Экстремизм


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Экстремизм.

Қарапайым «экстремизм» түсінігі саясат пен идеологияда шектен шыққан көзқарастар мен іс-әрекеттерге деген бейімділікті білдіреді. Психологиялық жағынан алғанда бұл радикализмнің ары қарайғы жалғасы мен дамуы.

Президент Н. Назарбаев атап көрсеткендей, «қырғын соғыс, құлақ естіп, көз көрмеген лаңкестік әрекетттер, әлемдік деңгейдегі текетірес, ұлтаралық мемлекет аралық қақтығыстар толастар емес». Осы қақтығыстардың дінмен байланыстырылуы, біздіңше тегін емес. Бұл мәселе едәуір жарияланымдар болғанына қарамастан, әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Осы күнге дейін діни фундаментализм идеясының мәні және оның адамдардың психологиясы мен мінез-құлқына әсері толық зерттеліп болған жоқ. Лаңкестік жолға түскен адамдардың іс-әрекеті неліктен дінмен байланыстырылады. Неліктен терроризм мен антитероризм арасындағы күрес діни белгілеріне карай жүргізіледі. Діни идеялардың қайта күшейе түсуінің Қазақстанда діни экстремизмнің бас көтеруіне қаншалықты ықпалы бар? Адам немесе белгілі бір топтың лаңкес екенін анықтаудың критериі неде, діни негіздері экстремизм, конфессияаралық төзбестік қайдан шығады? Мәселе осында. Зерттеулер көрсетіп отырғандай олардың негізінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және діни айырмашылықтар қайшылықтары жатыр. Қалай дегенде де діни экстремизмнің сол дінмен бір байланысты жағы бар. Оны анықтау үшін фундаментализмнің пайда болу тарихына көз жүгіртіп, ой елегінен өткізу қажет.

Экстремизм саяси, ұлттық және діни экстремизмге бөлінеді. Жалпы алғанда экстремизмнің пайда болуына әртүрлі әлеуметтік-саяси факторлар әсер етеді: әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, халықтың едәуір бөлігінің өмір сүру деңгейінің бірден түсіп кетуі, саяси институттар мен билік құрылымдарының бұзылуы, олардың қоғамдық даму проблемаларын шешуге қабылетсіздігі, саяси режимнің тоталитарлық сипаты, оппозицияны биліктің басуы, бөгде ойлайтындарды қудалау, жекелеген топтардың өз міндеттерін жедел шешуге ұмтылысы. Біз бұл жерде діни экстремизм құбылысының шығу тегі мен оның қозғаушы күштері туралы сөз қозғамақпыз. Діни экстремизмге ортақ белгілер: діни және азаматтық төзбеушілік, өмір сүретін мемлекет заңдарына, оның тұтастығына қайшы келетін, ымыраға көнбейтін іс-әрекеттерге бару, елде бұрыннан ұсталынып келе жатқан дәстүрлі діни сенімге деген кінә тағушылық, мемлекет саясатына ашық немесе іштей қарсылық танытуды көздейтін іс-әрекеттер. күштеу немесе қарулы қарсылық көрсету, қоғамдық проблемаларды қабылдаудағы, олардың шешімін табудағы біржақтылық, оппонентке өз көзқарасын, принциптерін таңудағы табандылығы, ақыл-санаға емес - керісінше сезімге, инстинкт мен жорамалға сүйену, компромисті елемеу.

Қазіргі кезеңде қарсыласудың экстремистік-радикалды формаларының пайда болуына алып келетін бірнеше жайттарды атап кетуіміз керек. Олар төмендегідей:

  1. Дәстүршілдік(антимодернизм) . Батыстың экономикалық және идеялық экспансиясына қарсы реакция. Бұл жерде өзгермейтін діни нормаларға сүйенген шығыс қоғамының оқшауланушылығы олардың «батыстан еніп жатқан жатжерлік либералдық парадигмалар» сияқты жаңашылдықтарды шығыстық қоғамның бұрынғы қалыптасқан құндылықтарға қарсы келіп, өздерінің мәдениеті мен дәстүрін бұзатын фактор ретінде санайтындығынан көрініп отыр. Шығыс қоғамының әлеуметтік-мәдени негізін құраушы фактор болып есептелетін дін қатаң орныққан консервативті және ортодоксальді ережелер мен нормалардың өзгермейтін формасы ретінде қоғамда көрініс береді. Осы жерде ұлтшылдық, капитализм, демократиялық, азаматтық, нарықтық қоғам мен өмір салтын модернизациялау секілді батыстық саяси концепцияларды қабылдамау төтенше өзгерістерге алып келмеуі де мүмкін. Бірақ жүйенің дағдарысы кезіндегі «діни қайта өрлеу» қозғалысын туғызатын идентификацияның дәстүрлі моделіне қайта оралу заңды процесс болып табылады. Осы тұста жүйенің дағдарысы ары қарай тереңдей берсе, өзара қырғи-қабақ күштердің қарсыласуы шектен тыс радикалды формаға қарай өтуі мүмкін.
  2. Конфессияаралық және конфессия ішілік қарама-қайшылықтар. Қоғамдағы түрлі конфессия арасында және белгілі бір конфессияның ішінде болатын қайшылықтар.

Қазіргі кезеңде экстремизмнің бірнеше түрін бөліп қарастыруға болады, олар:

  1. Антижүйелік экстремизм. Экстремизмнің кең тараған түрлерінің бірі. Діни ұйымдардың статусын саяси күш ретінде мойындамайтын билік пен оппозицияның арасындағы қақтығыс. Бұл жерде ресми билік пен ол қолдап отыратын дін радикалды исламға олардың исламға жатпайтын элементтерін негізге ала отырып қарсы қойылады (Египеттегі сияқты) . Ол сондай-ақ қазіргі Түркияда жүріп жатқан секілді «исламизм - секуляризм» формасында да көрінеді.
  2. Этникалық экстремизм. Аз ұлттардың өздеріне белгілі бір артықшылықтарды талап етуі мен титулды ұлттың немесе этностың толықтай үстемдік алуға ұмтылған әрекеті. Бұл қарама-қайшылықтар ұлт-азаттық соғыс сипатына ауысуы мүмкін немесе созылмалы ұзақ шиеленістер кезінде топтардың ұйымдасқан саяси күштерге айналуы мүкін. Мысалы СУАР, Индонезия, Шешенстан және т. б. сияқты. Мұндағы назар аударатын нәрсе, азаттық қозғалысында халықтық сипаттың күшеюі оған сөзсіз дәстүрлі-діни сипат береді.
  3. Сектанттық экстремизм. Секта қандай да бір діни бағытқа қарсы оппозициялық діни бағыт ретінде пайда болады. ол өз жағдайына қанағаттанбайтын топтың әлеуметтік қарсылығының көрінісі болуы мүмкін. Сектаға діни қайта өрлеуге ұмтылған өз доктриналарына деген берік сенім тән.
  4. Діни экстремизм (антиконфессионалдық) қоғамда діни құндылықтарды күштеп басу мен зайырлы мемлекеттің діни ұйымдарға қысым көрсетуі салдарынан пайда болады.
  5. Саяси экстремизм.

Қазіргі замандағы діни экстремизм жалпы экстремизмнің кезекті бір эволюциясы болып табылады. Дегенмен шынайы әлемдік діндер тікелей экстремизмге шақырмайды. Оның тек фундаментализмге бұрмалаған түрлері ғана экстремизмге лаңкестікке бой ұрады. Олардың көріністерін тарихи деректерден білеміз. Фундаментализм не дегенде, ол ең алдымен мынада: Фундаментализм қай дінде болса да бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі дінді «бұзылды», оны жақсартамыз деп немесе өзге діндердің «озбырлығынан қорғанамыз» деген сылтаулармен жүргізілетін экстремистік, тіпті лаңкестік әрекеттер. Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, «фундаментализм» деген ұғымнның өзі Исламның өңін айналдырғаны сияқты, християндықтыңда, Иудаизмнің де өңін айналдырған ұғым екенін атап өткен жөн. Керек десеңіз, біздің ұғымымыздағы осы күнгі «фундаментализм сөзінің» төркіні де Исламға мүлде қатыссыз болған. Алғаш рет XX-ғасырдың, 20-жылдарында кальвинистер, пресвитериандар және баптистер сияқты христиандық қауымдар өкімін фундаменталистер деп атай бастаған. Міне, олай болса, фундаментализм тек Ислам дініне қауіпті құбылыс емес. Ол тағы да Н. Назарбаев айтқандай «бүгінгі дүниеде фундаменталистік ағым әлемнің барлық тарабына АҚШ-та Еуропада, Оңтүстік Шығыс пен Орталық Азияда, Солтүстік Африкада және Таяу Шығыста, сонымен бірге әлемдік діндердің барлығында төбе көрсетіп отырғанын да ескерген абзал» «Фундаментализм» «экстремизм» ұғымдары қызметіне де байланысты. Терроризм оның асқынған көрінісі - бейкүнә адамдарды жаппай қырып жоятын, қорқыныш пен үрей тудыратын күштеудің шектен шыққан ең жеккөрінішті түрі. Оның себептері де алуан түрлі. Бірақ олардың көбінің саяси сыр-сипатын анықтау оңай емес. Белгілі бір саяси күштер радикалдық жолға түскендердің наразылықтарын пайдаланып қалуға тырысады. Оның да түр-түрі бар: жиналыс, шеру, антиглобалдық, антиамерикандық наразылық және т. б. осындай қазғалыстар экстремизм идеологтарының назарына ілігеді, осы арқылы түрлі желеулермен радикалды көңіл-күйдегі адамдар легін толтырады. Олар өз реттерінде экстремистерге, сепаратистерге бөлініп, көбінде діндер араснындаығы текетірес ретінде көрініс беруде.

Исламдық экстремизмде күрестің үш түрі бөлініп айтылады:

1) . Жалпы ағартушылық және қайырымдылық іс-әрекеттері .

2) . Ұйымдастырушылық кезеңі , ұйымның нығаюы мен кеңеюі, өз мүшелерін дайындау мен тәрбиелеу. Ондағы мақсаты - ұйым мүшелерінен «муджтахидтерді» (жауынгер немесе әскер) тәрбиелеу.

3) . Күштеу кезеңі. Жиһадқа шақыру басталады және билік үшін шешуші күреске шығады. Ал жиһадтың үш түрі бар: 1) жүректің жиһады - бұл - адамның өзінің жаман қылықтарымен, яғни дін тілімен айтқанда нәпсісімен күресуі; 2) тілмен жасалатын жиһад - адамдарды күнәдан сақтандырып, Алланың бірлігін насихаттау; 3) қолмен жасалатын жиһад - қылмыскерлер мен адамгершілік нормаларын бұзған адамдарға жаза қолдану; 4) қылышпен жасалатын жиһад - имансыздармен, күпір қылғандарды қылыштың жүзімен дінге өткізу. Бірақ ислам жиһадтың осы соңғы екі түріне ғана жабысып қатып қалған, оны мұсылманның негізгі нағыз жиһады деп санайды.

Исламдық экстремистік бағыттардың барлық негізгі іс-әрекеттері мемлекет билігін мемлекеттік төңкеріс жолымен басып алуға тырысады.

Пайда болуы мен бой көрсетулеріне басты себепкер болатын факторлар төмендегідей:

  • халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлығы;
  • елде діни сенім мәселесінің дұрыс жолға қойылмауы;
  • өзін тіркеуге талап қылған діни ұйымдар мен конфессиялардың құжаттары мен олар жөніндегі мәліметтердің мұқият та тыңғылықты зерттелмеуі;
  • діни «оппозиция» немесе «оқыс» ойдағы діни ұйымдардың болуы және олармен жан-жақты жұмыстардың жүргізілмеуі;
  • ішкі саясатта діни немесе этникалық азшылыққа үкімет тарапынан қысымшылық көрсетілуі;
  • дін тарапынан болған оқиғаға тиесілі баға берілмеуі;
  • елдің болашағын айқындайтын белгілі бір мен стратегиялық бағдардың болмауы.

Н. Назарбаевтың атап көрсеткеніндей, «жалпы екі нәрседен - діни фанатизм мен діни дүмшеліктен бірдей сақтанған жөн».

Діни фундаментализм мен лаңкестіктердің оның таралу аймағына тікелей жақын жатқан Қазақстанға ықпалын қарастырмай кетуге болмайды. Өйткені қазіргі кезде діни фундаментализм, экстремизм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Қазақстанда қазіргі кезде діни конфессиялардың өзара келісім жағдайында болуына қарамастан, діни экстремизм мен түрақсыздықтың негізгі ошағы Орта Азияда Ауғанстан мен Тәжікстан еді. Ол кейінгі кезде Өзбекстан мен Қырғызстанды да қамтып отыр. Діннің радикалды тармақтарының билікке үмтылатыны жасырын емес. Ондайлар өз мақсатына жету үшін дінді әсірелейді, оған халықтың бәрін бас июге көндіру арқылы қол жеткізгісі келеді. «Шын мәнінде билік құруға тиісті - дін» дейтін үран көтереді. Енді бүған қарама-қарсы жау көнгісі келмейді. Өркениетті адами жолды үстануға шақырады. Осыдан келіп бүл екеуінің арасында текетірес басталады. Оның аяғы - лаңкестік. Ал оған қарсы соғыс ешқандай ережеге сүйенбейді, гуманизм талаптарын мойындамайды. Көрші мемлекетке ағылған босқындар арасында Өзбекстан Ислам қозғалысының, «Хизбут-тахрир» немесе басқа экстремистік ұйым мүшелерінің жүрмегеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Босқындарға шекарасын ашқан мемлекеттердің ендігі күші бейбіт халықты «ислам жауынгерлерінен» айырып ашуға жүмсалмақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Қазіргі әлемдегі діни экстремизм
Экстремиз және терроризм
«Хизб- ут-Тахри Аль-Ислами» -діни экстремистік ұйым болып қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Қазақстанның Орта Азия аумағындағы қауіпсіздік пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны
«Діни –экстремизм XXI ғасырдағы ғаламдық мәселе»
Саяси экстремизм және терроризм идеологиясы
Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz