Әскери қызметкерлердің эмоционалды қиындықтарының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ІІ. Тарау Эксперименттік зерттеу бөлім.

2.1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, ғылыми болжамы, міндеттері.

Мақсаты: Әскери қызметкерлердің эмоционалды қиындықтарының
психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Болжамы: Әскери қызметкерлердің эмоционалды қиындықтары олардың
тұлғалық ерекшеліктерімен мен мінез типтеріне байланысты.
Әдістемелер:
1) Леонгардтың мінез типтерін анықтау әдістемесі
2) Айзенктің Психикалық жағдайды өзіндік бағалау сауалнамасы
3) Ч. Ч. Спилбергер-Ханиннің Мазасыздану шкаласы әдістемесі.
4) А. Басс - А. Дарки сұрақтамасы.

Зерттелушілер сипаты:
Жалпы саны: 40 адам
Зерттелу мерзімі: 20.04-10.05.2010 ж.

Зерттеудің міндеттері:
1) Әдістеме арқылы жауынгерлерге зерттеу жұмысын жүргізу.
2) Жауынгерлердің индивидуалды мәліметтерін өндеу.
3) Зерттеу мәліметтеріне сандық және сапалық психологиялық талдау
жасау.

2.2 Зерттеуде қолданылған әдістемелердің сипаттамасы

1. Леонгардтың мінез типтерін анықтау әдістемесі
Мінездің психологиялық теориялары 19ғасырдың аяқ кезінен бастау алады.
Сол кездегі зерттеушілер адамның мінезін дене құрылысына қарай түсіндіруге
тырысқан.Адамның дене құрылысы қандай болса, оның мінезі соған сәйкес
қалыптасады деді. Адамның мінезін сыртқы тұрқы, бет-әлпеті, нышандарынан
зерттеп қарастыруға болады . Осы кезде френология ағымы қалыптасты. Ол ағым
бойынша адамның бас сүйегіне, формасына,жүйке саласына қарап адамның мінез-
құлқын,ақыл-ойы дәрежесін т.б.ажыратуға болады деді. Ал, графалогия ағымы
бойынша адамның жазуына қарап оның мінез ерекшелігін ажыратуға болады деді.

Осы кездерде көптеген ғалымдар мінез мәселесімен айналысты: неміс
психиаторы Э.Кречмер, У.Шелдон, К.Леонгард, А.Е.Личко т.б.
К.Леонгард өз классификациясында адамдардың басқа адамдармен қарым-
қатынасына сүйенеді:
1) Гипертимді тип- анық жест, мимикалары болады.сөзге құмар қарым-
қатынасқа бейім, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзінің
отбасылық қоғамдық міндеттеріне қалай болса солай қарағандықтан
адамдармен конфликтіге тез түседі, конфликтіні өзі бастайды. Оптимист,
энергиясы мол, іс-әрекетті сүйеді. Бірақ жеңілтек, аморальды
әрекеттерді жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттері бар, жалғыздық пен
қатал тәртіпті қиын көтереді.
2) Дистимді тип- пессимисті көңіл-күйді, аз сөйлегіш, үйде отыруды
ұнатады. Тұйық өмір сүреді. Конфликтіге түспейді. Онымен достасатын
адамдарды бағалап, тіпті оларға бағынады. Әділ, байсалды, баяу ойлайды,
бірақ тиянақты.
3) Циклотимді тип-көңіл-күйі тез өзгереді, сондықтан да қарым-қатынаста
өзгермелі болып келеді. Көңіл-күйі жоғары болғанда сөзге, қарым-
қатынасқа жақсы түседі, төмен болғанда тұйық болады.
4) Қозғыш тип- вербальды және вербальды емес реакциялары баяу,
контактілігі төмен, конфликтіге бейім, көңілсіз. Отбасында басшы
болғанды ұнатады, коллективте бірге бола алмайды. Қозған кезде
ашуланшақ, өз әрекеттерін қадағаламайды,жақсы күйде таза, ұқыпты, бала
мен жануарларды сүйеді.
5) Тежелгіш ригидті тип- сөйлемейді, басқаларды үйретеді. Конфликтіде
белсенді роль атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге
тырысады. Өзіне үлкен талаптар қояды. Ренжігіш, сезімтал, өш алғыш,
өзіне тым сенімді, қызғаншақ, ар ұяты мол.
6) Педантты тип- конфликтіде енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты
қойса да лидерлікті кейде басқаларға да береді. Өзінің тазалықты
сүйюімен үйдегілерді де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйеді,
жұмыста сенімді, бірақ конфликтіде ұрысқақ.
7) Эмотивті-лабилді тип- эмоционалдық тұрғыда тұрақсыз, көңіл күйі тез
өзгеріп отырады. Ренжісе оны ішінде ұстайды, сыртқа шығармайды.
Жауапкершілік, орындаушылық қасиеттері бар, бірақ жылағыш, тым сезімтал
жан.
8) Демонстративті тип- байланысты жеңіл орнатады, мақтанғанды ұнатады,
билеуші мен лидерлікке талпынады, өзінің өзіне-өзі сенімділігімен
адамдарға ұнамайды. Конфликтіні өзі тудырып, өзін өзі қорғай алады.
Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды
қызықтырады, бірақ эгоист, мақтаншақ, жұмыстан қашады, екіжүзді.
9) Экзальтивті тип- контактіге түсуі өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық
болады. Дауласады, бірақ конфликтіге жеткізбейді, конфликт кезінде
белсенді, әрі енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға
көп көңіл бөледі. Талғамы жақсы, шын сезімге бейім. Көңіл-күйі тез
өзгергіш.

