Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар және міндеттер


ҚазаҚстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар және міндеттерУақыты: 2006-02-01Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев тұжырымдап, 2006 жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында тұр.Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ІЖӨ-лерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық - 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2006 жылы бұл көрсеткіштің 4150 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастаушыға айналды. Алайда, Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ-пен, Канадамен, Жапониямен, Аустралиямен және кейбір дамып келе жатқан (Корея, Малайзия, Шығыс Еуропа елдері) елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы қазақстандық ІЖӨ әлдеқайда төмен.Факторлық талдау соңғы жылдардағы экономикалық өсу көп ретте негізгі қорлардың ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Сарапшылардың деректері бойынша, экономикалық өсудегі капитал факторының үлесі өнімділік өсімінің үлесінен екі есе дерлік артық. Экономикадағы негізгі қорлардың қатты тозғанын ескерсек, дамудың осы кезеңінде бұл оң жағдай болып табылады. Болашақта өсудің негізгі факторы еңбектің жиынтық өнімділігінің артуы болуы керек.Осы жылдар ішінде жаңа бюджеттік жүйе қалыптасты. 2000 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің кірістері 2, 6 есе ұлғайды. Елдің одан әрі экономикалық өсуін көтермелеу мақсатында салық жүктемесін азайту бойынша түбегейлі шаралар қабылданды.Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Нәтижесінде жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетел инвестицияларының көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде көш бастаушыға айналды. Тұтастай алғанда тәуелсіздік жылдарында 40 млрд. АҚШ долларына жуық шетел инвестициялары тартылды. Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері 15, 4 млрд. долларды құрайды. Халықаралық “Муудис” рейтинг агенттігі тарапынан кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі республикалар ішінде Қазақстанға инвестициялық сыныптағы елдік рейтинг берілді.Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4, 6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30%-ға ұлғайтылды. 2007 жылы кезекті ұлғайту жоспарлануда. Мұндай ұлғайту жеке секторда нақты жалақының және тұтастай алғанда экономиканың өсуімен қатар жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін ең жоғарылардың бірі екенін және 2005 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 282 АҚШ долларын құрағанын атап өту қажет. Бұл көрсеткіш Қырғызстанда - 64, Тәжікстанда - 32, Ресейде - 322, Беларусьте - 231, Украинада - 166, Әзірбайжанда - 126, Молдовада - 110, Арменияда - 111 АҚШ доллары.Бізде бірнеше жылдан бері тек қана ТМД елдерінің арасында ғана емес, жалпы үздіктердің бірі деп танылған жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Зейнетақы жүйесін реформалау 2000 жылға қарай зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар бойынша жиналған берешектің барлығын өтеуге мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін жасауға бағытталған. Егер осы шаралар қабылданғанға дейін Қазақстан ең төменгі зейнетақы мөлшері бойынша ТМД елдерінің бәрінен алда, зейнетақының орташа мөлшері бойынша Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен деңгейлес болса, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі бойынша Қазақстан кеңестен кейінгі кеңістіктегі елдер ішінде ең жоғары орынға шықты. Базалық зейнетақы төлемімен қоса алғанда ең төменгі зейнетақы мөлшері бүгінде 70 АҚШ долларын құрайды, ал зейнетақының орташа мөлшері 90 АҚШ долларынан артық.Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес Қазақстанның даму банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация сияқты даму институттары құрылған. Бүгінде оларды жалпы капиталдандыру 1 миллиард АҚШ долларынан асады. Тұтастай алғанда 2004-2005 жылдары республика бойынша қаржыландыру көздері есебінен 1, 5 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға 395 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 18 мыңдай жұмыс орны ашылды. Тұтастай алғанда Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру экономиканың жылына 9%-дан кем емес өсу қарқынын қамтамасыз етеді деп күтілуде.Ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта отырып жетілдіру жөніндегі Қазақстанның басым міндеттерінің бірі Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру болып табылады. БСҰ-ға кіру бойынша келіссөз үдерісі қарқынды түрде жүріп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режімін реттейтін заңдарының 80%-ы дерлік БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде. БСҰ-ға кіру отандық тауар өндірушілердің бизнес жүргізудің халықаралық стандарттарына көшуіне қуатты ынталандырғыш болады.Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік салада кешенді түрде шешілуге тиіс проблемалар баршылық. Қазіргі кезде кедейшілікпен күрес және елдегі жұмыссыздықты азайту өзекті мәселеге айналды. Бұл саладағы негізгі мақсат экономиканы әртараптандыру және индустриялық-инновациялық даму есебінен экономикалық өсу, өнімділікпен еңбек ету үшін жағдайлар жасау, еңбек рыногындағы белсенді саясат және халық кірісін ұлғайту, инфляцияны саналы түрде ірку, кедейлердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік көмектің атаулылығын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.Одан әрі даму үшін біз жоғары технологиялар мен білімге, сондай-ақ жеке сектордың жаңашыл бастамаларына негізделетін инновациялық жолды таңдадық. Негіз ретінде кластерлік әдіс алынды. Бірінші кезеңде біз өзіміз үшін мұнай-газ мәшинелерін жасау, тағам және тоқыма өндірісі, көліктік-логистикалық қызметтер көрсету, металлургия және құрылыс материалдары, туризм сияқты салаларды айқындадық. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімді мамандандырылуын осылар айқындайды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында бірінші басымдық ретінде Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беруді атады. Бұл ретте салықтардың жиналуына, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын енгізу және бизнес мүддесі үшін Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігіне баса назар аударылды.Салық саясатын жүзеге асыруда болжам жасаудың жеткіліксіз деңгейін көрсететін белгілі бір кемшіліктер орын алуда. Бұл айтылғандарға соңғы жылдары салық түсімдерінің параметрлерін негізсіз төмендету үрдісі дәлел бола алады. Айталық, 2000 жылы республикалық бюджетке түсімдердің бастапқы көлемі 340, 3 млрд. теңге мөлшерінде айқындалып, енгізілген түзетулерді ескере отырып, ол 347, 5 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылған болатын, ал іс жүзінде есеп деректері бойынша 381, 8 млрд. теңгені немесе бастапқы мәнінен 12, 2% (41, 5 млрд. теңге), 2001 жылы бюджетке түсімдердің бұл мәні тиісінше 412, 4 млрд., 489, 0 млрд. және 490, 0 млрд. немесе 11, 9%-ға (77, 6 млрд. теңгеге) артық болды. 2003 жылғы республикалық бюджеттің нақтыланған түсімдер көлемі 710, 2 млрд. теңге немесе бекітілген бюджеттің осындай көрсеткішімен салыстырғанда 78, 6 млрд. теңгеге артық болып көзделген. Бұл үдеріс әлі де болса сақталып отыр.Одан басқа, жоспарлау кезінде салық түсімдері қандай факторлардың есебінен алынатынын, атап айтқанда, “көлеңкелі секторды” қысқарту қаншалықты жақсартуға - капиталдың қаншалықты өсуіне әлде еңбек өнімділігінің қанша артуына жеткізетінін ашып көрсету керек еді. Бұл ретте сарапшылардың есептеулері ҚҚС бойынша ғана оның шекті ықтимал шамасы 330 млрд. теңгедей болуы керектігін көрсетеді, ал 2004 жылғы ҚҚС-тың жалпы түсімдері 242, 1 млрд. теңге мөлшерінде белгіленді, яғни резервтер өте үлкен, оның ішінде “көлеңкелі экономиканың” да ықпалы бар. ІЖӨ мен ҚҚС-тың іс жүзіндегі деректеріне қатысты корреляциялық-регрессивтік модельдеуді пайдалану негізінде есептелген ҚҚС болжамы 1995 жылдан бастап 2003 жыл аралығындағы кезеңде абсолюттік мәнінде корреляцияның (немесе тәуелділіктің) коэффициенті былайша құралатынын көрсетеді: R2=0, 9055, ал регрессияның теңдеуі (желілік модель) : у=0, 0547х-22, 965 немесе у=243, 8. Осы тәуелділікке сәйкес 2004 жылға ҚҚС болжамының есебі 243, 8 млрд. теңгені құрады, бұл болжамнан 1, 7 млрд. теңгеге артық.Оның үстіне, 2004 жылғы жасалған болжам бойынша нөлдік ставкамен салынатын және республикалық бюджеттен қайтарылуға жататын ҚҚС сомалары 2006 жылғы 1 қаңтардағы 37, 5 млрд. теңгенің орнына 78 млрд. теңге мөлшерінде жоспарланған.Сонымен бірге, мемлекет өндірілген бір тонна мұнайдан қандай пайда алады деген сұрақ туындайды. Сарапшылардың деректері бойынша, 2002 жылы мұнай өндіретін компаниялардың кірістері 2001 жылмен салыстырғанда 16%-ға өскен, мұнай өндіру көлемі 18%-ға ұлғайған, ал бюджетке төленетін салықтар 12%-ға азайған. 1998-2002 жылдар арасындағы кезеңге жасалған талдау 1998 жылы мемлекетке салық түрінде 12 АҚШ доллары; 1999 жылы - 9; 2000 жылы - 24; 2001 жылы - 29 АҚШ доллары түскенін, ал 2002 жылы бұл көрсеткіш 22 АҚШ долларына төмендегенін көрсетті. Мысалы, Ресей Федерациясында өндірілген бір тонна мұнай құнынан мемлекеттік бюджет 50 доллардан кем алмайды. Шикізат компанияларына салықтық жүктеме коэффициенті сияқты көрсеткіштің маңызы да аз емес, яғни, 1998 жылы бұл көрсеткіш 8%-ды құрады, 2000 жылы - 13%-ды; 2001 жылы - 18%-ды көрсетті, ал 2002 жылы бұл көрсеткіш 14%-ға дейін төмендеп кетті. Біз тәжірибесіне жиі жүгінетін, әсіресе Ұлттық қорды қалыптастырған кезде жүгінетін Норвегияда бұл көрсеткіш 50-80%-дан кем емес. Осылайша, мұнай өндіруші секторға тіпті тағам өнеркәсібінен де төмен салық салынады. Қазақстанның тағам өнеркәсібі бойынша бұл көрсеткіш 14, 4%-ды құрайды.Елбасы стратегиясында бірінші басымдықтың екінші міндеті ретінде елдегі инфляцияны іркудің негізі болуға тиіс несие-ақша саясатын атады. Бұл ретте жекелеген экономистер бюджет шығыстарының өсуі айналыстағы ақша санының ұлғаюына ықпал етеді және инфляцияны тудыруы мүмкін деп санайды. Осы жағдайда, біздің ойымызша, инфляцияның ең қарапайым, ақша айналысының жылдамдығы мен олардың санының көрсеткішіне негізделетін үлгісі ескеріледі. Ал экономика өсуінің басты көзі болып табылатын - өндіріс көлемінің ұлғаю ықтималдығына мән берілмейді. Сондықтан жан басына шаққандағы ІЖӨ өсуінің өзара байланысын мемлекеттік шығыстар көлеміне, барлық инвестицияларға, соның ішінде жеке сектордағы инвестицияларға, тұтыну және жинақтау деңгейіне және т. б. қатысты талдап, есептеген жөн. Қоғамда инфляцияның өндіріске қатерлі әсері болады, ол ІЖӨ-нің қысқаруына әкеп соғады деген пікір бар. Алайда, бірқалыпты, реттелетін инфляция, Д. Кейнс дәлелдегендей, экономика өсуінің үздік тәсілі болуы мүмкін.Елдің экономикалық дамуының күрделі проблемаларының бірі - ұлттық валюта мөлшерінің айналымда оңтайлы болуы болып табылады. Экономикалық жүйеде теңгенің статистикалық өзгеруі жеке шаруашылықтар, компаниялар мен фирмалардың шешімдерді таңдауына күшті әсер ете алады. Сондықтан тұрақты ақша жүйесін жүзеге асыруды мүмкін ететін жағдайлар жасау басым міндет болып табылады. Бұған АҚШ-тың жұмыс тәжірибесі мысал бола алады, онда ұлттық табыстың көлемі мен банк пайыздарының нормасына байланысты ақшаға сұраным айқындалады (1-кесте) . Кестенің деректері банк пайызы нормасының белгілі бір деңгейінде және атаулы ұлттық табыстың белгілі бір шамасы кезінде ақшаға сұраным мөлшерін анықтайды. Бағандарда орналастырылған деректер банк пайызы нормасының өзгеруі мен атаулы ұлттық табыс өзгермейтін кезде сұраным жасалатын ақшаның санымен не болатынын, екінші жағынан, кестенің әрбір жолы ақшаға сұранымға реакцияны және ұлттық табыс шамасының өзгеруін көрсетеді.АҚШ-тағы ұлттық табыстың атаулы көлемі мен банк пайызының нормасына байланысты ақшаға сұранымПайыз Атаулы ұлттық табыс(млрд. долл. )нормасы(%) 200 400 600 800 1000 12002 120 240 360 480 600 7203 80 160 240 320 360 4804 60 120 180 240 300 3606 40 80 120 160 200 2408 30 60 90 120 150 18010 24 48 72 96 120 14412 20 40 60 80 100 12014 17 34 51 68 85 10216 15 30 45 60 75 90Атап айту керек, белгіленген бағам кезінде, сарапшылардың бағалаулары бойынша, ақшалай ұсыныс параметрлерін қалауыңызға қарай өзгертуге болады, бірақ бұл өндіріс пен сұранымға әсер етпейді. Екінші деңгейдегі банктер резервтерін ұлғайту және қайта қаржыландыру ставкаларын арттыруды шектеу осының дәлелі болып табылады, олар банктердің шет елдерден қарыз алуына және Қазақстанға шет ел валютасы, соның ішінде шикізат тауарлары экспорты тасқынының ұлғаюына септігін тигізеді. Мұндай жағдайда елдің Ұлттық банкі теңгенің бағамын ұстап тұру мақсатында валюта рыногына теңгенің жаңа массаларын шығару арқылы шетел валютасын сатып алады.Осыған орай қағидатты тұрғыда ұлттық валютаның “құбылмалы бағамын” ұстап тұруға болады. Осы қадамның оң сәттері, біздіңше, біріншіден, ұлттық валютаның белгіленген бағамын ұстап тұру үшін жұмсалған елдің алтын-валюта резервтерін үнемдеу болып табылады. Бұл ретте алтын-валюта резервінің белгілі бір сомасын ұзақ мерзімді кредит түрінде басым салалар экономикасын көтеру үшін пайдалануды; екіншіден, алтын-валюта ресурстарының бір бөлігін елдің сыртқы қарызын өтеуге жіберуді ұсынамыз; үшіншіден, жоғарыда санамаланғандармен байланыста импорттық тауарлардың “көлеңкелі” әкелінуі мен елден капиталдың әкетілуін ең төменгі деңгейге дейін азайту ұсынылады.Сонымен бірге нарықтық бағалардың факторлық табыстарға: 1) жалақы; 2) пайыз; 3) рента; 4) кәсіпкерлік табыс болып бөлінетінін ескеру қажет. Осыған байланысты Қазақстанда бағалардың өсуі негізінен сұраныстың ұсыныстан асып түсуіне байланысты болатын сұраным инфляциясы емес, өндіріс шығындары мен айналымының өсуімен байланысты болатын шығындар инфляциясы есебінен өсетінін атап өту қажеттігі бар.Мемлекет басшысы үшінші басымдық ретінде қазіргі заманғы әлеуметтік саясатты атады. Бұл ретте ел Президенті жұмыс орындарын ашу есебінен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету және еңбек өнімділігі мен басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер өсіміне барабар бюджет саласында еңбекке ақы мен әлеуметтік төлемдер өлшемдерінің жүйесін қолдану қажеттігін атап көрсетті.Еңбеке ақы төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бұл жүйені реформалаудың екі кезеңі жүргізілді: бірінші кезеңде базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттерге негізделген жалақы төлеу жүйесі енгізілген болатын; жалақы төлеу жүйесіне жоғары, орта және төменгі басқару деңгейлерін енгізу екінші кезең болды. Бұл шара мансаптық өсуді ынталандыруға бағытталды. Біздің пайымдауымызша, жетілдірудің үшінші кезеңінің мақсаты жиынтық еңбек өнімділігі мен сапаны арттыру болуға тиіс.Бұл орайда экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақыдағы айырмашылық кем дегенде 6-7 есені құрайды және экономика салалары арасындағы қолданылатын айырмашылықтармен айқындалады. Жұмыссыздығы бойынша материалдық жәрдем алатын адамдардың үлесі 61, 2%-дан 10, 25%-ға дейін қысқарды. Бұл жұмыссыздық мәртебесі мен оларға материалдық көмек көрсету тәртібіне заңнамалық өзгерістер енгізумен байланысты болды. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары (жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту) қолданылады.Жәрдемақылармен отырған және жұмыс істейтіндерге дұрыс жалақы төлегісі келмейтін елдің экономика мен әлеуметтік салада қиындыққа тап болатынын атап айту қажет. Түптеп келгенде, әлеуметтік жәрдемақылар жүйесі, ол кедейлерге қамқорлық болып көрінгенімен, шын мәнінде қаражаттарды байлардан кедейлерге аудару болып табылады. XX ғасырдың тәжірибесімен жалпыға ортақ берекелі деп аталатын мемлекеттің ерте ме, кеш пе жұмыс істейтіндерге және экономиканың өсуін қамтамасыз ететіндерге дұрыс жалақы төлеу қажет деген тоқтамға келетіні дәлелденген.Толыққанды еңбек рыногының қаз тұрып қалыптасуы жағдайында жұмыспен тиімді айналысу талаптары бірінші кезекке қойылады, бұл ретте адамның еңбекке көзқарасы түбірінен өзгереді, оның нәтижелері үшін жауапкершілігі артады. Әрбір адамның жұмыс орнының құндылығын күрт арттыратын және оған өз қабілеттерін барынша ашуға, артынан осы негізде өмірдің сапасын өне бойы арттыруға мүмкіндік беретін жағдайлар туғызу маңызды. Еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері заңнамалық актілермен белгіленеді. Бұл ретте қызметкерлер еңбегіне ақы төлеудің жүйесі мен мөлшерлерін кәсіпорындар өз бетімен белгілейді. Осыған байланысты, біздің пайымдауымызша, еңбекке ақы төлеудің (табыстан) жаңа түріне көшу қажет, оның мәнісі мынада: 1) әрбір кәсіпкердің ұжымның барлық мүшелерінің еңбек үлесі мен жалақы мөлшерін бағалау құқығы болуға тиіс; 2) ұжым мүшесінің меншік иесі болуға және шешімдер қабылдау мен табыстардың бөлінуіне қатысуға құқығы болады; 3) жалдаудың келісім-шарттық жүйесіне және өндірістің түпкі нәтижесі бойынша еңбекке ақы төлеуге көшу қажет, онда міндеттер, еңбек нормалары, жалақы мөлшері, еңбек пен тұрмыс жағдайлары көрсетіледі.Бізде қызметкерлерге бүгінде өтелетін қажетті еңбек ақы дамыған елдерге қарағанда аз, бұл экономиканың жағдайымен байланысты болады. Көптеген елдерде ұлттық табыстағы жалақының қоғамдық қордағы үлесі талай онжылдықтарда өзгерген жоқ: 60-70%, бізде 37, 7%. Арзан еңбектің түпкі нәтиже үшін жауапкершілігі де аз болатыны баршаға мәлім. Бұл ретте нарықтық экономика жағдайларында еңбекке ақы төлеу жүйесі өнімнің саны мен сапасына, жалпы табыс пен жеке еңбек үлесіне тікелей байланысты етіліп қойылуға тиіс.Оның үстіне соңғы жылдары дамыған елдерде жалдамалы қызметкерлердің жеке жинақ ақшалары өндірісті дамытуға барған сайын кеңірек тартылатын болды. Бұл орайда жапондықтар тәжірибесі атап өтерліктей, олар 40-шы жылдардың аяғынан бастап жеке жинақ ақшаларын өндірісті дамытуға сала бастады. Осы орайда ең соны технологияларды әзірлеумен және пайдаланумен айналысатын фирмалардың көпшілігі акцияларын жалдамалы қызметкерлерге жеңілдетілген жағдайлармен сатады. Нәтижесінде барған сайын еңбекшілердің басым көпшілігі акционерлерге айналады. Мысалы, Ұлыбританияда өз корпорацияларының бағалы қағаздар салымдарына тартылған еңбекшілердің саны 2 млн. адамға жетті. Францияда, Жапонияда, Италияда халықтың ақша қаражаттарын акционерлік жинақтау қорларына тарту жекешелендіру барысында болып өтті. Біздің пікірімізше, бұл екі нұсқаны да еңбекті ынталандыруға да, сол сияқты қаржы ресурстарын тарту үшін де пайдалануға болар еді.“Кедейлер” тобы, яғни тұрақты жұмысы бола тұра қалыпты өмір сүру үшін не қажеттен аз алатын азаматтар болып тұрған жағдайларда, еңбекке лайықты ақы төлеуді қамтамасыз ету, сөз жоқ, елдің әлеуметтік саясатының басты бағыты болуға тиіс. Жалақы және халықтың тұтастай табыстары оның төлемге қабілетті сұранымын қалыптастырады. Бұдан шығатын түйін мынадай: табыс неғұрлым төмен болған сайын жиынтық сұраным да соғұрлым төмен. Нарықтық экономикада қызметкерлердің жоғары жалақысына мемлекеттің мүдделілігі олардың өздерінен еш кем емес. Оның себебі, нарықтық экономика негіздерінің бірі орнықты сатып алушылық сұранымының халықтың негізгі бөлігі табыстарының жеткіліктілігіне байланысты екенінде болып отыр. Теориялық нұсқамаларды іс жүзіне асыру үшін мемлекеттің салыстырмалы қысқа мерзімде негізгі көпшілік табыстарын арттыруға және осы негізде елдегі экономикалық өсуді ынталандыруға бағытталған белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі қажет. Бұдан басқа біз еңбекке ең төменгі ақыны белгілей отырып, заңсыз “көлеңкелі” табыстарға жариясыз жол ашқандай боламыз, бұл жалақыны салық салудан, зейнетақылық аударымдардан алып кету салдарын туындатады.Егер ең төменгі жалақы өте төмендетілген болса, онда елдегі еңбекке ақы төлеудің жалпы деңгейінің арттырылуының кідіртілетіні айдан анық. Біздің пайымдауымызша, бұл істе ең төменгі күнкөріс деңгейін, ең төменгі жалақыны, ең төменгі зейнетақыны міндетті түрде еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланыстыра отырып анықтау әдістемесін жетілдіруге ерекше назар аударған жөн. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері мен өсуі нақты әлеуметтік-экономикалық негізі бар нормативтер арқылы есептелуге тиіс.Сарапшылардың бағалауы бойынша, ІЖӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі шамамен 25-30%-ды құрайды. Бұл орайда заңға бағынатын кәсіпкер ҚҚС түрінде 15%, заңды тұлғалардан табыс салығы және басқалар түрінде 30% төлесе, онда “көлеңкелі бизнес” өкілдері заңсыз табыстардың айтарлықтай сомаларын алатыны белгілі болады. Осыдан
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz