Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы

Алматы - 200 ж.

ЖОСПАР

  1. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен даму кезеңдерi.
  2. Экономикалық теорияның пәнi мен әдiсi. Экономикалық заңдар мен категориялар.
  3. Экономикалық жүйе: мәнi, критерийлерi, типтерi.
  1. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен даму кезеңдерi.

Политэкономия - қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары жөнiндегi ғылым. Қызықты экономикалық этюдтердi философтар, жазушылар, дәрiгерлер анықтап отырған. Мәселен, политэкономияның көрнектi өкiлi - ағылшын Уильям Петтидiң «Еңбек - байлықтың атасы, жер оның - анасы» деген әйгiлi қағидасы жұртқа мәлiм. Қазiргi Политэкономия пәнi капитализмнiң дүниеге келу қарсаңында (16 ғ. аяғы - 17 ғ. басы) дами бастады. Алғашқыда буржуазия өндiрiсте емес, байлықтың бейнесiнде танылған сауда және алтын операцияларымен айналысатын айналыс сферасында әрекет еткен. Сол себептi де бастапқы экономикалық iлiм ретiнде меркантилизм (итал. тiлiнде mercante - саудагер) iлiмi қалыптасты. Оның мәнi: байлық сыртқы сауда нәтижесiнде жиналады, сол себептi тек айналыс сферасын зерттеу қажет деген пiкiрдi дәрiптедi.

Меркантилизм екi кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде (15 ғ. - 16 ғ. басы) ол алтын мен күмiстi байлықтың жалғыз формасы ретiнде идеализациялауға тән монетаризм түрiнде танылады. Монетаристер «ақша балансы» теориясын ұсынды. Оған сәйкес олар елден ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салу қажеттiгiн ұсынды. Соңғы меркантилистер ақша емес, тауар айырбастау сферасын зерттеуге көштi. Осылайша «Сауда балансы» теориясын жасаған болатын. Алғашқы меркантилситерден айырмашылығы соңғы меркантилистерақшаны шетке шығаруға тыйым салмады, өндiрiстiк тауарлардың экспортын көбейтiп, шетелдiк тауарларға жоғары кеден салығын салып, ұлттық экономиканы қорғауды, яғни протекционизм (лат. аударғанда protectio - қорғау) саясатын жүзеге асыруды ұсынды. Меркантилизмнiң өкiлдерiне Т. Мен, А. Монкретьен, У. Стаффорд, У. Кольбер, Ресейде Ордын-Нащокин (1605-1680), И. И. Посошков (1632-1726) және т. б. кiредi. Айналыс сфераларындағы ьағыттарды жаулап алып, буржуазия өндiрiс сферасына өтедi. Бұл бiрден теориядан көрiнедi: байлықтың көзi өндiрiлген игiлiктер тек айырбасталатын сауда сапасы емес, өндiрiс болып табылатыны дәлелденедi. Шынайы байлық ақша емес, тауарлар. Осылайша политэкономияның классикалық мектебi пайда болады. Оның бастапқы негiзiн Уильям Петти мен француз П. Буагильбер құраған. Ол кездерi Европа әлi аграрлы ел болғандықтан көптеген экономистер өндiрiстi ауыл шаруашылығымен теңестiредi. Олар физиократтар мектебiнiң (грек тiлiнен аударғанда physic - табиғат, kratos - билiк ) өкiлдерi деп аталады. Бұл мектеп Францияда 18 ғ. орта шенiнде қалыптасты және классикалық политэкономияның француздық варианты болып табылады. Оның негiзiн салушы 15 Людовиктiң дәрiгерi Франсуа Кенэ (1772-1823) жатады. А. Смит 1777 жылы «Халықтар байлығының табиғаты мен себебi жөнiнде зерттеу» кiтабын жазған. А. Смиттiң негiзгi идеялары:

  • Еңбектiң құндық теориясы және еңбек бөлiнiсiнiң прогрессивтi сипаты туралы iлiм;
  • Мемлекеттiң экономикаға араласуы минималды болуы;
  • Бәсекенiң әсерiмен сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасқан еркiн бағалар негiзiндегi рыноктың өздiгiнен реттелуi. Бұл экономикалық реттегiштердi ол «көрiнбейтiн қол» деп атады.

Экономикалық ғылымның әрi қарай дамуы күрделi жолдардан өттi. 19 ғасырдың екiншi жартысының басында политэкономия терең дағдарысты басынан өткердi. Ол екi тармаққа: марксизм және маржинализмге бөлiнiп кеттi.

Марксизмнiң негiзiн салушы - Карл Маркс (1818-1883) . К. Маркстiң басты еңбегi «капитал». К. Маркс өз зерттеулерiнiң пәнi етiп - өндiрiстiң капиталистiк әдiсiн және оғанг сәйкес өндiрiс пен айырбас арасындағы қатынастарды, ал соңғы мақсаты етiп - капитализмнiң экономикалық заңдарын ашуды көздедi. Маркс iлiмiнде еңбек құн теориясына сәйкес қосымша құн теориясына басты назар аударылған, онда қосымша құн өндiру - капиталистердiң пролетариятты қанауы арқылы өз байлығын арттырудың тұрақты көзiекендiгi зерттеледi. А. Смит сияқты К. Маркс те рынокты капиталдың қорлануының аса iрi құралы болып табылады деп есептедi. Алайда, Смиттен оның аырмашылығы сол, Маркс бұл процес таптық күрестiң шиеленiсуi және капитализмнiң күйреуiмен аяқталады деп есептедi, өйткенi оның қарама-қайшылықтары сонша елеулi болғандығынан рынок механизмiнiң оларды жоюға әлi жетпейдi. Бұл идея осы күнге дейiн пiкiр таласын туғызады.

Маржинализм (француз тiлi marginal - шектi), марксизмнен айырмашылығы - қанауға негiзделген өндiрiс әдiсi ретiнде капитализм мәнiн зерттеуден бас тартып, шаруашылық қатынастарын зерттеуге бет бұрды. Бұл бағыт 19 ғ. 70-жылдарында дүниеге келдi. Оның өкiлдерi: Австрияда - К. Менгер, Англияда -

У. Джевонс, Швейцарияда - Л. Вальрас. Маржиналистер экономика ғылымының мақсаты - шектеулi ресурстарды бөлудiң тиiмдi әдiстерi мен шаруашылықты ұтымды жүргiзудiң әдiстерiн iздестiруде деп таныды. Маржинализмнiң марксизмнен айырмашылығы - ол өзiне жаңа құнды пiкiрлер мен әдiстердi қабылдауға мәжбүр ететiн идеялар бәсекесi қысымында болды.

Қазiргi заманғы экономикалық әдебиеттен төрт негiзгi бағытты көруге болады. Бiрiншiсi - маркстiк концепция өмiршеңдiгiне әкiмшiлiк экономикада қолданылады. Екiншi бағыт - әкiмшiлiк әдiстерiн қазiргi заманғы кейнс (неокейнсианс) iлiмiмен бiрiктiредi. Үшiншi бағыт өкiлдерi - батыстық теорияны отандық iлiмге тұтас көшiрумен байланысты. Төртiншi бағыт өкiлдерi жаңа концепцияны iздеуде.

2. Экономикалық теорияның пәнi мен әдiсi. Экономикалық заңдар мен категориялар.

Экономикалық теория шаруашылықты тиiмдi жүргiзу жүргiзу заңдары мен шаруашылық жүргiзушi тұлғалардың әр түрлi деңгейлерi мен әр қилы тарихи кезеңдердегi әрекеттерiн ұғымдар мен категориялар жүйесi арқылы зерттейдi. Осылайша, экономикалық теория бiрiншiден, эконикалық заңдарды айқындайды. Экономикалық заң дегенiмiз - экономикалық ұғым ретiнде санада қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдар байланыстар. Экономикалық процестердiң iшкi мазмұнын, мәнiн анықтау үшiн объективтi заңдарды ашуды қажет етедi. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердiң қасиеттерi арасындағы қажеттi, тұрақты, ұдайы тәуелдiлiктердi көрсетедi және объективтi болып табылады, яғни себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды. Экономикалық заңдар - бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше экономикалық заңдар жекелей алынған дәуiрлерге, формацияларға тән. Мысалы: құлдық және феодолизм дәуiрiндегi материалды игiлiктердi бөлу заңдары. Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда әрекет етедi. Мысалы, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы және басқа да тарихи-элеуметтiк қажеттiлiктер. Екiншiден, ол әр түрлi категориялар мен заңдарды зерттейдi.

Микроэкономикада талдаудың негiзi ретiнде ең кiшiшаруашылық бiрлiгi - үй шаруашылығы, жекелеген фирма, бiрлестiк және т. б. алынады.

Мезоэкономика ұлттық экономиканың белгiлi бiр iшкi жүйелерiнiң немесе халық шаруашылық салаларының iс-әрекетi мен заңдарын зерттейдi.

Микроэкономикада елдiң экономикасы бiртұтас зерттелiнедi. Макроэкономиканың нысандары болып, қоғамның табысы мен байлығы, экономикалық өсудiң қарқыны мен факторлары және т. с. с.

қаралады. Мегаэкономика жалпы әлемдiк экономиканың әрекет ету механизмдерi мен заңдарын зерттейдi. Үшiншiден, ол тиiмдi шаруашылық жүргiзу заңдары мен шаруашылық жүргiзушi тұлғалардың әр түрлi тарихи кезеңдердегi iс-әрекеттерiнiң мәнiн зерттейдi. Экономикалық теория, басқа кез келген ғылым сияқты танымның әр түрлi формалары мен әдiстерiн қолданады, олардың барлығы шаруашылық өмiрдi зерттеу әдiстерiнентұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдiстер жалпығылыми және жеке болып бөлiнедi. Жалпығылыми әдiстер - бұл көне грек философтары негiзiнсалған және кейiнгi буын ғылымдары дамытқан диалектика-материалистiк принциптер. Бұл әдiстерге сәйкес барлық экономикалық процестер бiр-бiрiне тәуелдi қайшылықты түрде дамиды және ұдайы қозғалыста болып табылады.

3. Экономикалық жүйе: мәнi, критерийлерi, типтерi.

Әрбiр елдiң экономикалық жүйесi бар. Бұл жүйе бiр-бiрiне тәуелдi әртүрлi компоненттерден тұрады. Экономикалық жүйе - бұл материалдық, рухани игiлiктер мен қызметтердi өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесi. Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың iшiнде оның дамуына әсер ететiн:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теория: пән ерекшелігі және даму тенденциясы
Педагогика - тәрбие туралы ғылым
Демография және әлеуметтану
Химияны кіріктірілген модульдік оқыту тұжырымдамасы
Батыстағы әлеуметтік жұмыс теориясының даму тарихы
Германиядағы әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың ерекшелiктерi
Қазіргі білім берудегі интеграциялық процестер
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Дене шынықтыру және спорт педагогикасы – педаогикалық білімдер саласы және жалпы мәселелері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz