнің қорғаныштық факторлары
Жануарлар организмі өзара қарым-қатынастары арқылы өздерін қорғау үшін көптеген қажетті факторларға ие болды, солардың бірі өздеріне вирустардың, бактериялардың, қарапайымдардың және басқа да зиянды факторлардан, олар механикалық тұрғыда, немесе улы заттар (токсиндерді) бөлу арқылы иелерінің клеткаларына және ұлпаларына қолайсыз әсер етеді.
Адамдардың табиғи қорғанышы ретінде олардың терісін, тыныс алу жолдарының беткі құрылымын (шырышты қабығы), асқазандағы тұз қышқылын, лизоцимді, интерферонды, қанның лейкоцит клеткаларын және антиденелерді атауға болады. Терінің тыныс алу жолының шырышты қабығының, асқазанның тұз қышқылының, лизоцимнің, пропердин және интерферондардың қорғаныштық қызметтерінің негізгісі, олар организмдерге қоздырғыштардың енуіне кедергі жасап, бактерияцидті әсер етеді. Бірақ қоздырғыш организмге енген жағдайда организмдегі иммунді жүйенің қорғаныштық механизмі фагоцитарлық және гуморальдық сипатта көрініс береді.
Иммунитет (лат. сөзі immunitas -- бірнәрседен босау) -- организмдердің ауру қоздырғыштарын қабылдамауы, яғни олардың тіршілік нәтижесінде пайда болған қалдықтарын және генетикалық бөгде заттарын қабылдамау қасиеті. Атап айтқанда, иммунитет организмдердің өздерінен бөлінетін заттарды ажырата білу қасиеті. Мысалы, бөгде белокты өзінікінен ажырата біліп, оны заласыздандыру. Тұқымқуалаушылық организмдерді көптеген ұрпақтар бойы күрт өзгерістерден сақтандырса, ал иммунитет организмді жеке даму (онтогенез) кезеңінде қорғайды.
Иммуниттеттің қорғаныштық рөлі тек вирустарға, қарапайымдарға, саңырауқұлақтарға, гельминттерге ғана әсер етіп қоймай, сонымен бірге организмге трансплантанған бөгде ұлпалар мен мүшелерге де қарсы әсер етеді. Ол организмде пайда болатын аутоиммунды процестерге де қатысады. Мысалы, адамдағы қант диабетінің (сусамыр) ауруының пайда болуы механизмінде ұйқы безіндегі Лангерганс аралшықтарының клеткаларында болатын белоктарға қарсы аутоиммунды процестер маңызды орын алады. Иммунитетті жұқпалы (инфекциялы) және жұқпалы емес (инфекциясыз) деп те ажыратады.
Жұқпалы иммунитет вирусқа қарсы, микробқа қарсы (антибактериальды) және улы заттарға (токсиндерге) қарсы деп те жіктеледі. Вирусқа қарсы иммунитет кезінде (адамның тұмау, полимиелит және басқа жұқпалы аурулар) организмдегі вирус бөлшектерін ыдыратады, ал микробқа қарсы иммунитетте (адамның дизентериямен, адам мен жануарлардың сарыппен ауырған кездерінде) бактерияның қоздырғышын зарарсыздандырады, токсиндерге қарсы иммунитетте (сіреспе ауруы, жануарлардың және адамның ботулизмі және т.б.) организмде болатын микроорганизмдер токсиндерді ыдыратып жояды. Жұқпалы иммунитетті туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет деп те бөледі. Туа пайда болған иммунитет -табиғи иммунитет, организмдердің тарихи дамуы кезінде пайда болады және тұқымқуалаушылық арқылы келесі ұрпаққа беріледі. Мысалы, тауық сібір күйдіргісінің қоздырғышын қабылдамайды, осы қабылдамау қасиеті тұқымқуалаушылық арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Жүре пайда болған иммунитет организмнің тіршілік барысында пайда болатын иммунитет. Мұндай иммунитеттер белсенді және пассивті иммунитет деп те бөлінеді. Белсенді иммунитет организм ауырғаннан кейін немесе еккеннен (вакцинация) кейін, ал пассивті организмге дайын антиденелер (антиденесінде сарысу бар) енгізгенен кейін пайда болады.
