РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАР


Қызылорда жоғары медициналық колледжі
Мамандық 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілік:5АВ0910101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:« Жасөспірімдер арасындағы жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алудағы медицина қызметкерінің рөліне шолу»
Орындаған: Капбарова Э. .
/қолы/
Тобы: ҚБ-49 топ студенті
Ғылыми жетекшісі : Абдраманова Г. Т.
/қолы/
Атқаратын қызметі: Арнайы пән оқытушысы
Қызылорда 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1-тарау. РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАР. АУРУЛАР ПРОФИЛАКТИКАСЫ.
1. 1 Репродуктивтік және сексуалды денсаулық түсініктері
1. 2 Репродуктивтік құқықтар
1. 3 Репродуктивтік жүйелер ауруларының профилактикасы
2-тарау. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алуда жүргізіліп жатқан шетелдік зерттеулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
ҚОСЫМШАЛАР
Қысқартылған сөздер
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ДДСҰ - дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ОЖДО - облыстық жастар денсаулығы орталығы
ҚР - Қазақстан Республикасы
АИТВ\ЖИТС -адамның иммунитет тапшылығының вирусы және жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы
ЖЖЖИ- жыныстық жолдар арқылы жұғатын инфекциялар
ЖІҚ-жатырішілік құралдар
ҚЖА - қанайналым жүйесінің аурулары
АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы
БМСК - біріншілік медико-санитарлық көмек
ДҰҰ - дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ЕХС - ерікті хирургиялық стерилизация
ЖДО - жастар денсаулық орталығы
ЖДТ - жалпы дәрігерлік тәжірибе
ЖИА - жүректің ишемиялық ауруы
ЖИТС - жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы
ЖЖЖА - жыныстық жолмен жұғатын аурулар
ЖҚБ - жеке бас қаупін бағалау
ЖІС - жатырішілік спираль
ИЕА - жұқпалы емес аурулар
ҚД - қантты диабет
ЛАӘ - лактациялық аменорея әдісі
ОМҚ - орта медициналық қызметкерлер
СӨС - салауатты өмір салты
СӨСҚО ПК - салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы профилактикалық консультация
КІРІСПЕ
Тіркес сөздер: Ерте жүктілік, аборт, репродуктивті денсаулық, шетелдік зерттеулер, қатерлі ісік, жастар мен жасөспірімдер, жасөспірімдер жүктілігі.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда жасөспірім шақтағы қыздардың арасында жоспарланбаған ерте жүктілік кең тарауы өзекті мәселе деп санаймын. Қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағының денсаулығын сақтау Мемлекет басшысы мен Үкіметтің үнемі бақылауында болатын мемлекеттің басым стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемдегі дамушы елдерде жылына 7, 3 млн кәмелетке толмаған қыздар жүкті, оның 2 миллионы - 15 жасқа толмаған қыз балаларды құрап отыр. [1] . Бұл күніне 20 мың жасөспірім қыз дүниеге бала әкеледі дегенді білдіреді. Осының салдарынан жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің өсуі, жасөспірімдер арасындағы некелер мен жасөспірім аналар, ерте жаста түсік жасау[2], кәмелетке толмаған аналардың жаңа туған нәрестелерінен бас тартуы сынды жағдайлар санының артуы, жаңа туған нәрестелер мен аналар арасындағы өлімінің жоғары болуы, кәмелетке толмаған қыздардың дамуында патологиясы бар нәрестелерді дүниеге әкелуі, бедедеулік, қатерлі ісік аурулары, әр түрлі жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар, қыздар арасындағы суицидтердің көбеюі - осының бәрі еліміздегі демографиялық жағдайға кері әсерін тигізеді.
Қазақстанда 15-19 жастағыжасөспірім қыздар экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда алты есе жиі туады. Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, соңғы үш жылда жүктілік өсіп келеді. 2019 жылы 15-17 жас аралығында 1651 жүкті қыз тіркелді. Бүкіл әлемде 15-19 жастағы қыздар арасындағы өлімнің себептері - жүктілік немесе босану кезіндегі асқынулар. Жыл сайын қыздар арасында түсік жасатудың 5, 5 миллионға жуық жағдайы кездеседі, оның 3, 9 миллионы қауіпті сипатқа ие, бұл ана өлімінің өсуіне ықпал етеді[4] .
Еуропада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша соңғы бес жылда жасөспірімдер арасында жүктіліктің 33 мың 51 фактісі, оған қоса 15 және 18 жастағы қыздардың 9906 жасанды түсігі тіркелген [5] . Бұл мәлімет пайыздық көрсеткіш бойынша Батыс Еуропа елдерінен екі-үш есеге артық. Ал 15 және 18 жас аралығындағы қыздардың жасанды түсік көрсеткіштері әлі күнге жоғары, жыл сайын екі мыңға дейін жетеді. 15-24 жас арлығындағы жастар ерте жүктілік және ерте жыныстық қатынасқа түскеннің салдарынан Еуропа елдерінде жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар, аборт, бедеулік жыл сайын көбеюде. [6] Шығыс Еуропа елдерімен салыстырғанда жасөспірімдердің жүктілік деңгейіОрталық Азия бір-бірімен және елдер ішінде айтарлықтай ерекшеленеді. Жасөспірімдердің туу коэффициенттері 1- 8 пайыз аралығында Боснияда және Герцеговина, Тәжікстанда 54-пайызға дейін. Басқа елдер арасында әйелдер деңгейі жоғары, ал 20 жасқа дейін жасөспірімнің жүктілік деңгейі ең жоғары аймақ Грузия, Әзірбайжан, Румыния, Болгария, Кавказ және Түркия кіреді. Орта есеппен алғанда бүкіл аймақ бойынша бұл көрсеткіш 32% құрайды. Батыс Еуропаға қарағанда бұл көрсеткіштен едәуір жоғары болып саналады[7] .
Ресейде жасөспірімдер арасындағы жүктілік соңғы жылдары ең өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Қазіргі қыздардың репродуктивті денсаулығының жай-күйі ХХІ ғасырдағы халықтың көбеюі мен демографиялық жағдайды анықтайтын фактор болып табылады[8] . Өмірдің репродуктивті кезеңіне кіретін қыздардың денсаулығының теріс тенденциялары кәмелетке толмағандарда жүктілік, босану, түсік түсіру санының көбеюіне, созылмалы аурулар санының тез өсуіне, репродуктивті функцияны жүзеге асырумен байланысты нақты патологияға байланысты[9] . Ресейдегі жасөспірімдер арасындағы жүктілік статистикасы 15 пен 19 жас аралығындағы 1000 ресейлік әйелдің 46-сы жүкті болады - бұл Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін орташа көрсеткіш. Салыстыру үшін, Нигерияда 1000-нан 203 жасөспірім қыз, ал Швейцарияда 1000-нан 8-і бар, сонымен бірге Ресейде жасөспірім жүктіліктің 30% -ы түсік жасатумен аяқталады[10] . Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өлі баланың тууы немесе оның өмірінің алғашқы 6 айында қайтыс болуы жасөспірім жүктіліктің 50% құрайды деп мәлімдейді[11] .
Қазақстанда 2019 жылы 15-17 жас аралығындағы 1651 жүкті қыз тіркелді. Қазақстанда балалар Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп туады[24] . Жүкті болғаннан кейін көптеген қыздар мектепті тастайды, бұл оларды кейінгі білім алу мүмкіндігінен айырады, әрі қарай өз денсаулығын ғана емес, сонымен бірге балаларды да қамтамасыз етеді. Жыл сайын жүктілік және босану кезіндегі асқынулардан 70 мың жасөспірім қыз қайтыс болады. Жасөспірім анадан туған баланың өмірінің бірінші айында өлу мүмкіндігі ересек ананың баласына қарағанда 50% - ға жоғары"ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын жасөспірімдер жүктілігінің, көшелерде тастап кеткен сәбилердің мыңдаған жағдайлары, балалар мен әйелдерге қарсы бағытталған сексуалдық және физикалық зорлық-зомбылық фактілері тіркеледі. Мұндай жағдайда жастар мен жасөспірімдерге өздерін физикалық және эмоционалды түрде қорғай білу маңызды. Оларға қауіпсіз жыныстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, ақпараттандырылған шешімдер қабылдау және ескірген стереотиптерді жеңу үшін жыныстық және гендерлік білім қажет[25] .
