Экономика ғылымдар жүйесіндегі экономикалық дамудың орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Экономика ғылымдар жүйесіндегі экономикалық дамудың орны. Эконқ даму – бұл
көп өлшемді процесс, оның құрамына технқ, эконқ, әлеуметтік, саяси
саладағы терең түбегейлі өзгерістер кіреді.А.Смиттің 1776 ж жарық көрген
Халықтар байлығы және табиғи зерттеулер еңбегін экқ даму мектебінің
алғашқысы деуге болады. ІІІ әлем елдері, яғни Африка, Азия, Латын
Америкасының экқ даму проблемалары тек соңғы 4 онжылдықта ғана зерттелуде.
Осы уақытқа дейін экқ даму макроэкономика, еңбек экономикасы, мемлекеттік
қаржы же ақша айналымы сияқты экң жеке бөлімі ретінде қарастырылмай
келген.Экқ даму экономиканың басқа салаларымен тығыз байланысты. Оңың
ерекшелігі - өзінің талдау әдістерін тез қалыптастыруында. Э.д.теориясы ІІІ
әлем елдерінің экономикасын зерттегендіктен, ол дамыған капиталистік
елдердің (қазіргі кездегі неоклассикалық экономика) экономикасынан да,
орталықтан жоспарланатын социалистік елдердің экономикасынан да
ерекшеленеді.Сонымен, экономикалық даму – дүние жүзіндегі кедейленген,
жартылай кедей же сауатсыз халықтардың (ІІІ әлем елдерінің) жағдайын
жақсарту үшін маңызы зор.

1. Қоршаған орта және оның дамуы.ХХ ғасырдың 80жж экономисттер қоршаған
орта мәселелерінің даму саясатының тиімділігіне әсер ететіндігіне көз
жеткізді. Қазіргі кезде кедейлену ж\е қоршаған орта деградациясы
құбылыстары өздігінен қосылуы мүмкін, қоғамның экономикалық
қажеттілігі ретінде ресурстардың бітуі н\е бұылуына әкеп соғуы мүмкін.
Үшінші әлем елдерін қажеттіліктерімен қамтамасыз ету үшін қазірдің
өзінде дамушы елдерде онсыз да көп жұмсалып жатқан ресурстардың
есебінен, ұзақ мерзімді перспективада даму әлеуетін сақтау ж\е
табыстарды тиімді бөлу мүмкіншілігіне қауіп төндіруі мүмкін. Дамушы
елдердегі қоршаған ортаның деградациясы, ондағы өндірістікресурстарды
тиімді қолдануға ж\е халықтың денсаулығына кететін шығындар себінен ол
елдердің экономикалық өсу темпінің төмендеуіне әкеледі. Әлемнің 20%
кедей халқына барлық салмақ түседі. Табиғатқа аса ауыр залал халық
санының өсуінен өнімділігі барынша төмендеген жерді қолданылуы
келтіреді: бір тұрғынға келетін өнімділік ж\е азық-түлік өндірісінің
көлемі төмендейді. Бұл жерлерді ең төмен табысты халық топтары
өңдейді, сондықтан залалдың ауыртпалығы оларға төзу мүмкіншілігі төмен
адамдарға түседі. Сонымен қатар кедей отбасылар қарапайым санитарлық
талаптар ж\е таза ауыз суға тапшы. Әр түрлі бағалаулар б-ша, әлемдегі
аурулардың 80%-на себепкер б.т. Қоршаған ортаның осы ж\е т.б.
мәселелердің шешілуі табиғи ресурстардың қолданылуының тиімділігі ж\е
елді-мекеннің кедей топтарының өмірлік жағдайларын жақсартуды
жоғарылату кеек. Қоршаған ортамен үйлесімді тұрақты өсуі – экон-қ
дамудың негізгі компоненті болып табылады.

2. Даму саясатындағы Тодаро теориясының маңыздылығы.Тодаро теоры
ауылдан қалаға көшудің шешуші роліне қайшы қала мен ауыл арасындағы
жұмыс күшін бөлудің реттеу механизмін сипаттайды. Бірақ ол даму
стратегиясының еңбекке ақы төлеу же табыс саясатына, ауыл- аймақтың
кешенді дамуы же 5 бағыт бша өнеркәсіптің қалыптасуына әсер
етеді.1)Жұмысбастылықтың қала мен ауыл арасындағы айырмашылығын
алшақтатау керек. Қаладағы жұмысбастылықтың көбеюіне қарамастан,
ауылмен салыстырғанда өенркәсіптегі еңбекақы жоғары темппен өссе, көші-
қонды ынталандырады.2)Жұмыс орнының санын көбейту саясаты қаладағы
жұмыссыздардың деңгейін азайтпайды.Жұмыссыздықты жоюдың дәстүрлі
кейнстік тәсілі (аграрлық секторда табысты же жұмысбастылықты
мүмкіндігінше бір қалыпсыз көбейту арқылы қазіргі кездегі секторға сай
жұмыс орындарын дайындау) қаладағы жұмысбастылықтың өсуі
жұмсыссыздықтың деңгейінің жоғарлауы жағдайында қайшылық тудыруы
мүмкін.3) Көші-қон же жұмыссыздарды білім алу жүйесінің дамуы
ынталандыруы мүмкін.Қалаларға мигранттардың көптеп ағылуы жұмысқа
қабылдауда таңдау механизмін жүзеге асыруға мәжбүрлейді.4)Еңбекақы мен
шекті ресурсы бағалаудың дәстүрлі жүйесін субсдиялаудың теріс әсер
беруі мүмкін.Еңбекақы төлеудегі диспропорцияны жою үшін бағаны жөндеу
же субсидиялау өндірістің еңбек сиымдылықты түрлерін
ынталандырады.институционалды фактордың нақты еңбекақысы нарықтың
қолдағы дұрыс бағасына әсер етеді.5)Ауыл-аймақты дамытудың
интеграцияланған бағдарламалары керек. Жұмыс күшінің сұранысына байлы
жұызы азайту (еңбақы субсидиялау, мемлк сектордағы жұмбасы
кеңейту, өнд.факторындағы баға диспропорциясын жою, кәсіпкерлерге
салықтық жеңілдіктер беру), қаладағы еңбек ұсынысын реттеу саясатымен
салыстырғанда төмен тиімділік береді.

3. Экономикалық даму теориясының пәні: 1)Дәстүрлі экономикалық теория –
шекті ресурстарды бөлуде тиімді, неғұрлым арзан тәсілдерді
қарастырады, берілген уақытта оптималды өсу темпінде қолдану арқылы
жетістікке жету, тауарлар мен қызметтердің тұрақты, кеңейтілген
өндірісін қамтамасыз ету. АҚШ же Ұлыбританияның көптеген
оқулықтарында көрсетілгендей дәстүрлі теорияның негізінде классикалық
же ноеклассикалық мектептер жатыр. Дәстүрлі неоклқ теория дамыған
капиталистік қоғаммен байланысты, онда тәуелсіз тұтынушысы бар
жетілген рынок; бағалар өздігінен реттеліп отырады; әрбір операцияның
жеке қатысушысының табысы мен шекті пайдалылығы критеррийлері бша
шешеім қабылданады; барлық тауар мен ресурс рыногында тете теңдік
сақталады. 2)Саяси экономика – дәстүрлі эконқ теорияның шегінен шығып
кетеді. Сонымен қатар әлеуметтік же институциялық процестерді
зерттейді, лоардың көмегімен эконқ же саяси элиталар шекті
рксурстардың бөлінуіне әсер етеді, жеке басының қамы не халықтың басым
бөлігінің қамына қазіргі таңда же болашақта да қолданылады.Эконқ
шешім қабылдағанда саясатқа ерекше көңіл бөле отырып, экономика мен
саясаттың байланысындағы проблемаларды зерттейді. 3)Даму эконы –
бұдан да кең проблемаларды қарастырады. Шекті өндірістік ресурстарды
тиімді пайдалану мен олардың тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін эконқ,
әлеуметтік, саяси же институционалдық механизмдермен(мемлекеттік же
жеке) байланыста, Азия,Африка, Латын Америкасының кедейленген,
жартылай аш же сауатсыз халықтардың жағдайын жақсарту үшін керек.

4. Дамудың экологиялық аспектілері. Дамудың экологиялық аспектілерінің
құрамына 7 проблема кіреді. Олар: 1)Тұрақты даму концепциясы;2)халық
саны және ресурс;3)кедейшілік;4)экономикалық өсу;5)ауыл-аймақтың
кешенді дамуы;6)урбанизация;7)әлемдік шаруашылық.Енді солардың
біразына қысқаша тоқталсақ: Тұрақты даму – экономикалық өсу мен
қоршаған ортаны сақтау арасындағы тиімді қатынасты табу кезінде п.б.
Тұрақты дамуды анықтаудың көп варианттары бар, бірақ бұның астарында
қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін келешек ұрпақтың қажеттіліктеріне
нұқсан келтірмейтіндей қамтамасыз етуге қол жеткізу. Халық саны,
ресурс – ІІІ әлем елдерінде халық саны өсу салдарынан жердің, ауылдық
жерлерде отынның, санитарлық талаптардың же ауыз судың жоқтығынан
қалалық жерлерде денсаулық жағдайы төмен.Халық тығыздығының өсуі
өмірлік маңызды ресурстардың деградациясын тездетті.Осы мәселені шешеу
үшін табиғи ортаның бұзылу процесін тоқтатып,ресурстарды тиімді
пайдалануды өсіру керек.Урбанизация – ХХ ғ
5. ортасынан бастап урбанизация күшейді.ІІІ әлем елдерінде ауылдан қалаға
көшушілер 70% құрады.Осының әсерінен қалада жұмыззыздық, панасыздар,
қайыршылық өсті.Қаланың лас жерлері өсті.

6. Үшінші әлем елдеріндегі формальді емес сектор экономикасын дамыту.
Ұйымдастырылмаған, реттелмеген, бірақ басым бөлігі заң талаптарына сай
(бірақ тіркелмеген) формальді емес сектор 70-жң басында көрініс ала
бастады.ІІІ әлем елдерінде қала тұрғындарының 25-70% формальді емес
секторда еңбек етеді. Бұнда жұмыс жасайтындардың көбі формальді
сектордан жұмыс таба алмай ауылдан келген мигранттар. Олар күнкөріс
үшін өздерінің қабілеттерін пайдалануға дайын. Ф.е. сектор
азаматтардың табыс көзі б.т.Формальді емес сектор формальді секторды
дамытуға әсер етеді.Қазіргі кезде ф.е.сда жұмыссыздықпен күрес же
жаңа жұмыс күшінің жұтылуы мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Бұл сектор
өндірісте же қызмет көрсетуде қарапайым же еңбек сиымдылықты
технологиялар қолданатын жеке же отбасылық кәсіпорындардың санының
көптігімен сипатталады.Олар бәсекелес фирма сияқты қызмет атқарады:
нарыққы тез шығу же резервтік қуаттың болуы, ал бәсеклестік табысты
жұмыс күші нарығындағы жаңа еңбек ұсынысының орта бағасына келтіреді.
Ф.е.сда білікті емес жұмыс күші пайдаланылады, персоналдарды оқыту
елеулі шығындарды қажет етпейді.Сондықтан олардың жалақымы формальді
секторағыдан әлде қайда төмен. Сондай-ақ, формальді емес сектордағы
жұмысшылар әлеуметтік қорғауға алынбайды.Мысалы: жұмыс орынның
сақталмауы, өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету,
зейнетақы т.б.

7. Үшінші әлем жүйесіндегі елдердің артта қалу себептері.
Дамыған елдердің өздерінен нашар дамыған елдерге экологиялық жағдайды
жақсартуда көмек көрсету келесі үш бағытта жүзеге асырылады: сыртқы сауданы
либерализациялау; сыртқы қарыз жүктемесін жеңілдетуі; қаржылық және
технологиялық жәрдем. Үшінші Әлем елдерінде өтіп жатқан екінші
индустриализация білім факторын іске асыруды талап етеді.Өйткені ғылым мен
техника инновация жетістіктері, білімнің тиісті деңгейінде және осының
экономикалық процестегі барлық тізбектердің қызметкерлерінің қабілеттерімен
жүзеге асырылады.
А.Льюис моделі бойынша жалпы ортақ қолданудағы ресурстар қосымша жұмыс
күшінің шекті өнімділігі ең аз жалақы мөлшеріне тең болғанда толық
жұмысбастылық орын алғанда қолданылады. Үшінші әлемде масштабты қалалық
жұмыссыздықпен ауылдық жерде жаппай жұмыссыздық қатар жүреді, сондықтан
жоғарыда айтылғанды теріске шығарады, егер де қосымша жұмысшылар бұрын
жанұялық фермада қызмет жасаса, онда шекті еңбек өнімділігі жалақы
деңгейінен төмен болса,басқа жұмыс табуға мүмкіндік болмаса, олардың жаңа
жұмыс орында шекті өнімділігі жоғары болуы мүмкін, ол өз кезегінде орташа
өнімділікті және әлеуметтік жағдайын жоғарлатады.
10. Құрылымдық айырмашылықтар және дамып жаткан елдердің жалпы
сипаттамалары.
Әрбір елдердің экономикалық деңгейіне қарап оларды үш топқа бөлуге болады:
1Жоғары индустриалды дамыған елдер; 2 Өтпелі кезеңдегі елдер; 3Дамып жатқан
елдер; Бірінші әлем елдеріне жан басына шаққанда ЖІӨ 5000$ асатын елдер
жатады.Оларға Батыс Еуропаның отызға жуық елі, Солтүстік Американың кейбір
елдері, сондай ақ Австралия, Жаңа Зеландия және Жапония. Бұл елдерге
тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық өсу мен жоғары ғылыми техникалық
потенциал тән.Дамыған елдердің өзін екі топшаға бөлеміз: 1Аса дамыған
(Норвегия, АҚШ, Ұлыбритания) Бұл елдерге келесідей әлеуметтік экономикалық
саяси параметрлер тән: дамуға деген бейімділік; тауар сапасының жоғарылығы;
тиімді нарықтық инфрақұрылым; демократиялық қоғам;. 2. Орташа дамыған:
Греция, Кипр, Португалия, Туркия, Шығыс Еуропа елдері және т.б.Өмір сүрудің
төменгі деңгейіне қарамастан дамудың жоғары жылдамдығымен ерекшеленді.
Қазіргі кезде Үшінші Әлем елдеріне Азия, Африка, Таяу мен Орталық Шығыс
және Латын Американың 145 елі жатады және олар келесідей үш топқа бөлінеді:
1.ең кедей ел – 144 ел; 2. мұнай экспорттамайтын ел -88 ел;3. мұнай
өндіретін және экспорттайтын ел -13 ел жатады. Экономикалық ынтымақтастық
пен даму мекемесінің жіктемесіне қамтылған 158 мемлекет бар және олар ООН
ның статистикасына қамтылмаған.Бұл елдерде табыс деңгейі халықтың жан
басына шаққанда АҚШ  500$ - 3400$ құрайды. Олар 4 топқа бөлінеді: төмен
деңгейдегі табыс бар -61 ел; орташа деңгейлі табысы бар -73 ел; жаңа
индустриалды -11 ел; ОПЕК мүшелері -13 ел;
13. Үшінші әлем елдерінің экономикалық құрылымы.
Дамушы елдердің экономикалық құрылымын төмендегі жеті көрсеткіш арқылы
сипаттауға болады: 1) ел көлемі:оның территориясы, тұрғылықты халқының саны
мен жан басына шаккандағы табысы. Ел көлемі бойынша Үшінші әлем елдерін
территориясы ауқымды және шағын деп бөлуғе болады және олардың әрқайсысының
кемшіліктері мен өзіндік басымдылықтары бар. Территориясы ауқымды
басымдылықтары бар елдерге (Үндістан, Бразилия, Египет, Нигерия және т.б)
мыналар жатады: а) табиғи ресурстардың бар болуы; б) нарық тереңдігі; в)
шикізат, материалдар мен дайын өнімнің импортқа тәуелділігінің төмендігі.
Үшінші әлем елдерінің проблемалары: Халықаралық ынтымақтастық,ұлттық
қысымдылық. Шағын елдердің кемшіліктері: ішкі нарықтың тарлығы,білікті
кадрлардың жетіспеушілігі, матералдық ресурстардың
жетіспеушілігі,халықаралық келіссөз жүргізудегі әлсіз позиция,экономикалық
өсудің әлсіз перспективасы. 2)Тарихи даму және отарлы кезең ерекшеліктері;
Үшінші әлем елдерінің көбісі олардың білім жүйесі, әлеуметтік институттары
мен экономикалық құрылымының өзгеруіне әсер еткен батысеуропалық елдердің
отарында болған.3) Өндіріс фокторларымен қамтамасыз етілуі; Елдің
экономикалық өсуіне әсер ететін басты факторлардың бірі ол табиғи
ресурстардың болуы. Еңбек ресурстары бойынша дамыған елдермен салыстырғанда
үлкен айырмашылықтар көрінеді. Мұндай айырмашылықтар материалдық
ресурстардан да (жер, пайдалы қазбалар) көрінеді. 4)мемлекеттік және жеке
кәсіпкерлік секторларының өзара қатынасы және ролі.Латын Америкасы мен
Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің экономикасы жеке кәсіпкерлікке бейімделген.
Жеке кәсіпкерліктің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін
тигізеді. Африка мен Оңтүстік Азия елдері мемлекеттік секторға
инвестициялық бағдарламалар мен ауылдарды дамыту максатындағы
бағдарламаларға көп көңіл бөледі. 5) өндірістік құрылым сипаты. Үшінші әлем
елдерінің көбісі аграрлы ел болып келеді. Мұнда да бірқатар айырмашылықтар
байқалады. Латын Америка елдері жоғары табыс пен өндірістің аз да болса
дамығандығымен ерекшеленеді. Үшінші әлем елдерінің ішінде Үндістан өңдеуші
сала бойынша тауар шығару көлемі бойынша ең мықты ел болып табылады.
6)сыртқы факторларға тәуелділігі.Үшінші әлем елдерінің барлығында дерлік
сыртқы факторға тәуелділік байқалады: экономикалық (дамыған әлеммен сауда
көлемі, халықаралық технология трасферті), саяси (білім жүйесі мен
баскарудың өзгеруі) және мәдени (тұтынушы әдеті, жұмысқа, өмірге және өзіне
деген көзқарасы) куш.7)саяси құрылым, билік пен топтық көзқарастарды
орналастыру. Үшінші әлем елдеріндегі шиеленісті көзқарастармен элитаны
баскаратын билік арасындағы ерекешеліктер олардың экономикалық, әлеуметтік
және саяси дамуынан көрініс табады.

15.Даму теориясының Қазақстан экономикасы үшін маңызы.
Қазақстан экономиканы дамытып дағдарыстан тиімді шығатын жолды іздестіруде.
Ол алдымен мына 4 нәрсеге көңіл бөлуде:
елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
халықтың тұрмыс ахуалын көтеру;
нарықтық институттарды дамытып қалыптастыру;
экономикалық даму мәселесіне көңіл бөлу;
Біз даму теориясын алға ұстай отырып экономиканы тұрақты дамыту, ұлттық
табысты молайту, экономикалық әлеуметтік жағдайларды дұрыс жүргізу.
Қазақстан даму ерекшеліктері және оның бәсекеге қабілеттігін көтеру
Қазақстан-2030 стратегиясында нақты көрсетілген. Сол сияқты “2000-2015”жж
Қазақстанның индустриалды инновациялық даму стратегиясы жұмыс істеуде. 2020
жылға дейін білім, денсаулық, қызмет көрсету, құрылыс, және т.б.
қалыптастырылады. Дамыту перспективасы айқындалып үлкен Қазақстанның
теориялық практикалық маңызды орналасқан жахандандыруды әйгілі болады. Жол
картасы бағдарламасы бойынша халықтың біршамасы жұмысқа орналасты.

17.Білім және қоғамның дамуы. Дамудағы білім факторының басымдылығы.
Ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші болып
табылатын білім – жалпы, қоғамның жемісті дамуының кепілі. Білім беру
саласында артта қалушылық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігіне, ұлттық
келешекке кері әсер етеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа
Жолдауында: Елімізге экономикалық және қоғамдық жаңғыртудың талап-
тілектеріне жауап беретін заманауи білім беру жүйесі қажет деп атап өткен
еді. Жалпы, экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын ескерсек, білім
болашаққа салынған сенімді инвестиция көзі болып табылады. Оның құнды әрі
қымбат тауар болғанына да біраз болды. Ал кез келген елдің қарқынды дамуы
тек табиғи байлық көздерімен ғана емес, азаматтардың сауаттылығына да
тікелей байланысты. Жаһандық дағдарыс кезеңінде кейбір елдер әлеуметтік
бағдарламаларды қысқартып жатқанда Қазақстан керісінше, осындай теңдессіз
қадамға барып отыр. Бұл бүгінгі күннің қиыншылықтарын шешу тетіктерінің
біріне айналатынына күмәнданбаймын. Бұдан басқа біздің алдымызда білім –
күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі екенін түсіндіре білу қажеттігі тұр.
Адамдар кететін шығынның көптігіне қарамастан, білім алуға талпынуы керек.
Қазіргі нарық жағдайы өзіндік жаңа талаптар мен мақсаттар қойып отыр.
Дарындылар үшін соғыс түсінігі қалыптасып, барынша қарқынды дамып келеді.
Себебі нарықта жоғары білікті мамандарға сұраныс көп. Қазақстанның
болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі, оның
экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты.
Осыған орай біздің тәуелсіз, жас мемлекетіміздің басты даму бағыттарының
бірі – қазіргі білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады. Ғылыми-
технологиялық жаһанданудың негізгі бағыттары – мемлекетаралық ақпараттық
алмасуды қамтамасыз ететін технологияларды игеру; технологиялық және
әлеуметтік инновацияларды интеграциялайтын жаһандық метатехнологияларды
жасап шығару; санаткерлік ресурстардың халықаралық мобилділігін жеделдету;
әлемдік ғылыми-технологиялық дамуда ішінара халықаралық реттеу тетіктерін
қалыптастыру; әр түрлі мемлекеттердің санаткерлік ресурстарын жинақтайтын
интернет-технологиялар мен компанияларды дамыту; әлемдік деңгейде ғылыми-
технологиялық кешенді реттеу барысында трансұлттық корпорациялар мен
мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттесуін жүзеге асыру болып табылады.
Экономикалық дамудың инновациялық жолы – экономикадағы технологиялардың
жылдам жаңаруын, соның ішінде тұтынушының көңілінен шыққан, ғылыми білімді
қажет еткен өніммен алмасуын қамтамасыз етуді меңзеп отыр. Қазақстанның
инновациялық экономика бағытындағы жолы – бұл білім экономикасы бағытындағы
жол. Мемлекеттің ХХІ ғасырдағы инновациялық дамуындағы университеттің рөлі
мен орнын анықтайтыны да, міне, осы фактор Бүгінде Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолымен орнықты дамып келеді. Тәуелсіз
еліміз нарық айдынында іскерлік қауқарын танытып, әлемнің дамыған 50
мемлекетінің қатарына енуді көздеп отыр. Дамыған және мықты қоғамның тірегі
– білім. Адамзаттың болашағы ең алдымен оның интеллектуалды, ақпараттық,
адамгершілік прогресіне тікелей байланысты.
Терең білім мен ұлттық тәрбие жүйесінің даму бағдарлары мынадай
қағидаттарға негізделген: прогрестің факторы, ұлттық байлық, тұлғалық және
әлеуметтік табыстың кепілі ретіндегі білім; бейбітшілік пен келісімді
қамтамасыз етуге ықпал ететін білім; баршаға бағытталған білім; өмір және
еңбек шеңберінде тіршілік етуді қамтамасыз ететін білім; бүкіл өмір
барысында іргелі қажеттіліктерді өтейтін білім; ашық жүйе ретіндегі білім;
ұлттық ойлауды қалыптастыратын тағылымды тәрбиеге тәуелді білім;

18-с:Қазақстан эконң 90жж дағдарыстан шығу тәжірибесі. Қазақстанның
тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы дағдарыстан шығу кезін 3 түрлі
аспектіде қарастыруға болады: 1-идея: нарықтың дамытылуы. Мұның
элементтеріне мыналар жатады: 1)меншіктің жекешелендірілуі 2)ақша айналысын
реттеу 3)банк жүйесін нығайту 4)еркін баға құру жүйесін жасау 5)сыртқы
суданы белсендіру 6)шетел инвесторлары мен концессионерлерін шақыру.
Қазақстанның дағдарыс жағдайымен күресу ерекшелігі жеке капиталдың
экономикаға терең енуіне мүмкіндік жасауында. 2-идея: мемлекеттегі
командалық белестер. Қазақстанның басқа ТМД елдерінен ерекшелігі мұнай,
газ, энергетика салаларының бір бөлігі мемлекет меншігінде қалдырылды.
Елбасы 2 түрлі экономиканы, яғни орталықтанған жоспарлы же мемлң
араласуымен нарықтық экны нақты ажырата білді. Және соңғысына ерекше
басымдық берді. Осы бағытта құрылған мемлекеттік холдингтер әлі де
тиімділігін дәлелдеп келеді. 3-идея: жоспарлау. 1994ж алғашқы дағдарысқа
қарсы жоспар жасалынды. Жоспарлаудағы ерекше роль 1997жылға беріледі. Осы
кезден бастап, Қазақстан қиындық жылдарынан кейін алғаш рет дамуға қадам
басты. Осы жылы Елбасының Қазақстан-2030 бағдарламасы жарық көрді.
Қазіргі таңда жасалып жатқан, атқарылып жатқан істердің барлығы да осы
бағдарламаның аясында болуда. 3-жылдық бюджет жоспарлары, дамудың 5-жылдық
жоспарлары, 10-жылдық индикативтік жоспар, дамудың басқа да салалық
бағдарламалары Қазақстан-2030 бағдарламасының бөліктері болып
табылады.2002ж ҚР индустириалдық-инновациялық дамуының стратегиясы
қабылданды.
20с Білім экономикасы және жұмыспен қамту. Әддетте білім берудің, экон
дамудың және жұмысбастылықтың байланысы туралы айтылғанда, мына екі экон
мәселге баса назар аударылады:1.мектептердің санына, құрылымына және оның
мазмұнына экономикалық ынталандырылған сұраныстың сипаттамасы және бұған
саясаткердің жауаптық реакциясы.2. индивид пен қоғам тұрғысынан білімге
жұмсалған шығындар мен одан алынатын пайданың арасындағы елеулі
айырмашылықты түсіндіру және осы айырмашылықтардың білім саласындағы
инвестициялық стратегияға әсері.Білімге деген сұрныс 2 маңызды фактор
арқылы көрінеді:1.экң жаңа секторынан жұмыс орнын табу арқылы өз табысын
ұлғайтуға ұмтылу.2. білім алушы мен оның жанұясының тікелей же жанама
шығындарының көптігі. Кедей елдердегі халықтың көп бөлігі білім алуға ішкі
себептерден емес, жаңа сектордан білім алуға жол ашылатындықтан ғана
ұмтылады. Білімге сұраныс 4 айнымалы арқылы анықталады:1.еңбекке ақы төлеу
мен табыстар арасындағы айырмашылық.2.жаңа сектордан табысы мол жұмыс табу
ықтималдығы.3.білім алуға жұмсалатын тікелей шығындар.4.білім берудің
жанама нсе балама шығындары(білім алу кезінде жоғалтылатын еңбек
табысы)Алайда формальді білім алушылардың санының артуына байланысты және
олардың білім сапасының төмендігіне байл.дамушы елдердегі көптеген білімі
бар адамдардың өздері жұмыссыз қалуда. Осы қарама-қарсы процестер мен жұмыс
күші ұсынысынң нарық өзгерістеріне кеш бейімделуі білімнің кез келген
деңгейінде жұмыссыздықтың сақталуына алып келеді. 3-әлемдегі білім экң
тағы бір мәселесі білім берудің ұзқтығына байл.қоғ.балама шығындар артуда.
Ал дәл осы уақытта білім алуға кеткен индивидуалдық шығындар өзгеріссіз
қалуда.
21-с:ҚР-да экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Еліміз Президенті “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы” атты биылғы Жолдауында “Біз Қазақстанның
жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын
қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген,
дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі
жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын
қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика және
экономикалық қауіпсіздікті қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін
танытады. Қазақстан энергия көздері рыногындағы өз мүмкіндігін тиімді
пайдалануда, мұнда оған мұнай өндіруде 19-шы, газ өндіруде 13-ші, уран
шығаруда – 3-ші, көмір шығаруда 10-шы орын тиесілі. Бұл ретте республика
әлемдік өнім өндірушілер рейтингіндегі өз көрсеткіштерін жылдан жылға
арттыра түсуде. Таяудағы кезеңде өндіру бойынша: мұнайдан – 9-шы, газдан –
10-шы, ураннан – 1-ші, көмірден 9-шы орындарға шығу көзделген. Мұндай
жетістіктер елді энергия тасымалдаушыларды әлемдік жеткізіп берушілердің
жетекшілері қатарына шығарады. Республика ірі аграрлық әлеуетке ие болып
отыр. Бұл саланың 30 өнімі бойынша ол әлемдік аграрлық рынокта 1-шіден 35-
ші орынға дейін алса, соның ішінде 11 өнім бойынша алғашқы ондыққа кіреді.
. Бұл, ең алдымен, стратегиялық маңызы бар бірқатар шикізат ресурстарының
қоры мен өндіру көлеміне қатысты. Экономиканың серпінді дамуы құрылымдық
өзгерістермен, жаңа басымдылықты салалардың, өндірістердің, өсу
нүктелерінің қалыптасуымен жалғасып келеді, мұның өзі толық мәнінде
нарықтық ортаға тән болып табылады. Бәсекелестік аясын кеңейту – қоғамдық
қызметтің барлық салаларына ынталандырғыш әсер ететін елеулі фактор.
Инвестициялардың, халық табысының өсуі жиынтық сұраныстың қарқыны мен
ауқымын арттырды. Соңғы бес жылда кедейшілік мәселесі 4 есеге,
кедейшіліктің тереңдігі 3 есеге, ең төменгі күнкөріс өлшемінен төмен табысы
бар халықтың үлесі 2 есеге қысқарып, мұның бәрі елдегі экономикалық
ахуалдың жақсаруына ықпал етті.
25с даму теориясы: салыстырмалы талдау. Соғыстан кейінгі әдебиеттерде
салыстырмалы талдауың негізгі бағыты орын алды:1)өсудің сызықтық сатылары
моделі;2) құрылымдық қайта өзгеру теориялары;3) 3-ші өлем елдерінің нашар
дамуын бай елдерге тәуелділікпен түсіндіретін революциялық теория;4) еркін
нарық идеясына негізделген неоклассикалық контрреволюция. 50-60жылдары
көптеген теоретиктер даму процессін экон өсудің кез келген ел өтуі міндетті
кезекті сатылары ретінде түсінді. Бұл теорияға сәйкес 3-ші әлем елдеріне
дамыған елдер тарихи эволюциясын қайталау үшін инвестицияның, жинақтың және
шетел көмегінің белгілі бір деңгейіне жету ғана талап етіледі. Осы
теорияның өкілдерінің бірі У. Ростоудың теориясына сәйкес әрбір ел нашар
дамып жатқан жағдайдан шығу үшін 5 сатыдан өтуі керек: 1) дәстүрлі қоғам 2)
секіріс үшін жағдайлардың жасалуы 3) өзін -өзі қолдайтын өсу үшін секіріс
4) технологиялық жетілуге өту 5) жаппай тұтыну дәуірі. Кейінірек Ростоу 6-
шы сатыны да қосады. Ол өмір сапасын іздеу, мұнда бірінші орынға адамның
рухани дамуы шығады. Ростоудың ойынша, барлық дамыған елдер 3-сатыда, ал
дамушы елдер 1не2-сатыда. Эконқ өсуді тездету үшін бұл елдерге ішкі және
сыртқы инвестицияны тарту қажет. Өсуді тездететін инвестң эконқ механизмі
Харрод-Домардың моделінде көрініс табады: YΔY=sK мұндағы Ү-елдің ЖҰӨ-і, s-
жинақ нормасы, К-капитал сыйымд.коэфі. Эконқ өсу болу үшін ЖҰӨң бір
бөлігі жинаққа айналуы тиіс. Ол көп болса, өсу де жылдам. Ал 50-70жж
басымдыққа ие болған құрылымдық қайта өзгеру теориялары аграрлық басымдығы
бар елдердің салалық құрылымы жақсы дамыған не урбанқ деңгейі жоғары
шаруақа өзгеруін болжамдайды. Мұнда А.Льюистың екісекторлы моделі пайда
болды. Үшінші теория-сыртқы тәуелділік.Мұнда 3 негізгі бағыт
бар:1.Тәуелділіктің неоколониялдық моделі 3-әлемдегі кедейшілікті
саясатпен, өнд.дамыған елдер мен дамушы елдердегі компрадорлық топтардың
болуымен түсіндіреді. 3-әлемдегі жергілікті элитаның әрекеті мен
идеологиясы реформаларды тоқтатады.2)Дамудың жалған парадигмасы 3-әлем
елдерінің нашар дамуын дамыған елдерден келген жергілікті жермен таныс емес
кеңесшілердің қате кеңесімен түсіндіреді. Олар түрлі халқ ұйымдарда жұмыс
істеп, қате саясатқа ұрындыратын жобалар жасайды.3)дуальді даму теориясы.
Дуализм –қоғамда бір-бірін жоққа шығаратын 2 құбылыстың бір уақытта орын
алуы. Бұл теорң негізі мынада:1) жоғарғыже бағыныштытоптар (жаңа және
дәстүрлі сектор, бай және кедей елдер)2) теңсіздіктің сақталуы 3) жыл сайын
дамушы елдердің артта қалуы артуда. 4)жоғ.элементтер төменгілердің дамуына
ықпал жасамайды, олар тек нашар дамудың дамуынарттырды. 4-теория:
неоклассикалық контрреволюция. Оның өкілдері кедей елдерге жиынтық
сұранысты арттыруды, мемлк мекемелерді жекешелендіруді, эконға мемң
араласуын шектеуді ұсынды. Дамушы елдерге еркін нарықты ынталу, бәсеке мен
кәсіпкерлікті қолдау кк, осы кезде ресурң тиімді бөлінуі арқылы дамуға
жол ашылады. Кейінірек, осы аталған 4 теорияға жаңа эндогендік фактор
концепциясы қосылды. Ол әр елже әр түрлі болатын ұзақ мерзімді тепе-тең
өсудің мүмкіндігін түсіндірді. Эконқ өсуегі еларалық айырмашылықтар
инвестицияның адам капиталы (білім экономикасы), инфрақұрылым және НИОКР-ға
бөлінуімен түсіндірілді. Дамушы елдер дамыған елдерге қарағанда,
инвестицияның бұл түрінен аз пайда табады.өсудің ұзақ уақыт тежелуі дамуды
да тоқтатады. Сондықтан, бұл теорияның өкілдері даму процесіне мемң
араласуын қолдайды.

26. Индустриализация, қоршаған орта және адам.
Индустриализация экономикалық өсуді тездеткені мен, экономикалық дамуда
шешілуі қиын карама кайшылықтар туындатады. Дамушы елдердегі урбанизация
мен өнеркәсіптік өсудің алғашкы сатылары табыстың өсуі мен экологиялық
жағдайлардың төмендеуімен түсіндіріледі. Джини коэфициенті бойынша бұл
процесті түсіндіретін болсак, алғашқыда табыспен бірге ластану да өседі,
одан кейін төмендей бастайды. 1992 жылы әлемнің дамуы туралы баяндамаға
сәйкес табысы жоғары елдердегі калалардағы экологиялық жағдай табысы төмен
елдермен салыстырғанда, әлдекайда жаксы. Өйткені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Басқару ғылымыныц мазмұны мен әдісі
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы жайлы мәлімет
Қоғамдық және заң ғылымдарының жүйесінде жалпы теорияның алатын орны
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясына талдау
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕНДЕРІ ТУРАЛЫ
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Пәндер