Қызметтік әңгіменің бет-бейнесі қызметтік әңгімелесу түрлері және оларды жүргізу этикасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
9- дәріс - Қызметтік әңгіменің бет-бейнесі қызметтік әңгімелесу түрлері және оларды жүргізу этикасы
Әдептілік заңгердің кәсіптік қызметінде.
1. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикеті және имиджі. Сәлемдесу және танысу этикеті. Адамдардың сыртқы келбеті. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сыртқы келбет ерекшеліктері.
Кәсіби этика - белгілі қызмет аясындағы адамдардың өзара қарым - қатынастарының өзіндік шарты негізінде әрекет ететін моральдық нормалар мен принциптердің жүйесін зерттейтін этикалық ғылымның саласы.
Құқық қоғау органдары қызметкерлерінің кәсіби этикасы басқа кәсіптерден өзінің деонтологиялық белгісімен ерекшеленеді.
Кәсіби деонтология - нақты императивтік белгісі бар және белгілі кәсіп аясында жеке тұлғаның қажетті мінез құлықтарын регламенттейтін, моральдық нормалардың жиынтығын зерттейтін кәсіби этиканың бір бөлігі. Жай этиканың нормаларынан ерекшелігі бұл нормалар қызметтік құжаттарда белгіленіп, әкімшілік санкциясымен бекітілетін таңдауға құқық бермейді. Сәйкесінше құқық қорғау органдары қызметкерлеріне бірқатар өзіндік моральдық талаптар қойылады. Кейбірде олар ар - намыс Кодексі сияқты қызметтік нормативтік құжаттарда кездеседі және оның деонтологиялық белгісі болады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қойылатын жалпы түрдегі моральдық талаптар келесідей:
- адамға жоғары құндылық ретіндегі қатынас, моральдың және отандық құқықтық нормалар мен жалпы адамдық қағидаларына сәйкес адамдардың абыройы мен бостандығын, олардың құқықтарын қадірлеп, қорғау;
- қоғамның қауіпсіздігі, көптеген адамдардың өмірлерін, денсаулықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін құқық қорғау жүйесінің қызметшісі ретінде қоғам мен мемлекет алдында жауаптылығын, жоғарғы кәсіби және өзінің әлеуметтік рөлінің қажеттілігін терең түсіну;
- құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне заңмен белгіленген құқықтарын әлеуметтік әділдік, азаматтық, қызметтік және мінез - құлықтық міндет принциптеріне сәйкес ақылмен және адамгершілікпен қолдану;
- қылмыспен күресуде табандылық, ерлік, ымыралылық, жігерлілік, шешім қабылдау кезінде объективтілік;
- құқық қоғау органдары қызметкерлерінің қоғамдық абыройы мен кәсіби намысын қамдау және тұрмыс пен қызмет кезінде жеке мінез - құлқының мінсіз әділдігі;
- тындырымдылық және бастамашыл, кәсіби салиқалылық, өзара көмекткстік, қолдау, батылдық және төтенше жағдай кезінде қисынды тәуекелге дайындылық;
- отандық және шетелдік қызмет тәжірибесінде қажетті қызметтік этикет саласындағы білім мен кәсіби біліктілігін жиі жетілдіру, зияткерлік ой - өрісін кеңейту.
Жоғарыдағы талаптар құқық қорғау органдарының қызметкерлері қандай мінез - құлықтарға ие болуы қажет екендігін көрсетеді. Бұлар адамгершілік, шыдамдылық, әділділік, батылдылық, ерік - жігерлілік, шынайылық, патриоттылық.
2. Өзін - өзі таныстыру. Заңгердің қоғамдық орындарындағы өзін -өзі ұстауы.
Заңгердің қызметінде, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде дау, әңгіме, диалогтың ғылым мен күнделікті өмірде алатын орны жоғары.
Дау - өз пікірлерін сақтай отырып екі немесе бірнеше тараптардың арасындағы ауызша жарысы. Дау көбінесе сұхбат ретінде басталады, ал сұхбат әртүрлі болады.
Заңгерлердің кәсіби қызмет саласында қызметтік сұхбаттар, жауап алу( мысалы: қылмыс болған туралы куәлардан), тергеу, сот жарыссөзі, дау және с.с.. Олар өз кезегінде іскерлік қарым - қатынастың ерекше түрі.
Диалогты, дауды, сұхбат пен пікір таласты қатаң түрде жүргізу үшін кейбір ережелерді сақтаған жөн. Осылайша пікірлесуші тараптар бірінші кезекте даудың пәнін, яғни дау не жөнінде болмақ, соны білу қажет.
Егер адам дауласатын болса, онда ол қарсы жақтыңдәлелдерін шыдаммен тыңдап, түсініп және оларды бағалап, өзі сенімді дәлелді қабылдауы керек. Адамдардың өз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметтік этикет принциптері
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы-қызметтік қатынастар негізі
Іскерлік қатынастың регламенттелуі
Басшының қолданатын этикалық нормалары
Мемлекеттік қызметкерлер туралы ақпарат
Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ƏЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы»
Әскери психология
Жергілікті өзін - өзі басқару органдарында этикалық мәдениетті дамыту
Пәндер