ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы:” ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ

Жоспар

Кіріспе. .

  1. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы
  2. Экономиканы мемлекеттік реттеу
  3. Макроэкономикалық тұрақтану
  4. Рынокқа өту жағдайындағы саясат пен экономика
  5. Рыноктың құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі

5. 1. Мемлекет пен заң шығарушы билік

5. 2. Мемлекет және дағдарысқа қарсы шаралар

5. 3. Мемлекеттік кәсіпкерлік

5. 4. Шетелдік инвестициялар мен мемлекеттік реттеу. 36-37

6. Мемлекеттің әлеуметік саясаты

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кез келген әлеуметтік үйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті материалдық игіліктерді өндіру, түрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең тиімді әлеуметтік үйымға адамдардың мүқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде қанагаттандыруды үйымдастыратьш үйым жатады. Әлеуметтік үйымның субъектісі - мемлекет, ал объектісі - халық. Осыдан туындайтын сүрақ үлттың гүлденуін қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлі қандай болмақ?

Классикалық үлгі. Бүл үлгіге сәйкес өндірушілер де түтынушылар да рыноктың ережелеріне сай қызмет атқарады. Белгілі бір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай келетіңдей түзетулер, толықтырулар енгізіп, реттеу қажеттігі туындайды.

Мұндай үлгіні түңғыш рет А. Смит "Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу" деген әйгілі кітабында (1776 ж. ) үсынған болатын. Автордың өзін-өзі реттеу позициясының жанашыры екені көрініп түр. А. Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер рьшогы мемле-кеттің бақылауынан түгелдей босауы керек. Міне осы жағдайда түтынушылар рыноктан өзіне не қажет, соны сатып алады. А. Смит сөзімен дәлірек айтқавда рынокты өздігінен реттейтін "көрінбейтін қол" ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуьшсыз өндірушілерді бүкіл қоғам мүддесіне қызмет етуге жүмылдырады.

1. МЕМЛЕКЕТ ПЕН ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨЗАРА

ҚАТЫНАСЫ

Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рөл атқарады, мемлекеттік араласуды жақтаушылар өз көзкарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы керек.

Мемлекеттің атқаратын қызметі, оның рөлі рынок жағдайында істейтін жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Классикалық мектептің экономистері әр түрлі тарифтер жасауды баға деңгейін түрақтандырды, техникалық жаңалықтарды енгізуді үкімет тарапынан реттеуге үмтылыстардың бәріне қарсы. Сонымен классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, мемлекеттің рыноктық механизмге араласуына қарсы күресті және жеке мүдделерді қорғау мақсатывда қоғам тарапынан қолдау іздеді. Алайда, адамзаттың көп жылғы даму тарихы көрсеткендей, жеке мүдде түтас алғанда қоғамдық мүдде-лерге әрдайым сай келе бермейді. Мысалы, жекелеген коммерциялық фирмалар мен бірқатар сатып алушылар рынокта жоғары сүраныс туғызатын наркотиктер, арақшарап, темекі, қару-жарақ т. б. ерекше тауарлар мен қызмет түрлеріне тез көңіл аударады. Әрине, әлеуметтік мораль мен адам өмірін қорғау түрғысынан бүл әрекеттерге мемлекет бейтарап қала алмайды. Сөз жоқ, мемлекет мүвдай жағдайда рынокты қадагалап, реттеу жүмысына араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап айтқаңда, үлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттеуге де мемлекет араласуы керек. Бүлар-дан басқа да рьшоктық механизм әрекеттерінен туындайтын қоғамға жағымсыз сыртқы эффектілерді (экстерналий) азайтуда да мемлекеттің рөлі зор.

Жаңа классикалық үлгі. Үстіміздегі ғасырдың соңгы 60-70-жылдары ішінде қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен экономикаға ықпал етудегі мемлекет рөліне байланысты көптеген жана сипаттар орын алды. Мүның өзі 30-жылдарды АҚШ-та орын алған Үлы тоқырау жылдарьгаа байланысты. Оған дейін жаңа классиктер экономикалық жүйені өздігінен реттелетін, дәлірек айтқанда өзіне-өзі түзету енгізетін жүйе ретінде қарастырды. Әрине, шаруашылық жүргізу процесінің уақытша бүзылуы мүмкін, алайда жүйенің негізгі тевденциясы қолда бар қорларды және ерікті еңбек ететін қызметкерлерді дүрыс пайдаланып, өндірістің қажетті көлемін қамтамасыз ету болды. Соның нәтижесінде түскен табыс бүкіл жаңа жасалған күнды сатып алуга жүмсалды.

Ал жинақ мүмкіндіктеріне тоқталсақ онын өзі түптеп келгенде инвестиция түрінде жұмсалады. Егер жинақ өте көп мөлшерде болса, ол процент ставкасын төмевдетеді де инвестициялық процестерді жандавдырады. Сүраныстың азаюьша байланысты баға төмендейді, ал төлем қабілеті бар сүраныстың жеткіліксіздігі рыноктың түрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен жинақ пен инвестиция тепе-теңдігі жаңа классикалық үлгідегі өздігінен реттелетін экономиканың басты шарты. Өндіріс өздігінен қажетті дәрежеде сүраныс туғызады деген иедя, соңғы 100 жылдан бері экономикалық теорияда берік орын алып келді. Оның формалды көрінісіне Ж. Б. Сэйдін (1767-1832 ж. ) өткізу теориясы жатады. Ж. Б. Сэйдің артық өндіріс, артық рынокты қалыптастырады деген пікірі, сүраныс пен үсыныстың арақатынасын өте қарапайым түсінгендіктен туын-даған. Өнім әрдайым өнімге айырбасталмайды, сондықтан ол сатылады, ақшага айналады, ал бүл айналыс өте күрделі процесс. Барлық өндірушілер мен түтынушылардың қажеттіліктері Сэй ойлағандай өзара үқсас емес, олай болатыны олардың мақсаттары, мүдделері, үмтылыстары сәйкес келе бермейді. Шын мәнінде жүмысшы тауар өндіреді, ал қатардағы сатып алушы ретінде оның жеке түтынуына қажет тауарларға гана қатысы бар. Кәсіпкерлердің де кәсіпкер ретінде сатып алғандары, оларың жеке түтыну мақсаттары үшін сатып алгандарынан мүлдем өзгеше.

Үстіміздегі жүз жылдықтың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басында Сэй идеясының негізсіздігі дәлелденді, сөйтіп өздігінен реттелетін экономика дейтін сағым біржола жерленді. Дж. Кейнстің жүмысы жарық көргеннен кейін, экономикада төлем қабілеті бар сүраныстың жеткіліксіздігі түрақты қүбылысқа айналатындығы және номиналды жалақының да, процент ставкасының да төмендеуі оны жоюға ешбір дәрменсіз екені мойындалды. Жалақыны қысқарту төлем қабілеті бар сүранысты (тиімді сүранысты) төмендетеді де жағдайды одан әрі қиывдатады. Үлы тоқырау тәжірибесі көрсеткендей, егер сүраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі процент ставкасының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ьшталавдыра алмайды, олай болса сүраныс та үлғаймайды. Стагнацяя процесі жалғаса береді. Бүған қарсы бірден бір қолданатын шара - мемлекеттің араласуы. Экономикалық стагнация жағдайында мемлекет шаруашылық жүйесі қызметінің жалпы жағдайын сақтаушы және қорғаушы "түнгі күзетші" рөлінен алшақтауы қажет. Ол белсенді түрде бюджет, қаржы-несие, әлеуметтік саясатты жүргізуі керек.

Сонымен өмірдің өзі экономикада түрақты түрде рынок басым рөл атқарады деген көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізді. "Рыноктың қуатты қольша" (М. Фридмен) жаңа серпін беретін қосымша бір күрделі қүрылымның қажеттігін уақыт дәлелдеді. Мұндай құрылымның рөлін мемлекет атқара алады. Қазіргі экономистерге мемлекеттің экономикалық рөлінің маңызын дәлелдеудің қажеттігі бола қоймас. Мәселе мынада болса керек: мем-лекеттік араласудың оптималды шекарасын анықтау, мұның өзі рынок заңдарын толығымен және тиімді пай-далануға жол ашады. Осы жағдайда қоғам үлттың дамуы мен гүлденуіне қажетті экономикалық базаға ие болады. Мемлекет пен экономиканың үйлесімді әрекеті шаруашылығы тиімді қогам қүру мүмкіндігін береді, сол кезде "мемлекет басқару еркіндігін сақтайды, әрі үлғайтады, сонымен қатар үкіметтің халық күзетшісі болуьш, оның қожайынына айналмауын қадағалайды" (М, Фридмен) .

Мемлекет пен рынок өз мәнівде экономиканың "екі қолы" іспеттес, осы мағынада олар бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның сол қолы мен оң қолы өздігінен, еркін бірігіп қызмет атқаратыны сияқты, мемлекет пен рынок та салыстырмалы бір бірінен тәуелсіз, бірақ ортақ мақсаттар үшін қызмет етеді.

Тарихи түрғыдан алғавда мемлекет коғамның белгілі бір даму сатысында оның өнімі ретінде дүниеге келді. Қоғамда өздігінен шешілмейтін қайшылықтардың пайда болуы және одан қүтылу жолдары тар кезеңде мемлекет орасан зор рөл атқарады. Шиеленіскен қайшылықтар қоғамды жойып жібермес үшін, күресуші жақтарды ымыраға келтіріп, тәртіпке шақыру мақсатында қоғамның жоғары деңгейінде бір үлкен күшке қажеттілік туындайды. Мемлекет жеке кәсіпкерлікті қорғап, оның жалпы дамуына жағдай туғыза отырып, қажет болған сәттерде "капиталистер" табы өкілдерінің өздеріне де қатаң шаралар қолданады. Мемлекет қоғамның өндіруші топтарын қолдап, олардың ауыр индустрияны, әскери өнеркәсіпті, темір жол қүрылысын және басқа да капиталды көп қажет ететін салаларды жандавдыру жүмыстары үшін қаражат бөліп, көмектеседі. Тағы бір айтуға түрарлық жай, халық пен меншікті қорғау жүйесін жетілдіру саяси-қүқылық және әлеуметтік жәрдем мәселелерінде батыс мемлекеттерінің тәжірибесі белгілі дәрежеде тартымды болып отыр.

Мемлекет және рынок. Мемлекет пен рыноктың әрдайым тепе-теңдік жағдайда болуы қоғам үшін қолайлы. Алайда, рьшок та, мемлекет те өзіндік ерекше проблема-лары бар жеке дара қүрылымдар. Мемлекеттің мақсаты рынокты түншықтыру емес, керісінше оның барлық элементтерінің үйлесімді қызметін қамтамасыз етуге мемлекет мүдделі. Ең алдымен мемлекет өндірістің бәсекелігін қолдауы керек. Бәсеке дегеніміз - рыноктың тынысы. Бүрынгы социалистік елдердің тәжірибелері дәлелдегендей, бәсекесіз толыққанды рынок жасау мүмкін емес.

Мемлекеттің бәсекеге көзқарасының қайшылықтары да бар. Бір жағынан, мемлекет саналы түрде монополистік қүрылымдарды жасауға үмтылады, ал монополиялар болса бәсекені жоюға әрекет етеді. Осы жағдай көптеген мәселелерді көтереді. Бәсеке сақталар ма еді, егер мемлекет оның жойылуьша кедергі жасамаса? Әлде мемлекеттік шектеулерге сүйенбей-ақ бәсеке өздігінен сақтала ма? Қуатты, тиімді кәсіпорындар мен салалар әлсіздерді ығыстыруға әрекет жасап отырғанда, бәсекені қолдау мүмкін бе? Бір бәсекелесті қолдап, оның басқаларды жаншуына жол беру бәсекені басып тастамай ма? Бүл сүрақтардың жауабьш бүрынғы социалистік елдер тәжірибесі көрсетті, яғни идеологияға негізделген монополиялық қүрылымдар кез келген бәсекені түншықтырып тастайды. Шын мәнінде экономикага идеологиялық көзқарастан гөрі практикалық көзқарас басым болуы керек. Ескі идеолгиялық түрғыдан экономикага басшъшық етуді жойып, практикаға, озық тәжірибелерге негізделген принциптерді басшылыққа алу керек. Осы мақсатпен үйымдастырылган адамдардың нақты қажеттіліктерін жүзеге асыруға қызмет ететін мемлекеттік қүрылымдар, үйымдар, мекемелер тшмді болмақ. Оларсыз қоғамның саяси, әлеуметтік және рухани өмірі, тауарлар мен қызмет өндірісі, бөлу, айырбас және түтынуы, ғылым мен техника жетістіктерін рационалды және қауіпсіз пайдалану мүмкін емес.

Мемлекет және бюрократия. Мүндай қүрылымдар белгілі бір мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатында қүрылады. Олар өзінің жеке мүддесін күйттейтін атқарушылармен толықса алдын ала белгіленген жүмыс тәртібінен ауытқулар басталады. Үлкенді, кішілі бастықтар саны көбейеді. Өздерінің қажеттілігі мен жүмыс бастылығын көрсетуге тырысқан олар сансыз және мағынасыз инструкциялар мен іс қагаздарын ойдан шығара бастайды. Бюрократияның қас жауы, ағылшын жазушысы Сирил Н. Паркинсон былай деп жазған: "Түгелдей қағаз басты адам, сөзсіз өз еркіндігін жояды. Ол көніліне келгенді (іліккенді) ғана істейді, ал өздігінен ешкімге ештеңе үсына алмайды. Оны қағаз тасқыны алқымынан алады".

Бюрократиялық көріністер кез келген үйымда, мекемеде, кәсіпорында, басқару орындарында кездеседі. Алайда, қажетті еңбек бөлінісі мен мівдеттері оның шешім қабылдау тәртібі мен жауапкершілікті күн ілгері белгілі үйымдарда бюрократияның таралу мүмкіндігі төмен болады. Мүндайда чиновниктер бюрократтық жолға түспей, өз қызметтерін тікелей хабарламаларды талдау, басқару шешімдерін дайындау мен қабыддау арқылы атқарады.

Бюрократия өзін-өзі реттейтін рыноктық, қүвдық тетіктерге түбегейлі экономикалық реформаларға әрдайым қарсы. Ал реформа болса жүмыс істеудің принципті жаңа әдістерін, кәсіптік білгірлікпен қазіргі есептеу техникасын пайдалана білуді, үнемі оқып, оны қайта пышқтауды үсынады. Реформа басқару жүйесіндегі артық буындар мен баспалдақтарды анықтап, олардың халық шаруашылығына қаншалықты зиянды екенін көрсетеді. Алайда, осы буындар мен баспалдақтардың жан-жағында мыңдаған адамдар бар, олар өздері үшін басқарудың экономикалық әдістерін енгізудің қаншалықты қауіпті екенін жақсы түсінеді, бірақ, жылы орындарынан кеткісі келмейді. Мүның соңы биліктен, үйреншікті түрмыс-салт артықшылығынан айырылу екендігін олар жақсы түсінеді. Сондықтан, бюрократ реформаларға берілгендігін айтып антсу ішуге да-яр және сөйте түра оны жүзеге асыру мәселелеріне қолдан келгенше бөгет жасайды.

Бюрократтық бүрмалау әкімшілдік-әміршілдік жүйенің рынокқа қарсы күресін көрсетеді. Рыноктық қатынастардың қарқыңды дамуы бюрократизмді жоюдың ең тиімді жолы. Дегенмен бүл мәселені түбегейлі шешуге мемле-кеттің реттеуші қызметінің де қажеттігі даусыз.

2. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Экономиканы реттеудің екі әдісі белгілі: біріншісі - рыноктық тетіктер - тауар-ақша қатынастары мен баға арқылы; екіншісі - әкімшілдік-әміршілдік, директивалық әдіс. Біріншісі әдіс бойынша өндірістің өсіп-дамуы төлем қабілеті бар сүранысқа байланысты. Сонымен қатар ры-ноктық тетіктер экономиканың дамуьш гана сипаттап қоймайды, оның қүлдырауын, дағдарысқа үшырайтьшын да көрсетеді. Дағдарысты болдырмау немесе жеңілдету мақсатывда, мемлекет алдьш ала үлттық экономиканың даму бағдарламасын жасайды.

Екінші әдіс бойынша кәсіпорын өндірістің түрақты өсуі үшін өзіндік мақсат пен бағдар үстайды. Бүған тек жоспар ғана емес, басшылардың жеке мүдделерін көздейтін ойлары да ықпал етеді. Олар үшін өндіріс көлемінің өсуі - түрақты жеке табыстын көзі. Мүндай әкімшілдік реттеудің басты критерийі, әдетте, савдық өсім. Өндіріске қажетті қаражатты (ағымдагы және күрделі қаржыны) кәсіпорын мемлекеттен алады, сондықтан олардың тәбетінде шек бол-майды. Мүвдай жағдайда қосымша күрделі қаржыдан өздігінен бас тартатын кәсіпорын басшысын кездестіру қиын, өйткені ол кәсіпорьш үшін ештеңеге де түрмайтын еңбексіз табыс. Банкрот жағдайының өзінде де кәсіпорын қаржыдан бас тартпайды, кез келген зиянды шыгындарды мемлекет өндірісті қамсыздавдыру шаралары ретінде жауып отырады.

Экономиканы реттеуде рьшоктық немесе орталықтандырылған әдістер таза күйінде орын алмайды. Ең бастысы, техника мен технологияны жаңарту талаптары, шикізат пен энергетикалық ресурстардың тапшылығы, экологиялық мәселелердің барған сайын шиеленісуі экономикада мемлекеттің реттегіш рөлін едәуір көтеріп отыр. Ендігі мәселе экономиканы басқаруды орталықтандыру мен кәсіпорындардың еркіндігін сақтаудың оптималды арақатынасын табуда болып отыр.

Әңгіме ресурстар мен өнімдерді карточка жүйесімен бөліп, жүмыстың барлық көрсеткіштерін орывдауды кәсіпорьшдарға міндеттеп, тек шаруашылық қызметін ор-талықтан реттеуге үмтылу болса, овдай орталықтандырудың қажеті жоқ. Мүндай орталықтандырудың нәтижесінде шаруашылықтың дербестігіне, бәсекеге, өндірістің жоғары тиімділігіне нүқсан келеді. Мүны бүрынғы КСРО-ның тәжірибесі дәлелдеген болатын.

Орталық өзіне жүктелген міндетті сенімді түрде атқаруы үшін, мемлекеттің экономикаға араласу формалары мен әдістерін анықтау қажет. Ең алдымен маңызды екі форманы ажырата білу керек. Олар: мемлекеттің өндіріс қүрал-жабдықтарын сатып алуды заңдастыруы мен өндірістік кәсіпорындарды басқаруға тікелей араласуы және экономикалық саясаттың әр қилы шаралары арқылы жанама араласуы.

Тікелей араласу. Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде белгілі дәрежеде экономиканың мемлекеттік секторы бар. Абсолютті болмаса да, оның көлемі мемлекеттің экономикалық рөлінің критерийі қызметін атқара алады. Мемлекеттің қолывда әр түрлі формада капиталы болады, несиелер бере алады, үлестік қызметке қатысады, т. с. с. Мүның өзі мемлекет қоғамдық капиталдың бір бөлігіне иелік етеді деген сөз. Батыс елдерінің мемлекеттік секторында адамдардың үлкен тобы еңбек етеді, олар барлық жалдамалы еңбек етушілердің Франция мен Италияда - 11%-тін, ФРГ, Бельгия мен Голландияда - 8-9%-тін қүрайды.

Өнеркәсібі дамыған елдердің барлығында дерлік мемлекеттік сектордың қалыптасуы мен дамуы салалардың бәрінде бірдей орын алды (көмір өнеркәсібі, электроэнер-гетика, теңіз, теміржол және әуе транспорты, авиация мен космонавтика, атом энергетикасы т. б. ) . Әңгіме, өндіріс үшін маңызды, қүны жоғары жабдықтар мен машиналар жиынтығы, яғни негізгі капитал топталған салалар жөнівде болып отыр. Алайда негізгі капиталдың осындай маңыздылығы саланың бәсеке мен дағдарысқа өте сезімталдыгын да байқатады.

Шын мәнінде белгілі бір қиындықтарсыз негізгі капиталды бір саладан екінші бір салаға ауыстыру оңайға түспейді. Жұмыссыздық жағдайында оны оп-оңай азай-туға, іскерлік белсенділігін төмендетуге (егер оны "мүздатып" қоймаса) болмайды. Рынок монополиясымен байланысты үлттық экономиканың кейбір салаларының өнімдерін өткізуге өндіріс орындары тарапынан бақылаудың күшеюі, осы салаларда бағаның күрт төмендеуі, негізгі капитал маңыздылығының төмеңдеуімен са-лыстырғавда анағүрлым қауіпті. Әңгіме өте түрақсыз са-лалар жөнінде болып отыр, олардың қызметі негізгі капитал үлесінің көптігі жалпы пайда нормасына теріс ықпал етеді. XIX ғасырдың соңында орын алған қатаң бәсекелік күрес монополистік одақтардың қүрылуына әкелді, соңғысы болса 1929-1933 жылдардағы дағдарыс кезінде өз капиталының қүнсыздануына еш кедергі жасай алмады. Сондықтан қоғамдық капиталдың қүнсыздануымен байланысты қиыншылықтарды жою үшін мемлекеттің тікелей араласуы қажет болды, осы салаға жүмсаған ка-питалы үшін жеке корпорациялар да өз пайдасын сақтап қалуға үмтылды. Бүрынғы социалистік елдерде салыстырмалы аз уақыт ішінде бүкіл экономикада мемлекет иелігінен алып жекешелендіру процестері орын алды.

Бүрынғы социалистік елдерде жоғары монополистік қүрылымнан бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік қүрылымға көшу үшін үлкен жүмыстар атқару қажет. Мемлекет иелігінен алу немесе мемлекеттен сатып алу деген атқа ие болған бүл қүбылыс шешімі оңай мәселе емес. Осы процеске қарқын беру мақсатымен "КСРО-да монополистік қызметті шектеу туралы" (шілде, 1991 жыл) КСРО Заңы қабылданган болатын. Мүндай заң Қазақставда да өз күшіне енді. Заңда бәсеке қажеттігі, оны қорғау мен мүдделендіру идеясы нақты көрсетілген. Қүжатта: "Рынокта үстемдік етуші шаруашылық субъектілері өз жұмыстары барысында бәсекеге тыйым салып немесе басқалай шаруашылық субъектілерінің заңды мүдделерін дамытуға кедергі жасайтын болса, олардың іс-әрекетіне тыйым салынады".

Әлемдік практикада монополистік қызметті шектеу жөніндегі мысалдар көп. АҚШ-та трестерге қарсы қабылданған заңдарға сәйкес, 1984 жылы АТТ-дан ("Американ телефон энд телеграф") - 22 аймақтық телефон компаниялары бөлініп шықты. Мүвдай бөлінудің мақсаты - АТТ компаниясының бүкіл континенталды жүйеде қызмет етуімен байланысты оның монополиялық рөлін жою. Жүз жылдық тарихы бар, қүны 150 млрд. доллар деп бағаланған фирманың балінуі нәтижесінде АТТ-ның құны 4 есеге төмевдеді. Мемлекеттің тікелей араласуы рынок жүйесінің барлық элементтерінің өзара қатьшасын дамытып, реттеуге ықпал ететін заң актілерімен қосымша толықтырылды. Экономиканы мемлекеттік реттеумен байланысты заң актілері орасан көп және әр түрлі. Оған ілгеріде АҚШ-та трестерге қарсы қабыдданған заңдардан басқа Франциядағы кооперация туралы ережелер т. б. жатады.

Жанама араласу. Араласудың мақсат-мүддесіне сай экономикалық саясат шаралары мьшадай багыттарда қолданылады:

- күрделі қаржыны мүдделендіру және жинақтау мен инвестицияның тепе-теңдігін қалпына келтіру (егер бүл мүмкін болса) ;

- жүмыспен қамту деңгейін барынша жотарылату;

- кәсіпорыннын тиімділігін қамтамасыз ету үшін икемді баға саясатын жүргізу;

- кәсіпкерлер шыгындарын негізгі (банк проценті, нақты жалақы) және жанама баптар бойынша қысқарту;

- тауарлардың, капитал мен жүмыс күшінің экспорты мен импортын мүдделендіру;

- жалпы бағалар деңгейі мен ерекше тауарлар бағасына ықпал жасау;

- кәсіпорындарды сатыіг алу және оларды басқару (оиың ішінде акциялау және национализациялау) .

Мемлекет осы әр қилы шараларды іске асыру үшін фискалды және ақша саясатын жүргізеді.

Фискалды саясат. Мүны мемлекеттің кірісті (ең ал-дымен салық) мен шыгысының өзгерістерін жоспарлау арқылы жиынтық сүранысты реттеуге бағытталған саясат деп үғынуға болады. Ақша саясаты - эмиссиялық қызметті өзгерту арқылы, жиынтық сүранысты реттеуге бағытталған саясат. Мемлекеттік саясатының осы екі багыты бір-бірімен өте тығыз байланысты. Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары толығырақ келесі тарауларда қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық жүйенің типтері. Меншік экономикалық категория ретінде
Мемлекеттің экономикалық саясаты және оның белгілері
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Аралас экономиканың қалыптасуының теориялық ас – пектісі
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика
Аралас экономика туралы ұғымды түсіну, оның сипаттамалары мен белгілерін талдау және қазіргі Қазақстандағы аралас экономиканың ахуалы
Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
Нарықтық экономика теориясы
Аралас экономиканың мәні
Экономикалық жүйе: мәні, түрлері және көрсеткіштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz