Мәдениеттану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

«Мәдениеттану» пәні бойынша лекциялар кешені

Модуль №1 - 10 сағат

Тақырып 1. Мәдениет морфологиясы -1сағат

Дәріс жоспары:

  1. Мәдениеттің қалыптасуының басты заңдылықтары.
  2. Мәдениеттің басты қызметтері мен негіздері.
  3. Мәдениеттанулық тұжырымдар өркениет феномені А. Тойнби, О. Шпенглер еңбектерінің түсініктемесі.

4. Мәдениет-күрделі қоғамдық құбылыс.

5. Мәдениеттің (дамуы) пайда болуы мен дамуының заңдылықтары.

Дәріс мазмұны:

Мәдениеттану қоғамдық - гуманитарлық пәндердің бірі болып, студенттік жастардың тарихи сана сезімін қалыптастыруға, яғни бүгінгі заман сабақтастығының талабымен түсінуге мүмкіндік береді. Мәдениеттану ілімінің теориялық қағидалары әлемдік және отандық мәдениет пен өркениет үлгілерінің тарихи тұрғысынан қарастырылып, талай ғасырлардың сын елегінен өткен мәдениеттің мейлінше бай тәжірибе - тағылымы туралы айтылады.

Мәдениеттану мәселелері бұрыннан қалыптасқан құндылықтар жүйесін заман талабына орай қалыптастыруға және халықтың рухани байлық бастауларын әлемдік өркениеттермен ұштастыра отырып, мәдениеттің қайта жаңғырып өркендеуіне, тұлғалық дамудың сара жолы мәдениеттіліктің парасаттылықтың абыройлы жолын меңгеру.

Мәдениет - адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай- ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі даму дәрежесі.

Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде, ол адамның табиғатқа ықпал етүін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады.

Заман талабынан туындаған, философиялық білімдердің бір саласы ретіндегі мәдениеттану отандық білім беру жүйесінде өз алдына пән болып қалыптасып келеді.

Мәдениеттану пәні Батыс елдерінде мәдени антропология (адам туралы ілім) құрамында қалыптасқан.

Мәдениет - ашық жүйе. Оның негізгі мақсаты өзін басқаға жеткізу, ол монологтан көрі диологқа - сұхбаттасуға жақын. Сондықтан мәдениеттануда өзін - өзі тарату (трансляция) мақсаты алдыңғы қатарға шығады және бұл жерде осы мәдениетті тарату құралдары (таңбалар, рәміздер, ғибадаттық әдет ғұрыптар т. б. ) мен оның ішкі мән мағынасы ( менталитеті, ділі, діні, санасы т. б. ) бірдей қызмет атқарады. Осы тұрғыдан төмендегідей тужырым жасауға болады: мәдениеттану мәдениетті нақтылы тарихи-әлеуметтік үдіріс түрінде қарастырады.

Әрбір дәуірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты әрбір халықтың өзіндік өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері бар.

Мәдениет - әр халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен тарихи зейінi-ісі, философия жүйелері мен рәсім - таңбалық өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты - осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.

Мәдениеттің құрамды бөлігі ретінде экономикалық мәдениет, парасаттық, саяси, этикалық, еңбек мәдениеттерін айтуға болады.

«Қазақстан Республикасының мәдени-әлеуметтік даму бағдарламасында мәдениет арқылы адам құңдылықтарды айырып, олардың ішінен таңдау жүргізеді», - деп көрсетілген. Мәдениеттанудағы құндылықтар ілімі негізінен грузин ғалымы Н. З. Чавчавадзенің атымен байланысты. Құндылықтар дүниесі адам әлемі (микрокосым) мен қоршаған ортаның (макрокосым) байланысын білдіреді. Адамдық әрекет шеңберімен қамтылған бейтарап заттар белгілі бір қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға т. б айналып, біздің тіршілігіміздің тіректері болады.

Мәдениет термині қазақ тіліне арабтың «маденият» деген сөзінен енген, яғни қала, қалалық - деп аударылып келіп еуропалық тілде «жерді өндеу, білім беру, құрметтеу болса - бүгінгі күні жанды өңдеу, - деп ұғамыз.

1. Мәдениет бір халықтың қолы жеткен шығармашылық жетістіктері.

2. Мәдениет адамның іс әрекетінің белгілі бір саласының жетілу

денгейі. (сөйлесу, еңбек құқық мәдениеттері)

Сонымен бірге үйреншікті болып кеткен «мәдениет» ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстырғанның тамыры көне заманда жатыр. Мәдениет ұғымы - құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылдық деген мағыналарға да ие. Осылардың ішіндегі ең негізгі орын алған дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік орын алды. Гректер бұл үдірісті «пайдея», яғни баланы тәрбиелеу оқыту, білім беру өмірге лайықтау, - деп ұғындырады. Оқуды, граматиканы, музыканы, эстетиканы, 12 жастан мемлекет көреміндегі істерге қатыстыруды реттей білді.

Ұлы неміс философы Кант (1724-1804) ақыл-ойға табынған. Ол мен үшін екі құпия нәрсе бар, олар жулдызды аспан мен адамның ішкі рухани дүниесі, деген. Болмыстың адамгершілік жағына ерекше мән бере отырып ол мәдениетті адамдіы айуандардан айруға мүмкіндік беретін құдайдың адамға берген ерекше қабілеті деп қарастырды да адам бойындағы қайрымдылық пен ізгілік қажеттерді басты орынға қойды.

Ал ағылшын оқымыстысы Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісі ретінде - материалдық және рухани құндылықтар ретінде түсіндіре білді. Ол дін арқылы анимистик теорияны өмірге әкелді, яғни жан адам денесінен бөлініп шығады деген ұғымға сенген. Мысалы түс көру, өліп тірілу өзіндік алғашқы сатыларын әкелді деп тұжырымдайды.

Мәдениетті - ақыл ойдың не табиғи сезімнің көмегі арқылы түсіну.

Мәдениеттің адамгершілік заңдармен қалыптасуын - Кант.

Эстетикалық жолмен - Шеллинг.

Дүниежүзілік рухты жүзеге асыруды - Гегель.

20 ғасырда мәдениет жеке ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.

Жаңа көзқарас, зерттеу жұмыстары, философиялық ойлар бірнеше мәдениетану мектептерін қалыптастырды.

а) Қоғамдық-тарихи мектеп

б) Натуралистік мектеп

в) Социологиялық мектеп

г) Рәміздік мектеп

1. Қоғамдық - тарихи мектепке тарихшылар, философтар көптеген жұмыстар жүргізді, діни адамдар қатысты. Бұл ағымның негізгі қайраткерлері Батыс Европада Шпенглер мен Тойнби, Ресейде Данилевский.

Шпенглер мәдениетті тарихи тұрғыдан 8 түрге бөлді:

1. египеттік, 2-үнділік, 3-вавилондық, 4-қытайлық, 5-антикалық, 6-исламдық, византиалық, 7- батыс еуропалық, 8- америкалық медениет.

Жаңа туындап келе жатқан мәдениет қатарына орыс - сібір мәдениетін жатқызды. Әрбір мәдениет өмір сүру ұзақтығы 1 мың жыл. Кей кездерде өркениет - мәдениет синонимі болып қаралды. Мәдениет жүйелі түрде мистикалық жолмен өркениет - жарықтан, тоқырау, апатқа ұшырау мүмкін. Оқымысты Тоинби - мәдениетті дүниежүзілік діндерден нәр алған, тарихтың мәуелі ағашы адамзат бұтағының мән-мағынасы деген қорытындыға келеді. Олар ұлы тұлғалар - творчество адамдары, яғни адамзаттың дамуын ең алдымен рухани байлықта жетілдіру, дінге ерекше үміт артады.

2. Натуралистік мектеп.

Натуралистік мектеп биологиялық сипат алды, негізін реттеушілер, дәрігерлер, психологтар және биологтар.

20 ғасырда екі ғылым саласы дамыды: фрейдизм мен этология.

1. Зигмунт Фрейд (1856-39) австриалық невропотолог, психолаг болған, ғылымда қоғамның дамуын аңықтап, мәдениеттің дамуын және творчестволық процестерді түсіндіруде психологиялық концепцияларды қажет, -деп тапты. Жеке адамның психикасын қоғамдық экрандағы көрінісі бола отырып, адамзат баласын ғасырлар бойы жинаған білімі мен өмірлік тәжірбиесін қамтиды, екіншіден өзара қарым-қатынастың реттелуінің жолдарын көрсете білді.

2. Томас Стерн-Элист (1888-65) ағылшын оқымыстысы былай деген: “Мәдениет белгілі бір елдің тұрмыс тіршілігі, сол елдің өнері, әлеуметтік жүйесі, діні салт-дәстүрі дағдыларын алуымызға болады. Бірақ бәрін мәдениетерден қарауға болмайды, келеңсіз заттарға қарсы тосқауыл болатын күш керек - ол «элита», яғни қоғам: рухани элита және қараңғы халық” - деп екіге бөлді.

3. Альфред Вебер - концепциясы бойынша әлеуметтік процесс (ғылым мен техника) және мәдени процесс (шығармашылық, өнер, дін, философия) бір-бірімен тығыз байланыста дамиды дейді. Мысалы: АҚШ-та әлеуметтік және өркениетті процесстің басымдылығы мәдениетке кедергі болса, Ресейде әлеуметтік техника жағым артта қалғанымен, орыс мәдениетінде 20 ғас «Алтын ғасыр» басталды. Ал Жапонияда мәдениет 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыды дей келе Вебер рухани интеллектуалды элита ғана жасай алады деген қорытындыға келеді.

4. Рәміздік мектеп - жаппай ақпарат құралдарының қарқынды дамуы. өнер мен жазудың пайда болуы - адамның, ақпараттың қабілеттің жоғарғы сатыға көтерді, баспасөздің пайда болу - рәміздік жүйені адам әрі байыта түсті. ХХ ғ - телеграф, телефон, радио, кино, видео кеңінен келді де хабарларды тарату кеңінен орын алды. Осы техниканың жетістігі арқылы мәдениеттің барлық салаларымен хабарлас болуына мүмкіндік алды. Неміс философы Кассирер (1874-45) былай деген: адамзат символдық әлем дүниесінде өмір сүреді деді. Тіл, миф, өнер-осы бір жарық дүниенің бөлшектері деген.

Француз ғалымы Клод Леви Строс - сонау неолит дәуірінің адамдардың ойлау қабілетінің өзіндік ерекшеліктерін дәлелдеген. Алғашқы «миф» -сананың басты мазмұны: ғана емес қазіргі заман мен болашақтан да хабарлас. Басқаша айтқанда, мифология саяси идеалогияны еске түсіреді. Осы ХХ ғ талай мифтер «фашист рейхынің мыңжылдық өмірі» туралы гитлерлік миф. Коммунизм салтанаты жөніндегі миф, дүниежүзiлiк революция туралы миф өмірге келсе, ол көне заманда адам тәріздес құдайдың бар екендігі туралы миф кенінен тараған.

Сол себептен ежелгі замандағы мифтерді еске алсақ, түрлі ағымдар мен доктриналарға толы кәзіргі заман идеялогиясы сол мифтер негізінде құрылған жоқ па деген ойға да еріксіз келуге болады.

Негізгі ұғымдар:

Мәдениет, миф, антропология, диалог, трансляция, феномен, тотемизм, анимизм, гнесеология, антропология, диалектика.

Тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Ғабитов Т. Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. -А., 2001-2003 ж.
  2. Алтаев Ж: Философия және мәдениеттану . - А., 2000
  3. Қанағатова А. Мәдениеттану негіздері . - А., 2001
  4. Мәдениеттану сөздігі. Құрастырғандар: Құлсариева А., Ғабитов Т. жәнет. б . - А., 2001
  5. С. Терминосова. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл.
  6. Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздік белестері. - Алматы, 2003.
  7. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан жолы. - Астана, 2007.
  8. Маданов Х. Қазақ мәдениет тарихы. -А., 1998.
  9. Мырзалин С., Қоғам және мәдениет. -А., 1999
  10. Назарбаев Н. Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002.
  11. Назарбаев Н. А. Евразийский Союз. Идеи, практика, перспективы. - М., 1997
  12. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы, 1997.
  13. Назарбаев Н. А. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: Өнер, 1996. - 272 б.
  14. Ғабитов Т. Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. - А., 1998.
  15. Қоныратбаева А. Т. Көне мәдениет жазбалары. - А., 1991
  16. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов. - А., 1998

Тақырып 2. Мәдениет тілі -1сағат

Дәріс жоспары:

  1. Мәдениет белгілер мен мәндер әлемі ретінде.
  2. Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну.
  3. Мәдениет артефактілер әлемі ретінде. Мәдениет мағыналар әлемі ретінде.

Дәріс мазмұны:

Дүниедегі ең бағалы асыл байлық - адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындыларының құдіретті иесі. Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен атқаратын ролінің сипаттамасын айтып отырмыз. Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке-дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. Қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіріп үлгермеген жас баланың тәуелсіз жеке өмір сүруге ешбір қабілеті болмайды. Ата-ананың, басқа адамдардың қамқорлық, көмегінсіз ол адам өсіп, жетіле алмайды. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуының негізі-өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап, бірте-бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек процесінде ғана адамдар бір-бірімен қатынас, байланыс жасаудың керекті ойларын бір-біріне өткізуді үйренді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушысы болып шықты. Қоғамдық қатынастар адамның өмір сүруіне қажетті материалдық заттар (тамақ, киім, баспана) өндіру әдісінен туады. Олай болса адам дегеніміз - еңбек әрекетімен шұғылдана алатын, әлеуметтік қатынастар жасайтын, өзара байланыс жасауға толық қабілетті тіршілік иесі деп анықтама беруге болады. Қоғамдық болмыстың әсерінен адамның әрекеттену ой алмасу жолында қалыптасатын кісілік қасиеттерінің ішіндегі аса маңыздысы - дүниеге көзқарас.

Дүниеге көзқарасымен бірге адам ішкі сипаты қалыптасады. Кісілік сипат ешқашан жетілу шегіне жетіп тоқырап қалмайды. Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа бөледі. Жігерлі адам әрқашанда өзінің тұрақты қалпын сақтайды, өз алдына емін-еркін қызмет жасайды, ұстаған жолынан, қабылдаған шешімінен қашпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әділетті тұрақтылығы, батылдығы жетіспейді. Тіпті өте білімді, қабілеті мол, бірақ жігері аз адам өзінің бай рухани мүмкіндіктерін қолайлы жағдайлар болып тұрған күннің өзінде де іске асыра алмай қалатын фактілер жиі кездеседі.

Адамды адам ететін қоғам, еңбек. Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай деп айтуға әбден болады. Әрине, мұны әрбір дара адамға жатқызып, тікелей түсіну дұрыс болмайды. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат бар. Әркімнің жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны талассыз ақиқат.

Алғашқы қауымдық қоғамда адамның жеке басының мүддесі түгелінен рудың ортақ мүддесіне бағынышты болды. Өйткені, рудың сыртында жалғыз адамның өзін-өзі асырап күн көруі мүмкін емес еді. Ол қоғамның өмір сүру тәсіліне байланысты қалыптасқан жабайы әдет-ғұрыптарымен ғана әрекет жасауға тиіс еді. Бұл жағдай оның әлеуметтік табиғи болып әлі бөліне қоймаған адамдық мәнін анықтады. Тарихтағы ең алғашқы өсіп-жетілмеген адам тұрпаты осындай болды. Мемлекеттің тууына байланысты адам құқықтары ресми түрде белгіленетін болды. Бостандықтағы адамдар өз құқықтары мен міндеттерінің иесі ретінде рухани қабілеттерін кезіндегі тарихи шеңбер шегінде іске асырудың мүмкіндіктеріне ие болса, қаналушы құлдардың ешқандай бостандығы да, құқықтары да болған жоқ, табиғи дарындарын сыртқа шығаруға жол таба алмай езгіге түсті, осылайша таптарға бөлінген алғашқы қоғамның өзінде әртүрлі әлеуметтік тұрпат пайда болды.

Осы жағдай феодалдық, капиталистік қоғамдарда да орын алды. Әр қоғамдық-экономикалық формация жағдайында әр таптың құрамына кіретін адамдардың қоғамдағы орны мен өмір сүру жағдайы, мақсат мүдделері, мәдениет жемістерін пайдалану мүмкіндіктері әртүрлі болғандықтан, олардың жеке басының қасиеттері де, қоғамдық қатынастарға көзқарасы, мінез-құлықтары мен әдептері, талғамдары мен адамгершілік түсініктері тағы басқа әлеуметтік психологиялық қырлары басқаша болды. Адам тұрпаттары айырмашылықтарының өлшемін сөз еткенде, аталған жеке қасиеттердің әрбір тап адамдарына тән осы ерекшеліктерін негізге алу қажет.

Адам - феномен. Оның табиғатын түрлі ғылымдар, айталық антропология, тарих, филология, саясаттану, этнография, саяси экономика, психология дәрігерлік т. б. ғылымдар, сондай-ақ философия зерттейді.

Адам мәдениет субъектісі. Адамның басты қасиеті оның әлеуметтік сипаты. Адам мен қоғам бірлікте. Тек қоғамда ғана адам өзін-өзі әлеуметтік құбылыс ретінде көрсете алады. Адамды адам еткен еңбек дейтін болсақ, сол еңбек нәтижесінде адамның санасы, тілі пайда болды. Олай болса, еңбек, сана, тіл - бәрі де қоғамдық құбылыс, олар қалыптасқан, даму тарихы бар.

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұған философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғанын дәлел бола алады. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, оны түсінуге ұмтыла бастады. Мысалы, ағаш отқа жанады, тас жанбайды, тек қызады. Мұның себебін білмейтіндігін адам түсініп, онда таңдану сезімі пайда болды, ойланды, білуге ынта туды. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіне алмайтын құбылыстарға ең алдымен таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп есептеді.

Ертедегі атақты Шығыс ойшылдарының көбі, өздерінің философиялық жүйелерінің негізгі өзегі етіп тікелей адам проблемаларын алған. Көне замандағы мысырлықтар философияның объектісі құдайлар мен әділеттілік деп білді. Бұдан 25 ғасыр бұрын өмір сүрген қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп “адам сүйгіштік” (жэнь) проблемасын алды. Оның түсінуінше тек “адам сүйгіштік” қасиет қана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты да достыққа берік, сөзге ұстамды (біреуді өкпелетіп алмау үшін), көмекке (кімнің болса да адамгершілік жағын жетілдіре түсуге) дайын етіп қалыптастыра алады. Бұл қасиеттердің бәрін біріктіріп, әрқайсысын қамти алатын моральдық-философиялық ой түйінін Конфуций: “Өзіңе жасалғанын қаламайтын қылықтарды сен де басқаларға жасама” - деп қорытты.

Адам мәдениеттің субъектісі ретінде оның жан дүниесін қалыптасыру бүкіл қоғамның дұрыс іс-әрекетінің нәтижесінен келіп шығады. Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет ара-қатынасы ерекше рөл атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісі де, объектісі де болып табылады. Қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде оның рухани қазынадан нәр алмауы, оны көркейтіп, мазмұнын байытуға қатыспауы мүмкін емес.

Негізгі ұғымдар: ақпараттық-семиотика, артефактілер әлемі, феномен.

Тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Ғабитов Т. Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Оқулық. -А., 2001-2003 ж.
  2. Алтаев Ж: Философия және мәдениеттану . - А., 2000
  3. Қанағатова А. Мәдениеттану негіздері . - А., 2001
  4. Мәдениеттану сөздігі. Құрастырғандар: Құлсариева А., Ғабитов Т. жәнет. б . - А., 2001
  5. С. Терминосова. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл.
  6. Назарбаев Н. Ә. Тәуелсіздік белестері. - Алматы, 2003.
  7. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан жолы. - Астана, 2007.
  8. Маданов Х. Қазақ мәдениет тарихы. -А., 1998.
  9. Мырзалин С., Қоғам және мәдениет. -А., 1999
  10. Назарбаев Н. Ә. Бейбітшілік кіндігі. - Астана, 2002.
  11. Назарбаев Н. А. Евразийский Союз. Идеи, практика, перспективы. - М., 1997
  12. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы, 1997.
  13. Назарбаев Н. А. Ғасырлар тоғысында. - Алматы: Өнер, 1996. - 272 б.
  14. Ғабитов Т. Х. Қазақ мәдениетінің типологиясы. - А., 1998.
  15. Қоныратбаева А. Т. Көне мәдениет жазбалары. - А., 1991
  16. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов. - А., 1998

Тақырып 3. Мәдениет семиотикасы. -1сағат

Дәріс жоспары:

1. Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар.

2. Мәдениеттің мәтіндік концециялары: Р. Барт, Ю. Кристева.

3. Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Ф. Соссюр, Ю. Лотман, Э. Кассирер, О. Сулейменов.

Дәріс мазмұны:

Мәдени код. Мәдени код түсінігі. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодының қайталанбайтындығы. Мәдениет этосы. Этос және мәдениет коды. Жаһандық мәдени код типтері: жазуға дейінгі (дәстүрлі), жазбаша (кітаптық) және экрандық, сандық. Бұқаралық мәдениет коды. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінің коды. Қазақстандық мәдениет коды.
Конвенционалды белгілер. Мәдениет рәмізі түсінігі. Мәдениеттің негізгі рәміздері. Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Сақ және скиф мәдениетінің рәміздері. Материалдық мәдениеттегі ғұндардың рәміздері мен белгілері. Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Заманауи қазақстандық мәдениет рәміздері. Миф рәміздері. Антикалық мифтер рәміздері. Шығыс мифтері рәміздері. Сақ мәдениеті мен мифтері рәміздері. Түркі мифтері рәміздері. Қазақ мифтері рәміздері. Дін рәміздері. Зороастризм рәміздері. Тәңіршілдік рәміздері. Буддизм рәміздері. Индуизм рәміздері. Иудаизм рәміздері. Христиандық рәміздері. Ислам рәміздері. Өнердегі рәміз. Көркем өнер рәміздері. Сәулет өнеріндегі рәміздер. Музыкадағы рәміздер. Би және балет рәміздері. Саясаттағы рәміздер. Мемлекеттік-саяси рәміздер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-саяси рәміздері. Ғылым мен техниканың негізгі рәміздері.

Жұмыстың мақсаты - тұжырымдамасын анықтауға:

- мәдениет белгісі жүйелерін типологиясы;

- ауызша белгісі жүйелер;

- мәтіндер мен олардың түсіндіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы
Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесіндегі мәдениеттанудың алатын орны және оның басқа ғылым салаларымен байланысы
Адамның мәдени тұлға ретінде қалыптасуы
МӘДЕНИЕТТАНУ: ПӘНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРІ
Мәдиниеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Мәдениеттану пәні, мақсаты мен міндеттері
Мәдениеттану пәні, мақсаттары мен міндеттері
Мәдениеттану: пәндік ерекшеліктері, құрылымы, негізгі ұғымдары және әлеуметтік қызмет
Мәдениеттану- философиялық ілім
Мәдениет және оны білдіретін ұғымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz