Тұмау туралы


Қызылорда медициналық жоғары колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тұмау
Орындаған: Исламбек Қаракөз
Қабылдаған:
Тобы: Емдеу ісі-1
Қызылорда, 2022 жыл
Тұмау. Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы.
Тұмау (итал. influenza , лат. influentia , әсер ету) -вируспен шақырылатын, жедел өтетін жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялық ауруы. Эпидемия және пандемия түрінде кездеседі. Қазіргі күнде тұмау вирусының 2000 түрі бар. Тұмаудан басқа 200 респираторлы инфекция түрлері (аденовирус, риновирус, респираторно-синцитиальды) бар.
Инфекция көзі сыртқы ортаға жөтелгенде вирус бөлетін ауру адам. Науқас қоршаған орта үшін ауырған алғашқы сағаттан бастап, аурудың 3-5 күндерінде қауіпті. . Тұмау вирусы оңай жұғады. Берілу жолы аэрозольды. Жұғу жолдары: ауа, ауа-тамшы, шаң арқылы. Науқас жөтелгенде сілекей, түкірік арқылы бөлінетін вирус 2-3м дейін тарайды. Тұмау вирусына барлық жастағы адамдар сезімтал. Эпидемия түрінде күз қыс айларында кездеседі. Тұмаумен жиі ауыратындар балалар, кәрі адамдар, жүкті әйелдер, жүрек, өкпеде созылмалы аурулары бар науқастар.
Инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 3 күнге созылады. Ауру дене температурасының көтерілуінен басталады ( 38 °C - 40 °C), түршігу, лихорадка, бұлшық еттерде ауырсыну, басының ауыруы, тез шаршау белгілері болады. Мұрын қуысы мен жұтқыншақ құрғауы байқалады. Жөтел құрғақ, төс сүйегінің арты ауырады. 3-5 күннен кейін науқас жағдайы жақсарады, бірақ тез шаршау белгілері сақталады. Тұмаудың ауыр түрінде коллапс, ми ісігі, геморрагиялық синдром және екіншілік бактериялық асқынулар қосылуы мүмкін. Тұмау осы асқынуларымен қауіпті. Негізгі асқыну түрілері:
Өкпе: бактериальды пневмония, геморрагиялық пневмония, өкпе абсцессі, эмпиемалар пайда болуы.
Өкпеден тыс: бактериальды ринит, синусит, отит, трахеит, вирусты энцефалит, менингит, неврит, радикулоневрит, миокардит, токсико-аллергиялық шок.
Тұмаудың арнайы симптомы болмағандықтан, басқа респираторлы инфекциялардан ажырату оңай емес, сондықтан тұмау диагнозын қою үшін арнайы лабораториялық тексеру жүргізу қажет. Серологиялық реакция қанда тұмауға қарсы антитела анықтау. Вирусты бөлу үшін мұрын қуысының кілегейлі қабығынан, бадамша бездерінен жағынды алып, флюоресцинция тәсілімен антитела анықталады.
Тарихи мәліметтер:
Тарихта 1918 жылы "испанка" эпидемиясы 50 миллион адамның өмірін алды, медицина қанша дамығанымен бұл ауру адам өмірі үшін әліде қауіпті болып қалып отыр. Инфекция әлеуметтік жағдайы төмен елдер үшін өте қауіпті, иммунитет тапшылық синдромы және безгек аурулары инфекцияның таралуына жағдай жасайды. Бұл елдерде пандемияға дайындық жұмысы төмен деңгейде жүргізіледі.
Үлкен эпидемиялық таралулар 100 жылдықта 3-4 рет байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша H5N1(құс тұмауымен) дүние жүзі бойынша 258 адам ауырған. Мамандардың айтуы бойынша бұл вирустар мутацияға ұшырап адамнан адамға беріле бастайды, жаңа пандемия басталады
Тұмау вирусы
ортомиксовирус туыстастығына жатады
(лат.
Orthomyxoviridae
) және 3 серовары бар А, В, С. Сфера пішінді, дм 80-120 нм, ортасында РНК -фрагменті бар. Тұмау ХҮІ ғасырдан бері белгілі ауру.
Вирустың ену қақпасы жоғарғы тыныс жолдарының кірпікшелі эпителий қабатының жасушалары. Осы жасушаларда вирус көбейіп, тіршілігін тоқтатады, жасушалар ыдырайды. Сондықтан жөтел, түшкіру, мұрын қуысының бітуі байқалады. Виремия сатысында вирус токсикалық әсер етеді. Қан тамырларының өткізгіштігі артып, стаз, геморрагия белгілері пайда болады. Ағзаның қорғаныштық қызметінің нашарлауына байланысты бактериальды инфекция қосылуы мүмкін. Көбіне симптоматикалық ем (ыстық түсіретін, жөтелге қарсы, қақырық түсіретін, витаминдер) жүргізіліп келді. Соңғы кезде ғалымдар: төсек режимін, сұйықтықты көп ішу, темекі және спирттік ішімдік қолданбауды ұсынады.
Интерферон препараттары. Интерферон вирусқа қарсы және иммундық жүйеге әсер етеді. Интерферон аз мөлшерде интраназальды қолданылады. Аурудың алғашқы күндерінде қолданған тиімді. Симптоматикалық ем. Мұрын арқылы тыныс алуды жақсарту мақсатында нафтизин, санорин, галазолин қолданылады. Бұл препараттарды қажеттілігіне қарай қолдану керек, өйткені қан кету белгілері байқалуы мүмкін.
Асқынулардың алдын алуАуру кезінде режимді сақтау, физикалық күш түсуден қорғану, дем алу.
Аурудың алдын алудың бір шарасы вакцинация жүргізу. Вакцина ДДСҰ кеңесі бойынша тұмау вирусының 3 штаммынан алынады, сұйық, өлтірілген вакцина. Вакцинация көбіне балаларға, кәрілерге, созылмалы жүрек, өкпе аурулары бар науқастарға және медицина қызметкерлеріне салынады.
Тұмау ошағындағы іс шара.
1. Ауруды ерте анықтап, диагноз қою.
2. Статистикалық талон толтыру
3. Ауруды 5 күнге оңашалау және атқарылатын іс-шара
3. 1. Дезинфекциялық ерітіндіні қолданып, тазалық жұмысын жүргізу.
3. 2. Дезинфекция кезінде ультракүлгін сәулені, аэрозольды дезинфектантты
3. 3. Маска режимі.
4. Науқасты инфекция бөліміне қажеттілігіне қарай жатқызу 5. Қорытынды дезинфекция жүргізілмейді .
6. Ұжым мүшелерінің 25% ауырған жағдайда 3 күн карантин тағайындалады. Карантин кезінде жүргізіледі:
6. 1. Қарым қатынасты азайту (әртүрлі іс шара жүргізу, науқас көңілін сұрау, балалар мекемелерінде қатаң қарау)
6. 2. Маска режимі
6. 3. Адам көп баратын жерде ылғалды тазалау жұмысын жүргізу (емхана, жатақхана)
6. 4. Халыққа қызмет көрсететін мекемелерде профилактикалық препараттар қолдану (сатушы, медицина қызметкері, педагог, тәрбиеші т. б. )
6. 5. Адам көп баратын жерлерде ауаға дезинфекция жүргізу (аурухана бөлімшелері, емхана) .
Жоғарғы тыныс жолдарының жедел инфекциясы - жоғарғы тыныс жолдарының кең тараған вирусты инфекциясы, бактериальды инфекция қосылуы мүмкін. Негізгі клиникалық белгілері:жөтел, мұрын біту, басының, тамағының ауыруы, әлсіздік.
5 түрлі вирустар ауру қоздырғышы болып табылады: парагрипп вирусы, тұмау, аденовирустар, риновирустар. Барлығы қоршаған орта үшін қауіпті, өйткені ауа-тамшы арқылы беріледі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz