Р. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ІІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2. 1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері

Мақсаты - қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін айқындау мен құқықтық ережелерге қатынасын эмпирикалық зерттеу.

Болжамы - қылмыс жасаған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуы оның тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Зерттеу пәні - қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары.

Зерттеу әдістемелері:

  1. М. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі.
  2. Аяқталмаған сөйлемдер.
  3. Еркін сауалнама.

Зерттеу объектісі. Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы.

Зерттелінушілер сипаты. Зерттеу тобына балалар коллониясындағы жасөспірімдер, ал, бақылау тобына әдеттегі жасөспірімдер қатыстырылды.

Зерттеу мерізімі - 5 ақпан-15 мамыр 2007 жыл.

Зерттеу міндеттері:

  1. Зерттеу әдістемелері көмегімен зерттеу және бақылау тобындағы жасөспірімдерге зерттеу жүргізу
  2. Әр зерттелушінің индивидуалды мәліметтерін өңдеу
  3. Математикалық-статистика әдістері арқылы зерттеу және бақылау тобының топтық мәліметтерін айқындау
  4. Зерттеу болжамын дәлелдеу
  5. Зерттеу мәліметтерінің сапалық талдауы

2. 2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

1. Р. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі.

Бұл әдістеме тұлғаның негізгі құндылықгар жүйесін зерттеуге бағытталған. М. Рокич тұлғаның құндылықтар жүйесін адамның өмірлік мақсаттарына байланысты тұлғалық қасиеттеріне байланысты екі түрге бөледі (терминалды, инструменталды) . Осы құндылықтарды сипаттайтын әрқайсысы 18-тұжырымдамадан тұратын құндылықтар тізбесі жасалынған. Адамның өмірлік мақсатына байланысты құндылықтар жүйесі тұлғаның өмір сүруінің түпкілікті мақсатын анықтайды; тұлғалық қасиеттерге байланысты құндылықтар жүйесі-өмірлік ситуациялардағы тұлға әрекеттерінің жүйесін сипаттайды (мысалы, адалдық, шындыққа сәйкес шешім қабылдай білу) .

Зерттелушілерге әдістеменің орындалу шарты, яғни нұсқау: "Сіздердің назарларыңызға тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесі ұсынылып отыр. Сіз өз қатынасыңызды аса маңызды құндылықтан бастап, біртіндеп соңына қарай сіз үшін аса мәнді емес құндылықтарды жазыңыз немесе ретті санмен әрбір құндылықтың жанына белгілеп отырыңыз" түсіндірілгеннен кейін оларға бірінші адамның өмірлік мақсаттарына байланысты 1-терминалды құндылықтар жүйесін зерттеу барысы аяқталғанан кейін, 2-инструменталды құндылықтар жүйесі ұсынылды.

2. Р. Ф. Ряховскийдің қарым-қатынаста өзін-өзі бақылау әдістемесіне сипаттама

3 “Аяқталмаған сөйлемдер” әдістемесінің сипаттамасы

Аяқталмаған сөлемдер әдістемесі психодиагностикалық тәжірбе де бұрыннан қолданылып келеді. Зерттеушілердің көңілін аудартқан әдістің пилотажды жағына, әдісті қолданудағы универсалдылықты жатқызуға болады, бұл оның процедуралық қолдануының жеңіл және икемдігінің негізінде жатыр. Әдістеменің кемшілігіне басқада әдістемелерде де көп көрінетін сөлемді аяқтаудағы жиі көрінетін әлеуметтік желательность жатқызуға болады. Мысалы: таңдау тобындағы сотталған адамдарға жүргізілген зерттеуде көптеген зерттелінушілер сөлемді. «Менің кішкене әлсіздігім мынада» . . . мен «миірімді, кекшіл емес, тез қайтатын» деген сөздермен аяқтауы. Бірақ зерттеу процедурасын дұрыс құрғанда және зерттелінушімен өзара-әрекеттесу процесінде сенімді қарым-қатынастық жағдай жасағанда алынған нәтиженің анықтығы біршама жоғарлайды. Мысалы: стандартталынған сұраулама тестіге қарағанда жоғары болады. Сезіну және өткен шақ пен болашаққа деген қатынасын анықтайды. Ата-анасымен, құрбы-жолдастарымен, өзінің өмірлік мақсатының өзара қатынасын қозғайды. Тестілеу 20 минуттан бірнеше сағатқа дейін бұл зерттелушінің тұлғасына байланысты созылады.

Нұсқау: «Бланктағы аяқталмаған сөйлемдерді бір немесе бірнеше сөз арқылы толтыруыңыз керек». Бұл әр топқа сөйлемдер арқылы жағымды, жағымсыз немқұрайлық қатынастың берілген жүйесін анықтауға мінездемелейді. Көптеген маған жанұя . . .

А- бақытсыз, ажырасқан -2

Б- күйгелекті, бір-бірін жаратпайды -1

В- бәрі бірдей.

Бұндай сандық баға зерттеушінің дисгармониялық қатынас жүйесін анықтауды жеңілдетеді. Яғни ең негізгісі, толтырылған сөйлемдердің сапалылығы.

Әдістеменің кілті.

Ұсынылған топ.
Тапсырма №
№: 1.
Ұсынылған топ.: Әкесіне деген қатынас
Тапсырма №: 1
16
31
№: 2.
Ұсынылған топ.: Өзіне деген қатынас
Тапсырма №: 2
17
32
№: 3.
Ұсынылған топ.: Таратылмаған мүмкіншілігі
Тапсырма №: 3
18
33
48
№: 4.
Ұсынылған топ.: Бағынушыға деген қатынас
Тапсырма №: 4
19
34
49
№: 5.
Ұсынылған топ.: Болашаққа деген қатынас
Тапсырма №: 5
20
35
50
№: 6.
Ұсынылған топ.: Жоғары тұрған адамдарға деген қатынас
Тапсырма №: 6
21
36
51
№: 7.
Ұсынылған топ.: Қорқыныш және сақтану
Тапсырма №: 7
22
37
52
№: 8.
Ұсынылған топ.: Достарына деген қатынас
Тапсырма №: 8
23
38
53
№: 9.
Ұсынылған топ.: Өткен шағына деген қатынас
Тапсырма №: 9
24
39
54
№: 10.
Ұсынылған топ.: Қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қатынас
Тапсырма №: 10
25
40
55
№: 11.
Ұсынылған топ.: Жыныстық қатынас
Тапсырма №: 11
26
41
56
№: 12.
Ұсынылған топ.: Жанұясына деген қатынас
Тапсырма №: 12
27
42
57
№: 13.
Ұсынылған топ.: Ұжымына деген қатынас
Тапсырма №: 13
28
43
58
№: 14.
Ұсынылған топ.: Анасына деген қатынас
Тапсырма №: 14
29
44
59
№: 15.
Ұсынылған топ.: Кінәлі сезімі
Тапсырма №: 15
30
45
60
  1. Сауалнамаәдісі

Бұл еркін сауалнама негізінен жасөспірімдердің қылмыс, құқық нормалары туралы көзқарастарын анықтауға және құқықтық сананың қалыптасуына әсер етуші қарым-қатынастың алатын орны анықтап, жасөспірімге қоршаған ортадан басым әсер, ықпал етушілердің табуға бағытталған. Бұл сауалнама арқылы құқық туралы, қылмыс туралы көзқарастың қарым-қатынас барысында құрбы-жолдастарының әсерін анықтаймыз.

Сауалнаманың мазмұнында төмендегідей сұрақтар қарастырылған және әр сұрақ бойынша жасөспірімдердің тұлғалық қосымша пікір білдіруіне мүмкіндік берілген.

1. Қазіргі заманда адамды қандай жағдайлар немесе жайттар құқықты бұзуға итермелейді?

1/ әлеуметтік жағдайы.

2/ кездейсоқ жағдай.

3/ өмір сүру мақсатында.

4/ өзіңіздің ұсынысыңыз

  1. Сіздерде құқықтық норманы бұзуға немесе қылмыс жасауға итермелейтін жағдай болды ма?

1/ иә, болды.

2/ жиі.

3/ сирек, бірақ болды.

4/ жоқ.

  1. Қылмыс немесе құқық нормаларын бұзу дегенді қалай түсінеміз?

1/ құқық нормаларын бұзу.

2/ кінәлі іс.

3/ жағымсыз қылық.

4/ өзіңіздің ұсынысыңыз

  1. Қаталдық деңгейі бойынша, төменде жазылған қылмыс атауын ең ауырынан бастап, жеңіліне дейін нөмер қойып жазыңыз.

1/ ұрлық.

2/ өлтіру.

3/зорлық.

4/ бұзақылық.

5/ тонау.

6/ өзіңіздің ұсынысыңыз

  1. Құқық туралы алғашында кім сізге түсіндірді?

1/ ата-ана

2/ ұстаз (мектеп тұсынды)

3/ бөгде адам

4/ құрбы-жолдас

5/ телеарна

  1. Қалай ойлайсыз, адам қандай қалыпта қылмыс немесе құқық нормаларын бұзады?

1/ ішімдік ішкен кезде

2/ Нашаны қолдану кезінде

3/ Аффект кезінде

4/ Кездейсоқ жағдайда

  1. Қазіргі заманда Қазақстанда, әсіресе жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюіне қалай қарайсыңдар?

1/ жағымды

2/ қарсылық білдіремін

3/ мені бұл жағдай ойландырмайды

4/ өзіңіздің ұсынысыңыз

  1. Қылмыс немесе құқық нормаларын бұзбау үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?

1/ әлеуметтік жағдайды жақсарту қажет

2/ Балаларға қызықты үйірмелер ашу

3/ Жазалаудың жаңа түрін қабылдау қажет

4/ Өзіңіздің ұсынысыңыз

  1. Қиын жағдайда көбінесе кіммен сырласқанды, ақылдасқанды жөн көресіз?

1/ ата-ана

2/ құрбы-жолдас

3/ ұстаз (мектеп тұсында )

4/ бөгде адам

Зерттеу барысы. Жасөспірімдердің қылмысының спецификациялық ерекшелігі, соның ішінде өлтіру және ауыр дене жарақаттану бұлар әрекетке деген тез адекватты емес реакция болып табылады. Бұған психологиялық тұрғыда түсіндіру екі түрткімен байланысты: есейген адамдарға сенімсіздік білдіреді, өздерінің нормалсыз қатынастарының негізделмеуінен және осы өзара қатынастарды басқа адамдарға аударуы.

Жасөспірімдердің қылмыстық мінез-құлқын анализдеу кезінде бұзылушылардың төрт типін бөліп шығарған:

  • Кездейсоқ, тұлғаның жалпы бағыттылығының жалпы есебімен мүмкіншілігімен байланысты;
  • Тұлғаның тұрақсыз бағыттылығының жалпы есебімен мүмкіншілігімен байланысты;
  • Тұлғаның жағымсыз бағдарларының жалпы қорытындысы;
  • Тұлғаның қылмыстық нұсқауының қорытындысы, ол өзіне белсенді ізденушілік қосады.

Қылмыс жасаған жасөспірімнің болашақ өмір бейнесінің, яғни тұлғалық мағыналық сферасының өзгеруінде келесі маңызды аспектілер байқалды:

  • тұлғалық құндылықтар иерархиясы; мағыналық құрылым деңгейі;
  • өзінің болашақ өмірін бейнесі және өмірдің мағыналығын түсіну және ондағы болып жатқан оқиғаларға ықпалы; мағыналық бағдарлар деңгейі;

Эмпирикалық зерттеу барысында біз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің жағымды қалыптасуы олардың тұлғалық құндылық бағдарының ерекшеліктерімен байланыстылығы туралы зерттеу болжамын дәлелдеу мақсатында М. Рокичтің "Құндылық бағдарлары" әдістемесі жүргізілді.

2. 3 ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІНІҢ САНДЫҚ ӨҢДЕУІ МЕН САПАЛЫҚ ТАЛДАУЫ

Зерттелушілердің құндылықтар жүйесі бойынша индивидуалды мәліметтері өнделініп, маңыздылық деңгейіне байланысты рангіленеді. Зерттелушілердің индивидуалды мәліметтерін топтастыру нәтижесінде зерттеу және бақылау топтарының топтық мәліметтері салыстырылып, сапалық талдауы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде көрсеткіштердің салыстырмалы жиынтық кестесі жасалынды.

1 кесте - Тұлғалық инструменталды құндылықтар жүйесі бойынша салыстырмалы жиынтық мәліметтері (R-есебімен)

Құндылықтар жүйесі: Құндылықтар жүйесі
Зерттеу тобы: Зерттеу тобы
Бақылаутобы:

Бақылау

тобы

Құндылықтар жүйесі: 1.
Зерттеу тобы: Табиғат пен өнер әсемдігі
Бақылаутобы: 18
13
Құндылықтар жүйесі: 2.
Зерттеу тобы: Денсаулық
Бақылаутобы: 8
3
Құндылықтар жүйесі: 3.
Зерттеу тобы: Рухани даму
Бақылаутобы: 12
12
Құндылықтар жүйесі: 4.
Зерттеу тобы: Материалдық қамтамасыз етілген өмір
Бақылаутобы: 10
1
Құндылықтар жүйесі: 5.
Зерттеу тобы: Еліміздің тыныштығы
Бақылаутобы: 17
6
Құндылықтар жүйесі: 6.
Зерттеу тобы: Танып білу, интеллектуалдық даму
Бақылаутобы: 16
4
Құндылықтар жүйесі: 7.
Зерттеу тобы: Өзгелердің пікірімен санаса білу
Бақылаутобы: 7
11
Құндылықтар жүйесі: 8.
Зерттеу тобы: Еңбекқорлық
Бақылаутобы: 15
14
Құндылықтар жүйесі: 9.
Зерттеу тобы: Өз-өзіне деген сенімділік
Бақылаутобы: 2
2
Құндылықтар жүйесі: 10.
Зерттеу тобы: Өз пікірін дәлелдеудегі батылдылық
Бақылаутобы: 3
5
Құндылықтар жүйесі: 11.
Зерттеу тобы: Қызықты жұмыс
Бақылаутобы: 14
7
Құндылықтар жүйесі: 12.
Зерттеу тобы: Көзқарастың кендігі
Бақылаутобы: 13
8
Құндылықтар жүйесі: 13.
Зерттеу тобы: Жоғары талаптар
Бақылаутобы: 6
17
Құндылықтар жүйесі: 14.
Зерттеу тобы: Қоғамдық беделділік
Бақылаутобы: 5
15
Құндылықтар жүйесі: 15.
Зерттеу тобы: Әрекеттер еркіндігі
Бақылаутобы: 1
18
Құндылықтар жүйесі: 16.
Зерттеу тобы: Шығармашылық іс-әрекет
Бақылаутобы: 11
9
Құндылықтар жүйесі: 17.
Зерттеу тобы: Жауапкершілік
Бақылаутобы: 9
16
Құндылықтар жүйесі: 18.
Зерттеу тобы: Рахаттану сезімдеріне ұмтылу
Бақылаутобы: 4
10

Зерттеу мақсатына орай терминалды құндылықтар жүйесіне қылмысқа барған жасөспірімдер үшін маңызды саналатын бірқатар құндылықтар өзгертіліп енгізілді және осы құндылықтардың қазіргі сәттегі қанағаттандырылу деңгейінің пайыздық үлестірімі анықталынды.

2 кесте - Тұлғалық терминалды құндылықтар жүйесі бойынша салыстырмалы жиынтық мәліметтері (R-есебімен)

Терминалды құндылықтар

Зерттеу тобы

мәліметтері

Бақылау тобы мәліметтері
Терминалды құндылықтар:
Зерттеу тобымәліметтері: R
Бақылау тобы мәліметтері: Қанағаттану деңгейі (%)
R
Қанағаттану деңгейі (%)
Терминалды құндылықтар: Өзін дамыту
Зерттеу тобымәліметтері: 12
Бақылау тобы мәліметтері: 47, 7
3
65, 0
Терминалды құндылықтар: Шығармашылық
Зерттеу тобымәліметтері: 8
Бақылау тобы мәліметтері: 46, 9
15
41, 1
Терминалды құндылықтар: Рухани қанағаттану
Зерттеу тобымәліметтері: 9
Бақылау тобы мәліметтері: 40, 3
11
57, 1
Терминалды құндылықтар: Жанұя
Зерттеу тобымәліметтері: 17
Бақылау тобы мәліметтері: 47, 7
3
65, 0
Терминалды құндылықтар: Махаббат
Зерттеу тобымәліметтері: 5
Бақылау тобы мәліметтері: 41, 2
4
81, 7
Терминалды құндылықтар: Достар
Зерттеу тобымәліметтері: 15
Бақылау тобы мәліметтері: 48, 1
5
64, 6
Терминалды құндылықтар: Креативтілік
Зерттеу тобымәліметтері: 13
Бақылау тобы мәліметтері: 49, 2
13
63, 4
Терминалды құндылықтар: Белсенді әлеуметтік байланыстар
Зерттеу тобымәліметтері: 18
Бақылау тобы мәліметтері: 45, 4
17
42, 3
Терминалды құндылықтар: Таным
Зерттеу тобымәліметтері: 7
Бақылау тобы мәліметтері: 38, 1
10
66, 9
Терминалды құндылықтар: Өзіндік мәртебе
Зерттеу тобымәліметтері: 11
Бақылау тобы мәліметтері: 47, 6
6
61, 4
Терминалды құндылықтар: Жетістік
Зерттеу тобымәліметтері: 16
Бақылау тобы мәліметтері: 50, 7
16
55, 4
Терминалды құндылықтар: Бостандық
Зерттеу тобымәліметтері: 1
Бақылау тобы мәліметтері: 23, 3
12
68, 6
Терминалды құндылықтар: Өзіне сенімділік
Зерттеу тобымәліметтері: 4
Бақылау тобы мәліметтері: 67, 4
7
79, 0
Терминалды құндылықтар:

Материалдық

ауқаттылық

Зерттеу тобымәліметтері: 10
Бақылау тобы мәліметтері: 47, 2
8
47, 6
Терминалды құндылықтар: Белсенді өмір
Зерттеу тобымәліметтері: 2
Бақылау тобы мәліметтері: 22, 9
9
62, 5
Терминалды құндылықтар: Өзінің даралығын сақтау
Зерттеу тобымәліметтері: 6
Бақылау тобы мәліметтері: 39, 0
14
48, 3
Терминалды құндылықтар: Көңіл көтеру
Зерттеу тобымәліметтері: 14
Бақылау тобы мәліметтері: 35, 0
18
51, 9
Терминалды құндылықтар: Әділеттілік
Зерттеу тобымәліметтері: 12
Бақылау тобы мәліметтері: 47, 7
3
65, 0

Зерттеу барысында алынған мәліметтер қылмыс жасаған жасөспірімнің құндылықтар құрылымының деформациялығын көрсетеді. Бақылау тобымен салыстырғанда түзеу мекемелеріндегі тұлғалардың индивидуалды әлеуметтен тыс тіршілік етуін қамтамасыз ететін уайымдау-құндылықтар рангі айтарлықтай жоғары. Керісінше адамның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруінің мағынасын көрсететін әлеуметтік құндылықтар рангтық тізімінің соңғы позициясында.

Қылмыс жасаған жасөспірімнің индивидуалды түрдегі құндылықтарын үстемділігі жүйесінде маңыздылық рангі бойынша- бостандық және белсенді өмір басты құндылық-мақсат ретінде болады. Бұл біздің жоғары бағаланатын бостандық құндылығына қарағанда, белсенді өмір қылмыс жасаған жасөспірімнің санасында құндылық - мақсат ретінде болады. Яғни, олардың ойынша бостандық ең алдымен өз өміріңдегі оқиғаларға, әрекеттерге белсенді ықпал ету мүмкіндігі ретінде бағалы болады.

Адам өзін қайраткер ретінде жүзеге асыратын өнімділік құндылықтарды талдау барысында қылмыс жасаған жасөспірімнің инструменталды және терминалдық құндылықтар арасындағы ерекшеліктерді көруге болады. (бақылау тобымен салыстырғанда) Нақты іс-әрекет мазмұнын жоғалту, өзінің уайымдары мен ойларын қандайда бір шығармашылықта көрсетуге қатты талаптану байқалады. Шығармашылық белсенділік - қылмыс жасаған жасөспірімнің өмірінде біршама жоғары деңгейде жүзеге асырылатын құндылықттардың бірі. Жазасын өтеп жатқан жасөспірімде өзін және отбасын тікелей қаражатпен қамтамасыз ету қажеттілігі жоқ, сондықтан шынында белгілі бір шығармашылық қабілетті жүзеге асыруға ұмтылыс (сурет салу, түрлі мүсіндер жасау т. б. ) және жасауға оларда уақыт бар.

Әдістеме бойынша тұлғаның әлеуметтік мәнін жүзеге асыратын құндылықтар маңыздылығы бойынша соңғы орынды алады. Мысалы, бақытты жанұялық өмір бақылау тобында маңыздылығы бойынша маңызды орынды иеленсе, алса, қылмыс жасаған жасөспірімдерде неғұрлым соңғы орындарды иеленеді. Мұндай жағдай мынадай құндылықтарда байқалады: жақсы және сенімді достарының бар болуы. Қылмыс жасаған жасөспірімдер де бақылау тобымен салыстырғанда өмірлік құндылықтардың жүзеге асырылуына қанағаттану деңгейі бойынша да айырмашылықтарды көреміз.

Қылмыс жасаған жасөспірімнің тұлғалық құндылықтарының иерархиясының бостандықтағы құрдастарымен салыстырғандағы мәнді айырмашылық, олардың өмірлік маңызды деп есептейтін құндылықтарды жүзеге асыра алмауы, яғни әлеуметтік оқшаулану жағдаймен байланысты болады деген көзқарасымызды дәлелдей түседі. Сонымен бостандықтағы адамдар өзінің өміріне маңызды деп есептеитін құндылықтарды жүзеге асыруға тырыса алады, ал сотталған адамдар егер қандайда - бір деңгейде құндылықтарды жүзеге асыруға мүмкіндік тапса да, көбісінде олардың тұлғалық маңыздылығы жоқ.

Қылмыс жасаған жасөспірімнің бақылау таңдауы мен салыстырғандағы иерархия құндылықтарының маңызды айырмашылдығының себебін бөлшектеп анықтау үшін, жазаны өтеу кезеңіне байланысты қылмыс жасаған жасөспірімдерге жүргізілген құндылықтарды рангілеу нәтижелерімен салыстырмалы талдау жасалды. Мұнда құндылықтың маңыздылық иерархиясындағы орны, олардың түзеу мекемесіне келу уақытына қарай мәнді өзгерістерге түсуі мүмкін. Мұндай өзгерістің сипаты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, құндылықтардың маңыздылық деңгейіндегі біршама тұрақтылығы бостандық және белсенді өмір көрсеткіштеріне қатысты байқалады (1- 2 ) ;

Қылмыс жасаған жасөспірімнің жазаны өтеудегі уақытының ортаңғы кезеңіндегі бостандықтан айырыуға бейімделу кезеңі өтіп кеткен соң, бірақ бостандыққа шығуға әлі біраз уақыт бар кезеңде таным, қызық жұмыс, материалды қамтылған өмір, даму, бақытты жанұялық өмір жоғары құндылықтарға ие бола бастайды. Зерттеу үшін маңыздысы қылмыс жасаған жасөспірімнің жеке құндылықтары және бұл құндылықтардың олардың өз өмірлеріндегі жүзеге асуына қанағаттану деңгейінің салыстырмалы түрдегі өзгеруі болады.

Зерттеу мәліметтерін сандық өңдеудің келесі кезеңінде сауалнама нәтижелерін талдауда біз зерттеу үшін маңызды факторларға ғана тоқталамыз.

№3- кесте. Жасөспірімдерді құқық ережелерін бұзуға әкелетін факторлар

Бақылау тобы
Зерттеу тобы
№:

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

Бақылау тобы:

Кездейсоқ, яғни бос уақытты қызықты өткізу мақсатында

Топтағы лидер ықпалынан

Бірге жүрген жолдастарға еліктеу жағдайда

Зерттеу тобы:

Ата-ана жылылығы жетпейді

Үйден қашып кеткен жағдайда

Дос-жолдастардан кем қалмау

Өз тобымыздың ережесін орындау қажет

Толыққанды өмір сүру үшін

Бізді кемсітушілерден кек алу жағдайында

Өз өмірімізге көңіл толмайды

Өзімізге көңіл аударту үшін

Зерттеуге қатысқан жасөспірімдердің қылмысқа бару немесе құқық ережелерін бұзу туралы түсініктерін зерттей келе олардың ең маңыздыларын топтастыруға борлады:

  1. Қылмыс - құқық норманы бұзу.
  2. Моральдық норманы бұзу
  3. Қылмыс бұл зиян келтіру
  4. Зәбір шегушінің құқығын бұзу
  5. Қылмыс - заңды бұзу
  6. Қылмыстың артынан жазалау болу керек
  7. Қылмыс - кінәлі іс.
  8. Қылмыс жағымсыз қылық
  9. Қылмыс шешім таба алмаған жағдайда атқарылатын іс.
  10. Қылмыс топтың ықпалымен, әсерімен атқарылатын іс.

Зерттеу мәліметтерін өңдеудің келесі кезеңінде зерттеуге қатысқан екі топ өкілдерінің пайымдауынша адамзат қоғамында жасалынатын қылмыс түрлерінің ауырлығы мен адамзатқа келтіретін зияны туралы көзқарастары айқындалды. Бұл үшін қоғамда ең көп тараған қылмыс түрлерінің жүйесі жасалынып, ауырлық деңгейі бойынша рангілеу ұсынылды.

№3-кесте. Жасөспірімдердің қылмыс түрінің ауырлығы туралы түсініктері

Қылмыс түрлері
Зерттеу тобы
Бақылау тобы
№: 1
Қылмыс түрлері: Адам өлтіру
Зерттеу тобы: 1
Бақылау тобы: 1
№: 2
Қылмыс түрлері: Зорлық-зомбылық жасау
Зерттеу тобы: 4
Бақылау тобы: 6
№: 3
Қылмыс түрлері: Ұрлық
Зерттеу тобы: 6
Бақылау тобы: 4
№: 4
Қылмыс түрлері: Терроризм
Зерттеу тобы: 3
Бақылау тобы: 2
№: 6
Қылмыс түрлері: Тонау
Зерттеу тобы: 5
Бақылау тобы: 6
№: 7
Қылмыс түрлері: Бұзақылық
Зерттеу тобы: 8
Бақылау тобы: 7
№: 8
Қылмыс түрлері: Алаяқтық
Зерттеу тобы: 7
Бақылау тобы: 8
№: 9
Қылмыс түрлері: Коррупция
Зерттеу тобы: 2
Бақылау тобы: 3

Кестеден көріп отырғанымыздай жасөспірімдердің қылмыс түрінің ауырлығы туралы түсініктерінде айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды. Бұл жайт қылмыс жасаған жасөспірімнің кейде отбасының жоқтығы, оның бұзылуы әлде жанұялық қатынастың шиеленісуі т. б. себептермен көптеген зерттелінушілерде құқық ережелерінің маңыздылығы ның төмендеуі байқалады. Бұл көзқарастың дәлелі ретінде олардың аяқталмаған сөлемдер әдістемесі мәліметтерін қарастыруға болады. Мұнда бұл мәселелерге біржақты немесе қарама-қайшылықты жауаптарды жиі кездестіруге болады.

Бұл әдістеме бойынша алынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде қылмысқа барған жасөспірімдер үшін қатынастардың маңыздылығын айқындауға қол жеткіздік

№3-кесте. Зерттелушілердің қатынастар жүйесінің салыстырмалы көрсеткіші

Ұсынылған топ.
Зерттеу тобы
Бақылау тобы
№: 1.
Ұсынылған топ.: Әкесіне деген қатынас
Зерттеу тобы: 11
Бақылау тобы: 6
№: 2.
Ұсынылған топ.: Өзіне деген қатынас
Зерттеу тобы: 2
Бақылау тобы: 1
№: 3.
Ұсынылған топ.: Таратылмаған мүмкіншілігі
Зерттеу тобы: 7
Бақылау тобы: 9
№: 4.
Ұсынылған топ.: Бағынушыға деген қатынас
Зерттеу тобы: 5
Бақылау тобы: 15
№: 5.
Ұсынылған топ.: Болашаққа деген қатынас
Зерттеу тобы: 15
Бақылау тобы: 3
№: 6.
Ұсынылған топ.: Жоғары тұрған адамдарға деген қатынас
Зерттеу тобы: 6
Бақылау тобы: 10
№: 7.
Ұсынылған топ.: Қорқыныш және сақтану
Зерттеу тобы: 4
Бақылау тобы: 14
№: 8.
Ұсынылған топ.: Достарына деген қатынас
Зерттеу тобы: 1
Бақылау тобы: 2
№: 9.
Ұсынылған топ.: Өткен шағына деген қатынас
Зерттеу тобы: 3
Бақылау тобы: 12
№: 10.
Ұсынылған топ.: Қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қатынас
Зерттеу тобы: 13
Бақылау тобы: 7
№: 11.
Ұсынылған топ.: Жыныстық қатынас
Зерттеу тобы: 14
Бақылау тобы: 11
№: 12.
Ұсынылған топ.: Жанұясына деген қатынас
Зерттеу тобы: 12
Бақылау тобы: 4
№: 13.
Ұсынылған топ.: Ұжымына деген қатынас
Зерттеу тобы: 8
Бақылау тобы: 8
№: 14.
Ұсынылған топ.: Анасына деген қатынас
Зерттеу тобы: 10
Бақылау тобы: 5
№: 15.
Ұсынылған топ.: Кінәлі сезімі
Зерттеу тобы: 9
Бақылау тобы: 13

«Аяқталмаған сөйлем» әдістемесінде екі топтың көрсеткішін рангілеу арқылы құрбы-жолдасқа деген қатынасын жоғарғы орынға ие болғаны анықталды. Бұл көрсеткіш біздің құқық туралы, қылмыс туралы көзқарастын қалыптасуына, яғни құқық туралы біліміне қарым-қатынастың әсерін анықтауда, құрбы-жолдастарының ықпалы зор деген тұжырымымызды дәлелдей түседі. Бақылау тобының қарым-қатынасшыл және басқа адамдармен тез тіл табыса алады, өздерінің пікірлерін сенімді білдіре алады, өздерін еркін ұстайды. Сондай-ақ бақылау тобыны өзін-өзі бақылауы бойынша норма деңгейді білдіреді, яғни бұл топ жасөспірімдер қарым-қатынас барысында өздерінің істеріне, сөздеріне, пікірлерін үлкен бағалауға алып, өз істерін өлшемдеп, тұжырымдап, саналап жүзеге асырады.

Жасөспірім кезеңде балалар мен ата-аналар арасында көптеген шиеленістер болады. Олар жасөспірімдердің өз ата-аналарының білдірген қарсылықтарын, пікірлерін, тыйымдарын жағымсыз қабылдап өздерін еркін сезінуге ұмтылады және осы кезеңде ескерте кетерліктей жасөспірімдер өз құрбы-жолдастарының қарым-қатынасын қажет етеді. Осы кезеңде оған деген қарым-қатынасы жоғары қажеттілікте және олардың ортасында өзін бекітуге ұмтылады. Сонымен бірге құрбы-жолдастарының пікіріне көп мән береді.

Жасөспірім кезеңде өзіндік сана, өзіндік бағалау, жеке адамның ең негізгі фундаменті болып қалыптасады, яғни бұлар жеке адамдық процессінде өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу де үлкен зор роль атқарады.

«Қиын» оқушы жеке тұлғалық әлеуметтенудің төменгі деңгейімен мінездемелейді және оны тәрбиелеудегі үш сферасының жетіспеуін жатқызады. Бұл жанұяның, мектептің және ұйымның, өндірістің дұрыс тәрбие бермеуі, екінші жағынан, үлкен әсер тигізуші - бұл дала, яғни «даланың жағымсыз қасиеттерден тұратын топ».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық мінездемесі
Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Балалар мен ересектердің құндылықтар өзгерісін психологиялық талдау
Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау
Өмірдің мағынасы тұлғаның жеке әрекеттерінің жемісі
Қазіргі жастардың құндылықтары
10 сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері
Рокичтің құндылықтарды анықтау әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz