Экономикалық теорияның құрылымы


Экономикалық теорияның құрылымы
Экономикалық теорияның құрылымы 4 бөлімнен тұрады:
- Кіріспе: пәні, әдісі, қоғамдық өндірістің негіздері, экономикалық жүйенің негізгі үлгілері.
- Микроэкономика: жеке дара ұдайы өндіріс; жеке адамның, жанұяның, кәсіпорынның деңгейіндегі мәселелер; сұраныс пен ұсыныс; шығындар; пайда.
- Макроэкономика: қоғам деңгейінде қарастырады; бұл жердегі мәселе - жұмыссыздық мәселелері, циклдік даму мәселесі, дағдарыс, экономикалық өсу мәселелері.
- Дүниежүзілік экономика.
Экономикалық теорияның тарихы. «Экономика» деген сөз - гректің «эйкос» - шаруашылық, «номос» - заңдылық деген сөздерінен шыққан, яғни шаруашылықты жүргізу заңдылықтары деген мағына береді. ⅩⅢ-ⅩⅣ ғасырларда ғылымдар жеке дара болып бөлінеді. Саяси-экономикалық, экономикалық; пролетарлық, буржуазиялық саяси-экономикалық құбылыстарды және т. б. зерттейді. Саяси экономиканы топтың жағынан қарастырады.
Экономикалық теорияның пәні - шектеулі ресурстарды таңдамалы, тиімді түрде пайдаланудағы адамның оптималды, рационалды іс-әрекеті.
1-тақырып.
Жоспар:
- Экономикалық теория пәні және оның әдістері.
- Экономикалық теорияның, саяси экономиканың және экономикстің өзара байланыстары.
- Экономикалық теория курсының логикасы және құрылымы. Экономикалық теория және басқа экономикалық ғылымдар.
- Экономикалық теорияның қызметтері.
- Экономикалық үрдістерді зерттеп анықтаудың әдістері.
Қызметтері:
- әдістемелік (методологическая) ;
- танушы (познавательная) ;
- болжамдық (прогнозтическая) .
Әдістері диалектикалық-ойшыл болып келеді. Диалектика - ол даму жағынан қарастыру.
Тану әдістері:
- ғылыми абстракция;
- сарап (анализ) және қосу (синтез) ;
- индукция, дедукция;
- математикалық, статистикалық;
- тәжірибе (эксперимент) .
2-тақырып. Қоғамдық Өндірістің негіздері.
Жоспар:
- Адам және экономика. Адамның экономикадағы іс-қимылдары. Экономикалық және басқа да мүдделер.
- Экономикалық қорлар және өндіріс факторлары.
- Қоғамдық өндіріс. Оның құрылымы және нәтижелері.
- Ұдайы өндіріс: сатылары, түрлері және көріністері.
Экономикалық ресурстар дегеніміз - қоғамға қажетті тауарларды өндіретін заттар саймандар.
- Labo(u) r(еңбек) . Еңбек - жұмыс күшінің үрдісі.
- Territory(жер) - ешкім өндірмеген табиғат байлығы.
- Capital(капитал) . Кең мағынада капиталға бәрі жатады. Тар мағынада капитал дегеніміз - ол өндіріске тікелей қажетті құралдар мен қаржылар.
Өндіріс құралдары
Еңбек құралдары Еңбек заттары
Станок, машина және т. б. Шикізат, қуаттар және т. б.
- Биресми ресурс- кәсіпкерлер қызметі немесе кәсіпкерлік қасиет.
Өндіріс мүмкіншіліктерінің қисығы немесе альтернативті (баламалы) құн.
1 кг май - 350 тг
0, 5 кг май - 175 тг
2, 5 кг май - 875 тг
3. Қоғамдық өндіріс.
Оның құрылымы және нәтижелері. Өндіріс дегеніміз - қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үрдісі. Нәтижесінде заттар өндіріледі және қызметтер атқарылады.
Қоғамдық өндіріс
Материалдық Материалдық емес
Заттар Т. б. Қызмет көрсетулер
Ауыр өнеркәсіп Білім беру
Ауыл шаруашылығы (егін, мал және т. б. ) Мәдениет
Құрылыс Денсаулық сақтау
Сауда-саттық
Туризм
Спорт
Сервис
СМИ
- Қайта-қайта қайталанатын өндіріс - ұдайы өндіріс деп аталады.
Ұдайы өндірістің сатылары
Өндіріс Бөлу Қайта бөлу немесе айырбас Тұтыну
Ұдайы өндіріс жай және ұлғаймалы болады. Жай ұдайы өндіріс - өндірістен заттарды бұрынғы мөлшерде өндіру. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - көбейген мөлшерде шығару. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті және экстенсивті көріністері бар.
3-тақырып. Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері.
- Экономикалық зерттеудегі жүйелік көзқарас.
- Экономикалық жүйелердің түрлері.
- Экономикалық жүйелердің негізгі үш сұрақтарға жауаптары.
Экономикалық жағынан қарастыру:
- Дәстүрлі;
- Әкімшіл-әміршіл;
- Нарықтық;
- Аралас.
- Дәстүрлі экономика- бұл ежелгі, көне замандағы экономика. Ол дәстүрге негізделеді. Еңбек сипаттары, қарапайым, қол еңбегі. Қажеттіліктер - қарапайым. Қазақстанда ауыл және мал шаруашылығы - дәстүрлі.
- Әкімшіл-әміршіл экономикаклассикалық саяси-экономикалық еңбекқұн теориясына негізделген. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізгі - мемлекет меншігі, себебі бәрі мемлекет қолында. Сол себептен сол кезде қоғам дамуы бюрократия, монополия (бір сатушы) қолында болады. Мемлекеттендіру жоғары қарқынмен жүргізілді.
- Нарықтық экономика- экономикалық, адамның еркіндігі әркім өзі, жекеменшік қатынастары табысқа, пайдаға ие болу. Бәсекелік орын алды.
Не?
- Өзіне қажетті, аз мөлшерде.
- Мемлекет не өндір десе - сол.
- Тұтынушы шешеді.
Қалай?
- Қара жұмыспен, қолында барымен.
- Мемлекет шешеді.
- Неғұрлым арзан.
Кім үшін?
- Өздері үшін.
- Халық үшін.
- Тұтынушы үшін (өз табысына қарай) .
Экономикалық жүйенің элементтері.
Әр экономикалық жүйеде өзіне тән өндірістік қатынастар мен өндірістік күштері болады. Өндірістік қатынастар ұдайы өндірістің (ҰӨ) әр сатысына тән қалыптасады.
ҰӨ = Ө + Б +ҚБ + Т (Ұдайы өндіріс = Өндіріс + Бөлу + Қайта бөлу + Тұтыну)
ӨК = ЖК + ӨҚ (Өндіріс күштері = Жұмыс күші + Өндіріс құралдары)
4-тақырып. Меншік қатынастары жӘне олардың экономикадағы орны.
- Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны.
- Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.
- Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- Нарықтық экономикада меншік нышандарының көп түрлі болуы. Меншіктің көптүрлілігі.
- Қазақстан Республикасында меншік объектілерін мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.
Меншік қатынастары әр экономикалық жүйедегі қатынастардың ішінде ең негізгі болып жүйенің қатынастарының мінездемелерін анықтайды. Меншік дегеніміз - құрал-жабдықтарды және солардың көмегімен өндірілген өнім нәтижелерін иемдену және пайдалану туралы экономикалық-қоғамдық қатынастар. Меншікті екі жағынан сипаттауға болады - экономикалық және құқықтық жағынан. Экономикалық жағынан, меншік ол - зат емес, ол - қоғамның сый-сыяпатын білдіретін қоғамдық қатынастар. Ал құқықтық жағынан, меншік дегеніміз - зат, затқа деген адамның қатынасы.
Меншік құқығының экономикалық теориясының алғашқы өкілдері ол - Нобель лауреат сыйлығына ие болған американдық Чикаго университетінің профессоры Рональд Коуз және Лос-Анджелес университетінің профессоры Алчеар. Бұлар тек меншік ұғымын пайдаланбай, меншік құқығы дегенді енгізді. Ресурстар өз басына меншік емес. Бұларды иемдену және пайдалану - “меншік шоғыры”.
“Меншік шоғырының” 11 элементі бар:
- иелік құқығы, заңмен анықталып бекітіледі;
- пайдалану құқығы, ресурстардың пайдалы қасиеттерін өзіне жұмсау;
- меншікті басқару мен иелік жасау;
- меншіктен түскен табыстарды иемдену құқығы;
- меншік иесінің тәуелсіздік құқығы (право суевира) ;
- қауіпсіздік құқығы, ешкім заңсыз тартып алуына құқығы жоқ;
- мұраға қалдыру құқығы;
- мезгілсіз ие болу құқығы;
- сыртқы аумаққа зиян әкелетін әдіспен пайдаланбау;
10) жауапкершілік құқығы, қарызды жағдайда альт ретінде төлеу құқығы;
11) өткен мерзімнен кейін кезінде альты қалған меншікті орнына келтіру құқығы.
Қазақстан Республикасының ата заңы азаматтық кодекс және меншікті дүниежүзілік жіктеу теориясының стандарттарына сай меншіктің 2 түрі бекітілген: мемлекеттік және жекеменшік. Ал олардың өз басына нышандары таралады: ұжымдық, кооперативтік, акционерлік, муниципалдық, серіктестік және т. б.
Меншіктің түрлері көп болған жағдайда шаруашылық жүргізу түрлерінің мүмкіншіліктері, таңдау мүмкіншілігі, бәсеке, монополизм жойылады.
Жекешелендіру дегеніміз - мемлекет иелігіндегі байлықтарды халыққа әр түрлі жолмен жеткізу. Жекешелендіру Қазақстан Республикасында 3 сатыда өтті: 1) 1991 - 1993 жылдар; 2) 1993 - 1995 жылдар; 3) 1995 -1998 жылдар.
Жекешелендірудің түрлері:1) сатып алу: а) конкурспен; б) аукционмен; 2) жалға беру - кейін сатып алу мүмкіншілігін туғызады.
5-тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың нышандары.
Тауарлы шаруашылық .
- Натуралды шаруашылық және оның сипаттық белгілері.
- Тауарлы шаруашылық: пайда болу жағдайлары және теориялық үлгілері.
- Тауарлы шаруашылық категорияларын зерттеудің марксистік («Еңбекқұн теориясы») және маржиналдық (субъективті бағалау теориясы және салыстырмалы құндылық негізінде тауар айырбасы) әдістер.
- Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақшаның айналым заңы.
Тауарлы шаруашылықтың туындауының себептері:
- Қоғамдық еңбек бөлінісі.
- Тайпалардың, жанұяның шаруашылық субъектісінің экономикалық жекешеленуі.
- Заттарды арнайы айырбас үшін шығару.
- Жеке дара меншіктің дүниеге келуі.
Тауарлы шаруашылықтың 2 түрі бар: жай және капиталистік (нарықтық) тауарлы шаруашылық.
Жай және капиталистік тауарлы шаруашылықтың ортақ белгілері мен айырмашылықтары.
Ортақ белгілері: 1) қоғамдық еңбек бөлінісі; 2) негізгі өндіріс құралдарына жекеменшік; 3) арнайы айырбас үшін игіліктерді өндіру.
Айырмашылықтары:
ЖТӨ - өндіруші өзі еңбек етеді және бәрін де өзі жасайды.
Нарықтық экономикада игіліктердің бәрі тауарға айналады. Соның ішінде - жұмыс күші де.
Жұмыс күшінің тауарға айналу себептері:
- Жеке адамдардың бас бостандығы
- Күн көру мүмкіншілігінің жоқтығы (капитал)
Тауар дегеніміз - арнайы айырбас үшін, адам еңбегімен өндірілген өнім. Арнайы деген сөз - аса маңызды. Карл Маркстің көзқарасы бойынша тауардың 2 қасиеті бар:
- Тұтыну құны. Ол - белгілі бір заттардың адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Тауарлардың тұтыну құндары - салыстырмалы емес. әрқайсысының өз қасиеті бар (қант, тұз, стол, орындық және т. б. ) .
- Айырбас құны. Белгілі бір тұтыну құндарының мөлшері басқа бір тұтыну құндарына айырбасталуы. Айырбасталуының сандық көрсеткіші.
Неге тауардың 2 қасиеті бар? - Себебі, сол тауарды өндіретін еңбектің де 2 қасиеті бар.
Тауар
Тұтыну құны Айырбас құны
Нақты еңбек Еңбек Абстрактілі еңбек
Нақты еңбек дегеніміз - адамның маманданып, белгілі бір тұтыну құнын өндіруге көзделген еңбек.
Абстрактілі еңбек дегеніміз - жалпы еңбек барлық адамдардың тауар өндіруге физикалық, ақыл-ойлық жүйелік қуаттар. Маркстің айтуынша, тауардың құны еңбекпен анықталады. Бұл - классикалық саяси-экономикалық кезеңде Адам Смит қалаған бағдар.
Ал еңбек немен өлшенеді?
Еңбектің өлшемі - уақыт. Өндіріс үрдісінде әр өндірушіге сай өзіндік құн пайда болды. Бірақ сол өнім сатылғанда өзіндік құнмен емес, қоғамдық қажеттілік құнмен сатылады. Қоғамдық қажеттілік құн дегеніміз - нарықта орташа жағдайлармен анықталатын құн. Маркстың теориясындағы құн заңы бойынша бір кәсіпорындардың үстем пайдалары басқа кәсіпорындарға бөлінеді (әкімшілік-әміршілік экономикалық немесе нашар жұмыс істейтін өнімді жоғары құнмен шығаратын кәсіпорындар жабылады) .
Бірақ нарықта (жалпы сатуда) тауарлар құнмен емес, бағамен сатылады. Баға дегеніміз - құнның айналасында нарықтық болып, нарықтық мемлекеттің саясатттарымен белгіленеді.
Құнға деген маржиналдық көзқарас немесе шекті пайдалылық.
ⅩⅨ ғасырдың Ⅱ жартысында пайда болған. Айтуларынша, игіліктің құндылығы, қоғамдық қажеттілік еңбектің жұмсалуымен анықталмайды. Тауарларды бір-біріне айырбасталатындай қылатын - сол тауарлардың пайдалылығы. Игіліктердің құндылылығы жеке сатып алушы мен сатушының бағалауымен анықталады. Бұл субъективті бағалау мөлшері келесі факторлармен бағаланады:
- тауардың көлемінен;
- сол игіліктердің кең тарауымен не шектеулілігінен;
- жеке субъектінің қажеттілігімен және табысымен;
- заттың жалпы және шекті пайдалылығымен.
Total (жалпы) utility (пайдалылық)
TU - жалпы пайдалылық.
Сондықтан тауардың нарықтық бағасы оның шектілігімен, оның шекті пайдалылығымен, шектеулікпен, тапшылықпен анықталады.
Ақшаның қызметтері: құн өлшем құралы, төлем құралы, айырбас құралы, қор құралы және дүниежүзілік ақша. Дүниежүзілік қызметті қазіргі ақшалар орындамайды. Бұл қызметті орындайтын ақшалар мемлекеттік рұқсат тарапынан шығады.
6-тақырып. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың дамып ұлғаюы.
- Нарықтың мәні.
- Нарықтық қатынастар - жүйе ретінде. Нарықтық қатынастардың субъектілері.
- Нарықтың негізгі элементтері.
- Нарықтың түрлері. Нарықтық инфрақұрылым.
- Нарықтың қызметтері. Нарық экономикасының артықшылықтары мен кемшіліктері.
“Чтобы торговать - необязательно любить”
- Қоғамның дамуында дүние игіліктерінің бәрі тауарға айналып, сауда-саттыққа негізделеді. Содан тауар-ақша қатынастары қатты ұлғаяды. Кеңес мемлекетінде саяси экономия марксистік-лениндік теорияға негізделіп, тауарлы өндіріс және тауарлық айналысты тек қана күнделікті тұтыну тауарларымен шектеген. Тауарлы шаруашылықтың әкімшілік экономикада шектеулі болатынын, ал социалистік өндірістің тауарлы еместігін И. В. Сталин анықтаған. Бірақ 80-інші жылдардың ортасынан бастап, әкімшілік қатынастар ыдырап, біздің мемлекетіміз нарықтық экономикаға аяқ басты.
- Нарық экономикасының анықтамалары:
- Сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы сұраныс пен ұсынысқа негізделген арақатынастығы.
- Тауар өндірісі мен айналыс заңдары бойынша тауарлар мен қызметтердің айырбасы.
- Ақша көмегімен тауарларды өндіру және айырбастау туралы экономикалық қатынастардың жиынтығы.
- Өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы экономикалық бәсекелестікке негізделген қатынастар.
- Нарықтық экономика өте тұрақсыз, сол себептен әр түрлі жағдайларға байланысты құбылып, өзгеріп тұрады. Әрдайым бұзылып тұратын макро және микроэкономикалық пропорцияларды тепе-теңдікке келтіру қатынастары.
“Ешбір үкімет - нарықтан ақылды емес” (Пол Самуэльсон «Экономика») . Нарықтық шаруашылық туралы ілімді бастаған Адам Смит ойынша, нарықтың дүниеге келіп пайда болуының объективті себебі - адамның өндірістік мүмкіншіліктерінің табиғи шектілігі. Адам Смит нарықты “көрінбейтін қол” дейтін. Нарықтық экономикада нарықтың өзі тікелей өндіруші мен тұтынушының арасында болып, баға тілімен экономиканың 3 негізгі сұрағын шешуге көмектеседі. Нарықтық экономика негізгі экономикалық заңдарға бағынады: құн заңы, сұраныс пен ұсыныс заңы, ақшаның айналыс заңы.
Құн заңы бойынша тауарлардың айырбасы - тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің саны мен сапасына тәуелді. Сұраныс пен ұсыныс заңы бойынша сатушы мен сатып алушылар арасындағы келісім бағалары анықталады және сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар өндірісі де реттеледі. Ақшаның айналыс заңы бойынша қоғамға қажетті экономикалық тұрғыда негізделген ақша санының мөлшері белгіленеді. Нарықтық экономиканың дүниеге келу себептері:
- қоғамдық еңбек бөлінісі және мамандану (специализация) ;
- нарықтық шаруашылықтың субъектілерінің экономикалық еркіндігі;
- барлық экономикалық ресурстарға жекеменшік, сол себептен еркін айналуы;
- бағалардың еркін қалыптасуы.
- Нарықтық қатынастардың субъектілері:Үй шаруашылықтар, бұлар - негізгі тұтынушылар, сонымен бірге өндіріс факторларының (жұмыс күшінің, жердің, капиталдың) иелері; Фирма, бизнес, кәсіпкерлер, іскерлік кәсіпорын. Негізгі мақсаты - табыс алу, ол үшін өзіндік немесе қарыз капиталды пайдаланады, түскен табысты ең негізінде ұдайы өндіріске жұмсайды және игіліктерді тұтынады. Бұл субъект нарықта тауарлар мен қызметтерді өндіреді, сол себептен өндірістік факторларды тұтынады; Мемлекет бұл - бюджеттік ұйымдар, мақсаттары - пайда алу емес, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу, жауап беру, бірақ сонымен бірге мемлекет те өз басына кәсіпкерлікпен айналысады.
- Нарықтың элементтері.
Нарық негізгі 3 элементке негізделеді:
- Баға
- Сұраныс пен ұсыныс
- БәсекеБағадегеніміз - құнның ақшалай көрсеткіші. Бағаға барлық экономикалық, саяси-әлеуметтік өзгерістердің бәрі тәуелді. Баға механизмінің қалыптасуына қарай экономикалық тиімділік те өзгереді. Өндіруші үшін бағаның өзгеруі, өндіріс көлемінің технологиясын таңдауы жалақы қоры және де көптеген басқа мәселелер анықталады. Сұранысдегеніміз - тұтынушының нарықтағы төлем қабілеттілігі. Баға өскен сайын сұраныс азаяды және керісінше. Демек, баға мен сұраныс арасындағы қатынас.
Ұсыныс дегеніміз - өндірушінің нарыққа шығаратын өнімдері. Бұнда баға өскен сайын, өндіруші көбірек өнім өндіреді. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы нарықтық бағаларды білдіріп, тепе-теңдікті анықтайды.
- Бәсекедегеніміз - жеке меншік жағдайында әрбір кәсіпкер пайданы көздейтін болғандықтан әрдайым әріптестерімен экономикалық күресте болып тұрады. Бәсеке нарық механизмінің негізгі бақылаушысы, өзіндік және қоғамдық мүдделердің арқасында «Көрінбейтін қолғап қын». Бәсеке өндірушілердің және өндіріс ресурстарының иелерінің пайдақорлық ынталарын реттейді, соның арқасында әр кәсіпкер шектеулі ресурстарын неғұрлым тиімді пайдаланады. Бәсекенің 2 түрі бар: жетілген және жетілмеген. Тек қана бәсеке түрлерін, нарықтың түрлерін ғана анықтайды.
- Жетілген (еркін) бәсеке- бұл ешқандай кедергісіз көптеген сатушының біртүрлі еркін сатуға мүмкіндік беретін бәсеке. Мұндағы бағаның қалыптасуы еркін, тек қана сұраныс пен ұсынысқа тәуелді. Шынайы жағдайында бұндай бәсеке болмайды. Бұл - теориялық тұжырым. Жетілген бәсекеде нарыққа кіру мен шығу - оңай, ешқандай кедергісіз, ақпарат мәліметтері ашық, оңай, құпия жоқ, ресурстардың бәрі жеткілікті.
- Жетілмеген бәсеке. Тауарлардың бәрі қасиеттеріне қарай әртүрлі (сапа, безендендіру, орау) . Әр өндіруші өзінің өнімін өзі қалаған бағамен сатады. Нарыққа кіріп-шығу өте ауыр және т. б.
Бәсекенің түрлері: ішкі салалық және салааралық.
- Ішкі салалық бәсекенің арасында бір нарықтық баға қалыптасады.
- Салааралық бәсекенің арасында барлық өндірушілердің пайда нормалары, ортақ көрсеткіші қалыптасады.
Бәсекенің әдістері:
- Баға арқылы: бағаның соғыстығы, баға жеңілдіктері, төлеу жағдайлары.
- Баға емес әдістер: сапа, кепілдіктер, қызмет көрсету, субинститут.
Жетілмеген бәсекенің түрлі құрылымдары бар:
- Полиполия. Сатушы көп, сатып алушы көп. Бұл - еркін жетілген бәсекенің құрылымы.
- Олигополия. Сатушы біраз, сатып алушы көп.
- Монополия. Бір-ақ сатушы, көп сатып алушы. Бірақ фирма әрекет етеді.
- Монопсония. Сатушы көп, бір-ақ қана сатып алушы. Мұнда көптеген фирмалар әртүрлі өнімдер шығарады.
Нарықтың көріністері өте бай және құрылымы күрделі.
- Нарықтың инфрақұрылымы. Әр экономикалық жүйенің өзіне тән инфрақұрылымы бар. Алғаш рет инфрақұрылым деген категория өткен ғасырдың алғашқы жылдарында қарулы күштерді дұрыс қамтумен пайдаланылды. Инфрақұрылым дегеніміз - негізгі қызметтерді дұрыс жүргізуге арналған салалар мен қызметтер. Өндірістік инфрақұрылым негізгі өндіру қызметтерін жүргізуге арналған: байланыс жүйелері, тасымалдау, жабдықтау, түрлі қуаттармен қамту және т. б. Әлеуметтік инфрақұрылым ұйымдары: мектептер және басқа оқу орындары, тәрбие беру мекемелері, зейнеттік қорлар және т. б. Нарықтық инфрақұрылым сатушы мен сатып алушы арасындағы байланыстарын өркениетті жүргізуін қамтиды. Нарықтық инфрақұрылымның негізгі қызметтері - іскерлік қатынастарды дұрыс жүргізу және жүргізуін жеңілдету, құқықтық және экономикалық бақылауды қамту, іскерлікті мемлекеттік және қоғамдық жағынан реттеу. Мысалы, тауарлар және тауарлық биржаларды, бөлшек және көтерме сауданы қамтитын маркетингтік ұйымдарды қажет етеді.
Өндіріс факторларының нарығында ресурстар сатылады. Олардың биржа сияқты және ұйымдары бар. Қаржы-ақша нарығында ақшалар және акция мен облигация сияқты бағалы қағаздар сатылады. Оларды сату үшін арнайы ұйымдасқан биржа, банк, брокерлік ұйымдар болады. Шекаралық қатынастарды реттеуде кедендік ұйымдар бар.
- Нарықтың қызметтері, артықшылықтары мен кемшіліктері.
Нарықтың қызметтері:
- бағаның қалыптасуы - ол үшін бағалар туралы жедел ақпараттарды дайындау және беру;
- келесі қызметі - делдалдық - тауарлар мен қызметтер арасында адамдар мен мемлекеттер арасында болу;
- реттеушілік қызметі - экономиканы сұраныс пен ұсыныс арқылы зерттеу;
- ынталандыру - бәсекенің арқасында фирмалар тиімді ресурстар пайдалану жолын іздестіріп, шығындарды азайтатын қызмет. Ол үшін ғылыми-техникалық прогресстің (ҒТП) жетістіктерін неғұрлым тез пайдалану керек;
- объективті-бағалаушы - маманды, тұтынушыны, өндірушіні, кәсіпкерді объективті бағалайтын қызмет;
- адамдар арасындағы байланыс құралы, нарықтың негізгі тілі - тауар, оны сатып алу, сату. Нарық ешқандай шек білмейді;
- ақпаратты қызмет;
- сауықтандыру (санирующие, оздоровительные) .
Нарықтың кемшіліктері:
- орны толмайтын табиғи ресурстарды сақтамайды (Арал) ;
- қоршаған ортаны қорғайтын экономикалық механизмі жоқ (мемлекет) ;
- пайдақорлықтың нәтижесінде сүйкімсіз нәрселерді туындатады;
- еңбек пен табысқа кепілдік бермейді;
- тиімсіздікті туындатады;
- ақшаның құнсыздануы - инфляция және жұмыссыздық - нарықтық экономиканың жазылмайтын, құтыла алмайтын ауруы.
7-тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.
- Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұраныстың бағадан тыс факторларының өзгеруі.
- Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсыныстың бағадан тыс факторларының өзгеруі.
- Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланыстығы. Нарық тепе-теңдігі.
- Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі.
- Тұтынушылық мінез-құлық теориясының негіздері.
- Сұраныс пен ұсыныс- бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа. Нарық өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысаны ретінде өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді. Әр экономикалық жүйе негізгі 3 сұраққа жауап береді: Көптеген тауарлар мен қызметтер арасында қаншама мөлшерде не өндірілу керек? Қоғамның өндіріс факторларын қалай пайдалану керек? Өндірілген ұлттық өнім әртүрлі адамдардың арасында кім үшін бөліну керек?
Нарық дегеніміз - сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz