Мұнай өндіру процесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе.
2. Мұнайдың шығу тарихы мен элементтік құрамы.
3. Қазақстан Республикасындағы мұнай өндірісі.
4. ҚР мұнай – газ кен орындары.
5. Мұнай өндіру процесі.
6. Қорытынды.
7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Мұнай - көмір сутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді,
аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың
көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізінен алғанда
көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер
шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті)
тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары
да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш
түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл
түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95
гсм3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада
изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі
мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин,
керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық
жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа.
Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна
антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір Қара алтын деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар.
1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың
тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай
тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол
кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болды.
Мұнайдың, ал ертеректе оны тас майы деп атаған, болашағы зор екенін
болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай
ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің
бірегей теориясын ұсынған еді. Жер қойнауында тереңнен орналасқан
шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып,
саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын
және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың
негізі..., – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін
көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер
Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының
мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.
Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың
бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер
шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа
металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен
сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен, этилен және т.б.
түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне
көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр
көмірсулар қоспасына айналады. Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай
әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық – жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев
теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі
бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар
мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды.Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында,
әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын
жағдайларда кездесетініне көз жетті. Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның
ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен
жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда
су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай
түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан,
бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ
оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз
жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда
хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз
градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары
табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық
реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде
катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық
өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен
өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер
етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды.
Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде
қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз
еді.
Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін
химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл,
әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен
болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып,
сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін
фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық,
өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың
әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз
кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының
қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін
түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай
біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау
жынысына енеді.
Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол
мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен
таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу
орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың
болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.
Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттерік өміртектермен
қатар мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар — H2S,
меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар
полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады); азотты
заттар – негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және
порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады)
гомологтары; қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты
т.б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін). Элементтік
құрамы (%): С – 82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін), N —
0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін) және т.б. Барлығы мұнай
құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса
V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін)
т.с.с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық
қасиетттерге ие.
Пайдасы.
Мұнай дүниежүзілік жанар - жағар май - энергетикалық балансында
орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48%
алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом
және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға
деген сұраныс жанар - жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук,
синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу
құралдарын, пластификатор, бояғышта р т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан
астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы
заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер
– метан, этан, пропан, бутан, пента н, гексан, және жоғарымолекулярлықтар
(10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер
– этилен, пропилен, бутадиен; ацети лен.

Қазақстан Республикасы ежелгі мұнай өндіретін мемлкеттердің бірі
болып табылады. Мұнай өндіріс тәсілімен шамамен 100 жыл бойы өндіріліп
келеді.  Мұнай мен газды игеру көлемі бойынша Атырау және Маңқыстау
облыстары алғашқы орында, осыған байланысты облыс аймағында қазіргі ірі
компаниялар құрылды.
Қолда бар геолого-геофизикалық мәліметтер мұнайгеологиялық аудандастыруды
жүргізуге және Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі мұнайгаз
потенциалын бағалауға мүмкіндік береді. Ірі, ұлттық МұнайГаз
компаниясының болжамы бойынша 2010 жылға қарай Қазақстан 102 млн т мұнай
өндіреді делінген.  Мұнай өндіру көлемінің жоғарлауы және Каспий ауданына 7
млн қоры бар Шығыс Қашаған кен орнының кіріктірілуімұнай өндіру 
перспективасын қарқынды дамытуда.
2010 жылға қарай Қазақстан мұнай өндіруді 3-4 есе өсуруді жоспарлауда.
Қазіргі уақыттағы мұнай өндірудің жылдық көлемі 25-30 млн т құрайды. Бұл
төменгі көрсеткіш болып саналады.
Көптеген кен орындары ұзақ уақыт қолдануда, содықтан олар аздебетті
саналады. Мысалы, Маңғыстау облысының түелдей дерлік барлық мұнайы
Жетыбай, Қаражанбас, Қаламқас және Өзен сияқты ірі кен орындары
елде өндірілетін   көмірсутек шикізаттың 13-ін өндіреді, қиын өндірілетін
мұнай категорияларына жататын 60% қалдықты мұнай қоры бар, дегенмен Өзен
және Жетібай қорлардың түгелдей дерлік өндірілуімен,  Қаламқас және
Қаражанбас 30% және 9% өндірілуімен сипатталады.
Сонымен, қазіргі уақытта мұнайдың экоөнімді қорын қарқынды өндіруде, ал ол
өз кезегінде қордың қиын өндірілуіне әкеледі, бірақ көмірсутекті өндіру
өсуде. 2010 жылы 100 млн т нүктесіне жету болжанды. Көпшіліктің пікірі 2010-
2015 жж. қарай Қазақстанның ірі үш кен орындары — Теңіз, Қарашығанақ
және Қашағаннан мұнай өндіру тәулігіне 9 млн баррелге жетеді деген оймен
келіседі. Құрамында парафин және меркаптанның көп болуы, қазақстандық
мұнайды тасымалдауға, сақтауға және өңдеуге тиімсіз, себебі қосымша шығынды
талап ететін оның коррозияға түсу қасиеті жоғары, қоршаған ортаға кері
әсерінің болуымен сипатталады.
Қазақстанның мұнайгазды кешенінің дамуы энергетикалық шикізаттың
сыртқы нарыққа шығару мәселелерімен тығыз байланысты, сосың салдарынан
транспортты фактор аса маңызды мәселеге айналып отыр. Қазіргі уақытта
шамамен мұнайдың 80% -ы Қазақстаннан мұнай құбырлары арқылы
эксплуатацияланады, 12% темір жолдармен және 7%  су көлігімен тасымалдау
үлеісне тиесілі.
Республикада мұнай өндірудің қазіргі деңгейі бектілген бар қордың көлемінен
шамамен 1% -ын құрайды және бұл ағынға қазіргі уақытта бар құбырлардың
қызмет көрсетуі жеткілікті. Экспорттық баға бойынша қазіргі уақытта
қалыптасқан құбыр жолдар желісі мұнайдың жалпы өндіру көлемнінің 70-80 млн
т-дағы республиканың экспоттық қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта мұнайды экспорттау көлемі бар мұнай құбыр жолдардың
тасымалдау мүмкіндігінің артуымен жыл сайын өсу үстінде.  Он жылдық соңына
қарай Каспий қайраңының қазақстандық бөлігіндегі кен орындарының
меңгеруімен байланысты жағдай радикальды  өзгеруі мүмкін: әртүрлі бағалар
бойынша 2010 жылға қарай Қазақстанна мұнайды экспорттау қазіргі деңгейінен
6-10 есе өсуі мүмкін ол жылына 10-150 млн т –ға жетеді. Сонымен,
республикаға тағы да ірі мұнай құбыр жолы қажет болады.
Қазіргі уақытта әртүрлі елдердің эксперттері экспортты құбыр жолдарының
нұсқаларын қарастыруда:
Ресей аумағы арқылы энерго жабдықтаушыларды тасымалдау;
Жерорта теңізінен Синьцзян қытай провинциясына дейінгі доғаны қосатын
тасымалдау бағыты;
Қазақстандық экспорттау жолы. Ұсынылған экспортты құбыр жолдардың жобалары
ішінен Каспийдің Құбыржол Консорциумы (КТК)  практика жүзінде іске асқан.
Құбыр жол жүк тасымалдаушыларды тартады, тарифымен бәсекеге қабілетті және
сапа банкінің бар болуымен сипатталады. Оның алғашқы өтімділік қабілеті
28,2 млн тжылына тең. 2002 жылдың 8 ай ішінде КТК жүйесі бойынша 7,1 млн т
ган көмірсутек шикізаты тасымалданды.оның негізгі бөлігі СП
Тенгизшевройлдың мұнайы құрайды.
КТК жүйесіне басқада кен орындарының мұнайын қосу үшін НК Қазмұнайгаз
республиканың ішілік құбыр жолдар жүйесін дамыту жобаларын қаржыландыру
жобаларын іске асыруды жоспарлауда. Атырау қ. ауданындағы құрылыс қосқыш
құрылғылар Атырау және Маңғыстау облыстарындағы кен орныдарындағы мұнайды
КТК-ға бағыттауға мүмкіндік береді.
Жыл ішінде 10 млн т мұнай өткізетін Кенқияқ-Атырау құбыр жолының құрылысы
басталды. Сонымен қатар, Әлібекмола және Кенкияк,  Кроме того,
планируется прокладка 46-километрового участка трубы между месторождениями
Алибекмола и Кенқияқ кен орындарының аралығында 46 км-лік құбыр тарту
жоспарлануда, ал ол  өз кезегінде КТК және Атырау – Самара мұнай
құбырларының ресурстық потенциалын айтарлықтай өсреді.
Сонымен, ортатәуліктік песрспективада (2006 ж. дейін) КТК бойынша мұнайды
тасымалдау көлемі 32 млн т жетеді, олардың 22 млн т ТШО-ның мұнайы, 7 млн т
– Қарашығанақ үлесін және 3 млн т Кенқияқ және Әлібекмола құрайды.
КТК-мен шектеліп қалмай, Қазақстан Ресеймен басқа да жобалармен қарым
қатынас кеңейтуде, соның ішінде Атырау—Самара мұнай құбырларын қуаттылығын
15 млн т-ға дейін өсіру. 2006 жылға қарай мұнай құбырының өтімділік
қабілетін 25 млн т-ға өсіру жоспарлануда. Атырау – Самара маршрутына
қосымша қызығушылықты 2001 ж желтоқсандағы эксплуатацияға қуаттылығы жылына
12 млн т алғаш Балтық құбыржолы жүйесі берілгендігі туғызады.
БТС-ң экплуатация сызбасы бойынша қазақстандық мұнайды Атырау – Самара және
Батыс – сібір мұнайы аралас болуы мүмкін Сургут – Полоцк мұнай құбырынан
Самара – Альметевск – Приморск маршруты арқылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Приморскіде мұнай өңдеу тереңдігі 95% және қуаттылығы жылына
6 млн т экспортты-бағытталған МӨЗ-ның құрылысын салу туралы шешім
қабылданды.
Перспективті жобалар. Ресейлік – каспийлік мұнайды барлық бағытқа
тасымалдау ішінен істе тұрғандарының бірден-бірі болып саналады. Бірақ
болшақта экспорттық инфрақұрылымды дамыту міндеттілігін ескере отырып,
қазіргі уақытта Батыс Қазақстан – Қытай және Қытай – Түркменстан –
Ауғанстан – Пәкістан мұнай құбырлаы, Иран бағытындағы және Баку – Тбилиси
– Джейхан, мұнай құбырлары, украиндық маршрут Одесса – Броды және грек-
болгарлық Бургас —Александропулис және т.б жобаларды түрлендіру мақсаты
қарастырылуда.
Батыс Қазақстан – Қытай маршруты. Қазақстанна Қытайға бағытталған мұнай
құбырларының идеясы ақтөбе және Өзен мұнай өндіріс орнын приватизациялаған
Қытай ұлттық мұнай газ корпорациясының қатысуымен байланысты шықты. ТЭО
жобасына сай трасса ұзындығы 3 мың км-ден асады, соның ішінде 2,4 мың км-ы
Қытай шекарасына дейн созылған, өндірудің минимальды көлемі жылына 20 млн
т, 3 млрд долларға бағаланды. Батыс Қазақстан – Қытай маршруты Атырау —
Кенқияқ — Құмкөл — Атасу – Дружба маршруттары бойынша мұнай құбырларының
құрылысын салуды жоспарлауда және каспийлік мұнайды Қытай және Азия-тынық
мұхит елдеріне шығаруға мүмкіндік береді. Қытайлық нұсқаны іске асыру этап
түрінде өтуде: Құмкөл – Қарақойын мұнай құбыры қызмет етуде, Кенқияқ –
Атырау құбыр жолы құрылып жатыр. Құмкөл – Арал –Кенқи мұнай құбыры оның
жалғасы болып табылады. Кенқияқ – Атырау құбыр жолы мұнай өндіру
компанияларына Атырау – Самара және КТК құбыр жолдарына тікелей қосылуға
мүмкіндік береді.  Капий және Қара теңіздерге дейін транспорт шығындарын
төмендету. Батыс және Орталық Қазақстандағы мұнайдың едәуір көлемін өндіру
арқылы  талап етілген көлемге жетуге болады.
Қазақстан – Түркменстан – Ауғанстан – Пәкістан мұнай құбыры. Бұл мұнай
құбыр жолы жобаға сай, Чарджоу қаласынан бастау алады, содан кейін
Ауғанстан және Пәкістан аумағы арқылы Аравия шығанағына шығады.
Қазақстандық мұнай Чарджоуға 25 млн т өтімділік қабілеті бар, Омск —
Павлодар — Шымкент — Чарджоу мұнай құбырларының желісі арқылы келуі тиіс.  
Иран бағыты.  Иран жобасы Франция компаниясымен қазақстандық шикі мұнайды
Теңіз және Жаңа Өзен аудандарынан Иранға тасымалдау үшін ұсынылды және
сонымен қатар жақын жердегі түркмендік шикі мұнайды кен орынанан тасымалдау
үшін құрастырылды. Омск — Павлодар — Шымкент — Чарджоу модернизациялау
үшін, ол бойынша Сейди қаласының МӨЗ-на мұнай өңдеу заууытына транзитті
жаңарту, Түркменстан – Иран ауданын құру, Ислам Республикасы Иран нарығына
кейнгі уақыттада мұнайды тасымалдауды іске асыру мәселелері қарастырылады.
Қазақстан-Түркменстан-Иран мұнай құбыр жобасы. Қазақстан—Түркменстан—Иран
трассасының экономикалық мақсаттары қызықтырады. Оның өтімділік
қабілетіжылына  1,5 – 2 млрд долларға бағаланды және ол Парсы шығанағына
терминалына қазақстандық мұнайды тасымалдаудың ең қысқа қашықтығы болып
табылады. Сонымен қатар Иранға экспортталатын мұнайдың соңғы бағасы
барреліне 12-15 доллардан аспайды. Алдағы уақытта түсу мүмкіндігі бар
болғандықтан әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болып саналады. Қазақстанна
Иранның солтүстігіне экспорттайтын мұнайдың көлемі 25 млн т құрауы мүмкін.
Қолданыстағы құбыр жолдарын пайдалану арқылы және біртіндеп қуатын арттыру
арқылы көлік инфрақұрылымын қолдану арқылы 2-3 этапта іске асуы мүмкін.
Біріншіде мұнайды танкермен Ақтаудан Иранның каспийлік айлақтарына
тасымалдау нәтижесінде, ол солтүстік Иранның МӨЗ-на жеткізіледі. Иранның 4
МӨЗ-ныың қуаттылығының жалпы қосындысы 810 мың баррельді құрайды және
жылына 50 млн т мұнайды өңдеу мүмкіндігін береді. Өзен – Тегеран құбыр жолы
салынған соң. Мұнай Иранның астанасына  дейін жету мүмкін және жергілікті
МӨЗ –да қолдану мүмкін, ал оның орнына Қазақстан Парсы шығанағындағы
мұнайды сол бағамен алады.
Баку – Тбилиси – Джейхан мұнай құбыры. Ұзындығы1760 км құбыр жолы Каспий
теңізіндегі кен орнын Түркияның айлақтарымен байланысты отырып, АҚШ-қа
энергия ұстаушы көздерді дмверсифицирлеуге және Парсы шығанағы
мемлекеттерінің мұнайды импорттауға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, өзінің саяси және экономикалық ықпалын күшейтуге
мүмкіндік береді. Жоба 40-50 жыл ішінде 45-50 млн т жылына тасымалданатын
кезде рентабельді. Аналитиктердің көзқарасы бойынша Ақтау – Иран маршруты
салыстырмалы түрде қазақстандық мұнайды әлемдік нарыққа шығарудың жолы
болып табылады. Тасымалдау потенциалы едәуір үлкен Қазақстан Иранның 
солтүстігіне мұнайды экспорттау көлемі 25 млн т жету мүмкін. Теңіз арқылы
тасымалдау мүмкіндігі қазақстанық мұнайды  Азербайжандық мұнай құбыр
желісіне қосу арқылы уске асады. Танкермен тасымалдау көлік
инфрақұрылымының сатлы кен орынын болжайтын жеңіл жолы, сонымен қатар
капитал құюды талап етпейді және өндіру көлемі кіші болганда, оны іске
асыруға болады.
Мұнай-газ кендері.
Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын
жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының
жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-
газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы
түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен
геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан.
Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен
байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге
дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі
шөгінділерде орналасқан.
Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының
қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы
горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан.
Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының
арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-
гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.
Мұнай өндірудегі әлемдегі 55 елдің ішінде Қазақстан әлемде дәлелдеген
қоры бойынша 12-ші орынға ие. Өндірілетін мұнай көлемі ТМД-да өндірілетін
барлық мұнайдың 17 бөлігін қамтиды. ҚР көмірсутектің стратегиялық қоры бар
мемлекеттер қатарына кіреді, сонымен қатар әлемдік энергоресурс нарығының
қалыптасуына айтарлықтай ықпал етеді. Қазақстандық эксперттердің болжамы
бойынша жалпы көмірсутек шиказатының барланған қорын келесідей сипаттайды:
Өндірістік категориядағы мұнайдың бастапқы және қалдықты қоры 2 млрд. т
аса, оның ішінде 70 мұнай кен орны пайдалану үстінде. Мұнай қорының шамамен
90%–ы 12 кен орнындағы тұз асты шөгінділерінде анықталған, ал олардың
үшеуінде(Теңіз, Карашығанақ, Жаңажол)  қор мөлшері 100 млн т аса.
Өндірістік категориядағы еркін газ қоры  2 млрд м3 жететін газды, газ
конденсатты, мұнай газды кен орындары 70  тен аса тебылған. Қолданыста
шамамен 30 кен орны, ал оларға 86% бастапқы 85% қалдықты өндірістік
категориядағы газ қорлары байланысты.
Өндірістік категория бойынша кондесат қорларын өндіру 694,8 млн т құрайды
және 30 кен орнында шоғырланған. Бірақ тек 15 кен орнында ғана өндіріледі.
Негізгі конденсат қорлары мен өндіру көлемі республикадағы барлық конденсат
қорының 91%-ы шоғырланған Карашығанақ кен орнында тіркелген(866,9 млн
т).  Қалған кен орындарында, Оңтүстік Жетіба, Теңге және Ракушечникті
ескермегенде, Маңғыстау облысында  конденсат қоры 0,2-0,3 млн т-дан
аспайды.
Мұнайдың барланған қорлары 6 млрд т-дан (құрлықта) аса бағаланған, оның
ішінде мемлекет қорланың жартысынан астам бөлігі елдің Батыс бөлігінде
шоғырланған (24 таблица). Мұнайдың айтарлықтай перспикитивті ресурсымен
қамтылған Каспий теңізі секторы саналады. Теңіз, Астрахан, Бұзащы
түбегі және т.б. айтарлықтай ірі кен орындары дәлел бола алады. Қашаған
кен орынынң ашылуын ескере отырып, қазақстандық зерттеушілердің бағалауы
бойынша мұнайдың барланған қоры шамамен 7 млрд т құрайды, 13 млрд т
бағаланған мұнайдың барлық қоры Қазақстанды үлкен ондықтағы мұнай
державаларының қатарына қосуы мүмкін.
Республкадағы табиғи газдың барланған қоры 5,9 млрд м3. Ресурстардың
айтарлықтай қоры Батыс қазақстанда орналасқан, соның ішінде Ақтөбе (шамамен
табиғи газдың 40%-ы), Батыс Қазқстан (шамамен 16%), Атырау (шамамен 14%)
және Қызылорда (шамамен 10%) облыстарында шшоғырланған. Елдің қалған
территорияларында немесе аумағында газдың барланған ресурсы шамамен 20%-ы
орналасқан, оның ішінде жеке облыс үлесі 3%-дан аспайды.
Республикадағы конденсаттың барланған қоры 1 438 млн т. бағаланған.
Конденсат ресурсының айтарлықтай бөлігі Каспий теңізі секторында
шоғырланған, негізінен Батыс Қазақстан(46%)  және Ақтөбе(45%)
 облыстарында. ҚР перспективті мұнай-газды орындарының ауданы 1 млн 700 мың
км2-қа тең, ал бұл Қазақстан барлық территориясының 62%-ын құрайды. Қазіргі
уақытта 150-ден аса мұнай және газ кен орындары ашылған.
 
2. Көмірсутекті шикізат кен орнын жүйелі қарастыру мақсатында келесідей 3
бағытты  көрсетуге болады:
1.                    Отандық экономика үшін маңыздылық деңгейі бойынша.
2.                    Мұнай-газды геологиялық аудандастыру үлгісін қабылдау
бойынша.
3.                    Әкімшілік-аум ақтық орналасуын ескеру бойынша.
 
Бірінші бағыт. Көмірсутекті кен орындарының маңыздылық деңгейібойынша
экономика даму үшін кен орындарының үш тобын бөліп көрсету дұрыс:
Бірінші топ.
Зерттелген ресурстардың негізгі бөлігі жаңа кен орындарына сәйкес
келеді. Олардың ішінде жартысына жуығы бір-біріне айтарлықтайжақын
оранласқан Теңіз, Королевск және Карашығанақ кен орныдарына тиесілі.
Қазақстандық эксперттердің бағалауы бойынша берілген кен орынларындағы
көмірсутекті шикізат қорының жалпы қосындысы:
— мұнай қоры бойынша  Теңізде 3 млрд т аса, газ — 1 800 млрд3 м аса;
— Королевск кен орнындағы мұнай қоры – 20 млн т аса;
— Карашығанақтағы қалдықты мұнай қоры — 190 млн т аса, газ — 1,3 трлн3 м
аса, конденсат —  600 млн т аса.
Екінші топ.
Берілген топты Каспий теңізі қайраңында орналасқан кен орындары
құрайды. Олар жеткілікті зерттелмеген, бірақ 2 млрд т мұнай және 2 трлн.
м3 газ қорлары бар геологиялық құрылымы көрініс табады. Басқа да бағалар
бойынша қазақстанық қайрандағы мұнай қоры 25 млрд т-ға жетеді. Бұл кен
орындар Қазақстанның болашақ байлығы. Олар барлауға инвестицияны талап
етеді, бірақ қазіргі уақытта шетел инвесторларының алдында екінші топтағы
кен орындарының ресурстық потенциал ретінде бағалығын көтеріп, экономика
үшін жұмыс жасайды.
Үшінші топ.
Берілген топқа күшті өңделген (Өзен, Жетібай, Каламқас, өндіру
деңгейі 48%, 35% және 31% құрайды), сонымен қатар сарқылуға жақын Ембі
ауданының кіші кен орындары жатады. Кен орындарының бұл тобы өндірудің аз
емес бөлігін қамтамасыз етеді, бұл салада ұлттық кадрлердің айтарлықтай
бөлігі жұмыс жасайды.
Екінші бағыт – мұнай-газды геологиялық аудандастыруқазақстандағы мұнай
өндірудің негізгі төрт ауданның сипаттамасын қосатын ғылыми бағыттың бірі
болып табылады:
1) Каспий маңы мұнай-газды ауданы.
Белгілі Каспий маңы мұнай-газды ауданы республиканың халық шаруашылығына
қатысты ірі кен орындар қатарын қосып алады. Оларға Теңіз, Қарашығанақ,
Қаражанбас, Кенбай, Доссор, Құлссары, Қаламқас тәрізді 130-дан
артық кен орындары жатады. Негізгі кен орындар мұнайлы (жалпы санның 59%)
және газды-мұнайлы (14,9%), ал қалғандары – мұнайгазконденсатты және газды
аудандарға жатады.
2)Турин мұнай-газды ауданы.
Региональды аспектідегі мұнай өндірудің негізгі ауданы – Маңығыстау,
Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Осы аудандағы кен орындарының
жалпы саны мұнай өндіру бойынша 20 ионнан аса, соның ішінде мұнайлы (жалпы
мөлшердің 35%-ы) және газды (15%), қалған бөлігін газдымұнайлы және газды
конденсатты құрайды.  Перспективті өндірудегі жоспар бойынша газдымұнайлы 
кен орны Құмкөл ерекше көзге түседі. Жалпы бұл ауданның кен орны
өндіріске өндірілуімен сипатталады. В целом месторождения этого района
характеризуются как промышленно разрабатываемые, с преобладанием смешанного
типа геологических
3)Маңғыстау мұнай-газды ауданы.
Берілген мұнай-газды провинцияның көптеген кен орындары, негізінен
Маңғыстау обылысында орналасқан. Айтарлықтай мұнай қоры және газды
конденсатқа бай, ең ірі кен орындары — Өзен, Жетібай және Теңге. 
Қазақстанның басқа да мұнай-газды провинцияларымен салыстырғанда, жалпы кен
орындарының (42) ішінде газ өндіру аудандарының(жалпы санның немесе
мөлгердің 45%-ы),  басым болуымен ерекшеленеді. Мұнай кен орны жалпы өндіру
мөлшерінің 38%-ын қамтиды.бұл ауданда өндірілеттін газ салыстырмалы түрде
газсіңіргіштігінің (50-ден жоғары) жоғары коэффициентімен сипатталады. Бұл
геологиялық жыныстар құрылымының ыңғайлылығын айтады, ал ол өз кезегінде
өндіру кезінде шығынның біршама төмен болуыны ықпал етеді.
4)Шу-Сарысу ойпатын қоса алғандағы, Орталық-Қазақстандық газ-гелилі ауданы.
Берілген мұнай өндіру ауданы қолданыстағы кен орындарын қамтығанда үлкен
емес аумақты алып жатыр. Бұл жерде мұнай мен газдың шамамен тоғыз қабатты
қыртысы есептелген.  Кен орындарының негізгі орналасқан облыстары –
Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы. Олрадың арасында газды кен орындары
жалпы мөлшердің 89%-ын, газконденсатты – 11%-ын құрайды.    Геологиялық-
геофизикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша бұл ауданда бірде-бір мұнай кен
орны анықталмаған, бұл берілген аудандағы шөгінді қабаттың геологиялық
құрылымымен түсіндіріледі.
Үшінші бағыт – республикадағы көмірсутекті кен орныдарының әкімшілік-
аумақтық орналасуы мұнай-газды өндірістің дамуыныдағы әр облыстың
маңыздылық деңгейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гидротазалаудың физикалық және химиялық негіздері
Өндірістік процесті ұйымдастыру және мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік құрылымы
Мұнай саласындағы жобаларды басқару
Мұнайды магистралдық құбырлармен тасымалдау
Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнында өндірісті жоспарлау міндеттері мен әдістер
Қабаттың мұнай берігіштігін артыру әдістері
Табиғи битумдар негізіндегі көмірсутекті материалдардың экологиялық қауіпсіздігі
Мұнай қалдықтарын кокстау әдістемесі
Мұнай өңдеу зауытында мұнай айдау процесін басқару жүйесін әзірлеу
Пәндер