Шығыс Қазақстан облысында 2017 жылы ерте жүктілік бойынша 304 бойжеткен есепке алынған. Ал биылғы, яғни, 2018 жылдың 6 айында облыста 98 жасөспірім жүктілік фактісімен тіркелген. Оның 72-сі босанып, 26 бойжеткен жасанды түсік жасатқан. Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзады. Қыздар 9-10 жастан, ал ұлдар 12-14 жастан жыныстық тұрғыда жетіле бастайды. Жасы келгенмен бойжеткен ана болуға психологиялық, гармондық жүйеде дайын емес болады.
Кызылорда облысы бойынша 2017-2018ж жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің тіркелген жылдық салыстырмалы есебі бойынша есепке алынғаны 2017 ж-146, 2018 ж-130, оның ішінде мерзімінен бұрын босанғандар 2017 ж-14, 2018 ж-9, оның ішінде 15 жастағы 2017- 2018 жылдары 4 жасөспірім қыз балалар болған. Ал 2019 жылы жасөспірімдер арасында жүктілікпен тіркелгендер саны 113, 15 жаста -3 жасөспірім, 16 жаста-27 жасөспірім, 17 жаста 83 жасөспірімдер тіркелген. 2020 жылы жасөспірімдер арасында жүктілікпен тіркелгендер саны-121, оның 16 жаста-33 жасөспірім, 17 жаста 88 жасөспірімдер тіркелген.
Сондықтан да жастар мен жасөспірімдер арасындағы жүктілік, түсік, қалаусыз жүктілік және аборт жиілігінің жоғарылығына байланысты денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды проблемалардың бірі болып саналады[28] .
Зерттеу мақсаты: жасөспірімдер арасында жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алудағы медицина қызметкерінің рөлін зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқылы анықтау.
Міндеттері:
-Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу жасау
- Жастар мен жасөспірімдер арасындағы жоспарланбаған ерте жүктіліктің алдын алуда жүргізілген шетелдік зерттеулерге салыстыру жүргізу
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
Отбасын жоспарлау және орталыққа жүгінгенжастар мен жасөспірімдердің ерте жүктілікке деген көз-қарасын қатынасын өзгерту және жасөспірімдермен жалпы білім беру жұмысындағы алдын-алу шараларының маңыздылығы анықталды.
Практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін кәмелетке толмаған қыздардың ерте жүктілігінің алдын алу үшін МСАК мейірбикелерінің, жалпы білім беру мекемелерінің, әлеуметтік педагогтың, психологтың, жалпы білім беру мекемелерімен бірге блок схема арқылы (жоспарға сәйкес) жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынастың жағымсыз салдарының алдын-алу бағдарламаларын құруда, сондай-ақ жасөспірім қыздармен олардың репродуктивті көзқарастарын қалыптастыру, жоспарланбаған ерте жүктіліктін алдын алудағы мейірбике атқаратын жұмыс бағдарламаларын жасауда қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Зерттеу жұмысы 33 компьютерлік мәтін бетінен тұрады.
1-тарау. РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ РЕПРОДУКТИВТІК ҚҰҚЫҚТАР. АУРУЛАР ПРОФИЛАКТИКАСЫ.
1. 1. Жасөспірім кезіндегі ерте жүктілік мәселелері.
«Репродуктивтік және сексуалды денсаулық түсініктері».
Кез келген мемлекеттік өзекті мәселелерінің бірі әр адамның бүкіл өмір бойы қамтамасыз етілуі тиіс салауатты мұраны жаңғырту үшін репродуктивтік денсаулықты сақтау болып табылады. Жастар арасында репродуктивтік денсаулықты сақтаудың өзекті мәселесі ҚР демографиялық дағдарыс жағдайымен, жас әйелдердің репродуктивтік потенциалы төмендеуі, қолайсыз медициналық-биологиялық фонының болуымен анықталады: бастапқы аурудың және асқынған патологияның жоғары деңгейі, репродуктивтік жүйе бұзушылықтарының жиілігі артуы[29] .
Кез-келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі - дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін репродуктивті денсаулықты қорғау болып табылады. Репродуктивті денсаулықты қорғау адам өмірінің соңына дейін қамтамасыз етілуі қажет, сонымен қатар ол этикалық және техникалық нормалардың ең жоғарғы мүмкіндіктеріне сай келуі тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақта аурудың пайда болуы ерекше алаңдатушылық туғызады, 60%-дан астам қыз балалардың денсаулық жағдайында осындай немесе басқа да ауытқушылықтар бар (Г. М. Савельеваның мәліметі бойынша) [30] . Репродуктивті жүйені ерекшелей отырып жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл аударылады. Бұл жастағы топтың денсаулық жағдайы психобелсенді заттарды тұтыну есебінен психологиялық ауытқушылықтар, эндокрин, ас қорыту, қан өндірілу жүйесінің бұзылуы, жаңа өспелердің (ісік) пайда болуы, сонымен қатар, жарақаттар мен уланулар, ал қыз балаларда гинекологиялық патологияның өсуі тіркелуде. Жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселелерінің өзектілігі, ҚР-ғы демографиялық жағдайдағы дағдарыспен, жас әйелдерде репродуктивті күшқуаттың төмендеуімен, төмен репродуктивті нұсқама мен адекватсыз репродуктивті мінез-құлықпен, жағымсыз медико-биологиялық аяның болуымен: бастапқы аурушылық пен созылмалы патологияның жоғарғы деңгейі, репродуктивті жүйенің бұзылу жиілігінің артуымен сипатталады. ҚР-да жасөспірім қыздардың денсаулық жағдайының талдамасы үлкен жағымсыздықты көрсетеді, олардың әрбір екіншісінде (46%) қандай да бір аурудың түрі бар[31] . Жасөспірім қыздардың жартысынан астамында репродуктивті жүйе бұзылған. Жасөспірімдер арасында түсік жасату көрсеткіші жоғары, ал жасөспірімдердегі жүктілік көрсеткіші жүктіліктің жалпы санымен алғанда 10% дейін құрайды. Жасөспірімдердегі жүктіліктің салыстырмалы салмағы жалпы жүктілікті тоқтату санының 5%-ын құрайды. Жоғарғы сыныптың қыз балаларына жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, олардың 70%-нан астамы лаж жоқ жағдайда, жүктілікті тоқтатудың жалғыз жолы контрацептивтерді қолданудан, ерте жастағы жыныстық байланыстардан бас тарту емес, түсік жасату деп есептейді. Ерте кезден жасалынған жыныстық қатынастар орынсыз жүктілікке әкеліп қана қоймай, жыныстық жолдармен берілетін жұқпалардың (ЖЖБЖ) да жұқтырылу қауіпіне алып келеді. Жас адамдардың мықты жыныстық және репродуктивті денсаулықпен қамтамасыз етілуінің үлкен әлеуметтік, экономикалық маңызы бар. Себебі, АИТВжұқпасы, басқа ЖЖБЖ-лар, орынсыз жүктілік және денсаулыққа өте зиянды түсік жасату сияқты жағдайлар отбасы мен қоғамға үлкен ауыртпалық болып табылады. Әйтсе де, мұндай ауыртпалықты жеңілдетуге немесе мүлде болдырмауға болады. Осылайша, мектептердегі жыныстық оқу-ағартуды қамтамасыз етуді, Мыңжылдық декларациясында құрылған дамыту саласындағы Мақсаттарға (Мыңжылдықты дамыту мақсаттары - МДМ) қол жеткізуде, әсіресе, 3 МДМ (гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді көбірек қамтамасыз ету), 5 МДМ (аналар өлімінің деңгейін қысқарту мен репродуктивті денсаулықтың жалпыортақ мүмкіндіктеріне қол жеткізу) мен 6 МДМ-ді (АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес) қоса алғанда, жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығын нығайтуда қолғабыс көрсету керек[32] .
«Қазақстан-2050» жолдауында әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі ретінде ана мен баланы қорғау жарияланған және бала туылуын ынталандыру мен көп балалы отбасын қолдау болып табылады. Алайда, бала туу деңгейі тікелей әйелге, бойжеткенге, қызға қарым-қатынасқа байланысты. Кәмелетке толмаған аналар мысалында, біздің елде осы санаттағы халық үшін аса аз іс жасалғандығы көрінеді[33] .
Жасөспірімдер арасында жүктілікті, түсік жасауды, кәмелетке толмаған аналар мен жаңа туған балалардан бас тартуды болдырмауға бағытталған білім бағдарламалары қажет. 18 жастағы 25% бойжеткендерде генекологиялық аурулары бар, оның ішінен 76% овариалды-менструалды цикл бұзушылығы құрайды, 22% жыныстық органдардың ісіп қызару процесі байқалған (соның ішінде ЖЖЖИ) . Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық орталығының бесінші ұлттық социологиялық зерттеу деректері бойынша жеткіншектер арасында тәуекел факторларының таралуы абыржытуда (шылым шегу - 6, 7%, ішімдік ішу - 6, 4%, энергетикалық ішімдіктер - 24, 2%) [34] .
Тәуекел факторының бірі - ерте жыныстық қатынастар болып табылады. Ұлттық аналитикалық зерттеу деректері бойынша 15-19 жастағы жеткіншектер мен жастардың репродуктивтік денсаулық жай-күйі, 2015 жыл БҰҰҚХ жүргізген қауіпсіз іс-әрекет дағдылары және олардың ақпараттылық деңгейі 64, 6%, бүкіл жастар жыныстық қатынастар мектеп жасында түседі, яғни кәмелетке толған жасқа дейін, бұл ретте: 13, 6% жастар бірінші сексуалды тәжірибесін 15 жасқа дейін алған; 15 жаста - 27, 2%; 16 жаста - шамамен 30%; 17 жас - 19%. Шамамен 40% жыныстық тәжірибесі бар жеткіншектерде 2 және одан артық жыныстық серіктесі болған, тек 25% жеткіншектерде, 2 және одан артық жыныстық серіктесі болып презерватив қолдан; 12, 4% бойжеткендерде қорғалмаған жыныстық қатынастар болған; жыныстық қатынасқа түскен 15-19 жастағы бойжеткендер арасында әр бесінші қыз (21, 3%) оның жүктілігі басталғандығын хабарлаған; жүкті болып қалған бойжеткендердің көбісі 19 жаста болған (28%), 16 және 17 жас арасында - 21% және 23%. құрайды.
Жоғарғы сыныптағы оқушылар арасында жүргізілген сауалнама деректері бойынша 70% артық жүктілікті үзудің жалғыз әдісі бұл ерте жыныстық қатынастардан бас тарту, не болмаса контрацептивтерді қолдану емес түсік жасау деп санайды. Ерте жыныстық қатынастар қажет емес жүктілікке ғана емес, сонымен бірге жыныстық жолмен берілетін инфекцияны жұқтыру қатеріне келтіреді (ЖЖЖИ) [35] .
Өзекті мәселелердің бірі бедеулік болып табылады. Біздің елде бала туылмау некелерінің жиі болуы 12-15 пайызға ауытқиды, оның ішінен 30 пайыз жұптарға ешқалай көмек беру мүмкін емес, одан басқа, мысалы, сурагатты ана болу қызметтеріне, не болмаса ЭКО (экстракорпоральді тұқымдандыру) процедурасына өтуден өзгесі.
Тұтасымен Қазақстанда түсік жасау сиреуіне қарамастан елдегі жеткіншектер мен жастардың сексуалды және репродуктивтік денсаулық жағдайы туралы соңғы есебіне сәйкес олардың арасында репродуктивтік денсаулықты сақтау қызметтеріне қолжетімдік деңгейі қанағаттанарлықсыз қалуда. Кәмелетке толмаған азаматтар (18 толмаған, яғни әрекетсіз) өзінің репродуктивтік денсаулығын сақтау бойынша барлық құқықтарын өз бетімен қолдана алмайды (мысалы, СРЗ сақтау бойынша қызметтерге қолжетімдігі, СРЗ жай-күйі туралы толық ақпарат алуы, контрацепция әдістерін еркін таңдау және пайдалану және т. б. ) . Медициналық араласуға келісім ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен беріледі, жастың ерекшелігіне қарай жеткіншектердің репродуктивтік қызметтеріне қолжетімдігін елеулі шектеуіне келтіреді. Сондықтан жеткіншектер көбінесе мамандандырылған көмекке жүгінбейді және де дәрігерлерге сенімділіктері төмен және құпиялылық жеткінсіз дейгейде екендігін көрсетеді. Жеткіншектер арасында сексуалды өмір сүрудің ерте басталуы төмен контрацептивтік мәдениет жағдайларында жүреді, бұл теріс зардапқа келтіреді: түсік жасау, ерте ана болу, ерте некелерді ынталандыру, баладан тас тарту, ана мен бала өлімі қатерінің артуы) .
Жастар арасында жыныстық және репродуктивтік денсаулықты қамтамасыз ету әлеуметтік және экономикалық маңызы зор, себебі АИВ-инфекция, басқа ЖЖЖИ, қажет емес жүктілік және түсік жасау отбасы мен қоғам үшін ауыр жағдай, дегенмен ондай ауыр жағдайды жеңілдетуге немесе тіптен жібермеуге болады. «Денсаулық» түсінігін және репродуктивтік денсаулықпен байланысты мәселелер өзектігін талқылап келесі тақырыпқа өтеміз[36]
« Репродуктивтік денсаулық» - (латын сөзі reproduction бала туу, яғни бала болудың табиғи мүмкіндігі) .
Репродуктивтік денсаулық - бұл аурудың болмауы ғана емес, бұл репродуктивтік жүйеге, функциялары және процестерге қатысты, ұрпақты өсіру және отбасындағы үйлесімдікті қосқанда толыққанды физикалық, психикалық және әлеуметтік әлауқат. Тірі жандардың кез келген өмір сүру тек туу арқылы және ұрпақ ауысымы арқылы болуы мүмкін. Адам мұнда ерекше емес. Адамзат тарихы буындардың үздіксіз ауысымын білдіреді. Бірақ егер барлық тірі жандарда туу және ұрпақ ауысымы биологиялық бағдарламалар негізінде және сыртқы жағдайларға байланысты болса, онда санаға бөлінген адам биологиялық бағдарламалар іске асырылуына ықпал ете алады, яғни тек қана тууды ғана емес, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік сұраныстары есебінен ұрпақты қажетті тәрбиелеу арқылы туу жүйесін басқара білуі Ерлер және әйелдер осы мәселе бойынша ақпаратты болуына және экономикалық көзқараста қауіпсіз, тиімді, мүмкін және бала туылу реттеуін таңдауға қолайлығына қолжетімдігі болу құқығы тең, сонымен қатар жүктілік пен бала туылудың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге денсаулық қызметтеріне қолжетімдігі тең болып келеді.
Репродуктивтік кезең- 15-49 жас арасында, мұнда организмнің физиологиялық мүмкіндігі жағынан бала туылуы ықтимал. Бірақ дені сау баланы туу әрине көбінесе әлеуметтік-экономикалық жағдайға психологиялық толысуға материалдық жағдайға байланысты[37] .
ДДҰ анықтамасы бойынша, сексуалды денсаулық - бұл репродуктивтік денсаулықтың бөлігі, оған салауатты сексуалды дамыту, жауапты қарым-қатынас және сексуалдық мінез-құлық, аурудан, жұмыс жасай алмаудан, зорлық-зомбылық және басқа зиянды әдеттерден бостандық кіреді. Басқаша айтқанда сексуалдықпен байланысты физикалық, эмоциялық, саналы және әлеуметтік хал-ахуал. Сексуалдық денсаулық сексуалдыққа және жыныстық қатынастарға оң әрі сыйлы қарымқатынасты және де мәжбүрлеуден, кемсітушілік және зорлық зомбылықтан еркін жыныстық өмірді қауіпсіз жүргізу мүмкіндігі болуын талап етеді. Сексуалды денсаулыққа қол жеткізу және қолдау сексуалды құқықтағы адамдарға тән сыйқұрметпен, қорғаумен үздіксіз байланысты. Сексуалды денсаулық - 2004 ж. денсаулық сақтау дүниежүзілік ассамблеясының сессиясымен қабылданған репродуктивтік денсаулық саласында ДДҰ бас стратегиясының бес басым аспектілерінің бірі. Репродуктивтік денсаулыққа ықпал ететін факторларға: Жеткіншектердің жыныстық тәрбиесі, дұрыс тамақтану, жүктілік кезінде, бала туу және бала туылғаннан кейін кезеңде сапалы әрі уақытымен медициналық қызмет көрсету, жыныстық органдар ауруларының профилактикасы мен емделуі, отбасын жоспарлауда заманауи әдістерін кеңінен қолдану, жаңа туылған және кіші жастағы балалардың денсаулығы туралы қамқорлық, отбасын жоспарлау бойынша білім беру, кеңес беру және қызметтер көрсету, қажет емес жүктіліктің алдын алу, ЖЖЖИ, АИВ\ЖИТС профилактикасы және емделуі, жауапты ата-ана болу бойынша ақпараттылық және кеңес беру, отбасындағы моральдік-психологиялық атмосфера, өмірлік дағдыларды жасау, өмір талабы: әлеуметтік, тұрмыстық, экологиялық[38]
1. 2 Репродуктивтік құқықтар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz