ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫС
Жер шарын алаңдатқан қаржылық дағдарыс неден басталды? Оның әлемдiк
нарыққа келтiрген шығыны қаншалықты? Қазақстандық экономиканы қаржылық
дағдарыстың үсiгi шалмас үшiн бiздiң билiк ненi ескеруi тиiс? Халықаралық
қаржы қорының Қазақстан мен оған көршiлес жатқан өзге де орталықазиялық
елдерде экономикалық саясатты күшейте түсуге кеңес беруi не себептi?
ДАУДЫҢ БАСЫ...
Әлемдiк нарықтың қазiргi жағдайы халықаралық сарапшыларды шынымен
алаңдатып отыр. АҚШ Федералдық қор жүйесiнiң бұрынғы жетекшiсi Алан
Гринспен: Бүгiнгi дағдарыс – ХХ ғасырдың ең күштi қаржылық дағдарысы деп
мәлiмдедi. Кезiнде инвесторлардың көзiн қызықтырып, активтердiң бiрiнен
кейiн бiрiн сатып алуға жетелеген қомағайлықтың соңы байлардың қолындағы
барынан айырылып қалу қаупiне ұласқан. Дүниежүзiлiк нарықттағы ахуалды 1987
және 1998 жылдардағы дағдарыстармен салыстырған Гринспен 1837 және 1907
жылдардағы банк саласындағы қиын кезеңдi еске алды. Жалпы халықаралық қор
нарығындағы жағымсыз жайттар Американың ипотека нарығындағы ахуалмен тығыз
байланысты. Ипотекалық делдалдардың төлемдердiң уақытылы өтелмеуiнен есi
шықты. Қаржыларының басым бөлiгiн ипотекаға қатысты құнды қағаздарға салған
қорлар құлдыраудың шарықтау шегiне жеттi. Ең сорақысы, америкалық
ипотекалық дағдарыс барлық халықаралық сауда алаңдарына кесiрiн тигiздi:
Ұлыбритания, Франция, Германия мен Азия елдерiнiң биржалық индекстерi күрт
төмендедi. Iрi инвесторлар банкротқа ұшырамас үшiн ресейлiк активтерге
салған ақшаларын қайтарып алып, америкалық қазыналық қағаздарға ауыстыра
бастады. 1987 жылдың 19 қазанында АҚШ-тың негiзгi қор индикаторы Лоу
Джонестiң көрсеткiшi 22,6 пайызға бiр-ақ төмендегенде жаңбыр жаумай жатып
су болған инвесторлар байбаламға басқан едi. Осының салдарынан еуропалық
және азиялық биржалар күтпеген жерден төменге қарай құлдилап, гонконгтық
биржа 1 апта бойы жұмыс iстеген жоқ. Алайда, қаржылық дағдарысқа Жапония
ғана селт етпедi. Сарапшылар пiкiрiнше, сол кездегi дағдарыстың тарихи
маңызы, бүкiләлемдiк экономикалық және қаржылық билiк Американың қолынан
Жапонияға өттi. Қазiрдiң өзiнде жапондар тұтынудан гөрi өндiруге көңiл
бөлсе, АҚШ керiсiнше, өндiруден гөрi тұтынуға ден қойған. Сондықтан Жапония
шет мемлекеттердегi активтерiн үстемелей түсiп, Америка қарызға белшеден
батқан үстiне батты. Алайда, көп кешiкпей жапондар да сазға отырды.
Өйткенi, 1998 жылғы дағдарыс азиялық қор нарығындағы құлдыраулардан
басталған болатын. 1997 жылдың күзiнде Таиланд пен Гонконгтың қор нарығында
орын алған тұрақсыздық 1998 жылғы дағдарысқа ұласып, Жапония, Индонезия мен
Оңтүстiк Кореяның қор нарығына керi әсер еткен. Сол жылы Ресей ГКО бойынша
дефолт жариялады. Орыстардың ұлттық валютасы – рубльдiң бағамы күрт
төмендеп, Ресейдегi шетелдiк инвесторлар орыстардан сырт айналды. Бiрақ
әлемдiк нарықтағы мұнай мен газ, металл бағаларының өсуi инвесторларды
орыстармен қайта қауыштырды. Үстiмiздегi жылы халықаралық қор қайтадан
қиын кезеңдi басынан өткере бастады. Сарапшылар пiкiрiнше, Американың
ипотекалық дағдарысы қытайлық экономиканың өсу қарқынына кесiрiн тигiзуi
мүмкiн. Ал, бұл әлемдiк нарықтағы шикiзат бағасының төмендеуiне ықпал
етпек.
ПРЕЗИДЕНТ ПӘРМЕН БЕРДI
Кейiнгi жылдары әлемдiк қаржы жүйесi орталық банктердегi ставкаларды
тарихта бұрын-соңды болмаған төмен көрсеткiшпен ұстап тұрған болатын.
Әрине, бұл бағытта қолданылған тәсiлдер түрлi болды. Бiрақ мамандар
пiкiрiнше, ең негiзгi үш шара бар. Бiрiншiсi, банктiк несиелердi құнды
қағазға айналдыру. Сатып алуға ниеттенген инвесторлар санының көптiгi
нәтижесiнде iс сәттi өтiп, банк баланстары босады, бұл несиелеудiң көбеюiне
ықпал еттi. Алайда тым күрделi саналатын несиенi құнды қағазға айналдыру
тәсiлi Америкадағы ипотекалық дағдарыстың кесiрiнен тоқырауға ұшырап тұр.
Екiншiсi, жекеменшiк кәсiпорындарды олардың қарыздарымен бiрге сатып алу
арқылы ұлғаю. Бұл компаниялар несиенi инвестицияның бастау көзi ретiнде
пайдаланып, кәсiпорындарға тиесiлi акциялардың бақылау пакеттерiн сатып
алды. Несиелiк нарықтағы дағдарыс бұл шараны да тоқтатып тастады. Үшiншiсi,
carry trade валютасын саудаға шығару. Аталған тәсiл жапондық иен арқылы
қаржыландырылған болатын. Өкiнiшке қарай, carry trade те күткен нәтиженi
бере алмады.
Активтердiң бiрiнен кейiн бiрiн саудаға шығару, банктердiң банкротқа ұшырау
қаупi несиелеу нарығындағы дағдарысқа әкеп соғары сөзсiз. Өткен аптада АҚШ
долларының бағамы күрт төмендедi (соңғы екi аптада доллар бағамы жапондық
иенмен салыстырғанда, 18 айлық көрсеткiшке бiр-ақ әлсiреген). Оған
тәуекелге бел буу арқылы пайдаға шаш-етектен кенелудi әдетке айналдырған
инвесторлардың Федералдық қор жүйесi пайыздық ставканы мүмкiндiгiнше
төмендетедi деген сенiмдерi себеп болған. Бiрақ доллардың иенге шаққандағы
шығыны спиралдық жүйе бойынша көз iлеспес шапшаңдықпен өсе бастағанда
үрейге бой алдырған инвесторлар байбаламға басты. Аузы күйген үрiп
iшедiнiң керiн келтiрген инвесторлар ендi қаржыларын ақша нарығының
сенiмдi активi – EPFR-ге салуды қолға алды. Ресми деректерге сүйенсек, 2007
жылдың 1-7 қарашасында ақша нарығына түскен инвесторлар қаржысы 20,5
миллиард доллардан асқан. Ал тамыз айындағы есеп бойынша, бұл көрсеткiш 100
миллиард долларға жуық. Қаржының басым бөлiгi облигация нарығы мен
шикiзаттық инвестициялық нарығында қаржы қордаланып қалған дамушы елдерден
келдi деген болжам бар. Доллардың әлсiреген бағамынан, АҚШ-тың бәсеңдеген
экономикасынан, дағдарыс жайлаған нарықтан араша iздеген инвесторлар
қолдағы мол қаржысын желге ұшырып алмаудың әдiс, айласын iздеп әлек.
Халықаралық облигациялар қоры өзiне кеп құйылған қаржы ағыны туралы алғаш
рет ақпарат таратты. EPFR тарапынан берiлген деректерге сүйенсек, дамушы
елдердiң акциялар мен облигациялар қоры соңғы бiр аптада 2,69 миллиард
доллар көлемiнде таза пайда түсiрген. Ал, АҚШ-тың акциялық қорынан
инвесторлар керiсiнше, 8,44 миллард доллар қаржысын алып кеткен. Бұл
еуропалық және жапониялық қаржы нарығының әлсiреуiн жеделдете түстi.
Сонымен қатар инвесторларды iрi экономикалық жобалар да қызықтыруда.
Мысалы, соңғы кездерi Бразилия, Корея, Қытай мен Ресей қорларына салынған
қаржы 878 миллион доллардан асқан. Алайда, Халықаралық қаржы қоры Кавказ
елдерi мен Орталық Азиядағы Қазақстан, Әзiрбайжан, Түркiменстан сияқты
басқа да мемлекеттердiң қаржылық саясатында қатаң шаралар қабылдауға кеңес
бередi. Қап тауының етегiндегi елдер мен орталықазиялық аймақ дүние жүзi
бойынша экономикалық тұрғыда жедел дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында.
Ағымдағы жылы жалпы iшкi өнiм деңгейi орташа есеппен алғанда, 13 пайызға
жеткен. Шетелдiк инвесторлар қаржысының аталған аймаққа үздiксiз құйылуы
мен халықаралық нарықтағы азық-түлiк бағасының қымбаттауы кейiнгi кездерi
инфляция деңгейiнiң тез өсуiне әсер еттi. Осыдан екi ай ғана бұрын 12
пайыздан асып кеткен инфляция ауыздықталған. Халықаралық қаржы қоры
қымбатшылықтың үсiгiне шалынбас үшiн кейбiр елдерге пайыздық ставкаларды
өсiру және ұлттық валютаның күшеюiне мүмкiндiк беретiн шетелдiк валюта
нарығындағы бағамдық арақашықтықты азайту керектiгiн айтады. Сонымен қатар
мемлекеттiк шығындарды да мүмкiндiгiнше азайта түскен жөн. Әлемдiк
сарапшылар пiкiрiнше, экономикалық саясатты күшейткен кезде ғана аймақтағы
экономикалық дамуын одан ары жақсартуға болады. Халықаралық беделдi ұйым
тарапынан айтылған ақыл-кеңестi қазақ билiгiнiң қаншалықты ескерерi әзiр
белгiсiз. Бiрақ өткен аптада бiрқатар шенеунiктi қызметiнен босатқан
Президент Назарбаев Үкiметке қаржылық дағдарыстың алдын алуға қатысты
шараларды жан-жақты қарастыруға пәрмен бердi

Әлемдік экономикалық дағдарыс кем дегенде екі жылға созылады

Дүниежүзін шарпыған экономикалық дағдарыс кем дегенде екі жылға созылады.
Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Көлік және коммуникация
министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осындай болжам жасады, деп хабарлайды
агенттік тілшісі.

"Мен кеше Халықаралық валюта қоры мен бірқатар халықаралық экономикалық
ұйымдармен келіссөздер жүргіздім. Әлемдегі бұл дағдарыс ұзаққа созылмақ.
Біз бастапқыда дағдарыстың шарықтау шегі 2009 жылдың көктем немесе күзіне
дөп келеді деп болжаған болсақ, қазіргі жағдай осы жолғы дағдарыстың қысқа
мерзімді емес, ұзаққа созылатындығын көрсетіп отыр", -деді премьер-министр.

Оның айтуынша, Қазақстанның саудадағы басты серіктестері Ресей мен Қытайда
"егер экономикалық өсім болып жатса, ол өте төмен өсім болмақ". Көрші
елдердегі жағдай Қазақстанның транспорт саласын дамытуға әсерін тигізбек,
деді премьер-министр. "Қазақстанның өнім экспорттау 2008 жылдың төртінші
тоқсанында төмендеді, бұл жайт 2009 жыл бойы жалғасатын шығар", - деді
Кәрім Мәсімов.

Әлемді алдағы уақытта жаңа қаржы жүйесі күтіп тұр

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат. Ербол Азанбек - Әзірше соңы
көрінбей тұрған әлемдік қаржы дағдарысы бүгінде жаһанда жиі қозғалатын
басты тақырыптардың біріне айналды. Дағдарыс басталғанда басымен қайғы
болып кеткен қаржы институттары дағдарыс мерзімі жылға жуықтағанда, етек-
жеңдерін жинап,осы бір құйын іспетті жылдамдықпен әлем аралып жүрген
бәлекеттен құтылу жолдарын жиі сөз ете бастады. Саяси сарапшыларға
қарағанда, болжамы нық, сөзі салмақты көрінетін қаржы сарапшылары мен қаржы
әлемінің өкілдерін толғандырған бұл дағдарыс қашанға созылады, қаржы
әлеміне қандай өзгерістер әкеледі, жеңу жолдары қандай сынды сұрақтар қай
отырыстың болмасын басты тақырыбына айналды. Алайда әлі нақты көрініс
айқындалған жоқ. Тек дағдарыстың алғашқы легі өткен соң ғана қаржы әлеміне
қандай өзгеріс әкеледі, жеңу үшін не істеу керек сынды сұрақтардың
жауаптары шыға бастады.
Алайда оның қаншаға созылып, қалай құбылатынын ешкім дөп басып айта
алмайды. Сөйтіп соқыр тұман арасында жүргендей болған қаржы әлемінің
мамандарын толғандырған сауал әлі көп. Бұған дәлел, өткен аптада БТА
банкінің ұйымдастыруымен Алматыда дәстүрлі IX банкаралық конференция өтті.
Төрткүл дүниенің 30 елінен 500-ден астам қаржы саласының белгілі
ойыншылары бас қосқан отырыстың басты тақырыбы ретінде Әлемдік дағдарыс
пен ТМД-дағы банк жүйелері-ойынның жаңа ережелері талқыланды. Бұның
аясында әлемдік қаржы нарықтарының жай-күйі, ТМД елдерінің қаржы нарығының
болашағы, инвестициялық рейтингтер, қаржы нарығын мемлекеттік реттеу,
ипотекалық несие нарығының болашағы, жаһанданудағы банктік топтардың
жолындағы қиындықтар мәселелері де қызу пікір талас алаңына айналды.
Сонымен әлемдік банктердің, қор және валюта биржаларының, инвестициялық
қорларының, рейтинг агенттіктерінің, аудиторлық және заң компанияларының
көрнекті өкілдері бас қосқан отырыстан қандай ой түюге болады?
Отырыс барысында айтылған сарапшылар пікірінше, былтыр басталған қаржы
дағдарысы әлемдік қаржы тарихында ең ауыр дағдарыс ретінде қалатын болады.
Өйткені оның басталуы да, өтуі де, аяқталуы да түсініксіз. Қаржы
сарапшылары бас қатырған дағдарыс болып отыр. Отырыс сарапшылардың бірі
дағдарыс аяқталды десе (қарапайым адамның басына келмейтін ойды қаржы
маманының қалай айтқаны түсініксіз), бірі оның тегеуріні енді басталды
десті.
Жалпы қазір әлемдік нарықта бұндай қиын жағдайдың тууына оның моделінің
қандай екендігі белгісіз болғандығы себеп дейді ресейлік экономикалық
сарапшы Михаил Хазин. Ол бұл 3 айлық өтпелі кезең бе, жоқ 2-3 жылдық
дағдарыс па, әлде 10 жылдық әлемдік депрессия ма оны ешкім білмейді. Негізі
соны анықтау керек. Бұл дағдарыстың диагнозы жоқ дейді.
Қалай десек те сарапшылар сөзінен байқағанымыз, былтыр басталған
дағдарыстың алғашқы толқыны өткен. Жиынға жиналған сарапшылар жақында оның
екінші легі басталады, соған дайындық болуы тиіс десті. Өйткені соңғы
аптада қаржы нарығында тағы да аласапыран басталды. Қор нарығындағы
құлдыраған жағдай АҚШ пен Батыстық қаржы институтарын жалмай бастады. Уолл
Стриттің жағдайы тіпті қиын. Ал Ресейдің тәуелсіз және банктік рейтингі
төмендеді. Жалпы бұған қарапайым нарықтық құбылыс ретінде қарауға
болғанымен, қаржы нарығы үшін өте ауыр салдар. Өйткені миллиардтаған
қаржылық активтер жойылуда.
Жалпы жыл аяғына дейін біздің есеп бойынша АҚШ пен Батыста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық дағдарыстың жағдайы және экономикаға оның әсері
Әлемдік қаржы дағдарысы
Нарықтық экономикадағы дағдарыстың пайда болу себептері
Әлемдік дағдарыс» себептері ,оның жеңу жолдары
Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға әсері және оның тереңдігі
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Әлемдік қаржы дағдарысының алғышарттары
Нарықтық экономикадағы дағдарыс
Дағдарыстың қазіргі кезеңдегі жалпы жағдайы Дағдарыстан шығудың Қазақстандық тәжірибесі және оны реттеу тетіктері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Пәндер