2. Ч. Спилбергер -Ханиннің Мазасыздану шкаласы әдістемесі.

Спилбергер сұрақтамасы үрейленуді жеке адамдық қасиет ретінде және күй
ретінде бөліп өлшеуге арналған. Жеке адамдық үрейлену деп тұрақты
индивидуалды сипаттама түсініледі. Ол субъектің үрейге деген бейім болуын
бейнелейді және көптеген жағдайларды қауыпты қабылдауға тенденциясы бар
екенін болжайды. Бейімділік ретінде жеке адамдық үрейлену адам өзінің
мәртебесіне, өзіндік бағалауына, өзін-өзі сыйлауына қатер тигізетін ерекше
жағдайлар мен байланысты кейбір стимулдарды қауыпты деп қабылдағанда
белсендіріледі. Жағдайда байланысты үрейлену немесе реактивті үрейлену күй
ретінде эмоцияларды субъективті түрде бастан өткізумен сипатталынады. Бұл
күй стрестік жағдайға деген эмоционалды реакция ретінде пайда болады.
Ч.Д. Спилбергердің тұжырымдамасына сәйкес үрейді жағдай ретінде, ал
мазасыздануды тұлғаның бір қасиеті ретінде қаррау керек. Үрей - бұл төніп
тұрған қауіпке деген реакция, диффуздық объектісіз қорқыныштың
эмоционалдық жағдайы, ол белгілі емес қауіп сезіуімен сипатталады. Ал
қорқыныш белгілі бір қауіпке деген реакцияны көрсеттеді. Мазасыздану – бұл
индивидуалды психологиялық ерекшелік, ол әр түрлі өмірлік жағдайларда
тынымсыздықты сезінуінің жоғары болуға өте бейім болудан тұрады.
Автордың ойынша аталған екі психикалық көріністерді өлшейтің өлшеу
мүмкіндігі бар, олар былай белгілеуге болады : А – state ( жағдай – үрей)
және A – traіt (үрей – қыр) , яғни уақытша өтпелі ерекшеліктер және үнемі
орыналатындар. Сұраунама жеке және топтық тест түрінде бола алады. 1976 –
1978 жылдары STAІ нұсқасын Ю.Л. Ханин модификациялап және орыс тіліне
стандарттады, ол қазір Спилбер – Ханиннің реактивті және тұлғалық
мазасызданулар шкаласы деген атпен белгілі.
Шкала 2 бөлімнен тұрады, әрбір бөлімінде 20 тапсырма бар. Бірінші шкала
(STAІ: xІ) адам өзін дәл осы уақытта қалай сезінетінің анықтау үшін , ал
екінші шкала ( STAІ :х2) субъектінің мазасыздануды тұлқа қасиеті ретінде
диагностикалайтының анықтау үшін бағытталған.
Шкаланың әрбір бөлімі өзінің жеке инструкциясына ие, жауап бланктарын
толтыру қиын емес , тексеру ұзақтығы 5 – 8 минутқа созылады. Сұраунаманың
әрбір сұрағы респонденттердің төрт балдық шкаламен бағаланады. Бағалау
шкаласы поз ициясының вербальды интерпритациясы бірінші және екінші
бөлімдерде әртүрлі. STAІ:x1:үшін жоқ - 1 балл, жоқ деуге болады - 2
балл, иә деуге болады - 3 балл, иә - 4 балл. STAІ : х2: үшін ешқашан
деуге болады - 1 балл, ешқашан - 2 балл, иә деуге болады - 3 балл,
әрдайым десе болады - 4балл.,
Ю.Л.Ханин мазасызданудың көріну деңгейіне нормативтер алды: 20-34
балл аралығы – төмен деңгей, 35-44 орта деңгей, 46 –дан жоғарғы – жоғарғы
деңгей. Бұл сұраунама қолданбалы зерттеулерде кенінен қолданылады, және
сенімді диагностикалық мәліметтері үшін жоғары бағаланады.
Мақсаты: дәл осы уақыттағы адамның қобалжу деңгейін зерттеу және тұрақты
мінездеменің қобалжу деңгейін зерттеу. Тестті 16 жастан бастап жүргізуге
болады. Үрей сезімі–жоғары қауіпті сезіну. Оның негізінде біреуді
жоғалтып алу қорқынышы жатыр, басқаша айтқанда – сақтап қалу қажеттілігінің
қанағаттанбауы. Ситуативті қобалжу (СТ) қысыммен, уайыммен, нервозбен
сипатталады.
Тұлғалық қобалжу жағдайдың үлкен шеңберін қауіпті қабылдау
тұрақтылығының бейімділігін сипаттайды. Өте жоғары ситуаивті қобалжу
зейіннің аударылуын, кейде координациялардың бұзылуын тудырады. Өте жоғары
тұлғалық қобалжуда тікелей невротикалық конфлиикт эмоционалды және
невротикалық, психосемантикалық аурулармен ұштасады. Негізгі нұсқау әрбір
сөйлемді мұқият оқып шығып, сол сәтте тұлға өзін қалай сезінуіне байланысты
оң жақтағы графада орналасқан сәйкес келетін сандардың бірін белгілейді.
Нұсқау: Төменде көрсетілген әрбір сөйлемді мұқият оқып шығып және
соңғы кездегі сезініп жүрген сезімдеріңізге байланысты оң жақтағы сандарды
сәйкесінше белгілеп отырыңыз. Дұрыс немесе бұрыс жауаптар болмағандықтан
сұрақтарға ұзақ ойланбастан жауап беріңіз.
1- ешқашан немесе сирек
2- кей кездері
3- жиі
4- барлық кезде
Тапсырманы орындау жолы: Зерттеуді жеке түрде де, топтық түрде де
өткізуге болады. Зерттеуші сынақтан өтушілерге шкалаға сәйкес сауалнамада
орналасқан сұрақтарға жауап беруді ұсынады және оларға өз бетімен жұмыс
істеуді тапсырады. Әрбір сұраққа қарқындылығына байланысты 4 түрлі жауап
болуы мүмкін.

Тұлғаның мазасыздану шаласының кілті

Ситуациялық мазасыздық Тұлғалық мазасыздану
№ Жауап № Жауап № Жауап № Жауап
1 2 3 1 2 3 1 2 3 1 2 3
4 4 4 4
1 4 3 2 11 4 3 221 4 3 2 31 1 2 3
2 1 12 1 22 1 32 4
3 4 3 2 13 1 2 323 1 2 3 33 1 2 3
4 1 14 4 24 4 34 4
5 1 2 3 15 1 2 325 4 3 2 35 1 2 3
6 4 16 4 26 1 36 4
7 1 2 3 17 1 2 327 1 2 3 37 1 2 3
8 4 18 4 28 4 38 4
9 4 3 2 19 4 3 229 1 2 3 39 1 2 3
10 1 20 1 30 4 40 4
1 2 3 4 3 2 4 3 2 4 3 2
4 1 1 1
1 2 3 1 2 3 4 3 2 1 2 3
4 4 1 4
4 3 2 1 2 3 1 2 3 1 2 3
1 4 4 4
1 2 3 4 3 2 1 2 3 4 3 2
4 1 4 1
4 3 2 4 3 2 4 3 2 1 2 3
1 1 1 4

Нәтижені өңдеу: Барлық сұрақтың баллын санау (2 кесте). Көрсеткіштерді
талдау кезінде мазасыздықтың деңгейлерін анықтауға болады: Төмен
30 баллға дейін
Орташа 31-45 балл
Жоғары 46 және одан жоғары балл.

3. Айзенктің Психикалық жағдайды өзіндік бағалау сауалнамасы

Сауалнамада әртүрлі психикалық жағдайлар сипатталған. Егер көрсетілген
жағдай жиі байқалатын болса, онда 2 балл қойылады, егер жағдай адам бойында
болса, алайда жиі байқалмаса, онда 1 балл қойылады, егер мүлдем сәйкес
келмесе, онда- 0 балл қойылады.
Нәтижелерді сараптау:
Әрбір топтағы сұрақтардың баллдарын толық санаңыз.
І. 1 ... ... 10 сұрақтар- мазасыздану;
ІІ. 11 ... ..20 сұрақтар-фрустрация;
ІІІ. 21...29 сұрақтар- агресссия;
ІV. 31...40 сұрақтар- ригидтілік.
Бағалау және баллдардың интерпретациясы.
I. Мазасыздану: 0...7- мазасыз емес; 8 ... 14 балл- орташа мазасыздану
деңгейі; 15...20 балл- өте мазасыз.
II. Фрустрация (фрустрациялық): 0...7 балл-өзіндік бағалауыңыз тым жоғары
емес, сәтсіздіктерге төзе білесіз, қиындықтан қорықпайсыз; 8...14 балл-
орташа деңгей, мұнда фрустрация байқалады; 15 ... 20 балл-сіздің өзіндік
бағалауыңыз тым төмен, сіз қиындықтан, сәтсіздіктен қорқасыз,
фрустрацияланғансыз.
III. Агрессиялық: 0 ... 7 балл- сіз шыдамдысыз, сабырлысыз; 8...14 балл-
агрессияның орташа деңгейі; 15 ... 20 балл- сіз агрессиялысыз, шыдамды
емессіз, қарым-қатынас кезінде және адамдармен жұмыс істеген кезде
қиындықтарға жолығасыз.
IV. Ригидтілік: 0...7 балл- ригидтілік байқалмайды, тез бейімделгішсіз;
8 ... 14 балл- орташа деңгей; 15...20 балл- ригидтіліктің айқын көрінісі
бар, шындыққа сәйкес келсе де қимыл-әрекеттердің, пікірлердің,
көзқарастардың өзгеріске түспеуі. Сізге жұмыс орнын ауыстыру, отбасын
өзгеру зиянын тигізеді.

Жағдайлардың сипаттамасы (Айзенк)
І
1) Өзімнің бойымда сенімділікті сезіне алмаймын.
2) Мағынасыз нәрселерге жиі ұяламын.
3) Менің ұйқым мазасыз.
4) Уайымға тез берілемін.
5) Қиялдан құрастырылған, әлі болмаған жағдайларды көп ойлаймын.
6) Мен қиындықтардан қорықамын.
7) Өзімнің жағымсыз қырларымды талдағанды ұнатамын.
8) Мен тез көндіруге болады.
9) Мен күмәншілмін.
10) Мен күтуге әрең шыдаймын.
ІІ.
11) Жолын тауға болатын шешімі бар жағдайлар мен үшін жиі кездеспейтін
секілді.
12) Жағымсыз жағдайлар мені қатты ашуландырады, мен шыдай алмаймын.
13) Үлкен сәтсіздіктерде мен ешбір себепсізден өзімді кінәлі санауға
дайынмын.
14) Сәтсіздіктер мен жағымсыз жағдайлардан мен сабақ ала алмаймын.
15) Мен көбіне қиындықпен күресуден бас тартамын, оны мағынасыз деп
санаймын.
16) Мен өзімді жиі қорғаусыз сезінемін.
17) Кей кездерде менде мұңайатын кездер болады.
18) Мен қиындықтың алдында сасқалақтап қаламын.
19) Қиын сәттерде өзімді кішкене бала секілді көрсетіп, маған өзгелердің
аяушылықпен қарағандарын қалаймын.
20) Өз мінезімнің жағымсыз қырларын түзелмейтін қателік деп санаймын.
ІІІ.
21) Мен соңғы болып сөз сөйлеймін.
22) Әңгіме барысында серіктесімнің әңгімесін жиі бөле беремін.
23) Менің өкпелету өте оңай.
24) Өзгелерге ескерту жасаған ұнайды.
25) Өзгелер үшін беделді болғым келеді.
26) Азға тәубе етпеймін, көпке қол жеткізгім келеді.
27) Ашуланған кезде өзімді ұстау қиыға соғады.
28) Біреуге бағынышты болғаннан, басқарғанды қалаймын.
29) Менің қимылым тез және дөрекілеу.
30) Мен кек қайтарғанды ұнатамын.
ІV.
31) Маған қылықтарымды өзгерту қиынға соғады.
32) Зейін аудару қиын
33) Жаңа нәрселердің бәріне күдіктене қараймын.
34) Мені пікірімнен өзгерту қиын.
35) Ұмытуым тиіс ойлар менің басымнан ұзақ уақытқа дейін кетпейді.
36) Адамдармен жақын қарым- қатынас орнату мен үшін қиын.
37) Жоспардың кішкене ғана бөлігіне өзгерту енсе, мен үшін бұл үлкен
қайғы болып табылады.
38) Мен көбіне қырсықтық мінез көрсетемін.
39) Тәуекелге баруды ұнатпаймын.
40) Өзіме ұнайтын күн тәртібі бұзылса, тез уайымға түсемін.

4. А. Басс - А. Дарки сұрақтамасы.
Арнольд Басс агрессиялардың түрлерінің арасындағы айырмашылықты ескеру
қажет дейді. Агрессивті мінез-құлықтың классификациялау үшін ол үш
дихотомияны ұсынады.
1. Физикалық вербалды агрессия; 2. Белсенді-пассивті агрессия; 3.
Бағытталған-бағытталмаған агрессия
Физикалық агрессияның тікелей мақсаты, басқа адамды жарақаттау
физикалық тұрғыда жарақаттау немесе басқа адамға физикалық ауыртпашылық
көрсету.
Арнольд Басс пікірінше, вербалды агрессия ретінде (өзбен біреуді
жәбірлеу) келесі тұжырымдарды қарастыруға болады.
1. санадан тыс көп тойтарыстар
2. сындық ескертулер мен теріс пікірлер
3. жағымсыз эмоционалды көріністер (мысалы, сенімсіздік, жасырын реніштер
өшпенділіктер, балағат, соғыс түріндегі наразылықтар)
4. агрессивті мазмұндарға байланысты ойларын айту
5. түрлі қорқытулар, күштеп алушылық және мәжбірлеу
6. кінәлау және жазғыру
7. ренішті және балағатты қалжыңдар, келемеждеушіліктер, мазақ ету.
8. қарапайым айқай, бақырып жылау
9. фантазияда, қиялда жасырынып тұрған агрессиялар. Ол вербалды тұрғыда жиі
суретте көрінеді.
Тікелей агрессия құрбан болушы адамға бағытталған, ал жанама агрессия
болғанда құрбан болатын адам болмайды. Ол туралы теріс сөздер, пікірлер
тарайды немесе агрессия сол адамның топ мүшелеріне қарай бағытталады.
Арнольд Басстың агрессия теориясы негізінде қалыптасқан А.Басс пен
А.Дарки сұрақтамасы агрессивтілікті зерттеуге арналған. Олар өз
сұрақтамаларында эмоционалдық жағдайдағы агрессия мен өшпендiлiктің
туындарын жiктеуде бiрқатар реакция түрлерiн бөлiп шығарады.
Бұл әдістеме агрессивті мінез-құлықтың келесі түрлерін анықтайды.
Физикалық агрессия-басқаға қарсы физикалық күштің қолданылуы.
Жанама агрессия-астыртын мақсат пен басқаға бағытталған агрессия және
ешкiмге, ешнәрсеге бағытталмаған түрдегi агрессия. (ашу, ызаның шапшуы,
аяқпен жердi соғу, жұдырықпен үстелдi ұру т.б.) Бұл көрiнiстер өз
бағыттылық және ретсiздiк сипатымен ерекшеленедi.
Тiтiркенушiлiкке бейiмдiлiк - аз мөлшердегi қозудағы негативтi
сезiмнің туындауына деген дайындық (күйгелектiк, дөрекелiк т.б)
Негативизм-арнайы дәстүр мен заң ережелерiне қарсы әлсiз қарсылықтан
белсендi күреске дейiн өсетiн мiнез-құлық және авторитет пен басшылыққа
қарсы бағытталған оппозиционды мiнез-құлық көрiнiсi.
Өкпе-айналасындағыларға деген көреалмаушылық, қызғанушылықтан
туындаған арнайы немесе ойда түратын әрекеттер.
Секемшiлдiк-айналасындағыларға деген қатынастағы сенiмсiздiк және
олардың өзіне залал келтiредi деген ойда болу.
Вербалды агрессия-негативтi сезiмдердің түрлерiн көрсету (талас-
тартыс, айқай т.б) сөздiк жауап қайтару мазмұны (қорқынышты сөздер,
жағымсыз сөздер, қарғау сипатындағы сөздер)
Кiнәлi сезiну, ұяттан азап шегу - өзiн жаман адам ретiнде сезiнуден
туындаған қылықтар, бұрыс қылықтарды iстеп жүргендей сезiнуден туындаған ар-
ұжданы алдындағы азап шегу.
Басс-Дарки сұрақтамасы 75 сұрақтан түрады. Инструкция бойынша сыналушы
қойылған сұраққа "Иә" немесе "Жоқ" жауап беруi тиiс.
1. Физикалық агрессия сұрақтағы "иә" жауабы ¹ 1, 25, 31, 41, 48, 55, 62,
68... "жоқ". жауабы-9 және 7 тұжырымдарды бейнелейдi.
2. Жанама агрессия "иә"- 2, 10, 18, 34, 42, 56, 63 "жоқ"-26, 49.
3. Тiтiркенушiлiк "иә"-3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72 "жоқ"-11, 35, 59.
4. Негативизм "иә" 4, 12, 20, 28 "жоқ"-36.
5. Өкпе "иә"-5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.
6. Секемшiлдiк "иә"-6, 14, 22, 30, 38, 45, 52. "жоқ"-33, 66, 74, 75.
7. Вербалды агрессия "иә"- 7, 25, 23, 31, 49, 53, 60, 71, 73; "жоқ" 33, 66,
74,75.
8. Кiнәлi сезiну, ар ұждан алдында азап шегу-"иә"-
8,16,24,32,40,47,54,61,67.
Өшпендiлiк индексiнің өлшемi – 5-шi және 6-шы, ал агрессиялық индекске
–1, 3, 7 шi өлшемi жатады. Қалыпты жағдайдағы агрессиялықтың индекс шамасы
24 ± 4-ке тең болса, Өшпендiлiк 6,5-7±3 ке тең болмақ.
Инструкция: Сiздерге өздеріңiздің мiнез құлықтарыңызға басқа
адамдарға деген қатынасыңызға, өмiрге деген көзқарастарыңызға,
ұстанымдарыңызға сәйкес келетiн сұрақтар болса "иә" жауабын ал керiсiнше
сәйкес келмесе "жоқ" жауабын беруіңiздi өтінеміз. Сұрақтарға көп ойланбай
жауап беріңiз.
2.3 зерттеу барысы МЕН нәтижелерДІ өңдеу, САПАЛЫҚ талдау

Жауынгерлерге зерттеу жүргізу арқылы біз олардың әскери қызметіндегі
эмоционалды қиындықтарының ерекшеліктерін мінез акцентуацияларының типіне
орай агрессивтілік пен фрустрация және мазасызданудың деңгейлері анықтауды
көздедік. Зерттелушілерге Леонгардтың жауынгерлерге арналған мінез
акцентуациялар типін анықтау әдістемесі арқылы зерттеу жүргіздік. Ең
алдымен зерттеушілерге әдістеменің сұрақтары және жауап парақтары
таратылып, әдістемеге нұсқау берілді.
Зерттеу барысында зерттеушілер дабырласып, кейбір сұрақтарды
түсіндіруді сұрады. Тәжірибе аяқталғаннан кейін біз зерттеушілерден осы
өткен тәжірибе жайында өз пікірлерін білдіруді сұрадық. Олардың бәрі
зерттеуге қызығушылығын білдірді. Зерттелушілер жағынан экспериментке деген
негативті қатынасы байқалмады.
Зерттеу ұзақтылығы шамамен 50 минуттай болды. Леонгард бойынша алынған
мәліметтерде кездескен акцентуация типтерінің жиілігінің проценттік
көрсеткіші таблицаға салынды.

Кесте 1 Жауынгерлер арасындағы акцентуация типтерінің жиілігі.
Акцентуация типі % жиілігі
Гипертимді тип 10
Тежелгіш тип 5
Дистимді тип 2,5
Педантты тип 5
Эмотивті тип 30
Мазасыз тип 17,5
Қозғыш тип 5
Экзальттивті тип 2,5
Циклоидты тип 7,5
Демонстративті тип 15

Зерттелушілердің 30% эмотивті тип болып шықты. Осыған орай: неге
зерттелушілердің көбі эмотивті болып шықты? Бұның себебі неде? Бұл
көрсеткіш агрессивтілік, және мазасыздануге байланысты ма? деген сұрақтар
туындайды. Осы сұрақтарға жауап іздей отырып Г. Айзенк және Ч. Спилбергер
-Ханин әдістемелерінің нәтижелеріне қарайық.
Ч. Спилбергер-Ханин сұрақтамасы арқылы мазасыздану деңгейін анықтау
мақсатымен зерттеу жүргізілді. Бұл сұрақтама 40 сұрақтан тұрады. Ол адам
мазасыздануының екі түрін-тұлғалық және ситуативті мазасыздану деп бөліп
анықтайды. Зерттеу басында әдістемеге нұсқау беріліп эксперименттің өтілу
жағдайылары түсіндіріледі. Содан кейін жауап парақтары таратылып,
сұрақтарға жауап беруге рұқсат етілді. Зерттеушілер жағынан онша көп
сұрақтар қойылған жоқ. Олар шамамен барлық сұрақтарға бірден, тез жауап
қайтарып отырды. Зерттеу 20 минутқа жуық созылды.
Г.Айзенктің Психикалық жағдайды өзіндік бағалау сауалнамасын
жүргіздік. Зерттеушілер шуламай, зерттеуге қызығып, сұрақтарға тез жауап
қайтарды. Оқушылар жағынан зерттеуге немесе зерттеушіге негативті көзқарасы
байқалмады. Зерттеу ұзақтылығы 25 минуттай болды.

Кесте 2 Айзенктің Психикалық жағдайды өзіндік бағалау әдістемесінің
топтық көрсеткіштері
( Мазасыздану Фрустрация Агрессиялық Ригидтілік
1 10 11 15 9
2 9 7 7 10
3 15 16 11 9
4 8 6 13 12
5 13 8 9 9
6 7 15 14 13
7 7 9 8 7
8 8 16 7 10
9 10 10 12 9
10 8 8 7 8
11 6 13 12 6
12 9 7 8 9
13 11 15 7 11
14 7 8 11 8
15 8 17 6 11
16 16 15 8 6
17 12 14 13 7
18 9 6 8 11
19 15 9 9 9
20 7 14 14 10

Зерттеуде жүргізілген әдістемелер бойынша талдау жасалынды. Г. Айзенк
әдістемесі бойынша зерттелушілердің 77,5 % агрессивтілігі нормаға сәйкес,
15 % агрессивтілігі жоғары деңгейде, ал 7,5% агрессивтілігі төмен. 43 %
фрустрациясы жоғары, 57 % нормаға сәйкес. Нормадағылардың ішінде 17,5%
эмотивті типтегілер. Анықталынған эмотивті типтегі жауынгерлердің 35 %
агрессивтілігі жоғары, ал 65% фрустрациясы жоғары болды. Бұл көрсеткіштер
бізге бұл көрсеткіштің жауынгерлердің қызметінде кездесетін эмоционалдық
қиындықтар көбіне алғашқы бейімделу кезеңінде туындайтынын көрсетеді.
Жоғарыда Леонгард әдістемесі бойынша алынған мәліметтерге талдау жасай
отырып зерттелушілерде басқа акцентуация типтеріне қарағанда эмотивті
типтің басым болғаны, ал олардың агрессивтілігі мен мазасыздану
деңгейлерінің көрсеткіші жоғары болғаны жауынгерлер әр түрлі жағдайларда
аффективті реакцияларға бейім болатынын көрсетеді.
Мазасыздану деңгейі жоғары болған адамдар өзінің өзін-өзі бағалауы
өмір сүруіне деген қауыпты кең шеңбердегі жағдайларда қабылдайды және оған
айқын көрінетін мазасыздану күймен жауап қайтарады. Психологиялық тест
арқылы зерттелушіде жеке адамның мазасыздану көрсеткіші жоғары болса, онда
сол адамда мазасыздану күй әр түрлі жағдайларда, әсіресе оның мәртебесі мен
тұлғасын бағалағанда пайда болатынын болжауға болады.
Біздің пікірімізше мазасыздану деңгейі адамның тұлға ретінде өзіндік
бағалауымен тығыз байланысты. Зерттеушілер өзіндік бағалауды түрлі жағынан
қарастырады. Адам өзін не жақсы, не жаман бағаласа, ол өзіндік бағалау
деп аталады, ал белгілі әрекеттерден жетістіктерге байланыста өзіндік
бағалау парциалды деп аталады. Сонымен қатар өзіндік бағалау адекватты және
адекватты емес деп бөлінеді. Яғни индивидтің потенциалды мүмкіндігі мен
реалды нәтижелерінің сәйкес келіп келмеуі. Адекватты өзіндік бағалау,
адамның өзін, өзінің мүмкіндіктерін, жүріс-тұрысын, мінез құлқының
қасиеттерін бағалау. Адекватты бағалау субъектіге сынай қарауға, өзінің
күшін түрлі қиындықты мәселелермен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Жауынгерлердің өзіндік бағалауы тұлғада белгілі бір қасиеттердің
қалыптасуын анықтайды. Мысалы: өзіндік бағалаудың адекватты деңгейі
жауынгерлерде өзіне деген сенімділік, өзін жақсы көру сияқты қасиеттерді
қалыптастырады. Өзіндік баға мен қоғамдық белсенділік арасында байланыс
бар. Сондықтан да, өзіндік бағалаудың адекватты деңгейі қалыптасқан
жауынгерлерде қызығушылық көп, олардың белсенділігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери ұжымдағы қарым - қатынас сипаты және әскери қызметкерлердің тұлғалық ерекшеліктері
Әскери ұжымдағы қарым-қатынас
Оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі
ЖОО білім беру сапасын басқаруда психологиялық аспектілер
Психикалық дамудың тежелуі балалардың психикалық ерекшеліктері
Эмоцияларды басқару
Бастауыш сыныптағы оқыту процесіндегі проблемалық оқыту мәселесі
Пәндер