Аймақтық экономикалық интеграцияның теориялық негіздемелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Кез келген елдің өзін әлем сахнасында Мойынтауды – оның өзге елдермен
экономикалық қарым-қатнасы деңгейінен тікелей тәуелді. Қазіргі таңдағы
еларалық байланыстардың өзара келісілген арнайы келісімдер арқылы жүзеге
асуы, қоғамымыздың салауатты интеграциялық үрдістердің орын алуын меңзейді
және бұл процесс қазіргі ғаламдану процесімен түйіндес. Осы орайда
экономикалық мүдделерді бір арнада тоғысқан ТМД елдерінің Еуразиялық
экономикалық қацымдастық интеграциясын құру, оның даму ерекшеліктері мен
перспективасын кең көлемде, тұтасқан зерттеуді талап етеді. Жұмыста ЕурАзЭқ
интеграциясының әлеуеті. Сондай-ақ оның дамуының басым бағыттары ретінде
қаржылық-өнеркәсіптік топтар құру және болашақ ұлтүсті валютаға көшу
жолдары қарастырылады.
1994 жылдан бастап Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Еуразиялық одақ
құру ұсынып келеді. Оның айтуынша: “... Біз - өзінің жеке тарихы және
өзінің жеке болашағы бар еуразиялық елміз. Сондықтан да біздің үлгі
басқаларға ұқсамайтын болады. Ол өзнң өн бойынша әртүрлі өркениет
жетістіктерін сіңіреді”.
Әлем елдерінің аймақтық интеграциялануға деген жаппай бетбұрыстарын
ескерсек, интеграциялық әлеуеттері өте жоғары ЕурАзЭқ елдерінің аймақтық
бірігуі – объективті қажет процесс еді.
Қалыптасқан жаңа Қауымдастық беталысында, ондағы экономикалық
интеграцияның жолы мен оқиғалары дамуында анықтылмаған тұстар өте көп.
Өткен кезеңді сын көзбен бағалау, интеграциялық жолды тежегіш себептерді
ашу, оның әрі қарай дамуына әсер етуші факторларды анықтау үшін, сондай-ақ
мемлекеттердің өзара қарым-қатынасын ұйымдастырудың ұтымды жолын және
алдағы уақытта кезек күттірмес шешімін табуы тиіс мәселелер мен міндеттер
тобын анықтау және басқа да ұсыныстар жасау үшін аймақта ортақ экономикалық
кеңістікті қалыптастыруға байланысты болып жатқан процестерге кешенді де,
объективті талдау жасауға мұқтаждық өте жоғары.
Интеграция мәселелеріне қатысты республикалық басылымдарда, сондай-ақ
ТМД елдерінің мерзімдік ғылыми-басылымдарында көптеген авторлардың ой-
пікірлері, шолу жасаулары бар екені белгілі. Дей тұрғанымен, біздің елдің
әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялану мәселелеріне қатысты жекелеген
жұмыстардан басқа, Еуразиялық одақ құру идеясы ауқымында жүргізілген іргелі
экономикалық зерттеулердің жоқ екендігін айтамыз. Қазіргі таңда Еуразиялық
одақ идеясы Достастық елдері төңірегінде қызу қолдаутауып, осы елдер
шеңбңрінде іс-жүзінде өз бастауын алуда. Дегенмен бұл концепцияны бұрынғы
кеңестік республикалар шеңберімен шектеуге болмайды. Қоғамымыздың
ғаламдануы процесіндегі нарықтық қатынастардың экономикалық сипата жағынан
ғаламдық мәнге ие, себебі қазіргі әлемдік нарықтық елдер арасындағы қандай
да болмасын шегаралардың болуын мойындамайтындығын мәлім. Сондықтан да
мұндай концепция төңірегіндегі талдау жасау тақырыптың өзектілігін аша
түседі.
Экономикалық ғылым алдында интеграциялық қатынастардың теориялық және
практикалық тұрғысын зерттеу бағытында жаңа міндеттер тұр. Кеңес үкіметі
жылдарындағы әртүрлі экономикалық жүйелерге деген теориялық көзқарастар,
нарықтық қатынастардың жалпылама сипатын және жеке меншік мүмкіндіктердің
мақұлдамаулар, мемлекеттік меншік нышанын әсерлеу сияқты көзқарастар өткен
тарих беттерінде қалды. Қазіргі таңдағы қоғамымыздың дамуы тарихымызда
нарықтық қатынастардың ғаламдық бетбұрыс алуларымен сипатталатын болады,
сондай-ақ бұл процесс ғылымының барлық саласында көрініс табуда. Сондықтан
да жаңа өмір талаптарына сай интеграциялық қатынастардың теориялық
концепцияларын ғылыми тұрғыдан жете зерттеудің қажеттілігі мен маңызы арта
түсті.
Интеграция проблемалары төңірегінде отандық экономист-ғалымдар да
қалам тербеді, олардың еңбектерінің тақырыпты зерттеу барысындағы алатын
орны зор. Атап айтсақ, Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялануы
және әлемдік экономикада алатын орнын анықтау мәселелері туралы ой пікірлер
А.Алшановтың, О.Әлиевтің, Я.Әубәкіровтың, А.Әшімбаеваның, Р.Елемесовтың,
А.Есентүгеловтың, А:Қошановтың, Е.Жатқанбаевтың, К.Сағадиевтің, Л.Сухованың
және т.б. еңбектерінде қаралды.
Дегенмен, аймақтық экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық экономикалық одақ
Халықаралық ұйымдардың классификациясы
Нарықты тауармен қанықтыру
Герберт Спенсер
Посткеңестік мемлекеттердің әлемдік шаруашылыққа экономикалық интеграциялануы: ерекшеліктері және қазіргі кездегі тенденциялары
Халықаралық экономикалық интеграцияның кезеңдері
Конфедеративтік мемлекеттер бірлестігі
Орталық азия аймағындағы интеграциялық процестер: мәселелері мен келешегі
Халықаралық экономикалық интеграцияның теориялық негіздері
Экономикалық интеграция
Пәндер