Микробтарға қарсы дәрілер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Микробтарға қарсы дәрілер

Бұл дәрілер адамның жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Микробқа қарсы әсері бар дәрілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа әсері таңдамалы емес препараттар жатады. Олар көптеген микроорганизмдерге түбегейлі эсер етеді. Оларға: антисептиктер мен дезинфекциялық (зарарсыздандыратын) дәрілер жатады. Екінші топқа әсері таңдамалы химиотерапевтикалық дәрілер жатады. Бұл топ микроорганизмдердің белгілі бір түріне әсер етуінің жоғарғы терапевтік кендігіне ие.

1. Антисептикалық және дезинфекциялық заттар. Антисептиктер (anti-қарсы, septicas-шіру) - тері, шырышты қабат, жарақат, күйік және дене қуыстарын өңдеуге арналған заттар. Дезинфекциялық заттар (des-теріс, inficire-зақымдаймын) - қоршаған ортаны (бөлмені, киімді, науқас күтіміндегі заттарды, аспаптарды) зарарсыздандыруға арналған заттар. Көптеген антисептиктер өте жоғары концентрацияларында зарарсыздан­дыратын зат ретінде қолданылады. Антисептиктер мен дезинфекциялық дәрілердің микроорганизмдерге, қарапайымдыларға және саңырауқүлақ-тарға қарсы әсерінің спектрі кең, әсерінің латентгі кезеңі аз, белсенділігі жоғары, соның ішінде биологиялық субстраттың қатынасында әсерінің спектрі кең. Препараттар химиялық турақты және бағасы жағынан тиімді болуы тиіс. Антисептиктерге қойылатын негізгі талап: улпаларға жергіліюі тітіркендіргіш әсерінің болмауы, жағылған жерінде сіңірілуі, аллергиялық жағдайды және улылығы темен болуы. Зарарсыздандыратын дәрілер өңделетін заттарды (тустің өзгеруі, металлдардың коррозиясы) зақымдамайтын, жағымсыз иісі болмауы қажет. Әртүрлі антисептиктер мен зарарсыздандыратын заттардың эсер ету механизмдері бірдей емес және ақуыз денатурациясымен, цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігінің бузылуымен микроорганизмдер өмірі үшін маңызды ферменттерді тежеуімен байланысты.

2. Химиотерапевтикалык дәрілер адам ағзасындағы жүқпалы ауру қоздырғыш-тарының тіршілігін жояды.

Микробқа қарсы дәрілердің табиғатына және мөлшеріне қарай қоздырғыштарға бактерицидті (микроорганизщерді жояды: cido - өлтіру) немесе бактериостатикалық (өсуін тоқгату) әсер көрсетуі мүмкін.

Антисептикалық және дезинфекциялық заттар

1. Құрамында галогені бар антисептиктердің құрамында микроб жасушасының протоплазмасын денатурациялайтын және жоятын белсенді галогендер: хлор немесе йоды бар.

Chloraminum В - хлорамин Б: бос хпорды бөлетін ұнтақ, 1, 5-2% еріт. - жараны жууға, тампон, салфеткаларды ылғалдауға; 0, 25 - 0, 5% еріт. - қодцы өңдеуде және бейметалл кұралдарды зарарсыздандыру ушін (металл қүралдарын өңдеуге болмайды - хлор металлды тотықгырады) ; 1-5% еріт. - науқасты күтуге арналған заттар мен қолданған заттарын зарарсыздандыру үшін қолданылады.

Chlorhexidini bigluconas - хлоргексидин биглюконаты (абацил, гибискраб, манусан) - 20% 500 мл еріт. флаконда; 0, 5% - сулы спиртті еріт. - операциялық алаңды өңдеу үшін; 0, 5% сулы еріт. - жара мен күйіктерді өңдеу үшін; 0, 5% спиртті немесе 1% сулы еріт. - қ олды зарарсыздандыру үшін, кұрал жабдықтарды залалсыздандыру үшін, 0, 1% сулы еріт. - жалпы зарарсыздандыру үшін; 0, 02 - 0, 05% еріт. - куық жолдарын жууға, венерологиялык, ауруларды алдын алу үшін қолданылады. Хлоргексидин микробқа қарсы және фунгицидті (саңырауқулақгарға қарсы) әсер көрсетеді. Қолдың терісінің құрғауын, қышыма және дерматит тудырады. Хлорқұрамды заттар жағымсыз иісті жоятын әсері бар.

Solotio lodi spirituosa (Б) - йодтың спиртті ерітіндісі: 5% - 10, 15 және 20 мл еріт. флаконда және 5% - 1 мл еріт. амп. - операциялық аланды, хирурггің қолын, жарақат жанын өндеу үшін қолданылады. Күшті тітіркендіргіш эсер көрсетіп, терінің химиялық күйігін тудыруы мүмкін. Люголь ерітіндісі (калий йодының сулы ерітіндісіндегі йод ер/г. ; жүтқыншақ пен көмейдің қабынуында шырышты қабатқа жағу үшін колданылады.

Йодоформ (йодинол, йодовидон, йодонат) - йодтың жоғары молекулалы беттік белсенді заттармен («йод тасымалдаушы») кешенді қосылыстары. Бұл препараттар суда ериді (йод суда ерімейді), белсенділігі жоғары, теріні тітіркендірмейді, аллергиялық реакциялар тудырмай, бояу іздерін де қалдырмайды. Ауыз бен мұрын-жұтқыншақ шырыштарын өңдеуге және жарақат, күйік, ойық жараларды емдеу үшін қолданылады.

lodopovidon - йодоповидон (бетадин, йодовидон, повидон-йод) : 10% 30 мл, 100 мл және 500 мл еріт. флаконда - операциялык, алаңды, жаракатты, жараны, күйікті өңдеу үшін; 1% 100 мл еріт. флаконда - тамақты шаюға, 1% - 20, 0 жағылмасы - зақымданған жерге жүқалап тәулігіне 3 рет жағуға, 0, 2 супп. - кынапка тәулігіне 1 рет үйықтар алдында енгізіледі.

lodinolum - (Б) - йодинол: 100 мл флаконда шығарылып, жаракдт, жара, куйіктерді емдеу үшін тәулігіне 1-2 рет таңады; тандай мен тамақгы шаюға (әр 2-3 күн сайын) қолданылады. Құлаққа, мұрынға тамызады.

2. Тотыктырғыштар - микроб жасушасының ферменттік жүйесінің және протоплазма ақуызының тотығу-тотықсыздану процестерін бүзатын атомарлық (калий перманганаты) және молекулярлық (сутегіасқын тотығы) оттегінің бөлінуінен ыдырайды. Атомарлық оттегі бөліп, көпіршік түзуіне байланысты жараны механикалық тазалап, қан кетуді тоқтатады, бірақ әсері қысқа және әлсіз. Бактерицидті эсер етеді. Екі препараттың да жағымсыз иіс кетіретін (иіссіздендіретін) әсері бар.

КаІіі permaganas - калий перманганаты: ұнтақ; 0, 01 - 0, 1% еріт. - тамакгы шаюға, куыс мүшелерін жууға, морфин, фосфат, алкалоидтармен уланғанда асқазанды шаюға, 0, 1 - 0, 5% еріт. - жараны жууға, 2-5% еріт. - жараны, күйік беттерін жағу ушін қолданады, ал жоғары концентрацияда күйдіргіш әсер көрсетеді.

Solutio Hydrogenii pexoxydi diluta - сүйытылған сутегі асқын тотығы (3%) ерітіндісі, жарақатты жууға, ангина мен стоматитте шаю үшін (1 ас касыгын 1 стакан сумей) қолданады.

Пергидроль - қоюланған сутегі асқын тотығының ерітіндісі (27, 1 - 31%) (Б) : еріт. күшті күйдіргіш әсері бар, олар 3% ерітінді дайындау үшін қолданады.

Гидроперит: 1, 5 таб. 1-2 таб. стакан суда ерітіп, ауыз бен тамақты шаю үшін.

3. Ауыр металдардың қосылыстары ферменттердің инактивациясына, зат алмасуының бұзылуына және микроб жасушасының өсуі тоқталуына алып келетін микроорганизм ферменттерінің сульфгидрильді (SH-тобы) гоптарын байланыстыру қасиетіне ие. Ауыр металл қосылыстарын жергілікті қолданғанда микроорганизм жасушасының ақуызын коагуляциялап (түндырып, металл альбуминаттарын түзеді) бактерицидгік әсер көрсетеді. Ауыр металл препараттарының концентрациясы мен қасиетіне байланысты бырыстырғыш, тітіркендіргіш және күйдіргіш әсер көрсетуі мүмкін.

Hydrargyri dichloridum - сынап дихлориді (сулема) (А) : өте улы зат болғандыктан, тәжірибеде қолданылмайды. Науқас күтіміндегі заттарды, ииімдерін зарарсыздандыруда қолданылуы мүмкін. 0, 5және 1, 0 ұнт. пен таб. - 1:500 (0, 2%) және 1:1000 (0, 1%) еріт. дайындау үшін қолданылады. Жұмыс барысында келесі кауіпсіздік шараларын сақтау қажет: резеңке қолғап пен респираторды қолдану, ыдыс сыртын «У!» деген танбамен белгілеп , дәрілік затты эозинмен қызғылт түске бояп, тек медицина қызметкеріне босатады. Сулема тері және шырышты қабықшадан тез сіңіп, улану тудырады. АІЖ-ң шырышына тітіркендіргіш және күйдіргіш әсерінен ауызға металл дөмінің келуі, іштің ауыруы, жүрек айну, құсу және іштің қан аралас өтуі, сілекей ағуы байқалады. ОЖЖ-не бастапқы қозуы тежелуімен өтіп, жүрек жеткіліксіздігі, коллапс, нефропатия («сулема буйреп») тудырады. Жәрдем: ішке шикі жүмыртқа ақуызы мен сүт (сынап иондарының ақуызбен байланысгыру үшін) беріп, ақырын асқазанды шаю, белсендірілген көмір мен түзды іш айдайтын дәрілер (магний сульфаты) беру, форсирленген диурез жасау, қажетті жағдайда гемодиализ және перитонеальді диализ жасау қажет. Металдармен уланғанда антидот ретінде унитиол (Unithiolum) беріледі: 5% 5-10 мл еріт. б/е; тетацин-кальций мен натрий тиосульфатын к/т енгізіледі.

Hydrargyri oxydum flavum - сынаптын сары тотығы (Б) : 2% офиц. көз жағылмасы түрінде конъюнктивит емдеуде қолданылады.

Argenti nitras - күміс нитраты (А) : 0, 25 - 2% ерітіндісі антисептикалық және бырыстырғыш дәрілік зат ретінде шырышты қабатты сүрту үшін; 2% еріт. трахомада - көз тамшылары түрінде; 1 - 2% жағылма; 2 -10% ерітіндісі мен ляпс қарындашы - эрозияға, жараға, сүйелдерге қарсы күйдіргіш дәрілік зат ретінде қолданылады.

Күмістің коллоидты ерітінділері - протаргол мен колларгол - шырышты қабықшаларға жағуға, көз тамшылары түрінде, қуыс мүшелерін шаю үшін (уретрите, циститте) белгіленеді. Күміс түздарымен уланғанда асқазанды NaC11-2% ерітіндісімен (АgСІ) шайып, іш жүргізетін - майсана (кастор) майы беріледі.

Zinci sulfas - мырыш сульфаты (Б) : 0, 25 - 0, 5% ерітіндісін бор қышқылымен конъюнктивитте көз тамшысы түрінде; 0, 1-0, 5% ерітіндісін - шашырату үшін қолданылады.

Zinci oxydum - мырыш тотығы: сеппе, жағылма, пасталар қүрамына кіріп (бырыстырғыш, кептіргіш, антисептикалық) - дерматитте, жараларда және дене күлдіреуінде қолданылады.

Cupri sulfas - мыс сульфаты (Б) : 0, 25% ерітіндісін- конъюнктивитте, уретрит пен вагинитте жуу үшін қолданылады.

Висмуттың органикалық қосылыстары: ксероформ мен дерматол - бырыстырғыш антисептикалық кептіргіш әсер етіп, экзема мен дерматитте сеппе және жағылма түрінде қолданылады.

4. Альдегидтер мен спирттер (алифатты қатардың қосылыстары) микроб жасушасының протоплазмасын сусыздандырып, ақуызды коагуляциялап (уйытып), микроорганизмдерді жояды.

Solutio Formaldehydi -фомальдегид ерітіндісі (официнальды 7% ерітіндісі формалин деп аталады) : - күшті антисептикалық, илеуіш және иіссіздендіретін әсері бар. 0, 5% ерітіндісі қүрал жабдықтарды (металдық) зарарсыздандыру үшін; 0, 5% -1% ерітіндісі аяқ тершеңдігінде аяқ терісін жуу үшін қолданылады. Формальдегид ерітіндісі вакциналар, сарысулар мен анатомиялық препараттарды консервілеу үшін қолданылады.

Гексаметилентетрамин (уротропин) - бактериостатикалық әсері үлпалардың қабынуы кезінде, қышқыл ортада формальдегидтің түзілуінен ыдырауымен байланысты. Ішке және к/т (40% еріт. ) несеп шығару жолдарының жүқпалы ауруларында (қолданылуы шектеулі) қолданылады.

5. Фенол жене оның туындылары. Әсер ету механизмі жағынан дегидрогеназалардың ферментативті белсенділігін бөгеп, ақуыз денатурациясын тудырады.

Phenolum purum - таза фенол (карбол қышқылы) : 3-5% еріт. зарарсыздандыру үшін, сонымен қатар металл қүралдарын өңдеу үшін (бактериялардың вегетативті туріне әсер emіп спораларға әсер етпейді) ; 3% глицеринді ерітіндісі, құлақ тамшысы жылы күйінде қолданылады. Фенолдың күшті тітіркендіргіш және күйдіргіш әсерінен тері мен шырышты қабықшаға тез сіңіп, улы (бас айналу, тыныс алудың бузылуы, әлсіздік, тырысу, коллапс) эсер көрсетеді.

Резорцин: 2-5% сулы және спиртті ерітіндісін, тері және саңырауқулақ ауруларында; 5-20% жағылма түрінде белгіленеді.

Қайыңның қарамайы - антисептикалық, инсектицидті және жергілікті тітіркендіргіш әсер көрсетеді. Вишневский линиментінің қүрамына кіріп, ірінді жараларды емдеу үшін қолданылады; Вилькинсон жағылмасының қүрамына кіріп, қышыма, экзема, жараларды емдеу үшін қолданылады.

Ichthyolum - ихтиол: антисептикалық, қабынуға қарсы және жергілікті жансыздандыратын әсері бар. 10% - 20% жағылма түрінде тілме қабынуында, күйікте, экземада және басқа да тері ауруларында қолданылады. Құрамында 0, 2 ихтиолы бар суппозиторий, кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларында қолданылады.

6. Нитрофуран туындылары. Furacillinum - фурациллин (Б) : әсер ету механизмі: ақуыздың синтезін бүзып, хелаттар түзеді (металдармен қосылса), протоплазмада тотығу процестерін күшейтеді, адамға улылығы темен, грамм-оң, грамм-теріс микроорганизмдер мен қарапайымдарға әсері күшті. Жергілікті қолданғанда тітіркендіргіш әсері жоқ және үлпалардың регенерациясын тездетеді. 0, 02% (1:5000) сулы ерітіндісі ауыз бен тамақтың қабынуларында, дененің қуыс мүшелерін жуу үшін қолданылады; еріт. көз тамшылары түрінде, 0, 066% (1:1500) спиртті ерітіндісі созылмалы іріңді отитте қолданылады. 0, 2% жағылма, 0, 02 таб. (1 таб. 1/2 стакан жылы сумен) шаю үшін, 0, 1 таб. бактериалды дизентерияны емдеу үшін ішке белгіленеді.

7. Бояғыштар - грамм-оң кокктарға эсер етеді, улы емес, ұлпаларды тітіркендірмейді.

Viride nitens - бриллиантты жасыл: 1 - 2%, сулы және спиртті еріт. операциядан кейінгі жіпті, жырықта, жарықтарды өңдеу үшін, терінің іріңді зақымдалуында (пиодермия) және кез қабағының қабыну ауруларында (блефарит) қолданылады.

Aethacridini lactas - этакридин лактаты (риванол) (Б) : 0, 05 -0, 2% еріт. - жарақатты, қуыстарды жууға, күйіктерді емдеу, шаю үшін сыртқа қолданылады. 0, 1% спиртгі еріт., 1% жағылма, 5-10% пастасы, 25% сеппесі белгіленеді.

Methylenum coeruleum - метилен көгі: 0, 02% сулы ерітіндісі - қуықты жууға; 1-3% спиртті ерітіндісі сыртқа қолданылады. Метилен көгі цианидтермен, көміртегі тотығымен, күкіртті сутегімен (хромосмон препараты) және нитрипермен уланғанда антидот болып табылады.

8. Кышқылдар мен сілтілер - микроб жасушасының протоплазма-сының ақуызын денатурациялайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілік заттарды қолдануда туындайтын аурулар
Тетрациклиндер тобының антибиотиктері
Антибиотиктердің жағымсыз әсерлері
Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
Механикалық антисептика
Сульфаниламид препараттарының қолдану көрсеткіші
Еритін стрептоцид - еритін стрептоцид
Антибиотиктердің медицинада қолданылуы
Хирургиялық инфекция
Шаруашылық субъектідегі парагрипп-3 ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz