Эпилепсия ауруына жалпы сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қызылорда жоғары медициналық колледжі

Мамандығы бойынша 0302000 Мейіргер ісі
Біліктілігі Қолданбалы бакалавр

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: "Эпилепсиямен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсартудағы мейіргердің рөлі"

Орындаған: Тасболатова Раушан Берикболовна
Тобы: ҚБ- 57 топ студенті

Ғылыми жетекшісі: Жумашева С.А.

Атқаратын қызметі: Арнайы пән оқытушысы

Қызылорда 2022 жыл

МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
КІРІСПЕ
1-тарау. Эпилепсия ауруының теориялық негіздері.
1.1. Эпилепсия ауруына жалпы сипаттама.
1.2.Эпилепсияны емдеудегі негізгі қағидалар.
2-тарау. Эпилепсиямен ауыратын науқастарға мейіргерлік күтім жүргізу.
2.1. Эпилепсиямен ауыратын науқастардың таным қабілеттерін және психикалық жағдайын зерттеу, бағалау.
2.2.Эпилепсиямен ауыратын науқастарға алғашқы көмек беруді үйретудегі мейіргердің рөлі және шетелдің әдіс - тәжірибелер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ


ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
ДДҰ - Дүниежүзідлік денсаулық сақтау ұйымы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ЭС - эпилептикалық статус
АХЖ - Аурулардың Халықаралық жіктемесі
ТКҚ - тонико - клоникалық құрысулар
ЭЭГ - электроэнцефалограмма
ААN - американдық невралогия академиясы
МК - мейіргерлік күтім
ПК - паллиативті көмек
НА - невропатиялық ауырсыну
ЭК синдромы - эмоционалды күю синдромы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Бүгінде елдің шамамен 1 пайызы эпилепсия ауруынан зардап шегуде. Эпилепсия ми аурулары ішінде жиілігі бойынша 3 орынды алады. Халық арасында эпилептикалық ұстамалар жиі кездеседі. Кейінгі кездері ересектер арасында эпилепсия жиі байқалады. Елімізде 70 мыңдай адамға осы аурудың диагнозы қойылған, оның ішінде эпилепсиямен ауыратын балалар саны - 28 мыңды құрайды. Эпилепсия - жүйке жүйесінің ең көп таралған ауруларының бірі. Әдетте эпилепсия туа бітті пайда болады, сондықтан алғашқы құрысу балалың шақта яғни 2-10 жас аралығында, ал жасөспірімдерде 12 - 18 жас аралығында байқала бастайды. Аурудың шыңы ерте жаста немесе қарт адамдарда кездеседі.
Эпилептикалық белгілердің пайда болу себептері мидың зақымдануынан яғни босану кезінде немесе босанғаннан кейін болған жарақаттар, асфиксия, ұрықтың дамуындағы ауытқулар болып табылады. Дегенмен көптеген жағдайда нақты себебін анықтау мүмкін емес. Эпилепсия медицина тарихында ежелден белгілі, оны алғаш рет Гиппократ сипаттап берді. Эпилепсияға тән конвульсиялық және басқа да пароксизмальды жағдайлар орталық жүйке жүйесінің әртүрлі органикалық бұзылыстарында да кездеседі. Эпилепсия өте күрделі және сан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл аурудың теориялық аспектілері бүгінгі күнге дейін толық ашылып, зерттелмеген. Қазіргі кезде науқасты дәрі - дәрмекпен емдеу әдістері нақтыланған, бұл әдіс бойынша препараттардың көмегімен 70-80 пайыз жағдайда ұстамаларды бақылауға, ұстаманың жиілігін тоқтата тұруға немесе азайтуға мүмкіндік бар. Науқастардың дер кезінде емделуі және дұрыс ем тағайындалуы аурудан толық жазылуына себеп болады. Ауру асқынып, меңдеген сайын оларды емдеу қиындық тудырады, тіпті емдеу мүмкін емес болатын жағдайлар да кездеседі. Эпилепсияны дұрыс емдеу және эпилепсияға тән қауіпті факторлар кезінде аурудың асқынып кетпеуі үшін медицина қызметкерімен қатар науқастың да жігерлі болуы маңызды. Медицина қызметкері эпилепсияның теориялық, практикалық аспектілерін жақсы білуі, сонымен қатар эпилепсияға қарсы қолданылатын препараттарды дұрыс қолдана білу тәжірибесінің мол болуы мән-жайларды біршама жеңілдетеді. Науқас өзінің ауруын, оның салдарын толық білсе және де препараттарды уақытылы әрі дәрігер тағайындаған емді бұлжытпай орындаса емнің нәтижелі болу ықтималдылығы өте жоғары.
Мидың бұзылыстары кезінде эктопияға әкелетін дизонтогенезге және нейрондардың денервациялық жоғары сезімталдығына аса мән беріеді. Жергілікті кортиальды дисплазия аймақтары эпилептогенездің көзі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Эпилепсиямен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсартудағы мейіргердің рөлін анықтау.
Міндеттері:
* Эпилепсияның формаларын, пайда болу себептері мен алдын-алу шараларын нақтылау.
* Медициналық - әлеуметтік шаралары барысында мейіргердің іс - әрекет аспектілерін қарастыру.
* Нәтижесін талдау және қорытынды жасау

Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы.
Зерттеу жұмысы 20 компьютерлік мәтіннен тұрады. Курстық жұмыс кіріспе, әдебиеттерді шолу, зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеудің нәтижелері, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Эпилепсия ауруының теориялық негіздері
0.1 Эпилепсия ауруына жалпы сипаттама
Эпилепсия - созылмалы ауру, ол негізінен балалық шақта немесе жасөспірім кезде пайда болады. Ауру әртүрлі пароксизмальды бұзылулармен, белгілі бір клиникалық белгілері бар айқын деменцияға жететін жеке тұлғаның типтік өзгерістерімен сипатталады және ауыр кезеңдерінде өткір әрі ұзаққа созылған психоздар пайда болуы мүмкін. Эпилепсия көптеген жылдар бойы клиникалық және функционалды пәнаралық зерттеулердің саласы болып саналады. Эпилепсия сөзі грекше epilepsia - ұстау деген сөзінен шыққан. Ежелгі уақытта бұл ауруды жұқпалы санап, науқастың инфекциядан тазаруы үшін оған түкіріп ем жасаған. Орта ғасырларда адамдар құрысылар науқастың денесін жын - шайтан басып алуынан деп түсінген. Эпилепсия кезінде науқас кенеттен есін жоғалтып, ұстамасы ұстап, дірілдеп, құрысып, ауызынан көбік ағады. Бұл басқалардың қорқынышын тудырып, шарасыз күйге түсіретін құбылыс. Бұл ауру дәрілік және хирургиялық жолмен емдеуде нәтижелі болуына қарамастан, күрделі этиопатогенезі, полиморфты клиникасы және анықталмаған болжамды нейропсихологиялық ауру болып табылады. Эпилепсиямен ауыратын науқастарды бақылаудың алғашқы жаңа пайда болған кезеңдерінде психодиагностикалау өте маңызды. Дұрыс тағайындалмаған емнің эпилептикалық деменцияға әкелетінін ғалымдар зерттеп анықтады. Ауру кез - келген жаста пайда болуы мүмкін. Эпилепсия - әлемде көп таралған ауру. Кейбір деректерде ерте заманда өмір сүрген атақты адамдардың (Сократ, Платон, Плиний, Цезарь, Калигула, император Чарльз) эпилепсиямен ауырғандығын және осыған қарап эпилепсиямен шығармашыл, ақыл - ойы жоғары адамдар ауырады деп қорытындылаған. Ал 18 ғасырларда эпилепсия керісінше ақыл - ойға әсер етіп,кемақылдылыққа алып келеді және олар қалыпты өмір сүре алмайды деп болжаған. Эпилепсиялық ұстама - мида кенеттен пайда болатын, бақыланбайтын электрлік құбылыс. Бұл науқастың мінезінің, қимыл - қозғалысының және сезімталдылығы мен ақыл ойына кері әсерін тигізуі мүмкін. Құрысудың белгілері әр түрлі деңгейде өтеді. Науқаста бір рет құрысудың болуы науқас эпилепсиямен ауырады дегенді білдірмейді. Эпилепсияны анықтау үшін кем дегенде екі рет себепсіз ұстама болуы керек. Эпилепсия кез - келген адамда генетикалық және сыртқы орта әсерінен пайда болады. Эпилепсия ауруы негізінен пароксизмдердің жиілілігі мен ырғағына, пароксизмдердің пайда болу уақытына, аурудың басталу жасына, прогрессивтілігіне қарай жіктеледі. Шет елдерде эпилепсияны патогенетикалық принципке негіздеп жіктеу кеңінен таралған. Онда жетекші фактор болып табылатын бастапқы (гендік, идиопатиялық), фокалды (қайталама) және рефлекторлық эпилепсия деп бөлу қарастырылған. Эпилепсия туа біткен немесе нәрестелерде пайда болған конвульсиялық дірілдеудің болуымен байқалады. Ошақты эпилепсияның негізгі себебі бас - ми жарақаттары, қабыну немесе зақымдану салдарынан мида эпилептогендік фокустың пайда болуы, бұл жағдайда ұстамалар кері әсерін тигізіп аурудың қозуына әкеледі. Мамандар эпилепсияның мидың қай бөліктерінде болғандығына, қалай басталатынына, ұстамалардың түрлеріне қарай төрт түрге бөлінеді. Осыған қарай емде бөлек жүргізіледі. Себебі мидағы құрысудың орналасуы әртүрлі науқастарға бірдей ем қолдану науқастың жағдайын нашарлатуы, кері әсер етуі мүмкін.
Эпилепсия түрлеріне тоқтала кетейін:
Фокальды эпилепсияға мидың бір бөлігінде басталатын құрысулар жатады. Науқастар арасында жиі тараған. Қарапайым ошақты ұстамалар кезінде науқастың есі бар, айналасындағы жағдайларды біліп тұрады, ұстама кезінде толық жауап бере алмайды. Науқаста бұлшықеттердің серпілісі, өткір иісті сезу, мазасыздық, галлюцинация байқалады. Күрделі ошақты ұстамалар кезінде сананың өзгеруі, шатасу, мағынасыз көз - қарас, көздің жыпылықтауы немесе қайта - қайта жұтыну белгілері байқалады. Қарапайым ошақты ұстамадан күрделі ошақты ұстамаға ұласуы мүмкін. Ұласқан ұстаманы екіншілік генерализацияланған ұстама деп атаймыз. Жалпыланған эпилепсия деп жалпылаған ұстаманы айтамыз. Бұл ұстама мидың екі жағынан басталады. Науқастың санасы бұзылып, есін жоғалтады. Жалпыланған эпилепсияға абсанс ұстамалары, миоклониялық ұстамалар, тоник - клоникалық ұстамалар, тоникалық ұстамалар, клоникалық ұстамалар, атоникалық ұстамалар жатады. Абсанс ұстамасы шамамен 15 секундқа созылып, бүкіл миға әсер етеді. Белгілері: ұстама кезінде не болғанын есіне түсіре алмайды, шатасу,қозғалыстың кілт тоқтауы, сананың болмауы, бұлшықеттің жиырылуы. Миоклониялық ұстамасы қысқа бірнеше секунд болады. Науқаста аз уақыт ішінде бірнеше рет миоклоникалық ұстама қайталануы мүмкін. Белгілері: толық немесе жартылай есін жоғалту, бұлшық ет тонусының жоғарылауы, өзін электр тогы соққандай сезіну. Тоник - клоникалық ұстамалар кезінде де науқас есін жоғалтады. Құлау, айқайлау, тоникалық фаза және клоникалық фаза көрініс береді.Тоникалық ұстамалар кезінде бұлшық еттің қатаюы байқалып, науқастың санасы қалыпты, аздап болған жағдай есінде қалуы мүмкін. Клоникалық ұстамалар кезінде бұлшықет түйіліп, бірнеше минут селкілдейді. Науқас айналасында не болып жатқанын байқай алмайды. Атоникалық ұстамалары тамшы шабуылдары деп те айтылады. Белгілері бұлшықет тонусы төмендеуі немесе жоғалуы байқалады. Сол себептен науқас қысқа уақытқа есін жоғалтып, айналасын бағдарлай алмайды. Басын ұстай алмайды. Құлау және құлау салдарынан жарақаттар алуы мүмкін. Біріктірілген жалпыланған және ошақты эпилепсия аты айтып тұрғандай егер жалпыланған және ошақты эпилепсия бірге көрініс табатын болса онда оны біріктірілген жалпыланған және ошақты эпилепсия деп атайды. Эпилепсияның бұл түрі әртүрлі құрысулардың бірігуі жатады. Науқаста жалпыланған тоник - клоникалық ұстамамен қатар миоклоникалық ұстама бірге болуы немесе абсенциялық ұстама мен тоник, атониялық ұстамалар қатар көрініс табуы мүмкін. Ұстамалар бірге немесе бөлек болуы мүмкін. Негізінен бір түрі басқа түрінен қарағанда жиі ұстайды. Нақты белгілері ұстамаға байланысты.
Кейде себебі нақтыланбаған, медициналық тексерілу кезінде мысалы электроэнцефалограммаға түсіру нәтижесінде қалыптан тыс өзгерістер байқалмаған ұстамалар кездесіп жатады. Бұл ұстамалар қосымша ақпарат жинақталып, толық зерттелгенше жалпыланған немесе ошақты эпилепсия екені белгісіз санатқа жатқызылады.
Эпилепсиямен ауыратын науқастарда есте сақтау қабілетінің төмендеуі, зейіннің нашарлауы және жаңа ақпаратты меңгеруде қиналатыны, ұзақ мерзімді есте сақтаудың бұзылысы ұмытшақтық жиі көрініс береді. Сөйлеудің баяулауы және әзілді түсінбеу, моральдық мініз - құлықтың өзгеру және эмоциялық еріктіқ сферасының құбылмалы болуы да байқалады. Сөйлеу барысында лексика, грамматика өрескел бұзылатыны байланыстырып сөйлеу қабелетінің төмендеуі көрінеді. Сонымен қатар қарапаым адам аңғара бермейтін, ұсақ мән - жайларды аңғаратын байқампаз науқастар кезедеседі.
Эпилепсияны қалай анықтаймыз?
Науқастың қандай эпилепсиямен ауыратынын анықтаудың бірнеше әдістері бар.
oo Физикалық тұрғыдан тексеру.
Науқаста ұстамадан басқа физикалық бұзылыстардың бар - жоғын, жалпы моторика және ұсақ моторика тексеріледі.
oo Ауру тарихы.
Эпилепсия көбінесе тұқым қуалайтындықтан науқастың отбасы мүшелері туралы анамнез жинайды.
oo Қан сынықтары арқылы.
Құрысуға қатысты маркерлердің болуы тексеріледі. Қандағы қанттың төмендеуі немесе қабынуы.
oo Нейропсихологиялық сынамалар.
Таным қабілеттерін тексеру. Бұл сынама арқылы ұстамалар мидың қай бөлігінде болып жатқанын анықтауға мүмкіндік береді.
oo Электроэнцефалограмма.
Электроэнцефалограмма (ЭЭГ) мидағы электрлік белсенділікті өлшейді және ол ұстаманың қай жерден басталатынын, оның ошақты немесе жалпыланған басталуын анықтауға мүмкіндік береді.
oo Бейнелеу сынақтары.
Бейнелеу сынақтары құрысуларды тудыруы мүмкін зақымдануларды анықтайды. Мидың құрылымындағы ауытқушылықтарды тексеруге мүмкіндік береді. Бейнелеу сынақтарына компьютерлік томография сканерлеу (КТ) және магнитті - резонансты бейнелеу (МРТ) жатады.
1.2.Эпилепсияны емдеудегі негізгі қағидалар.
- Науқасты аурудан емдеу тек қана екінші рет ұстама болғаннан кейін басталады;
- Ұстамалардың сипатына қарай дәрілік препараттар тағайындалады;
- Дәрілік препараттардың мөлшері ұстамалардың жиілігі мен ауырлығына, эпилептикалық ошақтың орналасу аумағына, науқастың жасы мен дене салмағына және жеке төзімділігіне байланысты ұсынылады;
- Емдеу кезінде алғашқыда стандарты мөлшермен бастап, қажеттілігіне қарай мөлшерін біртіндеп арттыруға болады;
- Алғашқы сәттерде бірнеше препараттар тағайындауға жол берілмейді, себебі жанама әсерлер мен асқынулар пайда болу ықтималдылығы жоғарылайды; Ауыр асқынған түрінде ғана бірнеше препараттар жиынтығы қолдануға рұхсат етіледі;
- Науқас дәрі - дәрмектерді уақытылы әрі үздіксіз қабылдауға міндетті;
- Препараттар оң нәтиже көрсеткен жағдайда 3-5 жылға дейін дәрі - дәрмекті ауыстырмай қолдану ұсынылады; Препараттар ұзақ уақыт жоғары мөлшерде қолданылған және қажетті әсер бермесе немесе жағымсыз әсер туындаған жағдайда ауыстырылуға жатады; Препараттар ЭЭГ нәтижесіне қарай біртіндеп азайтылып немесе мүлдем алынып тасталуы мүмкін;
- Препарат тағайындалған жағдайда науқастың жағдайын үнемі бақылап, (лимфа түйіндерінің, терінің, бауырдың, көкбауырдың) сөйлеу қабілетін, санасы мен психикалық өзгерістері зерттелуі керек, әр 3-6 айда зәр анализі жасалуы керек. Соңғы ұстаманың ұстағанына 5 жыл болғанға дейін жылына 2 рет ЭЭГ нәтижелері салыстырылып қорытынды жасалуы қажет;
Ұстамалар кезінде науқастың жарақат алмауын қадағалау керек. Ұстамалар кезінде науқасқа физикалық күш жұмсау қауіп тудырады. Науқасты тегіс жерге жатқызып, ұстама қайталанған жағдайда басын қатты затқа ұрып жарақат алмауы үшін басының астына жастық немесе сырт киімін бүктеп қою керек. Егер науқастың ауызы ашық болса,тілін тістеп, шайнап тастамауы және тісін зақымдамауы үшін тістің арасына бүктелген жұмсақ затты (қол орамал, шәлі т.б) салған дұрыс. Науқастың ауызын күшпен ашуға немесе қатты затты жағының арасына салуға болмайды. Мойын орағыш секілді артық заттар мен кеудесін қысып тұрған киімдерінен арылтып, еркін тыныс алуына жағдай жасау қажет, Қаумалаған бөгде адамдарды тыныштандырып, бөлмені желдету қажет. Науқастың ауыз қуысын тексеріп, сілекейге тұншығып қалмауы үшін науқасты бір бүйірімен жатқызған дұрыс. Егер оң жақ бүйіріне жатқызсаңыз сол қолын оң жақ бетінің астына қою науқастың тыныс алуын жеңілдетеді. Ұстаманы оңай диагностикалау үшін оның даму барысы мен басталуын жіті бақылауымыз қажет. Дәрілік емдеу талабына сәйкес 15 мг диазепамды әрбір 5 минут сайын 3 рет егу қажет. Егер ұстама ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпилепсия ауруының теориялық негіздері
Құрысып-тырысуға жалпы сипаттама
Психологиялық аурулардың тұқымқуалауы жайлы
Эпилепсия және Паркинсон ауруы
Ауески ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Психикалық аурулар туралы ақпарат
ЭПИЛЕПСИЯЛЫҚ ПРИСТУП КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Эпилепсиямен ауратын науқастардың білім деңгейін жоғарылатудағы мейіргер рөлінде жүргізілген шетелдік зерттеулер нәтижелерін анализдеу
Жануарлардың ауески ауруын алдын - алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережесі
Эпилепсия ауруының жалпылама сипаттамасы
Пәндер