Жұқпалы емес иммунитет тарихи қалыптасқан генетикалық үйлеспеушілік нәтижесінде пайда болады. Мысалы, жұқпалы емес иммунитетке қан тобы бойынша донор мен реципиент (қан қабылдаушы) қанының сәйкес келмеуі. Қаны сәйкес келмегендіктен аурудың қатты асқынуы байқалады. Жұқпалы емес имунитетке трансплатация имунитеті жатады, бұл адамның жүрегін немесе басқа мүшелерін алмастырған кезде пайда болады. Трансплатция имунитеті донор мен реципиенттің ұлпалары сәйкес келмеген жағдайда пайда болады. Бұл иммунитет ұлпа немесе мүше ауыстырылған 8-23 күн өткен кезде пайда болып, олар ағзаны ыдыратады (қабылдамаған кезде). Имуниттер клеткалық, гуморальдық және ұлпалық деп бөлінеді. Клеткалық иммунитет, фагоцитоз түрінде байқалады, яғни организмге енген бактерияларды фагоциттердің (арнайы клеткалар) ұстап қорытуы. Фагоциттерге қанның лейкоциттері, яғни микрофагтар (эозинфилдер, нейтрофилдер және базофилдер) және макрофагтар (қанның қозғалғыш клеткалары -- моноцит, лимфа түйіндерінің клеткалары және көкбауыр, қантамырларының эндотелийлері) жатады.
Гуморальдық иммунитет -- антиденелер бөліп шығару арқылы көрініс береді және ол антиген мен антиденелердің өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады. Антигендер организм үшін жат заттар. Оларға -- белоктар, липопротеидтер, полисахаридтер белоктардың қосылыстары, нуклеин қышқылдары жатады. Сонымен қатар антигендерге -- ферменттер, улы заттар, жыланның және қарақұрттың уы, вирустар, бактериялар мен қарапайымдар жатады. Антигендердің қасиеттері олардың организмге жат және арнайы әсер етуімен (түрлік, топтық, мүшелік және ұлпалық) ерекшеленеді, сонымен бірге олар антиденелердің пайда болуы арқылы жауап қайтарады. Қорыта айтқанда, антигендер антиденелердің генераторы қызметін атқарады. Сонымен бірге аутоантигендер де болады, олар организмнің ұлпалары зақымдалған кезде пайда болады. Мысалы, адамның көптеген склероз ауруының арқасында аутоантигендер пайда болады, олар орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшықтарын қоршап тұрған миеленді қабығында және олар І-кристалин белогы болып саналады.
Антиденелер -- қанның сары суында болатын, иммуноглобулин белогы. Антиденелердің шамамен онға жуық тобы бар, соның ішінде адамда жиі кездесетін антиденелердің топтарына -- IgG, IgM, IgD, IgE және IgA жатады. Осы топтың иммуноглобулиндері (антиденелер) әртүрлі молекулалы салмағы бар полипептидті тізбектерден тұрады. Мысалы, IgG антиденесі төрт полипептидті тізбегінен, оның екеуінің молекулалы салмақтары 22 500, ал қалған екеуі -- 50 000 тең. Антиденелердің антигендерге әсер ету жолдарына байланысты бейтарап, жағынушы, коагилировті және антигендерге фагоцитті қасиет беруші антигендер деп бөледі. Сонымен қатар қанның плазмасында болатын антиденеден басқа, клетканың сыртындағы клетка антиденелері де болады.
Эволюция барысында жануарларда миллиондаған антигендерге және иммунитеттің күшіне бірден жауап бере алатын кешен пайда болды. Сүтқоректі жануарлардың ұрпақтары организмдеріне енген антигендерді таниды және оған жауап бере алады, бірақ олардың бұл қасиеттерінің әсері шамалы. Жануарлардың антигендерге жылдам әрі қуатты жауап беруі бірте-бірте пайда болады. Организмге бөгде заттардың түсуіне қарамастан, қорғаныштық жүйесі тез танып жауап бере алады. Осы қасиеттерді дамыту үшін, адам мен жануарларға алдын ала инфекциясы бар қоздырғыш антигендерді аурудың алдын алу үшін алдын ала иммундарды егеді. Кейде, антиденелердің арнайы сапасын көтеру үшін араға бірнеше апта салып екі, үш рет қайталап егеді.
Антиденелердің пайда болуы бір жағынан қорғаныштың жауабы есебінде болса, екінші жағынан жүмысқа лимфоциттердің қызметіне кіріскенін байқатады, себебі антителдің морфологиялық құрылымы лимфа түйіндерінің, көкбауырдың, жілік майының, бадамшалардың, тимустардың лимфоидты клеткалары, себебі қорғаныштың дамуына және арнайы қызметтеріне лимфоциттер, плазма клеткалары және моноциттер (макрофагтар) жауапты және жалпы қорғаныш қызметінің жауапты орталығы -- лимфоциттер болып саналады. Олар бағана клеткаларының плюропотентінен пайда болады, бұлар барлық қан клеткаларының (эритроциттердің, лейкоциттердің және тромбоциттердің) арғы тегі болып саналады.
Лимфоцитерді үзақ уақыт тіршілік ететін тимусқа тәуелді тіршілік түрін Т-лимфоциттер және қысқа В-лимфоциттер деп бөледі. Т-лимфоциттер тимуста, ал В-лимфоциттер ересек организмнің жілік майында және ұрықтың бауырында пайда болады. Тимуста Т-клеткасы қан түзілетін органдардың тимусқа келіп түскен бастапқы клеткаларынан дамиды, В-клеткалар сүтқоректілерде қан түзілетін органдардың тікелей бағана клеткаларынан, ал құстарда бастапқы қан түзуші ұлпаларының қан клеткасы фабриций бурсқа (қалтаға) түсуінен пайда болады. Қан түзуші ұлпаларды, тимусты, фабриций бурсты алғашқы лимфоидты орган деп атайды.
Бастапқы лимфоидты органдарда жіктелу аяқталғаннан кейін, лимфоциттердің біраз бөлігі қантамырлары мен екінші лимфоидты органдарға (лимфа түйіндеріне, көкбауырға, аппендикске, бадамшаларға, аденоидтарға және ащы ішектің ішкі өсінділеріне) таралады. Дәл осы жерде Т-клеткалары және В-клеткалары антигендермен кездеседі. Т-лимфоциттері өздеріне жат антигендермен танысады, одан кейін қорғаныштық ақпараттарды есіне сақтайды және осы ақпараттарды қорғаныштық клеткалар түзуші антиденелерге жеткізіп отырады. В-лимфоциттер көптеп (күніне бірнеше миллиондаған) пайда болады. Олардың Т-клеткаларының белсенділігі артады және жіктеліп, антигендерді танушы тікелей антиденелерді түзетін (Иммуноглобулиндердің сұйықтығы) плазмалық клеткаларға тасымалданады.
Лимфоциттер -- клетканың қорғаныштық қасиетеріне жауап беретін клеткалар болып есептелінеді. Олар басқа организмдерге организмнің қорғаныштық қасиеті -- ұлпаның қорғаныштық иммунитетін, қорғаныштықты сақтау қасиетін, аллергияға қарсы белсендіктерін жеткізеді. Т және В лимфоциттері қорғаныштық бақылауын және өздеріне бөгде антигендерді тануын жүргізеді. Гуморальдық иммуниеттік жауап қайтаруы антиденелерді түзуші В-лимфоциттермен жэне клеткалық Т-лимфоциттермен байланысты. Бұл екі жағдай макрофагтардың қатысуымен жүзегё асады.
Неліктен, аутоантидене өзінің макромолекуласын танымайды? Оның себебі, оны танитын аутоантиденелердің лимфоцитері тіршілігін жоюымен байланысты. Әрине, бұл өздеріне бөгде макромолекуламен кездескенге дейінгі организмнің қорғаныштық жүйесі пайда болған соң ғана жүзеге асады. Организмнің қорғаныштық жауабын белоктағы цитокин бақылайды, өйткені ол өзінше қорғаныштық гормон болып есептелінеді.
Егу барысында пайда болған антиденелер иммунды деп аталады, ал қалыпты адамдар мен жануарлардың қанының сары суында табиғи антиденелер кездеседі. Лимфоциттердің даму нұсқасы салыстырмалы түрде қарапайым. Ұрықтанған клетканың бөлшектенуі кезінде жалғыз бір клетка пайда болады, ол Т және В клеткаларының бастамасы болады деп есептелінеді. Келесі клеткалардың бөлінуі кезінде тек Т және В клеткалары түзіледі, олардың әрқайсысының ұрпақтары тек бір антигенді (бір макромолекуланы) тани алады. Бірақ, осы антигендердің кейбіреуі организмдердің өзінің макромолекуласы болуы мүмкін. Өз антигендерін танушы лимфоциттер тіршілігін жояды немесе танымайтын болып өзгереді, оның қай уақытта және қашан болатыны организмнің түріне байланысты. Мысалы, бұл жағдай тышқандарда туып жатқан кезінде, ал адамда эмбриональды даму барысында байқалады.
Иммунды жүйе -- барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.
электронды микроскоптың сканері: Қарапайым жеке нейтрофилді лейкоциттер (сары), күйдіргі бактерияларын жұтуы (қоңыр)
Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа бездері, айырша безі (тимус), кұстардың фабриций қалтасы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі -- антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.
Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz