Экономикалық теорияның пәні
1.Меркантилистер экономика ғылымының зерттеу пәні ретінде сыртқы сауда және
елге ақшаны тартумен байланысты іс-әрекеттерді зерттейді деп қарастырады.
Классикалық
Мектеп экономика ғылымын байлық туралы ғылым деп қарастырады. Маркстік
теория экономика ғылымын өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастары
туралы ғылым деп анықтайды. Тарихи мектептің өкілдері экономикға ғылымын
ұлттық шаруашылық туралы деп анықтайды. Неоклассикалық экономиканың негізін
салушы Маршалл: Экономикалық теория адамзат қоғамының, адамның нақты өмір
сүру жағдайларының мәселелерін қарайды деген болатын. Қазіргі экономикалық
теория экономика ғылымының зерттеу пәнін ресурстардың сиректігі мәселесіне
байланысты анықтайды.
Экономикалық теория шектелген ресурстарды шексіз қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсатында қоғамның, топтардың, жеке адамның мінез құлқын
зерттейтін ғылым.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Теориялар Мәні
Меркантилизм Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады.
Т.Мен, А.Монкретьен Зерттеу мақсаты: айналыс аясы
Физиократизм Өндіріс аясын зерттеу. Бірақ өндіріс аясы
Ф.Кенэ, А.Тюрго түсінігіне ауыл шаруашылығы жатқызылған
Классикалық саяси Өндіріс аясының зерттелуі. Еңбек – барлық тауар
экономия құндылықтарының негізі мен өлшемі. Экономиканы
У.Петти, А.Смит, реттейтін заңдардың барлығы объективті болып
Д.Рикардо келеді. Қоғамның барлық топтарының табыс көздерін
анықтау
Марксизм Қосымша құн теориясы. Қоғамның барлық экономикалық
К.Маркс, Ф.Энгельс құбылыстары талдауының классикалық тәсілдемесі
Маржинализм Экономикалық категорияларды зерттеу үшін шекті
К.Менгер, У.Джевонс пайдалану. Микроэкономикалық әдіс
Жаңа классикалық теорияҚоғамдық нысанға тәуелсіз экономикалық
А.Маршалл, А.Пигу зерттеу-экономикалық адамның қылығы мен
субъективті себептері
Кейнсиандық Реттемелі экономика теориясы-мемлекеттің араласуы.
Дж.М.Кейнс Макроэкономикалық тәсілдеме
Институционализм Экономикалық дамудың сипаттамасы, нарық бөлігі
Т.Веблен, У.Митчел, болатын экономикалық институттардың жүйесі болып
Д.Гэлбрейт табылады
Кез келген ғылымның өзіндік зерттеу әдістері бар. Әдіс дегеніміз
экономикалық құбылыстар мен үрдістерді танудың тәсілі. Әдістер жалпы
әдістер және жеке немесе арнайы әдістерге бөлінеді. Жалпы әдістер:
абстракция әдісі, талдау және синтездеу әдісі, индукция, дедукция
әдістері, гипотеза, эксперимент, жүйелік талдау әдісі, аналогиялық әдіс.
Жеке әдістер: экономикалық , математикалық модельдеу, функционалдық және
шекті талдау, экстраполяция, баланстық әдіс, графиктік әдіс, ойындар
теориясы.
Экономикалық теорияның пәні - адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар
арасында игіліктерді өндіру , бөлуғ айырбастау және тұтыну процес терімен
байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель
сыйлығының лауреаты П Самуэльсон өзінің Экономика атты еңбегінде
экономикалық теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіруді жүзеге асыру,
адамдар арасында айырбас, ақшалай келісім шарттардан туындайтын қызмет
түрлерімен байланыстырады және экономикалық теорияның пәні өзгермейді, оны
нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды. Ол экономикалық теорияның
бірнеше анықтамаларын берді. Олар:
1. адамдар арасында ақшалай келісім шарттар мен айырбасқа байланысты
қызмет түрін зерттейтін ғылым
2. әртүрлі тауарды өндіру және оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін
қажет шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылым
3. адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін
жүзеге асыруды қарастыратын ғылым
4. байлық туралы ғылым.
2. Экономика туралы ғылым табиғат пен қоғам туралы адам білімінің жүйесі
ретінде дамыған құлдық қоғамда пайда болды.
Экономика туралы алғашқы түсініктер Ксенофонт, Платон, Аристотель және
басқа да ойшылдардың еңбектерінде берілген. Экономия терминін алғаш
ұсынған Ксенофонт, мұның мағынасы үй шаруашылығы (ойкос- үй, шаруашылық;
номос – заң) деген ұғымды білдіреді. Термин Аристотель еңбектерінде де
кездеседі, ол шаруашылықты екі түрге бөледі: экономия және хрематистика
(баю, пайда таба білу шеберлігі). Оның түсіндіруі бойынша экономикадан
хрематистика пайда болды.
Көп ғасырлар бойы экономия (ойкономия) сөзі үй шаруашылығын ұйымдастырып,
жүргізу ережелерін қамтыған. Сонымен қатар феодалдық бытыраңқылықты жеңу,
орталықтандырылған мемлекеттердің бірлесуі үй шаруашылығын жүргізу
ережелері емес, жалпы ұлттық мемлекеттік шаруашылықты жүргізу ережелерінің
анықталуын қажет етті. Осыған байланысты эконмия ұғымы жаңа мәнге ие
болып, саяси экономияға айналды, ол грек тілінде полис – мемлекет; ойкос
– үй шаруашылығы; номос – заң дегенді білдіреді.
Саяси экономия ұғымын ғылымға алғаш енгізген А.Монкретьен болатын. 1615ж.
оның Саяси экономия трактаты деген еңбегі жарық көрді, мұнда мемлекеттік
шаруашылықты жүргізу кеңестері мазмұндалған.
Саяси экономия ғылым ретінде XVI-XVII ғасырлар аралығында пайда болды. Бұл
кезеңде шаруашылықтың жаңа құрылымы - өзіне тән буржуазия табы бар
капитализм қалыптаса бастаған еді.
4. Экономикалық заңдар-адам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу,
айырбас пен материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды
анықтайды. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты
құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар
объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынган тәуелсіз
туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге
өзгеріп, дамып отырады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның
ішкі себеп-салдарының өзара тәуелділігін сипаттайды. Олар табиғат заңдары
сияқты объективті. Олар адамдардың өндірістік экономикалық іс-қимылымен
байланысты туындайды, ұзақ мерзімді бола алмайды, яғни көпшілігі белгілі
бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын
береді. Ескі кономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа
экономикалық жағдайларының туындауымени өз күшін жояды. Экономикалық заңдар
өздігінен,адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге
аспайды, адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-қарекетінен
тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып біліп, олардың
объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң
жүзеге аса алады. Экономикалық заңдар әрекет ету сипатына қарай ерекше және
жалпы болып бөлінеді. Ерекше экономикалық заңдар жекелей алынған
дәуірлерге, формацияларға тән. Жалпы экономикалық заңдар барлық
экономикалық формацияларда әпекет етеді(еңбекөнімділігін арттыру, уақытты
үнемдеу заңы).Сонымен, экономикалық заңдар-адамдар арасындағы экономикалық
қатынастарды бейнелеу формасы.
Экономикалық категориялар-адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының
теориялық көрінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі
экономикалық категориялар болып табылады. Экономикалық категориялар тарихи
сипатта болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін
сипаттайды. Тауар, құн, ақша,капитал, пайда және т.б. экономикалық
категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объктивті сипатын,
қоғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық өмірдегі құбылыстарды сипаттап
қорытындылауға көмектеседі.
1-сұрақтағы кестені қой
7. Экономикалық теориядағы негізгі аксиома – адам қажеттіктері шексіз, ал
ресурстар шектеулі.
Табиғи ортаға табиғи және еңбек ресурстары мен басқа да өмір сүру
жағдайлары жатады.
А) Табиғаттың берген сыйлары табиғи ресурстарды құрайды. Әлемде іс жүзінде
барлық табиғи ресурстарға аса бай елдер бар. Олардың қатарына Ресей,
Қазақстан, АҚШ, Қытайды жатқызуға болады. Көптеген елдер өздерінің
экономикалық қызметтерін ресурстардың табиғи шектелгендігі жағдайында
жүзеге асырады. Барланып және шығарылған табиғи ресурстар материалды
өндірістің әр түрлі салаларында шикізатқа айналады. Өз кезегінде шикізат
материалдары қоғамдық өндіріске тартылып және онда сан мәрте өңделгеннен
соң ғана экономикалық ресурстарға айналады.
Қазіргі заманғы өнеркәсіп 75%- ке дейін зор көлемде шикізатты жұмсайды. Бұл
жағдай көптеген елдердің шаруашылық қызметін шикізатпен жабдықтаушы елдерге
тәуелді етеді. Сондықтан дамыған елдерде өнеркәсіптік және тұрмыстық
қалдықтарды пайдалану жолдары жасалуда. Бұл салада жұмыс істейтін
экономистер айналма эрасының туатындығын, яғни экономикада табиғи қорлар
жабдықтаудың резервті көздері ролін атқарып, ол басты шикізат материал
қалдықтарын өңдеп, ресурстар қайталанып қолданылады деп болжауда.
Б) Табиғи ортаның екінші маңызды элементі – еңбек ресурстары. Олардың
материалдық немесе өндірістік сфераларда қамтылған бөлігі экономикалық
белсенді халықты құрайды. Батыстың дамыған елдерінде бұл барлық еңбек
ресурстарының 70%-не, ал дамушы елдерде - 45-55%-не тең. Еңбекке жарамды
және жұмыс істемейтін халықтың арақатынасын ескерудің маңызы зор. Оны
демографиялық ауырлық (жүк) деп атайды. Әлемде орташа шамамен 100 еңбекке
жарамды адам өз табыстарымен 70 бала мен зейнеткерлерді қамтамасыз етеді.
Барлық ресурстардың бір қасиеті бар: сиректігі немесе шектеулі көлемде
болуы.
Әрбір қоғамда ресурстардың шектеулілігі - өз мүмкіндіктерінің
шектеулілігі басты мәселе. Ал, қажеттіліктердің орны қандай?
Қажеттілік – жеке тұлғаның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын
қалыпты деңгейде жүргізуге қажет қандай да бір нәрсеге талабы.
Қажеттіліктерді үш топқа бөлеміз: материалдық, рухани, әлеуметтік.
Алдыңғы кезекте, әрқашан материалдық қажеттіліктер, яғни киім, тамақ,
тұрғын үйге деген қажеттіліктер тұрады.
Рухани қажеттіліктер ғылыммен, өнермен шұғылдану, білім алу, адамгершілікті
жетілдіру және т.б. барысында қанағаттандырылады. Кең мағынада рухани
азыққа адамның қабылдайтын барлық ақпарат түрлері жатады.
Қоғамның дамуына орай қоғамдық және ұжымдық қызмет формаларына қатысуына
байланысты әлеуметтік қажеттіліктерді кеңейту мен қанағаттандыру
мүмкіндіктері де өсуде. Олар материалдық та, рухани да болуы мүмкін, бірақ,
ең бастысы олар қоғамдық сипатта және көптеген адамдардың бірге өмір сүруі
мен ынтымақтасу қажеттігіне байланысты.
8. Өндіріс- адам қоғамының өмір сүру негізі. . Өндірістің түпкі мақсаты-
тұтыну. Ол әр түрлі мұқтаждықтарды қанағаттандыру үрдісі.Экономика екі
іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді:шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі
ресурстар. Мұқтаждықтар- бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар
игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы.Мұқтаждықтарды
қанағаттантандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер
шектеусіз мөлшерде болады, ал екіншісі шектеулі. Соңғылары экономикалық
игіліктер деп аталады. Игіліктер:материалдық заттар және материалдық емес
заттар болып бөлінеді. Өндірістің дамуын үш сатыға бөлуге болады:
1.Индустриялдыққа дейінгі өндіріс-ауыл шаруашылығы және қол еңбегі
үстемдік етеді.
2.Индустриялдық өндіріс – ірі механикаланған машина өндірісі үстемдік
етеді.
3. Постиндустриялдық өндіріс – ғылым, білім, денсаулық сақтау, қызмет
көрсету.
Өндірістік факторлар- Өндіріс мүмкіндігіне және нәтижесіне әсер ететін өте
маіызды объектілер. Өндірістік факторларды екі мектеп бөліп қарастырған:
Маркстік мектеп өндірістік факторды екіге бөледі: 1. жеке–еңбек үшін, яғни
адамның еңбекке деген физикалық және интелектуалдық қабілеттерінің жиынтығы
2. заттық–барлық құрал –жабдықтардың жиынтығы. Олар еңбек заттары және
еңбек құралдары болып бөлінеді. Еңбек заттары–адамның дайын өнім өндіру
мақсатында өз еңбегі арқылы әсер ететін заттар.Екі түрі бар: а)табиғи–
руда,мұнай.ә)белгілі бір табиғи процестен, өңдеуден өткен–шикізат,
материал. Еңбек құралдары – бұл адамның еңбек затына әсер ететін
қаруы.Түрлері:а) аспаптар, құралдар, машиналар, механизмдер. ә)қндірістің
ыдыс жүйесі. б)өндірістік объектілер. в) жер. г)электр қуаты, химиялы,
ядролық реакциялар.
Маржиналистік мектеп өндірістік факторларды төртке бөледі: 1.Жер–табиғаттың
адамға берген сыйы, табиғи фактор
2.Еңбек –игілікті және қызметтерді өндіруге қабілеті бар адамдар жиынтығы
3.Капитал– тауарлар мен өызметтердің өндірісте қолданатын игіліктердің
жиынтығы
4.Кәсіпкерлік қабілет– тәуелділікке, іскерлікке, ұйыдасулыққа, саналыққа,
жауапкерлікке кең пайдалануды талап ететін қабілет.
Өндіріс–адамның еңбегі арқылы кез келген өнімді жасау, оған ресурстарды
өңдеу үрдісі.
9. Өндіріс – бұл адамдардың табиғи заттарға әсер ете отырып, материалдық
және рухани игіліктерді өндіру процессі.
Игіліктер деп қажеттіліктерді қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Өндіріс
үш элементтің: адам еңбегі, еңбек заты мен еңбек құралдары өзара әрекеті
арқасында жүзеге асырылады. Оларды еңбек процесінің қарапайым моменттері
деп атайды.
Өндіріс пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты. Оның қоғамдық
өнімнің қозғалысындағы орнына қарай экономистер әр түрлі бағыттар ұсынады.
Біреулері, бұл саты шешуші мағынаға ие, себебі, егер материалды және рухани
игіліктер өндірілмесе, нені бөліп, айырбастап, тұтынылар еді. Кейбір
зерттеушілер пікірінше, экономика тек айырбас болғанда қалыптасады, сол
себепті тек айырбас пен бөлу шешуші сфераларға жататындығын айтады. Өз
пайымдауларында олар, әдетте, айырбас пен бөлуден басталатын батыстық
зерттеулерге сүйенеді.
Экономикадағы басты мәселе: ресурстардың шектеулілігі және адамдардың
шексіз қажеттіліктері жағдайында таңдау мүмкіндігінің болуы.
Қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі екі сфераның даму деңгейімен
анықталады: біріншіге материалдық өндіріс, екіншіге материалдық емес
өндіріс жатады.
Материалдық өндіріс сферасында заттық игіліктер өндіріледі (өнеркәсіп, ауыл
шаруашылығы, құрылыс және т.б.) және материалдық қызметтер көрсетіледі
(транспорт, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.).
Өндірістік емес сферада рухани және басқа да құндылықтар жасалынып, сәйкес
қызметтер көрсетіледі (білім беру, мәдениет және т.б.).
Екі сфера да ұдайы қарым қатынаста болады, әсіресе бұл қазіргі заманғы
жағдайларда бірден күшейіп кетті. Осылайша, бірқатар елдерде материалдық
өндірістің жоғары даму деңгейі материалдық емес өндірісте жалпы елдегі
еңбектенушілердің көп бөлігін (50-70%) қолдануға мүмкіндік береді. Өз
кезегінде, ғылыми жаңалық ашулар, техникалық өнер табыстары түріндегі
материалдық емес өндіріс сферасының жетістіктері өндірістік сфераның
дамуына зор ықпал етеді.
10. Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіндіктері өндірісте қолдпанылатын
ресурстардың сиректілігімен шектелінеді. Олар қоғамның дамуымен бірге
сақталынып қана қоймай, сонымен қатар түсуде. Бұл шектеулі табиғи
ресурстардың сарқылуына, жаңа тауарлар мен қызметтердің өндірісті дамытуға
жаңа серпілістерінің төмендеуіне әкеледі. Өз ретінде тауарлар мен
қызметтердің сапалық сипаттамасы өзгеріп, тұтыну тауарлары мен
инвестицияларға деген қажеттілік өседі. Бірақ, ресурстар шекеулі
болғандықтанң қоғам таңдау жасауы қажет. Таңдау жасай отырып, қоғам
біреуінен бас тартуы керек,, күткен нәтижеге жету үшін құрбандыққа баруға
тура келеді.
Ресурстардың сирек болғандықтан, тіпті толық жұмысбастылық пен толық
өндіріс көлемі болғандығына, тіпті толық жұмысбастылық пен толық өндіріс
көлемі болғанның өзінде экономика тауарлар мен қызметтерді шексіз шығара
алмайды.
Айталық, шексіз тауарлар мен қызметтер санын емес тек екі өнім: май мен
роботтар өндірсін, май тұтыну тауарларын, роботтар өндіріс құралдарын
бейнелесін. Егер бүкіл ел болып май өндірсе: 15000тг, ал роботтар өндірсе
6000 дана алады деп есептейік, әрине май мен роботтар қатар өндірілуі
мүмкін.
Май, мың тонна
15
12
9
6
3
роботтар ( мың дана)
1 2 3 4 5 6 7
График роботтар мен май өндірісінің максималды
мүмкіндігін көрсетеді. Мысалы, С нүктесінде 10000 т. Май өндірісі кезінде
3000 роботты өндіруге болады. Егер роботтар өндірісін 8000 дейін арттыру
қажет болса, май өндірісі 6000 дейін қысқартуға тура келеді. Бұл қосымша
2000 роботтар өндірісі 4000 т. Май өндірісі бас тартуға мәжбүр болады. Бұл
мысалда елдің үкіметі келесі шешім қабылдады, роботтар үшін май өндірісін
қысқартты. Май роботтарға трансформацияланды. Сондықтан өндіріс
мүмкіндіктерінің қисығы АЕ сонымен қатар трансформация қисығы деп аталады.
11. Өндіріс процесінің қоғамдық түрі қандай болмасын ол алдымен үзіліссіз
болуы керек, яғни белгілі сатылары кезеңмен қайталанып және қайта
қайталанып жүріп отыруы қажет. Өндіріс процесінің тұрақты қайталануы және
үзіліссіз жаңғыруы ұдайы өндіріс деп аталады. Ұдайы өндірісті екі типке
бөліп қарайды: жай және ұлғаймалы. Өндіріс процесінің көлемі мен ауқымының
үзіліссіз өзгермеген күйде жаңалануын жай ұдайы өндіріс дейміз.Өндіріс
процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануы және
жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. Жай ұдайы өндірісте өндіріс
нәтижесінде алынған қосымша құн өндірушінің өзіндік тұтынуына жұмсалады.
Егер қоғам жай ұдайы өндіріс шеңберінде шыға алмайтын күйде болса, онда ол
өзінің болашағын жеп қояды. Демек, оның заттық негізі: алдыңғы циклде
жиналған ұлттық байлықты жояды. Ұлғаймалы ұдайы өндірісте қосымша құнның
бір бөлшегі тағы да қажет өндіріс құрал жабдығы мен жұмыс күшін сатып алуға
жұмсалады
12.Экономикалық жүйе–материалдық игіліктердің(субъектілердің)
салт–дәстүрге, экономикалық принциптерге, мемлекеттік стратегияға
қарым–қатынасын жасау жүйесі. Экономикалық жүйенің қалыптасуына әсер ететін
факторлар:
– елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі шаралар жүйесі
–меншік құрылымы
–ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер
–мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері
Экономикалық жүйенің түрлері:
1. дәстүрлі–салт–дәстүрге, әдет–ғұрыптарға негізделген экономикалық
қызметтерді қамтитын жүйе. Бұл жүйеде реформалар жүргізу қиынға
түседі, жүйедегі әрбәр субъектінің экономикалық қызметі қауымдық болып
табылады. Қоғамдық меншік басым болады, артта қалған технологиялар
болады.
2. әміршіл – әкімшілік экономикалық жүйе–бір орталыққа негізделген
барлығы жоспармен жүретін жүйе. Мемлекеттік меншік басым болады.
Өнімді тіркелген баға мен сәйкестендірілген жалақы арқылы тікелей
тарату, экономикалық ресурстар мен қаржыны қатаң бөледі. Экономикалық
тәртіп қатаң әкімшілік және қылмыстық–құқықтық шаралар қолдану арқылы
қамтамасыз ету. Бұл жүйеде кәсіпкерлік жоқ, саясат экономикадан басым
болады, көлеңкелі экономика барлық шаруашылық қызметін қолдайды,
экономикалық даму бағасының жалпы көрсеткіштері басым болып келеді.
3. нарықтық– еркіндікке негізделген жүйе. Мұнда сатушылар мен сатып
алушылар көп кездеседі. Жке меншік басым болады, бәсекелестік жоғары,
еркін баға белгілеуге болады, мамлекеттің араласуы шектеулі болады.
Жеке қызығушылық – қылықтың негізі.
аралас – бұл әміршіл және нарықтық экономикалық жүйелерінің
ұштастырылуынан пайда болады. Көртүрлі меншік болады, күшті кәсіподақ
қозғалысы, мемлекеттің реттеу және түзету ролі белсенді болып келеді
13. Меншіктің экономикалық мазмұнын заттың, материалдық игіліктің біреудің
иелігіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы, біз айтамыз:
мына жер аумағы менің меншігімде. Міне, осы әңгіме меншіктің экономикалық
мазмұнын түсіндіре ала ма? Байқап отырсақ, меншіктің экономикалық мән
мазмұнын бір сөбен айтып түсіндіру қиын екен. Меншіктің экономикалық
мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы
ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас, бөлу және тұтыну
қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп өрбуін
түсіндірудек тікелей өндірушілердің өндіріс құрал жабдықтарымен қосылу
әдісі де аса маңызды. Меншіктің әр қилы тарихи типтерін осы әдіс анықтайды
(әлеуметтік экономикалық дамуға формация шеңберінде талдау жасағанда):
• Бір адамның екінші адамға күш көрсету жолымен қосылуы, құл иеленушілік
және көпшілік жағдайда феодалдық меншік типі;
• Жұмыс күшін сатып алу, сату арқылы қосылуы, меншіктің капиталистік
(буржуазиялық) типі.
Меншік: бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік
ретінде тұлғаның нысанды пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға
ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары: жер,
ғимараттар, матеиалдық және рухани мәдениет заттары және т.б. жатады.
Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен
нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену: бұл
нақты қоғамдық затты иелену әдісі.
14. Меншік - меншік объектілерінің қатыстылығы жөніндегі адамдар
арасындағы экономикалық қатынастар. Меншік нысаны меншік объектілерінің
кімге тиесілі екендігін көрсетеді. Меншіктрің заңдық мазмұны меншік
иелерінің қоғамдық өндірісте әр түрлі еңбек өнімдерін иелену құқықтары
арқылы анықталады.
Меншік құқығы – белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес
игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң
нормаларының жиынтығы. Не, қалай, кім үшін өндіру – экономиканың іргелі
сұрақтарын шешу шаруашылық жүргізіп жатқан субъектілердің өндіріс
құралдарына меншік құқығын тәуелді.
Қазіргі Қазақстандық заңнамаға сәйкес меншік иесі (өз қалауы бойынша)
меншік объектісін иеленеді, пайдаланады және билік етеді. ҚР Азаматтық
кодексінде келесі категорияларға түсінік беріледі:
Иелену – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң жүзінде қамтамасыз
етілуі.
Пайдалану – мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай ақ одан пайда
табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Билік ету - мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.
Меншіктің 11 түрлі құқығы болады:
1. иелену: игіліктерге міндеттелген деңгейде бақылау құқығы
2. пайдалану: игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану
3. басқару: игілікті кімге беру, игіліктерді қолданудағы кім және қашан,
қанша қамтамасыз етуін шешу
4. егемендік: пайдалылықтардың тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту
5. табыс табу
6. қауіпсіздік: қоршаған ортаны қорғау
7. мұрагерлік
8. игілікті иемденудегі мерзімсіз құқығы
9. сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау
құқығы
10. жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге
игіліктермен жазалау мүмкіндігі – айыппұл төлеу
11. қалдықты сипат құқығы – заңсыз іс әрекеттерді дұрыстау
15.Меншік– бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік
ретінде тұлғаның нысанды пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Негізгі
нысандары: жер, ғимараттар, материалдық және рухани– мәдениет заттары, т.б.
Меншіктің тарихи формасы:
1. жеке–бір адамға тән
2. жалпы–адамдарға ортақ
Типтері:
1. жеке меншік–бір ғана адамға тиесілі меншік түрі. Ол еңбектік және
еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік жеке меншік тұлғалары –жеке
басты шаруалар, қол өнершілер мен басқа да адамдар өз еңбектерімен
өмір сүреді. Еңбектік емес жеке меншік бөтен біреудің еңбегінен баю
дегенді білдіреді. Өндіріс құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар
қолында болады және бұл кезде мүліктік теңсіздік пен қоғамның
әлеуметтік жіктелуі туады.
2. Аралас меншік–жеке меншік пен мемлекетік меншіктің араласуы.
3. мемлекеттік меншік– меншіктің барлығы мемлекеттің басқаруында болады.
Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, аймақ, облыс,
аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
4. Ұжымдық меншік–бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ
иемденіп, пайдаланып және басқа іске жарататын экономикалық қатынастар
жүйесі. Қазақстанда қазіргі кезде ұжымдық менік түрлеріне акционерлік,
қоғамдық ұйымдар жатады.
Қазақстанда жеке меншік, мемлекеттік меншік және муниципалдық меншік
түрлері бар. Муниципалдық меншік–жергілікті меншік.
16. Иеленуге байланысты экономикалық қатынастар қозғалмалы. Бұл меншік
формаларының бірінен біріне өте алуын білдіреді. Бұл процесс әр түрлі
әдістермен жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең маңыздыларын
қарастырайық.
Ұлттандыру (национализация) бұл шаруашылықтың негізгі нысандарына (жер,
өнеркәсіп, көлік, банктер) жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі.
Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тарихи кезеңде жүргізілуіне
байланысты әр түрлі әлеуметтік экономикалық және саяси мәнге ие болады.
Ұлттандыруға қарама қарсы процесс жекешелендіру болып табылады.
Жекешелендіру (лат. рrivates – жеке) бұл мемлекеттік немесе муниципалды
меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру жасырын
сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен
компанияларға жалға беру, бөлшектеп, мысалы, акциялардың тек бір бөлігінің
сатылу мүмкіндігі; денационализация мен реприватизация түрінде жүзеге
ачырылуы мүмкін.
Денационализация ұлттандырылған мүліктерді бұрынғы иелеріне қайтаруды
білдіреді. Қазіргі кезде бұл процесс Балтық елдері: Эстония, Латвия,
Литвада кеңінен іске асырылуда.
Реприватизация бұл жеке меншік иелерінен бастапқы кезде сатылып алынған
кәсіпорындар, жер, банктер, акциялар және т.б. сияқты мемлекеттік меншікті
жеке меншікке қайтару. Реприватизацияның денационализациядан айырмашылығы,
әдетте ол мемлекеттік билік актілерімен жүргізіледі.
Жекешелендіру экономикадағы мемлекет билігін шектеу сияқты анағұрлым ірі
процестің бір бөлігі болып табылады.
Жекешелендіру мүддесі
Жеке меншік топтарын құру
Бәсекелес ортаны құру
Кәсіпорындардың тиімділігін арттыру
Экономиканың монополиясыздандырылуына жәрдемдесу
Шетел инвесторларын тарту
Жекешелендіру тәсілдері:
1. аукцион немесе конкурс бойынша сату, сатып алу:
а) Конкурс (коммерциялық) – максималды баға ұсынылғанда, сатып алушы
қойылған шартты орындауға келіскен жағдайда мемлекеттік меншік
объектілерін сату
б) Конкурс (инвестициялық) - коммерциялық конкурсқа ұқсас, бірақ
жеңіс критерийлері жекешелендіру объектісінің инвестиция мерзімі мен
мөлшері болып табылады
в) Аукцион – ашық сауда тәсілі арқылы кәсіпорынды сату, бұл жағдайда
сатып алушыға максималды баға ұсынудан басқа талап қойылмайды
2. кәсіпорын капиталындағы үлестерді (акцияларды) сату
3. жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу
Жекешелендіру түрлері:
1. Шағын: жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі объектілерді жекешелендіру
2. Жаппай (купондық): жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта
кәсіпорындарды жекешелендіру
3. Жеке жоба бойынша: ірі (5000 адамнан астам) және стратегиялық маңызды
мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру
Мемлекет иелігінен алу, оның билігін шектеу (мемлекетсіздендіру) – бұл
өндірісті тікелей мемлекеттік әкімшілік реттеуден басым түрде нарықтық
механизмдер негізінде реттеуге көшу.
Мемлекет иелігінен алудың нәтижелері: біріншіден, меншік құрылымы жеке
меншік пайдасына қарай өзгереді және қоғамдық құрылым қысқарады. Екіншіден,
мемлекеттің экономикалық ролі мен қызметі өзгереді: мемлекет шаруашылық
жүргізуші тұлға болмайды және экономикалық процестерді директивалар арқылы
емес, өмірдіғ экономикалық жағдайларын өзгерту арқылы реттейді, міндетті
мемлекеттік тапсырыстардың орнына мемлекеттік сатып алулар келеді; мемлекет
ресурстарды бөліп тарату функцияларын жүзеге асыру міндетінен босайды;
біртіндеп сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия жойылады.
17.Тауар өндірісі– өнімді сату үшін өндіретін өндірушілер мен тұтынушылар
арасындағы байланыс, рынок арқылы жүзеге асырылатын шаруашылық. Пайда болу
себептері:
1. қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, айырбас қатынастарының дамуы
2. тауар өндірушілердің экономикалық тұрғыда оқшаулануы, осы арқылы
тауарлы айырбастың орын алуы.
Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі,
осымен байланысты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады.екінші
бір шарты, жекелей өндірушілердің бір-бірінен экономикалық жағынан
оқшаулануы нәтижесінде өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа
сатуға шығады. Натуралды өндірістің күйреуі таур өндірісінің пайда болуына
және орнығуына маңызды алға басушылық болды. Тауар өндірісі жұмыс уақытын
үнемдеу мен еңбек өнімділігін арттырудың тиімді механизмін жасады.
Сондықтан да ол өзіне адамзат тарихының барлық кезеңдерінде өмір сүру
құқығын қамтамасыз етті. Тауар өндірісі құл иеленушілік құрылыста да,
феодализмде де, капитализмде де орын алды. Тауар өндірісн жай және
капиталистік болып екіге бөлеміз.
Тауар өндірісінің белгілері:
1. қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі
2. өндіріс құрал–жабдығына және еңбек өніміне жеке меншіктің болуы
3. меншік иесінің жеке еңбегінің қатысуы
4. қоғамдық өажеттіліктерді еңбек өнімін сату арқылы қанағаттандыру
5. адамдар арасындағы экономикалық байланыс рынок арқылы жүзеге асырылады
Тауар өндірісінің негізгі категориясы, элементі- тауар.Тауарлы өндірістің
модельдері:
1. дамымаған рыноктың тауар өндірісі– қоғамдық еңбек бөлінісіне,
өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуына, тауар өндірушілердің өз
еңбектеріне негізделген. Жау тауарлы өндіріс кезінде шығарылған
өнімнің тек белгілі ғана рынокқа шығарылады.
2. еркін рыноктың тауар өндірісі–түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол
жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарға білдіреді:
a) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің орнына
жалдамалы еңбек келді.
b) Қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рыннок
арқылы сатуға арналған.
3. реттелетін рыноктың тауар өндірісі–экономикада мемлекеттік және жеке
сектордың болуымен сипатталынады.
4. деформацияланған рыноктың тауар өндірісі–әміршіл–әкімшіл экономикаға
тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті,
ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып
тастауды білдіреді. Бұның екі моделі: жоспарлы–директивалық және
нормативті. Тауар өндірісі рыноктық экономикаға қарағанда анағұрлым
кең болып келеді.
18. Тауар категориясына дейін тарихта игілік ұғымы болған, ол заттардың
адамзаттың белгілі қажеттілігін қанағаттандыру қабілеттілігін көрсетеді.
Эконом икалық әдебиеттерде игілік категориясы әр түрлі түсіндіріледі.
Мысалы, ағылшын экономисі Кембридж мектебін құрушы А.Маршалл Саяси
экономия принциптері кітабында игілікті адамның барлық көңілі ауған
заттарын түсінген және ол адамның қажеттілігін қанағаттандыру қажет.
Игілік экономикалық және экономикалық емес болып екіге бөлінеді. Алғашқы
рет экономикалық игіліктер ұғымын ғылыми айналымға итальян экономисі
Пезенти ендірді. Маркстің ойынша, екі қаситетті иеленеді:
1. қандай да бір адамның сұранымын қанағаттандыруы
2. зат бола отырып, басқа затқа айырбасталуы қабілеттілігі
Қызмет көрсету тауар ретінде күшіне енеді, сүйтіп тұтыну құнының ерекше
түрі болып табылады. Ол пайдалы қызмет түрінде өмір сүріп, қоғамдық
тұтыныстарды қанағатандырады, барлық жиынтық қызмет көрсету олардың
жұмсалуына байланысты өндірістік және тұтынушылық болып екіге бөлінеді.
Өндірісте қызметтер көрсету өндірістік қажеттіліктерді қанағңаттандыруға
және ол кәсіпорын ұйым мекемелеріне ұсынылады. Бұған жүк тасу көлігі де
байланысы да, өндіріске қызмет жасау, затты өткізуге қызмет жасау мен
жабдықтауға қызмет көрсету жатады.
19. Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек
өнімі. Тауардың екі түрлі қасиеті бар:
1. айырбастау құны –тауарлардың өзге тауарлармен нақты қатынаста
айырбасталуы
2. тұтыну құны–адамның қандай да болмасын қажеттілігін
қанағаттандыратын қасиеті.ол тұтыну бұйымдары не өндіріс құрал–
жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының
ерекшеліктері:
– тұтыну құны негізінен сол заттардың қасиетімен байланысты.
– Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен
байланыссыз
– Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бұл қасиеттерінің болуы
еңбекке байланысты. Тауар өндірушілердің тауарға сіңірген еңбегі
екі жақты болады:
1. нақты еңбек–тұтыну құнын құрайды
2. абстракты еңбек–тауардың құнын құрайды
20. Экономикалық теорияда құнды зерттеу барысында екі әдістемелік көзқарас
қолданылады: функционалдық және каузалдық (яғни, себеп салдарлық). Бұл екі
көзқарас құн категорисын зерттеудің қазіргі маржиналистік және маркстік
әдістерін сипаттайды. Ал тауар құнының негізгі тұжырымдамалары XVIII-XIX
ғ.ғ. аралығында қарастырылған.
А.Смит тауар құнын жалақы, пайда және жер рентасының сомасына балаған.
Д.Рикардо және Д.Р.Мак Куллох оны өндіріс шығындарымен анықтаған, Ж.Б.Сэй
заттардың пайдалылығымен, Д.Лодердель ұсыныс және сұраныспен анқтаған.
К.Маркс және Ф.Энгельс олардың түйіндемелерін қарасытра отырып, құн деген
қоғамдық абстрактылы еңбек шығынының заттық нысаны және ол өндіріс
шығындарының пайдалылыққа қатынастын көрсетеді деп көрсеткен.
Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс
әрекетінің мәні мынады: тауарларды өндіру мен айырбастау, оларды өндіруге
жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Сонымен, құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр
қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесі өнім айырбастаудағы
эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар-ақша айналысында құн заңы баға заңы
болып табылады. Баға құн заңының көрінісі. Құн - бағам заңы немесе бағаның
жинақталған көріну нысаны. Сондықтан, баға құнның ақшалай көрінісі.
Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттілігінің көлемі
мен құрылымын, сұраныс мпен ұсыныстың арақатынастын анықтауда маңызды роль
атқарады. Қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз
шығынмен көп нәтижеге жетуде, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз
етуде, шаруашылық реформасын іске асыруда құн заңын басшылыққа алудың
маңызы зор.
Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет. Тарихта
үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі еңбек
бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде пайда болды.
Бұл тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек
бөлінісі ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек
бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын
әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі
қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс және сауда
салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен
салыстырғанда орасан зор дамығанын ескерсек, қоғамдық еңбек бөлінісі мен
маманданудың мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек,
тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса
тауар өндірісі де, рынок та болмас еді.
Экономикалық тауардың өзі тауардан басталады. Тауар – еңбектің өнімі, ол
екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Ілгеріде атап
көрсетілгендей, тауардың екі түрлі қасиеті бар: 1) адамның белгілі бір
қажеттілігін өтеу қабілті; 2) басқа бір тауарға айырбасталу қасиеті. Тауар
қоғамға пайдалы зат болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамық
қажеттілікті қанағаттандыру қабілетін тұтыну құны деп атайды. Тұтыну құны
- тұтынылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.
Тауар өндірушінің өзі үшін өндірген өнімнің пайдалы қасиеті оның басқа
қажетті материалдық игіліктерге айырбасталуы. Экономикалық теоияда тауардың
басқа тауарларға белгілі бір үлесте айырбасталу қасиеті айырбас құны деп
аталады. Айыбас құны – бір тауардың тұтыну құндарының басқа тауарлардың
тұтыну құндарына айырбасталуының сандық қатынасы.
Шекті пайдалылық теориясын жақтаушылардың пікірінше, тек тауардың
пайдалылығы ғана еңбек шығынына қоғамдық сипат береді.
Шекті пайдалылық теориясы субъективті бағалауды игіліктің сиректігімен,
яғни оның көлемімен байланыстырады. Шекті пайдалылық теориясынң өкілдері
бағалылықты пайдалылықтан шығарады. Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі
бойынша әрбір адамның игілікті субъективті бағалауы оның шекті
пайдалылығымен анқталады, ал тауарлардың объективті бағасы субъективті
бағалауға байланысты және түбінде ол да шекті пайдалылықпен анқталады.
Құн және баға теориясындағы неоклассикалық бағыттың негізін қалаушы ағылшын
экономисі А.Маршалл болып табылады. Шекті пайдылылық теориясы бір жақты,
сондықтан бағалылықты тек пайдалылықпен түсіндіру жеткіліксіз екендігін
көрсетті. А.Маршалл шекті пайдалылық теоиясын өндіріс шығындары теориясымен
байланыстырып, ұсыныс пен сұраныс теориясына біріктірді.
21. Ақшаның ролі әрқашанда оқымыстыларды қызықтырған. Ағылшын У.Гладсонның
айтуы бойынша адамзатты қаншалықты ақша аздырғандай, махаббат та
соншалықты аздырған жоқ.
Әртүрлі халықтарда ақша ретінде ерекше танымал айырбас құралдары
қолданылды. Олардың құны тұрақты деп есептеледі. Олар мал, қолөнер
бұйымдары, балық аулайтын қармақ, маталар, әр түрлі терілер, жүндер,
пышақтар, қылыштар, найзалар, оқтар және т.б. болды. Бұндай әр түрлі
пікірлер көптеген экономистердің ақша бұл тауар мен қызмет көрсетуге
айырбастайтынның бәрі деген тұжырымдауына себепші болды. Бірақ бұл ғылыми
анықтама болып табылмайды. Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас
бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде ақша адамдар арасындағы саналы, тиімді
келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша бұл жалпы эквивалент ролі
бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы ақша
қатынастарының дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына
байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ
сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай
бірте бірте айырбас мөлшері қалыптасады.
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына
теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок
көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген
тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.
Бірте бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы,
мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда
басқа тауарлардың құны белгіленді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының
нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды
ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады: Ақша – бұл жалпы
эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдықтар бойы
көптеген халықта ақшаның ролін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртін,деп
жалпы эквивалент ролін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер
етті:
1. сапалық біртектіоік
2. сандық (еркін) бөлінуі
3. қолайлылығы (алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күші кетеді)
4. сақталуы
Алтын – еңбек сыйымды және сирек металл. Әлемдегі ерте заманнан қазіргі
кезге дейінгі қазылып алынған алтынның мөлшері 100 мың тоннаға бағаланады.
Әдеттегі тауар ретінде алтын тұтыну құнына және құнға ие. Алтынның тұтыну
құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б.
Алтынның құны еңбек құн теориясына сәйкес алтынды өндіруге кеткен қоғамдық
қажетті еңбекпен анықталады.
Алтын жалпы эквивалент ретінде мынадай қасиеттерге, ерекше тұтыну құны мен
құнның ерекше формасына ие. Ерекше тұтыну құнын оның басқа тауарлардың
құнын өзінің құнына теңестіру қасиетінен көруге болады. Алтын құнының
ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбасталу формасына
ие болуынан көрінеді.
Ақшаның осы заманғы концепциялары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда пайда болған
теориялардан туындайды. Ең алдымен бұл ақшаның металдық, номиналдық және
сандық теорияларына байланысты.
Бірақ, алдыңғы теоиялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер
бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына
бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық
экономиканың қалай дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезінде пайда болады.
Оның өкілдері меркантилистер, яғни, У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және т.б.
Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде
абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді.
Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаның әлеуметтік қатынастар
емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер
болып табылады. Кейінірек оны Дж. Беркли (Англия) мен Дж. Стюарт
(Шотландия) дамытты. Металлистерге сын айта отырып, олар ақшаның басқа
қызметтерін: айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. Номиналистер
ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде
көрсетті және мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
Ақшаның сандық теориясының негізін қалаушылар Дж. Локк (ХҮІІ ғасырдың
соңы), Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғасырдың соңы) болды. Олар
ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандыұ теоиясының жақтаушыларының
ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның
мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық теорияның
модернизациясына И.Фишер (ХХ ғасырдың басы), А.С.Пигу (ХХ ғасырдың ортасы)
және т.б. елеулі үлес қосты.
22. Ақша бірқатар қызметер атқарады. Классикалық саяси экономия бес
қызметін көрсетті: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қорлану
(жинау) құралы (қазына), әлемдік ақша.
Осы заманғы экономикалық ғылым негізгі екі топқа көңіл бөледі: құн өлшемі
мен айырбас құралы.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу
қабілетінен тұрады.
Бұл үшін қолдағы ақшаның қажеті жоқ, яғни, құн өлшемі қызметін санадағы
ойлы ақшалар да атқара алады. Басында ақшаның бұл қызметті атқаруы үшін
өзінің құны болу керек болды. Бұл қызмет алтынға бекітілді.
Алтынның құнында көрсетілген тауардың құны баға деп аталады. Тауар құны
неғұрлым көп болса, соғұрлым ол алтынның көп мөлшеріне теңестіріледі.
Ақша – айналыс құралы қызметін Т-А-Т формуласы бойынша тауарларды
айырбастауда делдалдық ролін орындаған кезде атқарады. Бұл формула екі
актіге бөлінеді: сату Т-А және сатып алу А-Т. Тауардың иесі оны сатып, ал
сатып алуды кейінге қалдыруына болады және ақшаның өзінде ұстай тұруына
болады. Сол кезде басқа біреу өз тауарын сата алмайды. Айналыс құралы
ретіндегі ақша монета және қағаз ақша формасында болады. Монета – бұл
ерекше формасы мен пробасы бар металдың кесегі.
23. Ақша жүйесі- бұл әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен заң
бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.
Ақша айналысы - бұл төлем құралы мен айналыс құралы қызметтерін атқаратын
ақшаның үздіксіз қозғалысы.
Ақша жүйесінің элементтері болып мыналар табылады:
- ақша бірлігі, яғни бірлік ретінде елде қабылданған ақша өлшемі (рубль,
доллар, т.б.)
- баға масштабы, яғни ақша бірлігі және оның құрама бөлігі ретінде елде
қабылданған ақша металының сандық, салмақтық мөлшері ( мысалы, теңге
100 тиыннан тұрады және 60-80ж. ол 0,987672г. алтынға теңелді)
- эмиссиондық жүйе, яғни ақша және бағалы қағаздарды шығаратын мекеме
(мысалы, орталық банк және т.б.)
- Ақша белгілерінің түрлері, \ғни айналыста заңды төлем құралы болып
табылатын ненсиелі қағаз ақша және ұсақ монеталар жүйесі
- Ақша жүйесінің институттары, яғни ақша айналысын реттейтін мемлекеттік
және мемлекеттік емес мекемелер.
Тарихи металл ақшаның айналыс жүйесі биметаллизм мен монометаллизм арқылы
өтті.
Биметаллизм ақша ретінде екі металдың: алтын мен күмістің қолданылуына
негізделеді (ХҮІ, ХІХғ.).
Монометаллизм ақша ретінде тек алтынды пайдаланды, ал қағаз және несие
ақшалар оған еркін айырбасталды. Монометаллизмнің үш түрі бар:
- Алтын монеталық стандарт
- Алтын құйма стандарт
- Алтын девиздік стандарт
24. Ақша нарығы қаржы нарығының өте маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Ақша нарығының қызмет ету механизмін түсіну үшін оның құрамды бөлшектерімен
танысу керек. Осының маңыздысына ақша массасы жатады.
Ақшаның массасы қолма қол және қолма қол емес формадағы барлық ақшаи
құралдарының жиынтығы, бұлардың көмегімен шаруашылықтағы тауарлар мен
қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының көлемі көптеген
факторлардан тәуелді болады, алдымен ақша нарығының көлемі мен
конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан.
Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем
құралдарының жиынтығы. Айналысқа ақшаны мемлекеттік қазыналық және
эмиссиялық банк шығарады. Ақшаның ұсынысы ақша агрегаттары М1, М2, М3, ...L
және т.с. арқылы белгіленеді. Агрегаттың келесісінің әрқайсысының ішінде
қолдануының әрбір сатысындағы ақша құралдары, активтер, бағалы қағаздар
болады.
Ақшаның ұсынысын сипаттау үшін көбінесе М1 агрегаты – келісімдер үшін
ақша қолданылады, бұған ақшалар, талап етілмелі депозиттер және чек
депозиттері жатады.
Ақша ұсынысын елдің Орталық банкі бақылап отырады, бұл оны тіркелген
дәрежеде қолдап отыруға тырысады.
Ақшаға сұраныс оның айналыс құралы және байлықты сақтау құралы қызметінен,
сонымен қатар оның абсолюттік өнімділігінен туындайды. Жиынтық сұраныс
мәміле жасауға керек ақшаға сұраныстан және байлықты сақтау үшін керек
ақшаға сұраныстан тұрады.
Осы заманда сұраныс теориясымен әр түрлі бірнеше концепциялар айналысады.
Неоклассикалық бағыттың құрамды бөлігі болып табылатын ақшаның сандық
теориясының өкілі американдық экономист И.Фишер (1867-1947) мынадай теңдеу
ұсынады:
MV=PQ,
Бұнда M – айналыстағы ақша массасы
V – осылардың айналыс жылдамдығы
P - орташа безбенделген бағаның деңгейі
Q - барлық тауарлар мен қызметтер саны
Сұраныс төлем қабілеті бар қажеттілікті көрсетеді. Сұраныс – бұл рыноктық
баға құрылу процесіне әсер ететін жақтардың бірі.
Сұраныс деп белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс
тауардың мөлшері де аталады. Сонымен, сатып алушының ақшаи қаражатымен
қамтамасыз етілген қажеттілік сұраныс немесе төлем қабілеттілік деп
аталады.
Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың негізгісі болып баға
аталады. Баға мен сұраныс шамасының арасында кері байланыс бар: бағаның
көтерілуі сұранысты түсіреді және керісінше.
Баға мен сұраныс шамасының арасындағы кері байланыс сұраныс заңы деп
аталады.
Сұраныстың өзгеруі бағалық емес факторлардың әсерінен болады.
Бағалық емес факторларға:
- Тұтынушылар таңдауы (талғамы)
- Сатып алушылар саны
- Сатып алушылар табысы
- Балама тауарлардың бағалары
- Қолайлы жағдайды күту жатады.
Олардың сұранысқа әсерір қарастырайық:
1. Тұтынушылар таңдауы өте субъективті және оларды ескеру қиын, бірақ
даму бағыттарын анықтауға болады. Бір тауарға тұтынушылар ұнатуы
жағымды өзгерсе, ал сұранысты көбейтеді және сұраныс қисығын оңға
жылжытады. Керісінше жағдай сұранысты азайтады, қисықты солға
жылжытады.
2. Сатып алушылар санының көбеюі сұранысты көбейтеді (мысалы, өмірдің
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz