VII топтың негізгі топшасы элементтері. Галогендер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс № 4.
Тақырыбы: VII топтың негізгі топшасы элементтері. Галогендер.
1. Галогендердің жалпы сипаттамасы.
2. Алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
3. Қосылыстары, алыну, қасиеттері, қолданылуы

ЭЛЕМЕНТТЕРГЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.
Период жүйесінің VII топтың негізгі топшасында орналасқан фтор, хлор, бром, йод және астат элементтерін галогендер деп атайды. Галоген - грекше тұз түзуші деген сөз. Себебі олар металмен тікелей әрекеттесіп тұз (галидтер) түзеді. Галогендердің сыртқы электрондық деңгейінде жеті (ns2np5) электрон бар. Аяқталуға тек бір электрон жетіспейді - галогендер күшті тотықтырғыштар. Олардың электртерістігі өте жоғары. Олар таза бейметалдар.
Галогендердің екі атомдары әрекеттесіп жай заттардың молекуласын түзеді (F2, Cl2, Br2, I2). Екі дара p-электрон орбитальдарының бір-бірімен қаптасуы нәтижесінде бұл молекулалардың пішіндері сызық тәрізді болады.
Фтордан астатқа қарай электртерістіктері кемиді, тотықтырғыш қасиеттері төмендейді. Бейметалдық қасиеттері кеміп, йод пен астатта металдық қасиет пайда болады. Олар қосылыстарынан бірін-бірі ығыстырады, фтор барлық галогендерді; хлор - бром, йод астатты; бром - тек йод пен астатты. Топ бойынша үстіден төменге қарай атомның иондану энергиясы, электронға жақындығы, молекулалардың диссоциация энтальпиясы кемиді; атом радиусы, ион радиусы, Э2 молекуласында ядролардың арасындағы арағашықтық, балқу, қайнау температуралары артады.
Cl - Br - I - At қатарында атом радиусы өскен сайын молекулалардың поляризациясы артады нәтижесінде молекула аралық дисперсионды әрекеттесу артады. Бұл әрекеттесу галогендердің қайнау және балқу температурасын арттыруына әікеледі.
Сl2 - Br2 - I2 қатарында молекуладағы атомдар арасындағы байланыс тұрақтылығы кемиді.
Галогендер өте активті элементтер, сондықтан табиғатта бос күйлерінде кездеспейді. Олардың сутегімен қосылыстары суда жақсы еріп, қышқыл болып табылады. Галоген-сутегі қышқылдарының қышқылдық қасиеті фтордан астатқа қарай артады. Галогендердің ішінде ең активтісі фтор, ол қосылыстарда тек -1 тотығу дәрежесін көрсетеді, себебі фторда d-орбитальдар жоқ. Фтор +7 тотығу дәрежеде болмайды. Қалғандарының тотығу дәрежелері -1 ден +7-ге дейін өзгере алады.
s p d

↑↓

↑↓

↑↓



Галогендер оттегімен тікелей әрекеттесе алмайды. Оттекті қосылыстары қосымша әдіспен алынады. Галогендер суда нашар ериді. Сулы ерітінділерін суытқанда клатратты типті қосылыстар түзіледі Г2*8Н2О. Фтордың суда еруі мүмкін емес, себебі ол суды ыдыратады.
2F2+2H2O--4HF+O2
Барлық галогендер полярлы емес еріткіштерде жақсы ериді. Галогендерге молекулярлы типті кристалдық тор тән болады.
Активті галоген активтілігі төмен галогенді сутегі мен металл қосылыстарынан ығыстырып шығарады.
2KBr+Cl2--2KCl+Br2
Керісінше, оттекті қосылыстар активтілігі төмен галоген активтілігі жоғары галогенді ығыстырады.
Br2+2KClO3--2KBrO3+Cl2
I2+2HClO4--2HIO4+Cl2
Фтор және хлор - газ тәрізді заттар.
Бром - ұшқыш сұйық.
Йод - қатты сұры түсті кристалдық зат.

ФТОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.
Фтор өте активті элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыстар түрінде кездеседі. Фтордың маңызды қосылысы балқытқыш шпат минералы немесе флюорит CaF2. Сонымен қатар, фтор фторапатит Ca3(PO4)2*CaF2 және криолит AlF3*3NaF құрамына кіреді. Фтор өсімдіктер ішінде птязда көп. Ол мал және адам организмінде тіс эмалі мен сүйектерде болады. Фтор өте күшті металл емес және тотықтырғыш. Оның иондану энергиясы өте жоғары. Фторды бөліп алу үшін тек электр тогі пайдаланылады. Оны сүйық фторлысутегін немесе калий гидрофторидін электролиздеп алады. Фтор әдепкі температурада - жасыл сары түсті, өзіне тән айрықша иісі бар газ. Фтор барлық заттармен әрекеттесетіндіктен фтор - бүліндіргіш деп аталған. Басқа галогендермен, әсіресе хлормен салыстырғанда, оның айрықша активтілігі диссоциациялану энергиясының аздығынан және атомында d-орбитальдің болмауынан. Ол барлық элементтермен әрекеттескенімен азотпен, оттегімен тікелей әрекеттеспейді.
Фтор сутегімен қараңғы жердің өзінде қопарылыс бере әрекеттеседі:
H2 + F2--2HF
Ол сумен әрекеттескен кезде одан сутегін тартып алады да күлгін сәуле шығарып жанады:
2F2+2H2O--4HF+O2
Фтор атомосферасында көптеген металл еместер және металдар, оның ішінде алтын, платина да қыздырған кезде жанады. Фтор хлорды оның қосылыстарынан ығыстырады:
F2+2NaCl--Cl2+2NaF
Фтордың маңызды қосылысы - фторлы сутегі HF. Оны балқытқыш шпатқа күкірт қышқылымен әсер етіп алады:
CaF2+H2SO4--CaSO4+2HF.
Фторлысутегі - түссіз, өткір иісті газ. Ол ауада түтінденеді, тыныс жолдарын тұншықтырады. Бұл өте улы, теріні күйдіреді. Оның судағы ерітіндісін фторлы сутегі қышқылы немесе балқытқыш қышқыл дейді. Ол әлсіз қышқыл, диссоциацияланған кезде әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Периодтық жүйенің құрылымы
Периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі). Периодтық жүйесінің құрылымы
IUPAC ұсынған 18 торлық периодтық кестенің құрылымы және негізгі блоктары
Периодтық заң
Периодтық жүйесінің құрылымы
Йод элементі
Электрондық бұлт туралы түсінік. Кванттық сандар
Жаңа педагогикалық технологиялар. Галоген топшасын модульді блокпен оқыту
Галогендердің сутекті қосылыстары
Пәндер