Арт терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ, орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретіндегі маңызын зерттеу
II. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері
Мақсаты: Арт терапия жаттығуларының студенттер топтарындағы (қазақ,
орыс) агрессия және мазасыздану көрсеткіштерін төмендету тәсілі ретіндегі
маңызын зерттеу.
Болжамы: Студент топтарында арт терапиялық тренинг жаттығуларын
ұйымдастыру арқылы тұлға аралық конфликттілік көрсеткіштерін төмендетуге
болады.
Қолданылған әдістемелер:
1. К.Томас “Конфликттік жүріс-тұрыс стратегиясы” атты әдістеме
2. “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтау” тесті
3. Арт терапиялық тренинг сабақтары (9) және жаттығулар
4. Әңгімелесу, бақылау, сауалнама әдістері
Зерттеу пәні: Студент топтарында арт терапиялық тренинг жаттығуларын
өткізу жағдайлары
Зерттелушілер сипаты: Қазақ және орыс бөлімінің студенттері
Зерттеу мерзімі: 10 ақпаннан 25 наурыз айына дейін 2007 жыл
Зерттеу міндеттері:
1. Әдістемелер арқылы зерттеу жұмысын жүргізу
2. Әр зерттеушінің индивидуалды мәліметін өңдеу арқылы зерттеу және
бақылау тобының көрсеткіштерін топтастыру
3. Тренинг сабақтары мен жаттығуларды өткізу
4. Математика-статистикалық әдістер арқылы зерттеу болжамын дәлелдеу
5. Зерттеу тобының тренингке “дейінгі” және “кейінгі” көрсеткіштерінің
салыстырмалы талдауы.
2.2 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы
1. К.Томастың қайшылықты жүріс-тұрыс стилін анықтау әдістемесі. К.Томас
өзінің сұрақтамасында жүріс-тұрыстың үйреншікті формаларының әр вариантын
сипаттаған. Бұл жерде адамның қайшылықты жағдайындағы жүріс-тұрысының
варианттары берілген. Әр шкала бойынша таңдалған ұпайлардың саны есептеліп,
сол адамның қайшылықты жағдайдағы жүріс-тұрыс тенденциясы көрінеді.
К.Томас қайшылықты жүріс-тұрыс стильдерін 5 түрге бөлген: ынтымақтастық,
келісімге келу, қашу, бейімделу және бәсекелестік.
Ынтымақтастық стилі- басшының іс-әрекетіндегі жетістікке жетуіндегі
белсенділікке талпынумен сипатталады. Бәсекелестік стиліне қарағанда, ол
тек өзінің қызығуына қайшылықты пікірлерден қашып, көбіне бағынушылардың
пікірін ескереді. Ынтымақтастық стилі мына жағдайларда нәтижелі болып
келеді:
- мәселені шешу екі жақ үшін де маңызды болса;
- тығыз өзара байланысты қатынас бар болса;
- тең билік бар болған жағдайда.
Келісімге келу стилі - бұнда басшы бағынушылардың ой-пікірімен
қатынаста нормализацияға жетуге ұмтылады, олардың пікірлерімен санаса
отырып, өз жағына тартуға тырысады. Келісімге келу стилі келесі жағдайларда
нәтижелі болып келеді:
- екі жақ та бірдей билікте болса;
- шешімді тез қабылдағыңыз келсе;
- уақытша шешімге келіссеңіз;
- жақсы қарым-қатынасты сақтағыңыз келсе;
- алдын-ала қойған мақсатыңызды өзгерте алсаңыз.
Қашу стилі- қойылған мақсатты жүзеге асыруда жауапкершіліктен қашумен
сипатталады, яғни жауапкершілік пен жазадан қорқады, өз бетінше шешім
қабылдағысы келмейді, іс-әрекетте табысқа жету мотивациясы жоқ. Қашу стилі
келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- шиеленісушілік, өте жоғары және оны төмендету қажет жағдайда;
- шығын өте маңызды емес және өз күшіңізді жоғалтқыңыз келмесе;
- уақыт ұтқыңыз келсе;
- жағдай пайда әкелмейтінін білсеңіз;
- билік аз, қарама-қарсы жақтың мүмкіндігі көп екенін білсеңіз.
Бейімделу стилі- басқару мақсатында оң нәтижеге жетуге қызықпайды,
белсенділік танытпайды. Бұл стильдегі басшылар қайшылық жағдайынан және
жауапкершіліктен қашуға тырысады. Ал бейімделу стилі келесі жағдайларда:
- болған жағдай ерекше толғандырса;
- қарым-қатынасты жақсы сақтағыңыз келсе;
- билік сіз жағыңызда болмаса;
- билік аз және жеңіске жету ықтималдығы аз болған жағдайда.
Бәсекелестік стилі- ол әрекетте өте белсенді болады, қойылған мақсатқа
жету үшін тез шешім қабылдайды. Бәсекелестік стилі келесі жағдайларда
нәтижелі болып келеді:
- белгілі бір билікті иеленсеңіз;
- шығын сіз үшін өте маңызды болса;
- шешімді тез қабылдау қажет болса;
- сіз үшін жоғалатын еш нәрсе жоқ, басқа таңдау жолы жоқ жағдайда;
- сіз неғұрлым шешім қабылдауды талап ететін дағдарыс жағдайында
тұрсаңыз;
- сіз таныс емес шешімді қабылдауыңыз керек және сізде билік бар болған
жағдайда.
2. “Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын” тесті
Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын тест көмегімен біз әр
зерттелушінің конфликттілік деңгейін бағалай аламыз. Тест 14 сұрақтан
тұрады, әр сұрақта 3 вариант берілген. Және тестте конфликттілік дамудың 9
деңгейі берілген:
1- өте төмен
2- төмен
3- орташадан төмен
4- орташадан сәл төмен
5- орташа
6- орташадан сәл жоғары
7- орташан жоғары
8- жоғары
9- өте жоғары (Қосымша 1)
3. Арт терапиялық тренинг сабақтары және оларды жүргізу жолдары.
САБАҚ №1.
Тақырып: Арт-терапия туралы ақпарат беру, шығу тарихы негізі туралы
мәліметтер беру;
Мақсаты:Қатысушыларға конфликт пен арт-терапияның жаттығулары арқылы
деңгейін төмендету;
САБАҚ №3
Тақырып: Кедергілерді жеңу
Мақсаты: Қатысушыларға:
— конфликт себептерін анықтауға үйрету;
— өзіне және басқаларға деген қатынасын бағалай білуге үйрету;
— өздерінің жағымды жақтарын көре және бағалай білуге үйрету.
Негізгі іс-әрекет:
1. Алғысөз
2. Конфликтті жағдайлар және оның анализі
3. Тест
4. Жаттығу
5. Қорытынды
Құрал-жабдықтар: тақта, бор, қалам, дәптер, түрлі-түсті қаламдар, түрлі-
түсті қағаздар, А4, А3 форматындағы қағаздар және т.б.
Алғысөз
Жүргізуші: “Бүгінгі сабақта біз, қарым-қатынаста кездесетін
қиыншылықтарды көруге және түсінуге үйренеміз. Бұл қиыншылықтар мінез
ерекшеліктеріне байланысты ма, әлде конфликт себептері басқа нәрседе ме?
деген сұрақтарды анықтауға үйренеміз.
Конфликттердің негізгі себебі- бұл қарым-қатынаста болатын екі
партнердың ойларының, қызығушылықтарының қарама-қайшы келуі. Бірақта
осындай жағдай әрдайым конфликтке ұласа бермейді. Көбінесе, екі жақ белгілі
бір шешімге келеді.
Конфликт себептері болатын факторларды қарым-қатынастағы кедергі деп
атаймыз.
Қазір мен сіздерге, сценка ретінде екі конфликтті жағдай беремін.
Бірінші сценкада- 3 адам керек (2ұл бала,1 қыз), ал екінші сценкаға 2 ұл
бала қатысу керек. Екі сценкада біткеннен кейін, біз бәріміз бұл
жағдайларды анализдейміз және конфликттің себептерін анықтаймыз”, деп
жүргізуші алғысөзін аяқтайды.
Конфликтті жағдайлар және оның анализі
Жүргізуші бірінші, содан кейін екінші жағдайларды оқи бастайды (Қосымша
№1). Қатысушылар жағдайларды ойнап болғаннан кейін, жүргізуші
көрермендерден “Сіздердің ойыңызша, осындай жүріс-тұрысқа не себеп болды?”
деп сұрайды. Барлық пікірлерді тақтаға жазу керек.
Мысалы, бірінші жағдайда мынадай пікірлер болды: ұялшақтық, қабылданбай
қалуынан қорқу сезімі. Ал екінші жағдайда: шыдамсыздық, ашушаңдық, бір-
бірін түсінбеушілік.
Барлық пікірлерді тыңдап алғаннан кейін жүргізуші қорытынды сөз айту
қажет. “Сонымен, қарым-қатынаста конфликтті туғыздыратын мынадай кедергілер
бар:
• Өзіне деген сенімнің жоқтығы
• Коммуникативті дағдылардың жоқтығы
• Мінездің ерекше сипаттары (шыдамсыздық, конфликттілік және т.б.)”
2.3. Эксперименттік зерттеу барысы
Біз өз зерттеу жұмысымызда ЖОО қазақ және орыс тобының студенттерін
зерттелуші ретінде алдық. Жалпы 40 зерттелуші болды, (20 қазақ, 20орыс).
Зерттелушілердің жасы 18-20 жас аралығында.
Алғашқыда біз екі топ мүшелеріне “Тұлғаның конфликтілік деңгейін
анықтайтын” тесті және К.Томастың “Конфликттегі жүріс-тұрыс стратегиясы”
атты тесті арқылы зерттеу жүргізіп, олардың нақты жағдайдағы мәліметтерін,
яғни тренингке дейінгі көрсеткіштеріне қол жеткіздік. Тренинг бастамастан
бұрын біз зерттелушілерге келесі сұрақтар қойдық:
1. Конфликт дегеніміз не?
2. Сіздің өміріңізде конфликт болды ма?
3. Конфликт кезінде өзіңізді қалай ұстайсыз?
4. Конфликт сізге қалай әсер етеді?
5. Сіздерде конфликт көбінесе кіммен болады?
6. Егерде сіз конфликтке түссеңіз, сіз бірінші кешірім сұрайсыз ба?
Қатысушылардың бәрі қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты.
Бұл сұрақтамада біздің байқағанымыз зерттелушілердің конфликтке жиі
түсетін аймақтары ретінде ; а)құрдастарымен (50%) б) ата-аналармен (30%),
және мұғалімдерімен (20%) қарым-қатынастарын бөліп шығаруға болады. Сондай-
ақ, зерттелушілердің басым көпшілігі (85%) конфликт кезінде өздерін
агрессивті, шыдамсыз ұстайды. Конфликт олардың мазасыздану деңгейінің
жоғарлауына әкеліп, нәтижесінде олардың тұлғалық-эмоционалдық сферасына
жағымсыз әсер етеді екен.
Осы әдістемелер мен сұрақтаманы біз екі топқа да екі рет жүргіздік:
тренинг алдында және тренингтен кейін. Тесттер ешқандай өзгеріссіз
қолданылды.
Одан кейін тренингтік сабақтар жүргізілді. Тренингтердің уақыты әр түрлі
болды. Жалпы 9 тренингтік сабақ өтілді. Тренинг кең және жабық кабинетте
жүргізілді:
Үшінші сабақтың тақырыбы Кеңістікте сурет салу деп аталады. Бұл
сабақта бірнеше конфликттік жағдайлар беріледі. Қатысушылар осы жағдайларды
бейнелеп, кейін оны анализдеу керек. Осы сабақтың негізгі мақсаты,
қатысушылар конфликт себептерін анықтауға үйренеді, өздерінің жағымды
жақтарын көре алады және бағалай алады.бұл жаттығуды топпен де жұппен де
орындауға болады.Топпен орындау кезінде қимыл мен оның қарқынының сипатын
арт-терапевтің өзі ұсынады, ал кейін қалау бойынша топ мүшелеріне беріледі.
Төртінші сабақ тақырыбы . Соқыр және жетекші Қатысушылар екі жақты
келісім негізінде немесе спонтанды түрде кездейсоқ құрылады. Жұптарды
кездейсоқ құру үшін қатысушыларға көздерін жұмып, тыныштықта жайлап
кеңістікте қозғалу ұсынылады. Соқыр кіммен бірінші соқтығысса, сол адамды
жетекші етіп алады. Бұл жерде ең бастысы вербалды емес әрекеттесу.
Рөлдермен ауысып жаттығуды түрлі нұсқада қайталаған соң, бірінші жұппен
кейін топта алынған тәжірбие, соның ішінде өзара сенім тәжірбиесі талданып
талқыланады, қатысушылар осыдан алған (сезімдері, ойлары) әсерлерімен
бөліседі. Бұл сабақтың негізгі идеясы- әр конфликттік жағдайда позитивті
шешім бар.
Бесінші сабақтың тақырыбы-Балалық шаққа саяхат деп аталады. Сабақ
кезінде қатысушылар: жасөспірімдік шақтың негізгі психологиялық
ерекшеліктерін игереді, бұнда ерте кездегі еске түсірулердің суреттері
автордың оны қоршаған ортамен өзара байланысының өзінше бір метафорасы
ретінде қарастырылады. Балалық еске түсірулердің сөздерімен бейнелері
субъектінің ішкі өмірімен байланысты сезімдерді шығармашылық тұрғыдан
айқындауға үлкен түрткі болып табылады.
Мақсатқа байланысты нұсқау балалық еске түсірудің эмоциялық бояуын
таңдауға еркіндік қалдырады.Дәлірек айтқанда:
-жазбайтын қолмен балалық шақтың ең жарқын еске тусіруін салу;
-жазбайтын қолмен балалық шақтың ең белгілі оқиғасын салу; Жұмыста
жұмсақ бейнелеу құралдарын (балауыздан жасалған борлар, пастель) және
форматы үлкен қағаздарды (А3 және одан үлкендерін) қолданған дұрыс.
Оң қолмен жазатын адамдар сол қолмен сурет салу кезінде өздерінің
қабілеттерінің шекарасын кеңейтеді, сана бақылауын азайтып, сезімдерге
қарайды, яғни спонтанды бола бастайды. Осындай кезде күшті қайғырулардың,
балалық қорқыныштардың көрініс табуы және жарқын шығармашылық бейнелердің
пайда болуы мүмкін.
Неліктен осы балалық ойда пайда болғанын талқылаған дұрыс, адам
бейнелермен жұмыс жасаған кезінде өзін қалай сезінеді және өзін қазір қалай
сезініп жүр?Еске түскен оқиғаның автордың өмірімен,оны қоршаған адамдармен
қарым-қатынасына әсері қандай деген сұрақтарды шешімін табуға болады.Келесі
терапиялардағы балалық еске түсірулердің тақырыбы мынадай болуы мүмкін: Ең
есте қалған оқиға, Балалық құпия,Мен-кішкентай бала, Мен кішкентай
болған кезімде... т.б. Осы сабақтың негізгі идеясы- өзін-өзі бақылау және
басқаларды түсіну конструктивті жүріс-тұрыстың алғышарттары.
Алтыншы сабақ Пайдалы кеңес деп аталады. Бұл сабақта қатысушылар
туралы қосымша диагностикалық мәліметтер жинауға көмектеседі. Мүнда алдын-
ала түрлі-түсті қағаздан жасалған үшбұрыштың, төртбұрыштың,дөңгелектің
үлгілерін алын жасап қойған дұрыс. Мұндай жағдайда қатысушы өзінің көңіл-
күйінің түсін ғана емес, сәйкес форманы да таңдай алады. Мұндай белгі
киімге жабыстырылып психолог үшін индикатор рөлін атқарады. Сол мезетте
эмоцияның тренинг арқылы өзгергенін форманың өзгергенінен көруге болады.
Негізгі идея –шиеленіс жағдайдан абыройлықпен шығу- әркімнің өз
қолында.Оның қалай шыққаның біз осы жоғарыдағы форма таңдаудан көреміз.
Жетінші сабақ “Шаг навстречу другому”. Мұнда әрбір сабаққа қатысушылар
өздерінің конфликт жағдайға түскенде оған қарсы достық қол ұшын беруге
тырысады.Осы сабақта қатысушылар адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға
үйренеді.Топта жағымды эмоция орнатуға көмектеседі.
Сегізінші сабақ Менің көңіл-күйімнің түсі деп аталады. Бұл жаттығуды
диагностикалық мәліметтерді алуға қолдануға болады. Сонымен қатар кіші
топтарды қатысушылардың эмоциялық күйінің ұқсастық сипаты бойынша құрғанда
қолдануға болады.
Кабинет кеңістігі шартты түрде сегіз түсті зонаға бөлінеді (Люшерлік
түстер) әр зонаның ортасында бір түсті матамен жабылған текше немесе
орындық орналасқан. Әр бір қатысушы лабиринтте серуендеп жүріп түсі оның
көңіл-күйіне сәйкес келетін зонада тоқталу керек.
Нәтижесінде қатысушылар сандық мөлшер мен эмоциялық күйі әртүрлі
топтарды құрап шығады. Кейінірек көңіл күйдің таңбалары мен
(символдармен,бейнелермен) индивидуалды шығармашылық жұмысты өзгертуге
болады, соның негізінде топтың эмблемасы жасалады.
Топтың ішінде алынған әсерлермен бөліскен соң, жаттығу қайталанады.
Кейбіреулер өздерінің көңіл-күйлерінің түсін өзгертуі де мүмкін. Осындай
өзгерістің себебін анықтап, осы қатысушылардан өздерінің жаңа эмоциялық
күйін бейнелейтін тағы бір белгіні жасауды сұраған дұрыс. Л.Н.Собчиктің
зерттеулері бойынша түстер қатарын таңдау адамның тұрақты (негізгі)
қасиеттерінің жиынтығына және белгілі-бір жағдаймен себептелген күйге
байланысты болып келеді. Аяғында жаттығудың алдыңғы сабақтардан өзгеріс бар
ма, әлде жоқ ба сол талқыланады.
Тоғызыншы сабақ Айна деп аталады. Бұл жаттығуда бір қатысушы
көшбасшысы, екіншісі оған бағынушы адамның рөлін ойнайды.атынанда
белгілідей көшті көшбасшы бастайды, ал бағынушы оның істегенін қайталауға
тырысады. Екеуінің сезімдері мен ойлары және қайғыруларын талқылап болған
соң рөлдердің ауысуы болады. Жаттығудың аяғында қатысушылар өздерін қай
рөлде жағымды сезінгендері мен бөліседі. Ол осы екі рөл арасында қайшылық
туындады ма жоқ ба, сол жөнінде ойларын бөліседі.
Осы жаттығудың қолдың тактильді контакты қолданылатын басқа түрі де
қызықты. Қатысушылар жақын арақашықтықта бір-біріне бетпе-бет тұрады да,
жұптың қимылдары қаншалықты үйлесімді екені талқыланады. Осы жаттығуда
көшбасшылық позиция қалай және қаншалықты дәрежеде көрініс тапқандығы
талданады. Осыдан кейін тактильді контактты күшейтіп (енді қолды ұстау),
жаттығуды қайталау керек. Бұл топ мүшелерін жақындастырады.
Ақпараттар, тренингтік жаттығулар келесі әдебиеттерден алынды:
• “Подросток и конфликт” пособие для волонтеров,Алматы 2002.
• “Тренинг развития жизненных целей” под ред. Е.Г.Трошихиной, Санкт-
Петербург 2001.
• Н.Ф. Вишнякова “Конфликтология” Минск: Университетское 2002.
• Копытин А.И. Арт-терапия: хрестоматия. Питер, 2001.
• Старшенбаум Г.В. Тренинг навыков практического психолога. Москва,2006
Тренингтен кейін, эксперименттік топта екінші рет жүргізілген тесттердің
нәтижесі мүлдем басқа шықты. Ал сұрақтамадан байқайтынымыз, зерттелушілер
конфликтке басқаша қарайтын болды. Олар конфликт кезінде өз-өздерін ұстап,
конфликттен тез шыға алатынын және конфликт кезінде екінші жақты да түсіну
керектігін айтты.
2.4. Зерттеу мәліметтерінің математикалық-статистикалық өңделуі
№1 кесте Орыс тобының К.Томас әдістемесі бойынша топтық мәліметтері
№ Бәсеке Ынтымақ Келісімге Қашу Бейімделу
лестік тастық келу
1 8 4 5 7 6
2 6 5 4 6 8
3 9 6 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz