Көрнекілік әдістер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс № 6. Кәсіптік оқыту әдістері

Мақсаты: оқыту әдістерінің дәстүрлі түрлерімен танысытыру және оларды талқылау.

Жоспары:

1. Оқыту әдістері туралы түсінік.

2. Кәсіпке оқыту әдістерінің ерекшеліктері.

3. Оқу әдістерінің түрлері.

Дәрістің түрі: ақпараттық

Пайдаланылған әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер

1. Жолдасбекова С. А., Узахова А. С., Байбатшаева А. Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж- 125 б.

2. Камалов Ю. Н. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (Ұл балдар) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2014 ж - 125 б.

Оқыту әдістері туралы түсінік. Кәсіпке оқыту білім беру мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен ғана шектелмейді. Оқыту мақсаттарына қандай амал, жолдармен жету керектігі кәсіптік білім беру дидактикасындағы ең маңызды мәселе болып табылады.

Себебі білім берудің тиімділігі әрдайым оқыту әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты болады. «Әдіс» термині гректің «metodos», яғни ақиқатқа, күтілетін нәтижеге қол жеткізудің жолы, амалы деген ұғымды білдіреді.

Педагогикалық әдебиеттерде әдіс ұғымына берілген көптеген анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту әдістері білім берудің мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған жолдар және амалдар жиынтығы болып табылады. Оқыту әдістері келесі үш белгімен сипатталады (сурет 9) .

Оқыту әдістерінің 3 сипаты

оқыту мақсаты

оқыту субъектілерінің өзара әрекеттесу

меңгерту амалы

Сурет 4. Оқыту әдістерінің 3 сипаты

Демек, оқыту әдістері төмендегілерді қамтиды:

- оқытушының оқыту жұмысының және білімгерлердің оқу жұмыстарының өзара байланысты амалдары;

- білімгерлердің оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі жұмыстарының ерекшеліктері. Оқытушы мен білімгерлердің іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістері - ақпараттандыру (оқытушы оқу материалын баяндайды, түсіндіреді) ; білімгерлерге практикалық дағды, іскерліктерді үйрету; білімгерлердің танымдық іс-әрекетін дамыту; оқытушының білімгерлердің танымдық іс-әрекетіне жетекшілік ету функцияларын орындауы. Оқыту үдерісінің мәні және оқыту мақсаттарының көп аспектілігі «оқыту әдістері» ұғымын түсіндіруде сан түрлі трактовкалардың қалыптасуына ықпалын тигізеді:

- «…білім мазмұнын меңгертуді қамтамасыз ететін оқытушы мен білімгердің өзара байланыстағы бірізді әрекет ету жүйесі (Педагогикалық энциклопедиялық сөздік) »; - «…білім мазмұнын меңгертуге тұрақты түрде жүргізілетін, яки мақсатқа қол жеткізетін білімгердің танымдық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастырудағы оқытушының бірізді әрекеті « (И. Я. Лернер) ;

- «…оқытушының білімгердің танымдық әрекетіне жетекшілік ету амалы» (Т. А. Ильина) ;

- «…оқытушының зерттелетін материалды меңгертуге бағытталған, түрлі дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша білімгердің оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқыту жұмысының амалы» (И. Ф. Харламов) ;

- «…білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған және нормативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу жұмысының нақты формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-әрекеті үлгі-

сі» (В. В. Краевский) ;

- «…оқу үдерісінің жетекші міндеттеріне, мақсаттарына сай пәннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары» (Э. Б. Абуллин) . Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде талдау, арқылы оларда оқытушы мен білімгердің іс-әрекеті (оқыту үдерісінің мәні, оның екі жақты сипаты), оқыту үдерісінің нәтижесі (дамытушылық, білімділік, тәрбиелік) көрініс тапқанына көз жеткіземіз. Осы ретте музыканы оқыту әдістерін оқу үдерісінің жетекші міндеттері мен мақсаттарына сай кәсіпке оқыту пәнінің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары деген анықтаманы негізге алуға болады. Себебі онда кәсіптік білім мазмұны сияқты оқу үдерісінің негізгі құрылымдық компоненттері көрініс тапқан. Оқытушы мен білімгердің біріккен іс-әрекетін бейнелейтін оқыту үдерісінің екі жақты сипаты оқыту әдістерінің де дәл осылай екі жақтылығын анықтайды. Осыған байланысты оқытушы тарапынан ақпараттық, басқарушылық, білімгерлердің танымдық қабілетін дамыту, т. б. және білімгерлер тарапынан білімді алу, меңгеру, тыңдау, бақылау, практикалық, зертханалық жұмыстар орындау сияқты әдістерді атап кетуге болады.

Кәсіпке оқыту әдістерінің ерекшеліктері. Сөздік әдістер көмегімен ақпараттар жеткізетін құралдар оқытушының сөзі және баспа сөздері жүзеге асады. Оларға әдістер жүйесінде жетекші орын алатындар кіреді: әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, дискуссия, кітаппен жұмыс. Көрнекілік әдістер әр түрлі суреттер, репродукциялар, кестелер, үлгілердің көмегімен табиғи түрде немесе символдық түрде бейнеленген қоршаған ортадағы құбылыстармен қылылығын, өнердің, қоғамдық сананың басқа да түрлерімен ұқсастығы мен айырмашылығын ұғындырады. Талдап қорыту әдісі кәсіптік оқыту сабақтарды ұйымдастырудың жетекші әдісі ретінде білімгерлердің кәсіптік өнерге саналы қарым-қатынасын дамытуға, кәсіби ой-өрісін қалыптастыруға бағытталады. Талдап қорыту әдісі білімгерлердің іс-әрекетін ұйымдастыру амалдарының жиынтығы ретінде, олардың кәсіп жөніндегі негізгі білімін меңгертуде, жетікші іскерліктерін қалыптастыруда қолданылады. Бұл әдіс бірізділікті әрекеттерден құралады.

Бірінші әрекет білімгерлерге тән оқу бағдарламасының тақырыптарымен танысу, тереңдете меңгертуге қажетті кәсіптік оқыту тәжірибесін белсенділікпен пайдалануға талпындыру мақсатын жүзеге асырады. Аталған әдісті қолдануда оқытушыға нақты жағдайға сәйкес ең қолайлы, тиімді, қажетті жақтарын таңдай білу міндеті жүктеледі.

Екінші педагогикалық бақылау және баға беру тәсілдері кәсіби оқыту сабақтарында білімгерлердің жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алуды қолданылатын әдіс. Олар білімгерлердің кәсіби даму барысында түзетулер енгізуде қосымша рөл атқарады. Бақылау мен тексеру оқу үдерісінің өзінше жеке элементі болып шет қалмауы, керісінше білімділік, дамытушылық, тәрбиелік, талпындыру функцияларын атқарып отыруы тиіс.

Кәсіптік білім беру жетістіктеріне қол жеткізу оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алуға байланысты. Ол үшін келесі өлшемдерді негізге алуға болады: оқу материалының мазмұны мен жалпы мақсаттары;

  • оқу пәнінің ерекшелігі;
  • дидактикалық талаптар;
  • білімгердің жас ерекшелігі;

- білімгерлердің кәсіптік білім саласындағы теориялық, практикалық даярлық деңгейі;

  • білімгерлерлырдың кәсіби тәрбиелік деңгейі;
  • білімгерлердің жеке дара ерекшеліктері;

- мектептің әлеуметтік ортасы, материалдық-техникалық базасы;

- кәсіптік оқыту пәні оқытушының кәсіби шеберлік және тәжірибе деңгейі. Оқытушы оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми әдебиеттерде жіктелудің бірнеше түрлері бар. Кең тарағаны И. Т. Огордников, Н. А. Сорокин, Ю. К. Бабанский, Р. Г. Лемберг, т. б ұсынған оқыту әдісінің жүйеленуі. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген (Кесте 2) .

Кесте 2 - Р. Г. Лемберг ұсынған оқыту әдістері

Ауызша
Көрнекілік
Практикалық
Ауызша: Әңгіме
Көрнекілік: Суретпен сипаттау
Практикалық: Зертханалық жұмыстар
Ауызша: Әңгіме әдіс
Көрнекілік: Демонстрациялау
Практикалық: Практикалық жұмыстар
Ауызша: Кітаппен жұмыс
Көрнекілік:
Практикалық:

64

Сурет 12. Ауызша баяндау әдісі

Сурет 13. Әңгіме әдісі

66

Сурет 14. Әңгімені басқарудың әдістемелік мәселелері

Сурет 15. Оқу әдістерінің ІІ сипаты

Бұл жүйе білім алудың негізінде түпнұсқаға негізделген. Бір жағдайда сөзге сүйенсе, екіншісінде көркемдік бейнеге, ал үшіншісінде қимылға сүйенген.

Ұсынылып отырған жүйенің тиімділігі - оқытушының шеберлігіне, осы үш әдісті оқыту негізінде тұтас қолдануға тікелей байланысты. Одан кейін практикалық оқыту әдісі қамтылады. Оған қоса тірек сигналдарының жоғары сатыға көтеретін жұмыстарының түрлері де ойластырылған.

Жіктелудің тағы бір кең тараған түрі - оқыту әдісін білімгерлердің таным белсенділігі деңгейіне сай құру.

Дидактикалық әдісті ұстанған педагогтар И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин оқыту әдісінің бес түрін ұсынады (Кесте 3) .

Кесте 3 - И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин ұсынған оқыту әдістері

Әдістер атаулары
Әдістердің мазмұны
№: 1
Әдістер атаулары: Түсіндіру
Әдістердің мазмұны: сипаттау әдісі, әңгіме, көрсету, оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар
№: 2
Әдістер атаулары: Қайталау
Әдістердің мазмұны: жаттығу, әңгіме, өз сөзімен қайта айту
№: 3
Әдістер атаулары: Проблемалық баяндау әдісі
Әдістердің мазмұны: оқытушының дәлелді түрде баяндауы, топсеруен, демонстрация
№: 4
Әдістер атаулары: Ізденіс түрлері
Әдістердің мазмұны: эвристикалық әңгіме, байқау, жоспар жасау
№: 5
Әдістер атаулары: Зерттеушілік
Әдістердің мазмұны: тәжірибе, байқау, сыныппен жұмыс, құжаттармен жұмыс, сурет салу.

Демек, бұл жердегі негізгі әдістің түсіндіру-сипаттау әдісі екенін көреміз. Әрине, негізгі ауыртпалық оқытушыға түседі, ал білімгерлер тыңдаушы ролін атқарады. Алдын-ала белгілі дәрежеде дайындық алған білімгерлер тарихи сценарийлер, фильмдер жазып, қиялдан туған алыс саяхаттардың қолбасшысы да болады.

Дәстүрлі оқыту әдістерін ұтымды пайдалану . Оқыту әдістерін дәстүрлі варианттарда оқыту (әңгіме, демонстрациялау, түсіндіру, пікір алысу), оқу (тыңдау, ойлау, жаттығу, оқулықтарды зерделеу, модельдеу, практикалық жұмыс, білімгердің ізденісі), бақылау (бақылау, сұрау, коллоквиум сынақ, жобаны қоғау т. б. ) әдістеріне бөліп қарастырады.

Әдебиеттер мен хабарламаны беру тәсілдері бойынша баяндау , көрнекілік және практикалық әдістер болып бөлінеді.

Дидактиканың міндетті сипаттамаларына байланысты әдістерді: білімді меңгеру әдісі; ептілік пен дағдыны меңгеру әдісі; шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру; білімді, ептілікті, дағдыны бақылау әдісі деп бөледі.

Түсіндіру әдісі. Оқытушы оқу материалын баяндауда білімгерлердің
белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді.

Материалдың
мазмұнын дәлелдейді. Кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың
мәнін ашады. Материалдарды түсіндіруге түрлі құралдарды қолданады.
(Кесте 4) .

Кесте 4. Оқыту әдістерінің мазмұны

Әдістер

Пайдалану шарттары

Нақты тапсырмалар

ды шешу кезінде қолдаанылады

Оқу материалының мазмұндарына, сай осы әдісті қолдану ұтымды

Білімгерлердің ерекшелектеріне сай қолданылатын әдістер

Осы әдісті қолдану үшін, оқытушының мүмкіндіктері

болуы керек

Әдістер:

Ауызша әдістер

Пайдалану шарттары: Теориялық және дәлелді білімдерді қалыптастыру кезінде
Материал теориялық-ақпаратты сипатта болған кезінде
Білімгерлердің ауызша ақпаратты меңгеруге дайын болған кезінде
Оқытушы басқа әдістерге қарағанда осы әдісті жақсы игерген кезінде
Әдістер:

Көрнекілік әдістер

Пайдалану шарттары: Байқағыштығын дамыту, оқу материалын меңгеруге зейінін арттыру үшін
Оқу материалының мазмұны, көрнекі түрде ұсынуға болатын кезде
Білімгерлеріне көрнекі кұрал түсінікті бола алатын кезінде
Қажетті көрнекі құралдары бар немесе оларды өз бетінше дайындай алатын кезінде
Әдістер:

Іс-тәжірибелік әдістер

Пайдалану шарттары: Іс-тәжірибелік ептілік пен дағдыны дамыту үшін
Тақырып мазмұны іс-тәжірибелік жаттығулардан, тәжірибелерді жасаудан еңбек тапсырмаларын орындаудан тұратын болса
Білімгерлер іс-тәжірибелік тапсырманы орындай алатын кезінде
Іс-тәжірибелік жаттығуларды ұйымдастыру үшін, оқу материалдық құралдар мен дидактикалық материалдары бар болған кезінде
Әдістер:

Репродуктивтік әдістер

Пайдалану шарттары: Білімді, ептілікті және дағдыны қалыптастыру үшін
Мазмұн өте күрделі немесе қарапайым болған кезде
Білімгерлердің белгілі тақырыпты проблемалы меңгеруге дайын болмаған кезінде
Оқытушының белгілі тақырыпты, проблемалы меңгертуге уақыты жоқ кезінде
Әдістер:

Ізденістік әдістер

Пайдалану шарттары: Өз бетінше ойлануын, зерттеушілік шығармашылықпен қарауын дамыту үшін
Материалдың мазмұны орташа қиындықта, болған кезінде
Білімгерлер тақырыпты проблеманы меңгере алатын кезінде
Оқытушының проблемалы меңгеруге уақыты бар және ізденістік оқыту әдістерін жақсы меңгерген кезінде
Әдістер:

Индуктивтiк әдiстер

Пайдалану шарттары: Жалпылау ептiлiктерiн дамыту үшiн және индуктивтi, ақыл-ойы қорытындылауды iске асыру үшiн (жекеден жалпыға)
Оқулықта тақырыптың мазмұны индуктивтi баяндалғанда немесе оны индуктивтi баяндау ұтымды болған кезiнде
Білімгерлер индуктивтi талқылауға дайын болған және дедуктивтiге дайын емес кезiнде
Мұғалiм, индуктивтi оқыту әдiстерiн жақсы меңгерген кезiнде
Әдістер:

Дедуктивтiк әдiстер

Пайдалану шарттары: Дедуктивтi ақыл-ой қорытындыларын дамыту үшiн (жалпыдан жекеге) және құбылыстарды талдау, ептiлiгiн дамыту үшiн
Оқулықта тақырыптың мазмұны дедуктивтi баяндалған немесе оны дедуктивтi баяндау ерекше ұтымды болған кезде
Білімгерлер, дедуктивтi талқылауға дайын болған кезде
Мұғалiм, дедуктивтi оқыту әдiстерiн жақсы меңгерген кезiнде
Әдістер: Өз бетiнше жүмыстар әдiстерi
Пайдалану шарттары: Оқу iс-әрекетiндегi өз бетiншеi дамыту және оқу еңбегi дағдысын қалыптастыру үшiн
Оқу материалы өз бетiнше меңгеруге қолайлы болған кезде
Белгiлi тақырыпты білімгерлер өз бетiнше меңгере алатын кезiнде
Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар мен дидактикалық материалдар жеткiлiктi болған кезде

Оқытушы мен білімгерлердің сабақ кезіндегі қарым-қатынасы, оқытушының өзін-өзі ұстау мәнері, сөйлеу мәдениеті, сыртқы келбет пішіні, білімгерлерге қатал талап қоюмен бірге сыйлай да білуі, оларды саналы да адамгершілік пен белгілі парасаттық баулуы. Ал енді сабақтың теориялық жағынан талапқа сай өтуі, ол тиісті сабақта өтуге белгіленген материалдық мазмұнын толық түсіндіру кіреді. Ал әдістемелік тиімді болуы, бұл оқытушының материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуына қажетті көрнекі құралдарымен тәжірибе жұмыстарын тиісті кезінде көрсете білуіне байланысты.

Білімгерлердің белсенділігін арттыру үшін сабақ түсіндіруде оқыту әдістерінің түрлерін таңдап аламыз. Ауызша оқыту түрлерін таңдап аламыз.

Ауызша оқыту әдісі: әңгіме, түсіндіру, баяндау.

Көрнекі оқыту әдісі : демонстрациялау, дыбыс, дыбыссыз көрнекіліктер.

Практикалық оқыту әдісі: жаттығу, бақылау, зертханалық, кітаппен жұмыс жасау әдістері деп бөлінеді.

Жалпы білімгерлерге киімді конструкциялау мен модельдеуде мыналарды біліп, жасай алулары қажет:

- киімнің конструкторлы сызықтары,

- сызба сызуда есептеудерді жүргізуді;

- дұрыс өлшем алуды;

- сызба торын сызуды, негізгі және қосымша сызықтарды сызуды;

- сызба негізінде модельдеу тәсілдерін.

Білімгерлердің дұрыс білім, біліп алып, ептілігі мен дағдысын қалыптастыруда көрнекілік көрсетіп түсіндіру әдісі үлкен рөл атқарады. Сондықтан әрбір сабақта, әрбір тақырыпты түсіндіруде слайд, таратпалар, технологиялық карталар, нұсқау карталары мен презентациялар көрсетіп түсіндіреміз. Матаға киім сызбасын қойып пішер алдында, осы кезде икемділігі әркелкі білімгерлерді қатар отырғызған дұрыс.

Сабақ кезінде оқытушы балалардың жұмысын бақылай жүріп, әрбір білімгерден өзі берген түсініктері мен нұсқауларына сәйкес жұмысты дәл орындалуын, жұмыс орында қауіпсіздік ережелерін сақтауын талап етеді. Егер қандайда бір қателікті бір емес бірнеше білімгер жіберсе, онда жұмысты тоқтатып қойып, бүкіл сыныпқа түсініктеме берген дұрыс.

Балалардың практикалық жұмысы барысында жолдастарымен жасайтын қарым-қатынасты да өзара көмектесу немесе бөлектенушілік, әдептілік пен тұрайлық қылықтары оқытушы назарынан тыс қалмауы тиіс. Сабақтың соңында орындалған жұмысты білімгерлермен бірлесе отырып жұмыс сапасын талқылау ұйымдастырылады, бұйымның жақсы-жаман жақтары атап көрсетіледі. Оқытушы сынның сыпайы айтылуын білімгер көңіліне тиіп ренжітпеу, оларды қорламау жағын қадағалап отырады. Әр сабақтың қысқаша жұмыс жоспарын нұсқау жобасы, сызу суреттері, дәптер мен альбомда орындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекілік оқыту әдістерінің теориялық негіздері
Тәжірибелік оқыту әдістері мен көрнекілік әдістерін зерттеу
Оқытудың практикалық және көрнекілік әдістері
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ
Оқытудың көрнекілік принциптері
Оқытуда көрнекі әдістер
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным белсенділігін арттыруда көрнекі құралдарды қолдану
Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер
Тәжірибелерді демонстрациялау техникасы (химия пәні)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz