Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 1. Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі,
мақсат-міндеттері. Логопедияның басқа ғылымдарымен байланысы.

Жоспар:
1) Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі.
2) Логопедия ғылымының мақсат-міндеттері, негізгі бағыттары.
3) Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен байланысы.
4) Логопедия ғылымының негізгі принциптері
5) Логопедия ғылымының зерттеу әдістері
6) Логопедия ғылымының маңыздылығы

Логопедия – тіл кемістіктері туралы, тіл кемістіктерді арнаулы оқыту
мен тәрбиелеу құралдар арқылы айқындау, түзету және болдырмау жолдары
туралы ғылым. Логопедия сөйлеу іс-әрекеті бұзылуының себептерін,
механизмдерін, көріністерін, ағымын, құрылысын зерттейді. Логопедия
термині грек сөздерінен жаралған: logos-сөйлеу, сөз; paideia –тәрбиелеу;
грек тілінен аударған кезде логопедия сөйлеуді тәрбиелеу деген мағнаны
білдіреді.
Логопедия ғылымы пән ретінде тіл кемістіктерін және сөйлеу тілінің
бұзылуына шалдыққан адамдарды оқыту, тәрбиелеу үрдісін қарастырады.
Логопедиянің зерттеу объектісі - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан адам.
Тіл кемістіктерін көптеген басқа да ғылымдар зерттейді: физиология,
невропатология, психология, лингвистика және тб. Олардың әр қайсысы тіл
кемістікті өз мақсаттар мен құралдарына сәйкес белгілі тұрғыдан
қарастырады. Логопедия тіл кемістіктерін педагогика тарапынан зерттейді деп
айтуға болады, себебі логопедия сөйлеудің бұзылуын арнайы үйымдастырылған
оқыту мен тәрбиелеу арқылы түзету және болдырмау жағын қарастырады.
Сондықтан да логопедия ғылымын арнайы педагогиканың бір саласына жатқызады.
оооо
Қазіргі логопедияның құрылысында мектепке дейінгі логопедияны,
мектеп жасындағы және жеткіншек пен ересектердің логопедиясын ажыратады.
Логопедияның негізгі мақсаты - сөйлеу тілінің бұзылуына шалдыққан
адамдарды оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйісін ғылыми дәлелдеп
құрастыру, өндеу және жетілдіру.
Логопедияның ғылым ретінде қарастырылуы бойынша оның келесі
міндеттерін белгілеуге болады:
1. Сөйлеу тілі бұзылуының түрлі формаларына тән сөйлеу іс-әрекетінің
онтогенезін зерттеу;
2. Тіл кемістіктерінің таралуын, көріну денгейін, белгілерін анықтау;
3. Сөйлеу іс-әрекеті бұзылған балалардың өз бетінше және бағытты
дамуының динамикасын белгілеу, сонымен қатар, тіл кемістігінің
баланың тұлғалық қасиеттеріне, психикалық дамуына, түрлі іс-
әрекеттерінің қалыптасуына білдіретін әсерін қарастырып белгілеу;
4. Дамуында түрлі ауытқулары бар балалардың (ақыл-ойы кем; есту немесе
көру қабілеті бұзылған; тірек-қимыл аппараты зақымдалған) сөйлеу іс-
әрекетінің қалыптасу ерекшеліктерін, тіл кемістіктерін зерттеу;
5. Тіл кемістіктерінің себептерін, мехнизмдерін, құрылысын анықтау;
6. Сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық диагностикалаудың ғылыми
әдістерін кұрастыру, жетілдіру;
7. Тіл кемістіктерін жүйелеу;
8. Сөйлеу тілі бұзылуын педагогикалық тузетудің және жоюдің жекелеген
әдістерін, принциптерін және құралдарын құрастыру және жетілдіру;
9. Тіл кемістіктерін алдына алу, болдырмау жолдарын жетілдіру;
10. Логопедиялық көмегін дұрыс үйымдастыру жолдарын көрсету.
Логопедия міндеттерінде ғылымының теориялық және практикалық бағытарын
белгілеуге болады. Теориялық бағыты — тіл кемістіктерін зерттеу және оларды
болдырмау, анықтау, жою әдістерін ғылыми тұрғыда қалыптастыру. Практикалық
бағыты – тіл кемістіктерін болдырмау, анықтау және жою. Теориялық және
практикалық міндеттер бір-бірімен тығыс байланысты.
Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен тығыс байланысы. Сөйлеу тілі
ауытқуларын болдырмау, анықтау, тузету жұмыстарын табысты жүргізу үшін
түрлі тіл кемістіктерінің белгілерін, себептерін, бұзылу механизмдерін,
құрылысын жақсы білү керек, сонымен қатар тұлғаға жан-жақты әсер ету
амалдарын, әдістерін меңгеру қажет. Логопедия ғылымы басқа ғылымдарымен
байланысы осында.
Логопедия педагогикалық ғылым және арнайы педагогиканың бір саласы
болғандықтан, ол жалпы педагогикамен, сурдопедагогикамен,
олигофренопедагогикамен, тифлопедагогикамен, ана тілін оқыту әдістемесімен,
жалпы, арнайы психологиясымен және тағы басқаларымен тығыс байланысты. Бұл
бір жүйе ішіндегі байланыстар. Ал жүйелер арасындағы байланыстарға
логопедияның биологиямен, анатомиямен, физиологиямен,
оториноларингологиямен, невропатологиямен, психопатологиямен, олигофрения
клиникасымен, педиатриямен және лингвистикалық ғылымдарымен байланыстарын
жатқызуға болады.
Мұндай байланыстарды талқылайтын болсақ, мысалы логопедияның медицина
ғылымдарымен байланысын алайық. Есту және сөйлеу мүшелерінің патологиясы
туралы мәліметтер сөйлеу тілі ауытқуының пайда болу себептерін, бұзылу
механизмдерін дұрыс анықтауына және логопедиялық жұмысын медициналық емдеу
жұмысымен нәтижелі үйлестіруіне мүмкіндік береді. Осындай мәліметтер дауыс
бұзылу, ринолалия, дислалия, тб ауытқулары жағдайында аса кажет. Мәселен,
дауыс бұзылуының себептерінің бірі – көмекейдің және көмекей ішіндегі
орналасқан дауыс сінірлерінің органикалық зақымдануы (бездер, түйіндер,
папиломалар тб.), осы зақымның орналасуын, әсер ету механизмін анық
білгенде ғана, дауыс бұзылуының түрін және жою амалын дұрыс белгілеуге
болады. Көмекейді дұрыс қалпына келтіру жұмысын сәтті аяқталған жағдайда
ғана дауыс бұзылуын жоюға болады, ал ондай жұмыс физиотерапевтік,
хирургиялық, психотерапевтік күшімен іске асады.
Сөйлеу тілі бұзылуының көптеген түрлері орталық жүйке жүйесінің
органикалық зақымдануымен байланысты. Оларды диагностикалау логопедтің
неврапотологпен немесе психоневрологпен бірлесіп жұмыс жасаған кезінде ғана
мүмкін болады. Тіл кемістігі пайда болуы баланың психикалық іс-әрекетінің
түрлі бұзылыстарына алып келуі мүмкін, мысалы: психикалық дамуының
тежелүіне, мінез-құлық және эмоцияларының жағымсыз өзгерістеріне,
зейінің, ес процестерінің, ойлау қабілетінің бұзылуына және тб. Осындай
бұзылыстарын дұрыс айқындау, себептерін ашу, тіл кемістігімен байланысын
зерттеу жұмыстарын психоневролог жүргізеді. Оның осы жайлы мәлеметтерін
логопед түсініп, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін сауатты пайдалану
керек.
Тіл кемістіктері бар балаларды оқытудың, тәрбиелеудің заңдылықтары
нерв жүйесінің құрылысы, қызметі және даму ерекшеліктері туралы білімдеріне
негізделеніп құрылады. Логопед сөйлеу тілі ауытқуларының неврологиялық
негіздерін және балаларда жиі кездесетін психикалық бұзылуының түрлерін
жақсы білүі қажет. Оның бұл саладағы білімдері сөйлеу тілі бұзылуының
құрылысын, құрамын дұрыс анықтауына, нәтижелі тузету жолдарын таңдауына
және баланың тұлғалық дамуының аномалды болып кетуін болдырмауына
көмектеседі.
Логопедия сөйлеу тілі туралы ғылымдарымен: лингвистика,
психолингвистикамен тығыс байланысты. Сөйлеу тілінің құрамын және сол
құрамындағы тіл компоненттерінің қызметтерін анық түсіну, баланың ана
тілінің нормаларын меңгеру ретін, заңдылықтырын білу логопедиялық жұмысының
жүйесін құрастыру үшін аса қажет.

Логопедия ғылымының негізгі принциптері:
Жүйелік принципі сөйлеу тілін күрделі функционалды жүйе ретінде
қарастыруды ұйғарады. Осыған байланысты сөйлеу тілі дамуын зерттеу, тіл
кемістіктерін түзету жұмыстарын сөйлеу тілінің барлық компоненттеріне қатар
әсер ету арқылы жұргізу керек. Себебі сөйлеу тілінің даму барысында тіл
компоненттері бір-бірімен тығыс байланыста жетіледі, бір компоненттің
бұзылуының нәтижесінде басқаларының дамуында жағымсыз көріністер пайда
болады.
Кешенді жұмыс принципы. Логопедиялық қорытындыны дұрыс беру үшін, тіл
кемістіктерінің ұқсас формаларын шатастырмай алу үшін тіл кемістігінің
өзіндік және қосалқы белгілерін талдау, медициналық, психологиялық
зерттеудің нәтижелерін түсіну және сөйлеу тілінің даму деңгейін таным
әрекетінің даму деңгейімен салыстыру қажет, яғни кешінді жұмыс болғаны жөн.
Тіл кемістігі көп жағдайда нервтік және нервтік-психикалық ауруларының
синдромдарына кіреді, мұндай кезде сөйлеу тілі ақаулығын түзету жұмысының
кешенді болуы аса қажет және маңызды.
Даму принципі. Сөйлеу тілі бұзылуын зерттеу және түзету барысында
балалар дамуының жалпы және ерекше (ауытқуына байланысты) заңдылықтарын
есепке алған жөн. Сонымен қатар, даму принципі логопедиялық жұмыс барысында
бала дамуының жақын аймағының кезендерін, қиыншылықтарын, мақсаттарын
белгілеуін және бала дамуындағы әр мерзімінің негізгі іс-әрекет түрін
есепке алуды ұйғарады.
Онтогенетикалық принцин бойынша логопедиялық-түзету жұмысының
әдістемесін сөйлеу тілінің формалары мен қызметтерінің және баланың іс-
әрекет түрлерінің онтогенетикалық дамуында пайда болу ретін еске алып
құрастыру қажет, мысалы, қарапайым формаларынан күрделіге қарай көшуін
Ақаулықтың құрылысын есепке алу принципі. Тіл кемістігін түзету жұмысы
сәтті болуы үшін сол кемістіктің себептерін, бұзылу механизмдерін,
көріністерін нақты білү, кемістік құрылысында алғашқы және туынды ақаулығын
белгілеу, сөйлеу және сөйлеуден тыс белгілерінің ара қатынасын анықтау
маңызды.
Айналма жол принципін бұзылған сөйлеу қызметінің орнын толтыру
(компенцация) барысында, функционалды жүйелерінің жұмысын қайта
құрастыруында пайдаланады, нақты айтқанда бұл принцип зақым тиген бөлімді
айналып, жаңа функционалды жүйені құрастыруды талап етеді
Логопедия – педагогикалық ғылым. Сол себептен тіл кемістіктерін зерттеу
және түзету жүмысы үшін дидактикалық принциптерінің орны ерекше. Оларды
атап айтсақ, көрнекілік принципі, саналылық принципі, жұмысты
жекелендіру принципі т.б.

Логопедия ғылымының зерттеу әдістерін шартты түрде үш топқа бөлүге
болады:
Бірінші топ – ұйымдастыру әдістері: салыстыру, лонгитюдтік (динамикада
зерттеу), кешенді.
Екінші топ– эмпирикалық әдістер: бақылау, эксперимент (табиғи,
лабораторлық, қалыптастырушы, психологиялық-педагогикалық),
психодиагностикалық (тестер, анкеталар әнгімелер, сауалнама), биографилық
(анамез мәліметтерін жинау және талдау), іс-ерекетті және оңын өнімдерін
талдау.
Үшінші топ - зерттеу нәтижесінде алған мәліметтерін сан және сапа
жағынан талдау әдістері.
Төртінші топ – тұжырымдау әдістері: зерттеп жатқан құбылыстар
арасындағы байланыстарын теориялық жағынан зерттеу және түсіндіру.

Логопедия ғылымының маңыздылығы
Логопедия ғылымы тілмен тікелей байланысты болғандықтан, бұл ғылымның
маңыздылығы сол тілдің әлеуметтіқ қызметімен байланысты. Сөйлеу қызметі -
адамның ең маңызды қызметтерінің бірі. Сөйлеу тілінің дамуы барысында
таным іс-әрекетінің жоғарғы формалары, ұғым арқылы ойлауға қабілеті
қалыптасады. Сөз мағнасының өзінде жалпылау қасиеті бар, сондықтан ол тек
қана сөйлеу тілінің негізі емес, ол ойлаудың да негізі болып табылады.
Бұндай екі мағына бір-бірінен бөлек және өз бетінше пайда болады дегеніміз
де дұрыс. Бірақ психикалық даму барысында күрделі, жаңа сапалы бірлестік
пайда болады – сөйлеу арқылы ойлау.
Сөйлеу қарым-қатынасқа түсу қабілетін меңгеру адамға ғана тән
әлеуметтік қарым-қатынастың орналасуына себеп болады. Осындай қарым-қатынас
арқылы баланың қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасып, айқындалады.
Сөйлеу тілін меңгеру баланың өз жүріс-тұрысын, іс әрекетін тануға,
жоспарлауға және бағыттауға мүмкіндік береді.
Сөйлеу тілінің бұзылуы баланың бүкіл психикалық дамуына жағымсыз әсер
етеді. Күрделі тел кемістіктер баланың ойлау қабілетінің дамуына, таным
әрекетінің жоғарғы деңгейлерінің қалыптасуына теріс әзерін тигізеді. Тіл
мүкістіктері, жалпы сөйлеу қарым-қатынасының шектелуі психикалық
ауытқуларына, эмоциялар мен ерік қабілетінің жайсыздық ерекшелуіне және
баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуында қолайсыз жағдайларға әкеп соғуы
мүмкін, мысалы; мінез-құлықтың жағымсыз қасиеттерінің пайда болуына
(ұялшақтық, тұйықшылық, тартыншақтық, қырсықтық, өз-өзін кем санау т.б.).
Осындай ұнамсыз жағдайлар кейін сауат ашу кезінде сәтсіздіктердің
болуына, баланың мектепте жалпы үлгерімінің төмен болуына әкеп соғады және
де болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бөгет жасайды. Айтылып кеткен
жағдайларға жол бермеу үшін тіл ақаулығына дұшар болған балаға ерте бастан
тіл кемістігін жоюына көмек көрсету керек, яғни оның толыққанды жан-жақты
дамуын қамтамасыз ету. Логопедияның маңыздылығы осында.

Тақырып 2. Сөйлеу тілінің дамуы
Жоспар:
1. Сөйлеу тілі дамуы адамның жалпы дамуының көрсеткіші ретінде. Сөйлеудің
психолингвистикалық негіздері
2. Сөйлеу тілі дамуының дайындық кезеңдегі ерекшеліктері
3. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезеңі
4. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгі кезеңі
5. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасындағы кезеңі

1. Сөйлеу тілі дамуы - адамның жалпы дамуының көрсеткіші. Сөйлеудің
психолингвистикалық негіздері
Сөйлеу тілінің дамуын, сөйлеу тілінің бұзылуын және оны түзетуді
зерттеуден бұрын, сөйлеу тілі және тіл, ана тілі деген ұғымдарды
нақты түсіну қажет. Тіл – ұғымдық мазмұнын және типтік дыбыстануын
сәйкестіретін, объективті түрде қолданылатын, әлеуметтік бекітілген
танбалар жүйесі және сол танбаларды пайдалану ережелердің жүйесі. Ал сөйлеу
тілі - тілді қолданудың психофизиологиялық үрдісі. Тіл – қарым-қатынас
құралы, сөйлеу тілі – қарым-қатынас үрдісі.
Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері – дыбыстар, сөздер және
грамматикалық құрылысы. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогтык және монологтык
деген екі тұлғасы кіреді. Диалогтык сөйлеу тілі екі немесе бірнеше
әнгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде
кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы.
Монологтык сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің
байланыстыра баяндауы. Монологтык сөйлеу тілінің ерекшелігі — дәлелдеп
сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіру. Кемістігі бар тілде
диалогтыкқа қарағанда монологтык сөйлеу тілі көбірек бұзылады.
Сөйлеу тілі екі түрлі болады: ішкі және сыртқы. Сөйлеу тілінің ішкі
тұлғалары – бұл үнсіз тіл, адам бір нәрсе туралы ойлап, оған жоспар
құрғанда пайда болады, ойлану арқылы қалыптасады. Сыртқы сөйлеу тіліне
көшуі баланың үш жасқа дейінгі шамасында, өзінің істеген әрекеттерін
естіртіп, сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінен байқалады. Ішкі
сөйлеу тілі арқылы ойдың сөзге айналуы барысы және сөз сөйлеуге дайындығы
морфологиялық және фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп меңгеруіне баланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бірнеше
жайды көрсетеді. Бірінші жай – фонетикалық есту қабілітінің дамуы және ана
тілі фонемаларын сөйлеуде қолдану. Екінші жай – сөздік қорын және
синтаксистік нормаларын меңгеру. Үшінші жай – сөйлеу тілінің мағыналық
жағын игеру.
Адамның сөйлеу қызметі оның психикалық дамуында маңызды роль атқарады.
Сөйлеу қарым-қатынасының толыққанды болуы адамның әлеуметтік қатынастарының
іске асуының алғы шарты болып, оның бала кезінен қоршаған дүние туралы
түсініктерін кенейте түседі. Баланың сөйлеу тілін меңгеру оның жүріс-
тұрысын, мінез-құлқын бағыттайды, ұжым ішінде өзін дұрыс ұстауын және
қатысуын жоспарлауға көмектеседі. Ал сөйлеу тілі дамуының айқын ауытқуы
бала үшін нағыз жағымсыз салдарын туғызады, олардын ішінде:
- баланың психикасы кешігіп дамиды;
- таным іс-әрекетінің жоғары деңгейлерінің қалыптасуы тежеледі;
- ерік-эмоциялық жағының бұзылуы пайда болады, ол тұлғалық ерекше
қасиеттерінің қалыптасуына алып келеді (түйық мінез, эмоциялық
тұрақсыздық, сенімсіздік және т.б.);
- оқу мен жазуды меңгеруінде қиыншылықтарға тап болады, жалпы оқу
үлгерімі төмендейді.
Сөйлеу тілі адамның туа біткен қабілеті емес, ол онтогенез барысында
адамның дене және ойлау қабілеттерімен қатар дамиды, адамның жалпы дамуының
көрсеткіші болып табылады. Баланың ана тілін меңгеруі белгілі
заңдылықтарына бағынады және барлық балаларға тән ерекшеліктерімен
сипатталады. Сөйлеу тілінің бұзылуын дұрыс түсіну үшін, қалыпты сөйлеу
тілінің бір ізділік даму жолын нақты белгілеп, осы процестің заңдылықтарын
және табысты болу шарттарын білу керек. Сонымен қатар, сөйлеу тілі дамуының
әр кезеңін, әр сапалық қарғуын нақты түсіну қажет, өйткені бұл сөйлеу
тілі дамуының ауытқуларын дер кезінде айқындауына және тіл кемістіктерін
диагностикасын дұрыс өткізуіне мүмкіндік береді. Ал сөйлеу тілінің бұзылуын
тузету үшін, түзету-тәрбиелеу жұмысынның жоспары мен мазмұнын сауатты
құрастыру үшін да міндетті түрде сөйлеу тілінің онтогенез барысында
дамуын, даму заңдарын толық білу қажет.
Әдебиетте сөйлеу тілінің қалыпты дамуының кезеңдерін ғылыми түрде көп
қарастырғандар: А.Н. Гвоздев, Г.Л. Розенгард-Пупко, Д.Б. Эльконин, А.А.
Леонтьев, Н.Х. Швачкина, В.И. Бельтюков және т.б. Осы авторлардың
монографияларында балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуы ең алғашқы балалық
кезінен бастап толық сипатталған. Олар сөйлеу тілі даму кезеңдерін түрлі
тұрғыдан қарастырып, белгілейді. Мысалы, А.Н. Гвоздев баланың сөз
таптарын, сөйлем құрылысын, олардың грамматикалық формаларын біртіндеп
меңгеруін зерттеді, осыған байланысты ол сөйлеу тілі даму кезеңдерін көбіне
лексикалық-грамматикалық категорияларының дамуына байланысты ұсынды.
Г.Л. Розенгард-Пупко сөйлеу тілінің қалыптасуында екі кезеңін белгіледі:
2 жасқа дейін – дайындық кезеңі және 2 жатан кейін – сөйлеу тілінің өз
бетінше дамуы.
А.А. Леонтьевтің зерттеулеріне негізделіп, сөйлеу тілі дамуының негізгі
кезеңдерін шартты түрде белгілеуге болады:
1. бір жасқа дейін;
2. мектеп жасына деінгінің алдындағы – 1ден-3ке дейін (алғашқы балалық),
3. мектеп жасына дейінгі — 3тен-7ге дейін;
4. мектеп жасындағы – 7ден – 17ге дейін
Осы кезеңдерге қысқаша сипатама берейік.
2. Сөйлеу тілі дамуының дайындық кезеңдегі ерекшеліктері
Дайындық кезеңінде сөйлеу тілін меңгеруіне дайындық жүреді. Туылу сәтттен
бастап балада дауыс реакциялары пайда болады: жылау, айқайлау. Осы
реакциялар сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің түрлі ұсақ
қимыл—қозғалыстарының дамуына себеп болады. Екі аптадан кейін баланың
сөйлеген адамның дауысына реакция беруін байқауға болады: жылауын
тоқтатуын, тындауын. Кейін ол сөйлеген адамның жағына басын бұрайды, оны
көзбен андыйды. Одан кейін бала адамның сөйлеу екпініне жауап көрсетеді:
ұрысқанға жылайды, мақтауға күледі. 2 айында бала үлілдейді, 3 айында
—былдырлайды. 5 айынан бастап бала дыбыстарды талдап, қоршаған адамдардың
артикуляциялық қозғалыстарына електеуге тырысады. 6 айынан бастап кейбір
буындарды анық айтады. Бара-бара бала еліктеу негізінде сөйлеу тілінің
барлық элементтерін меңгереді: фонемаларын, әуезділігін, сарынын,
мәнерлігін, екпінін, жылдамдылығын. Жылдың екінші жартыжылжығында бала
естіген дыбыс тіркестерін белгілі зат немесе қозғалыспен байланыстырады.
Әлде де ол кешенді ықпал етуге ғана жауап береді. Дегенмен, уақытша
байланыстар қалыптасады (сөздерді есінде қалдырып, оларға белгілі жауап
қайтару). 7—8 айында бала ересектің артынан дыбыстардың түрлі-түрлі дыбыс
тіркестерін қайталайды және сөз мағнасына түсінеді. 10-11 айында сөздердің
өзіне ғана жауап көрсете алады. Бір жасында баланың бірінші сөздері пайда
болады.
3. Мектеп жасына дейінгінің алдындағы кезең шамамен үш жасқа дейін
созылады. Бұл кезеңде бала көп сөйлейді, сөйлегенде дыбыстарды шатастырады,
бұрмалап айтады, орындарын ауыстырады. Баланың бірінші сөздері жалпы
мағыналы болып келеді, бұндай сөйлеуді белгілі жағдаймен байланыстыру
арқылы ғана түсінуге болады. Бұл кезең барысында баланың сөздік қоры
әжептәуір дамиды. 3 жасында баланың сөйлеу тілі грамматикалық құрылысы
қалыптасады. Бұл кезеңде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды роль
атқарады. Баламен неғұрлым қөбірек сөйлесе, оның сөйлеу тілі соғұрлым
тезірек және жақсырырақ дамиды.
Мектеп жасына дейінгі кезінде сөйлеу тілі өте қарқынды дамиды. Бала екі
жастан бастап енжар және белсенді сөздерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды
және грамматикалық құрылымы қарапайым сөйлемдерді меңгереді. Баланың
белсенді сөздігі жыл сайын көбейеді. Бала екі жасының соңында шамамен 300
сөзге дейін, үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді, бес – алты жасқа келгенде
шамамен 3000 сөзді меңгереді.
Бала ең алдымен айтуға оңай дыбыстарды – дауысты және еріндік, еріндік-
тістік дауыссыз дыбыстарды (п, б, м, ф, в, т) меңгереді. Ауыр жолмен
пайда болатын ысқырып айтылатын дыбыстарды, сонымен бірге р, л дыбыстарын
айтуға қиын болады. Сондықтанда ол оларды кейде нашар ажыратады. Оның
себебі, баланың фонематикалық есту қабілеті әлі жеткіліксіз дамыған.
Мектепке барғанда баланың сөйлеу тілінде кемістігі болмау керек, өйткені
сөйлеу тілінің ауытқуы баланың сауатын ашуға кедергі тигізеді.
Сөйлеу тілінің қалыптасу барысында бала мектепке барар алдында тілдің
негізгі грамматикалық заңдылығын да меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс
құрастырады және өз ойын білгірлікпен жеткізеді. Мектеп жасына дейінгі
баланың алғашқы сөйлемдердің грамматикалық үйлесімінің жеңілдігімен көзге
түседі. Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тіліне ересектер жағынан ерекше
қамқорлық жасайтын сабақ болу керек. Тіл кемістігін дәл уақытында ескерту
және жою үшін тіл бұзылуының каңдай себептерінен пайда болуы мүмкін екенін
мұғалім мен тәрбиеші білу керек.
Қөбінесе сөйлеу тілінің бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда
болады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынды дамуымен байланысты болса,
екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмінің
әлде нақты қалыптаспауынан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке
шалдығуына сыртқы күштердің қолайсыз себептерінен осы кезеңде дислалия,
тұтықпа, сөйлеу тілі дамуының тежелуі жиі байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады. Ол үшін
баланың жалпы тіршілігін және сөйлеу тілінің дамуын әр түрлі сырқаттардың
асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, шамадан тыс
салмақ салмауын қадағалау кажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және
тіл кемістігінен алдынала сақтандыру логопедиялық шараларын ұйымдастырудың
да зор маңызы бар. Мұнда мектептегі және мектеп жасына дейінгі
мекемелердегі тәрбиешілер мен педагогтар үлкен роль атқарады.
4. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасына дейінгі кезеңінің алғашқы сатысында
балалардың көпшілігінде дыбыс айтуының физиологиялық ақаулықтары
сақталынады. Оның ішінде ысқырық, ызын, р және л дыбыстарын айту
кемшіліктері көбірек кездеседі. 3-7 жас арасында баланың өз дыбыс айтуын
есту бойынша бақылау дағдысы, дыбыс айтуын мүмкіндігінше түзету қабілеті
дамый түседі. Басқаша айтқанда, фонематикалық қабылдауы қалыптасады. Бұл
кезеңде сөздік қорының қарқынды өсуі жалғасады. Баланың белсенді сөздік
қоры 4-6 жасында 3000-4000 сөз көлеміне жетеді. Сөз мағналары нақты
анықтала береді және күрделенеді. Бірақ кейде сөздерді дұрыс қолданбау
жағдайлары да кездеседі, ол көбіне балалардың өз бетінше сөздерді
өзгертуінде көрінеді, баланың сөзшығармалығы байқалады.
Сонымен қатар, сөйлеу тілінің грамматикалық құрылысы дамиды. Бұл кезеңде
балалар байланыстырып сөйлеуді меңгереді. 3 жастан кейін бала сөйлеуінің
мазмұны недәуір күрделенеді және көлемі де үлкееді. Мұнын өзі сөйлемдердің
құрылысын өзгертеді. А.Н. Гвоздев айтуынша 3 жастағы баланың барлық негізгі
грамматикалық категориялары калыптасады. 4 жастағы балалар сөйлеуде
қарапайым және күрделі сөйлемдерді қолданады. Ең жиі қолданатындары –
тұраулы қарапайым сөйлемдер. 5 жастағы бала салалас және сабақтас құрмалас
сөйлемдерді еркін пайдалана алады.
Осы жастағы балалардың сөйлеуі қысқа әнгімеге ұқсайды. Олар 40-50
сөйлемнен тұратын мәтінді мазмұндай алады, яғни олар монологтык сөйлеуді
меңгере бастайды.
Сөйлеу тілі дамуының осы кезеңінде баланың фонематикалық қабылдауы
әжептеуір дами түседі: алдымен бала дауысты мен дауыссыздарды ажыратады,
одан кейін – жұмсақ және жуан дауыссыздарды, ал одан кейі – үнді, ызын
және ысқырық дауыссыздарды. Әдетте, 5 жастағы бала барлық дыбыстарды
ажыратады, яғни оның фонематикалық есту қабылдауы толық қалыптасады. Осы
жастағы баланың барлық дыбыстарды дұрыс айтуы да қалыпсып бітеді.
5. Сөйлеу тілі дамуының мектеп жасындағы кезеңі. Бұл кезеңінің басты
ерекшелігі – баланың сөйлеу тілін саналы түрде меңгеруі. Балалар дыбысты
талдауға үйренеді, сөйлеудің грамматикалық ережелерін меңгереді. Сөйлеудің
жаңа түрі - жазбаша сөйлеу- басты роль атқарады. Бұл кезеңде сөйлеу тілі
бағытты түрде жетіледі: балалар сөйлеу тілінің барлық құралдарын саналы
қолданады.
Әрине, сөйлеу тілі дамуының айтылып кеткен кезеңдерінің шектері нақты
және тұрақты болмайды, әр кезең келесі кезеңімен бір қалыпты жалғасып
жатады.

Тақырып 3. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері
Жоспар:
1. Сөйлеу тілі құрамының компоненттері және олардың дамуы.
2. Сөйлеу процесінің анатомиялық-физиологиялық механизмдері
3. Шеткі сөйлеу аппараты құрылысы
А) Тыныс алу бөлімінінің құрылысы мен қызметі
Б) Дауыс бөлімінінің құрылысы мен қызметі
В) Артикуляциялық бөлімінінің құрылысы мен қызметі

1. Сөйлеу тілі құрамының компоненттері және олардың дамуы.
Сөйлеу тілі құрамының негізгі бөліктері – дыбыстар, сөздер және
грамматикалық құрылысы. Ауызекі сөйлеу тіліне диалогтык және монологтык
деген екі тұлғасы кіреді. Диалогтык сөйлеу тілі екі немесе бірнеше
әнгімелесушілердің тікелей қатысуымен пайда болатын және негізінде
кезектесіп сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы.
Монологтык сөйлеу тілі дегеніміз қағидалы жүйені дәйектілікпен бір кісінің
байланыстыра баяндауы. Монологтык сөйлеу тілінің ерекшелігі — дәлелдеп
сөйлеу, сөйлемнің грамматикалық құрылысын безендіру. Кемістігі бар тілде
диалогтыкқа қарағанда монологтык сөйлеу тілі көбірек бұзылады.
Сөйлеу тілі екі түрлі болады: ішкі және сыртқы. Сөйлеу тілінің ішкі
тұлғалары – бұл үнсіз тіл, адам бір нәрсе туралы ойлап, оған жоспар
құрғанда пайда болады. Ойлану арқылы қалыптасады.
Сыртқы сөйлеу тіліне көшуі баланың үш жасқа дейінгі шамамсында, өзінің
істеген әрекеттерін естіртіп сөйлеп және оған жоспар жасай білетіндігінен
байқалады. Ішкі сөйлеу тілінің көмегімен ойдың сөзге айналуы барысы және
сөз сөйлеуге дайындығы толық грамматикалық құрылыстың монологиялық және
фонетикалық деңгейінде жүзеге асады.
Тілді біртіндеп меңгеруіне баланысты баланың сөйлеу тілінің дамуы бір
неше жайды көрсетеді.
Бірінші жай – фонетикалық есту қабілітінің дамуы және ана тілі
фонемасын сөйлеуде дағдылануы.
Екінші жай – сөздік қорын және синтаксистік дұрыстығын меңгеру.
Үшінші жай – сөйлеу тілінің мағыналық жағын игеру.
Баланың барлық сөйлеу тілінің дамуы шартты түрде төрт кезенге бөлүге
болады: дайындық — бір жасқа дейін; мектеп жасына деінгінің алдындағы –
1ден-3ке дейін (алғашқы балалық), мектеп жасына дейінгі — 3тен-7ге дейін;
мектеп жасындағы.
Дайндық кезенінде сөйлеу тілін меңгеруіне дайындық жүреді. Туылу
сәтттен бастап балада дауыс реакциялары пайда болады: жылау, айқайлау. Осы
реакциялар сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің түрлі және ұсақ
қимыл—қозғалыстарының дамуына себеп болады. Екі аптадан кейін баланың
сөйлеген адамның дауысына реакция беруін байқауға болады: жылауын
тоқтатуын, тындауын. Кейін ол сөйлеген адамның жағына басын бұрайды, оны
көзбен андыйды. Одан кейін бала адамның сөйлеу екпініне жауап көрсетеді:
ұрсқанда жылайды, мақтауға күледі. 2 айында бала үлілдейді, 3 айнда
—былдырлайды. 5 айынан бастап бала дыбыстарды естіп, қоршаған адамдардың
артикуляциялық қозғалыстарына електеуге тырысады.6 айынан бастап кейбір
бұындарды анық айтады. 7—8 айында сөз мағнасына түсінеді. Бір жасында
баланың бірінші сөздері пайда болады.
Мектеп жасына деінгінің алдындағы кезен шамамен үш жасқа дейін
созылады. Бұл кезенде бала көп сөйлейді, сөйлегенде дыбыстарды шатастырады,
бұрмалап айтады, орындарын ауыстырады. Баланың бірінші сөздері жалпы
мағыналы болып келеді, бұндай сөйлеуді белгілі жағдаймен байланыстыру
арқылы ғана түсінуге болады. Бұл кезен барысында баланың сөздік қоры
әжептәуір дамыйды. 3 жасында баланың сөйлеу тілі грамматикалық құрылысы
қалыптасады.Бұл кезенде баланың айналасындағы сөйлеу ортасы маңызды роль
атқарады. Баламен неғұрлым қөбірек сөйлесе, оның сөйлеу тілі соғұрлым
тезірек және жақсырыақ дамиды.
Мектеп жасына дейінгі кезінде сөйлеу тілі өте қарқынды дамиды. Бала екі
жастан бастап енжар және белсенді сөздерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды
және грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерді меңгереді. Баланың белсенді
сөздігі жыл сайын көбейеді. Бала екі жасының соңында шамамен 300 сөзге
дейін, үш жасқа қараған шағында 1000 сөзді, бес – алты жасқа келгенде
шамамен 3000 сөзді меңгереді.
Бала ең алдымен дұрыс айтуға оңай жеңіл дыбыстарды – дауысты және
ерінді, ерінді-тісаралық дауыссыз п,б, м, ф, в, т дыбыстарды меңгереді.
Ауыр жолмен пайда болатын ысқырып естілітін дыбыстарды, сонымен бірге р, л
дыбыстарын айтуға қиын болады. Сондықтанда ол оларды кейде нашар ажыратады.
Оның себебі, баланың фонематикалық есту қабілеті әлі жеткіліксіз дамыған.
Мектепке барар алдында баланың тілінде мүкістік болмау керек, өйткені
мүкістіктер баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді.
Сөйлеу тілінің дұрыс тәрбиесінің барысында бала мектепке балар алдында
тілдің негізгі грамматикалық заңдылығын да меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс
құрастырады және өз ойын білгірлікпен сөйлейді. Мектеп жасына дейінгі
баланың алғашқы сөйлемдердің грамматикалық үйлесімінің жеңілдігімен көзге
түседі. Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тіліне ересектер жағынан ерекше
қамқорлық жасайтын сабақ болу керек. Тіл кемістігін дәл уақытында ескерту
және жою үшін тіл бұзылуының каңдай себептерінен пайда болуы мүмкін екенін
мұғалім мен тәрбиеші білу керек.
Қөбінесе сөйлеу тілінің бұзылуы мектеп жасына дейінгі кезенде пайда
болады. Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынды дамуымен байланысты болса,
екінші жағынан баланың нерв жүйелерінің және сөйлеу тілінің механизмінің
әлде нақты қалыптаспауынан болады. Сондықтан сөйлеу тілінің дертке
шалдығуына сыртқы күштердің қолайсыз себептерінен осы кезенде дислалия,
тұтықпа, сөйлеу тілі дамуының тежелуі жиі байқалуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының көпшілігін алдын ала ескертуге болады. Ол үшін
баланың жалпы тіршілігін және сөйлеу тілінің дамуын әр түрлі сырқаттардың
асқындырмауын, оның сөйлеу тілінің дамуына қамқорлық жасауын, шамадан тыс
салмақ самауын қадағалау кажет. Ана мен баланың денсаулығын қорғау және тіл
кемістігінен алдынала сақтандыру логопедиялық шараларын ұйымдастырудың да
зор маңызы бар. Мұнда мектептегі және мектеи жасына дейінгі мекемелердегі
тәрбиешілер мен педагогтар үлкен роль атқарады.
2. Сөйлеу процесінің анатомиялық-физиологиялық механизмдері
Сөйлеу процессі адамға ғана тән, өте күрделі жоғарғы психикалық
процесс. Ол шартты рефлекс заңдарына байланысты. Сөйлеу қабілеті сөйлеу
аппараттарын іске қосатын орталық және шеткі күрделі жүйке жүйелері арқылы
жүзіге асады. Сөйлеу аппараты орталық жүйке жүйесінің түрлі бөлімінде әр
түрлі деңгейде орналасқан, бірақ барлығы жиылып бір іске жұмылған өз алдына
дербес жүйе болып табылады.
Орталық сөйлеу аппараты мида орналасқан. Ол ми қыртысынан (көбінесе сол
жақ мидың), ми қыртысы астындағы ядролардан, ми өзегі ядроларынан, жүйке
жолдарынан турады.
Сөйлеу үшін ми қыртысы басты роль атқарады (әсіресе мидың сол жақ
қыртысы). Ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктерін ажыратады.
Ми қыртысының шеке бәлімінде Брок орталығы орналасқан (төменгі қыртысында),
адамның дауыс шығарып сөйлеуі осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми
қыртысының самай бөлігінде басқа адамдардың сөйлеген сөзін естіп, түсіну
қабілетінің іске асатын орталығы - Вернике орталығы – орналасқан. Ми
қыртысының төбе бөлігі де естіген сөзді түсініп, адамның жазу жазып және
жазылған сөздерді шүйде бөлігіне орналасқан көру орталығы арқылы көзбен
көріп, тусінуге үлкен ықпал етеді. Ми қыртысы астындағы ядролар адамның
сөйлеген кездегі анық, байсалды және әсерлі сөйлеуіне ықпалын тигізеді.
Сөйлеу аппаратының барлық органдары (мүшелері) мидан шығатын
жүйкелермен қамтамасыз етілген. Олардың ең бастылары: VIІ, ІΧ, Χ, ΧІ және
ΧІІ қос жуйкелер. Үшкіл жуйке адамның жағын ашып-жабуға қатысы бар
еттерді, бет жүйкесі (ΧІІ- қос) - бетті әр түрлі қимылға түсіретін еттерді,
ерінді және ұртты қимылға түсіретін еттерді, тіл – жұтқыншақ (ІΧ- қос)
жүйкесі мен жылжымалы жүйке (Χ- қос) дауыс сінірлері мен көмекей еттерін,
жұтқыншақ пен таңдай еттерінің қимылдарын қамтамасыз етеді. Қосымша жүйке
(ΧІ- қос) мойын еттерінің, ал тіс асты нерві (ΧІІ- қос) – тілдің әр түрлі
қимыл жасауын камтамасыз етеді.
Осы жүйке жүйелері арқылы адамның миындағы сөйлеу орталықтары (Брока
мен Вернике) шетте жатқан сөйлеу аппаратының мүшелерімен тікелей
байланысып, импульстарын жіберіп отырады. Осылайша сөйлеу қабілеті пайда
болады.
3. Шеткі сөйлеу аппараты үш бөліктен тұрады:
1. Тыныс алу бөлігі
2. Дауыс шығару бөлігі
3. Дыбысты өзгерту бөлігі (артикуляциялық)
Тыныс алу бөліміне адамның кеудесі, өкпесі мен тыныс жолдары
кіреді. Адамның сөйлеу процесі дем алып, дем шығару процесімен тікелей
байланысты. Адам дем шығару арқылы сөйлеуді, оның сөйлеген кездегі дем
алуы, дем шығаруы өзгеше болады. Сөйлеген кезде адам дем алып – дем шығару
арқылы әр түрлі дыбыс шығарып, әр түрлі әуенді сөз құрап, сөйлеу қабілетіне
ие болады. Бұл құбылыста әсіресе дем шығару процесі өте маңызды роль
атқарады, дем шығару процесі дем алу процесімен салыстырғанда ұзаққа
созылады ( 1:20 тіптен 1:30), ересек адамдар орта есеппен 16-18 рет дем
алып, дем шығаратын болса, сөйлеген кезде бары –жоғы 8-10 рет дем алып, дем
шығарады екен.
Адамның сөйлеу қабілеті бұзылып дизатрияға, ринолалияға және
тұтықпаға шалдыққанда, оның дем алып, дем шығару да процесі бұзылады.
Дауыс бөлімі дауыс қыртысы бар көмекейден тұрады. Көмекей дегеніміз
конустың формасына ұқсайтын бірнеше шеміршектен және жұмсақ еті бар
сақиналардан құралған кең де қысқа түтікше, көмекей мойынның алдынғы
жағында орналасқан, үстінгі жағында жұтқншаққа; ал төменгі жағында өкпенің
тыныс жолдарымен жалғасып жатады.
Көмекей мен жұтқыншақтың арасында жұтынған кезде көмекейді жауып
тұратын қалқанша (надгортанник) орналасқан, соның аркасында жұтқан сілекей
көмекей куысына түспейді. Көмекейдің ішіндегі кілегей қабығының қыртыстары
шын дауыс сінірімен және оның төменгі жағындағы жалған дауыс сінірінен
тұрады.
Адамның дауысы шыққан кезінде дауыс сінірлері бір-біріне қабысып жақын
тұрады. Дем шығарғанда ауа сол дауыс сінірлерінің арасынан қысылып өтіп,
олардың арасын ашады. Көмекей еттерінің жиырлуы арқылы дауыс сінірлері
қайтып өз орнына келеді. Дауыс сінірлерінің арасының осылайша ашылып-
жабылуы дауыс шығаратын өкпеден сыртқа шығатын ауаның қысымы біткенше
созылады. Осылайша фонация кезінде дауыс сінірлері дірілдеп, көмекей
қуысында ауаны әртүрлі дірілге келтіріп, қозғап, соған байланысты дыбыс
шығарады.

Сурет 1. Сөйлеу аппаратының құрылысы.
1- ми; 2- мұрын қуысы; 3- қатты таңдай; 4- ауыз қуысы; 6- күрек тістер;
7- тілдің ұшы; 8- тілдің жотасы; 9- тілдің түбі; 10- қалқанша; 11-
жұтқыншақ; 12- көмекей; 13-трахея; 14- оң жақтағы бронх; 15- сол жақтағы
бронх; 16- диафрагма; 18- омыртқа; 19- жұлын; 20- жұмсақ таңдай.

Сурет 2. Дауыс сінірлерінің қалпылыры: А-тыныс алу кезінде; Б- фонация
кезінде; В- сыбырлап сөйлеген кезінде.

Сыбырлап сөйлеген кезде дауыс сінірлерінің бір бөлігі ғана
қозғалысқа түседі. Адамның дауысы күшіне, жіңішке-жуандығына және тембіріне
қарай бөлінеді. Дауыстың күші дауыс сінірлерінің қозғалу амплитудасына
байланысты. Ауа қысымы неғұрлым күшті болса, соғұрлым дауыс сінірлірінің
қозғалу амплитудасы да кең болып, дауыс куші жоғарлайды. Дауыс күші үшін
резонатарлы қуыстарының (мұрын, ауыз, жұтқыншақ қуыстары) да маңызы бар.
Дауыстың жінішке-жаундығы дауыс сінірлерінің қозғалуының жиілігіне және
дауыс сінірлерінің ұзындығына, жуандығына және шиелену деңгейіне байланысты
келеді. Ал дауыс тембрі көмекейдін формасына, көлеміне және құрылыс
ерекшеліктеріне байланысты.
Артикуляциялық бөлімі мұрын, ауыз және жұтқыншақ қуыстарынан тұрады.
Артикуляциялық бөлімінің негізгі мүшелері: тіл, ерін, жақ (жоғарғы,
төменгі), қатты және жұмсақ таңдай, альвеолдар (қызыл иек). Артикуляция
мүшелері белсенді және еңжар болып бөлінеді. Белсенді мүшелері: тіл, ерін,
жұмсақ таңдай және төменгі жақ сүйегі; қалғаны еңжар мүшелері болып
табылады (сурет 3).

Сурет 3. Артикуляциялық бөлімінің мүшелері. 1- ерін, 2- күрек тістер, 3-
альвеолдар, 4- қатты таңдай, 5- жұмсақ таңдай, 6- дауыс сінірлері, 7-
тілдің түбі, 8- тілдің жотасы, 9- тілдің ұшы.

Тақырып 4. Тіл кемістігінің себептері. Тіл кемістігін талдау
принциптері .

Жоспар:
1. Тіл кемістігі туралы ұғым
2. Тіл кемістігінің пайда болу себептері
3. Тіл кемістігін талдау принциптері

1. Тіл кемістігі туралы ұғым
Тіл кемістігі деп – сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің
бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден
ауытқуын айтамыз. Қатынас теориясының көзқарасында тіл кемістігі ауызша
сөйлеу қатынасының бұзылуы болып есептеледі. Сөйлеу тілінің бұзылуы
төмендегінше сипатталады:
1) өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, кайта бекиді;
2) сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;
3) оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялык ықпал жасауды талап
етеді;
4) баланың одан әpi дамуына жағымсыз әcepiн жиі тигізеді;
5) тіл бiлмeйтiндік-диалектизм-тiл кемістігі болып саналмайды;
6) сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмінің ақаулықтарымен
байланысты.
Аталған ерекшеліктер тіл кемістіктерінің айырмашылығын көрсетеді.
Логопедияда сөйлеу тілінің жетілмеуі, сөйлеу тілінің бұзылуы, тіл
кемістігі деген ұғымдар кездеседі.
Сөйлеу қабілетінің немесе сөйлеу жүйесінің құрамдарының төмен деңгейде
қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі деп саналады.
Сөйлеу тілінің құрамының әр түрлі бөлімдерінің сөздік қоры, грамматикалық
құрылысының мөлшерден ауытқуы және тілдің негізгі функциялары – қарым-
қатынас, ойлау қабілеттерін атқара алмауы тіл кемістіктері деп саналады.
Әрине, ол ауытқулар әрқалай және әртүрлі мөлшерлерде кездесуі мүмкін.
Сөйлеуші кейде тек бір дыбысты бұзып айтуы немесе мүлдем айта алмауы
мүмкін. Әрине мұндай жагдайда тіл өзінің нeriзгі функцияларын жоғалтпайды,
дегенмен кейбір жағдайда ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Тіпті жеңіл тіл
кемістіктері адамдардың актер, диктор, мұғалім т.б. мамандықтары бойынша
жұмыс істеулеріне бөгет келтіреді.
2. Тіл кемістігінің пайда болу себептері
Тіл кемістігінің себебі деп сыртқы және ішкі зияндық факторларының немесе
екеуінің бірдей ағзаға жағымсыз әсер етуі деп түсінеміз.
Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері:
• Әртүрлі іш құрсақ патологиясы. Ол іштей нәрестенің дамуына зиян
тигізеді. Сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4
апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады.
Іштегі нәресте дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі
токсикоз, және тб себеп болады.
• Босану кезіндегі вирусты және эндокринді аурулары, жарақат алуы,
резус факторы бойынша қанның сыйымсыздығы, жарақаттану және босану
кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі).
• Баланың алғашқы балалық кезіндегі әр түрлі аурулар (әсіресе
вирустык, инфекциялық аурулар).
• Бас сүйігінің жарақаттануы.
• Тұқым қуалаушылық факторлар.
• Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы.
Жоғарыда атап өтілген факторлардың әрқайсысы немесе осы факторларының
үйлесіп келуі тіл кемістігінің пайда боуына себеп бола алады. Тіл
кемістігінің пайда болуына себеп болатын факторларды табиғи (органикалық)
және функционалды деп бөледі. Табиғи себеп деп шеттегі немесе орталық
бөлімдеріндегі тіл механизмдері анатомиялық-физиологиялық құрылысының қатты
бұзылуынан болатын себепті айтамыз. Функционалды себептеріне анатомиялық-
физиологиялық құрылысы әдеттегі күйінше сақталнып, тек қана тіл
механизмінің бұзылуы жатады.
Сонымен барлық тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты
екі топқа бөлуге болады.
← Табиғи тіл кемістіктері (органикалық);
← Функционалды тіл кемістіктері.
Табиғи тіл кемістіктері зақымның таралуы орнына байланысты бөлуге болады
а) тілдің табиғи бұзылуының орталықтан пайда болуы (осыған бас ми қабығында
орналасқан тіл механизмдерінің бұзылуының нәтижесінде болатын афазия,
алалия және т.б. жатады); б) тілдің табиғи бұзылуының шеттен пайда болуы
(оған ринолалияны, механикалық дислалияны және т.б. жатқызуға болады).
3. Тіл кемістігін талдау принциптері . Сөйлеу тілі ақаулығын
талдау кемістіктің құрылымын ашу мақсатымен жүргізіледі. Р. Е. Левина тіл
кемістіктерін талдауының үш негізгі принциптерін белгіледі, олар: даму
принципі, жүйелік принципі, және тіл кемістігін сөйлеудің психикалық
дамуындағы басқа жақтарымен тығыз байланысын есепке алып қарастыру.
Даму принципі тіл кемістіктің бала дамуының барысында қандай себептерден
пайда болуын, неге әсер етуін, неге әсер етуі мүмкіндігін зерттеуді талап
етеді, тіл кемістігінің құрылысын анықтауға, яғни алғашқы, негізгі
ақаулығын және одан нәтиже болған, туынды кемістіктерін белгілеуге
мүмкіндік береді.
Жүйелік принципі сөйлеу тілінің жүйелік құрылысын және сол құрылыстың
түрлі компоненттерінің өзара жүйелік байланыстарын білуді талап етеді.
Сөйлеу тілінің негізгі компоненттері –сөйлеу тілінің фонетикалық жағы,
дыбыс айту, лексикалық жағы, грамматикалық құрылысы болып табылады.
Тіл кемістігін сөйлеудің психикалық дамуындағы басқа жақтарымен тығыз
байланысын есепке алып қарастыру принципі тіл кемістігін кешенді түрінде
зерттеуін талап етеді. Себебі баланың барлық психикалық процестері сөйлеу
тілінің тікелей қатысуымен дамиды.

Тақырып 5. Сөйлеу тілі ауытқуларын топтастыру жүйесі және оның тарихы

Жоспар:
1. Тіл кемістіктерінің топтастыру жүйесінің пайда болу тарихы
2. Тіл кемістіктерінің клиникалық-педагогикалық топтастыруы.
3. Тіл кемістіктерінің психологиялық-педагогикалық топтастыруы.

1. Тіл кемістіктерін топтастыру жүйесінің пайда болу тарихы
Сөйлеу тілі ақаулықтарының түрлері және формалары туралы ғылыми
түсініктердің қалыптасуы - оларды жою, болдырмау әдістемелерін құрастырудың
алғы шарты. Логопедияның бүкіл даму тарихы барысында зерттеушілер тіл
кемістіктерінің барлық формаларын қамтитын топтастыру жүйесін құрастыруға
талаптанатын. Бірақ қазіргі заманның өзінде тіл кемістіктерінің
топтастыруын бір жүйеге келтіру логопедия және басқа да ғылымдары үшін
өзекті мәсәлелерінің бірі болып табылады. Тіл кемістіктерін топтастырудың
қиындығы негізінде бірнеше себептері бар, оның ішінде бастылары - тіл
кемістіктерінің бұзылу механизмдерінің толық зерттелмеуі және
зерттеушілердің топтастыру жүйесінің принциптері жайлы қөзқарастарының
түрлеше келуі.
Дербес ғылымы ретінде қалыптасуының алғашқы сатысында (ΧІΧ аяғы - ΧΧ
басы) логопедияның өз классификациясы болмаған, оның себебі – еуропа
медицинаның тіл кемістіктерін зертеунің үлкен жетістіктері логопедияға өз
ықпалын тигізетін, сондықтан логопедияда дайын медициналық
классификацияларын қолданатын. Тіл кемістіктерін клиникалық тұрғыдан
топтастыруын алғашқы рет А. Куссмауль құрастырылған (1877). Ол тіл ақаулығы
жайлы түсініктерді жүйелеп, олардың терминологияларын бір ретке келтірді.
Куссмаульдің жүйесі (клиникалық топтастыру) қазіргі заманда қолданылатын
тіл кемістіктерді клиникалық-педагогикалық топтастыру жүйесінің (М.Е.
Хватцев, Ф.А. Рау, О.В. Правдина, С.С. Ляпидевский т.б.) негізі болып
табылады.
4. Тіл кемістіктерінің клиникалық-педагогикалық топтастыруы.
2. Клиникалық-педагогикалық топтастыру тіл кемістіктерінің себептері мен
белгілерінің негізінде жасалған. Бұл классификация бойынша тіл
кемістіктері сөйлеудің түріне байланысты ауызша және жазбаша болып екі
топқа бөлінеді.
Ауызша тіл кемістіктерінің екі түрі бар: 1) сөйлеу тілінің сыртқы жағының
бұзылуын немесе дыбыс шығарудың бұзылуы; 2) сөйлеу тілінің құрылымдарын
іштей жинақтап, мәнді түрде ауызша жеткізу қабілетінің бұзылуы немесе
сөйлеу тілінің жүйелі түрде бұзылуы.
Сөйлеу тілінің сыртқы жағының бұзылуына а) дауыстың пайда болуының
бұзылуы; б) сөйлеу тілі жылдамдылық және ырғықтылық жағының бұзылуы; в)
мәнерлеп, екпенді сөйлеудің бұзылуы; г) тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы
жатады. Мұндай ауытқулар өз бетінше немесе бір-бірімен үйлесіп жатуы
байқалады. Соған байланысты олар логопедияда келесі терминдерімен
белгіленеді:
Дислалия – есту қабілеті мен сөйлеу мүшелерінің иннервациясы дұрыс
сақталғанына қарамастан кездесетін тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы.
Синонимдері: тіл мүкістігі, тіл дыбыстарының айтылу кемістігі, фонетикалық
кемістік.
Ринолалия - сөйлеу тілі аппаратының анатомиялық-физиологиялық ақаулығының
салдарынан дауыс әуесіздігі мен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы.
Синонимдер мұрнынан сөйлеу, палатолалия.
Дизартрия - жүйке тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық
қамтамасыз ете алмауына (иннервацияның жеткіліксіз болғандығы) байланысты
сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады,
бұндай жағдайда адам дыбыс айту мүмкіндігінен мүлдем айырылады.
Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан
сөйлеудің ырғақтығының, жылдамдығының бұзылуы. Синонимдері: логоневроз.
Тұтықпа органикалық немесе функционалды болып келеді, көбнесе ол бала
тілінің жедел даму кезеңінде пайда болады.
Брадилалия – сөйлеу жылдамдылығының қалыптан тыс баяулауы. Синоним:
брадифразия. Бұндай жағдайда адамның сөйлеуі созылмалы, екпінсіз, әлсіз
болады.
Тахилалия - сөйлеу жылдамдылығының қалыптан тыс арттыруы. Бұндай жағдайда
адамның сөйлеуі тым асығыс, қарқынды болады. Сөйлеу жеделдеген кезде сөз
шапшан, екпінді шығады да, сөйлем құрастырғанда қателер жіберледі. Кейбір
жағдайларда мұндай ауытқулар жеке тіл кемістіктері деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логопедия ғылымы негізі
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен окыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Дефектология ғылымына жалпы түсінік
Педагогика ғылымының қалыптасуы
Арнайы педагогика туралы
Логопедиялық жұмыстар
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнайы мекемелер
ДЕФЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер