Экономикалық қатынас жүйесіндегі әлеуметтік инфрақұрылымның орны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Экономикалық қатынас жүйесіндегі әлеуметтік

инфрақұрылымның орны.

Қоғамдық ұдайы өндірістің дамуында әлеуметтік инфрақұрылымның алатын орны алдыңғы қатардағы өзекті мәселелердің бірі екендігі анық. Олар бүгінгі таңдағы ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сондықтан әлеуметтік, экономикалық және т. б. күрделі мәселелерді шешуде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және оны жетілдіру - бүгінгі күннің басты талабы.

Қоғамдағы экономикалық қатынастардың тиімділігінің нәтижесін халықтың өмір деңгейімен, қажеттіліктерінің, яғни білім алу, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсететін көлік және коммуникация салаларының қызметтеріне жеткілікті түрде қол жеткізу жағдайымен сипаттауға болады.

Әлеуметтік инфрақұрылым - бұл барлық элементтері өзара және қоғамдық оңтайлы арақатынаста болатын белгілі бір салалар кешені болғандықтан, қазіргі Қазақстан экономикасын дамытуда әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда, оның даму басымдылығына ерекше көңіл бөлінуде.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың соңғы екі жылдықта 2005-2006 ж. ж. әлеуметтік саясатты іске асырудағы өз жолдауларында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдар, бағыттардың жүзеге асырылуында ең басты әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның қызметтерінің дамуына айрықша көңіл бөлуі бекер емес. Сондықтан, ғалымдар, экономиканың өндірістік және әлеуметтік саласындағы қызметкерлер осы әлеуметтік инфрақұрылым салаларының әрі қарай дамып, қызмет істеуіне көңіл бөлуде.

Әлемдегі дамыған елдер тәжірибесі бойынша, қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің жоғары деңгейі көбіне ғылыми-техникалық жетістік пен әлеуметтік салалардың дамуымен байланысты. Бұл елдерде шағын және орта бизнестің қызметі 60-80 %-ды құрайды, ал бұл әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын көрсетеді. Сондықтан да бұл елдерде әлеуметтік инфрақұрылым өзінің дамуында материалдық өндіріс салаларынан айтарлықтай алдыңғы қатарда дамуда. Бізде әлі де болса, кейінірек дамып келеді.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайы экономикалық жүйенің өтпелі кезеңіндегі процестер қарқынында болып жатқан құрылымдық, институционалдық өзгерістер легінде әр түрлі жағдайдағы кезеңдерді өткергені анық. Ол экономиканың рыноктық модельге көшуі, әр түрлі меншік қатынастарының дамуы, ұлттық білім жүйесінің әлемдік білім жүйесіне енуі және тағы басқа да өзгерістер аясында қалыптасады.

Экономикалық қатынас жүйесінде әлеуметтік инфрақұрылым қоғамның басқа салаларымен, алдымен, материалдық өндіріс саласымен тығыз байланыста дамиды. Бұл салалар өзара байланысқан, өзара тәуелді. Материалдық өндіріс қызметкерлерінің еңбек өнімділігін көтерудің арқасында, қоғам әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы үшін ресурстардың көп үлесін бөлу мүмкіндігін алады, өйткені материалдық игіліктер өндірісінің осы көлеміне жетуге қажетті ресурстар азырақ талап етіледі. Өндірісті қамтамасыз ететін материалдық-заттық элементтердің маңыздылығын мойындай отырып, біз адамзат іс-әрекетін оңтайландыратын жағдайларда әлеуметтік инфрақұрылымға назар аударамыз. Өйткені адам тірлігі әлеуметтік инфрақұрылымға тікелей байланысты.

Қазіргі кезде кез-келген үрдістің басты және бірден-бір жасаушысы адам және оның еңбегі болып табылатыны дәлелдеуді қажет етпейтін шындыққа айналды. Барлығы да, тіптен ең күрделі техника да адамның заттандырылған білімімен ұсынылады. Ал, бұл кезде адамның ғылыми білімдерді әлеуметтік инфрақұрылым салалары жүйесіндегі қызмет көрсету аясы есебінен алатынын ескеретін болсақ, онда инфрақұрылымдық ішкісалалары жүйесіндегі жұмсалған еңбек Қазақстанда құны аз және төменгі төлемді. Сондықтан да осы сияқты мәселелерді шешуге еліміз басты назар аударып отыр.

Әлеуметтік инфрақұрылым және оның экономикалық қатынастар жүйесінде маңызды қызмет етуі ұлттық өндіріс шеңберінен шығып, халықаралық қатынастар жүйесінде де неғұрлым маңыздылығы арта түсуде. Бұл - Қазақстан экономикасы үшін жаңа бағыттардың бірі. Сондықтан, оны теориялық негіздеу қажеттілігі туындайды. Тіптен, басыңқыларының халықаралық практикасындағы бұрыннан барларын ғана емес, келешектегі дамытудың негізделуін зерделеу талабы да қойылады. Өйткені, көрсетілген қызметтің аясын кеңейту тенденциясы бар. Мұнда Қазақстанның ұлттық өндірісі мен менталитетін қалыптастыратын тиімділігін өсірудің үлкен мүмкіндіктері қаланған.

Елімізге әлеуметтік инфрақұрылым салаларының қызмет көрсетуін әлемнің дамыған елдерімен терезесін тең ұстамай, әлемдік рыноктағы ұлттық тауарлардың бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастықтан экономикалық тиімділік алу мүмкін емес.

Аталған мәселені шешу қызмет көрсету жүйесінде мамандарды даярлау деңгейлеріндегі, сонымен қатар, халықаралық келісім-шарттар және басқа да мәмілелерсіз жүзеге асыру мүмкін болмайтын қызмет көрсетудің алуан түрлеріндегі стандарттау талабын да қояды.

Әлеуметтік инфрақұрылымның қызметін тұтыну арқылы қоғамдағы адамның қалыптасып дамуы қоғамның үзіліссіз даму процесіне тікелей ықпалын тигізеді.

Шаруашылықты жүргізудің қазіргі жүйесіндегі ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде ел экономикасының бәсекелестік қатынаста дамуын қамтамасыз етуге, жалпы өмір сапасының жоғарлауына тікелей әсерін тигізетін әлеуметтік инфрақұрылым салаларының қызмет көрсетуінің құрылымы мен мазмұны да өзгереді. Мысалы, байланыс, көліктің жаңа құралдары пайда болып, жетілдірілуде, ақпараттық қызмет пен басқа да ғылыми жетістіктерді пайдалануда өзгерістер енуде. Олар қызметтің басқа да көптеген аялары бірмезгілде пайдаланатын әмбебап көпмақсатты қызмет көрсетуді ұсынады. Әсіресе, материалдық өндіріс және әлеуметтік бөлімшелерге ақпараттық қызмет көрсетудің маңызы ерекше. Олар шаруашылықты жүргізудің экономикалық қатынас жүйесінде кеңінен қолданылады. Мұндай қызмет көрсету ұлттық экономиканың шеңберінен тысқары, тұтастай алғанда, әлемдік қоғамдастықтың құнды ресурсы болып табылады. Ақпараттық өндіріс және оның қызмет көрсету аясы өзінің масштабтылығы бойынша көп жағдайда интернацияландыру типті өндіріске жатады. Олар күн озған сайын әлемдік қоғамдастықтың игілігіне айналуда.

Экономикалық қатынас жүйесінде әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік игіліктерді беру процесін қамтамасыз етудегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің негізгі қызметтері келесідей:

  1. әлеуметтік аяларды ресурстармен (материалдық-техникалық, еңбек, қаржы, ақпараттық) қамтамасыз ету;
  2. әлеуметтік инфрақұрылымның жиынтық объектілерін басымды қаржылық (мемлекеттік) қамтамасыз ету;
  3. аумақтағы халықтың әлеуметтік игілік пен қызметті кепілдікті тұтынуын ұйымдастыру;
  4. әлеуметтік қызметті кепілдікті тұтыну ұйымының негізгі тәсілдері:
  • халықты әлеуметтік қорғау шараларының жиынтығын өңдеу;
  • ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерімен қамтамасыз ету;
  • халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін жоғарлату және жұмыссыздық деңгейін тұрақтандыру;
  • жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру жүйесін өңдеу.

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілері төмендегі факторлар негізінде дамиды:

  • әлеуметтік ая ұйымдарын қаржылық қолдау жүйесін қалыптастыру;
  • халықтың тұрғын-үй- тұрмыстық қызметін тұтыну мөлшерін реттеу;
  • әлеуметтік объектілерді инвестициялау, салық салу, жеңілдікпен несие беру жүйесін құру;
  • халыққа әр түрлі әлеуметтік көмек көрсетуде мемлекеттік стандарттарды сақтау және бекіту.

Қоғамның қазіргі сипаты экономикалық қатынас жүйесінде әлеуметтік инфрақұрылым қызметтерінің басым болуымен түсіндіріледі. Әлеуметтік инфрақұрылым салаларының қызметтері адамның әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырудың қоғамдық ұйымдастырылған тәсілдері мен формаларында көрініп, тұтыну құнын қалпына келтіру және оны жасауға, сондай-ақ тұрмыстағы таза қызметтердің тікелей қанағаттандырылуына бағытталған.

Қазіргі уақытта әлеуметтік инфрақұрылым технология байланыстарының кластерлі жүйесімен байланысты халық қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жалпы мақсатты қызметті орындайтын салалар мен ұйымдардың жиынтығын қамтиды. Инфрақұрылымның салаларының перспективалық бағыттары ұлттық экономиканың ахуалы мен жиынтық ішкі өнімнің өсу қарқынымен, инвестициялық тартымдылығымен, ішкі және халықаралық нарықтарда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз ететін өндірістің басымды салаларының дамуымен анықталады.

Инфрақұрылымдық салаларды дамытудың мол тәжірибесі дамыған елдерде жинақталған. Өйткені, инфрақұрылым салаларының қызмет көрсету аясы бұрынғыдан да қанатын кеңейте түсуде және соған орай, ұлттық экономиканың жүйесінде соған жұмсалатын шығындар да өсуде. Алайда, ең алдымен қызмет көрсету аясындағы жұмсалатын шығындарды белгілі бір шамада төмендетіп, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру қажет.

Әлеуметтік инфрақұрылым мәнісін анықтау кезінде кейінгі индустриялдық қоғамның жеке адамын қалыптастыратын атқарымына үлкен көңіл бөлінеді. Қазіргі адамның дүниетанымы ұлттық және әлемдік жетістіктерді кіргізуші құндылықтар жүйесінің жиынтығында негіз қалайды.

Қоғамда тұлғаны қалыптастыру және оған берілген генетикалық қасиеттерін одан әрі дамыту үшін оларды тұтыну заттарымен және бірінші кезекте материалдық өндіріс салаларында шығарылатын азық-түлікпен қамтамасыз етудің орасан зор маңызы бар.

Тұтынатын заттар мен азық-түліктерден басқа қызмет көрсету ретінде денсаулық сақтау, білім беру, көлік пен коммуникация қызметтері, коммуналдық қызмет ету жүйелеріндегі шағын механизмдер пайдаланылады.

Ғылыми-техникалық революция кезеңінде ғылым мен прогресті технологияның ролі түбегейлі өсуде. Ғылымды қажет ететін инфрақұрылым салаларының шапшаң дамуы басыңқысына айналып, ал мұндай дамуға өту қарқындары өсе түсуде.

Осыдан білікті кадрлардың даярлануын жүзеге асыратын әлеуметтік инфрақұрылымның сол салаларын шапшаң дамыту қажеттігі туындайды. Басқаша айтқанда, әлеуметтік инфрақұрылым салаларының белгіленген мөлшерден оза даму қажеттігі туындайды.

Әлеуметтік инфрақұрылымның білім беру саласы елімізге қажетті мамандардың өндірушісі болса, денсаулық сақтау саласы мамандардың толыққанды еңбек потенциалын қалыптастыруға тікелей ықпалын тигізетін және ұдайы даму процесіне тікелей әсер ететін сала болып табылады.

Қазіргі таңда әлеуметтік инфрақұрылым салаларының ішінде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткіштері - білім мен біліктілік болып табылады. Ең алдымен, бәсекеге қабілетті осы заманғы білім жүйесін құру керек. Адам, оның білімі мен біліктілігі экономиканың өсуінің, бәсекеге қабілеттіліктің негізгі күші. Білім беру саласының жалпы экономикалық дамуға адамның білімділік, біліктілік қасиеттерін арттыру жағынан әсері байқалады және қоғамды алға жылжытады. Сонымен қатар кәсіби білікті және бәсекелестік қабілеттілігі жоғары адами капиталдың әлемдік рынокқа танылуына жол ашады. Сондықтан да, білім саласының маңыздылығы инфрақұрылымның басқа салаларының толыққанды қызмет атқаруымен, нарық талабына сай бәсекелестік қабілеттілігі жоғары мамандарды дайындаумен ерекшелінеді.

Денсаулық сақтау саласы қоғамның экономикалық потенциалының жоғарлауына әсерін тигізеді. Ол адамға тікелей медициналық қызмет көрсетуімен сипатталады. Денсаулық сақтау саласының қызметтері экономикалық сипаттағы түрлі тауарлар мен қызметтерден тұрады. Бұл қызметтерді тұтыну ерікті түрде қарастырылмайды, ол белгілі бір мәжбүрліктен туындайды. Сондықтан да экономикалық қатынас жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге халық тарапынан әр кезде де сұраныс жоғары болады. Ал, ол сұранысты қанағаттандыру денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтерінің көрсеткіші.

Экономикалық қатынас жүйесіндегі әлеуметтік инфрақұрылымның маңызды салаларының бірі - бұл халыққа қызмет көрсететін көлік және коммуникация саласы. Көлік пен коммуникация саласы еліміздің тыныс-тіршілігінде аса маңызды рөл атқарады. Бұл еліміздің орасан үлкен аумағымен (2725 мың км), оның халқының сирек орналасуымен (орта есеппен 6 адам/ км), шикізат және өндіріс ресурстарының шашыраңқылығымен сабақтасады. Осындай ахуалда көлік-коммуникациялар кешені(ККК) еліміздің әлеуметтік-экономикалық жадайын қамтамасыз етеді.

Қазіргі жағдайда ішкі, не болмаса әлемдік нарықта да халыққа қызмет көрсететін көлік және коммуникация салалар қызметінің ролі ерекше орын алуда.

Көлік - бұл шаруашылықаралық және мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыратын шаруашылық қызметтің бір түрі. Көлік қызметін жеделдету барысында елімізде теміржол, автокөлік, су және әуе көлігінің қызметтерінің орын алуы және олардың халықаралық аренада қызмет көрсетуі бірте-бірте жандану үстінде. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі көлік үлесі 2004 жылы 10, 4% құрады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған міндетіне сәйкес экономика мен бәсекеге қабілеттілігі көбіне көлік-коммуникация кешені қызметінің тиімділігіне байланысты.

Осыған орай Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы да бекітілді. Көлік стратегиясындағы жаңа серпілістер дамуымыздың жаңаша сипаты. Стратегияның негізгі мақсаты - Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігінің, соның ішінде экспорттық әлеуетінің өсуіне ықпал ететін тиімді көлік инфрақұрылымын құру.

Көлік инфрақұрылымының дамуы бұрын қалыптасқан өндірістік тәсілдерге емес, жаңа әлеуметтік бағыт арқылы айқындалатын ұлттық экономиканың және тұрғындардың көлік қызметіне өсіп келе жатқан сұранымдарын қанағаттандыруға бағытталған саясатқа сүйенуде. Көлік кешенінің қызмет көрсетудегі мәні жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда сапалы қызмет көрсетуінен көрінеді. Бұл саланың қызметіне қоғамның даму деңгейі мен жағдайы тікелей байланысты.

Бүгінгі күнгі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын жетілдіру жағдайында коммуникация қызметі де маңызды орын алады. Қазақстанның кең байтақ өңірін қамту шарттарында коммуникация саласының мәні жыл сайын арта түсуде.

Коммуникация - экономика мен қоғамның ұдайы өсетін коммуникациялық сұранымын қамтамасыз ететін, серпінді түрде дамып келе жатқан өндірістік-шаруашылық кешен.

Коммуникация экономиканың барлық салаларында өндірістік үрдістердің қалыпты жұмыс жүруі үшін қажетті ақпараттық ағымдарды беруді және қоғамның материалдық игілік жағдайын құру аумағында процестердің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Қазақстанның географиялық орны мен орасан зор кеңістік - Евроазиат субконтиненті орталығы және 3 млн. км 2 жерді жайлауы - мемлекеттегі телекоммуникация мәнін айқындай түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері
Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму мәселелері
Саланың бәсекеге қабілеттілігі
Құбыр көлік инфрақұрылымы
Агроөнеркәсіп кешенің дамытудағы шаруашылық инфрақұрылым саласының ролі
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ұлыбритания мемлекетінің туризм саласының дамуы
Ауыл шаруашылық өндіріс өнімінің есебі және оны жетілдіру
Басқарушылық шешімнің құқықтық принципі
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі ақпараттар ағынын ұйымдастыру мен олардың шындыққа жанасу негіздерін айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz